«Кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдық және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы



жүктеу 143.17 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі143.17 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Ахмет Жұбанов
2015 -> Келісілді бекітемін
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты КӨне түркі поэзиясындағы дәСТҮр жалғастығЫ
2015 -> Көрсетілетін қызметті берушінің және оның филиалдарының мекенжайлары


2015 жылғы

15 сәуірдегі № 9-1/338


«Кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық

жабдық және ауыл шаруашылығы

техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

«Мемлекеттік қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



  1. Қоса беріліп отырған «Кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдық және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

___________________ Е. Досаев

2015 жылғы «____» __________

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы

15 сәуірдегі № 9-1/338 бұйрығымен бекітілген



«Кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдық және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


  1. Жалпы ережелер

1. «Кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдық және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – оператор) жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасы операторға тапсырылған сәттен бастап – 36 (отыз алты) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін берілетін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан көп емес;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан көп емес.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына субсидия қаражатын аударуға төлем шоты.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің және оператордың жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру – сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) операторға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуі үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға арналған өтініш (бұдан әрі – субсидиялауға арналған өтінішке). Оның ажырамас бөлігі ретінде мыналар қоса беріледі:

қаржы институты куәландырған, қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған, негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген шарттың көшірмесі;

кредиттің/лизингтің мақсатты пайдаланылғандығын растайтын, қаржы институты куәландырған құжаттардың: кредиттік қарыздың мақсатты пайдаланылуы актісінің, кредит алғаны туралы қарыз алушының несиелік шотынан (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе кредиттің аударылғанын/лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжаттардан үзіндінің көшірмелері;

егер субсидиялауға арналған өтінішке қаржы институтының бірінші басшысы қол қоймаған жағдайда, басқа адамның қол қою құқығына сенімхаттың немесе бұйрықтың көшірмесі;

қарыз алушының кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және
ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасына қатысуына келісімі туралы қаржы институтының хаты (қарыз алушы субсидиялауға арналған өтініш берген жағдайда ұсынылады).

Субсидиялауға арналған өтінішке қаржы институтының уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар адам қол қоюы және ол қаржы институтының мөрімен бекітілуі тиіс. Бұл ретте қаржы институтының филиалдарынан (өкілдіктерінен) жекелеген субсидиялауға арналған өтініштер қабылданбайды.

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызмет түрлерінің басымдылығына сәйкес, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының мынадай қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады:

мамандандырылған ұйымдардың мал шаруашылығымен айналысатын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін жемшөппен қамтамасыз етуге арналған;

мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының мынадай түрлерін (жиынтықта) сатып алуға арналған:

1) комбайндар, тракторлар, тракторлық тіркемелер, сепкіштер, су таситын техникалар;

2) өздігінен жүретін және тіркемелі дестелегіштер;

3) жұмыс органдары ауыстырмалы құрама әмбебап аспалар;

4) механикалық күректер;

5) тырмалардың, соқалардың, қопсытқыштардың барлық түрі;

6) суаратын жүйелер;

7) тырмалар, аударғыштар, ысырғыштар, десте қалауыштар, десте жасауыштар;

8) жемшөп жинайтын комбайндар, жемшөп жинайтын машиналар;

9) нығыздап-сораптаушы, пішен маялағыштар;

10) жемшөп араластырғыштар, жемшөп үлестіргіштер, ұсатқыштар, араластырғыштар және ұсақтағыштар;

11) тиеуіштер және теңдер мен оралған шөптерді тасымалдауға арналған арбалар, оралған шөпті кескіш пен оралған шөпті жіппен орауыш;

12) сауу қондырғылары;

13) мал шаруашылығы фермаларына арналған шетен қора жабдығы және көң шығару жүйесі;

14) автонауалар, жеке науалар;

15) құрама жем қондырғылары және шағын зауыттар;

16) сүт салқындатқыштар және салқындатқыш-танктер;

17) сүт талдағыштар;

18) сүт қабылдауға арналған қондырғылар;

19) пастеризаторлар;

20) өзі құйып алатын сепараторлар;

21) деаэраторлар;

22) сүттің майлылығын автоматты түрде стандарттау қондырғылары;

23) мал тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдары;

24) сүт тасығыштар;

25) зооветеринариялық өңдеуге арналған бекіткіш-станоктар;

26) шалғылар (өздігінен жүретін, аспалы, роторлық, дискілі, тіркемелі, жартылай аспалы, жаныштағыштар, ұсақтағыш-шалғылар);

27) ауыл шаруашылығы малдарын жаюға және ұстауға арналған жабдықтар, сондай-ақ мал шаруашылығында қолданылатын озық технологиялар (электрлі қоршаулар, электр энергиясының балама көздері, су көтеруге арналған жел сорғылары, радиобайланыс және бейнебақылау жүйелері, GPS навигация жүйелері).

Қарыз шартында осы тармақтың 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген техникалар мен жабдықтарды сатып алу көзделген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы өзінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің деректер базасында тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларының кемінде 50 (елу) шартты мал басының немесе жемшөп дақылдарын өсіруге пайдаланатын жер учаскелерінің бар екендігі туралы растауды қосымша ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия қамтылған мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды операторға тапсырған кезде, қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын оның көшірмесіндегі құжаттар топтамасының қабылдану күні мен уақыты көрсетілген, оператордың кеңсесінде тіркелгені туралы белгі немесе құжаттамадағы пошталық жөнелтілімдерді жүзеге асыратын пошта ұйымының белгісі растайды.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының, оператордың және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, оператордың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36 мекенжайы бойынша беріледі.

Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма қол қабылданады.

Шағымның қабылданғанын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды.

Көрсетілетін қызметті берушінің шағымында:

жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы;

заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні корсетіледі.

Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органга шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мекенжайына келіп түскен шағым оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

12. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын адамдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) операторға жеке келу мүмкіндігі болмаған жағдайда, өтінішті өкілі арқылы немесе поштамен жібере алады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратында лифтіге отырғызуға арналған көшеден кіретін жеке есік және күту орындары көзделген.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мен анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары:

көрсетілетін қызметті берушінің www.mgov.kz,

оператордың www.kam.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алуға мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдық

және ауыл шаруашылығы

техникасының лизингі

бойынша сыйақы

мөлшерлемелерін

субсидиялау қағидаларына

1-қосымша

Нысан


Кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдық және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға арналған

өтініш
Қаржы институты:__________________________________________________________ 

(қаржы институтының атауы)

Көрсетілетін қызметті алушы:______________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) немесе заңды тұлғаның толық атауы)

Кімге:_______________________________________________________________

(оператордың атауы)




  1. Қатысушы туралы мәліметтер




1

Көрсетілетін қызметті алушының атауы




2

Бірінші басшының Т.А.Ә.




3

Көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың нөмірі және күні (нөмірі, берілген күні және орны, БСН/ЖСН)




4

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет түрі




5

Заңды мекенжайы




6

Нақты мекенжайы




7

Банктік деректемелері




8

Байланыс телефондары




9

Осы өтініште көрсетілген, агроөнеркәсіп кешені саласындағы кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша бұрын алынған субсидиялар

туралы мәліметтер (бар болған жағдайда): шарттың № және күні, кредит/лизинг сомасы, қаржы институтының атауы, бюджеттік бағдарламаның аты






10

Банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына арналған лицензия (бар болған жағдайда): лицензия № және күні, кім берді






  1. Субсидиялауға жататын кредиттік шарттар (бұдан әрі – КШ) туралы ақпарат



  №

КШ

(№ және күні)



Сомасы, теңге


Сыйақы мөлшерлемесі, %

Субсидиялау күніне негізгі қарыз бойынша берешек қалдығы

КШ-ның қолданыс мерзімінің аяқталу күні

Кредит беру валютасы

1

2

3

4

5

6

7

1



















2



















3
























Кредит берудің/лизингтің мақсаты*

Кредиттің/лизингтің нысанасы,

саны


Лизинг нысанасын өндіруші ел




8

9

10

1










2










3










Ескертпе:

*айналым қаражатын толықтыру/ негізгі қаражатты алу/ құрылыс/ технологиялық жабдықты және ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу (керегін қою)


Осымен:

1) көрсетілетін қызметті алушының кредиттік және лизингтік шарттары бойынша басқа мемлекеттік және/немесе бюджеттік бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілмейтіні;

2) қаржылық берешегін және жеделдетілген оңалту рәсімін қайта құрылымдау жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының қызметі ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрмағаны, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылмағаны расталады.
Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. және қолы ______________________

(мөр орны)


Қаржы институтының бірінші басшысының қолы немесе оны алмастырушы адамның Т.А.Ә., және

________________________________________________________________

(мөр орны)
Қаржы институтының/ көрсетілетін қызметті алушының

өтініш берген күні 20___ жылғы «____»_____________


Өтінішті қабылдаған адамның Т.А.Ә. және телефон нөмірі

________________________________________________________________


Оператордың өтінішті қабылдаған күні 20___жылғы «____»_______________









029382




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет