Конкурс өткізу тәртібі Конкурстың негізгі іс-шараларын өткізу кестесі



жүктеу 68.85 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі68.85 Kb.
: storage -> islamgulova -> p6 area
storage -> Презентация большого сборника казахской классики
storage -> Национальный день кувейта
storage -> Конкурс работников образования всероссийский интернет-конкурс педагогического мастерства
storage -> Выпуск 2000 г. Специальность «Государственное и муниципальное управление»
storage -> Жемчужины оперы – в цифре
storage -> Виртуозы-музыканты
storage -> «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері» мамандығы бойынша: «Үрмелі және ұрмалы аспаптар», Эстрадалық музыкалық аспаптар», «Халық аспаптары» мамандандырулар бойынша
p6 area -> Конкурс өткізу тәртібі №
«Turan-junior – 2012»
мектеп оқушылары арасындағы ең үздік ғылыми жұмысқа арналған

оныншы қалалық конкурс
өткізу тәртібі
1. Конкурстың негізгі іс-шараларын өткізу кестесі




Іс-шара

Уақыты

Қосымша

1.

Конкурстың бірінші мектеп ішілік кезеңі

17 ақпанға дейін

Өткізу тәртібі ұйым директорының бұйрығымен анықталады

2.

Мектеп директорының орынбасарлары мен мұғалімдерге арналған «Жобалау қызметі біліктілікті оқытудың жетекші әдісі ретінде» атты семинарлар (орыс тілінде).

Исламгулова С.К. өткізеді.



20–22 ақпан

13-17 ақпан аралығында мына телефон арқылы жазылуға болады: 3870086. Біркүндік семинарлар. Басталуы 13.30-да. 25 адамнан тұратын үш топ құрылады.

Семинарға қатысқандарға сертификаттар беріледі.

Мазмұны: жобалар әдісі туралы (тарихы, күйі, болашағы), жұмысты безендіру және ұғымдық аппараттың жасалуы туралы (тақырыптар, гипотезалар, мақсаты, міндеті және т.б.).


3.

Жобаларды және қосымша құжаттарды қаблыдау

27.02–2.03

Мына телефон арқылы: 3870086 алдын ала техникалық хатшымен келіміп алу қажет.

4.

Конкурстың екінші кезеңінің бірінші туры. Ашық түрде қорғауға жобаларды іріктеу

7–26 наурыз

Конкурсқа жіберілген жобалар тізімі аудандық білім бөліміне жіберіліп, университет сайтына орналастырылады.

5.

Қалалық кезеңнің екінші туры. Ашық қорғау

5–6 сәуір

Қорғау кестесі аудандық білім бөліміне жіберіліп, университет сайтына орналастырылады

6.

Қалалық кезеңнің екінші туры. «Қазақстан және әлем: тарих, мәдениет, аймақтану» атты жоғарғы сынып оқушыларына арналған қалалық конференция

12 сәуір

Конференция жұмысына мектеп мұражайлары , клубтары және т.б. қатыса алады. Ол үшін оларға мұражай, клуб және т.б. қызметіне байланысты жоба дайындау қажет .

Конференция бағдарламасы АББ жіберіліп, университет сайтына орналастырылады.





«Ғылым және мектеп» фотокөрмесі

20 сәуір

Ең үздік жұмыстар көрмесі

8.

Қорытынды шара – қорытындылар шығарып, жеңімпаздарды марапаттау. «Ғылым және мектеп» атты қалалық конференция

20 сәуір

Қорытынды шара дәстүр бойынша Алматы қаласы әкімшілігінің акт залында өткізіледі. Конференцияға қатысуға конкурс жеңімпаздары (тізім АББ жіберіліп, университет сайтына орналастырылады), мектептің ғылыми қоғамы, білім ұйымдарының басшылары шақырылады

9.

Жинақты басып шығару және жинақ материалдарын университет сайтына орналастыру

мамыр- маусым

Ғылыми жұмыстың тезистерін жинаққа қосу туралы шешімді ұйымдастыру комитеті қабылдайды. Гран-при, бірінші және екінші орын алған жоба авторлары артықшылыққа ие болады.

10.

«Ғылым және мектеп» конференциясының материалдарын басып шығару

жыл ішінде

Мақалалардың жариялануы туралы шешімді ұйымдастыру комитеті қабылдайды.


2. Ғылыми зерттеудің бағыттары (секциялар)

  1. физикалық-техникалық (физика, техника, жер және ғарыш ғылымдары);

  2. математикалық (математика, информатика);

  3. экономикалық-заң;

  4. химия, биология;

  5. тарих, мәдениеттану;

  6. тіл білімі, әдебиет;

  7. география, өлкетану, экология;

  8. «Қазақстан және әлем: тарих, мәдениет, аймақтану»;

  9. «Ғылым және мектеп» тақырыбында фотосурет конкурсы;

  10. Ең үздік ғылыми мектеп қоғамына арналған конкурс.


3. «Қазақстан және әлем: тарих, мәдениет, аймақтану» бағыты бойынша ашық қорғау өткізу туралы түсініктеме

Мектеп оқушылары арасындағы ең үздік ғылыми жұмыстың қалалық конкурсына алғаш рет «Қазақстан және әлем: тарих, мәдениет, аймақтану» бағыты енгізілді.

Мектеп оқушылары арасындағы ең үздік ғылыми жұмыстың қалалық конкурсына алғаш рет жобаларды ашық қорғаудан кейін, ең үздік жобалар ұсынылатын ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

Мектеп оқушылары арасындағы ең үздік ғылыми жұмыстың қалалық конкурсына алғаш рет жобаны бағалайтын әділқазылар алқасынан басқа конференция қатысушалары да қатыстырылады (конкурсанттар мен көрермендер). Жүлделі орындарды беру туралы соңғы шешім конференция аяқталғаннан кейін қабылданады.

Мектептен келетін көрермендер саны 9 сәуірде анықталады.

4. «Ғылым және мектеп» тақырыбындағы фотосурет конкурсына түсініктеме
Мектеп оқушылары арасындағы ең үздік ғылыми жұмыстың қалалық конкурсына алғаш рет шығармашылық бағыт қосылды – «Ғылым және мектеп» тақырыбында фотосурет конкурсы.
Ғылыми жоба ретінде 10 фотосурет қосымша құжаттарымен ұсынылады:


  • Өтініш пен мектептен жолдама (Конкурс туралы ережедегі 1, 2 қосымшалар);

  • Әр фотосуретке аннотация – сюжеттің қысқаша мазмұны. «Turan-junior – 2012» қалалық конкурсына жіберілетін фотосуреттерге берілетін аннотация кестеде толтырылады: фотосурет №, сюжет атауы, аннотация.

Фотосуреттер ақ-қара немесе түрлі-түсті болуы мүмкін. Өлшемі: 15×20 бес сурет және 20×30 бес сурет (автордың ойынша ең үздік) қағаз бетіне түсірілген және электронды нұсқада (СD).

Фотосуреттің артқы бетіне конкурсанттың аты-жөні, жасы, жобаның жасалған уақыты, аннотациядағы тізім бойынша номері жазылады.

Сюжет тақырыпқа сай болып, эмоционалды әсер болу қажет. Шынайылық пен қалжыңға рұқсат етіледі.
5. Ең үздік мектептік ғылыми ұйым конкурсына түсініктеме
Мектеп оқушылары арасындағы ең үздік ғылыми жұмыстң қалалық конкурсына алғаш рет ең үздік мектептік ғылыми ұйым атты қоғамдық бағыт қосылды.

Мектеп оқушылары арасындағы ең үздік ғылыми жұмыстың қалалық конкурсына алғаш рет ашық қорғауда жоғарғы баға алған жобалар авторлары ғылыми конференцияға қатысады.

Тәжірибе жұмыстарымен нақты бағытты қолдайтын ғылыми жетекшілер мен білім ұйымдарының жетекшілері қатыса алады. Бұл үшін өтініш (кесте түрінде) және мақаланы e-mail: turan-junior@mail.ru бойынша жіберу қажет. Конференция материалдары жарияланып, Интернетке орналастырылады.
«Ғылым және мектеп» қалалық конкурсына қатысу үшін

өтініш


1.

Аты-жөні (толығымен)




2.

Лауазымы




3.

Мекеме атауы (толығымен)




4.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы




5.

e-mail, телефоны




6.

Мекеме мекен-жайы




7.

Мақала атауы




8.

Тәжірибе көрсету формасы (мақала, конференцияға қатысу және т.б.)




Конференцияға қатысушылар қатысу туралы сертификатқа ие болады,ал ең үздік мақалалар авторлары мен жалпы тәжірибемен қорғаған авторлар – қалалық әкімшілік пен «Тұран» университетінің марапат қағазына ие болады.



Ұйымдастыру комитетінің орынбасары,

«Тұран» университетінің ғылым проректоры,

п.ғ.д., доцент С. К. Исламгулова

Орындаушы:

Сейткалиева Асель, техникалық хатшы, ғылым проректорының көмекшісі

Телефондар: 3870086, +7 7004105265

e-mail: turan-junior@mail.ru

050020, Алматы қ-сы, Л. Чайкина к-сі, 12а, «Тұран» университеті, 417 каб.

Университет сайты: http://www.turan.edu.kz








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет