Конкурс. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты»



Дата17.04.2016
өлшемі68.34 Kb.
түріКонкурс
«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ және аудандық бюджеттен қаржыландыру Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс.
«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі 69, № 10 кабинет, индекс 070400, телефон: 8(72351) 2-23-82, электронды адресі: kadr@boroduliha.vko.gov.kz «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ және аудандық бюджеттен қаржыландыру Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Таврия ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (Е-G-3, № 03-18-02 санатының) бас маманы – еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69 957 теңгеден 94 109 теңге дейін лауазымдық жалақысымен 1 бірлік;

Функционалдық міндеттері: Іс жүргізу, соның ішінде кадр мәселелері бойынша істерді жүргізу. Ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің еңбек өтілін анықтау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру. Ауыл округінің аппараты тиімді қызметінің бағасын жүргізу. «Жеке тұлғаларды есепке алу» сайлаушылар базасын құру және оған түзету енгізу. «АЖБЕ» АЖО (Азаматтар жүгінімдерінің бірыңғай есебі – автоматтандырылған жұмыс орны) бағдарламасымен жұмыс істеу, № 1-ОЛ нысанындағы статистикалық есепті жинау және аудан әкімі аппаратына тапсыру. Шаруашылық есеп жүргізу. Жастар саясатын бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жер қатынасы, қоғамдық және конфессияаралық келісім, идеологиялық тәрбие, халықтын көші-коны және өсіп-өнуі, ана мен бала, неке мен отбасы мәселелері туралы жүзеге асырады. Қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, нашақорлықпен күрес, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысу. Мемлекеттік нысандарды насихаттау және мемлекеттік мекемелерде оларды қолдану бойынша жұмыс атқару. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қарым-қатынас жасау. Мемлекеттік мерекелерді, атаулы даталарды ұйымдастыру және өткізу. Сайлауды дайындау және өткізуді ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметтер көрсету. Өз өкілеттігіне енетін мәселелер бойынша есептер тапсыру.

Білім бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;



2. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенті округі әкімінің аппараты» ММ (Е-G-3, № 03-06-07 санатының) бас маманы – еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69 957 теңгеден 94 109 теңге дейін лауазымдық жалақысымен 1 бірлік;

Функционалдық міндеттері: Салық және бюджетке арналған басқа да міндетті төлемдер. Белгіленбеген орындарда сауда жасауға бақылау жасау. Бюджетке түсетін түсімдердің бекітілген көлемін іске асыруды қамтамасыз ету, салық саласындағы кеңейту және бюджетке қосымша табыс тарту. «АЖБЕ» АЖО (Азаматтар жүгінімдерінің бірынғай есебі- автоматтандырылған жұмыс орны) бағдарламасымен жұмыс істеу, № 1-ОЛ нысанындағы статистикалық есепті жинау және аудан әкімі аппаратына тапсыру. Іс жүргізу, соның ішінде кадр мәселелері бойынша істерді жүргізу. Жер қатынастары мәселелері бойынша қызметті жүзеге асыру. Өз өкілеттігіне енетін мәселелер бойынша есептер тапсыру.

Білім бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе E-G-4 санатынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

3. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының білім бөлімі» ММ (Е-R-4, № 02-07-04 санатының) бас маманы – еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73 288 теңгеден 99 106 теңге дейін лауазымдық жалақысымен;

Функционалдық міндеттері: Бөлімдегі кадрлық іс жүргізу. Мектепке дейінгі білім беру, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрлармен және мамандармен қамтамасыз етілуіне сапалық және сандық талдау жасау. Ауылдық елді мекенде орналасқан білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас отбасылары үшін тұрғын үй – тұрмыстық жағдайды қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Білім берудің педагогикалық қызметкерлерін аттестациялау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Білім бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға, Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі 69 № 10 кабинет мекенжайы бойынша құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не электрондық почта kadr@boroduliha.vko.gov.kz мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы не «е-қызмет» біріктірілген жүйе арқылы тапсырады.

Ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні (үәкілетті органның сайтында).

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) нысан бойынша өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Бородулиха ауданы әкімінің ресми сайтының boroduliha.vko.gov.kz интернет-ресурсында және мемлекеттік орган ғимаратында орналастырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде 5 жұмыс күні ішінде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Анықтамалар үшін телефон: 8(72351) 2-23-82, kadr@boroduliha.vko.gov.kz
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет