Конкурс өткізеді «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы»



жүктеу 43.86 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі43.86 Kb.
түріКонкурс
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға

ішкі конкурс өткізеді

«Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (020000 индексі, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83 үй, кабинет 319, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-2)25-00-34, факс 8(716-2)25-10-40, электрондық мекен-жайы: Akmolauprdor@mail.ru) «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, D-О-3 – санаты, 1-бірлік (№02-01)

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Жалпы бөлімді басқару. Жергілікті маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын күту және дамыту бағдарламасы және жоспарын әзірлеу. Байқау құжаттарын дайындауына қатысу. Мемлекеттік сатып алу бойынша байқауларына қатысу. Жол құрылыс жөндеу жұмыстарын (ағымды, орташа, күрделі жөндеу жұмыстарын, жаңарту және құрылыс жұмыстарын) қабылдау. Жолдардың жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізуін қадағалау. Бюджеттік қаржыны нысаналы қолдануын қадағалау. Автомобиль жолдарын жылсайынғы көктемгі және күзгі бақылауын ұйымдастыру. Автомобиль жолдарын қысқы күтімін, көктемгі су тасқынын өткізуін ұйымдастыру. Барлық облыстық автомобиль жолдарында қысқы күтімін, көктемгі су тасқынын өту қамтамасыздығын ұйымдастыру. Облыстық автомобиль жолдарында өтуін қамтамасыздығын ұйымдастыру. Жол қозғалыс қауіпсіздігін және пайдалауын қамтамасыз етуге жол полициясы, төтенше жағдайлар, жол қызметкерлерімен өзара қатынасын қамтамасыз ету. Жобалық жұмыстардың жобалық жоспарын әзірлеу. Сметалық есептеуге тапсырмаға, жобалауға тапсырманы сметалық жұмыстарға жобалау – сметалық, сметалардың есептеуіне тапсырыстарына сәйкестігін қадағалау, автомобиль жолдарын паспорттауға техникалық тапсырыстарын істеу және шығару. Мемлекеттік қызмет көрсету. Автомобиль жолдардың желісін басқару. Сатып алынатын жұмыстарға, тауарларға, қызметтерге техникалық сипаттамаларын әзірлеу. Коммуникация желілеріне қилыстың өтуіне рұксат беру, автожолдарға қиылысы мен жанасуын, көзкөрімдік жарнамаларды орналастыру, сервис нысандарының орналасуына техникалық талаптарды беру. Жұмыс, қабылдау комиссиясының жұмыстарына қатысу. Бюджеттік қаржыны игерілуін қадағалау. Ақмола облысы әкімінің аппаратынан, орталық және басқа да мемлекеттік органдардан келген құжаттардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаалардан басқармаға келіп түскен өтініштердің уақытында және сапалы орындалуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылым және технологиялар саласындағы жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушы ретінде тіркелу сұрақтары бойынша «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жүгіну қажет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) белгіленген нысан бойынша өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды электронды түрде «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ akmolauprdor@mail.ru электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Құжаттар «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ және уәкілетті органның сайтында http://upt.akmo.gov.kz ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет