Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік – бизнестің халық пен қОҒам алдындағы жауапкершілігі. Смағұлова Г. С., э.ғ. к., доцент, Газиева А



жүктеу 84.99 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі84.99 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК – БИЗНЕСТІҢ ХАЛЫҚ ПЕН ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ.
Смағұлова Г.С., э.ғ.к., доцент, Газиева А.

әл-фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан, gsmagulova_72@mail.ru

2008 жылдың қаңтарында өткен Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық форумда еліміздегі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі талқыланған болатын. Соның бірі – мемлекет пен бизнес экономикадағы мәселелерді шешуде ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу жолында толыққанды мүдделес әріптес болуы керек деген тұжырым. «Әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан алып қарағанда мемлекет негізінен жолдың өзіне тиесілі бөлігін жүріп өтті, тұтасымен алғанда ол қызметін тиімді атқаруда. Ендігі кезек бизнестікі», – деп атап көрсетті Нұрсұлтан Әбішұлы. Бизнес тек өзін ғана ойламай, білім, денсаулық, спорт, мәдениет, қайырымдылық шараларына әлеуметтік қолдауға қаржы бөлу керек. Жолдауда экономика саласында - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құру туралы идея болатын. Осы идеяны жүзеге асырар болсақ, әлеуметтік жауапкершілікті дамытудың да бір жолы болатыны сөзсіз.

Әлеуметтік саясат – бұл мемлекет, бизнес, қоғамдық ұйымдардың арасындағы үшжақты келісім негізінде қалыптасатын әлеуметтік саланың даму қағидалары мен мүмкіндіктері және жұмысшылардың кәсіби бірігуі.

Халықаралық тәжірибеда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің ортақ қалыптасқан анықтамасы жоқ, бұл барлығына аталмыш терминді өздігінше түсінуге сылтау болып отыр. Бұл, өз кезегінде қазақстандық бизнесмендердің бизнестің әлеуметтік жауапкершілі мәнін тұрақтандырып, қалыптастыруға, компанияларға шынайы түрде әлеуметтік жауапты болуға кедергі келтіріп отырғаны сөзсіз. Зерттеушілердің көбі әлеуметтік жауапкершілік түсінігіндегі ең маңыздысы заң шеңберінде келтірілген минимумдардан тыс әлеуметтік салаға ерікті салым салу болып табылады. Аталмыш зерттеулер маңыздылыққа ие, себебі онда әлеуметтік жауапкершіліктің бизнес үшін басымды бағыттарын талдау және қазақстанық бизнестің шынайы жұмыс істеу бағыттары анықталған.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидалары өмірге қоғамдық күтілімдер негізінде келген, және олар жалпы түрде келесілерге келіп тіреледі: ұйымдар қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, азаматтар мен тұтынушылардың құқығын қорғау сынды салаларды ашық және белсенді әрекет етуі керек. Яғни, өз табысының жартысын қоғам қажеттіліктері жұмсауы қажет, және бұл ашық, жүйелі, ауқымды түрде болуы керек және өзекті мәселерді шиеленістерді болдырмай, саясат және дін аумағында ешбір басымдықсыз әрекет етуі керек.

Елдегі әлеуметттік, экологиялық, экономикалық жағдайды қалыпты ұстап, оның дамуына үлесін қосар корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік болып отыр. Төмендегі суретте корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің қоғаммен байланысы мен тигізер пайдасы қысқаша көрсетілген.

Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің халықаралық модельдері спектрінде ең алдымен дилемма анықталады: бизнес қоғамның дамуына енгізетін үлес салмағын өз еркімен анықтауы қажет пе, әлде ресми және ресми емес институттар қоғамдық мүдделердің, кейін бизнес үшін міндетті талаптарға айналар келісім жасайма. Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің америкалық моделі компаниялардың бастамашылдығымен және корпорациялардың максималды өз бетінше әрекет етуіменен ерекшеленеді. Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің европалық моделі көбіне мемлекеттік реттеу шараларының жүйесін білдіреді. Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің британдық моделі АҚШ және континенталды модельдердің элементтерін қамтиды, бірақ мұнда мемлекеттің және қоғамдық институттардың қоғамдық мүдделерді реттеуге көп деңгейде қатысуы байқалады.


Сурет 1 - Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің қоғам дамуына келтіретін қалыпты әсері *

* Исахова П.Б. Социальная ответственность бизнеса как элемент совершенствования социальной политики // Спектр развития. 2008. - № 3-4. – 20б.


Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің Қазақстандық үлгісі әзірге мемлекетке, меншік иесі және жұмысшыларға бағытталады, дегенмен қоғамның дамуына қарай жергілікті қауымдастықтарды, тұтынушылар және басқа да стейкхолдерлерді тарту орын алады. Қазақстанды корпоративті әлеуметтік жауапкершілікке ыңғай барынша кең және прагматикалық сипатқа ие болуы шарт.

Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды нәтижесі – тауар маркасы мен компания репутациясын нығайту. Тұтынушыларды көбіне жақсы репутациялы компаниялар мен тауар маркалары қызықтырады. Әлеуметтік жауапты ретінде қабылданатын компаниялар, бұқаралық репутациясының өсуі есебінен, сондай-ақ бизнес-қауымдастықтар арасында репутациясының жақсаруы ретінде басымдыққа ие болады, ал бұл сауда серіктестері мен капиталды тарту қабілетін арттырады.

Корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті тәжірибеде іске асыратын компаниялар, сатылым деңгейін өсіріп, сатып алушылардың адалдығын қалыптастырады. Дегенмен, бизнес ең алдымен, баға, сапа, сырт көрінісі, дәмі, бар болуы, қауіпсіздік және жайлылық сынды тұтынушылардың маңызды талаптарын қанағаттандыруы қажет. Зерттеулер көрсеткендей, тұтынушылар өзге де құндылықты-бағытталған талаптар негізінде сауда жасауды әдетке айналдырып келеді, мысалы азапты еңбектің жоқтығы, бала еңбегін қолданудан бас тарту, қоршаған ортаға мүмкіндігінше аз залал келтіру, генетикалық модификацияланған материалдар мен ингредиенттердің болмауы.

Бүгінгі таңда, Қазақстан тұрақтанудың жаңа сатысына шықты. Барлық ірі компаниялар корпоративті әлеуметтік есеп береді. Бұған дәлел, ірі компаниялардың басым бөлігінің веб-сайттарында әлеуметтік жауапкершілікке арналған айдардың болуы, компаниялардың әлеуметтік жауапты қызметтерін бұқаралы түрде жариялауы. Әлеуметтік есеп кең түсінігінде – бұл компаниялардың тек экономикалық қызметтерінің нәтижелері жайындағы ақпарат қана емес, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экологиялық көрсеткіштері. Корпоративті әлеуметтік есеп – бұл акционерлер, серіктестер, тұтынушыларды және бүкіл қоғамды компания, өзінің стратегиялық жоспарында көрсетілген экономикалық тұрақтылығы, әлеуметтік игілігі және экологиялық беріктілігіне қатысты мақсаттарын орындау қарқыны жайында ақпараттандыратын бұқаралық құрал.

2008 жылдың қазанында UNDP (Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы) «Қазақстандағы корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің даму мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы» атты арнайы социологиялық зерттеу жүргізген (республикамыздың 14 қаласында Қазақстандық компаниялардың басқару буынындағы 440 басшыға сауалнама жүргізілген).

Аралық нәтижелердің бірі қазақстандық бизнестің корпоративті әлеуметтік жауапкершілігі түсінігі жөнінде хабардар болу деңгейі аталмыш тақырыптың қоғамда кең талқылауына қарамастан салыстырмалы түрде жоғары емес. Бизнестің арасында корпоративті әлеуметтік жауапкершілікке нелер енетіндігі жөнінде ортақ түсінік жоқ.

Бизнес тарапынан әлеуметтік жауапкершілікті өз жұмысшыларына қатысты әлеуметті жауапкершілік түсінігін қабылдау болып табылады. Бұл нәтиже бизнестің корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті қайырымдылық ретінде түсіну туралы аңыз жоққа шығады.

Мекемелер әзірге қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешу жауапкершілігін өз мойнына алуға дайын емес. Мекемелердің жартысынан көбі әлеуметтік бағдарламалар – мемлекеттің қамқорлығы деп санайды, дегенмен олардың арасында корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті барлық компаниялар іске асыруы керек деп санайтындар да жоқ емес. Мекемелердің 56,5 % корпоративті әлеуметтік жауапкершілік қайырымдылықпен ассоциацияланса, ал 68,2 % мекемеде - әлеуметті бағдарламаларды енгізумен қабылданады.

Осылайша, қоғамда әлі де болса, қайырымдылық пен корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті түсіндіруде біркелкілік жоқ, бизнес тарапынан қайырымдылыққа қатысты қоғамда сәкес келмейтін күтілімдер туындайды, сондай-ақ бизнеске моральды қанағат алып келе алмайды – «біз белгілі бір қызмет атқарудамыз, ал қоғам тарапынан қадірлеу байқалмайды».

Шындығында, қайырымдылық корпоративті әлеуметтік жауапкершілік концепциясында қандай орын ала алады?

Халықаралық тәжірибеге жүгінсек, корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің келесі деңгейлерін батыл бөліп көрсетуге болады (бизнес үшін маңыздылық деңгейіне қарай орналасқан):


  • Бизнестің қажеттіліктері (компания жұмысшылары, еңбек жағдайы және т.б)

  • өнім жеткізушілер және тұтынушымен қарым-қатынасы;

  • қайырымдылық;

  • қоғам дамуы үшін ұзақ мерзімді инвеситициялау.

Алдыңғы екі деңгей (жұмысшылары алдындағы, өнім жеткізушілер және тұтынушалар, салық органдары алдындағы жауапкершілік, экологиялық заңнаманы қатаң сақтау және т.б.) базалық болып табылады және тәжірибеде көбіне біздің компаниялар қолданады.

Қайырымдылық пен қоғам дамуы үшін ұзақ мерзімді инвестициялау жоғары жүйе деңгейі болып саналады және мұнда әліде іске асырылмаған мүмкіндіктер жетерлік, әсіресе қазақстандық бизнесте.

Неге бұл бизнес үшін тиімді болуы мүмкін:


  • Қоғамның қатысуымен жүзеге асырылатын қызмет өте коп PR-мүмкіндіктер береді;

  • Тұтынушылар тауар түрін корпоративті әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын ұстанатын компаниялардан сатып алуға тырысады;

  • Халықаралық инвесторлар корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті тәжірибеде қолданатын компаниялармен жұмыс істегенді жөн көреді;

  • Үкімет корпоративті әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын қатаң ұстанатын компанияларды қолдайды;

  • Кері әлеуметтік үрдістерді жою және қалыпты имидж қалыптастыру арқылы шығынды азайту;

  • Мүдделі жақтардың қажеттіліктерін, соның ішінде өнім жеткізуші және тұтынушыда бар, ескеру арқылы жаңа коммерциялық мүмкіндіктердің пайда болуы;

  • Мемлекет және қоғам күтімдеріне сәйкес келуі;

  • Компания қызметінің тиімділігін арттыру;

  • Жоғары деңгейде ашық, әрі бұқаралы жұмыс істеу компания имиджін жақсарта түседі.

  • Корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті ынталандырудың, өкінішке орай Қазақстанда қолданылмайтын, ең тиімді жолы қайырымдылыққа жұмсалған барлық қаржыны салық төлеу кезінде шегеру. Бұл ретте біз бизнес үшін арнайы бір салықтық жеңілдік жайында айтпаймыз, ал тек қайырымдылық шаралар мен жобаларды қаржыландыру үрдісін анағұрлым ойға қонымды ету.

Корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктегі бизнестің рөлі:

  • Жұмысшыны ынталандыру мақсатында пайданы еселеу және жалпы ел экономикасының тұрақты дамуына жағдай жасау;

  • Бизнестің қызметі үшін сыртқы жағымды жағдай тудыратын жергілікті қауымыдастықтарды қолдау,

  • әлеуметтік қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласында жергілікті және орталық билік органдарының қызметін толықтыру, бірақ орнын баспау.

Дамыған елдерде аймақтардың даму мәселесі мемлекет пен бизнес – қауымдастығының өзара бірігуі арқылы шешіледі, бірақ та, әрбір елде аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуына ықпал ететін корпоративтік құрылымдардың қызмет етуінің заңдылық негіздері де бар. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» демекші, бәсекеге қабілетті дамыған 50 ел қатарына қосыламыз деп жан таласып жатқан еліміздің алдында тұрған басты міндет – елдің әлеуметтік жағдайын түпкілікті жасау. Ол дегеніміз елдің денсаулығы, білім сапасы, яғни халықтың өмір сүру деңгейі. Сонымен бірге жоғары білікті жұмыс күші, алдыңғы қатарлы технологиялар, инновациялық әлеует сияқты мамандандырылған факторларды дамыту есебінен, сондай-ақ қолайлы іскерлік және инвестициялық ахуал, инновацияларды ынталандыру үшін жағдайлар жасау, өнім сапасын арттыру есебінен еңбек өнімділігін іске асыру болып табылады.

Осы аталған міндеттерді тек мемлекет мойнына іліп қана қоймай, өз жауапкершілігіне бизнес те алса, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, мемлекет алдына қойған мақсаттарды орындауы да жеңіл болар еді. Ел экономикасын арттыру дегеніміз аймақ экономикасын жетілдіру және сол арқылы барша халықтың тұрмыс деңгейін жоғарлату деген сөз. Сондықтын да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аймақ экономикасын дамытудың негізі ретінде қарастырып, аталмыш жаңа қалыптасып келе жатқан әлеуметтік жауапкершілік жаңа ұғымына көңіл бөлетін уақыт келді.



  • Қазақстан халқының әлеуметтік саяси құндылықтарын жүйелі түрде белсенді насихаттау;

  • бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің құқықтық негіздерін қарастырып, заң түрінде бекіту;

Қазір елді дамыту үшін нақты заң шығарушылық үрдіспен айналысу қажет. Біздің міндетіміз барлық мақсаттарымызға қол жеткізу үшін сапалық және тиісті құқықтық базаны жасау.

Қаржылық дағдарыс кезінде елімізде мемлекет пен бизнес тек экономикалық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік мәселелерді шешу жолында да мүдделілік танытуы маңызды болып табылады. Қазіргідей сындарлы шақта еңбек құқықтарының кепілдігін сақтау бағытында қабылданып жатқан шаралардың маңызы зор.  Әлеуметтік жауапкершілік қағидалары еңбек қатынастарындағы кепілдіктердің берік сақталуына негіз болады. Сондай-ақ, әлеуметтік жауапкершілік – қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметтің басты бағыттарының бірі болады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет