Конституции рк – 10 лет



жүктеу 56.53 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі56.53 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Материалдық құқық нормаларын қолдануда қате жіберілгендіктен жаңа шешім шығарылды ( үзінді)
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы №195-1 Заңы

КОНСТИТУЦИИ РК – 10 ЛЕТ

Адам құқықтары мен бостандықтары – ең басты мәселе


Айгүл ҚАЛИМҰҚАШЕВА,

Атырау қалалық

N2 сотының судьясы
Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары ретінде осы субъектілердің Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтары түсініледі. Кейде бұл құқықтарды тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтары деп атайды. Осы мәселеге кеңірек көңіл бөліп көрейік.

Әдебиетте “қазіргі кезде адамның негізгі құқықтары ретінде ...мемлекеттің конституциясы мен адам құқықтары жөнінде халықаралық құқықтық құжаттарда белгіленген құқықтарды түсіну керек...” делінген ой бар. Сонымен қатар “адамның кез-келген негізгі құқығы конституциялық бекітілуіне қарамастан әрбір қатысушы мемлекет тарапынан танылуы қажет”,- деген пікірді де айтып кетуіміз керек. Осы көзқарасты көптеген заңгер ғалымдар құптайды. Мәселен, Л.Д.Воеводин адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жөнінде әңгіме көтерілгенде, ең алдымен Адам құқықтарының Жалпы Декларациясы мен халықаралық пактілерде жарияланған, сондай-ақ ұлттық конституцияларда жазылған құқықтар туралы айтады, осы құқықтар, бостандықтар мен міндеттер барлық жүйенің аз ғана бөлігін құрағанымен, оның символы болып табылады дейді. Осы ғалым конституциялық құқықтар мен бостандықтар туралы айта келе, “олар үшін бірқатар мынандай белгілер тән: 1) конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер негізгі болып табылады; 2) құқықтардың, бостандықтар мен міндеттердің барлық жүйесі үшін заңи негіз болып табылады; 3) ең жоғары заңдық күшке ие; 4) күшейтілген түрде қорғалуы тиіс (“Юридический статус личности в России”, Воеводин Л.Д.); 5) “бұл құқықтар мен міндеттердің конституцияда болу-болмауына қарамастан, қоғамдық сана-сезімде олар дәстүр бойынша негізгілерге жатқызылады”,-дейді (“Юридический статус личности в России”, Воеводин Л.Д.). Іргелі құқықтар ретінде конституциялық құқықтарды тану және соңғыларды негізгі құқықтар ретінде қарастыру әдетке айналды деген де пікір қалыптасқан (“Структура прав человека и гражданина”, Лукашева Е.А.).

Демек, әдебиетте адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары негізгі және өзге, яғни негізгі емес, деген екі топқа бөлінеді. Бірақ, бұл дегеніміз, негізгі емес құқықтарды екінші сорттағыларға жатқызу емес, негізгі құқықтар мен бостандықтардың тұлғаның құқықтық мәртебесінің ядросын құрайтынын және осылардан көптеген басқа да құқықтардың туындау мүмкіндігін көрсетеді.

Жоғарыдағылардың негізінде тағы бір қорытынды шығаруға болады – тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтары екі топтан тұрады. Олар: 1) конституциялық құқықтар мен бостандықтар (конституцияларда бекітілген құқықтар мен міндеттер); 2) негізгі халықаралық құқықтық актілерде бекітілген тұлғаның құқықтары мен міндеттері.

Демек, конституциялық құқықтар мен бостандықтар барлық жағдайларда негізгі құқықтар болып табылады. Ал, тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтары болса тек конституциялық құқықтар мен бостандықтардан ғана құралмайды, олардың құрамына халықаралық құқықтық актілерде бекітілген құқықтар мен бостандықтар да кіреді.

Бұл қорытындымыз өте маңызды, өйткені халықаралық құжаттарда бекітілген құқықтар мен бостандықтардың барлығы конституцияларда жазыла бермейді. Сонымен қатар, халықаралық құқықтық актілерді өздері үшін міндетті деп тану әрбір мемлекеттің егеменді құқығы екенін ұмытпауымыз керек. Яғни, негізгі халықаралық құқықтық актілерге кейбір мемлекеттер қатыспауы мүмкін.

Ал, негізгі халықаралық құқықтық актілерге қандай құжаттарды жатқызуға болады?

Олар: 1948 жылғы Адам құқықтарының Жалпы Декларациясы; 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакт пен оған екі қосымша хаттама; 1966 жылғы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакт. Аталған құжаттарды қосып, қысқаша түрде Адам құқықтарының Халықаралық Биллі деп атайды. Сонымен қатар, бұл құжаттардың қатарына аймақтық халықаралық құқықтық актілер жатқызылмайды.

Жоғарыда аталған халықаралық актілерге кейбір мемлекеттердің қатыспауын мәселе ретінде айтып кету керек. Мәселен, Қазақстан осы күнге дейін адам құқықтары жөніндегі екі халықаралық пактіге қосылмаған. Оларға Республикамыздың қатысуы ерте ме, кеш пе болатын нәрсе, бірақ бүгінгі осы құжаттарда бекітілген құқықтар мен бостандықтар біздің елімізде қаншалықты сақталып, оларға қаншалықты кепілдік берілгенін айту қиын.

Тағы бір мәселе – аталған халықаралық құжаттардағы адам құқықтарының тізімі бір-біріне сәйкес келмейді. Мысалы, 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіде бекітілгенімен, 1948 жылғы Декларацияда орын таппаған құқықтардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: 1) қарыздың төленбеуінен қамауға алынудан бостандық; 2) бас бостандығынан айырылған барлық тұлғалардың адам баласына тән қадыр-қасиетін құрметтеу және оларға адамгершілік көзқараспен қарау құқығы; 3) әрбір баланың азаматтық алу құқығы және жасына қарай қорғау шараларына ие болуы.

Осы сияқты аталмыш Халықаралық Пактіде көрсетілмеген, бірақ 1948 жылғы Декларацияда белгіленген құқықтарға келсек, олар: 1) меншік иелену құқығы; 2) саяси баспана сұрау және оған қол жеткізу құқығы; 3) азаматтыққа ие болу құқығы.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пактіде де 1948 жылғы Декларацияға қарағанда адам құқықтарының тізімі әлдеқайда кеңірек (“Адамның халықаралық құқықтары”, Бюргенталь Т.).

Осы ережелерден қандай қорытынды шығаруға болады?

Жоғарыда аталған халықаралық құжаттардың барлығына қосылмай, оларға ішінара қатысушы мемлекеттерде адам құқықтарының барлық кешені қамтамасыз етілмейді. Сондықтан да, осындай мемлекеттер үшін (олардың ішінде Қазақстан да бар) адамның конституциялық құқықтары жөніндегі мәселе аса маңызды болып табылады. Мұндай мемлекеттердің адам құқықтары бойынша негізгі халықаралық актілерге қатыспауы жағдайында аталған кемшілік тұлғаның ең маңызды құқықтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтар жүйесімен неғұрлым кең қамтылуы арқылы өтелуі тиіс.

Тағы бір тоқтала кететін мәселе – кейбір құқықтар мен бостандықтардың конституцияда бекітіліп, ал тағы біреулерінің жәй заңдарда белгіленуі. Жалпы алғанда, адам мен азамат құқықтарының конституцияларда бекітілуінің әдебиетте мынадай себептері көрсетілген: 1) бұл құқықтар мен бостандықтардың адам мен қоғам үшін маңызды болуы; 2) адамға тән құқықтар мен бостандықтардың бастапқы, тумыс және ажырамас сипаты; 3) конституциялық құқықтар мен бостандықтардың жоғары болып, ал басқа (өзге) құқықтардың туынды сипатқа ие болуы; 4) негізгі құқықтар мен бостандықтардың әрбір адам мен азаматтың немесе әрбір азаматтың иелігінде болуы; 5) негізгі құқықтардың, бостандықтар мен міндеттердің жалпыға бірдей болуы, яғни олар әрбір тұлғаға тең және бір болып табылады; 6) негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер азаматтың еркі бойынша қолға түсіп ажыратылмайды; 7) олар мемлекеттің барлық аумағында әрекет етеді (“Конституционное право”).

Жоғарыда қарастырылған ережелердің негізінде конституциялық құқықтар мен бостандықтардың анықтамасын беріп кету керек. Бұлардың бір-бірінен айырмашылық жасауы қиындыққа соғады, өйткені тұлғаның құқығы да бостандығы да құқық теориясы бойынша мүмкін болып табылатын жүріс-тұрыс ережесі ретінде анықталады. Құқықтар мен бостандықтар бір-біріне өте ұқсас терминдер. Әдебиеттерде көп жағдайларда оларды айыратын белгілер тіптен көрсетілмейді. Мысалы, оқулықтардың біреуінде субъективтік құқық туралы айтқан кезде осы құқыққа сәйкес келетін міндет жүктелетін нақты субъектінің болуы жорамалданады, ал бостандық туралы айтқан кезде саны жағынан нақтыланбаған субъектілер қатарына бағытталған осы бостандықты құрметтеу міндетінің орындалуы белгіленеді делінген. Бірақ, тап осы жерде құқық пен бостандықтың көрсетілген айырмашылығы барлық жағдайларға жарай бермейді дейтін де сөз бар (“Конституционное (государственное) право зарубежных стран”).

Осы ережелерге сүйенсек, конституциялық құқықтар мен конституциялық бостандықтардың бөлек анықтамасын берудің қажеті жоқ болып көрінеді.

Сонымен, тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтары – мемлекет үшін ең маңызды болып табылатын және халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормаларына сәйкес келетін, конституцияда бекітілген тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтарының бір бөлігі.

Мемлекеттердің конституцияларында тек ең маңызды мәселелер ғана бекітілетінін ескерсек, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын конституциялық реттеудің ең маңызды объектілерінің бірі деп тануға болады.



Конституцияның жоғарғы күші тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын жәй заңдар мен өзге де құқықтық актілер қабылдау арқылы бұзылудан қорғауы тиіс.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет