Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары



жүктеу 85.32 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі85.32 Kb.
: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс

туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары

С-О-6 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім


Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты




min

max

С-О-6


74900

101600


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент), 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23 шағынаудан, 100 үй, анықтама үшін телефондар: 8-7292-319110 (ішкі 350), e-mail: nu.mukatai@anticorruption.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының жетекші маманы,
С-О-6 санаты, 1 бірлік.


Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызмет кадрының жағдайына мониторинг жүргізу. Басқарма құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша есептілік нысандарын жинақтау және талдау. Басқарманың тестілеу өткізу жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмысқа қатысу. Мемлекеттік қызметшілерді бағалау және аттестаттау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру. Сынақ мерзімін белгілеу және тәлімгерлерді бекіту бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру. Мемлекеттік органдарда мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға ауысу тәртібімен тағайындау барысында құжаттарға сараптама жүргізу және келісу. Мемлекеттік органдардағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурстар туралы хабарландыруларға сараптама жүргізу және БАҚ-та орналастыру бойынша жұмыстар жүргізу. Жетекшілік ететін бағыттар бойынша мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтерімен (кадр қызметтерімен). Мемлекеттік қызмет тиімділігін жетілдіру бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар, презентациялар әзірлеуге қатысу. Өз құзыреті шеңберінде Басқарманың қызметі туралы есептік ақпаратты әзірлеу, Басқарма құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік қызметшілерге кеңес беру, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын қарау, Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру. Басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім. Осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныстарды орындауына мониторинг жүргізеді; Департаменттің тексерулеріне, сондай-ақ «мемлекеттік қызметтер көрсету» бағыты бойынша орталық мемлекеттік органдар мен облыстық жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалаудың жүргізілуіне қатысады; мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша ақпараттық, кеңестік, әдістемелік қолдау көрсетеді; жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдармен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмысын ұйымдастырады; мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында мемлекеттік органдармен өзара әрекеттеседі; мемлекеттік органдарға, ұйымдарға заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлейді; Басқарманың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік қызметшілерге кеңес беру, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын қарау, жетекшілік ететін бағыттар бойынша құжаттардың орындалуын бақылау, басқармаға жүктелген тапсырмалар мен функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
Басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім. Осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының жетекші маманы, С-О-6 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыруды және жұртшылықпен өзара іс-қимыл механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша интернет-контент пен әлеуметтік желілермен жұмыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта тілдерді оқыту, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеру және қайта даярлау өңірлік орталығында лекциялар оқу.Басқарма жұмысы туралы есептік ақпаратты дайындау, Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерге кеңес беру, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын қарау, қатысты мәселелер бойынша құжаттардың орындалуын бақылау, Басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдар және ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ынтымақтастықты орнату, сонымен бірге семинарларды, қоғамдық тыңдауларды, дөңгелек үстелдер мен басқа да тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыру, Басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі білім. Осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, тапсырылуы тиіс.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеуден өткізу бағдарламалары:

B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттары үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы»Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын(15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ).

Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өткізу бағдарламалары:

екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2,


C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық –


2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану –
1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағиданың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет