Кредиттік серіктестіктерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар



жүктеу 161.42 Kb.
Дата30.04.2016
өлшемі161.42 Kb.
: assets -> files -> %D0%9D%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%B2%D0%BD%D0%BE-%D0%BF%D1%80%D0%B0%D0%B2%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%8F%20%D0%B1%D0%B0%D0%B7%D0%B0 -> %D0%BA%D0%B0%D0%B7
files -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
files -> Российская Федерация Республика Хакасия
files -> Ооо сп «Абаза Телеком»
files -> Постановление «26» декабря 2013 г г. Абаза №1097 Об утверждении муниципальной программы «Развитие образования на 2014-2016 годы»
files -> Шығыс Қазақстан облыстық Семейдің Абай атныдағы қазақ музыкалы драма театрының қызмет көрсету
files -> Тауарды әкелген, жұмыстың орындалу, қызмет көрсету мерзімі
files -> Үгіттік баспа материалдарын орналастыру және халықпен кездесу орындарын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
files -> Шарттық негізде үй – жайлар беру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
%D0%BA%D0%B0%D0%B7 -> 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы «__»__________

бұйрығымен бекітілген




Кредиттік серіктестіктерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар

1. Жалпы ережелер


  1. Осы кредиттік серіктестіктерге арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына
    (бұдан әрі – АҚ/ТҚҚ туралы Заң) және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (бұдан әрі – ФАТФ) халықаралық стандарттарына сәйкес өңделген.

  2. Осы Талаптарда Қаржы мониторингінің субъектілеріне кредиттік серіктестіктер (бұдан әрі – Субъектілер) жатады.

  3. Егер Талаптарда өзгеше көзделмесе, онда Талаптарда қолданылған ұғымдар АЖ/ТҚҚ туралы Заңда және «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы № 195 Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мағынада пайдаланылады.

  4. Талаптар мақсатында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтатып қою – Субъектілердің терроризм және экстремизмді не олардың пайдасына қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне кіретін ұйымдардың немесе жеке тұлғаның, осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік болып табылатын клиенттің не оның пайдасына ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту жолымен қабылданатын шаралар;

  1. клиент – Субъектілердің қызметін пайдаланатын жеке және заңды тұлға;

  2. ҚМ-1 нысаны – ҚМ-1 нысаны - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру ережесімен айқындалған нысан;

  3. қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері – Субъектілерді қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру процестеріне немесе өзге қылмыстық істерге қасақана немесе байқамай тарту мүмкіндігі;

  4. қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерінің мониторингі, оларды айқындау, сондай-ақ оларды азайту бойынша Субъектілер қабылдайтын шаралар жиынтығы (қызметтерге, клиенттерге қатысты);

  5. уәкілетті орган  – АЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қолданатын мемлекеттік орган.»;

  1. Ішкі бақылау:

1) Субъектілердің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл
(бұдан әрі – АЖ/ТҚҚ) туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз етуі;

2) Субъектілердің ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыру (жылыстату) және терроризмдi қаржыландыру (бұдан әрі – АЖ/ТҚ) тәуекелдерін басқару үшін жеткілікті деңгейде қолдауы;

3) АЖ/ТҚҚ тәуекелдерін төмендетуі мақсатында жүзеге асырылады.

6. Субъектілер Ішкі бақылау қағидаларын (бұдан әрі – ІБҚ) ұйымдастыру және сақтау бойынша жауапты тұлға болып табылады.

7. Субъектілер ІБҚ әзірлеу, қабылдау және (немесе) орындау міндеттемелерінің және оны жүзеге асыру бағдарламаларының орындалмауына не 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ІБҚ-нің АЖ/ТҚҚ туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары талаптарына сәйкессіздігіне әкімшілік жауапкершілікте болады.

8. ІБҚ АЖ/ТҚҚ-ға бағытталған жұмыстың ұйымдық негіздерін реттейтін және Субъектілердің АЖ/ТҚҚ мақсатында іс-әрекет жасау тәртібін белгілейтін құжат болып табылады.

9. Заңның 11-бабы 3-тармағына сәйкес ІБҚ мынадай бағдарламаларды қамтиды:

АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасын;

технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдерін және көрсетілетін қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін, АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасын;

клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасын;

клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын;

қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлерін АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасын;

ІБҚ сәйкес қаржы мониторингі субъектілері әзірлеуі мүмкін өзге де бағдарламаларды қамтиды.


      1. ІБҚ ұйымдастыру, іске асыру және сақтау мониторингі бойынша ІБҚ жауапты лауазымды тұлға не құрылымдық бөлімше тағайындауды көздейді.

Ескерту. Жауапты тұлғаның лауазымына жоғарғы білімі жоқ, қаржылық не микроқаржылық (микрокредиттік) ұйымдарда 2 (екі) жылдан кем емес жұмыс өкілі бар, экономикалық қызмет саласында ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қасақана жасалған қылмыстары үшін алынбаған және жойылмаған сотталғандығы бар тұлға тағайындалмайды.

      1. Егер АЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Субъектілер олар күшіне енген уақыттан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ІБҚ тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.



2. АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы


      1. АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы:

  1. АЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру барысында Субъектілер қызметінің сипаттамасын қоса алғанда ішкі бақылауды ұйымдастыру тәртібінен;

2) ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасаудан бас тарту тәртібі АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 1)2)2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, клиентпен іскерлік қатынасқа тыйым салу және тоқтату жөніндегі шараларды қабылдау, АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда жеке немесе заңды тұлғаға іскерлік қатынастарды орнатудан бас тарту тәртібі;

3) зерделеуге жататын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды Субъектілердің күдікті операция ретінде тану тәртібінен;

4) уәкілетті органға мәліметтерді, ақпаратты және құжаттарды жіберу үшін қолданылатын автоматтандырылған ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамыту жұмысының нұсқамалары мен регламенттерін қоса алғанда уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты, жеке немесе заңды тұлғамен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту, клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтату, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жүргізуден бас тарту фактілерін беру тәртібінен;

5) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қосқанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар, сонымен қатар күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелерін құжаттық тіркеу және сақтау тәртібінен құралады.

Ескерту. Қаржы мониторингіне жататын және уәкілетті органға берілетін операцияларды құжаттық тіркеу нөмірленген, тігілген, басшының қолы және мөрімен бекітілген қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерінің есебі журналында жазылады.

Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерінің есебі журналында:

ақпаратты уәкілетті органға беру нөмірі мен күні;

хаттаманы жіберу негізі;

уәкілетті органның ҚМ-1 нысанын қабылдауы/қабылдамауы туралы хабарлама нөмірі мен күні.


      1. Ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес Субъектілердің функциялары:

1) ІБҚ өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу;

2) АЖ/ТҚҚ туралы Заңға сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті органға беруді ұйымдастыру және бақылау;

3) клиент операцияларын күдікті ретінде тану туралы шешімдер қабылдау;

4) клиент операцияларын күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларға жатқызу туралы шешімдер қабылдау;

5) клиент операцияларын тоқтату не жүргізуден бас тарту және уәкілетті органға жолдау қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;

6) клиенттермен іскерлік қатынастар орнату, жалғастыру не тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

7) клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қатысты қабылданған шешімдерді құжаттық тіркеу;

8) Ішкі бақылау қағидаларын іске асыру барысында алынған деректер негізінде клиенттің дерекнамасын қалыптастыру;

9) тәуекелдерді басқару және Ішкі бақылау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау;

10) клиенттің дерекнамасын және онымен хат-хабар алмасуды қоса алғанда, клиентті тиісінше тексеру нәтижелері бойынша алынған құжаттар мен мәліметтер, қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар және күдікті операциялар туралы құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ барлық күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларды зерделеу нәтижелері клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатқан күннен бастап кемiнде бес жыл сақтауды қамтамасыз ету;

11) АЖ/ТҚҚ туралы заңнамаға сәйкес өзге қызметтер.

14. Субъектілер жүктелген функцияларға сәйкес:

1) өз қызметін жүзеге асыру барысында алынған ақпаратты құпия сақтауды қамтамасыз етеді;

2) АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы орындауын бақылауды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдарға ақпарат береді;

3) уәкілетті органның сұранысы бойынша АЖ/ТҚҚ туралы Заңының 10 бабы 3-1 тармағына сәйкес оған қажетті ақпарат, мәліметтер мен құжаттар ұсынылады;

15. Субъект клиент пен басқа да тұлғаларды уәкілетті органдарға осындай клиенттер туралы және олармен жасалған операциялар туралы ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсыну туралы мәлімдеуге құқысыз



3. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы


  1. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасы клиенттің операциясын жүзеге асыратын тұлғаның тәуекел деңгейін беру арқылы АЖ/ТҚ байланысты клиенттің ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларын жүргізу тәуекеліне баға беруді көздейді.

Ескерту. Тәуекел деңгейлері қолда бар мәліметтер негізінде қалыптастырылады.

Тәуекелдерді бағалау қорытындылары құжаттық тіркеледі және тиісті мемлекеттік органдардың және Субъекті мүше болып табылатын қаржы емес ұйымдардың талаптары бойынша ұсынылады.

Клиентке берілген тәуекелдер деңгейі қажеттілігі бойынша, алайда жылына кемінде бір рет қайта қаралуы тиіс.

17. АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасында тәуекелдің жоғары деңгейі:

1) мынадай:

ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) толық көлемде орындамайтын;

жемқорлық немесе өзге қылмыстық әрекеттері жоғары деңгейдегі;

БҰҰ салатын санкцияларға, эмбарго және сол сияқты шараларға ұшыраған;

террористік (экстремистік) әрекеттерді қаржыландыратын немесе қолдау көрсететін және белгіленген террористік (экстремистік) ұйымдары бар мемлекеттен (аумақтан) келген клиенттерге іскерлік қатынастары мен мәмілелеріне;

Ескерту. Осындай мемлекеттерге (аумақтарға) БҰҰ-ның және халықаралық ұйымдардың мәліметтері бойынша сілтемелер уәкілетті органның ресми Интернет-ресурсында жарияланады;



  1. мынадай жағдайларда клиентке:

клиент шетелдiк жария лауазымды тұлға не жария халықаралық ұйымның лауазымды тұлғасы, не шетелдiк жария лауазымды тұлғаның мүддесіне (пайдасына) әрекет ететін тұлға, не шетелдiк жария лауазымды тұлғаның зайыбы, жақын туысы болған;

клиент (оның өкілі) не клиенттің контрагенті операция бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6058 тіркелген «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен бекітілген оффшорлық аймақтар тізбесіне енген мемлекетте немесе аумақта тіркелген немесе қызметін жүзеге асырған;


клиент АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енген;

азаматтығы жоқ болып табылатын клиент, не Қазақстан Республикасында тіркелген немесе Қазақстан Республикасында келу мекен-жайы жоқ;

клиент резидент емес болып табылған;

клиент жарғылық капиталында мемлекеттік меншік үлесі бар ұйым болып табылған;

мемлекеттік тіркеу кезінде клиенттің мәлімделген орны оның басқару органының іс жүзіндегі қызмет орнымен сәйкес келмеген;

клиентпен іскерлік қатынас ерекше (мысалы, Субъекті мен клиенттің арасында түсініксіз географиляқ арақашықтық бар) жағдайларда жүзеге асырылған;



клиенттің қызметі қолма-қол ақша қарқынды айналымымен байланысты;

клиент берген мәліметтерді тексеру кезінде Субъектілерде қиындықтар пайда болған;

клиент операция жүргізуді тездеткен, не пайдаланылуы Субъектілердің әдеттегі тәжірибесінен айырықшаланатын стандартты емес ерекше есептің күрделі схемаларын жүргізуді талап еткен;

клиент жаңа, сондай-ақ қода бар өнімдерге берудің жаңа тетіктерін, жаңа және дамып келе жатқан технологияларды қоса алғанда жаңа өнімдерді және жаңа іскерлік тәжірибені қолданған;

клиент қаржы мониторингі рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-қимыл жасаған;

клиент коммерциялық емес ұйым болып табылған;

клиент операциялары бұрын күдікті деп танылғанда;

АЖ/ТҚ-дың жоғары тәуекелімен байланысты клиент туралы өзге ақпарат болған жағдайда;

3) операциялар:

тараптардың іс жүзінде қатысуынсыз жүргізілетін;

белгісіз немесе байланысты емес үшінші тараптың атынан немесе оның пайдасына жүргізілетін;

қолма-қол есеп айырысуды қоса алғанда жасырын банк шоттарымен немесе жасырын, ойлап табылған есімделі қолданумен байланысты;

айқын экономикалық мәні жоқ немесе анық қойылған заңды мақсаты жоқ;

клиенттің оған тән емес жиілікпен, не осы клиент үшін ерекше ірі сомаға жүргізілген;

АЖ/ТҚ-дың жоғары тәуекелі туралы ақпарат бар болған жағдайда беріледі.

АЖ/ТҚ жоғары тәуекел берілген клиенттерге АЖ/ТҚҚ туралы Заңының 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісілі тексерудің күшейтілген шаралары қолданылады.

АЖ/ТҚ тәуекелін басқару бағдарламасында тәуекелдің төмен деңгейі:

1) мынадай:

ФАТФ ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) толық көлемде орындамайтын мемлекеттер (аумақтар) тізбесіне енбеген;

жемқорлық немесе өзге қылмыстық әрекеттері төмен деңгейдегі мемлекеттен (аумақтан) келген жеке және заңды тұлғалардың іскерлік қатынастары мен мәмілелеріне;

2) клиент қаржы мекемесі – қаржы мониторингі субъектісі болған және соңғы бір жылда АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған жағдайда;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;

Қаржылық биржада тіркелген ұйым болып табылса

3) операциялар:

мемлекеттік қызметшілердің мүлікті (коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды және өзге мүлікті, сонымен қатар жалдауға берілген мүлікті) сенімгерлікпен басқаруға беру бойынша;

мүлікті пайдалану тәртібі туралы шартты куәландырумен байланысты беріледі.

АЖ/ТҚ төмен тәуекел берілген клиенттерге АЖ/ТҚҚ туралы Заңының 5-бабы 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісілі тексерудің оңайлатынлған шаралары қолданылады.



4. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы


  1. Клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы клиент жүзеге асырған операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қоса алғанда клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді, анықтау, бұрын алынғанды жаңарту бойынша шараларды Субъектілердің жүргізуі болып табылады және:

  1. АЖ/ТҚҚ туралы Заңы 5-бабының талаптарына сәйкес клиентті
    (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды сақтау;

  2. АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру;

  3. АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесімен көзделгендей клиентке (оның өкіліне) және бенефициарлық меншік иесіне қатысты олардың терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысының барын немесе жоғын тексеру;

  4. АЖ/ТҚҚ туралы Заңы 8-бабының талаптарына сәйкес клиенттiң шетелдiк жария лауазымды тұлғаға, оның отбасы мүшелеріне және жақын туыстарына жататынын және (немесе) қатыстылығын тексеру;

5) сәйкесінше тіркеуі, тұратын жері және орналасқан жері бар клиенттерді анықтау:

ФАТФ ұсыныстарын орындамайтын және (немесе) толық көлемде орындамайтын мемлекетте (аумақта), немесе АЖ/ТҚҚ туралы Заңының 4-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес белгіленген мемлекетте (белгіленген аумақта) тіркелген банктерде қолдану шоттарын қолданса;

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6058 тіркелген «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығымен бекітілген оффшорлық аймақтарда;

6) болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу;

Ескерту. Тәуекел деңгейі жоғары клиент үшін болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу кезінде жасалатын операциялардың қызмет түрі мен қаржыландыру көзі туралы қосымша мәліметте сұратады.

Тәуекел деңгейі төмен клиент үшін болжамдалатын мақсаттар мен іскерлік қатынастар сипатын белгілеу клиент операцияларының негізгі сипатында анықталады.



  1. тәуекелдерді басқару бағдарламасына сәйкес клиентке берілген тәуекел деңгейіне байланысты клиентті тиісінше тексеру шараларын қолдану;

8) клиентті сәйкестендіру нәтижелері бойынша алынған мәліметтерді, клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы сәйкестендіру мәліметтерінің өзгеруіне байланысты, алайда жылына кемінде бір рет мәліметтерді жаңарту рәсімдерін қосады.

Ескерту. Тәуекел деңгейі жоғары клиент мәліметтерді жаңарту жарты жылда бір реттен кем емес.

Тәуекел деңгейі төмен клиент мәліметтер үшін мәлімттерді жаңарту екі жылда бір реттен кем емес.

Клиентке іскерлік қатынастарды орнату және ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасауға бас тартылған жағдайда АЖ/ТҚҚ туралы Заңының 3-бабының 3-тармағының 1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, сонымен қатар тоқтату шараларын қабылдауға байланысты, Субъекттер уәкілетті органдарға ҚМ-1 нысаны бойынша осындай бас тарту факті жөнінде мәлімдеме жолдайды.

АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қолдану мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды АЖ/ТҚ мақсатында пайдаланыланады деген күдік туындаған жағдайда, Субъектілер клиентпен іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы. Егер іскерлік қатынастар жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша тоқталса, Субъектілер уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша хабарлама жолдайды.

5. Клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасы


  1. Субъектілер мынадай операцияларды анықтауды қамтитын, клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын әзірлейді:

1) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген;

2) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген;



3) АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабының 4-тармағында көрсетілген.

  1. Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің жоғары деңгейі берілген жағдайда жоспарланған немесе жасалған операциялардың себептерін анықтау мақсатында клиент жасаған барлық операцияларды зерделейді, әрмен қарай тексеруді қажет ететін операцияның сипатын анықтайды.

Субъект клиентке АЖ/ТҚ тәуекелінің төмен деңгейі берілген жағдайда клиенттің ағымдағы операциясын зерделейді.

  1. Клиенттердің операцияларына мониторинг жүргізу және оларды зерделеу бағдарламасын іске асыру аясында алынған мәліметтер құжаттық тіркеледі және клиенттің дерекнамасына енгізіледі.

  2. АЖ/ТҚҚ туралы Заңның 4-бабы 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген клиенттің анықталған операциялары туралы мәліметтер мен ақпараттар уәкілетті органға ҚМ-1 нысаны бойынша ұсынылады.

  3. Субъектілер міндетті зерделеуге жататын операциялар туралы хабарламаны осындай операция күдікті ретінде танылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешiктiрмей уәкілетті органға ұсынады.



6. АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы


  1. Қызметкерлерді АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша даярлау және оқыту бағдарламасы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік реестрінде № 10001 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 533 «Қаржы мониторингі субъектілерінің жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектiлерiн жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет