Л. А. Шаймерденов



Дата30.04.2016
өлшемі64.65 Kb.
А.Ясауи университетініњ хабаршысы, №2, 2012
МЕДИЦИНА


Н.Қ.ТӨЛЕЖАНОВ

медицина ғылымдарының кандидаты

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы
М.С.ЖҮНІСОВ

медицина ғылымдарының кандидаты, доцент

А.Ясауи атындағы ХҚТУ
Л.А.ШАЙМЕРДЕНОВ

ХҚТУ клиника-диагностикалық орталығының хирургия бөлімшесінің меңгерушісі


А.Е.ДҮЙСЕНОВ

ХҚТУ клиника-диагностикалық орталығының хирургия бөлімшесінің ординаторы


ӨТ ЖОЛЫ ХИРУРГИЯСЫНДАҒЫ АНТИБИОТИК ПРОФИЛАКТИКАСЫ
Для профилактики инфицирования ран при операциях желчных путей интраоперационно эффективно ввести цефалоспоринов ІІІ поколений, а если рана загрязненная тогда рекомендуется ввести комбинации с метронидазолом.
For prevention of infection of wounds at operations of bilious ways it is effective to introduce cephalosporin of III generations and if the wound is infected then it is recommended to introduce combinations with metronidazole.
Отадан кейін асқыну сырқаттың өліммен аяқталуының және отадан кейінгі ағымның созылуына сонымен қатар материалдар мен емнің шығындарының көбеюіне алып келеді [1, 2].

Отадан кейінгі асқынулардың ішінде іріңді-септикалы асқынулардың орны ерекше, әсіресе іріңді жараларда. Олардың барлығы науқас өмірінің сапасын төмендетіп, қаржылық шығындарды көбейтеді.

Жараға қатысты асқынулар ауырсынудың күшеюімен, дискомфортпен, ашық жараны емдеумен, жиі сепсике және науқас өліміне алып келеді. Америкалық авторлардың мәліметі бойынша жыл сайын АҚШ да 1 млн жуық науқастың жарасына инфекция түседі екен. Осыған байланысты науқастардың стационарда жататын уақыты 1 аптаға ұзарып, оның құны 20% артып, қосымша 1,5 млн долларды қажет етеді [3, 4].

Жарадағы инфекцияның дамуы өз ара әсер ететін көптеген себептерге байланысты. Олар ағзаның қорғаныс күшіне, тіннің жағдайына және микроағзаның вируленттілігіне байланысты [5, 6]. Жарада инфекцияның дамуына жол бермейтін шаралар барлығымызға мәлім олар: хирургиялық аспаптардың асептикалы болуы, терінің тазалығы, қосалқы ауруларын емдеу және оталық жағдайлар мен тағы басқалар. Отадан кейінгі кезеңде іріңді-септикалық асқынулардың дамуының алдын алу үшін,



А.Ясауи университетінің хабаршысы, №2, 2012
Төлежанов Н.Қ., Жүнісов М.С., Шаймерденов Л.А., Дүйсенов А.Е. Өт жолы хирургиясындағы...

науқастың стационардағы емделу уақытының және қаржылық шығындарды азайтатын, қарапайым тәсіл - антибиотикпрофилактика жүргізілуі тиіс [7, 8, 9].



Мөлшерлеу тәртібі.

Қазіргі таңда антибиотикпрофилактика тәсілі кеңінен таралған ол отадан кейін кезеңде антибиотик немесе антибиотик комбинациясын алдын алу мақсатында тағайындалады - ол нәтижесіз және шығыны көп, сонымен қатар анбиотикке төзімді микроағзаладың дамуына ықпал жасайды.

Антибиотикпрофилактиканың – ең тиімді тәсілі болып тілуден алдын 30 мин бұрын және 2-3 сағаттан соң ұзақ оталарда салынады [2, 7, 10, 11, 12]. Бұл миркоағзалардың максималді контоминациясына дейін антибиотиктер тіндерге сіңеді де интраота және отадан кейінгі кезеңде антибиотиктерді қайта енгізуді қажет етпейді [2, 10, 11].

Отадан кейін 24-48 сағат бойы антибиотиктерді жалғастыру үшін бірқатар себептер бар олар қауіп факторлар болғанда және жарақаты көп ұзаққа созылған оталарда жасалады [2, 10, 12].



Алдын алу үшін антибактериалды заттарды таңдау

Алдын алу үшін қолданылатын антибиотик шақырылатын микроағзаға қарсы күші нәтижелі болу керек, сонымен қатар жергілікті тіндерге концентрациясы толық болуы шарт және жағымсыз әсері аз, қымбат емес, микроағзалардың тұрақтылығын күшейтпейтін болуы керек [6].



Алдын алу мен антибиотиктердің түрін таңдағанда оның ағзадан жартылай шығу кезеңінің маңызы өте зор.

Жартылай шығу кезеңіне байланысты жиі қолданатын 1-2 сағатқа дейін (цефазолин, цефокситин, цефоперазон, цефураксим, цефотаксим, цефтазидим, амоксицилин/ клавулон қышқылы); 4-5 сағаттан бастап (ципрофлоксацин) және 8-9 сағаттан (цефтриаксон, цефотетан).

Стационардың микробиологиялық жағдайы антибиотик таңдауда өз әсерін тигізеді, бірақ бастысы сол микроағзаға әсер ететін антибиотикті таңдау блып саналады.

Өт жолдарының оталарында қолданылатын антибиотиктер

Жіті холецисттерді кешенді емдегенде антибиотиктерді қолданудың маңызы зор [14-16].

Өт жолдарының инфекциясында антибактериалды ем қолданағанда оның себебіне қатысыты микроағзалараға әсер ететін және өтке жақсы бөлінетін қасиетін ескеру керек. Осыған байланысты өт жолдарының обтурациясында оған жиналатын антибиотиктер төмендеп, хирургиялық

А.Ясауи университетінің хабаршысы, №2, 2012
Төлежанов Н.Қ., Жүнісов М.С., Шаймерденов Л.А., Дүйсенов А.Е. Өт жолы хирургиясындағы...

ем жүргізу керектігін көрсететін бір белгі болып саналады.

Жіті холециститтпен ауырған науқастарға антибиотиктерді тағайындау, хирургиялық амалға әсер етпейді, ол өз кезегінде отадан кейінгі кезеңінің асқынуының алдын алу болып табылады [7].

Алдын алу мақсатында антибактериалды дәрілерді таңдағанда: оның антимикроағзалық әсер ету кеңістігіне, хирургиялық инфекцияның таралу жилігіне, тіндерге ену қабілетіне, аз токсикалық қасиетінің аз болуына, анестезия препараттарына әсер етпеуін ескеру қажет. Бұндай талаптарға цефалоспориндердің I–III буыны жауап береді [2,10,17].

Өт жолдарының «кірленген» оталарында (жай холангитте) өттке тез өтіп өт жолдарының қабырғасына тез сіңетін қасиетін ескере отырып цефалоспориндердің ІІІ буынындағы препараттарды қолдану дұрыс деп ойлаймыз [2, 15, 18].

Цефтриаксона қолдану ұзақ уақыт ағзадан шығуын негізделген. [18]. Бауыр және өт жолдарының инфекциясының алдын алу үшін көктамыр ішіне цефуроксим 1,5 г ұсынылады немесе цефазолин  2 г көктамыр ішіне [8] орын алмастырғыш дәрі ретінде амоксициллин/клавуланат 1,2 г көктамыр ішіне ұсынылады [10] .

Басқа схема бойынша ципрофлоксацин 0,1 г/метронидазола 1 г көктамыр ішіне интраота жағдайында қолданылады [19].

Антибиотика профилактика нәтижелігін бағалау үшін және отадан соңғы асқынулардың алдын алу мақсатында әр түрлі антибактериалды ем алған өт жолдарына ота болған 96 науқасты отадан кейінгі кезеңде қарастырдық. Өт жағындысынан грамтеріс және грамоң микроағзалар Enterococcus және E. Coli шықты.

Дәрілерді наркоз уақытында көктамырға отадан соңғы 2 тәулікке дейін жалғастырды. Антибактериалды профилактиканың маңызды баға беру жолы ол асқынуларды болдырмау үшін әр түрлі схемалар қолданылды.

Нәтижелігін бағалай келе цефоперазон цефалоспориндерден тиімділігі жоғары екені байқалды, ал ампициллин алдын алу мақсатында қолданылғанда тиімсіз болды. Фторхинолондарды қолданудағы тиімділік I–II буынды цефалоспориндерді қолданумен тиімділігімен пара пар болды. Ол өтке және тіндерге ота уақытында жоғары жетімділігімен ерекшеленді. Сонымен қатар цефоперазонды метронидазолмен ота уақытында бірге қолдану отадан кейінгі асқынулардың алдын алу үшін тиімді болды.



А.Ясауи университетінің хабаршысы, №2, 2012
Төлежанов Н.Қ., Жүнісов М.С., Шаймерденов Л.А., Дүйсенов А.Е. Өт жолы хирургиясындағы...

ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Cruse PJ, Foord R. The epidemiology of wound infection: a. 10-year prospective study of 62939 wounds //. Surg Clin North Am 1980; 60: 27–40.

  2. Dellinger EP. Prophylactic antibiotics in surgery //. Rev Infect Dis 1991;13 (Suppl 10): 858–68.

  3. Haley RW, Schaberg DR, Crossley KB et al. Extra charges and prolongation of stay attributable to nosocomial infections: a prospective interhospital comparison //. Am J Med 1981; 70: 51–8.

  4. Wenzel RP. N Engl J Preoperative antibiotic prophylaxis//. Med 1992; 326: 337–9.

  5. Брискин Б.С. Внутрибольничная инфекция и послеоперационные осложнения с позиций хирурга.//Инфекц. и антимикроб. тер. 2000; 2 (4): 127.

  6. Woods RK, Dellinger EP. Current guidelines for Antibiotic Prophylaxis of Surgical Wounds //. American Academy of Family Physicians. 1998 Jun 1;57(11):2731-2740.

  7. Weed HG. Infection control dogma among nurses in Iran //. Med Clin North Am 2003; 87 (1): 59–75.

  8. Platt R, Zucker JR, Zaleznik DF, et al. Prophylaxis against wound infection following herniorrhaphy or breast surgery//. J Infect Dis. 1992;166:556–560.

  9. Яковлев С.В. Схемы антибактериальной профилактики инфекционных осложнений в хирургии //. Клин. антимикроб. химиотер. 1999; 1 (1): 32—34.

  10. Classen DC, Evans RS, Pestotnik SL et al. The timing of prophylactic administration of antibiotics and the risk of surgical-wound infection. // J Med 1992; 326: 281–6.

  11. Delgado G Jr, Barletta JF, Kanji S et al. J. Penetrating Abdominal Trauma Differential Diagnoses//. Trauma 2002; 53 (4): 673–8.

  12. Velmahos GC, Toutouzas KG, Sarkisyan G et al. Severe trauma is not an excuse for prolonged antibiotic prophylaxis //. Arch Surg 2002; 137 (5): 537–41.

  13. Арипов У.А., Арипова Н.У. Респ. научно-практическая конференция с международным участием «Холецистит и его осложнения» //. Бухара, 1997; с. 6–7.

  14. Jauregui LE, Appelbaum PC, Fabian TC et al. Sulbaktam, sefaperazone versus sefotaxime for the treatment of moderate-to severo bakterial infections //. J Antimicrob Chemother 1990; 3: 423–33.

  15. Sheen-Chen SM, Chen WJ, Eng HL et al. Bacteriology and antimicrobial choice in hepatolithiasis //. Am. J Infect Control 2000; №28: 298–301.

  16. Woodfield JC, Van Rij, Pettigrew RA et al. A comparison of the efficacy of ceftriaxone and cefotaxime in abdominal surgery //.Am J Surg 2003; №185 (1): 45–9.

  17. Stuart R, Turnidge J. Reports Antimicrobial prophylaxis in surgery// Rev Contemp Pharmacother 1995; №6: 369–82.

  18. Падейская Е.Н., Яковлев В.П. Антимикробные препараты группы фторхинолонов в клинической практике //. Логата 1998; 132–3 с.

  19. Ball P., Geddes A., Rolinson G. Amoxycillin clavulanate: an assessment after 15. Years of Clinical Applications // J. Chemother. 1997, №9 (3), 167 - 198. 16.



Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет