Конкурс туралы хабарландыру Ішкі конкурсқа қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптары



жүктеу 44.92 Kb.
Дата30.04.2016
өлшемі44.92 Kb.
Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік

қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға

орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Ішкі конкурсқа қатысушыларға арналған ортақ біліктілік талаптары:

Д-О-2 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:     мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.




Санаты

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне қарай

min

max

Д-О-2

163 232

217 366

«Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» КММ, 050040, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 6, анықтама телефондары: 2744586, 2755703, е-mail: gulbanu@dzalmaty.kz, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қызметшілері арасында «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:



Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, D-О-2 санаты, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: жетекшілік ететін бөлімдері: әкімшілік бөлімі, персоналды басқару қызметі бөлімі, денсаулық сақтауды дамыту бағдарламаларын жоспарлау, талдау және мониторингі бөлімі, денсаулық сақтау нысандарының құрылысы, күрделі жөндеу және сейсмикалық нығайту бөлімі, қалалық салауатты өмір салты орталығы, туберкулезге қарсы, онкологиялық, наркологиялық, тері-венерологиялық қызметтер, ЖИТС орталығы, қан орталығы, психикалық сауықтыру орталығы және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы. Медицина мекемелерінің қызметіне жетекшілік ету мәселелері, 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасын, «Денсаулық сақтау» тарауы бойынша 2011-2015 жылдарға арналған Алматы қаласын дамыту бағдарламалары, денсаулық сақтау басқармасының Стратегиялық және Операциялық жоспарлары, ТМККК шеңберінде мемқызмет көрсету, денсаулық сақтаудағы ақпараттық және коммуникациялық жүйе, құқықтық түсіндіру жұмыстары және сыбайлас жемқорлықпен күрес, қалалық медицина мекемелерінің жұмылдыру даярлығы мен өрт қауіпсіздігі мәселелері, медицина мекемелерін қысқы жағдайларға дайындау, кәсіби кадрларды даярлау, мемлекеттік тілді енгізу, ДСБ жұмысының тиімділігін бағалау, үкіметтік емес ұйымдармен, әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департаментімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы Алматы қалалық филиалымен, мәселелері, ғылыми-зерттеу институттарымен және ғылыми орталықтармен, медицина университеттерімен, дәрігерлердің білімін жетілдіру институтымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебімен, Апат медицинасы орталықтарымен, қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен серіктестік байланыстар орнату, азаматтардың жүгінулерімен, басқарманың қызу желісімен, медициналық ұйымдардың сенім телефондарымен жұмыс істеу. Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Пациенттердің құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңесі, Қоғамдық кеңес жанындағы азаматтардың өтініштерін қарау комиссиясы, медициналық ұйым басшыларымен жалпықалалық жұмыс мәжілісі, дәрі-дәрмектерді, медициналық құралдарды мемлекеттік сатып алу комиссиясы, дәрі-дәрмектерді дұрыс тағайындау және тиімді пайдалануды бақылау комиссиясының жұмысын ұйымдастырады. Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында (медицина) жоғары білімі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылдық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлауы, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
          2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған тізім.

      Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасында өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Құжаттарды қабылдау 2016 жылғы 30 наурыз бен 5 сәуір аралығы.
: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет