«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2008 жылғы қазан Ұлттық Банк 2008 жылғы қазанда жүргізген «Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы»



жүктеу 106.09 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі106.09 Kb.
: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
«Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы»
екінші деңгейдегі банктерді зерттеу, 2008 жылғы қазан

Ұлттық Банк 2008 жылғы қазанда жүргізген «Кредит нарығының жай-күйі және өлшемдерінің болжамы» жеке сұхбат нысанында тұрақты зерттеу нәтижесі бойынша 2008 жылдың 3-тоқсанындағы жағдайды қаржылық емес ұйымдар тарапынан кредит ресурстарына қанағаттанарлықсыз сұраныстың сақталуымен, жеке тұлғалар тарапынан сұраныстың айқын құлдырауымен, қатаң кредит саясатының және банктердің нарықтың қолайсыз экономикалық конъюктурасы мен теріс күтулер аясында кредиттеу талаптарының сақталуымен сипаттауға болады. Атап айтқанда респонденттердің 64% бұрынғы кредиттеу талаптарының қаржылық емес ұйымдарға қатысты, 52% ипотекалық (бұл ретте респонденттердің 32% оны одан әрі қатаңдата түскен) және 65% тұтынушылық кредиттеуге қатысты сақталып отырғандығын атап өтті. Банктердің қатаң кредит саясатын сақтауы несиелік портфель сапасының нашарлауымен және сыртқы және ішкі нарықтағы қолайсыз экономикалық жағдайға байланысты. Бұл ретте кредит ресурстарына1 сұраныстың нақты түсуі жеке тұлғалар тарапынан байқалса, ал корпоративтік сектор тарапынан заемдық қаржы ресурстарына өсіп келе жатқан қажеттілік жалғасуда.


  1. Корпоративтік сектор заемдарының нарығы




        1. Банктер тарапынан кредиттік ресурстарды беруге деген сақтық аясында 2008 жылғы 3-тоқсанда алдыңғы талданған кезеңмен салыстырғанда сұраныстың, әсіресе шағын бизнес тарапынан (1- диаграмма, А) сұраныстың өсіп отырғандығы аталды. Бұл көбіне тиісті өтімділікті қолдау қажеттілігінен және осының салдары ретінде айналым қаражатын қаржыландыру және қазіргі борышты қайта құрылымдау қажеттілігінен туындап отыр. Өндірістік қуаттарды бұдан әрі кеңейту және негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу қажеттілігінен туындайтын сұраныстың үлесі төмендеді. Сұраныстың төмендегенін атап өткен респонденттердің 40% жуығы (негізінен шетелдік қатысуы жоқ банктер және ірі банктердің 5-гі) мұны кредиттеу талаптарын қатаңдауымен: пайыздық ставканың өзгеруімен және кредиттеудің басқа талаптарының өзгеруімен түсіндіреді.

Тұтастай алғанда сұраныс динамикасы бойынша банктердің күтуі ірі және орта бизнес субъектілері бойынша ақталды (1-диаграмма, Б и В). Өткен кезеңде шағын бизнес субъектілеріне қатысты жасалған болжам оның, алдындағы кезеңдегіден анағұрлым белсенді сұраныс болатындығы бөлігінде расталған жоқ. (1-диаграмма, Г).

  1. «Қысқа ақшаны» беру үрдісі талданып отырған кезеңде өз өзектілігін сақтады. Өтімділіктің бірдей деңгейін, несие портфелінің тиісті сапасын қолдау қажеттілігін, жаңа заемшыларға сақтықпен қарауды банктер заемдарды қысқа мерзімге беру саясатына ықпал еткен негізгі факторлар деп көрсетті. Сонымен қатар банктерден теңгемен де және шетел валютасымен де шетелдік қатысуы бар ұзақ мерзімді заемдарды алуға деген сұраныстың өскені аталды. Бұл негізгі инвесторлар қолдаған осы банктердің беру талаптарымен және қорландыру көздерімен түсіндіріледі.

  2. Корпоративтік сектордың қанағаттанарлықсыз сұранысына қарамастан банктер көбіне ағымдағы заемшылардың төлеу қабілеттілігі мен қаржы жағдайына алаңдаушылық тудырып отыр, сондықтан олардың қызметі осылармен жұмыс істеуге бағытталған. Бұл көбіне ірі банктердің бестігіне, сондай-ақ шетелдік қатысу жоқ банктерге қатысты.



1-диаграмма. Кредиттік ресурстарға

сұраныстың өзгеруі




А. Қаржылық емес ұйымдардың сұранысы



Б. Ірі бизнес тарапынан сұраныс




В. Орта бизнес тарапынан сұраныс




Г. Шағын бизнес тарапынан сұраныс


Алдыңғы кезеңдерде кредит саясатын қатаңдатуға ықпал еткен негізгі факторлар 2008 жылдың 3-тоқсанында өз мәнін сақтап қалды:



  • экономикалық даму үрдісінің теріс күтулері;

  • несие портфеліндегі жоғары тәуекелді заемдар үлесінің өзгеруі;

  • ірі заемшылардың қаржы жағдайының өзгеруі;

  • кепілмен қамтамасыз ету құнына және қайта бағалауға байланысты тәуекелдер;

  • экономиканың белгілі бір салаларына қатысты кредиттік тәуекелдердің өсуі.

Банктердің көрсетуі бойынша кредиттік нарыққа қатысушылардың қызметі негізінен несие портфелінің сапасын қолдауға және проблемасы бар кредиттермен жұмысқа байланысты болды. Кредиттік тәуекел деңгейінің өсу аясында (респонденттердің 69% оның өскендігін көрсетті) банктерде қазіргі және жаңа заемшылар мониторингінің рөлі өсіп отыр. Атап айтқанда қосымша қаржы коээфиценттерін (өтімділік коэффициентін, қызмет және пайдалылық тиімділігін) қолдану практикасы, заемшылар рейтингін, салалық лимиттер жүйесін енгізу және мерзімі өткен берешегі бар заемшылармен анағұрлым мұқият жұмыс жүргізу байқалды.




  1. Кредиттеудің корпоративтік секторы қазіргі кездегі талаптар тізбесіне толық сәйкес келетін жаңа «жақсы» заемшылардың жоқ болуымен сипатталады. Сондықтан, осы кезде банктердің негізгі күш- жігері қазіргі клиенттермен олардың дефолтын және тиісінше несие портфелінің нашарлауын болдырмау мақсатында осылармен жұмыс істеуге бағытталған. Банктер бұрында тәуекелділер қатарына жатқызбаған экономика салалары қазіргі жағдайда олардың ерекше назарында болып отыр. Бұл бірінші кезекте саудаға және ауыл шаруашылығына, бір шетінен мұнайгаз және металлургиялық өндіріске қатысты болып отыр, бұл әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстан экономикасына әсерінің жүйелілігін және оның экпортқа бағытталған салаларда таралуын көрсетеді. Кредиттік ресурстарды беру талаптары ішінде қосымша шамалы қатаңдату кепіл талаптары, ковенанттар және кредиттеудің тәуекелді түрлері бойынша маржа бойынша байқалды.

  2. Нарықтағы кредиттік саясатқа қатысты банктердің көбінде оның өзгермегендігі байқалды (барлық кредиттеу субъектілері бойынша респонденттердің орташа 60%). Кредиттік саясатты бұдан әрі қатаңдату жөніндегі шаралардың салдары осының нәтижесінде корпоративтік сектордың заемдық қаржы ресурстарына сұраныстың біршама шектеулі болатындығына байланысты, ұстап тұрушы фактор болғандығын болжауға болады. 2008 жылғы 3-тоқсанда тұтастай алғанда кредитік саясаттың өзгеруі жөніндегі шаралар алдыңғы кезеңнің болжамдарын толықтай растады. (2-диаграмма).

  3. 2008 жылғы 3-тоқсанда банктердің жартысы коммерциялық жылжымайтын мүлікке заемдар берудің бұрынғы талаптарын сақтап қалды, банктердің 1/3 оларды шамалы қатаңдатты. Бұдан әрі қатаңдату үшін басқа кредиттік институттар тарапынан бәсекелестіктің төмендеуі және коммерциялық жылжымайтын мүлікке кредиттер бойынша портфель сапасының нашарлауы анағұрлым маңызды себептер болды. Жоғарыда көрсетілген өзгерістер негізінен шетелдік қатысуы жоқ банктерге қатысты болды. Шетелдік қатысуы бар банктерде сол кездегі негізгі банктердің келеңсіз тәжірибесі себебінен осы өнімнің жоқ болуы байқалады.

  4. 2008 жылғы 4-тоқсанда кредиттеудің барлық субъектілері бойынша банктер сұраныстың өсуін, әсіресе ірі және шағын бизнестің сұранысын күтіп отыр. Банктер сұраныстың анағұрлым маңызды өсуін шетелдік қатысумен күтіп отырғандығын айта кету қажет (кредиттеудің барлық субъектілері бойынша респонденттердің орташа 45%).


2-диаграмма. Кредит саясатын өзгерту



А. Жалпы қаржылық емес ұйымдар



Б. Ірі бизнес




В. Орта бизнес




Г. Шағын бизнес






  1. Банктердің болжамдарына сәйкес алдағы кезеңде кредит саясатын қатаңдату белгісі өте қатты өзгеріске ұшырай қоймайды – бұрынғы кредит саясатын сақтауға респонденттердің 72%, сонымен қатар тек 23% келесі тоқсанда оны біраз ғана қатаңдатуға ниет білдіріп отыр.

  2. Кредиттеу талаптарының ішінде 2008 жылғы 4-тоқсанда тәуекелді кредиттер бойынша маржа, кепілдік талап ету және ковенанттар неғұрлым көп қатаңдатылады (қатаңдату қаржы коээфиценттері бөлігінде қаржы ковенанттарына, акционерлердің құрылымына қатысты қаржы емес ковенанттарға да, қосымша қарыз алуға тиым салуға және дивиденттер төлеуге тиым салуға да қатысты).

  3. Кредиттеудің қатаң талаптарын сақтау салдарынан банктер кепілге салынған мүлікті өндіріп алу бойынша операциялардың және келесі тоқсанда байқалып отырған динамиканың сақталу болашағымен заемшылардың борыштарын қайта құрылымдау бойынша операциялардың өсуін атады. Банктер алдыңғы 3 айда өтеу мерзімінің өтіп кетуінің, ұзарту санының өсуін, қамтамасыз ету сапасының және заемшылардың қаржы жағдайының нашарлауын (өтімділік және пайдалылық көрсеткіштері бойынша) болжап отыр–респонденттерің 45% астамы.



II. Жеке тұлғаларға берілетін заемдар нарығы


  1. Бөлшек секторда алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда ипотекалық кредиттеуге сұраныстың бұдан әрі төмендеуі (респонденттердің 33%) және тұтынушылық кредиттеуге шектеулі сұраныс (респонденттердің 52%) байқалды. Банктер мұны, алдымен жылжымайтын мүлік нарығындағы белгісіздіктің сақталуымен және халықтың кірісінің төмендеуі аясында борыш ауыртпалығының өсуімен байланыстырады (3-диаграмма).

  2. Тұтастас алғанда банктер экономиканың көптеген салаларындағы проблемаларға байланысты халықтың қолдағы заемдарға қызмет көрсетуде қиындыққа ұшырап отырғандығы атап өтті, бұл тікелей мерзімін өткізіп алу деңгейінің өсуіне және борыштарды қайта құрылымдауға тікелей әсер етеді. Бұл ретте заемдарды берудің кейбір талаптары, негізінен кепілдік талаптарды және кредиттеудің тәуекелді түрлері бойынша маржаны қатаңдату заемшылардың төлем қабілеттілігіне азғана әсер етті.


3- диаграмма. Кредиттік ресурстарға сұраныстың өзгеруі



А. Ипотекалық кредиттеу





Б. Тұтынушылық кредиттеу






  1. Ипотекалық кредиттеуге сұраныстың төмендеуіне жылжымайтын мүлік нарығы дамуының теріс перспективалары, тұтынушылардың борыштық ауыртпалықты қабылдаудағы сенімсіздігі, сондай-ақ пайыздық ставкалардың елеулі түрде өсуі айтарлықтай әсер етті. Заемдар ұсынуға ниеттілік көрсеткішінің динамикасы банктердің бүгінгі күнгі ағымдағы жағдайын көрсетеді. Банктер өзінің негізгі қызметінде корпоративтік секторды кредиттеуге және тұтынушылық кредиттеуге баса назар аударады. Ипотекалық кредиттеуге келетін болсақ, жылжымайтын мүлік нарығындағы белгісіздік және орта бағаның ауытқуы банктерді оған деген аз қызығушылықты сақтауға және ілеспе тәуекелдерді анағұрлым мұқият талдауға мәжбүрлейді (4-диаграмма) .


4-диаграмма. Банктердің кредиттік ресурстарды

беру ниеті (диффузия индексі)




  1. Капиталды тарту шығасыларының өсуіне, кепілмен қамтамасыз ету құнының өзгеру тәуекеліне, пессимистік экономикалық күтулердің өсуіне және жылжымайтын мүлік нарығының даму перспективаларының өсуіне байланысты ипотекалық кредиттеуге қатысты банктердің 32% кредиттік саясатты қатаңдатты және 52% өзгеріссіз қалдырды, тұтынушылық кредиттеуге қатысты банктердің көбі (респонденттердің 65%) негізінен заемшылардың төлем қабілеттілігінің ағымдағы деңгейі және кепілдік қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдердің салдарынан өзінің кредиттік саясатын бұрынғы деңгейде қалдырды.

  2. Банктердің сұранысқа қатысты жақын арадағы 3 айдағы күтулері тұтынушылық кредиттеу бойынша анағұрлым оңтайлы: респонденттердің 65% тұтынушылық кредиттеуге сұраныстың өсуін күтсе, ал кемінде 44% ипотекалық кредиттеуге сұраныстың өсуін болжап отыр. Ағымдағы кредит саясатын сақтау (5-диаграмма) банктердің пікірінше осыған ықпал етуі тиіс, сондай-ақ 5 ірі банктің 3 банкіне тән болмақ. Кредиттеу талаптары, жылжымалы мүлік нарығындағы белгісіздікке байланысты тұрақты мониторингті талап ететін кепілдік талаптарды және кредиттеудің тәуекелді түрлері бойынша маржаны шамалы қатаңдатудан басқа, өзгермейді.


5-диаграмма. Кредит саясатының өзгеруі



А. Ипотекалық кредиттеу




Б. Тұтынушылық кредиттеу






  1. Жылжымалы мүліктің орташа бағасына қатысты сарапшылардың пікірі 2008 жылдың соңына дейін шамалы төмендеу болады деп бағаланды. Бұл ретте жаңа жылдың басынан бұдан былайғы даму жөнінде респонденттердің көбі болжам жасай алмады.



III. Тәуекелдер картасы
Банктер пікіртерім нәтижесі бойынша несиелік портфельдің сапасын қолдау жөніндегі шаралар ағымдағы тоқсанда өз мәнін сақтады және ұзақ мерзімді кезеңге басым міндет болады деп атап өтті. Пікіртерім нәтижелері бойынша респонденттердің 51% несие портфелінің сапасы алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда сол деңгейде қалғанын, ал 40% - оның нашарлағанын атап өтті. Корпоративтік сектор және жеке тұлғалар бойынша мынадай мәндер тіркелді: 59% - бұрынғы деңгейде, 32% - нашарлау. Несие портфелі сапасының нашарлауының анағұрлым көп мәнін шетелдік қатысу жоқ банктер (кредиттеудің барлық сегменттері бойынша респонденттердің орташа 45%), оның ішінде 5 жүйе құраушы банктердің 4-і атап көрсетті.

Тұтастай алғанда банктер экономиканың нақты секторындағы қолайсыз жағдайлардың сақталуы салдарынан проблемасы бар кредиттердің өсуін атап өтті; сондай-ақ, мерзімі өтіп кеткен кредиттер деңгейі мен борыштардың қайта құрылымдалуы шамалы ұлғайды. Бұл ретте қаржы нарығының негізгі ойыншыларын шартты түрде екі топқа бөлуге болады:



  1. көбіне мерзімін кейінге қалдыруды және кредиттің жалпы мерзімін ұзартуды қолданып жүрген банктер;

  2. өз клиенттеріне дұрыс емес белгі бермеу үшін борыштарды қайта құрылымдауды қолданбайтын банктер.

Банктердің пікіріне сәйкес олардың негізгі қызметі кредиттеуге сақтықпен қараумен және қосымша қаржыландыруды тарту көздерін тиімді пайдаланумен сипатталады. Қорландыру көздеріне қатысты банктер жеке және заңды тұлғалардың салымдарына барынша артықшылық береді (тиісінше респонденттердің 60% және 79% жоғары басымдылықты атап көрсетті). Бұл ретте жекелеген банктер депозиттер ағыны көлемінің шамалы төмендегінін, оның ішінде өтімділіктің жетіспеуі және өз өнімін өткізу проблемасына байланысты ірі бизнес субъектілері тарапынан төмендегінін атап өтті. Оның үстіне банктер нарықтағы бәсекелестік факторы болуы себебінен депозиттер бойынша пайыздық ставкалардың өсуін жоққа шығармайды.

Сондай-ақ банктер қазіргі акционерлердің (респонденттердің 53%) қаражаты есебінен капиталды ұлғайтуға және алынған пайданы қайта инвестициялауға (респонденттердің 53%) барынша назар аударып отыр. Бұл ретте банктердің бірінші 5-гі көбіне мемлекеттің қолдауына сүйене отырып, қазіргі акционерлердің қаражатына азғана сенім артып отыр.



Мемлекет тарапынан банк секторын қолдау жөніндегі шараларды пікіртерім жүргізілген респонденттердің жартысынан көбі қолдайды және қызығушылық білдіріп отыр. Сонымен қатар анағұрлым ірі банктер бұл қолдау мемлекет тарапынан мәжбүрлемейтін талаптарға негізделген және осы банктердің өздері үшін пайдалы үлесі болса деген сенімде.

Жылжымайтын мүлікке бағаның бұдан әрі шамалы төмендеуін теріс күтулер және іскерлік белсенділіктің баяулауы банк секторында кредиттік тәуекелдің деңгейіне теріс әсерін жалғастыруда (оның өзектілігін респондентердің 69% атап өтті). Өзінің мәні бойынша екінші орында пайыздық тәуекел (респонденттердің 31%), үшінші орында – өтімділік тәуекелі (респонденттердің 23%). Оған қоса, банктер банк қызметкерлері тарапынан болуы мүмкін айла-әрекеттер себепті операциялық тәуекелге аса назар аудара бастады.



1 Сұраныс банктердің кредиттер беру туралы оң шешімдері негізінде ғана бағаланбайды, бірақ оң шешім қабылданбаған қанағаттандырылмаған өтінімдер көлемін ескереді







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет