Конкурс өткізеді «Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі аппараты»



Дата02.05.2016
өлшемі145.83 Kb.
түріКонкурс
«Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс өткізеді

«Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (020200 индексі, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Тәшенов көшесі 47, кабинет 307, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(71644)21870 (ішкі 108), факс 8(71644)21352, электрондық мекен-жайы: arshaly_org83@mail.ru) «Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржылық-шаруашылық қызмет бөлімінің бас маманы, «Е-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: ауданның жергілікті атқарушы органдарының жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің есебін жүргізу, өтініштер бойынша деректердің Бірыңғай электрондық құжатайналым жүйесіне («Тұлғалардың өтініштері», «Жеке қабылдау», «Тұлғалардың электрондық өтініштері» мәліметтер базасы) сапалы әрі уақытылы енгізілуін қамтамасыз ету, аудан әкімі аппаратына түскен жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің орындалуына мониторинг жүргізу. Аудан әкімінің және оның орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдауын ұйымдастыру, аяқталған істерді есепке алу және сақтау, оларды мұрағатқа тапсыру және дайындау, бланкілер есебі және тапсырыс беру. Аудан әкімі аппараты құжаттарынан көшірме беру және номенклатуралық істерді түзу. жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау тәртібі саласында құжаттама басқару бойынша мониторингті жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, білім немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар немесе өнер немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғалымдар немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылық ғылымдар немесе қызмет көрсету немесе ветеринария немесе әскері іс және қауіпсіздік немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



2. «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» мемлекеттік мекемесінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі бас маманы, «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: азаматтық хал актілері саласы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету, азаматтық хал актілерін «АХАЖ» ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізу, уақытылы және дұрыс тіркеуді қамтамасыз ету; перзентханалар тізімімен жұмыс; іс қағаздарын жүргізу, некеге салтанатты түрде тіркеуді өткізу; елтаңбалық бланкілер есепбін жасау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есебін жүргізу, құқықтық насихаттауды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, білім беру немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе қызмет көрсету немесе жаратылыстану ғылымдар немесе гуманитарлық ғылымдар немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету немесе техникалық ғылымдар және технологиялар салаларында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыспен қамту, әлеуметтік серіктестік және еңбек қатынастары мәселелері жөніндегі бас маманы, «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: жұмыспен қамту, әлеуметтік серіктестік және еңбек қатынастары мәселелері жөніндегі кешенді жұмыстарды жүргізу. «Еңбек нарығы» деректер базасы жүргізу. Мемлекеттік қызметті көрсету және есепке елу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, білім беру немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе қызмет көрсету немесе жаратылыстану ғылымдар немесе гуманитарлық ғылымдар немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету немесе өнер немесе техникалық ғылымдар және технологиялар салаларында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

4. «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өсімдік шаруашылығы жөніндегі бас маманы, «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: құжаттарды қабылдау: Астық өнімділігін және өндірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының сапасын арттыруды қолдауға, қажетті көктемгі-дала жұмыстарын және астық жинау жұмыстарын өткізуге жанар-жағар май материалдарының құнын және басқа да тауарлық-материалдық құндылықты арзандатуға, тұқымшаруашылығын қолдауға субсидиялау, ауылшаруашылық тауар өндірушілерді несиелеу бойынша құжаттар қабылдау. Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасына несиелеу жөніндегі есептерді тапсыру. Ауданда ауылшаруашылық құрылымдары бойынша өсімдік шаруашылығын жүргізу және талдау, өсімдік шаруашылығы жағдайына ақпараттар жинау,ауыл шаруашылық өнімдерін жүзеге асыру бойынша маркетинг қызметін көрсету. Агроөнеркәсіп кешендерін дамыту бойынша өңірлік бағдарламаны әзірлеуге қатынасу. Ауыл шаруашылық дақылдарын күтіп баптау технологиясын ауыл шаруашылық құрылымдарында сақталуына мониторинг, ақпараттық қызмет көрсетуде ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне көмек көрсету, минералдық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғауға химиялық құралдарды қолдану мәселесі бойынша шаруашылық субъектілерімен жұмыстарды жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету және есеп жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, ауыл шаруашылық ғылымдары саласында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

5. «Аршалы ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман-құрылысшы, «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес, құрылыс тәртібін сақтау құрылыс жобаларын жүзеге асыруға қадағалауды қамтасыз ету. Жекеленген объектілер мен кешендер жобаларын қарастыру және келісу. Жобалауға бастапқы деректер мен тапсырмалар дайындауды ұйымдастыру, бөлімде мемлекеттік сатып алуды өткізуді жүргізу, нысандардың жабалауы және құрылысы мәселелері бойынша хаттарды қарастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, техникалық ғылымдар және технология немесе өнер салаларында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

6. «Аршалы ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман-бухгалтер, «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: бухгалтерлік, салық, статистикалық есепті, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуын, қаржылық есепті жүргізу. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру процесстерін өткізу. Бұйрық жобаларын дайындау және оны тіркеу. «Е-қызмет» ЫАЖ, кадрлық іс қағаздарын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, экономика және бизнес салаларында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

7. «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын және аумақтық даму бағдарламаларына мониторинг әзірлеу, бекіту. Экономика мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдары жұмыстарын үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, экономика және бизнес салаларында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

8. «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: ауданның мемлекеттік жоспарлау жүйелерін алдағы уақытта қолдану, үшжылдық кезеңге бюджеттік параметрінің болжамын әзірлеу, тиісті қаржылық жылдың ішінде жергілікті бюджет көрсеткіштеріне өзгерістер енгізу бойынша шаралардыч жүзеге асыру, бюджеттік бағдарлама әкімгерлерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қортындылар дайындау және бағалау, қарап шығу. Ауданның бюджеттік комиссиясы қызметтерін үйлестіру. Мемлекеттік қызмет көрсету және есепті жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, экономика және бизнес салаларында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

9. «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман-бухгалтер, «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: экономика және қаржы бөлімі аппаратының бухгалтерлік есебін және есеп беруін жүргізу.Ауданның коммуналдық меншігіне түскен мүліктерді сақтау және бағалау, есепке алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Мемлекеттік мұрағатқа құжаттарды тапсыру және реттеу, таңдау, ведомстовалық мұрағатта құжаттардың сақталуына бақылау жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, экономика және бизнес салаларында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

10. «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман-бухгалтер, «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: бөлімнің бюджеттік өтінімдерін, орта мерзімдік даму жоспарын жинақтау және қалыптастыру, жоспарлау. Кешенді жоспарды жасау. Бухгалтерлік, салық, статистикалық есепті және есеп берулерді жүргізу. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу. Негізгі құралдарға түгендеу өткізу, мекеменің материалдық құндылығын сақталу есебі және бақылау. «Е-қызмет» ЫАЖ, кадрлық іс қағаздарын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, экономика және бизнес салаларында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

11. «Аршалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне), «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: ауданның білім ұйымдарында оқу-тәрбие процессі саласында, мемлекеттік стандарттарға сәйкес оқушылардың білім сапасына, білім, жалпы орта білім бағдарламасына сәйкес негізгі көрсеткіштердің орындалуына, мектептердің құжаттарды жүргізуіне, мектептің ішкі басшылығының жұмысына, білім ұйымдарын қажетті материалды-техникалық құралдармен қамтамасыз етуді бақылау жасау. ҚР заңнамасына сәйкес мектептердегі оқу-тәрбие жұмысарымен байланысты кешенді жұмыстарды, ауданның білім ұйымдарында кешенді-мақсаттық тексерулерді, мектептерді оқу жылының бастаулына дайындалуын ұйымдастыру және жүргізу. Педагогикалық озық әдісті зерделеуге және енгізуге қатысу. «Е-қызмет» ЫАЖ және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды, кадрлық іс қағаздарын жүргізу

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, білім беру немесе жаратылыстану ғылымдар салаларында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

12. «Аршалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: мектептерде балалар құқығын қорғаумен, жасөспірімдердің қамқорлық және қамқоршылық көрсетумен, қамқорлық және қамқоршылық мәселесі бойынша әдістемелік көмек көрсетуге байланысты кешенді жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу. Балалардың құқығын қорғау бойынша қоғамдық инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет көрсету және есеп беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, білім беру немесе құқық немесе жаратылыстану ғылымдар немесе гуманитарлық ғылымдар салаларында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

13. «Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Е-G-3» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: жұмыспен қамту орталығынан қоғамдық жұмыстар бойынша атқарылған жұмыстар ауқымын бақылау, әскери есеп пен броньдауды ұйымдастыру, әлеуметтік карталар бойынша есептілікті жасау, балалары бар отбасыларға мекен-жайлық әлеуметтік көмек жәрдемақыларын төлеу. Шаруашылық есеп жүргізу. Бюджетке түсетін салық және басқа міндетті төлемдерді жинауға көмектесу. Мемлекеттік қызметті көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе табиғи ғылымдар немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылық ғылымдар немесе қызметтер көрсету немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету немесе ветеринария немесе әскері іс және қауіпсіздік немесе өнер салаларында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

14. «Бұлақсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, «Е-G-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: жұмыспен қамту орталығынан қоғамдық жұмыстар бойынша атқарылған жұмыстар ауқымын бақылау, әскери есеп пен броньдауды ұйымдастыру, әлеуметтік карталар бойынша есептілікті жасау, балалары бар отбасыларға мекен-жайлық әлеуметтік көмек жәрдемақыларын төлеу. Шаруашылық есеп жүргізу. Бюджетке түсетін салық және басқа міндетті төлемдерді жинауға көмектесу. Мемлекеттік қызметті көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе табиғи ғылымдар немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылық ғылымдар немесе қызметтер көрсету немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету немесе ветеринария немесе әскері іс және қауіпсіздік немесе өнер немесе жоғарыда көрсетілген ортадан кейінгі білім немесе жоғарыда көрсетілген орта техникалық немесе жоғарыда көрсетілген кәсіптік білім салаларында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

15. «Ижев селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, «Е-G-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: мемлекеттік мерекелерді, мерейтойлық мерзімдерге байланысты іс-шаралар ұйымдастыру және жүргізу. Әскери есеп және броньдау, әскери есепке алу және шығару бойынша жұмыстарды, жас ер азаматтарды учаскеге бекіту және ҚР Қарулы күштері қатарына шақырылушыларды жіберуге әзірлеу; әлеуметтік карталар бойынша есептілікті анықтау және жасау, мекен-жайлық әлеуметтік көмек және балалары бар отбасыларға жәрдемақы төлеу, жұмыспен қамту орталығынан қоғамдық жұмыстар бойынша атқарылған жұмыстар ауқымын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе табиғи ғылымдар немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылық ғылымдар немесе қызметтер көрсету немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету немесе ветеринария немесе әскері іс және қауіпсіздік немесе өнер жоғарыда көрсетілген ортадан кейінгі білім немесе жоғарыда көрсетілген орта техникалық немесе жоғарыда көрсетілген кәсіптік білім салаларында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушы ретінде тіркелу сұрақтары бойынша «Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімі аппараты» ММ бірыңғай персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жүгіну қажет.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.



Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Құжаттар Аршалы ауданы әкімдігінің және уәкілетті органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде Аршалы ауданы әкімінің аппаратында өтеді.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет