Конкурс туралы хабарландыру «Федоров ауданы әкiмiнiң аппараты»



Дата03.05.2016
өлшемі59.25 Kb.
түріКонкурс
Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Федоров ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссиясы (111900, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, Калинин к. 53, телефондар 87144221045, 87144222528 (факс), электрондық мекенжай: akimatfed@mail.ru, fedorovka@kostanay.gov.kz) Б корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Федоров ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы (Е-G-4 санаты). Лауазымдық жалақысы еңбек өтiлiне байланысты - 62462 теңгеден 84115 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Халық санағы, есепке алу, әр ауылшаруашылық бойынша есепке алу кітаптарын, шаруа (фермер) қожалықтарының есеп кітаптарын жүргізуді қамтамасыз етеді, тұрғындар саны, тұрғын үй қоры, тұрғындардың жер учаскілерінің саны, қожа шаруашылықтарындағы егін алқап туралы статистикалық есептерді дайындайды. Жеке тұлғаларға «Жеке қосалқы шаруашылық туралы анықтамаларды беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету бойынша жұмысын ұйымдастырады және жүргізеді. Көктемгі – егін және жинау жұмыстар барысы туралы ақпарат дайындау және күн сайын жиын жүргізу. Негізгі азық –түліктердің бағаларына мониторинг жүргізеді. Ауылдық округтер АШТӨ-не мемлекеттік субсидиялар бойынша ақпараттарды жеткізеді. Инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде ақпарат береді. Ауылдық округте мал шаруашылығы саласын дамыту жөнінде ақпарат жинайды. «Федоров ауданы әкімдігінің Федоров аудандық ветеринарлық станциясы» МКК АМБ және ААЖ бойынша бірлесе жұмыс жүргізеді. Мемқор және елді мекендер жерлерін орынды пайдалану бойынша мониторинг жүргізеді. Ауылдық округ жастармен жұмыс жүргізеді. Жұмыспен қамту мақсатында «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» және «Федоров аудандық жұмыспен қамту орталығы» бірігіп, жұмыспен қамту-2020 Бағдарлама іс-шара щеңберінде азаматтарды кәсіби оқыту және кәсіби қайта дайындау жүргізу. Балалары бар отбасылар және аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін құжаттарды қабылды жүргізеді. «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және «Дене шыңықтыру және спорт бөлімі» ММ бірге жұмыс атқару. Ауылдық округ жастармен жұмыс жүргізу. Әскері міндеттілерді есепке алады, оларды жазу және шақыру материалдарын дайындайды. Қажетті құжаттарды ресімдейді және ақпараттарды дайындайды. Ауылдық округ әкімінің аппарат жұмысы туралы ауылдық округ әкімінің тапсырмаларын жүзеге асырады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; құқық; білім; ауылшаруашылық ғылымдар; техникалық ғылымдар және технологиялар; гуманитарлық ғылымдар; ветеринария немесе ортадан кейінгі білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; құқық; білім; ауылшаруашылық ғылымдар; техникалық ғылымдар және технологиялар; гуманитарлық ғылымдар; ветеринария не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткiзу қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2- қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3 - қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;


3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Азаматта еңбек қызметі болмаса және конкурс жарияланған бос лауазымда жұмыс өтілі сұралмаса, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі қажет емес.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мына мекен жайға Қостанай облысы, Федоров ауданы, 111900, Федоров ауылы, Калинин к. 53, каб. № 15 ұсыну қажет. құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады. Құжаттарды қабылдау мерзiмi (жалпы конкурс үшін – жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні).

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиямен әңгімелесуден өтуге жіберілмейде.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне етеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлғалар әңгiмелесу басталуына 1 жұмыс күнi қалғанға дейiн кешiктiрмей «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кадр жұмысы бөлімінде тiркеледi. Тiркелу үшiн тұлғалар «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кадр жұмысы бөліміне жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшiрмелерiн ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.


Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне қатысты 5 күн ішінде шағымдана алады.
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет