Құлақ түрді тым ауыр сұрақ кірді



жүктеу 88.96 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі88.96 Kb.
: download -> DBases -> E A Buketov -> Files
Files -> Қирабаев, С. Қабыкенім менің [Текст] / С. Қирабаев // Орталық Қазақстан. 2009. 17 наурыз
Files -> Куандыкова Д.Қ. Е. А. Букетов прозасындағы бейне жасау шеберлігі/Д.Қ. Қуандықова //Қазақст. Респ. Ұлттық Ғылым акад хабарлары, Тіл, Әдебиет сер.=Известия нан рк сер филолог. – 2006. №5. – 16-19 б
Files -> Әнуар тарақОВ, филология ғылымдарының докторы
Files -> Зейтінова М
Files -> Уәлихан Ш. А. Ы. Қайран, менің асыл ағаларым-ай!/Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан//Егемен Қазақстан. 2004. 25 тамыз (№217-220)
Files -> Сәулебектегі, А. Біз білетін Бөкетовтің біз білмейтін қырлары / А. Сәуле-бектегі // Жас Алаш. 2005. 19 наурыз (№32-33)
Files -> Акылбаев Ж. С
Files -> Асанұлы Қ. Е. А. Букетов публицистикасындағы ой мен тіл үйлесімі / Қ. Асанұлы // Ақиқат. – 2002.– №1. – 91-94 б
Files -> Жойқынбектегі, Қ. Айнымас серік / Қ. Жойқынбектегі // Орталық Қазақстан. 2014. 5 шілде
Files -> Абдыманапов С
Салықов К.

Евней Бөкетовке реквием/ К. Салықов// Қарағанды университеті.-1995.- 20 наурыз.


І

Ауыр қаза.

Қалың ел құлақ тұрді,

Құлақ түрді...тым ауыр сұрақ кірді.

Елден бұрын егіліп, тұман айтты-ау,

Құба талы Есілдің жылап тұрды.

Өксігенде тоғаңдық тотылары,

Көңіл айтты жүректе оғы бары.

Торқа болар төсектей толкып кетті,

Туған жердің ол басқан топырағы.

Қиын екен өлімнің жаман аты,

Көзін жұмды ең, асыл азаматы.

Жер бетінде өзгеден көп күйзелді,

Кіндік қаны тамған жер Бағанаты.

Жалғызтауды тік қоршап қиялап та,

Бұлт қаулады тым ауыр мұң орап па?!

Ізбасарын Қаныштың іздеп шыққан,

Душар болдық тым ауыр қиянатқа.

Қайғы жұтып - демеймін - дара қалды,

Есіл сыңсып, Көкшетау жараланды.

Қарқаралы қасірет арқалады,

Қара шаңырақ теңселді Қарағанды.

Ол емес қой, қазағым, ұмытарың,

Сарыарқадан қаулады ұлы сарын.

Қаз дауысты қазақтың жан азасын

Желге қосып жеткізді Ұлытауым.

О, ғаламат! тап болды қандай шығын?-

Деп өксиді Алатау алмай тыным.

Жағымпаздар жақсыға құрық тастап,

Ғұрып озды-ау есті адам нанбайтұғын.

Қапа бар ғой жұлдызда жайнамаған,

Қарт анадай қарады Ай да маған.

Күнің көзі , таңертең тоқтай қалды,

Қайда кетті - дегендей - қайран ағаң?..

Сұрақ осы жамиғат ойламаған,

Жаншып кетті жанымды

Ойран алаң...

Толғандырған өмірдің тұпкі мәні,

Ой-хой, шіркін! Қаншама жүк құлады.

Сені ықтырып

Төбеге шыққандарды,

Есіме алсам төбе шаш тік тұрады.

Жібек мінез жігі ең

Жібек сезің,

Жауыктырмас пеңдені жібек сезім.

Асылдарды сыйламас масылдарға,

Қыр көрсетпей жүдеттің жүректі өзің.

Кішіпейіл, сүт көңіл, келісті едің, Керіссең де,

Ешкіммен кейіспедің.

Көрген жанды сүйсінтті сүйкімділік,

Үзімі бар кейпінде періштенің.

Тура шыкпац қанжарлы сермеп қопын,

Дос боп жүріп,

Дұшпаның өзгертті өңін

Газеттерден

Сені атқан қара кескін,

Атын анық айтуға бермепті орын.

Жалғыз емес ол мүскін, жалғасы көп,

Арсыз еді-ау ақ жолға арнасы жоқ.

Оларды да аруақ оңдыртпады,

Орағытты сен шеккен бар қасірет.

Патшағардың тым сұйық айтар әні,

Танымаймын - деп талай қайталады.

Шолақ ақыл,

Сезімге олақ екен,

Ел күлгенін нақұрыс байқамады.

Адамшылық шын сеніп парасатқа,

Үңілмедің бір мезгіл саясатқа.

Інжу төккен ауыздар у шашқаңдай,

Салды сені айықпас жарақатқа.

Ерте кеттің,

Әйтпесе байқар едің.

Сылып жатыр сұмдықты байтақ елім.

Соктығысты ақиқат алдаушымен,

сагат туды ел жақтап қайтар кегін,-
ІІ

Әбділдалар: "Айқасқа шығам!" -деді,

Талай достың бұлықты шығар демі. "

Сын сағатта

Біздерге тоқтау салдың,

Сол шешімді туған ел ұғар ма еңді.

Бұл жалғаннан алмаған бұрын сабақ,

Не демекпін дос өтсе қырым қарап.

Осы сауал тулатты жүрегімді...

Әрең жүрген шырылдап бұрыннаң-ақ.

Үйренбеген тәсілін жалтарыстың,

Тасасыңда қалмасам қалтарыстық,

Сен тоқтаттын, - дедің де:

"Акылдыға

Ақымақпен жөні жоқ арпалыстың".

Жерлесшілдер даңғаза әлемінде,

Таланттыға өзгертті сәлемін де.

Сен ғылымның, өнердің ақ жолында

Төркін жайын білмедің паленің де.

Жібермеді-ау ноян іс

Жер бетінде,

Жауым бар - деп ойлауға, зерлетуге.

Байтақ елдің мұқтажын сезуші едім,

Құдайлықтың ізі бар келбетінде.

Жас баладай кіл таза туған алып,

Жүрегінді жүрдің-ау жырға малып.

Қасымдықтың ұшқынынан неге алмадың,

Қарқаралы маңына жылда барып.

Үлкеңдердің келеді-ау үлкен бабы,

Кең сырыңды топшылар білсемдағы:

Толстойға толықтау еліктедің

Маяковский ағанды сүйсеңдағы.

"Содыр сыннан қазақтың өлгені көп,

Мақтаудан мерт болғанды көргенім жок", -

Деген сезін, баяғы әлі есімде,

Аңғардың-ау тағырдын кермегін көп.

Жамаңдыққа жақсылық ет-кендігін,

Жер бетіне сол ма екен еккен гүлің.

Ер кісі едің,

Мен білген ер кісі едің,

Абайлыққа бар дерлік жеткеңдігің.

Гетелерден алдың ба бұл ғұрыпты,

Терең толғау тұңғиық тұндырыпты,

Ақылдылар осылай ойлағанша,

Тентектерім дүниені бүлдіріпті.

Күйінсе олар

Сен жеткен белеңдерге,

Ашық шықса айқасқа

Жеңем! - дер ме?!

Есіміңді елімің, өшірмеді,

Жеткен екен тамырың терендерге.

ІІІ


Қоштасқан соң үйреңдік қайғы етуді,

Тірі күнін білсекші жайлы етуді.

Шын айқасқа шықпаған

Сын сағатта,

Туған елге көрсетем қай бетімді?!

Деп достарың ішінен кайталады,

Тұнған сырын талайлар айтар әлі.

Ал сол күні бүкіл ел қашырғанда,

Сырт айналып кейбіреу байқамады.

Терең толқып кетпесем тым әрірек,

Күн күрсініп, ел айтар мың сан рет.

Қара ниет тасадан атқышғарға,

Қатал жауап беріпсің сен дәлірек.

Оқыс қаза емес пе опат тектес,

Өкініш көп көңілдің ноқат кетпес.

Көп сақтамай, айтайын қайғы, назды,

Көп мақтауға бәрібір тілім жетпес.

Табыт үні емес бұл,

Халық үні,

Сен едің ғой ардагер анық ұлы.

Кең едің ғой көксемес күндестікті,

Албастының қалыпты жабық үні.

Суық хабар келгенде "жан ұзілді",

Ойлай бердім жоғалмас нар ізіңді.

Көздің жасын төксем де білдірмеймін...

Өтеп тұрмын іңілік парызымды.

Қалың топты жас ұрпақ бастап шығып,

Әділет жеңер араңдап астамшылық.

Атан комы, ат жалын сыйлайтыңдар,

"Евней күнің" атайтын бастар ғұрып.

Қатулықтың бірі ғой "күшті елдегі",

Тәбалап та абалап үстемдеді.

Әділет тақын тезірек шақырғандай,

Үнің калды құрт құлап түскендегі.

Көңіл бөлмей

Қираған сәнімізге,

Баса бердік көнетоз әнімізге.

Ол тисе де, сен тимей

Басындырдың,

Тым жүрексіз болғандай бәріміз де.

Оңай емес қалың дерт бойлағаны,

Атынды атап

Салады ойран әлі.

Ақымақтың қате ғой ақылдыны,

Қорқақ, әлсіз, үркек деп ойлағаны.

Қабылдаса біздерге зар туманы,

Кей пакырды көрініс таң қылады.

Тарқатыпты жарығын шартарапқа,

Көкірегінде жайнаған жан шырағы.

Озық туған ұл едің ғасырыңнан,

Аулақ жүрдің біреуге бас ұрудан.

Қуыстанған патшағар сиқы қызық,

Еңді өздерін ел көрді жасырынған.
IV

Ұстаз, ғалым

Қалмадың қалтарыста,

Астамшылық етпедің бар табысқа.

"Мұнай сығып шығарам", - деп, көмірден,

Талмай кірдің ғылыми арпалысқа.

Арман еді-ау...

Бұл айтқан сырым жаңа,

Қайда төкті.

Білдің бе, нұрын дала?!

Қазағым-ай!

Осыңдай зор айқасқа,

Барса бара Евнейдей ұлың ғана!

Бүкіл елге Букетов аты ұнады,

Шет жерге де есімі қатынады.

Таңдай, шіркін, тамаша татынады,

Көмір мұнай берер-деп кім ойлапты,

Ал күңдестер қызғанып, шатынады.

Ел атағын түсінбей шірік бастар,

Жауласты ғой рушыл ғұрыптастар.

Залымдардың залалды бүйрегінен

Жан болмады-ау індетгі сылып тастар.

Мұнай дейміз, құдай-ау, Аманатты,

Селенің мен өлеңді санамапты.

Дүбіріңнен шошыңған шенді дүмше,

Көк төбегін тасадан абалатты.

Емес едің, қазағым, жаман халық,

Сен - дегенде жаңылды заман нағып?!

Жақсыларды кім қиды жамандыққа,

Ел алдыңда жымиып арамданып.

Олар сұмдық теруге қалыптасқан,

Екеніне жер мен су нақытқы аспан.

Соқтықтырды айламен досты досқа,

Өздеріне еш күмән дарытпастан.

Биікте едің

Ала алмас қанат тыным.

Мерт болдың-ау таптырмай тағат шыңын.

Бүгін қайта көтерді есімінді,

Сезіп заман өзінің ағаттығын.

Құтты жолың біздерге айдан анық,

Болашаққа тарттың көш сайлап алып!

Сегіз қырлы, бір сырлы асыл едің,

Ел алдыңца есімін, жайнар анык.

Бәрі өзгерер... Басқа жаз, күз де өтер,

Ар-намысты болашақ шын күзетер.

Арамзаның әділет бетін ашар,

Күнәкәрді бар қазақ бір іздетер.

Есеңгіреп Есілдің жар ғабағы,

Назаланба тек қана Арқа маңы.

Қаратаулар,

Күрсіңді Алатаулар.

Еділ, Жайық өкінді шартарабы.

Жүгенсіздік жоғалып "ақ табаны",

"Жұлдызданар есімің сәт табады.

Евней - десе,

Құшағын кең ашады,

Болашақтың бақытты қақпалары.

Көркейгендей көңілдің көк құрағы,

Селдей тасып бұлкынса сөз бұлағы.

Кек алам деп ойламан,

Тек айтарым:

Неге ақымақ дананы бетке ұрады.

Сені дос - деп дүниеде санағанды,

Қайғы жұтып демеймін дара қалды.

Қара қағаз келгендей қан маңдайнан,

Қалың қазақ жүрегі жараланды.

Жөнін байқау керек қоғ терістің де,

Келіспеске сыпайы келісті бе?!

Сене асқан

Көрмедім көнтерліні,

Көтерімпаз ауырды жер үстінде.

Шаңқай түсте, шілдеде жауады қар,

Деп кім ойлар,

Айтсаңшы, саналылар.

Бүркеншік ат тағынған.

Қара кесін,

Іңдет болды-ау

Қанпезер жалақұмар.

Өкініш кеп,

Салайын несіне зар.

Керуенің ең озық көшін табар.

Шәкірті едің Қаныштай данамыздың,

Қатар ұстап қазағым есіне алар.

Шен шыдатпай дүмшелер басын жарды,

Ел ардақтар ақымақтар жасырғанды.

Мен жар салсам бұл күнде атынды атап,

Силап жатыр қазағым асылдарды.
VI

"Нар едің ғой,

Намысты бермес бүктеп.

Қажыды ма қанағат бермес жүкке", -

Деп достары ұрынбас сенбестікке.

Тік жартастан құлаған бәйтеректей,

Таң сәріде аттанды ол келместікке.

Не сұрайсың? - дегеңдей осы бізден,

Танып қалдық бүкіл ел есімізден.

Әлі күнге келеміз жібіте алмай,

Жанға батқан берішті төсімізде.

Астан-кестен дүние жаттың ауып,

Біреу қаза, біреулер тапты сауық.

Елдің ішін шыр бұзар батты қауіп,

Қанша зәбір шексе де сыр бермеді

Көрмеген жан есікті қатты жауып.

Көңілге алмай жүрсең де қайдағыны,

Сескендірді қимылы сан жабыны.

Жер бетіне тарамай жатпады үні,

Шын таланттың дүбірі-ай! Тыншытпады

Шыңға көміп кетердей тақтағыны.

Зәбір етпес жамандық аш қала ма?!

Талай ерді қиды ғой масқараға.

Тайсалды ма... мансапқа мас сана да,

"Кешір, алла, пеңдешіл күнәмді! -деп,

Бет сипады бір бастық астанада.



1991.





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет