Конкурс жариялайды: «Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппараты»



жүктеу 118.6 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі118.6 Kb.
түріКонкурс
: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы




2016 жылғы 29 ақпанында интернет-ресурсында орналастырылды

«Аққайың ауданы әкімінің аппараты» ММ

«Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:



1. «Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік мәселелер жөніндегі жетекші маман, «Е-G- санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 62 461 теңгеден 84 115 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөнінде жұмысты жүргізу, аудандық кәмілетке толмағандар істер жөніндегі комиссиямен әрекет етеді. Аппараттың құжаттамалық қызметін мемлекеттік тілде ұйымдастыру. Аппарат қызметкерлерін қазақ тіліне үйретеді. Мемлекеттік тілде азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен, ішкі саясат бөлімімен, дене шынықтыру және спорт бөлімімен, білім бөлімімен жұмыс жасайды. Округ әкімімен жүктелген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізігі талаптар:

Жоғары: немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар», немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «Ауыл шаруашылық ғылымдар» (агрономия, зоотехния, орман ресурстары және орман шаруашылығын жүргізу), немесе «Құқық», немесе «Білім» бейіндері бойынша, немесе ортадан кейінгі, не орта техникалық, немесе кәсіптік: немесе «Метрология, стандарттау және сертификаттау», немесе «Геология, тау кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру», немесе «Мұнай-газ және химия өндірісі», немесе «Энергетика», немесе «Металлургия және машина жасау», немесе «Көлік» (салалар бойынша), немесе «Өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) Көлікті пайдалану», немесе «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. Электрондық техника», немесе «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық», немесе «Сервис, экономика және басқару» экономика (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), немесе «Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (агрономия, зоотехния, орман шаруашылығы, бақша-саябақ және ландшафт құрылысы (түрлері бойынша)), немесе «Құқық», немесе «Білім» бейіндері бойынша.

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

2. «Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, ауыл шаруашылық және шұғыл мәселелер жөніндегі жетекші маман, «Е-G- санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 62 461 теңгеден 84 115 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Ветеринария және ауыл шаруашылығы саласында Қазақстан Республикасы Заңнамасының талаптарын сақтау үшін бақылауды қамтамасыз ету. Салық төлемдерді жинауды қамтамасыз етеді. Азық-түлік тауарларға мониторинг жүргізеді, кәсіпкерлік мәселелерін жасайды. Заңды мәселелер жөнінде жұмысты ұйымдастырады. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөнінде жұмыс.Жұмылдыру және жұмылдыруға дайындық, әскери қызмет және әскери міндет мәселелері жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру. Веб-сайтта ақпараттарды уақытында орналастыруды қамтамасыз етеді, веб-сайтты уақытында жаңартуды бақылау жасайды. Округ әкімімен жүктелген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізігі талаптар:

Жоғары: немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар», немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «Ауыл шаруашылық ғылымдар», немесе «Ветеринария», немесе «Жаратылыс ғылымдар» (экология), немесе «Құқық», немесе «Білім», немесе «Әскери қызмет және қауіпсіздік», немесе ортадан кейінгі, не орта техникалық, немесе кәсіптік: немесе «Метрология, стандарттау және сертификаттау», немесе «Геология, тау кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру», немесе «Мұнай-газ және химия өндірісі», немесе «Энергетика», немесе «Металлургия және машина жасау», немесе «Көлік» (салалар бойынша), немесе «Өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) Көлікті пайдалану», немесе «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар. Электрондық техника», немесе «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық», немесе «Сервис, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша)), немесе «Ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (агрономия, зоотехния, ветеринария, өсімдік шаруашылығы, фермерлік шаруашылығы (салалар бойынша), балық шаруашылығы (түрлері бойынша), аңшылықтану және аң өсіру шаруашылығы, орман шаруашылығы, бақша-саябақ және ландшафт құрылысы (салалар бойынша), экология, табиғат ресурстарын сапалы пайдалану (салалар бойынша), өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардағы қорғау), немесе «Құқық», немесе «Білім» бейіндері бойынша.

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



3.«Аққайың аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, жетекші маман-құрылысшы-сәулетші, «Е-R-5» санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 64 960 теңгеден 88 279 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Мемлекеттің құрылыс саясаты бойынша мемлекеттік және лауазымдық тұлғалардың жұмыстарын координациялау. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын орындауға арналған конкурстарды өткізуге қатысу және ұйымдастыру. Құрылыс саласына қатысты аудан әкімдігінің қаулыларын және өкімдері, шешімдерінің жобасын әзірлеуге қатысу. Мемлекеттік қаражат есебінен капитал жұмсауға инвестициялық жобалар құру, олардың негіздемесі.Ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету, құрылыс саласында мақсатты, инвестициялық бағдарламаларды орындау бойынша құрылыс ұйымдарының қызметін координациялау. Басшылық тапсырыстарын орындауды бақылау, мәжілістерді дайындау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: немесе «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (құрылыс, транспорт, транспорттық техника және технологиялар), немесе «Өнер» (сәулет) бейіндері бойынша, немесе ортадан кейінгі білім: немесе «Құрылыс және коммуналдық шаруашылық» (құрылыс және ғимараттар мен құрылыстарды құру және қолдану, сәулет), немесе «Өндіріс, монтаж, қолдану және жөндеу (салалар бойынша) Транспортты қолдану (техникалық қызмет ету, автомобильдік транспорттарды жөндеу және қолдану) бейіндері бойынша.

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

4. «Тоқшын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, жетекші маман–бухгалтер, «Е-G- санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 62 461 теңгеден 84 115 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Ауылдық округ әкімі аппараты қаржысының мақсатты пайдаланылуын бақылау, бас кітапты жүргізү, шығыс сметасын, бухгалтерлік жинағын құрастыруды жүзеге асыру, қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді құрастыруға қатысу, қазынашылық аумақтық орғандар арқылы өтетін операцияларды есепке алу, шығыс сметасын және бюджеттік қаржыларды мақсатты пайдалану бойынша қаржы бөлімімен өзара іс-қимыл жасау. Тауарлы-материалдық құндылыктарды есепке алу, қазынашылық орғандарда тіркелуімен шартарды және сатып алу хаттамамаларын ресімдеу. Аумақтық қазынашылыққа, салық комитетіне, статистикалық басқармасына бухгалтерлік есеп бойынша есептілік жасау. Округ әкімімен жүктелген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бейіні бойынша (экономика, қаржы, есеп және аудит) немесе ортадан кейінгі не орта техникалық немесе кәсіптік: «Сервис, экономика және басқару» бейіні бойынша (экономика (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша)).

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



5. «Смирново ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік мәселелер бойынша жетекші маман, «Е-G- санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 62 461 теңгеден 84 115 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Мәслихат депутатарымен, ҰОС ардагерлерімен, интернационалист-жауынгерлермен бірлесе жұмысты ұйымдастырады. Әйелдер кеңесінің, жастар жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастыруға көмектеседі. Тарихи және мәдени мұраларды сақтау жөнінде жұмыс ұйымдастырады. Мектептермен байланыс жасайды, жалпы оқуды байқайды. Жастар саясаты саласында жұмыс атқарады. Мүгедектер бен зейнеткерлер жұмыс жүргізу. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру, мәдени-бұқаралық, ағарту және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады. Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi. Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен, ішкі саясат бөлімімен, дене шынықтыру және спорт бөлімімен, білім бөлімімен жұмыс жасайды. Округ әкімімен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізігі талаптар:

Жоғары: немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «Қызметтер» (әлеуметтік жұмыс), немесе «Құқық», немесе «Білім» бейіндері бойынша, не ортадан кейінгі, немесе орта техникалық, немесе кәсіптік: немесе «Сервис, экономика және басқару» (экономика (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша), әлеуметтік жұмыс (әлеуметтік жұмысы бойынша маман)), немесе «Құқық», немесе «Білім» бейіндері бойынша.

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

6. «Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, жетекші маман–бухгалтер, «Е-G- санаты, 1 бірлік.

Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 62 461 теңгеден 84 115 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері:

Ауылдық округ әкімі аппараты қаржысының мақсатты пайдаланылуын бақылау, бас кітапты жүргізү, шығыс сметасын, бухгалтерлік жинағын құрастыруды жүзеге асыру, қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді құрастыруға қатысу, қазынашылық аумақтық орғандар арқылы өтетін операцияларды есепке алу, шығыс сметасын және бюджеттік қаржыларды мақсатты пайдалану бойынша қаржы бөлімімен өзара іс-қимыл жасау. Тауарлы-материалдық құндылыктарды есепке алу, қазынашылық орғандарда тіркелуімен шартарды және сатып алу хаттамамаларын ресімдеу. Аумақтық қазынашылыққа, салық комитетіне, статистикалық басқармасына бухгалтерлік есеп бойынша есептілік жасау. Округ әкімімен жүктелген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізігі талаптар:

Жоғары: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бейіні бойынша (экономика, қаржы, есеп және аудит) немесе ортадан кейінгі не орта техникалық немесе кәсіптік: «Сервис, экономика және басқару» бейіні бойынша (экономика (салалар бойынша), қаржы (салалар бойынша), есеп және аудит (салалар бойынша)).

Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарға тестілеу бағдарламасындағы «Е-R-5», «Е-G-4» санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйыдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік деңгейін анықтауға арналған тестілер белгіленеді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық күәландырылған көшірмесі).

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалды куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктерілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан   «Аққайың ауданы әкімінің аппараты» ММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді. Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 30- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Аққайың ауданы әкімінің аппараты және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкілетті органның интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 150300, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Народный көшесі, 50 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің аппараты немесе Akkain-akimat@sko.gov.kz. электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Анықтамаларды 8(71532) 21664, факс 8(71532) 21159 арқылы алуға болады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет