Күші жойылды-ҚҚА №129 22. 08. 08ж.(т. 730) ҚРӘМ №4427 17. 10. 2006ж тіркелді



жүктеу 30.9 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі30.9 Kb.
: attachments -> cont
cont -> Сұрақ: Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша стандартты және кешенді сақтандыру шарттарының негізгі айырмашылықтары неде? Жауап
cont -> Қазақстан Республикасының Заңы Лицензиялау туралы
cont -> Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті саќтандыру бойынша қызметтерді тұтынушыға қысқаша жадынама
cont -> Осы жағдайда егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "Standard & Poors", "A. M
cont -> «бекітемін» Қазақстан Республикасы
cont -> Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрайымы
cont -> Автоазаматша: cақтандыру шартын ұҚыптап оқЫҢыздар
cont -> Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа қатысқан жағдайда үлескерге сақтандыру туралы нені білуі керек 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап, «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы»
cont -> ҚРӘМ №5316 29. 09. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
cont -> Қазақстан республикасының Қаржы рыногын және қаржылық Ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының


күші жойылды-ҚҚА № 129 22.08.08ж.(т.730)
ҚРӘМ № 4427 17.10.2006ж. тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ




Алматы қаласы

2006 жылғы «23» қыркүйек


№ 213


Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы

«Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 11) және 14) тармақшаларына, «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жылжымайтын мүлік қорларының активтерін құрайтын қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):

1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы», «Активтерді басқарушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестіктеріне, инвестициялық портфельді басқарушыларға жіберсін.

4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.


Төраға А. Дунаев


Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2006 жылғы «23» қыркүйек № 213 қаулысымен бекітілген


Жылжымайтын мүлік қорларының құрамындағы қаржы
құралдарының тізбесі

1. Мынадай халықаралық ұйымдар айналысқа шығарған бағалы қағаздар:

Еуропалық қайта құру және даму банкі;

Америкааралық даму банкі;

Халықаралық есеп айырысу банкі;

Азия даму банкі;

Африка даму банкі;

Халықаралық қаржы корпорациясы;

Ислам даму банкі;

Еуропа инвестициялық банкі.

2. Шет мемлекеттердің бағалы қағаздары және кредиттік рейтингтің «А» («Standard & Poor’s» және «Fitch» рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе «А2» («Moody’s Investors Service» рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес халықаралық шәкіл бойынша шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингтік бағасы бар мемлекеттердің қаржы агенттіктердің агенттік облигациялары.

3. «А» («Standard & Poor’s» және «Fitch» рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе «А2» («Moody’s Investors Service» рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес рейтинг бағасы бар резидент еместердің бағалы қағаздары.

4. «ВВ» («Standard & Poor’s» және «Fitch» рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе «Ва2» («Moody’s Investors Service» рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) төмен емес, немесе Қазақстан Республикасының «Standard & Poor’s» ұлттық шәкілі бойынша «kzA» рейтинг бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының бағалы қағаздары.

5. Бағалы қағаздары айырықша жоғары санат бойынша қор биржасының ресми тізіміне енгізілген немесе «А» («Standard & Poor’s» және «Fitch» рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе «А2» («Moody’s Investors Service» рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингі бар еншілес резидент банктер болып табылатын сабақтас резидент емес банктердің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдары.

6. Жылжымайтын мүлік қорының акциялары және еншілес ұйымдардың жарғы капиталдарындағы қатысу үлесі.



7. Осы тізбеде көрсетілген қаржы құралы базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды хеджирлеу мақсатында сатып алынған.





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет