Конкурсы «Аман-саулық»



жүктеу 33.43 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі33.43 Kb.
түріКонкурс
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


ОПИОИДТІК ОРНЫН БАСУ ТЕРАПИЯСЫН ЖАҚСЫ ЖӘНЕ АЙҚЫН БАЯНДАУҒА ЖУРНАЛИСТІК ЖҰМЫСТАР КОНКУРСЫ

«Аман-саулық» ҚҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен серіктесе отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен АИВ/ЖҚТБ алдын алу және инъекиялық есірткілерді тұтынушылардың арасында есірткіге тәуелділік деңгейін төмендету үшін Қазақстан Республикасында опиоидтік орнын басу терапиясын дамытудың өзекті мәселелерін үздік және айқын баяндауға баспалық, электронды және Интернет-БАҚ журналистері мен блогерлерінің арасында конкурстың өткізілетінін жариялайды.

Конкурс номинациялары

Конкурс 5 номинация бойынша өткізіледі:

- Опиоидтік орнын басу терапиясы тақырыбын республикалық баспа басылымдарында үздік баяндау.

- Опиоидтік орнын басу терапиясы тақырыбын аймақтық баспа басылымдарында үздік баяндау.

- Опиоидтік орнын басу терапиясы тақырыбын республикалық теле- және радиоарналарда үздік баяндау.

- Опиоидтік орнын басу терапиясы тақырыбын аймақтық теле- және радиоарналарда үздік баяндау.

- Опиоидтік орнын басу терапиясы тақырыбын Интернет-басылымдарда үздік баяндау.

Конкурс шарттары

Конкурс Қазақстан Республикасында орнын басатын опиоидтік терапия тақырыбын баяндайтын республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының арасында өткізіледі.

10 аймақтық Қоғамдық тыңдаулар Қарағанды, Теміртау, Семей, Өскемен, Қостанай, Тараз, Екібастұз, Ақтөбе, Орал және Павлодар қалаларында өткізілетін болады. Шаралар кестесі (аймақтық Қоғамдық тыңдауларды өткізу күні және орны) «Аман-саулық» ҚҚ сайтына алдын ала ілінеді және барлық республикалық және аймақтық бұқаралық құралдарына жіберіледі.

Конкурсқа берілетін материалдар 2015 жылғы 27 мамырдан қоса алғандағы 15 қарашаға дейін баспа басылымдарында жариялануы және теле-радио арналардың эфиріне шығуы және Интернет-басылымда орналастырылуы тиіс.



Материалдар қандай түрде қабылданады?

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурстық номинацияның атауын, материалдың атауын, шыққан күнін, қысқаша аңдатпасын, автор туралы мәліметтерді (Т.А.Ә., жұмыс орны, байланыс деректері) көрсетумен өтінім (ерікті нысанда) береді.

- теле-радио материалдар (теле-радио сюжеттер, теле-радио хабарлар) бейне немесе файлдік хостингке (youtube) жүктелген болуы тиіс, ұйымдастырушыларға электронды почта бойынша оларға сілтемелер және материалдар туралы келесі қысақаша мәліметтер ғана жіберіледі: эфирге шыққан күні, тақырыбы, хронометражы;

- газеттік және журналдық жарияланымдар pdf немесе jpeg пішінінде сканерден өткізілуі және ұйымдастырушыларға электронды почта бойынша жарияланымның шыққан күні, тақырыбы туралы ақпаратпен жіберілуі тиіс;

- интернет-басылымдарда жұмыс істейтін журналисттер интернеттегі өз материалдарына сілтемелерді ғана жібереді.

Жұмыстар екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.



Конкурстың қорытындыларын шығару

Республикалық және аймақтық бұқаралық құралдары үшін нәтижелерді бағалау және конкурстың қорытындыларын шығару үшін арнайы комиссия құрылатын болады, оның құрамына ҚР ДСӘДМ, ҚР ІІМ Ескірткі бизнесімен күрес жөніндегі департаментінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, журналистер және ҮЕҰ өкілдері кіреді.



Конкурстың қорытындылары 1 желтоқсанда – Бүкіләлемдік ЖҚТБ-мен күрес күні шығарылатын болады.

Арнайы комиссия әрбір номинация бойынша бір жүлделі орынды анықтайды және жеңімпаздарды марапаттайды.

Конкурстың әрбір номинациясы бойынша жеңімпаздарға 80 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықтар тапсырылатын болады.

«ГРАН-ПРИ»

Журналисттер конкурсын ұйымдастырушылар арнайы «Гран-при» номинациясын белгіледі, оның жеңімпазы Сертификаттың және 2016 жылы Польшаға оқуға бару сапарының иесі атанады.

Өтінімдер мен материалдарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2015 жылғы 15 қараша, 12:00

Конкурстық жұмыстардың өтінімдері мен материалдары жариялануына (эфирге шығуына) орай «ООТ: Журналистік жұмыстар конкурсы» белгісімен мына электронды почтаға жіберіледі: amansaulyk@mail.ru

Анықтамалар және кеңестер алу телефондары: +7 (727) 292 65 66, +7 (727) 292 04 85, amansaulyk@mail.ru («Аман-саулық» ҚҚ, Алматы қ., Қарасай батыр көш., 91, 4-пәтер, Масанчи көшесінің қиылысы).



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет