Конкурс жариялайды



жүктеу 43.97 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі43.97 Kb.
: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
«Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орынға жалпы конкурс жариялайды
1. Автомобиль жолдарын дамыту және пайдалану бөлімінің бас маманы

(1 бірлік), санаты D-О-4, лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет атқарған жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 430 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау бойынша орындалған жұмыстарды бақылау мен қабылдауды жүзеге асыру; жұмыстарды жүргізу кестесін әзірлеу; жолдарға және жол құрылыстарын жөндеу мен күтіп ұстауға арналған материал, ақша қаражаты мен техника қажеттілігінің есептерін жүргізу. Атқарушы және техникалық құжаттаманың уақытында және дұрыс жүргізілуін бақылау, қысқы күтіп ұстау, су тасқынын өткізу бойынша жоспарлар мен іс-шаралар әзірлеу. Қажетті техникалық құжаттаманы жүргізу, дислокациялық кестелердегі өзгерістерді бақылау, оларды ЖПБ келісіп, мердігер ұйымдарға жеткізу. Жолдарды және т/ж өтпелерін көктемгі-күзгі және айлық тексеруге қатысу, ақау тізімдемесін жасау, қызметтің бекітілген мәселелері бойынша есептер, ақпарат, анықтама дайындау. Автомобиль жолдарының бойында сервис және жарнама объектілерін орналастыруға инфрақұрылым объектілеріне паспорттарды келісу және ресімдеу. Жұмыстарды жүргізу құқығына ордерлер ресімдеу және жұмыс жүргізу орындарында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру. Халыққа уақтылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.



Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

  1. Жоғары білім: «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (құрылыс) немесе «Құқық».

  2. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Конкурсқа қатысушыға қойылатын ортақ талаптар:

Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын, Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білу, осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін және техникалық

регламенттерін білу.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі. Қонкурс комиссия жұмысының айқындылығы және әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырыста байқаушылар мен сарапшылардың қатысуына жол беріледі.

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) уәкілетті орган белгіленген нысандағы өтініш;


  1. уәкілетті орган белгілеген нысандағы толтырылған сауалнама 3x4 см. мөлшеріндегі фотосурет;

  2. білімі туралы құжаттардың нотариалды түрде куәландырылған көшірмелері;

  3. еңбек өтілін растайтын құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі;

  4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсандағы № 6697 болып тіркелді) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  5. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  6. құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижесімен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі).

  7. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі)

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Азаматтар олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылым дәрежесі мен атағын беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдары, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтерді) ұсына алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде тапсыру қажет. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген немесе электронды пошта арқылы trans@sko.kz электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттар қабылданады. Электрондық пошта, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат кешіктірмей құжаттардың түпұсқаларын тапсырулары тиіс.

Конкурсқа қатысуға құжаттар мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150000, Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 61-үй, 315-кабинет, тел. 8 (7152) 466685.Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-де, олардың әңгімелесуге жіберілгені туралы хабарламаны алған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 61-үй мекенжайында, 304-кабинетте өтеді.


Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Анықтамаларды 8 (7152) 466685, факс 8 (7152) 338765

телефондары арқылы алуға болады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет