Көші-қон ағындары құрылымындағы оқу және білім беру көші-қонының орны



Дата03.05.2016
өлшемі83.11 Kb.
Көші-қон ағындары құрылымындағы оқу және білім беру көші-қонының орны

Көші-қон бірнеше көші-қон ағындарынан тұратын жаппай құбылысты білдіреді. Көші-қон ағыны – бұл берілген уақыт аралығында келу және шығудың ортақ аумағына ие мигранттардың жиынтық саны. Бұл көші-қон бағыттары көрсеткіштерінің бірі. Берілген тәсіл көші-қонды реттеу ғылымы мен тәжірибесінде негізді түрде бекітіледі.

Көші-қон нақты құрылған және, әдетте, аумақ бойынша орын ауыстыру немесе адамдардың қоныс аударуының тіркеуші дерек санағын білдіреді. Бұған қоса әдебиетте жеткілікті түрде жиі «көші-қон мобильділігі» термині қолданылады, ол тұрғын халықтың орын ауыстыруға және қоныс аударуға қабілеттілігін білдіреді. Көші-қон мобильділігі түрлі себептерге байланысты жүзеге асырылуы немесе жүзеге асырылмауы мүмкін. Жүзеге асырылған көші-қон мақсаттары қандай да болсын аймақ, немесе мемлекеттің тұрғын халқының көші-қонының белсенділігін сипаттайды. Көші-қон мобильділігінтұрғындардантек көшуге дайын болу жағдайында әлеуметтік сұрау жолымен ғана анықтауға болады. Зерттеулер тәжірибесі көрсеткендей көші-қон мобильділігі көші-қон белсенділігіне қарағанда бір ретте жоғары, себебі барлық адамдар өздерінің жаңа тұрақ орнына немесе жұмысқа көшу тілектерін жүзеге асырудың нақты мүмкіндіктеріне ие емес. Жастар, жасы үлкен адамдарға қарағанда, көші-қон қатынасында мобильдірек болып келеді. Жастардың артқан мобильділігі олардың көші-қон үдерістеріне, ең алдымен, еңбек және оқу көші-қонына белсенді қатысуына себепші болады.

Көші-қон үдерістері алуан түрлілікпен ерекшеленеді. Жаһандану жағдайында халықтың көші-қон мобильділігі өсті, орын ауыстырулардың қарқындылығы артты, көші-қонның жаңа нысандары пайда болды. Берілген жұмыста мен көші-қон ағындарын сыныптау жүйесіндегі оқу және білім беру көші-қонының орындарын анықтауға тырыстым, себебі көші-қонның осы түрлері көптеген ғылыми зерттеулердің авторларымен жөнсіз «ұмытылған» болатын.

Өзге көші-қон ағындары қасында білім беру және оқу көші-қонының бөлінуі көші-қонның мақсаты сияқты белгілері негізінде мүмкін. Әдетте мақсаттары бойынша көші-қон ағындары екі түрге бөлінеді: экономикалық және әлеуметтік. Экономикалық көші-қонға оған қатысатын адаммен материалдық шығынды табумен байланысты, оған еңбек көші-қоны, дәстүрлі шаруашылықты (көшпенділік) мақсатындағы көші-қон, сауда-саттық көші-қоны, салықтарды азайту, капитал шығаруы мен салымы мақсатындағы көші-қон жатады (инвестициялық көші-қон). Көші-қонның әлеуметтік түрі материалдық емес, рухани және әлеуметтік сұраныстарды қанағаттандырумен байланысты. Әлеуметтік көші-қон сыныптарына неке көші-қонын, білім беру және оқу көші-қонын, дәни көші-қонды (қажылық), отбасыны біріктіру мақсатындағы, туризм, демалыс және емделу мақсатындағы көші-қон, этникалық көші-қонды, отанына қайта оралу көші-қонын жатқызуға болады. Білім беру және оқу көші-қоны білім алу және кәсибилік деңгейін арттырудағы сұранысты қанағаттандыруға себепші.

Білім беру және оқу көші-қоны мемлекеттер арасында да және мемлекеттер ішінде де болуы мүмкін. Мемлекет ішілік білім беру және оқу көші-қоны, әдетте, ауылды жерлерден оқу мекемелер, ұйымдар және компаниялар шоғырланған қалаларға бағытталған.

Халықаралық білім беру көші-қоны түрлі деңгейдегі және түрлі мерзімде білім алу мақсатымен мемлекеттер арасында адамдардың орын ауыстыруын білдіреді. Оған орташа арнайы және жоғары оқу орындарындағы оқушылар, студенттер, магистранттар, докторанттар, тағылымдама өтушілер, түрлі құрылымдарда және компанияларда өзінің біліктілігін арттыратын мамандар жатады. Білім беру көші-қонының құрамдас бөлігі деп оқу орындарында (мектептерде, колледждерде және университеттерде) шоғырланған оқу мигранттарының ағынын айтуға болады.

Қазіргі таңда оқу көші-қоны көші-қон ағындарының жалпы құрылымында біршама үлеске ие. БҰҰ деректері бойынша2013 ж. әлемде 232 млн мигранттар саналды. Халықаралық ұйымдардың (ЮНЕСКО, ЕЭЫДҰ, ХКҚҰ) деректеріне сәйкес 2006 ж. әлемде өздерінің мемлекеттерінен тыс жерде оқыған 2,7 млн шетел студенттері саналды.

Білім беру деңгейі бойынша көші-қонды жоғары білімді мамандар көші-қоны (олардың шетелге шығу жағдайында «ғұламалардың жылыстауы» термині қолданылады, келген мемлекетте – «ғұламалардың ағылып келуі», ауқымды халықаралық экономикада соңғы уақытта «ғұламалармен алмасу» термині кең таралды), орташа және төменгі деңгейдегі білімі бар адамдар, орташа және төменгі білімі бар мамандар көші-қоны деп бөлуге болады.

Осы ретте ғұламалардың жылыстауы туралы қосып кетсем, «ғұламалардың жылыстауы» - экономикалық, сирек саяси, діни немесе өзге себептер бойынша ғалымдар, мамандар және кәсіби қызметкерлердің мемлекеттен немесе аймақтан жат елге қоныс аударатын үдерісі болып табылады.

Өз кезегіндеДүниежүзілік банктің әлемнің 33 мемлекеттері бойынша деректерінің талданған зерттеуімен орта есеппен шетелге олардың жоғары білімі бар азаматтардың 10%-нан кемі кететінін көрсетті. «Ғұламалардың жылыстауы» термині толық көлемде барлық білімді адамдардың үштен екі бөлігі шетелге (көбінесе АҚШ-қа) көшкен бес мемлекеттерде (Доминикан Республикасы, Сальвадор, Мексика, Гватемала және Ямайка) қолданылады.

2006 жылы Халықаралық валюталық қор 90 мемлекет бойынша ұқсас зерттеулерді жариялады және ол «ғұламалардың» кетуі бойынша көбінесе Иран зардап шегуде деген өзге қорытындыға келді.

Алайда, ұқсас үдістер кейбір дамыған мемлекеттерде де байқалады. Осылайша, Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЕЭЫДҰ) жаңа зерттеуі бойынша Ұлыбритания қазір соңғы 50 жылда ірі «ғұламалардың жылыстауын» бастан кешуде. Зерттеу деректері бойынша шетелде Ұлыбританияда туылған шамамен 3 млн адам тұрады. Олардың 1,1 млн-нан көбі жоғары білікті мамандар, мұғалімдер, дәрігерлер және инженерлер. ЖОО-ды бітіргендердің 10%-нан артығы шетелге кетеді. Тек 2006 жылы мемлекеттен 207 мың азамат кетті. Зерттеу авторлары ЕЭЫДҰ-ға мүше болған 29 елдің біреуі де жоғары білікті жұмыс күшінің осындай санын жоғалтпайды деп атап өтті. Британдық эмигранттардағы ең танымал бағыттар Аустралия, АҚШ, Канада және Жаңа Зеландия. Британдықтардың өз отанынан кетуге мәжбүрлейтін негізгі себептер бұл тұрғын үйге жоғары бағалар, шамадан тыс салықтар және нашар ауа-райы. Ал азайған жоғары білікті күш дамушы мемлекеттерден көшіп-келген ағындармен толтырылады.

ЕЭЫДҰ зерттеуі, сондай-ақ, осы саладағы «домино әсерін» табуға мүмкіндік берді, осылайша, мысалы, медициналық қызметкерлердің «ғұламаларының жылыстауы» келесі алгоритм бойынша болады, яғни дәрігерлер және медбикелер Ұлыбританиядан еңбекақысы жоғары АҚШ-қа кетеді. Олардың орнын Африкадан келген дәрігерлер алады – африкалықтардың орнына Африкаға Кубадан дәрігерлер және медбикелер келеді.

Көші-қон бойынша халықаралық ұйым (International Organisation for Migration) қазіргі таңда шамамен 300 мың африкалық мамандар Еуропа және Солтүстік Америка мемлекеттерінде жұмыс істейді деп болжамдайды. Соның бағалауы бойынша, әлемнің «кедей» мемлекеттерінде білім алған барлық ғалымдардың әрбір үшіншісі ақырында «бай» мемлекеттерге келеді.

АҚШ Экономикалық зерттеулері ұлттық бюросының зерттеуі ғұламалардың жылыстауы қазіргі таңда «кедей» мемлекеттерде өмір деңгейі төмен болғандықтан ғана емес, сонымен қатар мамандардың өздерінің «бай» мемлекетке көшуін қаржыландыру үшін қаражаттың пайда болуына байланысты деп көрсетті. Бюро бағалауы бойынша «кедей» мемлекет жергілікті университеттің әр түлегін дайындауға орта есеппен 50 мың доллар инвестициялайды. Түлектің көшуі кезінде бұл ақша жоғалады, бірақ мұндай жоғалту-тек биік шыңның басы ғана болып саналады.

Африка, Латын Америкасы және Азия мемлекеттерінен кеткен «ғұламалардың жылыстауының»салдары қатарына қазіргі кез келген қоғамның негізінің негізі болып табылатын отра сыныптың шайылуын жатқызады.Қорыта келгенде, жалғыз бір білікті маманның кетуі қосымша шығындарды есептегенде 1 млн долларға жетуі мүмкін. Нәтижесінде, ғұламалардың жылыстауын отарлықтың жаңа түрімен салыстыру кең таралды: егер отарлар үстем мемлекеттерге шикізаттарды жеткізіп тұрса және жаңа бұйымдарды кіргізсе, онда қазіргі таңда «кедей» мемлекеттер айырбасқа осы мамандармен құрылған өнімдерді ала отырып, өзінің мамандарын бұрынғы үстем мемлекеттерге жеткізіп тұрады.

Осы мәселенің өзге де аспекттері бар деуге болады. Қоғамдық саясатты зерттеу институтының талдауы «жылыстау» оңтайлы нәтижелерге де алып келетінін көрсетті. Осылайша, «ғұламалардың» бөлігі отанына өзімен бірге жаңа білім, ептілік және тәжірибе ала келеді. Мысалы, Тайваньның жоғары технологиялық жаңа компанияларының жартысынан көбі АҚШ-тан келген тайваньдықтармен құрылған.

«Ғұламалар» жиі материалды түрде өзінің отандарына көмектеседі. Дүниежүзілік банк бағалауы бойынша өзге мемлекеттерде жоғары мансапқа ие әлемнің белгілі мемлекеттерінен шығушылар өзінің отанында халықаралық компаниялардың филиалдарын ашуға көмектеседі.

Мемлекеттен мамандарды шығару нәтижелері әрдайым нашар болмағанына қарамастан, әлемнің көптеген мемлекеттері осы үдеріске қарсы тұруға немесе оларды басқаруға тырысады.

Еңбекті зерттеу институтының деректері бойынша қазіргі таңда кейбір мемлекеттер заңды түрде мамандардың белгілі ссанаттарын, мысалы, дәрігерлердің және мұғалімдердің шетелге шығуына тыйым салады. Алайда бұл онша көмектеспейді, кетуді қалайтын мамандар оларда бар сәйкес дипломдарын жасыру жолы сияқты шектеуді айналып өту мүмкіндіктерін тапты және табуда.

«Ғұламалардың жылыстауы» мәселесі Еуропалық қауымдастықты мазалайды. Еуропада «ғұламалардың жылыстауы», ең алдымен, La Crème de La Crème деп аталатын ғылыми элитаны, яғни нағыз дарыны мемлекетке зор артықшылықтар алып келе алатын «ғылымның жұлдыздарын» жоғалту қаупімен қабылданады. Барлық Еуропалық Одақ ауқымында ғылымға арналған шығындарды ұлғайту жоспарлануда, бұл әлеуетті түрде шетелден келген жергілікті ЖОО-ның дарынды түлектерін жұмысқа тұрғызуды жеңілдетеді. Себебі ЕО ғылыми зерттеуге АҚШ және Жапонияға қарағанда аз төлейді (2005 жылы – 1,9 %ЖІӨ қарсы, сәйкесінше, 2,8 % және 3 %). Қаржыландыруды арттыру жүз мың жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, осыған байланысты бұл «ғұламаларды» тартады. Қазіргі таңда біріккен Еуропаның ЖОО-да АҚШ және Жапонияға қарағанда көп студенттер білім алуда. Алайда Еуропалық Одақта ғалымдар азырақ болып келеді, мысалы, 2005 жылы Еуропада 1 мың жұмысшыға 5,4 ғылыми жұмысшы келді, АҚШ-да-8,7, Жапонияда – 9,7.

Ұқсас жолмен Сингапур, Катар және Малайзия сияқты Азия мемлекеттері келеді. Олар да шетел студенттерін тартудың әр түрлі әдістерін қолданады. Сингапур, мысалы, өзінің аумағында ірі америкалық университеттердің кампустерін ашу туралы АҚШ-ның жетекші университеттерімен келісім орнатты.

Енді біліктілік деңгейі бойынша көші-қонға келетін болсам, онда келесі сыныптар бөлініп көрсетіледі: жоғары мамандар көші-қоны (ғалымдар, инженерлер, дәрігерлер, жоғары білікті оқытушылар), оларды дайындау үшін бірнеше жылдар және үлкен шығындарды талап етеді, ал олардың еңбегі күрделі өндірістерде, ғылымда, денсаулық сақтауда қолданылады; белгілі дайындығы бар қызметкерлер көші-қоны (техниктер, эликтриктер, бағдарламашы, қондырғыларды реттеушілер, аудармашылар, орташа медициналық қызметкерлер, мектеп мұғалімдері, аспазшылар және т.с.с.) –осы санаттағы қызметкерлерді дайындауға арналған шығындар азырақ, бірақ кейбір жағдайларда оларды еңбек нарығында тапшылықты жою үшін басқа мемлекеттен немесе аймақтан шақыру жылдам әрі арзан; арнайы дайындықсыз жұмысшылар көші-қоны (төмен төлемді және үлкен физикалық шығындарды қиынжағдайларда талап ететін экономикалық мәртебесіз салалардағы уақытша жұмысшылар).

Жас бойынша көші-қонды еңбекке қабілетті жастағы, еңбекке қабілетті жастан төмен (балалар және жасөспірімдер), еңбекке қабілетті жастан жоғары жастағы (зейнеткерлер және қарт адамдар) мигранттар сыныптарын бөлуге болады. Көптеген көші-қон ағындарында еңбекке қабілетті жастағы адамдар басым, бірақ кейбір жағдайларда ағында балалардың және зейнеткерлердің үлесі жоғары болады (мысалы, асырап алумен байланысты, көші-қон ағындарындағы мәжбүрлі көші-қон жағдайында немесе қолайлы ауа-райы бар аймақтарға зейнеткерлікке шыққан адамдар көші-қоны жағдайында). Көші-қон ерекшеліктерін зерттеуде тұрғын халықтың түрлі жастағы топтарының көші-қоны қарқындылығының көрсеткіштері бір-бірінен ерекшеленетінін байқауға болады. Бұған қоса осы ерекшеліктерге мигранттардың сәйкес жастық құрылымды білдіретін белгілі тұрақты заңнамалары тән. Статистикалық материалдарды талдау негізінде мемлекеттер қатары бойынша мигранттардың жастық құрылымдарының келесі негізгі белгілері анықталды: 1) көші-қонның ең жоғары қарқындылығы 19-24 жастағы жастар үшін тән, ал ең төмен – 12-16 жастағы жасөспірімдер үшін тән; 2) балалар үшін көші-қон қарқындылығының коэффициенттері олардың ата-аналарының қарқындылық коэффициенттерін көрсетеді; 3) тартымды климаттық шарттары бар аймақтарға және әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсетудің жоғары деңгейі бар қалаларға көші-қон ағындары 60 жастан асқан жас топтарындағы салыстырмалы түрде жоғары қарқындылықпен («жастық шыңмен») сипатталады.



Осылайша, көші-қон ағындары жеткілікті түрде алуан түрлі, бірақ олардағы белгілі орынды білім беру және оқу көші-қоны алады.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет