Конкурс туралы хабарландыру Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



жүктеу 100.98 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі100.98 Kb.
: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымы санатына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы.

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымы санатына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.


Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы



Санаты

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген

жылдарын есептегенде



теңгеден

теңгеден

1

D-О-1

182387

246515

2

D-O-3

109 932

148 242


«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz) Жамбыл облысы әкімі аппараты және Жамбыл облысы әкімдігі басқармаларының мемлекеттік қызметшілері арасында бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы (санаты D-О-1, 1 бірлік, №033).

Функционалдық міндеттері: басқарманың жұмысына жалпы басшылық. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын орындау және рәсімдер өткізуді ұйымдастыру. Басқарманың қызметі үшін қажетті материалдық-техникалық базаны жасауға байланысты іс-шаралар кешенін әзірлеуге қатысу. Азаматтарды қабылдау бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы, қарамағындағылардың жұмысын болжау, ұйымдастыра білу, бақылау және негіздеу қабілеті.Аймақтағы халықтың көпшілігін кәсіпкерлікке тарту, әсіресе, экономикасы тоқыраған аудандарға ықпал жасау. Туризмді дамыту, туристік саланы дамыту бойынша іс-шаралар өткізу. Инновациялық қызметке қолдау жасау. Аймақта инфраструктура нысандарын құру және дамыту мәселелерімен айналысу. Индустриялық-инновациялық бойынша аумақтық бағдарламалардың орындалуына жағдай жасау. Облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің, Индустрия және жаңа технологиялар, энергетика және минералды ресурстар министрліктері тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылау, ҚР Үкіметіне және министрліктеріне жалпы кәсіпкерлік субъектілері қызметінің барысы туралы материалдар және салалар шеңберінде әкімдік мәжілістеріне анықтамалар, ақпараттар дайындау. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық қызметімен байланысты қызметтердің, сондай-ақ қайта өңдеу, химия, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының қызметін үйлестіру және бағыттау. Облыстың кәсіпкерлік, жер қойнауын пайдалану, туризм, сауда және экспорт саласын өз құзыреті шегінде бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы немесе құқық саласындағы жоғары. Мамандығы: техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар саласындағы (жалпы) немесе құқықтану.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке кәсiпкерлiк туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдары, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
2. Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы (санаты D-О-1, 1 бірлік, №025).

Функционалдық міндеттері: басқарманың жұмысына жалпы басшылық. ҚР Заңдарының, ҚР Президенті мен Үкіметі актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс істері жөніндегі комитетінің актілерін орындауды ұйымдастыру, облыс аумағында құрылыстың кешенді дамуының бірыңғай стратегиясын қалыптастыру және жүргізу; тұрғын-үй және мәдени-тұрмыстық құрылысты дамыту тұжырымдамалары мен бағдарламаларын орындау барысын реттеу, инженерлік-техникалық және эстетикалық мәселелерді шешу, аумақтарды көріктендіру және оларды жобалық-әдістемелік қамсыздандыру; облыс әкімінің аппаратына бекітілген жобалау-жоспарлау құжаттамасы, бас жоспар, қалаларды, кенттер мен ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылыс салу құжаттары негізінде құрылыстың барлық түрлері үшін жер телімдерін бөлу бойынша ұсыныстар әзірлеп, енгізу; мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының, мемлекеттік ведомстводан тыс жобалар сараптамасының, сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялаудың мемлекеттік орталығының тиісті бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау; өнеркәсіп объектілерін, магистралдық-инженерлік коммуникацияларды және көлік құрылысы объектілерін олардың қала құрылысы және сәулет талаптарына сәйкестігі бөлігінде қабылдап алуға қатысу; тарих және мәдени ескерткіштерді мемлекеттік қорғау органдарына олардың тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін қорғау, жаңарту және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асыруда ықпал ету; жөндеу-жаңарту жұмыстарының жобаларын қарау және келісу және осы жұмыстардың жүргізілуін бақылау; тиісті сәулет-қала құрылысы органдарының құрылымдық-шаруашылық есептегі бөлімшелеріне және қызметтеріне басшылық ету; облыстың елді мекендерін көркейту және санитарлық тазалау, елді мекендерді көркейту және қайта жаңарту жөніндегі озық жобалар жұмыстарының жеңімпаздарын анықтау бойынша облыстық конкурстар ұйымдастыру және өткізу; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу. Қалыптасқан құрылысты, кешенді жаңарту, тұрғын үйлерді, сәулет және мәдени құндылығы бар қоғамдық ғимараттарды модернизациялау және күрделі жөндеу, жаңартылып отырған аумақтардың инженерлік жабдықтау жүйелерін дамыту бойынша жұмысты бақылау; Аудандар мен Тараз қаласы әкімдерімен өзара іс-қимыл жасай отырып құрылыс және құрылыс индустриясы кәсіпорындарының ағымдағы және ұзақ мерзімді бағдарламаларды әзірлеу және ендіру жөніндегі қызметін үйлестіру; бюджеттік сала мекемелері мен ұйымдарындағы күрделі және ағымдағы жөндеу жоспарларын келісу; республикалық және облыстық бюджет қаржылары есебінен қаржыландырылтатын объектілерді жобалауға және салуға тауарларды мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: өнер саласындағы немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары. Мамандығы: сәулет немесе құрылыс.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
3. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы (санаты D-О-3, 1 бірлік, №9-1).

Функционалдық міндеттері: басқарманың қаржыландыру сметасын, штаттық кестесін әзірлеу және бекітуге ұсыну. Басқармаға қарасты мекемелерінің толық жоспарланған қаржыларының орындалуын қадағалау және стратегиялық, салалық бағадарламалардың жүзеге асырылуына бақылау жүргізу. Мемлекеттік органның негізгі құралдарына түгендеу нәтижесін жүргізеді және қаржы басқармасына ұсынуды ұйымдастырады. Еңбекақы қорларының дұрыс жұмсалуын, штаттық, лауазымдық қызметақы, әкімшілік-шаруашылық және өзге шығындардың есеп айырысу тәртібінің дұрыс сақталуын, басқарманың және басқармаға қарасты мекемелердің өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу, бюджеттік бағдарламаларының орындалуын және бюджет қаржысын мақсатты жұмсауын бақылайды. Республикалық, облыстық бюджеттерден бөлінген қаржылардың мақсатты пайдаланылуына тікелей жауапты. Мемлекеттік мекемелермен, Министрліктермен, Үкіметті органмен, ықтимал өнім берушілермен, сырт мекемелермен, сондай құрылымдық бөлімшелермен Басқарма құзырындағы мәселелер бойынша хаттарға жауап жобасын әзірлейді. Басқарманың және басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелерінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есептерін жүргізілуін үйлестіру. Мемлекеттік сатып алуға байланысты рәсімдердің уақтылы және сапалы өткізілуіне тікелей жауап береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы. Мамандығы – экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. Қазақстан Республикасының Бюджет, Еңбек кодекстерін, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн білу. Компьютерде MS Word, MS Exel бағдарламалары бойынша, Internet, Интранет-порталмен, ««Е-kyzmet»» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен және электрондық почтамен жұмыс істей алу.

Келесі құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет