Конкурс өткізеді «Ақмола облысының құрылыс басқармасы»



Дата03.05.2016
өлшемі52.45 Kb.
түріКонкурс
«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс өткізеді

«Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі (020000 индексі, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87, кабинет 102, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-2)92-60-21, факс 8(716-2)92-60-25, электрондық мекен-жайы: dep_stroi_akm@mail.ru.) «Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметінің бас маман, «D-О-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізеді, еңбек кітапшаларына (қызметтік тізіміне) қажетті жазбаларды енгізеді, уәкілетті органға ұсыну үшін бос орындар тізімін, бос орындарды толтыру бойынша өтінімдерді және өзге де қажетті ақпараттарды дайындайды, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау өткізуді дайындайды және өткізеді, заңнамада белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім немесе қызметтер салаларындағы жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



2. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй және өндірістік құрылыс бөліміның бас маманы, «D-О-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: тұрғын үй объектілері құрылысының барысына апта сайын мониторинг жасайды, бөлімнің құзыреті шегінде өңірлік даму бағдарламаларын іске асыру бойынша ақпарат дайындайды, өңірлік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде тұрғын үй объектілерін пайдалануға беру және инфрақұрылым туралы есептік мәліметтер дайындайды, салынып жатқан тұрғын үй құрылысының объектілеріне барады, Нысаналы трансфертер жөніндегі нәтижелер туралы келісімдер жобасын әзірлейді, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісіне аралық және қорытынды есептерді береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технологиялар салаларындағы жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сумен қамту және су тарту объектілерінің құрылысы бөлімінің бас маманы, «D-О-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін.



Негізгі функционалдық міндеттері: сумен қамту және су тарту объектілері құрылысының, жер асты суларына іздестіру-барлау жұмыстарының барысына мониторинг жүргізеді, Ақмола облысының даму бағдарламасының жобаларын әзірлейді, сондай-ақ осы бағдарламалық құжаттар бойынша есептіліктердің белгіленген нысандарын дайындайды және береді, Нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісімдерді әзірлейді, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісіне аралық және қорытынды есептерді береді, салынып жатқан сумен қамту объектілеріне барады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ацыл шаруашылығы ғылымдары немесе экономика немесе бизнес салаларындағы жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушы ретінде тіркелу сұрақтары бойынша Ақмола облысы құрылыс басқармасының персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жүгіну қажет.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.



Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Құжаттар Ақмола облысы құрылыс басқармасы және уәкілетті органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күн ішінде Ақмола облысының құрылыс басқармасында өтеді.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет