Көшпенділердің ұғымында күннің көзі 7 бөлікке бөлінеді. Сондықтан аптада 7 күн. Қазақта



жүктеу 35.38 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі35.38 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары








Көшпенділердің ұғымында күннің көзі 7 бөлікке бөлінеді. Сондықтан аптада 7 күн. Қазақта

3, 5, 7 сандар киелі болып есептеледі.


Жеті жетекші Жеті қазына

Адамның басшысы – ақыл, Ер жігіт

Жетекшісі – талап. Сұлу әйел

Жолаушысы – ой. Ақыл, білім

Жолдасы – кәсіп. Жүйрік ат

Қорғаны – сабыр. Қыран бүркіт

Қорғаушысы – мінез. Берен мылтық

Сынаушысы – халық. Жүйрік тазы (ит)

(Саққұлақ би)
Жеті жұт Жеті жоқ

Құрғақшылық Жерде өлшеуіш жоқ.

Жұт (мал қырылуы) Аспанда тіреуіш жоқ.

Өрт Таста тамыр жоқ.

Оба (Ауру) Тасбақада талақ жоқ.

Соғыс Аллада бауыр жоқ.

Топан су Аққуда сүт жоқ

Зілзала (жер сілкінуі) Жылқыда өт жоқ.

Жеті байлық Жеті жетім

Әуелгі байлық – денсаулық. Тыңдаусыз қалған сөз жетім.

Екінші байлық – еркіндік. Киюсіз қалған боз жетім.

Үшінші байлық – тіл байлық. Иесіз қалған жер жетім.

Төртінші байлық – қайрат-күш. Басшысы жоқ ел жетім.

Бесінші байлық – ақ жаулық. Аққу-қазсыз көл жетім.

Алтыншы байлық – балаңыз. Елінен айырылған ер жетім.

Жетінші байлық – жүз саулық. Замандасы қалмаса, бәріненде сол жетім.

(Асан-Қайғы)

Жеті ата


1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Жеті күн

1. Бүгін. 2. Ертең. 3. Бүрсігүні. 4. Арғы күні. 5. Ауыр күн. 6. Соңғы күн. 7. Азына.
Жеті қат көк

1. Ай. 2. Күн. 3. Шолпан. 4. Есекқырған (Меркурий). 5. Қызылжұлдыз (Марс).

6. Сатурн. 7. Мүштәри (Юпитер)
Жеті қат жер

1. Тұңғиық. 2. Жылан. 3. Су. 4. Қос балық. 5. Қара тас. 6. Көкөгіз. 7. Жер.


Жеті амал Жеті шәріп (Жеті әулие)

Күннің тоқырауы. Меке шәріп

Қарашаның қайтуы. Мәдина шәріп

Үркердің батуы. Бұхар шәріп

Мұздың қатуы. Шам шәріп

Киіктің матауы. Қатым шәріп

Қыс тоқсан. Құддыс (Мысыр) шәріп

Ай тоғамы. Кәләм шәріп (Құран)


"Ұрпақ тәрбиесі - ұлылықтың бастауы"


.




ТЕК – түп нәсіл, арғы атаны білдіретін тарихи ұғым

АТА-БАБА – түп-тұқиян.
ҚАРА ШАҢЫРАҚата-баба шаңырақ көтерген, кейін кенже ұл иеленетін басты, үлкен үй. Бүкіл үрім-бұтақ өркен жайған шаңырақ.

ҮРІМ-БҰТАҚ – бір атадан өрбіген ұрпақ.

ӘУЛЕТ – бір атаға жататын зәузат.

ОТАУ – енші алған ұлдардың шаңырағы.

ТӨРКІН – тұрмысқа шыққан қыздың ел-жұрты.

ҚАЙЫН ЖҰРТ - әйелдің төркін жұртының күйеуіне қатысты атауы.

АҒАЙЫН – туыстығы жағынан аталас адамдар.

ЖАМАҒАЙЫН, ҚАБЫРҒА АҒАЙЫН – жанама туыс, туыстығы алыс аталас адамдар.

ТУЫСҚАН – туыстығы екі-үш атадан қосылатын адамдар.

ТУЫС, БАУЫР – бірге туған қандас.

Қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша, туыстық қан араластырмау мақсатында, ағайынды адамдар жеті атасына дейін қыз беріп, қыз алыспайды. Өзара құдаласу тек сегізінші ұрпақ – жүрежаттан басталуы мүмкін.



ОН АТА




ӘКЕ

БАЛА

НЕМЕРЕ

ШӨБЕРЕ

ШӨПШЕК

НЕМЕНЕ

ТУАЖАТ

ЖҮРЕЖАТ

ЖЕКЖАТ

ЖҰРАҒАТ

Материалды дайындаған

«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК

оқытушысы А.М. Темірбекова





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет