«Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығы» кмқк дидактикалы қ материалдар курчатов қаласы 2014 жыл



Дата28.04.2016
өлшемі135.35 Kb.


«Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығы» КМҚК



Д И Д А К Т И К А Л Ы Қ

М А Т Е Р И А Л Д А Р

Курчатов қаласы

2014 жыл
Оқыңыз, есте сақтаңыз.

Мәдени-сауық кеші Мәдени мұраны насихаттау

Мәдени-сауық кештері Мәдени-сауық мекемелері

Жылжымалы Халық шығармашылығы

Қоғамдық-саяси шара Тарихи-өлкетану мұражайы

Ғылыми-көпшілік Балалар мен жасөспірімдер сарайы

Тектілік Қалыңдық

Тұқым Лайықты

Сөз өнері (әдебиет) Кино өнері

Саз өнері (музыка) Қашау

Бейнелеу өнері (сурет) Қалау

Сәулет өнері (архитектура) Сазгер, әнші, күйші

Мүсін өнері (скульптура) Мүсінші

Кескін өнері (живопись) Кескіндеме

Театр өнері Өр мінезді

Ұлттық мәдениет Қарсылық білдірмеу

Туа біткен

Қол өнері (қолданбалы өнер: зергер, шебер, ісмер, тоқымашы, өрімші, бәдізші, ұстау)


Біздің сұхбат.

- Сіз қандай мәдени ошақтарды білесіз?

- ..................................................................................................................

- Сіз мәдени орындарға барасыз ба?

- ..................................................................................................................

- Қандай мәдени орындарға барасыз?

- ..................................................................................................................

- Мәдени орындарға не үшін барасыз?

- ..................................................................................................................

- Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесіз?

- ..................................................................................................................

- Қазақтың ұлттық аспаптары неше түрге бөлінеді?

- ..................................................................................................................

- Қазақтың киелі қара домбырасы туралы не білесіз?

- ..................................................................................................................

- Ұлттық аспапта ойнайсыз ба?

- ..................................................................................................................

- Республикамыздағы қандай ұлт-аспаптар оркестрлерін білесіз?

- ..................................................................................................................

- Ұлт-аспаптар оркестірінің концертін көріп тамашалайсыз?

- ..................................................................................................................
Оқыңыз, есте сақтаңыз.

Шертпелі Ыспалы Ұрмалы Үрлемелі

Домбыра Қобыз Дауылпаз Сыбызғы

Шертер Қылқобыз Даңғыра Сазсырнай

Жетіген Сазген Дабыл Керней

Адырна Кепшік Уілдек

Шаңқобыз Шыңдауыл Үскірік

Тұяқтас

Тағылым

Құда түсу
«Құда түсу» (дәстүр). Ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан әрі жарасты дәстүрлердің бірі – құда түсу. Жігіттің әкесі немесе жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі. Яғни бойжеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналады. Қыз әкесі келісім берген соң, құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды. Оның түрі өте көп. Мысалы, құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр, тағы басқа ырымдар мен кәделер, алымдары болады. Құдалықты басқарып барған адам «бас құда» деп аталады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-бірін «бауыздау құда» дейді.
Бата аяқ
«Бата аяқ» (салт.) Құда болған кісі екі жақтың келісімінен кейін жігіт әкесі қыз ауылына келіп, «бата аяқ» өткізеді. Кейде мұны «сырға тағар» деп те айтады. Осы жолы екі жақ тойды өткізу мерзімі, кәде-жора, қалың мал жөнінде келіседі. Мұны бата, келісуді «баталасу» дейді. Батаның екі түрі бар:

1. Кесімді бата жасау, мал мөлшері, той уақыты, шығын мөлшері: алыс-беріс, келу-кету, т.б.

2. Кесімсіз бата-мал саны, мүлік мөлшері кесілмейді. Жағдайға, уақытқа қарай кейін белгіленеді.

Ауқатты, елге есімі белгілі адамдар құдалығында бас жақсы, орта жақсы, аяқ жақсы деген ірі бағалы кәделер болады. Бас жақсыға -+боталы түйе, құлынды бие, жағалы киім, бағалы бұйым, алтын, күміс жамбылары жатады. Орта жақсыға ең жақсы түйе немесе ат жатады. Аяқ жақсыға ат, сиыр, қой, т.б. жатады.


Концерт

Оқыңыз, есте сақтаңыз.

Концерттік бірлестік Облыстық филармония

Симфониялық оркестр Шекті аспаптар квартеті

Фольклорлық би ансамблі Облыстық, республикалық байқау

Топ
Біздің сұхбат

1. Сіз театрға барасыз ба?

- ..................................................................................................................

2. Қандай қойылымдарды тамашаладыңыз?

- ..................................................................................................................

3. Қазақстанда алғашқы театр қашан, қай жерде ашылды?

- ..................................................................................................................

4. Театрдың алғашқы қарлығаштары кімдер?

- ..................................................................................................................

5. Қазақстанда қандай театрлар бар?

- ..................................................................................................................

6. Театр актерлерінен кімдерді білесіз?

- ..................................................................................................................

7. Театр мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?

- ..................................................................................................................




Кино
Көркем фильм Түр-тұлғасы

Деректі фильм Ғылыми-көпшілік фильм

Мультипликациялық фильм Өркениетке ұмтылу

Тұнғыш туынды Қазақтың болмыс-бітімі

Тіленші Балауса

Ойын-сауық орны Театр мәдениеті

Ұжымдық өнер Тума талант өнерпаздары

Қойылым Театр репертуары

Рольді сомдау Озық ойлы шығармалар

Алғашқы қарлығаштар


Біздің сұхбат

1. Сіз кинотеатрға барсыз ба?

2. Теледидардағы киноларды тамашалайсыз ба?

3. Сериалдарды көресіз бе?

4. Қандай саладағы фильмдер ұнайды?

5. Қандай жанырдағы фильмдерді көп көресіз?

6. «Қазақфильм» киностудиясынан шыққан фильмдер ұнай ма?

7. Қазақ тіліндегі киноларды көресіз бе?

8. Қазақтың қандай кино жұлдыздарын білесіз?

9. Ең сүйікті кинофильміңіз қайсы?

10. «Қыз Жебек» кинофильмін көрдіңіз бе?

11. «Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында?


Пікіралмасу. «Көшпенділер» фильмі туралы ойыңызбен бөлісіңіз.

1. Көшпенділердегі шетел актерларын тартудағы басты мақсат өркениетке ұмытылудың көрінісі ме, әлде қазақ киносын тіленшіге ұқсатып, батыс білсін деген ниет пе? Қалай ойлайсыздар?

2. Батыс актерлары қазақтың болмыс-бітімі мен түр-тұлғасын толық сомдай алды ма?

3. Көшпенділердегі батыс актерлары ойнаган кейіпкерледі сомдауға өзімізден лайық актерлар табылмады деп ойлайсыз ба?

4. «Көшпенділер» - қазақ тарихында батыс актерларымен бірге түсірілген тұңғыш туынды. Бұл кинофильмнің бұрын көрсетіліп жүрген қазақ киноларынан нендей ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар деп ойлайсыз?

5. Кино көңіліңізден шықты ма?


Өнер жұлдыздары
Өнер жұлдыздары Ырғақтар

Құйқылжытатарту Құбылыс

Өмірге құштарлық Нәзік

Шексіз сүю Жоғары деңгей


Басым сөздерді тыңдаңыздар.

өнер, әнші, халық әртісі, музыкатанушы, жұлдыз, музыка мектебі, бейнелеу өнері, сазгер, сахна, әртіс, кейіпкер, сәнді киім, ұлттық әшекейлер, сырға, сақина, жүзік, көрермен, бейнеклип, мәдениет, сәулет, аспап, әдебиет


Оқыңыз, есте сақтаңыз.

Өнер жұлдыздары Ырғақтар

Құйқылжытатарту Құбылыс

Өмірге құштарлық Нәзік

Шексіз сүю Жоғары деңгей
Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін салған кім?

2. Қазақтың белгілі өнер адамдарын білесіз бе?

3. Ә. Қастеев кім?

4. Ш. Айманов режиссер ме?

5. Қазақстанда белгілі опера әншісі кім болған?

6. А. Жұбанов қандай өнердің негізін салды?

7. Роза Рымбаева Халық әртісі ме?

8. Ол қандай Әндерді орындайды?
Сұраққа жауап жазыңыздар.

1. – «Жау жүрек мың бала» қандай фильм? Оның режиссері кім?

2. – Басты кейіпкердің рөлін кім ойнаған?

3. – Фильмді түсірудің мақсаты қандай?


Ой шақыру

1.Сіз спортпен шұғылданғанды ұнатасыз ба?

2. Қазақтың ұлттық ойындарын білесіз бе?

3. Ат жарысының қандай түрлері бар?



4. Гольф ойынына ұқсас қандай спорттық ойынды білесіз?
Лексикалық минимум

Тыңдаңыз, есте сақтаңыз

жазылуы

айтылуы

аудармасы

арқан тарту

арқан тартұу

перетягивание каната

ат жарысы

атшарысы

скачки

бестас

бестас

пять камней

алтыбақан

алтыбақан

алтыбакан

аударыспақ

аударыспақ

аударыспак

бәйге

бәйге

байга

ақсүйек

ақсүйөк

белая кость

көкпар

көкпар

кокбар

қызқуу

қызғұуұу

кызкуу /догони девушку/

теңге алу

тенг алұу

нац. вид спорта «тенге алу»

тай жарыс

тай жарыс

скачки стригунков

құнан жарыс

құнан жарыс

скачки трех леток

дөнен жарыс

дөнен жарыс

байга жеребцов

шабандоз

шабандоз

лихой наездник

жазық

жазық

равнина

көмбе /мәре/

көмбө

клад /финиш/

күнібұрын

күнүбұрұн

заранее

қарауылтөбе

қарауұлтөбө

высокий курган

керешілер

керешілер

кереши

межені

межені

финиш



Лексикалық минимум

жазылуы

айтылуы

аудармасы

ұрпақтан-ұрпаққа

ұрпақтан-ұрпаққа

от поколения к поколению

негізгі дәстүрлер

негізгі дәстүрлер

основные традиции

қонақ жайлық

қонағ жәйлылық

гостеприимство

ауыз тимей кетуге болмайды

ауұз тіймей кетуге болмайды

нельзя не попробовать

ұлттық дастархан

ұлттұқ дастархан

национальный дастархан

ет тағамдары

ет тағамдары

мясные блюда

сүт тағамдары

сүт тағамдары

молочные блюда

ұн тағамдары

ұн тағамдары

блюда из муки

ұлттық салт-дәстүр

ұлттұқ салтдәстүр

национальные традиции и обряды

ысырап етпей

ысрап етпей

не транжировать

ірімшік

ірімшік

творог

құдағилар табағы

құдағыйлар табағы

блюдо для свахи

бас табақ

бастабақ

главное блюдо

орта табақ

ортатабақ

среднее блюдо

аяқ табақ

айақтабақ

нижнее блюдо

келін табақ

келінтабақ

блюдо для невесты

қыздар табағы

қыздартабағы

блюдо для девушек


Бас табақ

Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы-қарта, жал-жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Басты қонақтың ең жасы үлкені немесе оның ұсынуы бойынша басқа бір беделді кісі ұстайды.



Орта табақ

Орта табаққа асықты жілік, ортан жілік, кейде жамбас та түседі.



Аяқ табақ

Кәрі жілік, жауырын, күң жілік сияқты еттің басқа да мүшелері салынып ауыл адамдарына қойылады.



Келін табақ

Келін табаққа ұлтабар және жүрек салынады.



Қыздар табағы

Қыздар табағына жілік, жүрек, бүйрек салынады.


Құдағилар табағы

Құйымшақ немесе асық жілік пен сүбе салынады.


Айтылым. Мұны білгеніңіз жөн!



Сергіту сәті

Бәріміз бірге караокемен ән айтайық

«Қазақы дастарханым»

сөзі: Ж. Боранбаев

әні: М. Ілиясов
Дастархан батасын жаттап алыңыз

Өміріңнен мән кетпесін,

Дастарханнан дәм кетпесін,

Барың берекеге ұлассын,

Шаңырағың сәнді болсын,

Тұрмысың мәнді болсын,

Тірлігің әнді болсын!

Әумин!


********************

Ашып тастап пейілді

Дастарханың жайылды.

Қасиетті нан ұлық

Берекең тұр нақ ұйып.

Сары май да қатарда

Онсыз асың батар ма?

Құрт, ірімшік – ас нәрі,

Айтпағанда басқаны.

Аңыз болып отауың

Айта жүрсін асыңды.

Рахмет шайыңа,



Риза еткен бір қойлық!

Әумин!
Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет