Кузнецов ауылдық кітапханасы



жүктеу 22.88 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі22.88 Kb.
: zkolib -> rus -> nav -> tas
tas -> Аудандық кітапхана. Аудан кітапханаларының тарихы «Қызыл отау»
tas -> Аудандық балалар кітапханасы
nav -> Абай ауылдық кітапханасының шежіресі
tas -> Оян ауылдық кітапханасы
nav -> Тасқұдық ауылдық кітапхана шежіресі Оқырман саны: 527 Кітап берілімі: 6155 дана
tas -> Атамекен ауылдық кітапханасы
tas -> Ермольчев ауылдық кітапханасы
tas -> Амангелді ауылдық кітапханасы
tas -> Қисықсай ауылдық кітапханасы
Кузнецов ауылдық кітапханасы.

Кузнецов ауылдық кітапханасы 1967 жылы құрылған. Кітапхана ауылдық мәдениет үйі ғимаратында орналасқан. Алғашқы кітапханашылары - Лидия Миронова мен Нұрғаным Қожақовалар 1967-1985 жылдары еңбек етті. 1985 жылдан - 2012 жылға дейін Мансура Кунтаевалар атқарып келді. Кітапханашы - Нұрғаным Қожақова «Кітапхана жұмысының озаты» және бірнеше грамоталармен марапатталған. Егін орағы кезінде бригадаларға барып, жылжымалы кітапханалық қызмет көрсетті. «Жауынгерлік бет», «Найзағай», «Егін орағы» қабырға газеттерін шығарып, басқа да кітаптары насихатталған. Сондай-ақ, еңбек озаттары ҰОС ардагерлерімен кездесу кештерін ұйымдастырған.

1985 жылдары 5 мыңға жуық кітап қоры болса, оның қазақ тіліндегісі 1284 дана болған. 1997-2011 жылдар арасында кітапхана мектеп ғимаратында орналасқан. Бүгінгі таңда кітапхана мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан. Оқырмандары саны - 240. Кітап қоры- 7219 дананы құраса, оның 2835-і қазақ тіліндегі әдебиеттер. Кітапханадағы мерзімді басылымдар- «Егемен қазақстан», «Дала мен қала», «Орал өңірі», «Приуралье», «Ақ босаға», «Кітап жаршысы», «Ұлан», «Екпін», «Отбасы және денсаулық», «Пайдалы кеңестер», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ», «Ертегілер әлемінде» т.б.

Кузнецов ауылында тоғыз жалдық негізгі мектеп бар. Кітапхана осы мектеп оқушыларымен, мәдениет қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс атқарып келеді. Оқырмандар қатарын ұстаздар, мектеп жасына дейінгі балалар, оқушылар, жұмысшылар мен зейнеткерлер құрайды.

Жаңа әдебиеттер мен қатар атаулы күндер, ақын-жазушылардың мерейтойларына байланысты әртүрлі іс-шаралар өткізіліп, кітап көрмелері жасақталып тұрады.

Кузнецово орта мектебі оқушыларының қатысуымен Ұлы Отан соғысы туралы үздік шығармаларды дауыстап оқу оздырылды. Майдангер жазушы Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романы, С.Сейітовтің «Самғау», А.Нарыковтың «Жайықтың жарық жұлдыздары» кітабы насихатталып, «Жеңіс ерлік жемісі» кітап көрмесіне шолу жасалды. Кітапханада «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша О.Бөкей, Ф.Оңғарсыновалардың шығармалары насихатталып, «Алтайдан ұшқан Ақиық», «Фариза ашылмаған сыр-қазына» атты кітап көрмелері жарық көрді. Соңғы жылдары кітапханада өлкетану жұмыстары бойынша С.Жақсығұлов, Қадыр Мырза Әли, Д.Қажымов, А.Нарыков т.б. белгілі тұлғалар туралы деректер мен мәліметтер жинақталуда. Жас оқырмандарға эстетикалық тәрбие беру жолында кітапханада 8-наурыз, 22-наурыз, 1-маусым мерекелері дәстүрлі түрде аталып өтіледі. Балалар кітаптарын насихаттау бағытында Е.Өтетілеуов, М.Әлімбаев, Б.Соқпақбаев, Қ.Қайсеновтың шығармалары дауыстап оқылып, талдаулар жүргізілді.



Кітапханада Елбасының Жолдауын насихаттайтын тұрақты кітап көрмелері жарық көрді. Ауылдық кітапханада Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламсына орай еңбек адамдарын дәріптеу мақсатында кәсіпкерлермен кездесу кеші ұйымдастырылып, бағдарлама таныстырылды.

2012 жылдан бастап Кузнецов ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жұматова Шолпан Ерболатқызы. Арнаулы орта білімді. Кітапхана саласында 15 жылға жуық жұмыс өтілі бар. Өз білімін үнемін жетілдіріп, ізденісте жүретін жан. Кітапхана оқырмандарының сана-сезімін қалыптастырудағы ролі өте жоғары. Осыған орай, ауыл тұрғындарына кітапханасыз өмір сүру қиын, оларды рухани байлықсыз қалдыруға болмайды. Әсіресе, әдебиеттер оқу арқылы балалар мен жасөспірімдердің ішкі жан дүниесі, мәдени рухы, адамгершілік қасиеті, эстетикалық талғамы, өмірге деген көзқарасы, сана-сезімі қалыптасады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет