Л. Н. Гумилев атындағы



Дата28.04.2016
өлшемі25.03 Kb.
Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің

баспасөз-орталығы

Қазақстан Республикасы

Астана қ. Мұңайтпасов көш. 5
тел: 8 (7172) 70-95-00 (31 326,31-325)


Басапасөз хабарламасы
АСТАНА, 2012 жылғы 22-23 қараша күндері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы, Еуразия Жазушылар одағы және «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен ТҮРКІ ӘЛЕМІ ӘДЕБИ ЖУРНАЛДАРЫ РЕДАКТОРЛАРЫНЫҢ V КОНГРЕСІ өтеді. 15 елден 40-қа жуық редакторлар мен жазушылар, ірі мәдениет қайраткерлері шақырылған халықаралық шараға Түрік ынтымақтастық және даму агенттігі (ТИКА) мен Юнус Емре түрік мәдениет орталығы демеушілік жасаған.

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен соңғы бес жылда дәстүрлі шараға айналған Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының конгресі бұған дейін Түркия, Татарстан, Солтүстік Кипр және Әзірбайжанда өткізілген. Конгрестің мақсаты түркі халықтарының әдеби байланыстарын дамыту арқылы ұлттық тілдегі қазіргі заманғы ақпарат алмасуын жетілдіру, әдебиет саласындағы үздік туындыларды, озық қаламгерлерді анықтау. Шара бағдарламасы бойынша биылғы жылы да әдеттегідей «Түркі әлеміндегі жыл әдебиетшісі» сыйлығын тапсыру рәсімі өткізіліп, 2012 жылдың үздік әдебиетшісі анықталатын болатын.

Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының Ү конгресінде түркі тілдес халықтардың бүгінгі әдеби өміріндегі әдеби журналдардың қызметі сарапқа салынып, «Түркі әлемінің әдеби байланыстары: өткені, бүгіні, келешегі», «Әдебиет және әдеби журналдар», «Әдеби аударма және басылым», «Әдеби басылым және ұлттық тіл» атты мәжілістерде Түркия, Иран, Ирак, Қырым(Украина), Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Татарстан (РФ), Башқұртстан (РФ), Кабардин-Балқар (РФ), Саха-Якутия (РФ), Косова, Солтүстік Кипрдан және Қазақстанның бірнеше қаласынан келген белгілі әдебиетшілер баяндама жасайды. Сондай-ақ, жиында «Түркі халықтары әдеби журналдары арасындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері: Мүмкіндіктер мен қиындықтар» атты дөңгелек үстел өткізу де жоспарлануда.

Конгрестің екінші күні, яғни 23 қараша сағатт 14.00-де түркі халықтары арасындағы ең тарихы бай, көне журналдардың бірі – «Жұлдыз» журналының 90 жылдық мерейтойына орай, құттықтау шарасы ұйымдастырылады.

2012 жылғы «Астана - түркі мәдениетінің астанасы» мәдени жобасының аясында өткізілетін конгресс жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркі Академиясының президенті Шәкір Ыбыраев, Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы Якуб Омероглы, Әзірбайжан Жазушылар Одағының төрағасы Анар Рзаев, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қорының президенті Исламбек Салжановтың қатысуы жоспарланған.

Баспасөз-орталығы

Өткізу күні: 2012 жыл. 22-23 қараша күндері сағат 10-00

Өткізу орны: ЕҰУ Бас ғимараты, Ғылыми Кеңес залында -259 аудиторияда.

Ұйымдастырушылар: ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы, Еуразия Жазушылар одағы, «Алтын Қыран» халықаралық қайырымдылық қоры

Байланыс үшін: Астана қаласы, Қ.Мұңайтпасов көшесі №5, (Бас ғимарат) 8 (7172) 70-95-00( ішкі 31326), )

8 (7172) 70-95-48

Еркежан Садвакасова, баспасөз- қызметінің басқарушысы +7-701-366-35-99,



Координатор-журналистер Әсел Сарсенбинова +7-701-742-88-24, Ләйлә Рахманова + 7 702-36-36-005


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет