Күршім ауданының әкімі А. Сеитовке



жүктеу 106.17 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі106.17 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Күршім ауданының әкімі

А.Сеитовке
2015 жылдың жартыжылдығында сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің атқарған жұмыстары туралы
1. Жолдар бойынша: Күршім ауданы бойынша 301 км аудандық маңызы бар, 551 км облыстық маңызы бар, 76 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдары және 239 км көше жолдары бар.

301 км аудандық маңызы бар жолдардың ішінде қанағаттандырарлығы- 61,5 %, қанағаттандырылмайтын жолдар-38,5 %-ті құрайды.



Республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай-Қалжыр-Теректі» автомобиль жолының 114-124 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер: СК «Зайсан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жұмыстар басталды. Қазіргі күні 121 шақырымында шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөнделген 6 шақырымына 750 тонна асфальт төселінді. 10 шақырым шұңқырларды жамау жұмыстары біткен соң, асфальт салып тегістеу жұмыстары жүргізіледі. Бөлінген қаржы-99,778 млн. теңге. Игерілген қаржы-5 млн. теңге. Техника: 2-автогрейдер, 1-фреза, 4-каток, 7-самосвал. 14 адам жұмыс істеп жүр. Басталу уақыты- маусым. Аяқталу уақыты-30 қазан.(келісім шарт бойынша).

Облыстық маңызы бар автожолдар бойынша:

1) «Үлкен Нарын-Күршім» автомобиль жолындағы 0-23 шақырымында 23 км күрделі жөндеу жұмыстары. Мердігер: «Қатон Қарағай жол жөндеу учаскесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2014 жылы аталған жолдың 0-15 шақырымы жөнделген. Бірақ арасында үзілген жерлері бар. Ағымдағы жылы 15-19км 871 метр жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі күні 17,5 шақырымында бірінші қабат қара қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бөлінген қаржысы- 333, 548 млн теңге. Соның қазіргі күні 117,034 млн теңгесі игерілді. Техника: 2-автогрейдер, 1-фреза, 3-каток, 5- самосвал, 1-экскаватор. 22 адам жұмыс істеп жүр. Басталу уақыты- сәуір, аяқталу уақыты-1 қыркүйек.

2) «Күршім-Қалжыр» автомобиль жолының 55-70 шақырымына 15 км орташа жөндеу жұмыстары. Мердігер: «Дороги Востока» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арасында келісім шарт жасалды. Қазіргі күні 56-57 шақырым аралығында 596,0 м2 шұңқырларды жабу жұмыстары жүргізіліп жатыр, тегістеу қабатына 780 тонна асфальтты бетон төселді. Барлық жұмыстың 7 % істелді. Бөлінген қаржы-212,996 млн. Игерілген қаржы-15,316 млн теңге. Техника: асфальт жайғыш-1, каток-2, фреза-1, эскаватор-1, камаз-4. 15 адам жұмыс істеп жүр. Басталу уақыты-16 маусым. Аяқталу уақыты-1 қыркүйек.

3) «Күршім-Қалжыр» автомобиль жолының 70-85 шақырымына 15 км орташа жөндеу жұмыстары. Мердігер: СК «Зайсан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бүгінгі күні 76-77 щақырым арасында шұңқырларды жамау, тегістеу жұмыстары жүргізілуде. 3666 тонна асфальт төселінді. Бөлінген қаржысы- 220 млн теңге. Басталу уақыты-шілде, аяқталу уақыты-1 қыркүйек.



Аудандық маңызы бар жолдар бойынша:

1) 2015 жылға Күршім ауылы Тоқаев көшесіне 3 шақырым орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бөлінген қаржы-34 468,0 мың теңге. Мердігер «Дерикар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазіргі күні 3 шақырым орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.

2) Күршім ауылы Б.Момышұлы көшесіндегі тротуарды «Даңқ Мемориалына» дейін жалғастырылады, 2 жағынан кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басталу уақыты-12 маусым, аяқталу уақыты-15 тамыз. Мердігер: Күршім ауданы әкімдігінің «Күршім» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

3) Теректі ауылы Заречная көшесіне 1 шақырымына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бөлінген қаржы- 5000,0 мың теңге. Жұмыстар басталды. 1 шақырым жерге қиыршық тас төгілді. Мердігер: Күршім ауданы әкімдігінің «Теректі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Басталу уақыты-25 мамыр, аяқталу уақыты-30 тамыз.

4) Күршім ауылы Абай, Білімбаев, Ботақанов, Духовича, Аңғышбаев, Абылайхан, Шәкәрім, Бейбітшілк, Малдыбаев, Әкімжанов, Маткаримов, Исабекова, Захарова, Шаяхметова, Б.Момышулы, Барақ батыр, Ибежанова, Бунтовских, (18) көше жолдарына 1900 м2 шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілуде. Бөлінген қаржы-7726,924 мың теңге.

2. Жарықтандыру: Күршім ауданы бойынша барлығы 2515 көше шамдары бар. Соның ішінде 2175 шам дрл, 340 шам натрий. 2015 жылы «Аумақты дамыту-2020» бағдарламасы аясында Койтас, Ақбұлақ, Ақсуат, Қазақстан, Жаңаауыл, Қалжыр, Құйған, Маралды, Барақ батыр, Төсқайың ауылдарында жарықтандыру жұмыстары жоспарланған. Қазіргі күні Қалжыр ауылында 15 жарықтандыру шамдары, Жаңаауыл ауылында 10 жарықтандыру шамдары, Қазақстан ауылында 10 жарықтандыру шамдары орнатылды. Ақбұлақ ауылында 4 жарықтандыру шамдары орнатылды. Төсқайың ауылында 5 баған дайындалып, электр кабельдері, лампалар әкелінді. Мердігер: Күршім ауданы әкімдігінің «Теректі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Қойылып жатқан шамдар-натрий.

Ақсуат, Құйған, Маралды, Барақ батыр, Қойтас ауылдарының жарықтандыру шамдары орнатылады. Мердігер: Күршім ауданы әкімдігінің «Теректі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Басталу уақыты-12 маусым, аяқталу уақыты-30 шілде.

Күршім ауылы Зангин көшесіне жарықтандыру жұмыстары басталды. 47 бағана орнатылды. Мердігер: «Востокэнергоцентр» ЖШС. Басталу уақыты-3 маусым, аяқталу уақыты-30 шілде.

Теректі ауылы Абылайхан көшесін 10 бағана орнатылды. Мердігер: Күршім ауданы әкімдігінің «Теректі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Басталу уақыты-25мамыр, аяқталу уақыты-30 шілде.



3. Күршім ауданы халқын таза ауыз сумен қамту: Ауданда орталықтандырылған су көздерінен ауыз су пайдаланатын халықтың саны-17178, немесе - 61,3 % құрайды. Орталықтандырылмаған су көздерінен ауыз су пайдаланатын халықтың саны-9828, немесе-35,2 % құрайды. Ашық су көздерінен ауыз су пайдаланатын халықтың саны-997, немесе-3,5% құрайды. Ағымдағы жылы Теректі ауылында су құбырлары жөнделді, материалдар толық әкелінді, Оралхан Бөкей көшесіне 420 метр жерге полиэтилен трубалар және 2 колонка орнатылды. Сондай-ақ Құдайбердиева көшесіне 520 метр, Сейфуллина көшесіне 300 метр су құбыры тартылады. 2015 жылы Бурабай ауылында 2 колонка, Қойтас ауылында 1 колонка, 2 шүмек, Маралды ауылында 2 колонка, Сарыөлең ауылында 4 колонка орнатылды. Мердігер: Күршім ауданы әкімдігінің «Күршім» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Аудан бойынша қазіргі күні Қалжыр, Боран ауылдарының су құбыры жүйесінің жобалық-сметалық құжаттамалары жасалған.

4. Кәріз жүйелері бойынша: Күршім ауданы бойынша барлығы 14 шақырым кәріз жүйелері бар. Соның 7,2 шақырымына, яғни 51,7 пайызы тозығы жеткен. Күршім ауданы Күршім ауылында кәрізді тазарту құрылыстары және кәріз жүйесі желілерін қайта жаңғырту жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттары дайындалған. Құрылыстың жалпы сметалық құны республикалық бюджеттен 788,819 млн. теңге.

5. Абаттандыру жұмыстары бойынша: 2015 жылы 7 мамыр күні, «Отан қорғаушылар» күніне, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай Күршім ауылында «Даңқ мемориал» кешені ашылды. «Даңқ мемориал» кешенінде Күршім ауданы бойынша 5316 Ұлы Отан соғысынан қайтпай ерлік үшін қаза болған аталарымыздың есімдері жазылған тақталармен бірге ауданнан шыққан кеңес одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, Қазақстанның Еңбек Ерлері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген әртістер, генералдар, профессорлар, облыста, республикада басшылық қызмет атқарған қайраткерлер есімдері жазылған 42 тақта орнатылды.

Теректі ауылы Абылайхан көшесін абаттандыру жұмыстары басталды. Материалдар толық әкелінді. 200 м қошаулар қойылып, тротуар орнатылады. Мердігер: Күршім ауданы әкімдігінің «Теректі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Басталу уақыты-25 мамыр, аяқталу уақыты-30 шілде.

Күршім ауылы Абылайхан көшесінде 1792 метр бордюрлер ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер: Күршім ауданы әкімдігінің «Күршім» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Басталу уақыты-12 маусым, аяқталу уақыты-30 шілде.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Күршім ауылында Барақ батыр ескерткішін орнату жұмыстары жүргізілуде. Мердігер: Күршім ауданы әкімдігінің «Күршім» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Негізгі жұмыстар: автотұрақ орнатылады, жарықтандыру, қоршау жұмыстары, демалуға арналған отыратын орындықтар, жаяу жүргінші тақталар орнатылады.



6. Электр желілері: Күршім ауданы бойынша барлығы: 1671 км-электр желелері, 18 дана-подстанциялар, 391 дана-ТП және КТП-лар бар. Электроэнергияны қолдану бойынша:

2010 жылы-48 987 300кВт;

2011 жылы-53 365 846кВт;

2012 жылы-57 453 094кВт;

2013 жылы-55 096 940кВт;

2015 жылы 0,4 кВт-87 км 86 метр әуе желілері жөнделеді деп жоспарлануда. Қазіргі күні 60 км 00 метрі яғни, 68,29 пайызы жөнделіп қойды.



7. Ыстық, суық су, жылу өлшеу құралдары. Аудан бойынша жылу есептеу құралдарына қажетсіну-38 дана. Суық су өлшейтін құралдарға қажетсіну-720, орнатылғаны -375, яғни 52 % құрайды.

8. Бюджеттік мекемелердегі энергоүнемдеу және энергия тиімділігін арттыру.

Күршім ауданы бойынша диодтық лампаға көшу жұмыстары 2011 жылдан бастап, бүгінгі күнге бюджеттік мекемелер толығымен барлығы 10390 шам ауыстырылды. Диодтық лампаға көшкеннен бастап 2011 жылы-10130 квт немесе 81,0 мың теңге; 2012 жылы-354674 квт немесе 3434 мың теңге; 2013 жылы -241479 квт немесе 2117,8 мың теңге; 2014 жылы-307858 квт немесе 3112,4 мың теңгені құрап, барлығы 4 жылдың ішінде -914141 квт немесе 8745,2 мың теңге қаражат үнемделді.

2014 жылдың 5 айында электр қуаты бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңінде 7784157 квт немесе 92198,0 мың теңге, ал ағымдағы жылдың 5 айында 7606218 квт немесе 100601,0 мың теңге шығын жұмсалып, былтырғы жылмен салыстырғанда 177939 квт кем жағылды, бірақ қаражат көлемі 8403,0 мыңға көп жағылды, өйткені былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2015 жылы тарифтердің қымбаттауы себеп болып отыр.

2011-2014 жылдардың аралығында тас көмірмен жылыту әдісінен электр энергиясымен жылыту әдісіне ауысқаннан бастап барлығы 40991 мың теңге қаражат үнемделді.



9. Бұқтырма су қоймасы «Қызыл Ту» өткелінендегі паром: 2013 жылы облыстық бюджеттен 117 800,0 мың теңге бөлініп, «Қызыл Ту» өткелі арқылы қауіпсіз жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға «Күршім» (Енесей) паромы күрделі жөндеуден өтіп, 2013 жылдың 8 қарашасынан пайдалануға берілді.

2014 жылы облыстық бюджеттен 241 000, 0 мың теңге қаражат бөлініп, «Ертіс» екінші паромға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары аяқталды. 2015 жылы мамыр айында пайдалануға берілді. Маусым айынан бастап жүрді. Қазіргі күні Бұқтырма су қоймасы арқылы 2 паром қызмет көрсетіп жолаушылар мен жүктерді тасымалдауда.



10. Жолаушылар тасымалы: Қазіргі уақытта ауданішілік «Күршім-Қалжыр-Теректі» (ЖК «Шмаков» дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері), «Күршім ауылы ішінде» (ЖК «Олжан» күнделікті-4 рейс), «Ақбұлақ-Күршім» (сейсенбі-бейсенбі), «Ақбұлақ-Теректі» (ЖК «Қожанов» сәрсенбі күндері) маршруттары бойынша жолаушылар тасымалы бар. Аудан бойынша 53 елді мекеннің ішінде 34 елді мекен жолаушылар тасымалымен қамтылған, яғни 61,2 % құрайды.

2015 жылы ауданішілік жолаушылар тасымалына көмек ретінде жергілікті бюджеттен 12000,0 мың теңге субсидия бөлінді, 2014 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.



11. 2015-2016 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары туралы. Аудан әкімінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 11-р өкімімен 2015-2016 жылдардың қысқы кезеңіне дайындау және тіршілікті қамтамасыз ететін объектілердің барлық жылыту маусымы ішінде тұрақты жұмыс істеуі мәселелері бойынша аудандық штаб құрылды. Штаб құрамында (Қ.З.Әзімбаев, А.Амангелді, Б.Елеубаев, М.Блейменов, Қ.Жармұхамбетов, А.Иқамбаев, Қ.Мүкеев, Б.Өлмесеков).

2015-2016 жылдардың тіршілікті қамтамасыз ететін объектілердің барлық жылыту маусымына дайындау бойынша жоспар әзірленген. Штабтық отырыс өткізілді. Әр саладағы мекеме басшыларына тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын, бюджеттік саланы алдағы жылыту мезгіліне қазандықтарды тексеру, дайындау мәселелері бойынша тапсырма берілді.

Күршім ауданында барлығы 159 мекеме бар. Соның ішінде 49 мекеме тас көмірмен және 110 мекеме электр қазандықтарымен жылытылады.

Білім беру саласында барлығы 46 мектеп бар. Соның ішінде 5 мектеп қатты отынмен (Алғабас, Қалжыр, Қаратоғай, Құйған, Сарыөлең), 1 мектеп орталықтандырылған (№ 5 мектеп), 10 мектеп теплофонмен (Балықтыбұлақ, оң жақ Қалжыр, Шанағаты, Қарашілік, Ақши, Шеңгелді, Қойтас, Жаңаауыл, Ақсуат, Бұғымүйіз) және 30 мектеп электр қазандықтарымен жылытылады. Қазіргі күні білім саласына, яғни 5 мектепке 2230 тонна тас көмірге 15-17 маусым аралығында конкурс жарияланды.

Қазіргі күні Сарыөлең мектебінің жылу қазандықтарының пештері (котел) дәнекерленуде.



Қаратоғай орта мектебінің жөндеу жұмыстары 1 маусымнан басталып, 1 тамызда аяқталады. Жылу қазандықтарында ескі пештер бұзылып, 2 жаңа «Универсал 6М» маркалы пеш (котел) орнату үшін орындар дайындалуда.

Күршім аудандық ауруханасы бойынща барлығы 55 медициналық мекеме бар, оның ішінде 2-уі жеке ғимаратсыз, әкімшілік ғимаратының ішінде орналасқан (Құйған, Ақсуат), 6-уында электр пеші (Бірлік, Қалғұты, Маралды, Бурабай, Күршім, Қаратоғай ), 5 мекеме ағаш отынмен, (Төсқайың, Урунхайка, Шанағаты, Балықтыбұлақ, Бұғымүйіз) орталық аурухана «Күршім» коммуналдық шаруашылық мекемесінен, қалған 42-сі көмірмен жылытылады.



Денсаулық саласы бойынша барлығы 800 тонна көмір қажет. Қазіргі күні Теректі ауылдық ауруханасына қажет 700 тонна тас көмірге 26 маусым 2015 жылы конкурс жарияланды. Ал 19 ауылдағы дәрігерлік амбулаторияларға қажетті 100 тонна калибрлі тас көмірге Зырян қаласына тауарлық биржаға конкурс жарияланды.

Теректі ауылдық ауруханасында барлығы 3 қазандық бар, ағымдағы жылы 1 қазандық ауыстырылып, ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бөлінген қаржы-700,0 мың теңге.



Күршім аудандық орталық ауруханасын жылытуға Жылыту Насос Қондырғысы (ТНУ) орнатылған: бағасы – 18млн. 964 мың теңге; қолданыс қуаты-240 кВт/сағат; қазандылығының қуаты – 1000 кВт/сағат; тиімділігі – 4 есе. Ағымдағы жылы ТНУ-ды жөндеу жұмыстарына 1854,9 мың теңге қажет.

Аудан бойынша 28 клуб, 22 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетуде. 28 клубтың 6 электрлі қазандықпен, 22 теплофонмен жылытылады.





Қазандықтар атауы

2015-2016 жылдардағы жылу маусымында қажет көмір, т




1

Күршім аудандық орталық ауруханасы

1385




2

№5 мектеп

1000




3

Ескі №3 мектеп

850




Барлығы:

3235 т









Қазандық атауы

Қажет ететін жөндеу жұмыстары

1

Білім бөлімі ғимараты

1 қазандықты ауыстыру, 200 метр жылу трассасын ауыстыру қажет,

2

№5 мектеп

3 қазандықтың жанындағы кірпіштерін және 2 насос ауыстыру қажет.

3

Күршім аудандық олрталық ауруханасы

1 қазандықтың 2 насосын ауыстыру қажет.

Ауылдық округ әкімдерінің берген ақпараттарына сәйкес, 2015-2016 жылдардағы жылыту маусымына Күршім ауданы бойынша халыққа барлығы 30000 тонна көмір, 25000 куб м. отын қажет.



2014-2015 жылдардағы жылыту маусымында көмір бағасы халыққа-9800 теңгеден, бюджеттік мекемелерге-9300 теңгеден босатылған болатын.

2015-2016 жылдардағы жылыту маусымында көмір бағасы-10 000 теңге. Көмірдің алғашқы легі Құйған айлағына шілде айының ортасында келеді деп жоспарлануда.

2015-2016 жылдарда «Марқакөл орман шаруашылығында» отынның бағасы-2000-2500 теңгеден ағаш түріне байланысты. «Күршім орман шаруашылығында» отынның бағасы – 1650-2300 теңгеден ағаш түріне байланысты сатылады.

Коммуналдық кәсіпорындардың электрэнергияға қарыздарын төлету және дебиторлық қарыздарды азайту.

2015 жылғы 1 шілде жағдайы бойынша Күршім ауданы әкімдігінің «Күршім» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорына коммуналдық қарыздар:

Бюджеттік мекемелер- 4278,3 мың. теңге,

Халық-3988,5 мың теңге



Күршім ауданы

әкімінің орынбасары Қ.Әзімбаев
орынд:

А.Мұқтарбекова

тел: 2-16-60







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет