Л. Т.ҚұрбанАлиев



жүктеу 94.82 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі94.82 Kb.
: books -> files
files -> ТҮркі және иран халықтары ертегілеріндегі мифологиялық кейіпкерлер түркістан-2007 Редакциялық алқа
files -> Становление европейской науки
files -> Балуан баба аннотация халқымыздың даңқты перзенті, «Қазақ даласының батыры»
files -> Ббк қ Редакция алқасы
А.Ясауи университетінің хабаршысы, №3, 2012

Л.Т.ҚұрбанАлиев

физика-математика ғылымдарының кандидаты,



А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің аға оқытушысы
А.С.ҚАЛДИБЕКОВ

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты
ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНІҢ ТАРИХЫ
В статье приведены основные понятия и определения компьютерной сети. Изложены основные этапы возникновения сети интернет. Рассмотрен вопрос защиты от внешнего подключения в интернет.
To the article basic concepts and determinations of computer network are driven. The basic stages are expounded origin of network the internet. The question of protecting is considered from external to connection to the internet.
Қазіргі заманда компьютерлік технологияның дамып, өсуі көп қолдау табуда. Соның бірі интернет технологиясы. Интернеттің өзі дүние жүзілік компьютерлік тораб болып табылады. Интернет әр түрлі компьютерлік желілермен құрастырылып, бірыңғай жүйедегі мекен жайымен және хабарламалармен тәжірибе алмасып, стандартты жүйеде жұмыс істейді.

Интернет TCP/IP желісіне қосылған (Transmission Control Protocol/Internet Protocol-тасымалдауды басқару протоколы (интернет желі протоколы) TCP/IP арқылы интернетке қосылады. Интернет кез-келген хабарды және бағдарламаларды жылдам жіберу, жылдам алуға мүмкіншілігін арзан қамтамасыз етеді. Бағыттау жүйесі (URL - мекен жайы) әрбір компьютерлердің координаталарын қамтамасыз етеді. Әрбір қолданушы интернет арқылы керегін ала алады және керекті жерге жібере алады [1].

Желідегі компьютерлер жұмысын бағдарлама басқарады, ондағы барлық компьютерлердің бір-біріне жіберетін және қабылдайтын ақпараттардың араласпай, тиянақты жеткізілу үшін, олар бір тілмен, ортақ ережемен байланыс жасау қажет. Осындай ортақ ереже желілік хаттама деп аталады. Windows операциялық жүйесі тұтынушыға әр түрлі қызмет көрсететін бір пайдаланушыға арналған жұмыс станцияларын серверлермен байланыстыруға есептелген [2].

Желімен жұмыс жасағанда компьютер екі рөл атқаруы мүмкін [3]:



  • егер компьютер ақпарат алу үшін және сервиспен басқа желідегі компьютермен байланысса, онда бұндай компьютер жұмыс станциясы деп аталады;

  • егер компьютер басқа желідегі компьютерге ақпарат және сервис берсе, онда ол сервер деп аталады.

Серверлер әр түрлі қызмет көрсетеді:

  • Файлды сақтау және беру ( файлды сервер);

  • Баспадан шығару (баспа сервері);

  • Факс мәліметтерін беру және алу (факс - сервер);

А.Ясауи университетінің хабаршысы, №3, 2012
Құрбаналиев Л.Т., Қалдибеков А.С. Интернет желісінің тарихы



  • Электронды поштаны алу, сақтау және беру (пошта сервері);

  • Сайттарды орналастыру (web - сервер);

Серверлердің көрсеткен жұмысын қызмет деп атайды. Бір серверде бірден бірнеше қызмет атқарылуы мүмкін. Сервер белгілі бір қызмет атқару үшін операциялық жүйедегі сервер құрамындағы бағдарламаны қосу қажет.

Сервер қызметіне қатынау үшін, жұмыс станциясынан клиент деп аталатын бағдарламаны қосу қажет.

Сервері бар, қызмет көрсететін және клиент компьютерлері бар жергілікті желі «клиент - сервер» технологиясында құрылған желі деп аталады. Желідегі әрбір компьютермен осы функцияларды атқаруға болады, бұндай компьютерлер тең қызмет атқарады.

Компьютер желіге қосылғаннан кейін, бірнеше рет іске қосылғанда операциялық жүйе DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) серверін іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерге желіде бірін-бірі оңай табу үшін адрес меншіктейді. Егер желіде DHCP сервері болмаса, онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан кейін басқа компьютерлерді анықтай алатын режимге ауысады [4].

Сервер - ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.

Файлдық қызметтің міндеті басқа дербес компьютерге файлды оқуға, өзгертуге немесе құруға мүмкіншілік жасау. Кейде көптеген компьютерлер бір файлмен жұмыс істегенде олар бір-біріне кедергі жасауы мүмкін. Сондықтан оларға тек оқуға мүмкіншілік беру қажет. Ал ол үшін файлды қызмет қатынау құқығын шектеу механизмін қолданады.

Windows XP-де клиент қатынау үшін шексіз каталогты (папканы) қолдануға болады. Әрбір каталогтың файлды қызметінің конфигурациясын анықтайтын аты болады және оны ресурс деп атайды. Әр ресурс үшін қатынау режимі анықталуы мүмкін [5]:


  • тек оқу - ақпаратты оқу, бірақ өзгертуге болмайды;

  • толық еркін қатынау - ақпаратты оқуға, өзгертуге болады;

  • пароль арқылы қатынау - белгілі ресурспен жұмыс істеу үшін пароль білу қажет.

Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы жергілікті желімен қоса өте алыс (жер шарының кез келген нүктесінде) орналасқан компьютермен жұмыс істеуге болады. Ауқымды компьютерлік желі логикалық үш компоненттен тұрады [2]:

  • қолданушылардың жұмыс орны (жәй компьютерлер);

  • серверлер, әр түрлі қызмет атқаратын (күшті компьютерлер);

  • мәліметтерді беру желілері.

Ауқымды компьютерлік желі әр түрлі хаттамалармен жұмыс істей алады.

А.Ясауи университетінің хабаршысы, №3, 2012
Құрбаналиев Л.Т., Қалдибеков А.С. Интернет желісінің тарихы

Қазіргі уақытта ТСР/ІР хаттамасымен жұмыс істейтін, ауқымды желі - Интернет (Internet) екені баршаға белгілі [5].

DARPA атты американ мекемесі 1966 жылы телекоммуникациялық желілердің жобасын ұсынды. Онда компьютерлерді бір-бірімен өте үлкен қашықтықтар арқылы біріктіріп, орналастырды. Жүздеген мамандардың жұмыстарының нәтижесінде 1969 жылы алғашқы аймақтық ARPANet компьютерлік желісі пайда болды. Ол әскери мақсатта пайдаланылды және онда қашықтықта орналасқан компьютерлерге түрлі бағдарламаларды жіберу, электрондық хабарламаларды жіберу және жүйеге ену құқықтарын қолданушы жүзеге асыра алды. Ал, 70-жылдары ARPANet принципі басқа аймақтарда орналасқан компьютерлік желілер енгізді. Бұның жалғасы, яғни 80 - жылдары Интернеттің пайда болуына әкеліп соқты. Онда жұмыстың жалпы протоколдары қамтамасыз етілді.

Бүкіләлемдік желінің даму тарихын 4 кезеңге бөлеміз:

I кезең (1969-1983 жж.) Бұл кезеңде ARPAInternet желісі пайда болды. Ол әскери және ғылыми салаларға пайдаланылды. Бірақ оның деректерді жіберу каналының дамуы өте әлсіз болды. Сондықтан жоғары бағалы компьютерлермен жұмыс жасау қиындық келтірді.

II кезең (1983-1989 жж.) Мұнда ARPANet 185 компьютердің орталығына айналды. Ол орталықтар АҚШ-да, Англияда және Норвегияда орналасқан. Желілір бойынша деректерді жіберу телефондық каналдар немесе байланысты спутниктік каналдары арқылы жүзеге асты. Сонымен, бұл кезеңде жұмыс протоколдары жетілдірілді.

III кезең (1989-1994 жж.) Бұл кезең WWW қызметінің пайда болуымен байланысты. Деректерді жіберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал, 1986 жылы бүкіләлемдік компьютерлік желі – Интернет пайда болды деп жарияланды. Аталған жаңалыққа байланысты 1991 жылы ARPANet біртұтас желі ретінде қолданылмайтын болды. 90 жылдардың орта шенінде видеоконференция пайда болды. Ақпараттарды дыбыс арқылы жеткізуде оның мүмкіндігін пайдалануға болады. Бұл кезеңде WWW интерактивтік қызметі арқылы қарым-қатынастар тиімді болды және Интернетке қосылған қолданушылар саны тез өсті.

IV кезең (1994-1996 жж) Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым-қатынас тәсілін арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемді интерактивтік модель VRML пайда болды. Үшінші және төртінші кезеңдер аралығында Ресейде Интернет желісі қолданыла бастады. Ресейде 1990 жылы «Совам Телепорт» компаниясы электрондық хабарларды жеткізу (off line) мүмкіндігімен шектелген бүкіләлемдік желіге ену кезеңі басталды. 1994 жылы хабарларды өңдеу, жіберу және қабылдап алу процестерін қамтамасыз ететін on line режимі пайда болды.

А.Ясауи университетінің хабаршысы, №3, 2012
Құрбаналиев Л.Т., Қалдибеков А.С. Интернет желісінің тарихы

Интернет желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты Интернет компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналған.

Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабель құнын - кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады. Интернетті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы: сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі акваландпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік. Олай болса, «scuba» (акваланд) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп күтіңіз.

Интернеттің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.

1990 жылдан бері интернет өз көлемін жыл сайын екі есе арттырып отыр. Қазіргі кезде желілер коммерциялық негізде жұмыс істейді, бірақ оны халықаралық ISOC (Internet Society) қоғамдық ұйымы бақылайды. Интернет құрамына кіретін әр түрлі компьютерлердің бір-бірімен үйлесімді түрде байланысып, өзара мәлімет алмасуы ТСР/ІР хаттамалары көмегімен жүргізіледі.

Интернет жүйесі аппараттық және бағдарламалық жабдықтамалардың көмегімен электрондық пошта жұмысын ұйымдастырып, электрондық хабарландырулар, жарнамалар беру, телеконференциялар өткізу тәрізді әр түрлі ақпараттық қызмет түрлерін көрсетеді.

Интернеттен басқа да ауқымды желілер бар [5]:


  • Fidonet - эксперименталь желі, қолданушы - энтузиасттер құрған;

  • Үлкен компаниялардың корпоративті желісі, мысалға SCN (Siemens Corporate Network).

Тікелей ауқымды желімен байланыс өте қымбат, сондықтан компьютерлер Интернетпен, интернет - провайдер арқылы байланысады.

Интернет-провайдер компьютерлік торап, клиент компьютерлерді әр түрлі байланыс тізбегін қолданып Интерентпен қосуға мүмкіншілік жасайды.

Сондықтан клиентке компьютерде Интернетпен жұмыс істеу үшін байланыс тізбегімен қосатын жабдық болса болғаны. Кез келген компьютерді Интернетке қосып, электронды поштаның, бүкіләлемдік ғаламтордың немесе басқа да желі қызмет түрлерінің тұтынушысы болып тіркеуді желі қызметін



А.Ясауи университетінің хабаршысы, №3, 2012
Құрбаналиев Л.Т., Қалдибеков А.С. Интернет желісінің тарихы

ұйымдастырушылар - провайдерлер орындайды. Олар ірі қалаларда, жердің жасанды серігі көмегімен байланыс және желілі байланыс тораптарында орналасқан.

Қазір Қазақстанда 20-дан астам операторлар интернет провайдер қызметін орындауда. Олардың ірілеріне «Нұрсат», «Қазақтелеком», «Алтел» және «СА телеком» жатады.

Провайдермен қосу үшін төмендегідей байланыс түрлері болады:



1. Модем арқылы байланыс. Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. «Модем» деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор/демодулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.

Модеммен жабдықталған кез келген компьютер иесі телефон арқылы провайдермен байланысып, интернет жүйесі қызметін пайдалана алады. Қарапайым модемге қарағанда ADSL модемі сигнал құрмайды, бірден телефон тізбегі арқылы сан түрінде береді. Бұл модемнің тағы бір өзгешілігі – Интернетпен байланыста телефон бос болады. ADSL - байланыстың теориялық жылдамдығы (провайдерден қолданушыға дейін) 7 Мбит/с (ал шын мәнінде 1 Мбит/с).



2. Аумақтық (кампусты) жергілікті желі - Global Ethernet. Аумақтық (кампусты) жергілікті желі Интернетті шлюз арқылы байланысады. Әр түрлі желілерді түйістіруді шлюз деп атайды. Шлюздер бір желіден қабылданған деректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді.

Корпоративті желі иелері, Интернетке байланыстың кең мүмкіндігін қолдану мақсатында қосылады. Бұл жағдайда корпоративті желіге рұқсат етілмеген сырттан қосылудан қорғау мәселесі туындайды.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Марк А., Спортак М. Компьютерные сети. – М.: Диасофт, 1999. - 432 с.

  2. Таненбаум Э. Компьютерные сети. – СПб.: Питер, 2003. - 992 с.

  3. Ташимов М.А. Технологии коммуникационных компьютерных сетей. – Алматы: ТОО Print-S, 2008. - 414 с.

  4. Ташимов М.А. Компьютерные сети и системы (учебное пособие). –Алматы: АИЭС, 2006. - 98 с.

  5. Тұрым А.Ш. Есептеу жүйелері және желілері. Оқулық. - Алматы: ҚазҰТУ, 2006. - 331 б.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет