Курбаналиев бауржан умурзакович



жүктеу 0.51 Mb.
бет1/3
Дата02.05.2016
өлшемі0.51 Mb.
түріАвтореферат
  1   2   3
: sites -> default -> files -> files
files -> Дополнение 1 Исчезнувшие
files -> Аббревиация и дезаббревиация собственных имен как активные процессы в жаргонной фразеологии
files -> «биологическое образование» Выпускник по направлению подготовки 050100 педагогическое образование с квалификацией
files -> Программа занятие Для тех, кому интересен автоспорт 16 октября 2012 года, 19. 00. Ауд. 120 2-го корпуса юурГУ
files -> Партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асыру бойынша АҚпарат астана қалалық филиалы


ӘОЖ 373.574:7.071.5 (574) Қолжазба құқығында

КУРБАНАЛИЕВ БАУРЖАН УМУРЗАКОВИЧ

Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру

13.00.02. - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта

және жоғары білім беру жүйесіндегі бейнелеу өнері)


Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

авторефераты

Қазақстан Республикасы

Шымкент, 2010

Жұмыс М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік

университетінде орындалды

Ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының докторы,

доцент Кемешев Д.Ә

Ресми оппоненттері педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Ералин Қ.Е.

педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Көшенов Ж.С.
Жетекші ұйым Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия

Ұлттық университеті


Қорғау 2010 жылы «____» ______________ сағат _______ М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.20.01 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5
Диссертациямен М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5 үй, 2-қабат

Автореферат 2010 жылы «_____» _____________ таратылды.

Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы С.А.Жолдасбекова




КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі білім беру жүйесін реформалауды, яғни білім сапасын қазіргі талаптарға сай қамтамасыз ету мақсатында жетілдіруді қажет етеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің мақсаты жүйеленіп, дайын күйінде берілген білім, қабілет пен дағдыларды қайталаумен шектеліп қана қоймай, шығармашылықпен еңбектене білетін, тың жаңалықтар ашуға қабілетті, өзіндік ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Сондықтан Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында (2007 ж.) білім беру жүйесінің міндеті – «жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, ... даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» ретінде белгіленген. Бұл, өз кезегінде, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мен дамытудың анағұрлым тиімді жолдары мен әдістерін іздестірудің маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Осыған байланысты бейнелеу өнерінің мол мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы өте зор.

Жалпы орта білім беру жүйесіндегі бастауыш мектеп оқушысының тұлғасы мен санасының дамуы қарқынды жүретін, ерекше құнды да қайталанбас кезең. Сондықтан бала бойындағы қабілетті осы бастапқы кезеңде ашу – оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады. Мұны біртұтас педагогикалық процестегі оқытуды ұйымдастыруға тұжырымдамалық жаңа тұрғыдан келу негізінде шешуге болады.

Шығармашылық қабілет, өзіндік жұмыс істеу іскерлігі мен дағдылары өздігінен пайда болмайды, ол мақсатты түрде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен шығармашылық, тәжірибелік сипаттағы әртүрлі тапсырмаларды орындау процесінде қалыптастырылады. Тұлға шығармашылығының маңыздылығы көрнекті қазақ ойшылдары мен ағатушылары Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, М.Көпейұлы, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. еңбектерінде ашып көрсетілген.

Оқыту процесінде баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін шет ел педагог – ғалымдары Ю.К.Бабанский, В.С.Ильин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Б.М.Теплов, Н.С.Лейтес, Л.С.Выготский, Л.Н.Леонтьев, Г.С.Альтшуллер, А.Г. Ананьев, сонымен қатар қазақстандық көрнекті ғалымдар Т.Т. Тәжібаев, Қ.Б. Жарықбаев, М.М. Мұқанов және т.б. қарастырды.

Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, білім мен тәрбие берудің шынайы тәжірибесінде жалпы білім беретін мектептерде өнер түрлері, оның ішінде бейнелеу өнері сабақтарының мүмкіндіктері арқылы қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесіне әлі де өз деңгейінде мән берілмеуде. Көбіне, бейнелеу тәжірибесінің жалпы білім, қабілет, дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға ғана басты назар аударылады. Педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде бейнелеу өнерінің мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері Қ.Е.Ералин, М.Ж.Қозыбақов, Ұ.Әбдіғаппарова, Д.Ә.Кемешев, Қ.К.Болатбаев, С.С.Булатов, С.А.Аманжолов, С.А.Жолдасбекова, Ж.Балкенов, Қ.Әмірғазин, З.Ш.Айдарова, Е.Асылханов, М.Ж.Тәңірбергенов, С.Қ.Бейсенбаев, С.Р.Матаева, А.Л.Павловский және т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Бейнелеу өнерінен көркемдік білім беру саласындағы педагог ғалымдар Н.Н.Ростовцев, В.С.Кузин, Е.В.Шорохов, Н.В.Лебедко, А.В.Ломов, Қ. Ералин, С. Аманжолов, Д. Кемешовтар бейнелеу өнері шығармашылығын зерттеуге ерекше көңіл бөлген. Н.Н.Ростовцев бейнелеу шығармашылығын қалыптастырудың негізгі – нұсқаға қарап сурет салу екенін, шығармашылық еңбекке жетудің бастауы, бейнелеу сауаттылығын меңгеру болып табылатындығын көрсеткен.

Қ.Ералин, «бейнелеу өнері шығармашылығын, графика, кескіндеме мүсін туындыларын, немесе сәндік бұйымдарын жобалаумен жасауға бағытталған іс-әрекеттер жүйесі» деп анықтаған. Ол шығармашылық қызметтінің негізі бейнелеу сауаттылығын меңгеру болып табылатындығын көрсеткен. Шығармашылық қабілетті дамытуды жоспарлы жүргізуге көңіл бөлген.

Шығармашылық дегеніміз – жаңа туындыны жасауға бағытталған іс-әрекет. Қабілет дегеніміз – ойлау мен белгілі іс-әрекетті орындау бағыттындағы жеке тұлға шығармашылық қызметінің нәтижесі түрінде танылады. Қабілет белгілі білім мен іс-әрекетті икемділіктерінің жоспарлы түрде меңгерту нәтижесінде қалыптасады. Осы қағидаларды негізге ала отырып шығармашылық қабілет дегеніміз жаңа бейнелеу өнері туындыларын жобалау мен жасауға бағытталған жеке тұлға қызметі.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын қалыптастыру өзіндік ерешелігі бар педагогикалық үдеріс. Бұл бастауыш сынып оқушыларының өнер туындыларын қабылдау мен бейнелеудің икемділіктері мен дағдыларын меңгерумен байланысты сипатталады. Қалыптастыру ұғымы педагогикалық әдебиеттерде жеке тұлғаның білімін икемдіктері мен дағдыларын арттыруға бағытталған жоспарлы іс-әрекеттер нәтижелері.

Жоғарыда аталған еңбектер бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мәселесі бойынша біршама зерттеу жұмыстары жүзеге асырылғандығын көрсетеді. Дегенмен осы саладағы еңбектерге талдау жасау бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін бейнелеу өнері сабағында қалыптастыру мәселесінің ғылыми-теориялық тұрғыда зерттелуі мен оның ғылыми-әдістемелік жүйесінің дайындалуы мәселесінің заман талабына сай мазмұнының ашылмай отырғандығын көрсетті. Осыған байланысты бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін бейнелеу өнері сабақтарының мүмкіндіктерін пайдалану арқылы қалыптастыру мәселесін педагогикалық тұғыдан шешудің объективті қажеттілігі мен бұл мәселенің мектеп тәжірибесінде өз дәрежесінде шешілмеуі, сонымен қатар бұл мәселеде ғылыми негізделген әдістемелердің қажеттілігі мен оларды тәжірибеде жүзеге асыру құралдарының болмауы арасындағы қарама-қайшылықтар анықталды.

Мәселенің өзектілігі, оның қазіргі міндеттерді ескеру негізінде теориялық және әдістемелік тұрғыдан қарастырылмауы, көркем-эстетикалық білім беру саласындағы педагогикалық маңыздылығы зерттеу жұмысының тақырыбын «Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру» деп анықтауға негіз болды.



Зерттеу мақсаты: бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның әдістемелік жолдарын ұсыну.

Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнеріне оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, бейнелеу өнері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы ғылыми-теориялық мәселелерге талдау жасалса; бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру мүмкіндіктері бейнелеу өнері сабақтарында жүзеге асырылатындығы айқындалса; бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру механизмі жүзеге асырылса, онда бейнелеу өнері сабақтарында білім сапасы мен бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеті арта түседі.

Зерттеу міндеттері:

1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық аспеклерін талдау жасау;

2. Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау;

3. Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық технологияларының бағыттарын көрсету.



4. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдістемелік ұсыныстарын және эксперименттік сынақтан тексеру.

Жетекші идея: бейнелеу өнері сабақтарында аталмыш өнердің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану ұйымдастырылса, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру нәтижелілігін қамтамасыз етеді.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері болып табиғат, қоғам және ой дамуының жалпы заңдылықтары: таным теориясы; жеке тұлғаны дамытудағы іс-әрекеттің жетекші рөлі туралы қағида; оқытудың қазіргі теориялары мен тұжырымдамалары; материалдық және рухани мәдениетті жасау мен сақтаудағы халықтың рөлі, тәрбиедегі ұлттық мәдениеттің рөлі туралы ілімдер; жалпы адамзаттық құндылықтардың негізіндегі тәрбие тұжырымдамаларының қағидалары құрайды.

Зерттеу көздері: философтар, психологтар, педагогтар, этнографтар, тарихшылар, әдебиеттанушылар, өнертанушылар және т.б. зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген еңбектері; әр дәуірде өмір сүрген қазақ ойшыл-ғұламаларының бала тәрбиесі туралы ой-пікірлері; үкіметтің ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, баяндамалар т.б.); ҚР Білім және Ғылым министрлігінің қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі нормативтік құжаттары тұжырымдамалары кешендері, жалпы, орта және бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты, оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың тиімді әдістемесін жүзеге асыру жөніндегі тәжірибелер.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық, мәдениеттанушылық, тарихи, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; педагогикалық бақылау, сауалнама, интервью, әңгіме, озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстарына, бейнелеу өнері пәні бойынша мектеп бағдарламаларына талдау жасау, педагогикалық эксперимент, тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелерін өңдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

  • бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері айқындалды.

  • бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мүмкіндіктері анықталды.

  • бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық технологиясы ұсынылды.

  • бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдістемесі теориялық тұрғыдан негізделіп, сынақтан өткізілді.

Зерттеудің практикалық маңызы: зерттеу жұмысының барысында алынған нәтижелер мен олардың негізінде дайындалған нақты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру процесінің тиімділігін арттыруға ықпалын тигізді. Дайындалып, сынақтан өткізілген "Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдістемесі" атты оқу -әдістемелік құралын, бейнелеу өнері сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдістемесін, сонымен қатар зерттеу материалдарын жалпы білім беретін мектептердің, педагогикалық оқу орындарының іс-әрекетінде, педагогикалық кадрлардың іскерліктілігін жетілдіру және қайта даярлау жүйесінде және бастауыш мектептегі педагогикалық процесті жетілдіру бойынша әдістемелік нұсқауларды дайындауда пайдалануға болады.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2004-2006 ж.ж.) - зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, мәдениеттанушылық әдебиеттерге талдау жасалды. Зерттеудің ғылыми аппараты мен процедурасы дайындалып, мәселенің қазіргі жай-күйіне баға беріліп мүмкіндіктер анықталды.

Екінші кезеңде (2006-2008 ж.ж.) - бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдістемесі дайындалып, оның тиімділігін тексеру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүзеге асырылды. Мұның барысында бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру мазмұны анықталды.

Үшінші кезеңде (2008-2009 ж.ж.) – тәжірибелік -эксперименттік жұмыстың нәтижелеріне талдау жасау және өңдеу, теориялық қағидаларды нақтылау, қортындыларды тұжырымдау, диссертацияны рәсімдеу, бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру бойынша алынған нәтижелерді мектеп тәжірибесіне енгізуді қамтамасыз ететін әдістемелік ұсыныстар дайындау жүзеге асырылды.

Зерттеу базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданындағы

№№ 1,2,5,6 және Шымкент қаласының №№ 50,47,33 орта мектептері.



Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері;



  • бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мүмкіндіктері ретіндегі пәннің ролі мен мазмұндық талаптары;

  • бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық технологиялары;

  • бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың әдістемелік жүйесі.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық - педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарына жасалған талдау және оларды зерттеу барысында негізге алу. Қазақстандық және шет елдік ғалымдардың еңбектері мен тәжірибелерін талдап, жинақтау; ұсынылған әдістеменің іс жүзінде бірнеше қайтара тексерілуі; эксперимент нәтижелерінің қорытылуымен, олардың тиімділігі оқу үдерісіне енгізілумен қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар барысында және Шымкент, Алматы, Тараз, Орал, Түркістан, Жетісай, Гүлістан, Болгария, (София) қалаларында өткізілген Халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялардағы ғылыми баяндамалар түрінде, сонымен қатар зерттеу нәтижелерінің Қазақстан Республикасының ғылыми-педагогикалық басылымдарында - «Бастауыш мектеп» /Алматы, 2009/, «Қазақ тілі мен әдебиеті» /Алматы, 2009/ жариялануы арқылы жүзеге асырылды.

Зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері Шымкент қаласының №№33,47,50 және Мақтарал ауданының №№1,2,5,6 орта мектептеріндегі педагогикалық кеңестерінде баяндалды.



Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеу мақсаты, нысаны, пәні, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, болжамы, практикалық құндылығы, ғылыми жаңалығы, зерттеу нәтижелерінің негізділігі мен дәйектілігі және тәжірибеге енгізілу тұжырымдалады.

«Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін бейнелеу өнері сабақтарында қалыптастырудың ролі» деп аталатын бірінші тарауда оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мәселесінің философиялық, психологиялық - педагогикалық, мәдениеттанушылық, тарихи әдебиеттердегі және практикадағы зерттелу жағдайына талдау жасалады; бейнелеу өнері сабақтарының оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың маңыздылығы мен мүмкіндіктері айқындалады;

«Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру әдістемесі» деп аталатын екінші тарауда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін бейнелеу өнері сабақтарында қалыптастырудың педагогикалық технологикасы әдістемесінің мазмұны сипатталады; аталмыш әдістеменің тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың барысында сынақтан өткізу барысы мен оның нәтижелері баяндалады.



Қорытындыда зерттеу мәселесі бойынша негізгі нәтижелер мен қорытындылар тұжырымдалады; тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижесі бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі, сонымен қатар зерттеу мәселесінің перспективалары анықталады.

Қосымшада тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың жекелеген материалдары ұсынылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазіргі таңда оқушылардың шығармашылық білімін қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың жан-жақты танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті мектептерге қойылатын талаптардың бірі болып отыр. Әлемдік ғылымда табиғатқа, қоғамға және адам ойының дамуына ғылыми көзқарас бірнеше ондаған ғылымдардың өзара байланысы шеңберінде білімдер жиынтығы негізінде қалыптасады. Ал, шынайы ғылыми жүйеден туындаған білім барлық өмірлік, қоғамдық құбылыстарды дұрыс танып білуге мүмкіндік беретін әртүрлі пәндердің қосындысынан құралады. Сондықтан оқу жоспарындағы барлық пәндер осы білім жүйесін қалыптастыруға бағытталған жағдайда ғана оқыту үдерісі тиімді деңгейге көтеріле алады.

Проблеманың философиялық, психологиялық, педагогикалық аспектісін


анықтау арқылы жалпы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мәселесін зерттеу қазіргі дидактиканың маңызды бағыты болып саналады. Қазіргі таңда білім ошақтарында білім, қабілет, дағдыларды меңгертіп қана қоймай, сонымен қатар шығармашылық ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді.

Арнайы әдебиеттерде «шығармашылық» ұғымына әртүрлі анықтамалар берілген. Мысалы, С.И.Ожеговтың сөздігінде «Шығармашылық - жаңа материалдық және мәдени құндылықтардың өмірге келуі» деген анықтама беріледі. Ал, энциклопедиялық сөздікте «Шығармашылық – адамның іс-әрекетіндегі өз бетінше жұмыс жасау мен белсенділіктің ең жоғары формасы. Бұл қандай да бір нәрсені өзгерту, жетілдіру, жаңасын ойлап табу, түпнұсқасын шығаруға деген қажеттілік» делінген. С.Л.Рубинштейн «...шығармашылық деп нәтижесінде жаңа түпнұсқалық және әлеуметтік құнды өнім дайындалатын іс-әрекет аталады», - дейді. Б.Д.Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық – бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, ол өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәлендіретін, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады».

А.Н.Лук «... адамның шығармашылығын дамыту мен қалыптастыру, ең алдымен, шығармашылық ойлауға байланысты» деген пікір білдіреді. Ол шығармашылық қабілеттің белгілері ретінде ақпаратты код арқылы жіберу, тасымалдай білу, ақылдың икемділігі, ойдың тереңдігі, әрекетті бағалауды атап көрсетеді. Ол шығармашылық қабілетті мотивациямен байланысты қабілеттер, эмоциялық қабілеттер және ақыл-ой қабілеттері деп үш топқа бөліп қарастырады.

Ю.Г.Юдин оқушының шығармашылық әрекетінің негізгі белгілері мен оларға сәйкес қалыптасатын қабілеттерін мына түрде қарастырады:

- оқушының шығармашылық іс-әрекетінің міндетті түрде талап етілуі;

- оқушының шығармашылық іс-әрекетінің пайда болуының жан-жақтылығы;

-сыныптағы ерекше эмоциялық шығармашылық атмосфера және оқушының қызығушылығы;

-оқушының жаңа бір нәрсені ашуы.

Сонымен, осылайша ғалымдардың берген түсініктерін талдап негіздей отырып, біз шығармашылықтың мәніне мынадай анықтама береміз: шығармашылық – бұл жеке тұлғаның қойылған міндеттерді шешуде немесе бір нәрсені жетілдіруде белсенділік пен дербестік таныта отырып, өмірде болмаған тың жаңалықтарды туындататын мақсатты іс-әрекеті.

Бастауыш мектепте оқытудың басты еркшелігі оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, оларды қоршаған ортаның әсемдігін өнер түрлері арқылы түсіне білуге тәрбиелеу.

Жалпы білім беретін мектептің және бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісі шығармашылық негізде ұйымдастырылуы, оның бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді.

Оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды, заңдылықтарды бір-бірімен өзара байланыстылықта қарастыру, оқушылардың танымдық, ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету т.б. мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.

Білім беру қазіргі ғылымның, мәдениеттің, ғылыми-техникалық прогрестің дамуы деңгейіне сай болуы керек. Жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару үдерісіне тікелей ықпал жасайды.

Бейнелеу өнері шығармаларын жоғары дәрежеде қабылдау үшін бала бейнелеу өнер тілін меңгерген жөн. Өнерді қабылдау баланың арнайы сурет салуды үйренуді қажет етеді. Бұл жағдайда оқушының көркем бейнелеудің алғашқы міндеті ретінде шынайлықты қабылдау қабілеттілігін дамытады..

Қабілет деп адамның белгілі бір іс - әрекетті бір шама жеңіл атқаратын және жоғары сапаны қамтамасыз ететін жеке ерекшеліктерін түсінеміз. Қабілет туа біткен қасиет емес, ол даму үдерісінде ғана өмір сүреді және нақты іс -әрекетсіз дами алмайды. Кез - келген іс - әрекетке деген қабілет әр адам бойында бар, бірақ та туа біткен нышандарға байланысты олардың даму дәрежесі барлық адамдарда әртүрлі. Дамудың ең жоғары баспалдағына дарынды, талантты, алуан түрлі нышандар бойында қолайлы үйлескен адамдар жете алады.

Бейнелеу іс-әрекетіне деген қабілеттілік арнаулы қабілет қатарына жатады. Әрбір қабілет жетекші, негізгі және құрастырушы фонға бөлінетін жан-дүниенің ерекшеліктеріне тәуелді күрделі құрылымға ие.

Бейнелеу іс-әрекетіде қабілеттің жетекші қасиеттері қиялдау болып табылады, киялсыз ойдың өз көрінісін табуы мүмкін емес.

Бейнелеу қабілетінің құрылымында оның негізгі қасиеттері қабылдауды қамтамасыз ететін жоғарғы табиғи көру сезімталдығы; дағдыларды шапшаң және жақсы меңгеруге көмектесетін қолдың ерекше іскерлігі болып табылады.

Бейнелеу өнері пәнін оқытудың басты мақсаттары оқушыны өнерге баулу негізінде қоршаған ортаға деген жағымды эстетикалық қатынас пен өмірдегі әртүрлі құбылыстардың өзіндік құндылығын адам, табиғат, көркем шығармаларды түсінуге тәрбиелеу. Бастауыш мектеп оқушыларының қазақ халқының өнерін, мәдениетін сүйетін, басқа халықтар мәдениетін құрметтейтін рухани жан дүниесі бай, дамыған адам тәрбиелеу.

Бастауыш мектепте оқу мен шығармашылық органикалық бірлік ретінде сипатталады. Оқу міндеттері шығармашылық міндеттен бөлінбейді және уақыт бойынша оларды қайталамайды. Оқушының көркем бейнені жасауы мен қабылдауы мақсат болып табылады да, алынған білім, іскерлік, дағдылар оған жетуге қажетті құрал болып қызмет етеді .

Бейнелеу өнері пәнін оқыту кешенді түрде жүргізіледі. Бейнелеу өнері пәнінің міндеті бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері жайлы тұтас ұғым қалыптастыру үрдісімен, олардың өмірмен байланысты, бейнелеу өнерінің әлеуметтік орны, оның басқа өнер түрлерімен музыка, театр, кино және т. б.байланысы арқылы сипатталады. Оқушылардың отандық, шетел бейнелеу өнері шеберлерінің шығармалары, олардың шығармашылық жолы жайлы ұғымдары мен білімдері жүйеленеді.

Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың бояулар қатынасы, форма, көлем, фактураны көрсететін эмоционалды-мәнерлеу мүмкіндіктерінің ой-тұжырымын іске асыру үшін пайдалану қабілеттерін қамтиды. Оқушылар көркемдік материалдармен танысады, бейнелеу яғни шығармашылық іс-әрекеттерінің алғашқы дағдыларын алады, бейнелеу сауаттылығының элементтерін меңгереді, бейнелеу өнерінің негізгі түрлерімен бұл жерде Сәндік-қолданбалы өнерінің маңыздылығымен танысады.

Бастауыш мектеп деңгейінде оқушылар бейнелеу өнері түрлерін меңгеріп, бейнелеу және қолданбалы әрекеттер технологиясында, натюрморт, портрет табиғат жанрларының дәстүрлі түрінде жұмыс жасап үйренеді. Кеңістіктікте бейне беру, заттың көлемін перспектива, жарық көлеңке және т.б. таза техникалық әдіс ретінде емес, белгілі бір көркем мазмұнды көрсету құралы ретінде бере білу амалдарын меңгереді.

Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетінің қалыптасуына байланысты графикалық дизайн жасау техникасының негізгі түсініктері мен анықтамалары беріледі. Әртүрлі өнер түрлерінің көркем эстетикалық мәнін ашуы қамтамасыз етіледі. Әртүрлі өнер шығармалары бейнелеу өнері түрлерімен танысу қамтылған. Тіршіліктің мәңгі бітпес сұрақтарының мәні ашылады. Өнер тану мен өмір тану атты еркін тақырыптарға дискуссия ұйымдастырылып оқушылардың шығармашылық қабілетіне түрткі болды.

Өнертанудың маңызды ұғымдарымен танысады, көркем стиль мен бағыттарды ажыратуға үйренеді. Қазақ халқының және өзге халықтардың өнерімен танысудың ауқымы кеңірек ашыла түседі.

Зерттелетін мәселенің теориялық тұрғыдан дайындалуы және тәжірибелік зерттелуі бізге бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың теориялық моделін дайындауға және оның құрылымын, мазмұнын, қалыптасу деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді. Біз дайындаған құрылымдық мазмұны келесі өлшемдер мен көрсеткіштерді қамтиды (1-кесте).

Осы құрылымдық сапаның бастауыш сынып оқушыларында қалыптасу деңгейлерін анықтау сауалнама, тестілеу, әңгімелесу, шығармашылық тапсырмалар сияқты зерттеу әдістеренің кешенін пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары жайлы олардың өмірімен байланысы, бейнелеу өнерінің әлеуметтік орны, оның басқа өнер түрлерімен байланысы жайлы тұтас ұғым қалыптастыру процесімен сипатталады; оқушылардың отандық, шетел бейнелеу өнері шеберлерінің шығармалары,

олардың шығармашылық жолы жайлы ұғымдары мен білімдері жүйеленеді. Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінің барлық түрлері бойынша қарапайым түсініктерді қалыптастыру ретінде көрсетіліп, оқушылардың елестету мен қабылдауы олардың мүсіндеу, Сәндік-қолданбалы өнерде бейнелеу әрекеттерін жетілдіруге есептелген. Төртінші сыныпта елестету арқылы сурет салудан шындықты бейнелеуге, оған деген өзінің қатынасын көрсету ұсынылады .

Бастауыш мектепте форма, көлем, сызықтық, ауа перспективасын бейнелеуде алған білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға есептелген. Пластикалық шешімдегі форманы табу мен бояудың әсемдігі, қаламмен әртүрлі фактурадағы торкөз, шыны , керамика , гипс және т.б. материалдарды қолдана білу іскерліклігіне зор мән беріледі .

1 кесте - Бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың құрылымдық мазмұны





Компоненттер

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Мотивациялық

Бейнелеу өнерінен шағарма-шылық іс-әрекетке ынтасының болуы

- бейнелеу өнеріне қызығуының болуы;

  • көркем бейнелі шығармашылықтың ерекшелігін тануға ұмтылысы;

- бейнелеу өнеріне шығармашы-лықпен шұғылдануға ынтасы.

Мазмұндық



Шығармашылық қабілетті тұрғысындағы сауаттылығы

-бейнелеу өнері туралы білімі;

- шығармашылық қабілетін қалып-тастырудың мәнін түсінуі;

-бейнелеу өнернен білім мен эстетикалық талғамның болуы;






Іс-әрекеттік

Шығармашылық іс-әрекеттегі іскерлігі мен дағдысы

шығармашылық қабілетін іс жүзіне асра алуы;

бейнелеу өнері дағдыларын меңгеру және іскерлігін дамытуы;

шығармашылық іс-әрекеті



  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет