Көрнекілігі: Сахналауға арналған бет перделер,теледидар,музыкалық үндер. Әдіс-тәсілдер



жүктеу 58.87 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі58.87 Kb.
Мақсаты: а)Сөйлеу мәнерін қалыптастыру.

ә)Сахналау қойылымына атсалысуға ықылас білдіруді,сөйлеу мәнерін көркемдік әдіс-тәсілдерін(дауыс ырғағы,ымдау,қимыл-қозғалыс,интонация)қолдануды дамыту.

б)Шыншылдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Сахналауға арналған бет перделер,теледидар,музыкалық үндер.

Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру,әңгімелеп беру,сахналау, жұмбақ,сұрақ-жауап.


Әрекет кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті


Баланың іс-әрекеті



Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық,

жылы жүзбен

Бізге келсін қуаныш,

нұр іздеген

Шуақ толған жанымыз

жүрегіміз.

Үлгі алсын көрген жан

мына бізден.

-Бүгінгі күн өте тамаша,олай болса:

Күндей жадырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай таза көңілмен

Бүгінгі іс-әрекетімізді бастайық.


Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарының мағынасына қарай қимыл-қозғалыс жасады.



Ұйымдастыру

іздестіру

Жұмбақ жасыру:

Сайқымазақ қулығы бар,

Барған жерде ұрлығы бар

Бұл қандай аң?

Ұғып ал

-Балалар түлкі қандай аңға жатады?



-түлкі қайда мекендейді?
-Түлкі қандай ?
-Түлкіні біз қайда кездестіреміз?
-Ендеше экранға қараймыз.Мен сендерге бірнеше ертегілер көрсетемін,сендер қандай ертегі екенін тауып бересіңдер.

Рахмет,балалар,жарайсыңдар!

Сендер түлкі туралы жақсы біледі екенсіндер,мен сендерге бұдан да тереңірек түлкі жайында көп мағұлмат беремін,сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

Түлкі қасқыр тұқымдас,жұптасып өмір сүреді.Қазақстанның аймақтарында кеңінен тараған,құлағы үшкір,салмағы 8-9 киллограмм жүні үлпілдек.Қорегі құстар,ұсақ кеміргіш тышқандар және күзендер.Ал қыста тәтті өсімдіктердің тамырын тамаша жейді,осал жері аяғы қысқа,көп қар жауғанда омбылып жүре алмайды.Аңшылар қарусыз шығып сегіз өрім қамшымен ұрып соғып алады.Пайдасы түлкінің терісінен тымақ жасайды,түлкінің терісі қымбат,үлпілдек,түсі ашық сары,қызыл қоңыр түске өзгереді.Құйрығы ұзын,жүрген ізін жасырып отырды.

Сергіту сәті:

Көлбең,көлбең,көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем.

Түлкі қалай жүреді?

Кім көрсете біледі?

Ертегі тыңдау:»Айлакер түлкі»

(ертегіні әңгімелеп беру)

-Сендерге ертегі ұнады ма?

-Ертегіде түлкі құстарды не істеді?

-Сендер ертегіні осылайша аяқталғанын қалайсындар ма?


-Ендеше ертегіні өздеріңнің қалауларың бойынша өзгертіп сахналауға болады.

-Ертегінің атын не деп қоямыз?

-Өте тамаша.


Ертегіні сахналау:

Автор:


-Баяғы өткен заманда әдемі орман болыпты.Кенеттен орман ішінде алай-дүлей дауыл тұрады.Дауылдың қатты соққаны соншалық ағаштарды құлатып,гүлдерді ұшырып әкетеді.Ормандағы аңдар қорыққаннан өз індеріне тығылыпты,осылайша дауыл бірнеше күн соғып,артынша тынышталыпты.Сол орманда Әтеш пен Тауық өмір сүріпті.Дауыл олардың балапандарын ұшырып әкетіпті.Жел тынышталғанда

Тауық:


-Әтеш,мен мына орманда тұра алмаймын басқа жерге қоныс аударамын.

Әтеш:


-Жарайды сенің айтқаның болсын.

Автор:Әтеш Тауықтың сөзіне келісіп жаңа қоныс іздеуге бірге аттаныпты.Алдынан үйрек шығады.

Үйрек:

-Сендер қайда жол жүрмексіндер?



Әтеш:

-Жаңа қоныс іздеуге кетіп бара жатырмыз,мына орманда қалуға қорқамыз.

Үйрек:

-Менде сендермен бірге кеткім келеді.



Автор:

-Сөйтіп Әтеш,Тауық,Үйрек жаңа қоныс іздеуге бірге аттаныпты.Алдынан тауыс кездесіпті.

Тауыс:

-Барлығыңыз қайда аттандыңыздар?



Үйрек:

-Мына орманда қалуға қорқамыз жаңа қоныс іздеуге бара жатырмыз.

Тауыс:

-Ендеше меніде ала кетіңдерші.



Автор:

-Олар жаңа қоныс іздеуге аттанды.Алдарынан қоян кездесті.Қоян:

-Меніде ала кетіңдерші.

Автор:


-Барлығы бірге жаңа қоныс іздеуге аттанды.Алдарынан қайдан шыққаны белгісіз,түлкі шығыпты.

Түлкі:


-Шырақтарым қайда бағыттап бара жатырсыңдар?

Барлығы:


-Жаңа қоныс іздеуге,біздер мына орманнан қорқамыз.

Түлкі:


-Мен сендерді әрі әдемі,әрі тыныш жерге апарайын,сендер маған сенесіңдер ме?

Барлығы:


-Сенеміз сен мейірімді,ақылды,әдемі түлкісің.

Автор:


-Түлкі өзін мақтағанға қуанып,мен мейірімдімін,көркіме ақылым сай,достарға көмек беретін,әрі адал түлкімін деп достарымен сол орманда ұзақ ғұмыр кешіпті.

Ертегі аяқталды.



-Түлкі


-Жабайы аңға жатады.

Орманда,тауда,дала

да мекендейді

-Айлакер,қу.


-Ертегілерде

«Бауырсақ», «Қу түлкі», «Қасқыр мен түлкі», «Тырна мен түлкі»

Балалар мұқият тыңдап отырады.

Сергіту жаттығуын қимылмен орындайды.

-Ұнады.

-Жеп қойды.


-Жоқ,біздер ертегіде түлкінің мейірімді болғанын қалаймыз.

-«Мейірімді түлкі»




Рефлекстивті-түзетушілік


Ғажайып сәт:

Есіктен музыка әуенімен құйрығын бұлғандатып түлкі кіреді.

Түлкі:


-Мен түлкімін,түлкімін,

Қайда жүрсем күлкімін.

Алдап соғып қулықпен,

Атым шыққан түлкімін,

Қәне,маған қараңдар

Сәлеметсіздер ме,балалар!

-Мені сендер білетін шығарсыңдар,біреулер мені қызыл түлкі,біреулер қу түлкі,тіпті біреулер сұм түлкі деп атайды.Мен сендерге орманнан келдім.

-Қош келдің түлкі жан.Біз сені айлакер,қу сұм деп жатқан жоқпыз,біздің топтың балалары ақылды,адал,мейірімді түлкі дейді.Ендеше келген түлкінің көңілін көтеріп «Түлкі тауық қорада» ойынын ойнайық.

Ойын:«Түлкі тауық қорада»

Ойынның шарты:Алаңның бір жағынан тауық қора сызылады. Ойнаушының біреуі түлкі болып белгіленеді.Тәрбиешінің нұсқауы бойынша тауықтар жайылады. «Түлкі» деген нұсқау бойынша тауықтар қораға қашады. Ұсталған тауық өз айыбын төлейді. Ойын осылай аяқталады.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскеше күн жақсы,

Сау саламат болайық.-деп түлкі балаларға қарағай бүрін таратады.Осымен балалар бүгінгі іс-әрекетіміз аяқталды.

Сау болыңыздар!

-Амансыңба,түлкі жан,

Жүрген жерің күлкі-ән.

Ойынға барлығы қатысты.

-Сау болыңыз!




Күтілетін нәтиже:

Біледі:кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын келтіруді;



Игереді:ертегіні сахналауды;

Меңгереді:аңдардың,құстардың дауыс ырғағын келтіруді.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет