Курс жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұСҚАУ



жүктеу 241.49 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі241.49 Kb.
: CDO -> 2013-2014 -> Jeke-Damu-Biolog -> Data
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Практикалық: Лаборатория: 15 сағат обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 сағат
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың Әдістемелік нұСҚауы пән Компьютерлік желілер Мамандық
2013-2014 -> Лекция Тақырыбы: Алфавиттер, тізбектер және тілдер
2013-2014 -> Бағдарламасы Жетісай 20 ж мемлекеттік емтихан бағдарламасы құрастырған: Р. А. Кошкаров Кафедра мєжілісінде қаралған
2013-2014 -> Лекция:: 30 Лабораториялық: 15 Обсөж 45 СӨЖ
2013-2014 -> Лекция:: 15 Семинар: 13 СӨЖ: 62 Барлық сағат саны: 90 Аралыќ баќылау (АБ)- 60балл
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Лаборатория: 30 сағат обсөЖ: 60 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат
Data -> Жеке даму биологиясы ”
Data -> Биология кафедрасы

Ф-ОБ-007/015-2012

“Сырдария” университеті


«Химия және биология» факультеті


«Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасы
«Жеке даму биологиясы» пәнінен

5В060700 – «биология» мамандығы студенттеріне арналған


КУРС ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Курс: 4


Семестр: 7

Кредит саны: 3



Жетісай, 2013ж

Құрастырған: ғылым магистрі Абдукадирова Г.



(аты-жөні, ғылыми атағы)

Курс жұмысының әдістемелік нұсқауы кафедра мәжілісінде қаралды

Хаттама № __ « ____» _________ 2013ж
Кафедра меңгерушісі ______________

қолы аты-жөні, ғылыми атағы


Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған

Хаттама № __ « ____» _________ 2013 ж


ОӘК төрағасы/төрайымы/ ______________

қолы аты-жөні, ғылыми атағы

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған

Хаттама № __ « ____» _________ 2013 ж


Оқу -әдістемелік кеңес төрағасы/төрайымы/ _________

қолы аты-жөні, ғылыми атағы



Мазмұны


Кіріспе





  1. Курс жұмысының маңыздылығы




  1. Курстық жұмыстың құрылымы




  1. Курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар




  1. Курстық жұмысты орындаудың тәртібі




  1. Курс жұмысын рәсімдеу тәртібі




  1. Курстық жұмысты қорғау тәртібі




  1. Курс жұмысының тақырыптары




  1. Курс жұмысын рәсімдеу үлгілері



Кіріспе


Жоғары оқу орындарының жұмыс оқу жоспарларында пән бойынша студенттердің курстық жұмысты жазуы (орындау) қарастырылған.

Курстық жұмыс студенттерде пәнді оқып-зерттеудің теориялық негіздерін өз бетінше зерттеу дағдыларын қалыптастырудың, ережелерді, қоытындыларды, заңдарды, терең игерудің болашақ маманның оның кәсіби қызметіне қажетті білімдерді өз бетінше алу мен жинақтаудың тәжрибесін қалыптастырудың маңызды тізбегі болып табылады.

Курс жұмысының мақсаты - студенттерді тек бір тақырыпты немесе проблеманы терең меңгеруге емес, библиографиялық, статистикалық жинақтармен, монографиялармен, зерттеулермен, мерзімді баспа материалдарымен жұмыс жасауға дағдыландырады.

Сонымен қатар курс жұмысын жазу студенттен жоспарды дұрыс құруды, өзіндік жұмыс істеп үйретуге бағытталған, пайдаланылған әдебиеттер тізіміндегі библиографиялық сілтемелерді дұрыс пайдалануды талап етеді.

1.Курс жұмысының маңыздылығы

Курс жұмысын жазу маңыздылығы:



  • Студенттерді өз бетінше әдебиетпен жұмыс жасауға, таңдап алынған тақырыбы бойынша негізгі ұғымдарды табуға, нақты материалдарды теріп алуға, өңдеуге және талдауға, кестелер мен диаграммалар құрастыруға соның негізінде дұрыс қорытынды жасауға үйренеді;

  • Студент теориялық проблемаларды талдауда өз ойын айқын, сауатты баяндауға машықтанады;

  • Пән бойынша студенттің білімін тереңдетеді

Курстық жұмыс студенттерді ғылыми- зерттеу жұмыстарына дағдыландырады.

Студенттер курс жұмысын оқытушының бақылауымен орындайды. Орындалған курс жұмысы оқытушыға тексеруге тапсырылып, дұрыс орындалған жұмыс қорғауға жіберіледі.

Курс жұмысы студентке қайтарылып берілмейді, кафедраға тапсырылып, ол оқу- әдістемелік бөлімге өткізіледі.


  1. Курс жұмысының құрылымы

Курстық жұмыс анықтамалық мазмұны мен графикалық бөлімінен тұрады. Анықтамалық мазмұнға төмендегідей құрылымдық бөліктер кіреді:

    • сыртқы мұқаба

    • тапсырма

    • мазмұны

    • кіріспе

    • екі-үш тараудан құралған жұмыстың негізгі мазмұны

    • қорытынды

    • пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    • қосымшалар

Курс жұмысының сыртқы мұқабасы А4 форматтағы параққа ( қолжазба, компьютерде терілген ) №1 үлгіге сәйкес толтырылады. Сыртқы мұқабадағы сөздер мен тақырыптар тасымалданбайды. Соңында нүкте қойылмайды.

Курс жұмысының тақырыптары оқу үрдісінің кестесіне сәйкес ағымдағы семестрдің бірінші аптасында беріледі.

Тапсырмада мыналар қарастырылады: курс жұмысын орыдайтын оқу пәні, тобы, студенттің аты-жөні; жұмыс тақырыбы, бөлімдері мен орындау мерзімі; қорғауға ұсыну мерзімі; жетекшісінің аты-жөні, оның қызметі, қолы және тапсырманы берген күні.

Тапсырмалар бөлек қағаздарда орындадары (№4 үлгі ). Тапсырмада студент тапсырманы алған күні белгіленіп қолы қойылады.

ҚР заңнамалық актілерді, оқулықтарды, оқу құралдарын, монографияларды, анықтамалық әдебиеттерді, статистикалық материалдарды, мерзімді баспаларды пайдалануды ұсынылады.

Курс жұмысының құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдеиеттер тізімінен құрылады.

Курс жұмысын мына мерзімде орындауды ұсынылады: Әр тарауға 2-3 апта, Қорытынды-1-2 апта, пайдаланылған әдебиеттер тізімін құруға-3-5 күн. Сонымен қатар жұмыстың құрлымдық элемменттерінің келесі көлемдері ұсынылады: Кіріспе –2-3 бет, қорытынды –2-3 бет, әр тарауға 10-15 бет, пайдаланылған әдебиеттер тізімне –1-2 бет.

Графикалық есептеу бөлімінде слайдтардың, плакаттардың орындалу мерзімі, беттер саны көрсетіледі. Кемінде А4 форматта3 слайд орындау ұсынылады.

Аннотацияда ( аңдатпа) курс жұмысы жайлы қысқаша мәлмет және жалпы сипаттама беріледі. Аннотация курс жұмысның көлемі, кестелер, схемалар, қосымшалар жайлы мәлімет көрсетіледі.

Жоспарда кіріспе, тауарлар мен тармақтардың аталуы, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер, қосымшалар көрсетіледі. (№2 Үлгі)

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, қаралатын негізгі сұрақ мәселелері, жұмыстың алдына қойған мақсаты мен міндеті, жұмыстың теориялық және тәжрибелік мақсаттары қысқаша анықталады. Қандай әдіс- тәсілдерді қолданғанын (бақылау, тәрибе жүргізу, салыстырмалы сараптау т.б.), қандай материалдармен жұмыс жасағанын ( әдебиеттер, тыңдалған баяндамалар, оқу құралдары) көрсетеді. Кіріспе ықшамдалып, қысқаша 2-3 бетке жазылып беріледі.

Негізгі бөлімде тақырып жоспар бойынша баяндалады, бұл бөлім бірнеше бөліктерден немесе тауарлардан құрылады, онда жұмыста қолданылған әдістер мен материалдар, шешілген проблемалық есептер, ғылыми- теориялық және есептеу- теориялық нәтижелер (мамандық және тақырыпқа байланысты) енгізіледі.

Негізгі бөлімнің көлемі А4 форматтағы компьютерде терілген 20-25 бетті, қолжазбамен 30-40 бетті құрайды.

Қорытынды бөлімінде жоспарда қойылған және негізгі бөлімде жазылған сұрақтардың түйіндері тұжырымдалады. Қорытынды 2-3 бетке ықшамдалып жазылады.

Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымша материалдар тіркеледі.




  1. Курстық жұмысқа қойылатын негізгі талатар

Курстық жұмысты орындаушы студент оған қойылатын талаптарды білу қажет:

- Зерттелген тақырып жалпы және дербес бөлімдерден жан-жақты, терең теориялық ашылуына басты басты назар аудару қажет.

- Курстық жұмысты әрбір тараудың негізгі мәселесінің мән- мағынасын анықтаудан және баяндаудан бастау керек.

Мән –мағынаны баяндау дәлелді, ғылыми негізделген және түсінікті болуға тиісті.

Теориалық жағдайлар және қорытындылар шындықтың нақты материалына сүйену, ал фактілер мен үлгілер кездейсоқ емес, әдеттегі болу керек.

Курстық жұмыс материалы логикалық жүйелі түрде баяндалады, сондықтан оның тақырыбын толық ашу үшін студент:



  • оған қатысты өкімет қаулылары,ҚР президентінің жарлықтары;

  • осы мәселеге арналған отандық және шетелдік ғылыми жұмыстарды оқып білуге;

  • мерзімді басылымдағы мақалаларды зерттеуге тиісті.

Жазбаша түрде материалды сауатты түрде баяндау- курстық жұмысты орындау мен білімді қалыптастырудағы маңызды кезең. Өзіндік ақпарат жинау тәсілдерін игергеннен кейін студент біліміне өзіндік бақылау ұйымдастыру қажет, яғни таңдаған тақырыптың жоспарының мәселелерін логикалық жүйелі түрде ашу керек.

Өзіндік шығармашылық сипатта баяндау қажет дегеніміз - студент жоспарының әрбір мәселесін өзі ойлаған схемаға сәйкес, цитаталарды дұрыс қолданып, оларды түсініктеме және мәтінде шамадан тыс асырмай, бір- бірімен логикалық байланысы жоқ үзінділер келтірмеуге, және талдаған теориялық жағдайларды практиалық қызметпен байланыстыруға тиісті. Куртық жұмыс жақсы әдеби тілмен жазылу қажет. Баяндау стилі, тіл, қысқа сөйлем құрастыра білу, өз пікірін түсінікті түрде жеткізе білу маңызды роль атқарады.

Терминдер, шартты белгілер мен қысқартудың жалпы орныққан белгілерін қолдану қажет.

Курс жұмысын орындау тәртібі
Курстық жұмыстарды орындауды төмендегі кезеңдерге бөлген жөн

а. тақырып таңдау

ә. әдебиет жинақтау және оны зерттеу

б. нақты стилистикалық материалды жинау және өңдеу

в. жұмысты жазу

г. курс жұмысын рәсімдеу

д. курс жұмысын қорғау
Кафедра ұсынған тақырыптар арасынан студент өзіне тақырып таңдау қажет, кей жағдайда, кафедра тізіміне енбеген тақырыпты студент өзі ұсынуға құқылы.

Кафедра тақырып тізімін құрастырғанда, оның оқу әдебиетімен сәйкес келуін қадағалайды, студентті жұмыстың мағынасын ашуда, методологиясын анықтауда өзіндік жұмысқа бағыттау қажет.

Тақырып тізімін дайындауда, оқу тобында бір тақырыпты тек қана бір студент орындауын ескеру қажет.

Тақырып таңдағаннан кейін студент каталог бойынша әдебиеттер тізімін дайындап, оны оқуы қажет. Ол жұмысты кафедра ұсынған осы пәннің жұмыс бағдарламасында және семинар сабағының әдістемелік нұсқауында көрсетілген әдебиетті зерттеуден бастауы керек.

Мерзімді баспа материалын оқуда соңғы жылдары жарық көрген және курстық жұмыс мәселелерін толығырақ ашатын еңбектерден бастау дұрыс, ал кейін алдыңғы басылымдарға өту қажет.

Әдебиетті жинап, оқып болғаннан кейін студент курстық жұмыстың жоспарын дайындайды. Жоспар жұмыстың негізгі мәселелерін толық ашу керек, курстық жұмыстың құрылымына сай болуы керек. Жоспар құрылғаннан кейін , оны жетекшісімен бірлесе отырып бекітуі қажет.



5. Курстық жұмысты рәсімдеу
Курстық жұмыстың негізгі мәтінінің көлемі 20-25 беттен кем болмауы керек.

Пайдаланылған әдебиеттер саны 10-15 тен кем болмауы тиіс.

Курстық жұмыстың терілуінің талаптары.


  • Курстық жұмыс стандартты А4 қағазда жазылады

  • Сол жағынан - 30 мм, оң жағынан – 10 мм, жоғары жағынан - 15 мм, төменгі жағы - 20 мм қалдырылады.

Барлық цитаталар мен сандық көрсеткіштерге, деректерге сілтеме берілу керек. Курстық жұмыс беттеріне рет саны қойылу қажет, әрбір тарау жаңа беттен жазылады.
5.1 Мәтін, кесте, графикалық материалды рәсімдеу тәртібі.
Курстық жұмыстың негізгі бөлімі зерттеу тақырыбының мағынасына байланысты мәтін, иллюстративті материал, кесте сурет т.б. ретінде баяндалуға тиісті.

Тақырып. Тарау атауы мағынасына сай болуы қажет. Оны парақтың ортасына нүкте қоймай орналастыру қажет. Мәтін мен арасындағы 0,7 мм.

Кестелер. Кесте үлгісі бірақтар белгілері бойынша немесе бір- бірнеше обьектілерді сандық және сөздік ақпаратты баяндау үшін қолданылады. Көрсеткіштерді салыстыру үшін көрнекі түрінде де қолданалады. Кестені жұмыс барысында мәтіннен кейін орналастыру қажет. Барлық кестелерге сілтеме беруі тиіс. Кесте араб сандарымен белгіленеді.

Кестені басқа бетке ауыстырған жағдайда, оның атауы тек бірінші бетке ғана түсіріледі, ал келесі бетке оң бұрышына “кестенің жалғасы...” деп көрсетіледі.



Иллюстациялар.Иллюстративтік материал (график, схема, диаграммалар) зерттеу обьектісінің ерекше сипатын көрсету үшін немесе мәтінді жақсы түсіну үшін қолданылады.

Қажетті ақпарат беретін иллюстративтік материал мәтіннен кейін немесе қосымша бетте көрсетіліп, оған сілтеме беріліп “сурет” деген сөзбен белгіленеді.

Олар конструкциялық құжаттардың біртұтас жүйесінің талаптарына сай болу керек.

Иллюстративтік материалдың тақырыптық атауы болу керек.

Олар конструкциялық құжаттардың біртұтас жүйесінің талаптарына сай болуы керек.

Иллюстративтік материалдың тақырыптық атауы болу керек.


5.2. Беттердің рет саны

Курстық жұмыс беттері араб сандарымен белгіленеді. Титулдық бетті жұмыстың жалпы нумерациясына енгізеді, онда рет саны қойылмайды. Рет саны көрсетілген 3 беттен басталады, беттің оң бұрышына.


5.3. Қосымшалар

Қосымшаларды жұмыстың жалғасы ретінде береді, оны мәтіндегі сілтеме бойынша ретімен келтіреді. Әр бір қосымшаның тақырыбы болу керек. Қосымшаның сол жақтағы төменгі бұрышында қандай дерек негізінде құрастырғанын көрсету керек.


5.4. Ғылыми- анықтамалық ақпарат

Курстық жұмыс ғылыми- ақпараттық құралы екі бөліктен құралған: қолданылған деректер мен әдебиеттер тізімі және жолма- жол сілтеме.


5.5. Сілтемелер мен қолданылатын деректерге қойылатын жалпы талаптар

Тізім және сілтемелерді мемлекеттік стандартқа сай қолдану керек.

Ведомоствалық актілер тиісті ведомоствалардың ресми басылымдарына, революцияға дейінгі актілер ресми басылымына сай көрсетілу керек.

Шет тілдегі әдебиет сол тілде орфографиялық нормаларына сай көрсетіледі.

Көп, бірнеше рет қайталанатын мерзімді басылым атауларын қысқартып қолдануға болады.

Қолданылған деректер мен әдебиеттер тізімі екі интервал арқылы теріледі. Шетел деректері алфавиттік тәртіпте, алдымен латиница негізінде әдебиет, одан кейін кирилица және иероглифтік жазудағы әдебиеттер көрсетіледі.


5.6. Библиографиялық сипаттауды безендіру

Библиографиялық сипаттауда алғашқы элемент автордың фамилиясы және инициалдары келтіріледі.

Екі автордан келтірілген жағдайларда, екеуінің де фамилиясы беріледі, үтірмен бөлу қажет.

Мемлекеттік стандарттар мен құжаттар жинағы

О внесеий и дополнений в Закон РК Об оценочной деятельности в Республике Казахстан. Ведомости Парламента РК. 2003-№3.-с. 125-131

О созданийи государственного учреждения “Межрегиональный налоговый комитет №1” Налового комитета Министерства финансов Респубилики Казахстан Постановление РК Собрание актов. 2003. №4-с. 182-183


  1. Курстық жұмысты қорғау тәртібі

- Курстық жұмысты қабылдау кестесі емтихан сессиясының басталуынан екі апта бұрын бекітіледі.

- Студент орындаған қурстық жұмысын жетекшісіне тексерту үшін тапсыру керек.

- Егер курстық жұмыс қорғауға жіберілмесе, студент көрсетілген ескертулерді қарап, оны өңдеп болған соң кафедраға қайта ұсынады.

- Егер курстық жұмыстың өзіндік сипаты болмаса немесе басқа авторлардан, деректерден көшірілсе, қойылатын мәселелердің мән-мағынасы толық ашылмаса қорғауға жіберілмейді.

- Студент курстық жұмысты толық дайындағанда, ғылыми жетекшінің ұсынысымен қорғауға жіберіледі.

- Курстық жұмысты курстық жұмыстың ғылыми жетекшісінің қатысуымен, декан (кафедра меңгерушісі) өкімімен бекітілген комиссия қабылдайды.

- Комиссия отырыстары хаттамаға (үлгі №3) түсіріледі, комиссияның төрағасы, мүшелері қол қояды.

- Курстық жұмыс қорғауға, оны орындаудың барлық талаптары орындалған жағдайда ғылыми жетекшінің ауызша және жазбаша келісімімен жіберіледі

Студентке:

- материалды терең талдап, игерген, тақырыптың мазмұнын ашып көрсеткен, зерттеу нәтижесі бойынша нақты қорытындылар келтірілгенде (А мен А-) аралығындағы баға;

- тақырыпты толық, жан-жақты аша алған, бірақ шығармашылық элементтері, өзіндік тұжырымы жоқ жағдайда (В+, В, В- ) аралығындағы баға;
- тақырып толық ашылмаған, материалдарды талдау қанағаттанарлық деңгейде ғана жасалғанда (С+, С, С-) аралығындағы баға қойылады.
Курстық жұмысты қорғамаған студенттер емтихандық сессияға жіберілмейді.
Курстық жумысты белгілі себептермен орындамаған және қорғауға жіберілмеген студенттер сессия аяқталған соң қайта қорғауға жіберіледі. Курстық жұмысты 2 реттен артық қорғауға болмайды.


  1. КУРС ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


1 – Тақырып : Тірі ағзалардың көбеюі

Қамтылуға тиіс мәселелер:

Жынысты,жынысыз және вегетативті көбеюі. Нюссбаум-Вейсманның үрық жолы теориясына қазіргі көзқарасы. Алғашқы жыныс клеткалары туралы түсінік. Онтогенездегі гоноциттердің шығу тегіне эволюциялық көзқарас.
ПАЙДАЛАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ
1. Белоусов Л.Б.Введение в общую эмбриологию М.: Мир, 1971, 1980

2 Бодемер Ч. Современная эмбриология. М.: Мир. 1971.

3 Газарян Г. К. Биология индивидуального развития. М.: Мир, 1971.

4 Токин Б. П. Общая эмбриология. М.: Мир, 1980,1992.

5 Карлссон. Основы эмбриологии по Петтену. М.: Мир, 1983.

6 Алмазов И.В.Атлас по гистологии и эмбриологии М., 1998



2 – Тақырып : Оогенез және сперматогенез

Қамтылуға тиіс мәселелер:

Онтогенездің жүйелі кезеңдері. Жұмыртқа клеткаларының қоректенуі типтер; солитарлы алиментарлы, нутриментарлы және фолликулярлы. Ооциттердің қосымша клеткаларымен қарым- қатынасы. Өсіп келе жатқан оцитердің ядролық және цитоплазмалық өзгерістер. Өсу кезеңі; трансляция аппаратарының компонентерінің қорға сақталуы мен белоктардың жиналуы.

Әр түрлі жануарлардың сперматозоидтарының функционалдық ерекшеліктері мен салыстырмалы морфологиясы. Гаметаларды концервациялаудың жаңа әдістері. Сперматогенез. Сперматогенездің кезеңдері. Спермиогенез. әр түрлі жануарлардың спермогенез заңдылықтары.


ПАЙДАЛАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ
1. Белоусов Л.Б.Введение в общую эмбриологию М.: Мир, 1971, 1980

2 Бодемер Ч. Современная эмбриология. М.: Мир. 1971.

3 Газарян Г. К. Биология индивидуального развития. М.: Мир, 1971.

4 Токин Б. П. Общая эмбриология. М.: Мир, 1980,1992.

5 Карлссон. Основы эмбриологии по Петтену. М.: Мир, 1983.

6 Алмазов И.В.Атлас по гистологии и эмбриологии М., 1998



3 – Тақырып : Ұрықтану процесінің кезеңдері

Қамтылуға тиіс мәселелер:

Ұрықтану процесінің жалпы сипаттамасы мен оның биологиялық маңызы. Ұрықтандыру (сырттан, іштен). Жасанды (қолдан) ұрықтандыру және оның практикада (медецинада, мал шаруашылығында, балық өсіруде, аң шаруашылығында) қолдану. В.П.Врасский, В.К.Милованов, И.И.Ивановтардың еңбектері. Сперматозоидтар мен жұмыртқалардың ұрықтану қабілеттілігінің сақталуының ұзақтылығы мен шарттары.

Гаметалардың дистантты және контактты қарым-қатынасы . Жұмыртқамен спермиядан бөлініп шығатын заттардың рөлі. Спермияларды химиялық антрактантармен арнаулы түрлерге тарту. Сүтқоректілердегі капацитация. Акросомды және кортикальді реакциялардың негіздері. Моно- және полиспермия.


ПАЙДАЛАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ
1. Белоусов Л.Б.Введение в общую эмбриологию М.: Мир, 1971, 1980

2 Бодемер Ч. Современная эмбриология. М.: Мир. 1971.

3 Газарян Г. К. Биология индивидуального развития. М.: Мир, 1971.

4 Токин Б. П. Общая эмбриология. М.: Мир, 1980,1992.

5 Карлссон. Основы эмбриологии по Петтену. М.: Мир, 1983.

6 Алмазов И.В.Атлас по гистологии и эмбриологии М., 1998



4 – Тақырып : Клеткалардың бөліну типтері

Қамтылуға тиіс мәселелер:

Мейоз профазасында болатын генетикалық материалдың рекомбинациясы. Мейоздағы хромосом санының азаюы. Мейоз, оның биологиялық маңызы. Мейоз блогы туралы түсінік.

Жануарлардың биологиясына байланысты жыныс циклының ерекшеліктері, моно- және полициклды түрлер. Жыныс циклының гормондары арқылы реттелуі. Сыртқы орта жағдайымен байланысы. Суперовуляция. Мал шаруашылығында, медицина салаларында, аң шаруашылығында жануарлардың жыныс циклын ғылыми негізде реттеу. Өрбіту кезеңіннің ұзақтығы.


ПАЙДАЛАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ
1. Белоусов Л.Б.Введение в общую эмбриологию М.: Мир, 1971, 1980

2 Бодемер Ч. Современная эмбриология. М.: Мир. 1971.

3 Газарян Г. К. Биология индивидуального развития. М.: Мир, 1971.

4 Токин Б. П. Общая эмбриология. М.: Мир, 1980,1992.

5 Карлссон. Основы эмбриологии по Петтену. М.: Мир, 1983.

6 Алмазов И.В.Атлас по гистологии и эмбриологии М., 1998



5 – Тақырып : Эмбрионалдық даму түрлері

Қамтылуға тиіс мәселелер:

Гаметалардың қосылуы және физиологиялық моноспермді жануарлардағы полиспермияны болдырмайтын механизмдер. Сингамия. Ұрықтанудан кейінгі ооплазма бөлімдерінің алмасуы және жұмыртқа метаболизмнің активациясы. Зиготадағы ата-аналардың геномының бірігуі. Трансгенді жануарларды жасау . Жыныстың генетикалық гормонолды және иммунологиялық анықталуы. Сүтқоректілердегі пронуклеустардың бірдей еместілігі . Диапауза. Жануарлардағы аз және көп ұрықталығы. Табиғи және жасанды партеногенез. Партеногенезді жүзеге асыратын факторлар. Ж.Леб, А.А.Тихомиров, Э.Батайон, Б.Л.Астауров, В.А.Струнниковтардың еңбектері. Андрогенез және гиногенез.
ПАЙДАЛАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ
1. Белоусов Л.Б.Введение в общую эмбриологию М.: Мир, 1971, 1980

2 Бодемер Ч. Современная эмбриология. М.: Мир. 1971.

3 Газарян Г. К. Биология индивидуального развития. М.: Мир, 1971.

4 Токин Б. П. Общая эмбриология. М.: Мир, 1980,1992.

5 Карлссон. Основы эмбриологии по Петтену. М.: Мир, 1983.

6 Алмазов И.В.Атлас по гистологии и эмбриологии М., 1998



6 – Тақырып : Дамудағы регуляция және дифферинцировка деңгейері.

Қамтылуға тиіс мәселелер:

Детерминация, цитофферинцировка және морфогенез. Полярлық және градиенттік. Ооплазматикалық сегерегация мен ядролардың қарым-қатнасы дифферинцировканың алғашқы сәті. Гендердің дифференциальды белсендігі және арнаулы белоктардың синтезі. Ядроларды көшіріп отырғызу, соматикалық клеткалардың гибридизациясы, бастамалардың эксплантациясы және бөлімдерін көшіріп отарғызу. Түр аралық гибридтерді жасау арқылы Цитодифференцирвка Клеткалардың қарым-қатнасы және гормондардың дамуды реттеуі. Детерминация-көп сатылы процесс. Дамудың факторлары және жағдайлары. Дамудағы регуляция және дифферинцировка деңгейері.
ПАЙДАЛАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ
1. Белоусов Л.Б.Введение в общую эмбриологию М.: Мир, 1971, 1980

2 Бодемер Ч. Современная эмбриология. М.: Мир. 1971.

3 Газарян Г. К. Биология индивидуального развития. М.: Мир, 1971.

4 Токин Б. П. Общая эмбриология. М.: Мир, 1980,1992.

5 Карлссон. Основы эмбриологии по Петтену. М.: Мир, 1983.

6 Алмазов И.В.Атлас по гистологии и эмбриологии М., 1998




7– Тақырып : Омыртқалы жануарлардың органогенезі.

Қамтылуға тиіс мәселелер:

Ұрықтың денесінің қалыптасуы. Голо-және меробластикалық даму типтеріндегі бас және құйрық бөлімдерінің жекеленуі. Мүшелердің дамуындағы детерминация және реттелу процестері. Екінші эмбрионалды индукция.
ПАЙДАЛАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ
1. Белоусов Л.Б.Введение в общую эмбриологию М.: Мир, 1971, 1980

2 Бодемер Ч. Современная эмбриология. М.: Мир. 1971.

3 Газарян Г. К. Биология индивидуального развития. М.: Мир, 1971.

4 Токин Б. П. Общая эмбриология. М.: Мир, 1980,1992.

5 Карлссон. Основы эмбриологии по Петтену. М.: Мир, 1983.

6 Алмазов И.В.Атлас по гистологии и эмбриологии М., 1998



8– Тақырып : Эмбриогенез

Қамтылуға тиіс мәселелер:

Бөлшектену кезеңіне жалпы сипаттама. Бөлшектену кезеніндегі митоздық циклдың, ДНК,РНК,белок синтезінің ерекшеліктері. Гертвиг-Сакс ережелері Бөлшектену типтері; толық,жартылай, біркелкі емес,беткі, диск тәрізді, радиалды, спиралды, билатералды, анархиялық, билатералды синхронды.

Көп қабатты ұрықтың пайда болу процесінің жалпы сипаттамасы. Гаструляция типтері. Плаценталы сүтқоректілердегі, құстардағы, балықтардағы және ланцетниктердегі, гаструляцияның ерекшеліктері. Мезадерманың пайда болу жолдары;. Телобластикалық, энтероцелді және пролиферациялық. Морфогенетикалық қозғалыстары, (эмоболия, инволюция, конвергенция, инваганиция, деламинация, эпиболия) және оның механизімдері (ұрық клеткалардың адгезиялық қасиеттерінің өзгеруі, клеткалық бөлінуінің біркелкі еместігі, клетка миграциясының белсенділігі).

Нерв түтігінің пайда болуы, оның бөлімдерінің жіктелуі. Нерв айдаршасы және оның туындылары. Хорда- мезодерма бастамаларының жіктелуі (хорда, сомиттер, сомитті аяқшалар, бүйір пластинкасы,целом) хордамезадермальді бастамасының градиенттік қатынасы. Мезодерманың сегменттелуі және оның генетикалық бақылануы. Гемозис тендері. Голо- меробластикалық даму типтеріндегі неирорегуляцияның ерекшеліктері. Нерв жүйесінің және сезім мүшелерінің дамуы.
ПАЙДАЛАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ
1. Белоусов Л.Б.Введение в общую эмбриологию М.: Мир, 1971, 1980

2 Бодемер Ч. Современная эмбриология. М.: Мир. 1971.

3 Газарян Г. К. Биология индивидуального развития. М.: Мир, 1971.

4 Токин Б. П. Общая эмбриология. М.: Мир, 1980,1992.

5 Карлссон. Основы эмбриологии по Петтену. М.: Мир, 1983.

6 Алмазов И.В.Атлас по гистологии и эмбриологии М., 1998



9– Тақырып : Регенерация

Қамтылуға тиіс мәселелер:

Физиологиялық және репаративті регенерация. Репаративті регенерацияның клеткалық кездері. Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар қатарындағы репаративті регенерацияның жолдары. Регенерация процесстерінің реттелуі (гормональды, ұлпақ, фунциональды, нервтік).
ПАЙДАЛАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ
1. Белоусов Л.Б.Введение в общую эмбриологию М.: Мир, 1971, 1980

2 Бодемер Ч. Современная эмбриология. М.: Мир. 1971.

3 Газарян Г. К. Биология индивидуального развития. М.: Мир, 1971.

4 Токин Б. П. Общая эмбриология. М.: Мир, 1980,1992.

5 Карлссон. Основы эмбриологии по Петтену. М.: Мир, 1983.

6 Алмазов И.В.Атлас по гистологии и эмбриологии М., 1998



10 – Тақырып : Бөлшектену типтері

Қамтылуға тиіс мәселелер:

Бөлшектенудің синхронды бөліну кезінде клеткалық циклдің ерекшеліктері. Бөлшектену кезіндегі клеткалық циклдің асинхроды кезеңге көшуі. Бөлшектенудің синхронды және асинхронды бөлінуіндегі ДНҚ, РНҚ, белок синтезі.Аналық геномның функциясының ұрық геномының функциясына ауысуы. Мозайкалық және реттелетін жұмыртқалар. Жеке бластулаларды бөлу, қосу, өлтіру бойынша тәжірбиелер. Бөлшектену кезеңіндегі ядролардың эквипотенциалдылығы. Г.Шпеман, Т.Кинг, Р.Бриггс, Д.Гердондардың соматикалық клеткалар ядроларын инактивациялау және көшіріп отырғызу тәжрибелері. Сүтқоректілердің зиготалары мен ерте кезеңіндегі ұрықтарын көшіріп отырғызу. Бір жұмыртқалы егіздер. Ерекше және кездейсоқ пайда болатын полиэмбриония.
ПАЙДАЛАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ
1. Белоусов Л.Б.Введение в общую эмбриологию М.: Мир, 1971, 1980

2 Бодемер Ч. Современная эмбриология. М.: Мир. 1971.

3 Газарян Г. К. Биология индивидуального развития. М.: Мир, 1971.

4 Токин Б. П. Общая эмбриология. М.: Мир, 1980,1992.

5 Карлссон. Основы эмбриологии по Петтену. М.: Мир, 1983.

6 Алмазов И.В.Атлас по гистологии и эмбриологии М., 1998



11 – Тақырып : Көп қабатты ұрықтың пайда болу процесінің жалпы сипаттамасы

Қамтылуға тиіс мәселелер:

Өсьтік органдардың қалыптасу кезіне жалпы шолу. Нерв түтігінің пайда болуы, оның бөлімдерінің жіктелуі. Нерв айдаршасы және оның туындылары. Хорда- мезодерма бастамаларының жіктелуі (хорда, сомиттер, сомитті аяқшалар, бүйір пластинкасы,целом) хордамезадермальді бастамасының градиенттік қатынасы. Мезодерманың сегменттелуі және оның генетикалық бақылануы. Гемозис тендері. Голо- меробластикалық даму типтеріндегі неирорегуляцияның ерекшеліктері. Нерв жүйесінің және сезім мүшелерінің дамуы. Нерв жүйесінің және сезім мүшелерінің дамуындағы индукциялық процесстер. Нерв талшықтарының өсуі, олардың мүшелер бастамаларымен қарым-қатнасы.
ПАЙДАЛАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ
1. Белоусов Л.Б.Введение в общую эмбриологию М.: Мир, 1971, 1980

2 Бодемер Ч. Современная эмбриология. М.: Мир. 1971.

3 Газарян Г. К. Биология индивидуального развития. М.: Мир, 1971.

4 Токин Б. П. Общая эмбриология. М.: Мир, 1980,1992.

5 Карлссон. Основы эмбриологии по Петтену. М.: Мир, 1983.

6 Алмазов И.В.Атлас по гистологии и эмбриологии М., 1998

«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ
______________________________ ФАКУЛЬТЕТІ
______________________________КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Жеке даму биологиясы


Мамандық: 5В060700-Биология
Тақырыбы:

Курс жұмысы

қорғалды «____» __________ Ғылыми жетекшісі

(Мерзімі) ________________________

___________ (аты-жөні, ғылыми атағы)

(бағасы)
Комиссия мүшелері Орындаған студент


_________________________ _______________________

(қолы) (тобы)

______________________

(аты-жөні) ________________________

(қолы)

Жетісай, 2013



«Сырдария» университеті
«___________________» факультеті
«____________________» кафедрасы
«Бекітемін»

каф. меңгерушісі

_________________

аты-жөні, ғылыми атағы

« » 20 ж.

Курстық жұмысты қорғау комиссиясының

хаттамасы

« » 20 ж.



Пәні:
Студент топ
Курстық жұмыстың

тақырыбы:

Студентке қойылған сұрақтар:

1.

2.

3.

Курстық жұмыстың бағалануы:
Бағасы:
Төраға:

Комиссия мүшелері:


Хатшы:



“Сырдария” университеті

Бекітемін

Каф. меңгерушісі---------------------

“---------” ------------------------20 ---ж
-----------------------------------------------------------------------------------пәні бойынша курс жұмысына

Тапсырма №----------------------
Студент--------------------------------------------------------------------------------------тобы-------------------------
Жұмыс тақырыбы--------------------------------------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қолданылатын мәліметтер-----------------------------------------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------




Анықтамалық мазмұны

Орындау мерзімі

Көлемі

(беттердің саны)



1.










2.










3.














Графикалық бөлімнің мазмұны

Орындау мерзімі

Беттердің саны

Формат































Әдебиеттер: 1.-------------------------------------------------------------------------------------------------



2.------------------------------------------------------------------------------------------------

3.--------------------------------------------------------------------------------------------------


Тапсырма берілген күні----------------------жұмысты қорғау күні---------------------
Курстық жұмыстың жетекшісі-----------------------------------------------------------------------------------------

(қызметі, ат-жөні, қолы)
Тапсырманы орындауға кіріскені------------------------------------------------------------------

(студенттің аты-жөні, қолы)







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет