Конкурс жариялайды. «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»



Дата17.04.2016
өлшемі122.87 Kb.
түріКонкурс
«Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ
Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына ішкі конкурс жариялайды.

  1. «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Қаржылық-шаруашылық қызметі жөніндегі бөлім басшысының орынбасары.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-2. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 127421 теңгеден 172394 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Бөлім басшысының, ол болмаған кезде немесе оның өз міндеттерін орындауға мүмкіндігі болмаған кезде міндеттерін орындайды. Өкілеттіктерді лауазымдық міндеттеріне сәйкес берілген құқықтар шегінде жүзеге асырады. Бөлім секторларының жұмысын, олардың қызмет бағыттарына, қала әкімінің өкімдері мен нұсқауларына, облыстық және қала әкімдіктерінің қаулыларына, бөлім бойынша бұйрықтарға, коммуналдық қызмет деңгейі мен сапасы, абаттандыру, санитарлық тазалау, тұрғын үй қорын және оның инженерлік желілерін күтіп-ұстау мәселесі, жол құрылысы, көгалдандыру, нөсерлер күтіп-ұстау, жерлеу және туысы жоқтарды жерлеу орындарын күтіп-ұстау, тұрғын үйлерді есепке алу және бөлу, мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру, мемлекеттік қажеттіліктер үшін жылжымайтын мүлік объектілерін бұзумен байланысты жер учаскелерін тәркілеу бойынша басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес ұйымдастырады және бағыттайды. Абаттандыру, құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, коммуналдық және ипотекалық тұрғын үйлерді есепке алу және бөлу мәселелері бойынша қаланы дамытудың тығыз және ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады және әкімшісі бөлім болып табылатын барлық бағдарламалар бойынша олардың орындалуына қаражаттың қажеттілігін қорғайды, олардың орындалуын бақылайды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үйлерді есепке алу және бөлу, мемлекеттік қажеттіліктер үшін жылжымайтын мүлік объектілерін бұзумен байланысты жер учаскелерін тәркілеу мәселелері бойынша басқа ұйымдармен және кәсіпорындармен Бөлім секторларының жұмысын ұйымдастырады. Бөлім секторларын қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілуін, бөлімді күтіп-ұстауға бөлінген ақшалай қаражаттардың ұтымды және үнемді жұмсалуын, мемлекеттік сатып алулардың орындалуын бақылайды. Бөлімге келіп түсетін жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар, немесе құқық (құқықтану), немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, немесе есеп және аудит, немесе қаржы), немесе білім (кәсіптік білім беру).

Бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау құзыреттерінің болуы.

Жұмыс тәжірибесі мына талаптардың біріне сәйкес келуі қажет:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.


  1. «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Автомобиль жолдары секторының бас маманы.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-4. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Секторға келіп түскен өтініштерді қараған кезде бюрократизм мен әуре-сарсаңның (созбұйда) байқалуын жібермейді, олар бойынша белгіленген мерзімдерде қажетті шаралар қолданады. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін техникалық ерекшелікті әзірлеуге қатысады. Нарықтама, есеп, сметалар жасайды. Қаланы санитарлық тазалау бойынша жұмыстардың орындалу барысына бақылау жүргізеді және жедел басқарады. Басқаратын бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде конкурстық құжаттаманы дайындауға қатысады. Заңсыз қоқыс орындарына, сонымен қатар басқаратын бағдарламаларға бақылау жүргізеді. Инженерлік желілер мен коммуникацияларды жөндегеннен кейін қазылған жерлердің тегістелуіне бақылау жүргізеді. Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіптік деңгейін және біліктілігін арттырады. Уәкілеттіктерін лауазымдық міндеттерге сәйкес ұсынылған құқықтар шеңберінде жүзеге асырады. Функционалдық міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін сектор және бөлім басшылығының өзге де тапсырмаларын және міндеттерін орындайды. Лауазымдық міндеттеріне сәйкес берілген құқықтар шеңберінде уәкілеттерін жүзеге асырады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар, немесе білім (кәсіптік білім беру).

Бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау құзыреттерінің болуы.

Жұмыс тәжірибесі мына талаптардың біріне сәйкес келуі қажет:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.


  1. «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Құқықтық жұмыс секторының бас маманы.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-4. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның мүдделерiн бiлдiредi. Мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды мемлекеттік органның басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады. Бөлімде Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iс-шараларды әзiрлейдi және iске асырады. Шарттарды уақытылы жасасуды, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын үйлестіруді қамтамасыз етеді. Тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында бөлімнің қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді. Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда бөлімнің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді. Жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар меншігінде орналасқан жер участкелерін және басқа мүлікті мәжбүрлеп иесіздендіру бойынша жұмыстар жүргізуде бақылауды жүзеге асырады. Бөлім мен сектор басшылығының лауазымдық міндеттері мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тапсырмаларын орындайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар (көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс), немесе "қызмет көрсету" (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) немесе құқық.

Бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау құзыреттерінің болуы.

Жұмыс тәжірибесі мына талаптардың біріне сәйкес келуі қажет:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.


  1. «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы секторының бас маманы.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-4. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Секторға келіп түскен өтініштерді қараған кезде бюрократизм мен әуре-сарсаңның (созбұйда) байқалуын жібермейді, олар бойынша белгіленген мерзімдерде қажетті шаралар қолданады. Тұрғын үй объектілерінің жылыту маусымы барысы туралы мониторинг жүргізеді. Кәсіпорын, тұрғын үй қорының қыста жылу-электр-су-газбен жабдықталуына дайындық бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады және олардың орындалуын бақылайды. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандарға акт, ақау ведомостарын жасай отырып, тексеруге қатысады. Ведомстволық және иесіз желілерді коммуналдық қызметтердің теңгеріміне беруге қатысады. Мына бағдарламалар бойынша ұсынстарға талдау жасайды:

а) қаржыландыру қажеттілігі мен материалдық ресурстарды негіздей отырып;

б) бюджеттік қаражаттардың жоспарлы бөлінуіне сәйкес оларды бөлу бойынша ұсыныстар жасайды және олардың дұрыс қолданылуына бақылау жүргізеді. Жылу-электр-сумен жабдықтаудың коммуналдық желілерінің техникалық жағдайына бақылау жүргізеді, бағдарламаларды орындауға қаражат қажеттілігін негіздеуге есептер жасайды және қаражаттардың жұмсалуына бақылау жүргізеді. Көше жарығы желілерін тексереді, көше жарығын есептегіштердің көрсеткіштерін алады. Абаттандыру және қаланы көгалдандыру бойынша (ағаштар егу, ағаштарды суару, апаттық ағаштарды кесу, жас бұтақтар мен арам шөптерді жұлу, қамысты шабу, ағаштың ұшар басын түрлендіру, бұта қоршамын, көгал алаңын қию, көгал алаңын және гүлбақша төсеу, гүлбақшаға күтім жұмыстары, ағаштарды ақтау, көмкермелерді бояу) жұмыстардың жүргізілуіне бақылау жүргізеді. Шағын сәулет нысандарының жағдайына (ШСН - орындықтар, сауыттар, қоршаулар, сәндік элементтерді, мүсіндерді, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің сәулет композициясы және т.б.) бақылау жүргізеді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің сәулет композициясымен бекітілген мемлекеттік ту жағдайына;

- «Мәңгілік алау» ескерткішінің газбен толтырылуына;

- коммуналдық аялдама павильондарының күнделікті қоқыстан, балшықтан, қардан тазалануына;

- тұрғын үй маңайынан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін контейнерлік алаңдардың жағдайына;

- шомылу кезеңінде қала жағажайларын дайындауына және пайдалануға беруге;

- нөмірлері және қала көшелерін сілтегіштері бар аншлагтарды дайындау, орнату және күтіп ұстауға;

- аула аймақтарын абаттандыруға (әткеншек, алтыбақан, құмсалғыш, орындықтар, сауыт, белтемір, ойын кешендерін орнату арқылы балалар ойын алаңын орнату);

- спорт алаңдарының жабдықталуына;

- үй жанындағы спорт ғимараттарын (жасанды шөбі бар футболл алаңы) күтіп ұстауға;

- дем алу үшін қала көшелерінің қиылысында алаңдар орнатуға;

- мерекелік іс-шараларды дайындау және жүргізуге (мұз қалашықтарын, иллюминация салу);

- қаланың коммуналдық меншігіндегі көше жарығы желілерінің қалпына келтірілуі және қайта жасақталуына;

-қаланың кәріздік-тазарту ғимараттарының қайта жасақталуына бақылауды жүзеге асырады.

Басқаратын бағдарламалар бойынша орындалған жұмыстарға бақылау және қабылдауды жүзеге асыралы. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін техникалық ерекшелікті әзірлеуге қатысады. Нарықтама, есеп, сметаларды тексереді. Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырады. Функционалдық міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келмейтін сектор және бөлім басшылығының өзге де тапсырмаларын және міндеттерін орындайды.

Уәкілеттіктерін лауазымдық міндеттерге сәйкес ұсынылған құқықтар шеңберінде жүзеге асырады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар, немесе құқық.

Бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау құзыреттерінің болуы.

Жұмыс тәжірибесі мына талаптардың біріне сәйкес келуі қажет:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Сәйкес санаттағы әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі қажет, «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі қажет, Аталған санаттағы нақты лауазымына сәйкес келетін салаларда қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілерін білуі қажет.

Осы санаттың лауазымдары бойынша  функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурстар өткізу қағидасы негізінде конкурс өткізіледі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) бекітілген нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты ( біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде Petropavlovsk@sko.kz электрондық почта мекен-жайына, не E-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде Petropavlovsk@sko.kz электрондық почта, не E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан   «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жағарыда аталған Қағидаларының 30 - тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.



Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру Петропавл қаласы әкімдігінің және ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің интернет-ресурстарында соңғы жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150008, СҚО, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23, «Петропавл қаласы әкімінің аппараты» ММ, персоналды басқару қызметі, 426 кабинет немесе Petropavlovsk@sko.kz электрондық пошта арқылы немесе E-gov» электронды Үкімет порталы немесе интегр ақпараттық жүйесі «е-қызмет» арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамаларды телефон 8(7152)50-30-09, факс 8 (7152) 49-02-57 арқылы алуға болады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет