Конспектті дайындаған: Ринат Абу Мухаммад Қазақстани إعداد: رينات أبو محمد كازاخستاني 



жүктеу 1.63 Mb.
бет1/9
Дата03.05.2016
өлшемі1.63 Mb.
түріКонспект
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
: data
data -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
data -> Книга о человеческих достоинствах
data -> Программа дисциплины «уголовное право»
data -> Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
data -> Меңдігүл Бұрханқызы Шындалиева
data -> «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
data -> Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету орындары Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мекенжайы
data -> МЕҢдігүл шындалиева қазақ очеркінің поэтикасы (монография)
data -> Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2012 жылы аталып өтілетін және еске алынатын

group 6group 18

ПАЙҒАМБАРДЫҢ

(ОҒАН АЛЛАҺТЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН)

ҚАЖЫЛЫҒЫ


ОЛ ТУРАЛЫ ҰЛЫ ЖӘНЕ СЕНІМГЕ ЛАЙЫҚТЫ РИУАЯТШЫЛАР

ЖӘБИРДІҢ


(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН)

СӨЗДЕРІНЕН ЖЕТКІЗГЕНДЕЙ

шейх Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани,

шейх Мухаммад ибн Салих әл-Усаймин

(Аллаһ оларды рахым етсін)

және шейх Мәшһур Хасан Сулайманның (Аллаһ оған есендік берсін)

еңбектерінің негізінде жазылған конспект
حجة النبي صلى الله عليه وسلم كما رواها عنه جابر رضي الله عنه

) Қазақ тілі – Kazakh – كازاخي (
Конспектті дайындаған:

Ринат Абу Мухаммад Қазақстани


إعداد: رينات أبو محمد كازاخستاني



Жұмыс барысында араб тілінен орыс тіліне Дамир Хайруддин аударған «Хадж пророка» және «Обряды хаджа и умры»



кітаптары пайдаланылды

қазақ тіліне аударған www.abuhanifa.kz сайтының редакциясы
www.abuhanifa.kz ترجمة: دامير خيرالدين، إدارة الموقع

www.abuhanifa.kz مراجعة: إدارة الموقع
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

ПАЙҒАМБАРДЫҢ

(ОҒАН АЛЛАҺТЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН)

ҚАЖЫЛЫҒЫ
ОЛ ТУРАЛЫ ҰЛЫ ЖӘНЕ СЕНІМГЕ ЛАЙЫҚТЫ РИУАЯТШЫЛАР

ЖӘБИРДІҢ

(АЛЛАҺ ОҒАН РАЗЫ БОЛСЫН)

СӨЗДЕРІНЕН ЖЕТКІЗГЕНДЕЙ
(حجة النبي صلى الله عليه وسلم كما رواها عنه جابر رضي الله عنه)
шейх Мухаммад Насыруддин әл-Әлбани,

шейх Мухаммад ибн Салих әл-Усаймин

(Аллаһ оларды рахым етсін)

және шейх Мәшһур Хасан Сулайманның (Аллаһ оған есендік берсін)

еңбектерінің негізінде жазылған конспект

Конспектті дайындаған:

Ринат Абу Мухаммад Қазақстани

Жұмыс барысында араб тілінен орыс тіліне Дамир Хайруддин аударған «Хадж пророка» және «Обряды хаджа и умры»

кітаптары пайдаланылды

Алматы, 2009

қазақ тіліне аударған www.abuhanifa.kz сайтының редакциясы

1433 һ/ж.


АВТОРДЫҢ БІРІНШІ БАСЫЛЫМҒА ЖАЗҒАН АЛҒЫСӨЗІ
بسم الله الرحمن الرحيم

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен бастаймын!
Өзінің Қасиетті Кітабында:

ولله على الناس حج البيت من استطاع إليه سبيلا ومن كفر فإن الله غني عن العالمين

«Оның жолына шамасы келген кісілер Аллаһ үшін Қағбаны зиярат етуге (қажылық жасауға) міндетті. Ал кім қарсы келсе, Аллаһ әлемдерге мұқтаж емес» («Әли Имран» сүресі, 97-аят), - деп айтқан Аллаһқа мадақ!

Сенімді хадисте жеткізілгендей, «Рәсімдеріңді (орындауды) менен үйреніңдер, өйткені, ақиқатында, мен білмеймін, мүмкін, бұл менің соңғы қажылығым шығар», - деп айтқан Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның пәкизат жанұясына, ардақты сахабаларына әрі оларға ықыласты жүректерімен ілескендердің барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!

«Қажылық» сөзінің тілдік мағынасы – мақсат (қасд). Ал «умра» сөзінің тілдік мағынасына келер болсақ, ол «зиярат жасау» деген мағынаға нұсқайды. Қажылық пен умра адам үшін өмірде бір-ақ рет жасалуға міндетті екеніне ғалымдар бірауызды келіскен. Умраның міндетті екеніне Жәбірейіл туралы хадистің Ибн Хузайма келтірген риуаяты нұқсайды. Онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Жәбірейілдің Ислам туралы сұрағына берген жауабында: «Қажылық пен умра жасау», - деп те айтады (Ибн Хузайма 21).

Ереже: Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қажылықта істеген амалдарының барлығы өз негізінде міндетті (уәжіп) болып табылады. Өйткені, біріншіден, Аллаһ Тағала оған қажылық жасауды бұйырды, әрі сондықтан да осы уәжіптің орындалу үлгісі де өз негізінде уәжіп болып табылады. Екіншіден, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Рәсімдеріңді (орындауды) менен үйреніңдер», - деп айтты. Әрі негіз, яғни Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрығы, оны орындаудың міндетті екеніне айғақ болады, тек егер осы бұйрықты теріске шығаратын қандай да басқа дәлел болмаса.



Қажылық парызға айналатын шарттар


  1. Ислам.

Яғни адам мұсылман болуы керек. Өйткені Аллаһ Тағала кәпірдің құлшылық-ғибадатын қабыл етпейді. Бұған Құран былай деп нұсқайды:

وَمَا مَنَعَهُمْ أَن تُقْبَلَ مِنْهُمْ نَفَقَاتُهُمْ إِلاَّ أَنَّهُمْ كَفَرُواْ بِاللّهِ وَبِرَسُولِهِ



«Олардың сарып қылғандары олардан қабыл болуына Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы болғандықтары ғана кедергі болады» («әт-Тәуба» сүресі, 54-аят).

  1. Еркіндік.

Яғни адам құл болмауы тиіс. Өйткені құлдың мал-мүлкі оның қожайынына тиісті болады, бұл туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер біреу мал-мүлікке ие болған құлын басқа біреуге сатса, оның мал-мүлкі құлды сатып алған адамның меншігіне айналады», - деп айтқанындай. Сондықтан да құлдың мал-мүлкі болмаса, ол қажылықты жасай алмайды.

  1. Балиғат жасына толу және ақыл-парасат (таклиф).

Алайда егер бала қажылық жасаса, онда оның қажылығы есептеледі, бірақ ол оның мойнынан Исламның (парыз) қажылығын түсірмейді. Оның қажылығының есептелетініне имам Муслим жеткізген (біреу) Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жас баланы көрсетіп: «Оның қажылығы есептеледі ме?», - деп сұраған кезде, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Иә, әрі саған да сауап бар!», - деп айтқаны туралы хадис дәлел болады.

Балиғатқа толу ер адамдарда 3 белгінің, ал әйел адамдарда 4 белгінің біреуінің пайда болуымен жүзеге асады: 1 - Поллюция. 2 - Жыныстық мүшелердегі түктер. 3 - 15 жасқа толу. Әйелдерде де тура солай және тағы бір белгі – бұл етеккірдің келуі.

4) Құдірет (күш-қуат) (қудра). Яғни қажылықты жасауға дене және материалдық мүмкіндігі бар адам.

Бұл мәселенің 4 үкімі бар:

1 – Дәулеті мен денсаулығы (қажылықты өтеуге) жеткілікті адам. Мұндай адам қажылықты өзі орындауға міндетті;

2 – Денсаулығы бар, бірақ қаражаты жоқ адам. Егер қажылықты ақшасыз орындау мүмкіншілігі болса, онда ол мұны істеуге міндетті;

3 – Дәулеті (қажылықты өтеуге) жеткілікті, бірақ дене тұрғыдан ауру адам. Ол өзінің орнына қажылық жасайтын адамға тиісті қаражатын беруге міндетті;
4 – Кедей (қажылық жасауға қаражаты жоқ) әрі ауру адам. Оның мойнынан қажылық міндеті түседі.

- Сондай-ақ материалдық мүмкіншілікке оның қажылық сапарға кетер кезінде өз отбасына қаражат (нәпақа) беріп кетуі керектігі де кіреді.

- Сондай-ақ адамға қажылық жасауы үшін зекет беруге де болады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қажылық – Аллаһтың жолынан», - деп айтқан.

5) Әйел кісі үшін махрамның болуы.

Махрамның болуы күш-қуат (құдірет) (қудра) мәселесіне қайта тіреледі. Әрі кімнің махрамы болмаса, сол материалдық немесе дене тұрғыдан мүмкіншіліктері жоқ адам секілді болады. Әйелдің махрамдарына мына туысқандары жатады: әкесі, әкесінің әкесі, ұлы, ұл немересі, туған бауыры, туған бауыры мен әпкесінің (сіңілісінің) ұл балалары, әкесі мен шешесінің бауырлары. Сондай-ақ махрамға омыраумен емізудің себебінен махрамға айналғандар да жатады. Яғни сүт әкесі, сүт атасы, сүт ұлы, сүт немересі (ұл бала), сүт бауыры (сүт ағасы немесе інісі), сүт бауыры мен әпкесінің (сіңілісінің) ұлдары.

Сондай-ақ махрамға күйеуінің әкесі мен атасы, күйеуінің ұлы мен ұл немересі, анасының күйеуі (егер онымен ерлі-зайыпты өмір сүруді бастаған болса), қызының (күйеуі мен) ұлы кіреді.


Қажылықты кешіктірмей орындаудың міндетті екендігі туралы
Бұның дәлелдері келесідей:

  1. Аллаһтың мына сөздері:

ولله على الناس حج البيت من استطاع إليه سبيلا ومن كفر فإن الله غني عن العالمين

«Оның жолына шамасы келген кісілер Аллаһ үшін Қағбаны зиярат етуге (қажылық жасауға) міндетті. Ал кім қарсы келсе, Аллаһ әлемдерге мұқтаж емес» («Әли Имран» сүресі, 97-аят).

  1. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Әй, адамдар, Аллаһ Тағала сендерді қажылықпен міндеттеді, ендеше, оны орындаңдар!» (Муслим) деген сөздері.

Бұйрықтағы негіз оны бірден (кешіктірмей) орындау керектігі болып табылады, сондықтан да Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалар оның ихрамнан шығу туралы бұйрығын бірден орындамағаны үшін оларға ренжіген еді.


  1. Адам оны не күтіп тұрғанын білмейді, ол осы жылы Аллаһтың бұйрығын орындай алуы, ал келісі жылы оны орындай алмауы мүмкін.

  2. Аллаһ Тағала игілікке ұмтылуды бұйырып, былай деді:

فَاسْتَبِقُواْ الْخَيْرَاتِ

«Жақсылықта бір-біріңнен озуға тырысыңдар» («әл-Бақара» сүресі, 148-аят).

Ал кешіктіру Аллаһтың бұйырығына қайшы келеді.


Қажылық рәсімдерінің ұлы артықшылықтары туралы
Аллаһ Тағала былай деп айтты:

الْحَجُّ أَشْهُرٌ مَّعْلُومَاتٌ فَمَن فَرَضَ فِيهِنَّ الْحَجَّ فَلاَ رَفَثَ وَلاَ فُسُوقَ وَلاَ جِدَالَ فِي الْحَجِّ وَمَا تَفْعَلُواْ مِنْ خَيْرٍ يَعْلَمْهُ اللّهُ وَتَزَوَّدُواْ فَإِنَّ خَيْرَ الزَّادِ التَّقْوَى وَاتَّقُونِ يَا أُوْلِي الأَلْبَابِ



«Қажылық белгілі айларда орындалады. Кім ол айларда (ихрам байланып) міндеттенсе, қажылық кезінде әйелге жақындасу, күнә істеу және жанжал жоқ. Әй, ақыл иелері! Нендей қайыр істесеңдер де, Аллаһ бұл туралы біледі. Және азық алыңдар. Негізінде, азықтың жақсысы тақуалық. Әй, ақыл иелері! Менен ғана қорқыңдар!» («әл-Бақара» сүресі, 197-аят).

Абу Хурайрадан Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Жаман сөз сөйлемей, күнәлі әрі орынсыз еш нәрсе жасамай, Аллаһқа қажылық жасаған адам анасы оны туған күнде қандай (күнәсіз) болса, солай оралады». Әл-Бухари 1521, Муслим 1350.

Сондай-ақ Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Амр ибн әл-Ас жеткізген хадисте былай дейді: «Ислам оған дейін болғанды (күнәларды) өшіреді, қажылық оған дейін болғанды (күнәларды) өшіреді, хижра оған дейін болғанды (күнәларды) өшіреді». Муслим.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ былай деп айтатын: «Умрадан кейін умраны орындау олардың араларындағы күнәлардың өтеуі болады, мінсіз қажылыққа келер болсақ, ол үшін Жәннаттан өзге сый жоқ!». Әл-Бухари 1773, Муслим 1349.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ: «Кәрі адамның, баланың, әлсіздің және әйел кісінің жиһады Қажылық пен Умра болып табылады!», - деп айтатын. Ән-Нәсаи 2626. Хафиз әл-Мунзири мен шейх әл-Әлбани хадисті хасан деген.

Сондай-ақ Хусайн ибн ‘Алиден бірде бір кісі Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Мен қорқақпын әрі әлсізбін», - деп айтқаны, бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Онда шайқасу жоқ жиһадты – Қажылықты орындауға асық!», - деп жауап бергені жеткізіледі. Әт-Табарани “әл-Аусатта” 4/4287. Хадис сахих. Қз.: “Ируа әл-ғалил” 4/152.

Әрбір мұсылман Исламның бес парызының бірі болған осы ұлы рәсімді орындауға міндетті, бұл, әсіресе, қажылықты орындау мүмкіншілігіне ие, алайда оны ешбір себепсіз кейінге қалдырып жүрген адамға қатысты. Өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Парыз қажылықты орындауға асығыңдар, өйткені, расында, сендерден ешкім өзіне не кедергі болып қалуы мүмкін екендігін білмейді!» Ахмад 1/314. Хадистің сенімділігін хафиз ’Абдул-Хаққ әл-Ишбили, әл-Әлбани және Шу’айб әл-Арнаут растаған.

Ал ‘Умар ибн әл-Хаттаб мына қорқынышты сөздерді айтып ескерткен: «Кім қажылықты орындау мүмкіндігіне ие бола тұра оны орындамаған болса, оның қалай өлетінінде: христиан болып па, әлде яһуди болып па – айырмашылық жоқ!» Әл-Исма’или, Ибн Абу Шайба, Са’ид ибн Мансур. Хафиз Ибн Кәсир иснадын сахих деді. Қз.: “«Тафсир» Ибн Кәсир” 2/97.

Бұдан қалса, бірауызды пікір (ижма’) бойынша, қажылықты орындау өмірде бір рет міндетті болып табылатындығына қарамастан, көптеген имамдар қажылықты әр бес жыл сайын орындауды дұрыс көрген. Мұнымен олар Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келесі хадисіне сүйенген: «Ақиқатында, Аллаһ Тағала: “Егер Мен Өзімнің құлымның денесін сау етсем және оны кеңшілікке бөлесем, ал бес жыл өтісімен ол Мені зиярат етпесе, онда ол игіліктен құр қалғандардың қатарынан!”, - деп айтады». Ибн Хиббан 960, Абу Йа’лә 1/289, әт-Табарани 1/110. Хадистің сенімділігін имам Абу Зур’а, имам Ибн Хиббан, шейх Али әл-Қари, шейх әл-Әлбани, Абу Исхақ әл-Хууайни және Шу’айб әл-Арнаут растаған.

Ибн ‘Умар былай баяндайтын: «Біз Аллаһтың Елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мина өлкесіндегі мешітте отырғанымызда, бізге біреуі ансарлардан, ал екіншісі Сақиф руынан болған екі адам келді де, сәлем берген соң отырды. Сосын олар: “Уа, Аллаһтың елшісі, біз саған сұрақ қоюға келдік”, - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Егер қаласаңдар, мен сендерге сұрағыларың келген нәрселеріңді хабарлайын, ал егер қаласаңдар, сендер мұны өздерің айтыңдар”, - деді».


Олар: «Уа, Аллаһтың елшісі, хабарла», - деді. Сақафи ансарға: «Сұра», - деді. Алайда ол: «Хабарла маған, уа, Аллаһтың елшісі», - деп айтты. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Сен Қасиетті Мешітке бару мақсатында үйіңнен шыққаның үшін саған не (сый-сауап) болатынын сұрау үшін келдің. Тауаптан кейінгі екі ракағат туралы, (яғни) саған ол үшін не (сый-сауап) болатынын білу үшін. Сафа мен Мәруаның арасын айналып жүру туралы білу үшін. Арафатта тұру туралы, бағаналарға тас лақтыру туралы, шашты қыру және Қағбаны айналу туралы - осылар үшін саған не (сый-сауап) болатыны туралы Әлгі кісі: «Сені ақиқатпен Жібергенмен ант етемін, мен дәл соны сұрауды қалап келгенмін», - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, сен Қасиетті Мешітке қарай жол алып үйіңнен шықсаң, сенің мінген жануарың аяғын әр көтерген және түсірген сәтте, саған бір сый-сауап жазылады және бір күнәң кешіріледі.

Қағбаны (жеті рет) айналудан кейінгі екі ракағатқа (намазға) қатысты айтар болсақ, онда бұл сенің Исмаил (пайғамбардың) ұрпақтарынан болған бір құлға азаттық бергеніңдей.

Сафа мен Мәруа төбелерінің арасын айналып жүруге келер болсақ, бұл жетпіс құлды босатумен бірдей.

Сенің Арафатта тұруыңа қатысты айтар болсақ, онда Аллаһ Тағала төменгі аспанға түсіп, періштелердің алдында мақтанып, былай дейді: “Құлдарым Жәннатымды қалап, Маған әр жақтан шаштары ұйпалақтанған күйде келді! Егер олардың күнәлары майда тастардың, жаңбыр тамшыларының және теңіз көбігінің санындай (көп) болса да, Мен оларды кешірер едім! Әй, Менің құлдарым, сендерге кешірім сый етілді!”

Тас лақтыруға келер болсақ, әрбір тасталған тас үшін сенің кіші күнәң кешіріледі.

Құрбандығыңа келер болсақ, бұл үшін саған Раббыңның алдында ұлы сый әзірленген.

Басты қыруға қатысты айтар болсақ, әрбір талшық шаш үшін саған игі іс жазылады әрі күнәң кешіріледі.

Ал сенің осының барлығынан соң Қағбаны айналуың туралы айтар болсақ, онда сен күнәсіз болған күйде тауап жасайсың. Әрі осыдан соң періште келеді де, қолдарын сенің иығыңа қойып, былай дейді: «Болашақта саған жазылған нәрселерді орындай бер, өйткені бұрын болған нәрселердің барлығы саған кешірілді!”». Әл-Баззар 2/182, Ибн Хиббан 963, ‘Абдур-Раззақ
8830. Хафиз әл-Мунзири мен шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған. Қз.: “Сахих әт-тарғиб” 1112.
Бірінші кеңес
Ақиқатында, көптеген қажылар қажылықты орындау барысында оларды да, әрбір жеке мұсылманды да барлық тыйым салынған (харам) нәрселерден аулақ болуға міндеттейтін құлшылық киіміне оранғанын мүлде сезінбейді. Сіз олардың қажылықты орындағанын, оның рәсімдерін жасап жүргендерін, бірақ олардың бойында қажылыққа дейін болған күнәлі мінез-құлықтардың ешқайсысы өзгермегенін көре аласыз, ал бұл олардың қажылықтарының Аллаһ тарапынан қабыл етілмеуін айтпағанның өзінде, сапасыз болғанының іс жүзіндегі дәлелі емес пе?! Осыған орай, әрбір қажылық өтеуші осыны естен шығармауға әрі Аллаһ тыйым салған бұзақылықтар мен күнәларға бой бермеуге бар күші-жігерін сарп етуге тырысуы қажет.

Өйткені, ақиқатында, Аллаһ Тағала былай деді:



الحج أشهر معلومات فمن فرض فيهن الحج فلا رفث ولا فسوق ولا جدال في الحج

«Қажылық белгілі айларда орындалады. Кім ол айларда (ихрам байланып) міндеттенсе, қажылық кезінде әйелге жақындасу, күнә істеу және жанжал жоқ» («әл-Бақара» сүресі, 197-аят).

Белгілі айлар – бұл Шәуал, Зуль-Қада, Зуль-Хижжа.

Ал Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім әйеліне жақындаспай және күнәлі әрі орынсыз еш нәрсе жасамай, (Аллаһ үшін) қажылық жасаса, (үйіне) анасы оны туған күнде қандай (күнәсіз) болса, солай оралады» (Бұл хадисті Бухари және Муслим келтірген).

«Әйелге жақындасу» дегенде бұл хадисте «жыныстық қатынас жасау» деген меңзеледі.

Шейх әл-Ислам Ибн Таймийя, Аллаһ оны рыхым етсін, былай деген: “(Қажылық жасайтын адамға) тыйым салынған амалдардың арасында жыныстық қатынастан басқа оның қажылығын жарамсыз ететін еш нәрсе жоқ. Дәл сондықтан да (жоғарыда келтірілген аятта) Аллаһ осы (амал) мен күнәлі іс (әл-фусуқ) істеудің арасын бөліп ажыратты. Ал (ихрам халінде болған адам үшін) тыйым салынған қалған амалдарға, мысалы, кәдімгі (пішіп тігілген) киім киюге және өзіне әтір себуге келер болсақ, онда оларды (осы кезде) пайдалану күнәлі болса да, барлық атақты имамдардың пікіріне сәйкес, олар бәрібір қажылықты жарамсыз етпейді”.

Өз сөзінің соңында шейх әл-Ислам «Кажылық жасаушы істеген кез келген күнә оның қажылығын жарамсыз етеді» деген ғалымдар да бар екендігіне нұсқайды. Ибн Хазм, Аллаһ оны рахым етсін, осындай ғалымдардың қатарында еді, әрі ол былай деген: “Қажылық (жасап жүргені) есінде болған күйінде күнә жасау ойына келіп, оны шынында да (ихрам халіне кірген соң) Қағбаны парыз тауап (тауаф әл-ифада) жасауға және тас лақтыруға дейін істеген адам өзінің қажылығын жарамсыз етті”. Әрі қарай бұл ғалым дәлел ретінде жоғарыда келтірілген аятты келтірді. Қз.: “Әл-Мухаллә”(7/186), өйткені, расында, бұл мәселе маңызды болып табылады.

Жоғарыда айтылғандардан қажылық жасаушы тарапынан жасалған күнә оның қажылығын не, бұл туралы Ибн Хазм (Аллаһ оны рақым етсін) айтқандай, жарамсыз ететіні, не күнә араласқан ететіні ап-айқын болады. Әрине, бұл күнә қажылық жасап жүрмеген адамның жасаған күнәсімен салыстыруға келмейді, өйткені ол едәуір қауіптілеу, әрі сол күнәні істеген қажы жоғарыда келтірілген хадисте айтылғандай, яғни анасынан туылған сәттегідей күнәларынан тап-таза болып үйіне орала алмайды. Сөйтіп ол өз қажылығын бүлдіріп, оның жемісін ала алмағандардың қатарынан болады, ал оның жемісі – Аллаһ Тағаланың кешірімі! Ақиқатында, біз тек Аллаһқа ғана көмек сұрап жалбарынамыз!

Осыны түсіндіріп болған соң, мен ихрам киіміне оранған әрі сонымен бірге осы күнәлардан бас тарту керек екендігін мүлде ұғынбайтын адамдардың жазасын тек күшейтетін кейбір күнәлардан сақтандырып ескерткім келеді. Ал олар бұны өздерінің надандығы, айқын сорақы бейқамдығы және өздерінің ата-бабаларына соқыр түрде ілесулері себепті ұғына алмайды.


1. АЛЛАҺҚА СЕРІК ҚОСУ
Кейбір мұсылмандардың басына түскен барлық қасіреттердің ішіндегі ең сорақысы – бұл олардың бүкіл амалдарды жоятын сипатқа ие ең ауыр күнә болып табылатын көпқұдайшылықтың (ширктің) мәнін түсінбеуі. Аллаһ Тағала былай деді:

لئن أشركت ليحبطن عملك

«Егер Аллаһқа ортақ қоссаң, әлбетте ғамалың жойылып кетеді» ( «Зүмар» сүресі, 65-аят).

Біз (Меккедегі) Қасиетті Мешіттің және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мешітінде бола тұра ширк жасап жүрген көптеген қажыларды көрдік. Аллаһты ғана көмекке шақырудың және Одан ғана


жәрдем тілеудің орнына олар пайғамбарлар мен әулиелерге жалбарынып дұға етеді және оларға нәзір береді. Ал Аллаһ Тағала былай деп айтты ғой:

إن تدعوهم لا يسمعوا دعاءكم ولو سمعوا ما استجابوا لكم ويوم القيامة يكفرون بشرككم ولا ينبئك مثل خبي

«Егер оларға жалбарынсаңдар, дауыстарыңды естімейді. Мұбада олар естісе де, сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ Қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандықтарыңнан бас тартады. Толық Хабардар Аллаһтай саған ешкім түсіндірмейді» («әл-Фатыр» сүресі, 14-аят).

Бұл тақырыпқа қатысты аяттар өте көп, бірақ біз осы кітаптың мақсатын ескере отырып, жоғарыда келтірілген аятпен ескерту ретінде шектелеміз, өйткені жүрегін Аллаһ Хақ Жолға салған адамға осы жеткілікті.

Қажылық жасаушы адам осындай ширкті шапағат пен дәнекерлік тілеу және Аллаһқа жақындау жолдарын іздеу деп атап жасап жатса, онда Аллаһтың Қасиетті Үйіне жасалатын қандай қажылық туралы сөз болмақ?! Кезінде көпқұдайшылдар оларға жалбарынатын, әрі өздерінің ширктері мен Пәк Аллаһ Тағаладан өзгелерге жасап жатқан құлшылықтарын ақтайтын шапағатшылар мен дәнекерлер осылар емес пе?

والذين اتخذوا من دونه أولياء ما نعبدهم إلا ليقربونا إلى الله زلفى

«Сондай Аллаһтан өзгені қамқоршы және көмекші тұтқандар: "Біз бұларға Аллаһқа жақындастырсын деп қана табынамыз" (, - дейді)» («Зүмар» сүресі, 3-аят).

Уа, қажылық жасаушы! Қажылыққа аттанудан бұрын сіз алдымен барынша тезірек бірқұдайшылықтың шынайы мәнін әрі ширкке жататын қандай іс-әрекеттер осы бірқұдайшылықпен сыйыспайтынын ұғынып алуға міндеттісіз. Ал бұған тек Аллаһтың Кітабын және Оның Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін оқып-үйрену арқылы қол жеткізуге болады, өйткені кім осыларға ілессе, сол жетістікке жетті, ал кім олардан ауытқыса, сол адасушылыққа түсті. Ал Аллаһ - ең жақсы Көмекші!


2. САҚАЛДЫ ҚЫРУ АРҚЫЛЫ ӨЗ-ӨЗІН СӘНДЕУ
Бұл күнә, өкінішке орай, көптеген елдердің батыс державаларға еліктеуі себепті біздің кезімізде мұсылмандар арасында кең таралып кетті. Бұл мұсылмандардың «Көпқұдайшылдарға ұқсамаңдар: сақалдарыңды жіберіңдер және мұрттарыңды қысқартыңдар!», - деп айтқан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ап-айқын тыйымына қарамастан осы нәрседе оларға еліктей бастап, осы күнәні кәпірлерден үйреніп алуына әкелді. Бұл сахих хадисті әл-Бухари мен Муслим жеткізеді.

Басқа бір хадисте: «Кітап Иелеріне1 ұқсамаңдар», - деп айтылған. Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы хадистерінен шыға келе сақалын қырып тастайтын мұсылман бірден бірнеше күнә істеген болады.



Біріншісі: Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сақал жіберу туралы айқын бұйрығына бағынбау.

Екіншісі: Кәпірлерге ұқсап-еліктеу.

Үшіншісі: Аллаһтың жаратылысын бұрмалау, ал бұл Ібіліске бағынумен байланысты. Оның сөздері туралы Аллаһ Тағала:

ولآمرنهم فليغيرن خلق الله


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет