Күршім ауылдық округінің әкімі Е. Тоқаевтың 2010 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі



жүктеу 36.26 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі36.26 Kb.
Күршім ауылдық округінің әкімі Е.Тоқаевтың

2010 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа 10

жылдық-жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында атап көрсеткен міндеттерді іске асыру бағытында Күршім ауылдық округінде біршама жұмыстар атқарылды.

Күршім ауылдық округінде 4 елді – мекен бар: Күршім, Алғабас, Топтерек, Діңгек ауылдары. Осы ауылдарда 15 ұлттың өкілдерінен құралған 2505 отбасында 10848 адам тұрады, оның ішінде -1300 зейнеткер, 8 –ҰОС ардагері, 285 – тыл ардагері. Округ аумағында 54- мемлекеттік мекеме, 2-әскери бөлім, 1 – денсаулық сақтау мекемесі, 1- дәрігерлік амбулатория, 3-медициналық пункт, 4 – мәдениет ошақтары, 1- мәдениет үйі,1-ауылдық клуб, 2-кітапхана, 5 – орта мектеп, 1-негізгі мектеп, 1-кәсіптік техникалық лицейдің филиалы, 1-өнер мектебі, 1 спорттық мектеп халыққа қызмет көрсетеді.

Ауылдық округте 7204 бас ірі қара, оның ішінде сиыр-3835 бас, жылқы – 1200 бас; 14574 бас қой-мен ешкі, 9150 құс, 10 бас шошқа тіркелген.

2010 жылы 1794, 4 ц ет, 6657,4 ц сүт, 326 ц жүн өндірілді. Алынған жұмыртқа- 2 млн 157 мың 500 дана.

Жыл көлемінде орталық алаңда, Өскемен-Семей қалаларында 42 рет ауыл шаруашылық өнімдерін сатуға жәрмеңке өткізіліп, 7 млн 100 мың теңгенің өнімдері саудаға шығарылды.

Округ бойынша 13 млн 065 мың теңгеге салық түсіміне жоспар берілсе, орындалғаны- 13 млн 217 мың теңге болып, 101 пайызды құрады.

1360,8 га жерге дәнді-дақылдар себілді, оның ішінде: жаздық бидай – 125 га, арпа - 290 га, сұлы - 10 га, тары - 10 га, жүгері – 3 га, картоп – 151,3 га, бақша -199,1 га, күнбағыс – 120 га, көкөніс – 52,4 га, көп жылдық шөп – 200 га, бір жылдық шөп – 200 га.

Қыстық мал азығына шөп дайындауға тапсырма 20 мың 117 тонна болса, орындалғаны 20 мың 215 тонна.

Округте тіркелген шаруа қожалықтар саны – 295.

Егін шаруашылығында еңбек етіп жүрген шаруа қожалық басшыларынан – Алғабас ауылынан Е.Бисолтанов, Қ.Сырымбаев, Ә.Мұқажанов, Топтерек ауылынан Қ.Слямовтар отбасыларын атап өтуге болады. Күршім ауылынан К.Мұқанов егістік технологиясын толық сақтап егістігін екі рет суғарып, бидайдан жоспарланған өнім алды. 2010 жылы 150 га жердің сүдігерін ерте жыртып, келесі жылға дайындады.

Ауылдық округ тұрғындарына 79 дүкен, 12 асхана- дәмхана, 4 – мейрамхана, 2- базар, 1 - сауда үйі, 7-дәріхана, 4- наубайхана,11 – балық шаян қабылдайтын тоңазытқыш пункті, 10 – шаштараз, 6 – аяқ киім жөндеу орны, 7 – автокөлік жөндейтін орын, 6-тігін шеберхана, 5-фотосалон, 3- пима басушы, 3- мал сою алаңы, 2 малды қолдан ұрықтандыру пункті, 1 - автобус бекеті қызмет көрсетуде.

Күршім ауылдық округі бойынша дағдарысқа қарсы бағаны тұрақтандыруға жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының 9 рет отырысы өткізілді. 59 азық-түлік дүкен иелерімен меморандум жасалды. Күнделікті қажетті 33 азық-түлік түрлерінің бағаларын тұрақты ұстауға екі жақты меморандум жасалып, осы дүкендердегі бағаларға аптасына бір рет мониторинг жүргізіліп отырылады. 7-дәріхана иелерімен 150 дәрі –дәрімектің бағасын тұрақты ұстауға меморандум жасалды.

2010 жылға 210 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса, орындалғаны -210 жаңа жұмыс орны ашылып, тапсырма 100 пайызға орындалды.

«Жол картасы» бойынша Абылайхан, Ибежанов, Б.Момышұлы көшелері жолының бойына жаяу жүргіншіге арналған тротуар жасалды. Абылайхан көшесіне 83 шам толық орнатылды. Көше жиектері (бордюр) жасалды.

Күршім ауылында орталық саябақ пен газондар қоршалып, балалар ойын алаңын салынды.

2010 жылы 459 адамға 121 отбасыға 6 млн 161  300 теңге көлемінде атаулы көмек көрсетілді. Балалар жәрдемақысы 307 отбасының 705 балаларына 8 млн 776 300 теңге берілді. Әр түрлі санаттағы адамдарға, жергілікті қаражат есебінен бір жолғы көмек ретіне 36 адамға 2 млн 9 мың теңге берілді. Мүмкіншілігі шектеулі балаларды асырап сақтап отырғандардың 12 - іне 864 900 теңге төленді. «Ізгі жан» қайырымдылық қоры арқылы 284, 2 мың теңге көмек көрсетілсе, ауылдық округ тарапынан 31 адамға 62 м3 ағаш отындай көмек берілді.

Көріктендіру, көркейту жұмыстары бойынша 92 га жер тазаланып, тегістеліп, 2700 м3 қоқыс шығарылды. 240 жас шырша көшеттері, 22 мың түп жас ағаш өскіндері отырғызылып қоршалды.

«Туған елге тағзым» акциясы бойынша Алғабас ауылының азаматтары ұзындығы 2000 м көлденені 500 м көлеміндегі жерге қоршау орнатып, сырғауыл ағаштарын 80 км жерден өз қаражаттарымен дайындап, автокөлікпен тасымалдап, қоршап, 15 мың түп әр түрлі ағаш өскіндерін екті.

Ауыл тұрғындарына Төретоғам су бөлу жүйесі арқылы, «Саратов-Киржачий» бас арықтарымен бау-бақшаларына су берілді.

Су тасқынының алдын алуға оқу – жаттығулары ұйымдасқан түрде 2 рет өткізілді. Округ бойынша қауіпті жерлерге бөгеттер салынды.

Күршім ауылдық округінде 67 оралман отбасы қоныстанған. Оралмандар отбасыларының тұрмыстық жағдайлары бақылауға алынған.

Баспасөз басылымдарына жазылуға 2011 жылдың І-жарты жылдығына тапсырма 3897 дана болса, орындалғаны 100 пайыз.

Қоғамдық тәртіпті қатаң сақтау мақсатында «Нұр-Отан» ХДП филиалы, учаскелік полиция қызметкерлері, мекеме, әлеуметтік бөлімдерінен ерікті жасақшылар топтары құрылып, әр аптаның жұма – сенбі күндері кешкі уақытта кезекшілік ұйымдастырылған.

«Жас Отан» жастар қанаты, мектеп ұстаздары, жасөспірімдерді қадағалау инспекторымен бірлескен рейдтер өткізіліп тұрады.

2011 жылы Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толады. Осы үлкен мерекені лайықты табыстармен қарсы алуға барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет.



Қоян жылы әр отбасыға бақыт, денсаулық, мол табыс әкелсін!


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет