Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары: с-о-4 санатына: жоғары білім



Дата03.05.2016
өлшемі271.5 Kb.
түріКонкурс
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға мемлекеттік органдар арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарламасы
Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-4 санатына: жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан астам еңбек өтілінің немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес келетін салада екі жарым жылдан астам еңбек өтілінің болуы, сонымен қатар мемлекеттік органның штаттық кестесімен қарастырылған келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе В-5, С-5, С-О-5, C-R-3, D-5, D-O-5, E-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе мемлекеттік саяси лауазымдарда;

2) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейлердегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жарым жылдан кем емес мемлекеттік қызметте еңбек өтілінің болуы;

3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.



C-R-1 санатына: жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салада төрт жылдық еңбек өтілінің болуы; сонымен қатар мемлекеттік органның штаттық кестесімен қарастырылған келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе А-4, В-4, С-4, С-О-4, C-R-2, D-4, D-O-4, E-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе мемлекеттік саяси лауазымдарда;

2) немесе мемлекеттік қызметтегі өтілінің төрт жылдан кем болмауы, сонымен бірге орталық, облыстық немесе аудандық деңгейлердегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызметте еңбек өтілінің болуы;

3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.



C-R-2 санатына: жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салада үш жылдық еңбек өтілінің болуы; сонымен қатар мемлекеттік органның штаттық кестесімен қарастырылған келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе В-5, С-5, С-О-5, C-R-3, D-5, D-O-5, E-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе мемлекеттік саяси лауазымдарда;

2)мемлекеттік қызметтегі өтілінің үш жылдан кем болмауы, сонымен бірге орталық, облыстық немесе аудандық деңгейлердегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызметте еңбек өтілінің болуы;

3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.



C-R-3 санатына: жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салада екі жарым жылдық еңбек өтілінің болуы; сонымен қатар мемлекеттік органның штаттық кестесімен қарастырылған келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе С-О-6, C-R-4, D-O-6, E-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе мемлекеттік саяси лауазымдарда;

2) мемлекеттік қызметтегі өтілінің екі жарым жылдан кем болмауы, сонымен бірге орталық, облыстық немесе аудандық деңгейлердегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызметте еңбек өтілінің болуы;

3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.



C-R-4 санатына: жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік органның штаттық кестесімен қарастырылған келесі төменгі санаттағы лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе мемлекеттік саяси лауазымдарда;

2) орталық, облыстық немесе аудандық деңгейлердегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатарлық құрамдағы лауазымдарда екі жылдан кем емес мемлекеттік қызметте еңбек өтілінің болуы;

3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.



- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 12639 тіркелген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:


Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

109932

148242

С-R-1

142412

192382

С-R-2

127421

172393

С-R-3

96607

129920

С-R-4

73288

99105



«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ, мекенжайы: 100000, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2-үй, анықтама телефоны: (87212) 426396, электрондық мекенжай: Dgsen_okr@ mail.ru, №400 кабинет, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің балалар, білім беру және тағам объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы
(1 бірлік, C-О-4 санаты):


Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысына басшылық ету және жоспарлау. Балалар, білім беру және тағам объектілерінде мемлекеттік санитариялық-гигиеналық қадағалауды ұйымдастыру. Мектепке дейінгі, мектеп және тағам объектілерін жобалауға және салуға бақылау жасау, балалар ассортиментінің тауарлары мен заттарын, сондай-ақ оларды дайындауға арналған материалдарды гигиеналық бағалау, оқыту режимі мен бағдарламасын сараптау. Санитариялық-гигиеналық қадағалауды ұйымдастыру, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды талдау. Профилактикалық және санитариялық-гигиеналық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу. Халықтың салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс және сараптау топтарына қатысу. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарын құру және оның орындалуына талдау жүргізу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Кеңестерді, семинарларды ұйымдастыру және өткізу. Департаменттің аумақтық басқармалары жұмысының жағдайына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыруға қатысу. Департамент алқасының талдау материалдарын, анықтамаларды, баяндамаларды, қаулыларды өз құзыреті шегінде дайындау. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің дайындалуын және орындалуын бақылау. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау) мамандықтары бойынша.

2. Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы (1 бірлік, C-О-4 санаты):

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық ету. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың құқықтық мәселелер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті үйлестіру. Департамент жүргізетін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу, талдау және мониторингі бойынша жұмысын ұйымдастыру. Департамент қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда департаменттің мүдделерін білдіру. Департамент әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, процессуалдық құжаттардың, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын, оның ішінде оларды департаменттің басқа бөлімдері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысу. Департаментте Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, құқықтық жалпы оқытуды жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Департамент шығаратын бұйрықтардың жобаларына және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарға олардың қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкестілігіне заңдық сараптама жүргізу. Департаменттің және аумақтық басқармалардың қызметкерлеріне құқықтық көмек көрсету. Құзыретінің шегінде департамент алқасының талдау материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының, қаулыларының жобаларын дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық» (құқықтану, халықаралық құқық) немесе «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша.

3. Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы (1 бірлік, C-О-4 санаты):

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық ету. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға қатысу. Департамент басқармалары жұмысының жағдайына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыруға қатысу. Құзыретінің шегінде департаменттің аумақтық басқармаларының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыретінің шегінде департамент алқасының талдау материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының, қаулыларының жобаларын дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «экономика және бизнес» немесе «құқық» (құқықтану, халықаралық құқық) немесе «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау) мамандықтары бойынша.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы (C-R-1 санаты, 2 бірлік):

- Қарқаралы аудандық басқармасы – 1 бірлік;

- Шет аудандық басқармасы – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Басқарманың жұмысына басшылық ету. Басқарманың тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметін үйлестіру. Бекітілген аумақта тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы заңнамаларының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік қызмет туралы, тілдер туралы және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және мемлекеттік қызмет мәселелері. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және аудан халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс және сараптау топтарына қатысу. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және құзыретінің шегінде шараларды қабылдау. Құзыретінің шегінде талдау материалдарының, анықтамалардың, баяндамалардың жобаларын дайындау. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық» (құқықтану, халықаралық құқық) немесе «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау,емдеу ісі) немесе «экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, есепке алу және аудит) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, стандарттау, сертификаттау және метрология) мамандықтары бойынша.

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының орынбасары (C-R-2 санаты, 2 бірлік):



- Абай аудандық басқармасы – 1 бірлік;

- Бұхар жыру аудандық басқармасы – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Құзыретінің шегінде басқарманың жұмысына басшылық ету. Басқарманың тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметін үйлестіру. Бекітілген аумақта тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы заңнамаларының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік қызмет туралы, тілдер туралы және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және өңір халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және мемлекеттік қызмет мәселелері. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және аудан халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс және сараптау топтарына қатысу. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және құзыретінің шегінде шараларды қабылдау. Құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу және қарау. Құзыретінің шегінде талдау материалдарының, анықтамалардың, баяндамалардың жобаларын дайындау. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау) немесе «құқық» (құқықтану, халықаралық құқық) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы немесе стандарттау, сертификаттау және метрология) мамандықтары бойынша.

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларының тұтынушылардың құқықтарын қорғау және мониторинг бөлімінің басшысы (C-R-3 санаты, 2 бірлік):

- Сәтбаев қалалық басқармасы – 1 бірлік;

- Абай аудандық басқармасы – 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің баласы үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне 17.09.2017ж. дейін).

Функционалдық міндеттері: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын және мониторинг жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру. Басқарманың бақылау-қадағалау функцияларын орындау бойынша жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарын әзірлеу және орындалуына талдау жасау, қызметтің болашақ бағыттарын анықтау, жұмыс көрсеткіштерін дайындау. Шешімдер, бұйрықтар, өкімдер мен тапсырмаларға байланысты атқарушылық тәртіпті бақылау. Статистикалық есеп беруді ұйымдастыру және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингтерді, іс жүргізуді, азаматтардың өтінімдері мен арыз-шағымдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыстарды жүргізу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық» (құқықтану, халықаралық құқық) немесе «экономика және бизнес» немесе «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, стандарттау және сертификаттау, метрология, адам өмірінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау) немесе «жаратылыстану ғылымдары» (биология) немесе «білім беру» (қазақ тілі мен әдебиеті) мамандықтары бойынша.

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы (C-R-3 санаты, 3 бірлік):

- Қаражал қалалық басқармасы – 1 бірлік;

- Шет аудандық басқармасы – 1 бірлік;

- Ақтоғай аудандық басқармасы – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бақылау-қадағалау функцияларын орындау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Азаматтардан келіп түсетін өтініштердің (арыздардың) орындалу сапасын бақылау. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды және мониторингті жүзеге асыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқарма мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіпте қорғау. Құқықтық сипаттағы құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу. Ұйымдастыру-әдістемелік жоспарды және зертханалық зерттеу мен құрал-саймандық өлшеулерді жүргізуге мемлекеттік тапсырысты құру және орындалуын талдау, бөлім қызметінің болашақ бағытын анықтау, бөлімнің жұмыс көрсеткіштерін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындалуын және орындалуын, ұйғарымдардың уақтылы орындалуын және іс қағаздардың жүргізілуін бақылау. Иммундық профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау. Инфекциялық сырқаттанушылықты уақтылы және дұрыс есепке алуды және есептілікті бақылау. Сырқаттанушылықтың бақылау деңгейлерін, динамикасын және болжамын анықтай отырып, ретроспективті талдауды жүргізу. Дезинфекциялау қызметін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды бақылау. Соматикалық, кәсіптік сырқаттанушылық, уақытша екбекке жарамсыздықты болдыратын сырқаттанушылық бойынша деректерді талдау. Бөлімнің мониторингін жүргізуді бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық аясы жұмыстарын апта сайын талдау. Кеңестерді, семинарларды ұйымдастыру және өткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау) немесе «құқық» (құқықтану, халықаралық құқық) немесе «жаратылыстану ғылымдары» (биология) немесе «білім беру» (биология) мамандықтары бойынша.

8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жезқазған қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау және мониторинг бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің баласы үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне 02.02.2017ж. дейін):

Функционалдық міндеттері: Тіл саясаты туралы заңнаманың іске асырылуы бойынша жұмысты жүзеге асыру. Мемлекеттік тілді дамыту және ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу. Мемлекеттік тілде дайындалған ресми құжаттарға түзетулер енгізу. Мемлекеттік тілді оқу бойынша дәрістерді ұйымдастыру. Басқарма мамандарына мемлекеттік тілді дамыту бойынша кеңестік және практикалық көмек көрсету. Мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара жұмыс жүргізу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Білім беру» (қазақ тілі мен әдебиеті) немесе «гуманитарлық ғылымдар» (филология, аударма ісі) мамандықтары бойынша.

9. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау және мониторинг бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты, 3 бірлік):

- Абай аудандық басқармасы – 1 бірлік;

- Теміртау қалалық басқармасы – 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің баласы үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне 12.02.2017ж. дейін);

- Жезқазған қалалық басқармасы – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін арыздарды, өтініштерді тіркеуді, депутаттық сауалдарды есепке алуды және орындалу сапасын қамтамасыз ету. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша іс-шаралар және мониторинг жүргізу. Автоматтандырылған басқару жүйесі бағдарламаларымен жұмыс істеу. Ақпараттарды автоматты өңдеу жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу және жүргізу. Тұлғалардың өтінімдерін біріңғай есепке алу бағдарламасымен жұмыс жасау. Ақпараттық құжаттамаға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету және сақталуын қамтамасыз ету. Тұлғалардың өтінімдерін біріңғай есепке алу бағдарламасымен жұмыс жасау. Басқарма қызметкерлерінің шаруашылық субъектілердің тіркелуін бақылауын және есепке алуын жүргізу. Кәсіпкерлік саладағы тексерулерді есепке алу талондары мен карточкаларын жүргізуін бақылауды қамтамасыз ету, басқарманың бөлімдері бөлігіне сәйкес шаруашылық субъектілерін тексеру және талондарды тапсыру жұмыстарына ай сайын талдау жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мәселлер бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, стандарттау және сертификаттау, метрология) мамандықтары бойынша.

10. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Жезқазған қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы (С-R-3 санаты, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысына басшылық ету. Бақылаудағы объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындалуын және орындалуын бақылау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуының талдауын, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (биотехнология) мамандықтары бойынша.

11. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты, 12 бірлік):

- Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық басқармасы – 4 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің баласы үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне 27.09.2017ж., 21.07.2017ж., 28.03.2018ж., 17.11.2019ж. дейін);

- Қарағанды қаласы Октябрь аудандық басқармасы – 1 бірлік (уақытша, негізгі қызметкердің баласы үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне 24.12.2018ж. дейін);

- Жезқазған қалалық басқармасы - 3 бірлік (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің баласы үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне 23.07.2017ж. дейін);

- Теміртау қалалық басқармасы – 3 бірлік;

- Сәтбаев қалалық басқармасы – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бақылаудағы объектілерге санитариялық-гигиеналық қадағалау жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау және орындау. Бөлім қызметінің көрсеткіштері, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарына талдау жасауға қатысу. Санитариялық-эпидемиологиялық мониторингтерді және іс жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара жұмыс жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» (стандарттау және сертификаттау, метрология, тағам қауіпсіздігі, биотехнология) мамандықтары бойынша.

12. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Сәтбаев қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы (С-R-3 санаты, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындалуын және оның орындалуын бақылау. Ұйғарымдар мен іс қағаздарының уақтылы орындалуын бақылау. Зертханалық бақылауды жүргізе отырып, бақылаудағы объектілерге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Эпидемиологиялық мониторингілердің жүргізілуін бақылау. Объектілерде және инфекциялық аурулардың ошақтарында профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Иммундық профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау. Инфекциялық аурулар бойынша уақтылы және дұрыс есепке алуды және есептілікті бақылау. Сырқаттанушылықтың бақылау деңгейін, динамикасын және болжамын анықтай отырып, ретроспективті талдауды жүргізу. Санитариялық-эпидемиологиялық аяға және эпидемиологиялық жағдайға талдау жүргізу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау) немесе «білім беру» (биология) мамандықтары бойынша.

13. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты, 12 бірлік):

- Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық басқармасы – 7 бірлік (оның ішінде 2 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің баласы үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне 07.06.2017ж., 16.12.2018ж. дейін);

- Теміртау қалалық басқармасы – 1 бірлік;

- Жезқазған қалалық басқармасы - 1 бірлік;

- Абай аудандық басқармасы – 1 бірлік;

- Қарағанды қаласы Октябрь аудандық басқармасы - 2 бірлік (оның ішінде, уақытша, 1 бірлік негізгі қызметкердің баласы үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне 07.04.2018ж. дейін).

Функционалдық міндеттері: Эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау, профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Ұйымдастыру-әдістемелік және жұмыстардың зертханалық жоспарларын жоспарлау және талдау, қызмет көрсеткіштерін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау. Ауру-сырқаулық жағдайларына жедел, ретроспективті талдау жасау. Объектілерде және инфекциялық ауру-сырқаулықтардың ошақтарында алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Инфекциялық, паразитарлық және аса қауіпті ауруларға мониторинг жасау. Трансмиссивті ауруларды тасымалдаушыларға (безгек, кене энцефалиті және басқалары) энтомологиялық қадағалауды жоспарлау және ұйымдастыру. Анафелогенді су қоймаларын төлқұжаттау жұмыстарын жүргізу. Мониторинг және іс жүргізу. Жою іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу. Ұйғарымдардың, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштеріне жауаптардың уақтылы орындалуын бақылау. Құзыретінің шегінде кеңестер, семинарлар өткізу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), «жаратылыстану ғылымдары» (биология) немесе «білім беру» (биология) мамандықтары бойынша.

14. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты, 3 бірлік):

- Приозерск қалалық басқармасы – 2 бірлік;

- Шет аудандық басқармасы – 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің іске асырылуын бақылау. Азаматтардан келіп түсетін өтініштерінің (арыздарының) орындалу сапасын бақылау. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды және мониторингті жүзеге асыру. Еңбек тәртібін күшейту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын бақылау және орындау. Құқықтық жалпы оқыту жүргізуді ұйымдастыру. Әкімшілік практиканы жүргізу. Әкімшілік әрекет шараларын қолдануды бақылау және талдау. Басқарманың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқарма мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіпте қорғау. Құқықтық сипаттағы құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «Құқық» (құқықтану, халықаралық құқық) немесе «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медициналық-профилактикалық іс немесе қоғамдық денсаулық сақтау) мамандықтары бойынша.

15. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты, 2 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарастыруға қатысу. Басқармалардың талдау материалдарының, анықтамалардың, баяндамалардың жобаларын өз құзыреті шегінде дайындау. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, брифингтер, кездесулерді ұйымдастырып, өткізу. Жеке және заңды тұлғалардың тұтынушылардың құқықтарын бұзу мәселелері бойынша өтініштерін қарастыру. Қазақстан Республикасының заңнамасының, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: «құқық» (құқықтану, халықаралық құқық) немесе «денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау) мамандықтары бойынша.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесіне жіберген құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу өтуіне дейін бір сағат қалғанға дейін ұсынылады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет