Лабораториялық сабақтардың әдістемелік нұсқауы Пән: Омыртқалылар зоологиясы



жүктеу 380.55 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі380.55 Kb.
: CDO -> 2013-2014 -> OmrZoo -> Data
Data -> Бағдарламасы Жетісай 20 ж мемлекеттік емтихан бағдарламасы құрастырған: Р. А. Кошкаров Кафедра мєжілісінде қаралған
2013-2014 -> Лекция:: 30 Лабораториялық: 15 Обсөж 45 СӨЖ
2013-2014 -> Лекция:: 15 Семинар: 13 СӨЖ: 62 Барлық сағат саны: 90 Аралыќ баќылау (АБ)- 60балл
Data -> Лекция: 30 сағат Лаборатория: 30 сағат обсөЖ: 60 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат
Data -> Химия және Биология» факультеті. «Химия- биология» кафедрасы
Data -> Курс жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұСҚАУ

Ф-ОБ-007/024

«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ


«Жаратылыстану ғылымдары » факультеті

«Биология және химия » кафедрасы

Лабораториялық сабақтардың әдістемелік нұсқауы

Пән: Омыртқалылар зоологиясы



Мамандық Биология 5В011300

Курс 2 семестр 4



Жетісай, 2012

Лабораториялық сабақтардық әдістемелік нұсқауын


құрастырған: университет доценті Р.А.Кошкаров
Лабораториялық сабақтардың әдістемелік нұсқауы «27» 08 2012ж.
факультет деканы бекіткен пәннің жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды

Лабораториялық сабақтардың әдістемелік нұсқауы «Биология және химия»


кафедрасының № 1 «27» 08 2012ж. мәжілісінде қаралып, бекітілді


Хаттама № 1 «27» 08 2012 ж
Кафедра меңгерушісі а.ш.ғ.к. Е.Қ.Дошманов

№1. Лабораториялық жұмыс



Лабораториялық жұмыстың аты: Қарапайым хордалылар ретінде бас сүйексіздердің өкілі ланцетниктің сыртқы және ішкі құрылысы

Лабораториялық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны


Тип. Хордалылар — Chordata


Т.т. Бас сүйексіз — Асrаnіа .

Класс. Бас хордалынар — Cephalochordata

Өкілі: Көдімгі ланцетник — Branchiostoma Lanceolatum

Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Арнайы шыны ыдыстағы сұйық ерітіндіде сақталған кәдімгі ланцетник плакаттар.

Жұмыстың мақсаты: Қарапайым хордалылар ретінде бас сүйексіздердің өкілі ланцетниктің сыртқы және ішкі құрылысы танысу.
Жұмыстың әдістемелік нұсқауы. Ланцетниктің ішкі құрылысы бойынша төмендегі көрсетілген органдар жүйелерінің схемалық құрылыстарын оқып, бір қатарып альбомдарыңызға салып алыңыздар.

А) ланцетниктің жұтқыншақ және ішек тұсынан көлденең кесінділерінің схемасын оқып, танысыңыздар

Б) ланцетниктің зәр шығару және ұзынынан кесіндісінің схемалық көріністерін альбомға салыңыздар

Студентің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары.



  1. Бас сүйексіздер систематикасы

  2. Ланцетниктің ішкі құрылысы

3 Ланцетниктің зәр шығару жүйесі

Жұмыс нәтижесін тапсыру.

Ланцетниктің жұтқыншақ және ішек тұсынан көлденең кесінділерінің схемасын тапсыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Бас сүйексіздер тип тармағына қысқаша сипаттама беріңіз

2. Суда тіршілік ететін жануар ретінде ланцетниктің сырткы пішіні мен құрылысы қандай?

3. Ланцетниктің басты-басты ішкі органдар жүйесін ата, олардың құрылыс ерекшеліктері қандай?

4. Ланцетниктің кебеюі мен өніп-өсуі

Әдебиеттер.

1. Жизнь животных под ред. З.Зеньковича т.1 1968 т.2 1968 т.3 1964 М.Просвещение

2. Духин Е.И. Зоология М. Выс. Школа 1981.

3. Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М.,1979

4. С.П.Наумов, Зоология позвоночных М.1983.

5. Биология Оқулық - Алматы 1966

6. Қайымов Қ. Қызықты зоология Оқұшылар мен мұғалімдерге арналған оқулық - Алматы, 1975.




№ 2Лабораториялық жұмыс



Лабораториялық жұмыстың аты:Дөңгелек ауыздылардың сыртқы және ішкі құрылысы

Лабораториялық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны

Тип. Хордалылар - Chordata

Т.т. Бас сүйектілер — Craniata

Класс. Дөңгелек ауыздылар - Cyclostomata


Өкілі: Өзен миногасы — Lampetra fluviatilis

Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Арнайы шыны ыдыстағы сұйық ерітіндіде сақталған минога, миноганың сыртқы және ішкі құрылыстары бейнеленген плакаттар.

Жұмыстың мақсаты: : Дөңгелек ауыздылардың сыртқы және ішкі құрылысы және миноганың ас қорыту, тыныс алу, зәр-жыныс органдарынын жүйесімен танысу.
Жұмыстың әдістемелік нұсқауы.

1. Миноганың сыртқы құрылысымен танысып, оның суретін альбомға түсіру

2. Көлденең кесілген схема бойынша миноганың ішкі органдар жүйесін белгілеу

3. Миноганың ас қорыту, тыныс алу, зәр-жыныс органдарынын және бас миының суретін салу.

Студентің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары.


  1. Бас сүйектілер — Craniata систематикасы

  2. Дөңгелек ауыздылардың сыртқы және ішкі құрылысы.

  3. Миноганың сыртқы құрылысы.

Жұмыс нәтижесін тапсыру.

1. . Көлденең кесілген схема бойынша миноганың ішкі органдар жүйесін белгілеу

2 Миноганың ас қорыту, тыныс алу, зәр-жыныс органдарынын және бас миының суретін тапсыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Дөңгелек ауыздылар класының өкілі ретінде миноганың сырткы пішіні мен құрылысы қандай?

2. Деңгелек ауыздылардың жартылай немесе толық паразиттік жануарлар ретінде миноганың ас қорыту жүйесінін құрылысы мен қызметі қандай?

3. Миноганын орталық нерві жүйесінің құрылысын түсіндіріңіз

4. Миноганың тыныс, қан айналу, зәр-жыныс органдарынын құрылысы және қызметі
Қолданылатын әдебиеттер.

1. Жизнь животных под ред. З.Зеньковича т.1 1968 т.2 1968 т.3 1964 М.Просвещение

2. Духин Е.И. Зоология М. Выс. Школа 1981.

3. Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М.,1979

4. С.П.Наумов, Зоология позвоночных М.1983.

5. Хадрин Р.Венер Общая зоология 1989



5. Қайымов Қ. Балықтар әлемінде - Алматы, 1981



3 Лабораториялық жұмыс



Лабораториялық жұмыстың аты: Балықтар класс үсті тобы.

Шеміршекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы

Лабораториялық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны

Тип. Хордалылар — Chordata


Т.т. Бас сүйектілер - Craniata


К.ү.т. Балықтар — Pisces

Класс. Шеміршекті балықтар — Chondrichthyes

Өкілі: Тікенекті акула — Squalus Acanthieas

Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Акуланың ішкі органдар жүйесінен істелінген ылғалды препараттар. Тікенекті акуланын сыртқы және ішкі органдарының құрылысы бейнеленген схемалық плакаттар.

Жұмыстың мақсаты: Акуланың ішкі органдар жүйесін,тікенекті акуланын сыртқы және ішкі органдарының құрылысы мен танысу.

Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:. Тікенекті акуланың схемалық суретін пайдаланып, шеміршекті балықтардың сыртқы пішінімен және құрылысымен танысыңыздар. Альбомдарыңызға тікенекті акуланың сыртқы схемалық суретін салыңыздар.

2. Плакаттарды және схемалық суреттердің пайдаланып тікенекті акуланың ішкі органдар жүйелерімен танысыныздар. Альбомдарыңызға төмендегі көрсетілген органдар жүйесінің құрылыс қызмет принциптерінің схемалық көріністерін салып белгілеңіздер.



  1. Ac қорыту жүйесі

Б) тыныс алу жүйесі

B) Қан айналу жүйесі

Г) Зор жыныс органдары

Д) Акуланын бас миынын құрылысы мен қызметі



Студентің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары.

  1. Балықтар — Pisces систематикасы

  2. Шеміршекті балықтардың сыртқы және ішкі құрылысы

  3. Тікенекті акуланын сыртқы және ішкі органдарының құрылысы.

Жұмыс нәтижесін тапсыру.

1.Тікенекті акуланың схемалық суретін пайдаланып, шеміршекті балықтардың сыртқы пішінімен және құрылысын тапсыру.

2.Схемалық суреттердің пайдаланып тікенекті акуланың ішкі органдар жүйелерін тапсыру.

Бақылау сұрақтары


1. Балықтар класс үстіне жалпы сипаттама берініз.

2. Балықтардың ішіндегі шеміршекті балықтар класына қысқаша сипаттама беріңіз

3. Шеміршекті балықтардың өкілі ретінде тікенекті акуланың сыртқы пішіні мен құрылысы қандай?

4. Акуланың ішкі органдар жүйесінің құрылыс қызмет, принциптері қандай?



  1. Акуланың бас миының құрылысы мен қызметі.


Әдебиеттер.

1. Жизнь животных под ред. З.Зеньковича т.1 1968 т.2 1968 т.3 1964 М.Просвещение

2. Духин Е.И. Зоология М. Выс. Школа 1981.

3. Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М.,1979

4. С.П.Наумов, Зоология позвоночных М.1983.

5. Қайымов Қ. Балықтар әлемінде - Алматы, 1981



4 - Лабораториялық жұмыс


Лабораториялық жұмыстың аты: Сүйекті балықтардың сыртқы құрылысы классификациясы.

Лабораториялық жұмыс объектісінін хордалылар қатарындағы орны

Тип. Хордалылар — Chordata

Т.т. Бас сүйектілер — Craniata

К.ү.т. Балықтар — Pisces Класс.

Сүйекті балықтар — Ostcichthyes

Өкілі: Теңіз алабұғасы — Serranus scriba

Материалдар мен құрал-саймандар: Ерітіндіде сақталған сүйекті балықтың өкілі.

Балықтардың сыртқы құрылысы бейнеленген плакат.



Жұмыстың мақсаты: сүйекті балықтардың суреті салынған плакатты пайдаланып, класс өкілдерінің сыртқы пішінімен және құрылысымен танысу.

Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:.

1. Әр түрлі сүйекті балықтардың суреті салынған плакатты пайдаланып, класс өкілдерінің сыртқы пішінімен және құрылысымен танысыңыз.

2. Әр түрлі сүйекті балықтардың суреті салынған плакатты пайдаланып, класс өкілдерінің классификациясымен танысыңыз.

Студентің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары.



  1. Сүйекті балықтардың классификациясы.

  2. Балықтардың сыртқы құрылысы.

Жұмыс нәтижесін тапсыру.

1. Сүйекті балықтардың суреті салынған плакатты пайдаланып, класс өкілдерінің сыртқы пішінімен және құрылысының суретің тапсыру.



Бақылау сұрақтары:

1. Балықтар класс үсті тобының ішіндегі сүйекті балықтар класына сипаттама беріңіз.

2. Су ішінде тіршілік ету орындарына қарай сүйекті балықтардың сыртқы пішінінің әр түрлі болуының себебін түсіндір.


  1. Сүйекті балықтардың бір өкілін мысалға алып сыртқы құрылысын айтып беріңіз.


Әдебиеттер.

1. Жизнь животных под ред. З.Зеньковича т.1 1968 т.2 1968 т.3 1964 М.Просвещение

2. Духин Е.И. Зоология М. Выс. Школа 1981.

3. Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М.,1979

4. С.П.Наумов, Зоология позвоночных М.1983.

5. Қайымов Қ. Балықтар әлемінде - Алматы, 1981



5- Лабораториялық жұмыс


Лабораториялық жұмыстың аты: Қосмекенділердің сыртқы көрінісі, терісі, бұлшық еттері.

Лабораториялық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны:

Тип: Хордалылар – Сһоrdata

Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata

Клас үсті: Төрт аяқтылар - Netrapoda

Класс: Қосмекенділер - Amphibia

Отряд үсті: Секірушілер - Salientia


Отряд: Құйрықсыздар – Ecaudata

Тұқымдас: Нағыз бақалар - Rfnidae


Өкілі: Көл бақа – Rana ridilunda

Материалдар мен құрал-саймандар: Жансыздандырылған бақа мен құрбақалар, оқулықтар, таблицалар.

Жұмыстың мақсаты: Қос мекенділердің системасы,отрядтардың негізгі өкілдерін анықтау.

Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:. Бақаның дене формасын көлемін, алдыңғы және артқы аяқтарының құрлысын қарап көру. Бақаның терісінің құрлысының ерекшеліктерін, көпклеткалы бездердің құрлысын олардың функциясын, терінің газ алмассуға қатысуын анықтау. Посткрамиальды скелетті қарап-көру, мойын, дене, сегізкөз және құйрық бөлімдерінің омыртқаларын сипаттау. Алдыңғы және артқы аяқтарының құрлысын зерттеу.

Студентің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары.



  1. Қосмекенділердің сыртқы көрінісі, терісі, бұлшық еттері,қан айналу жүйесі.

  2. Қос мекенділердің системасы.

Жұмыс нәтижесін тапсыру.

1. Бақаның дене формасын көлемін, алдыңғы және артқы аяқтарының құрлысын



Бақылау сұрақтары:

1. Қос мекенділердің системасы отрядтардың негізгі өкілдері және олардың таралуы.

2. Аяқсыздар мен құйрықтылардың сыртқы көрінісінің ерекшеліктері.

3. Аяқсыздар мен құйрықтардың посткрамиальды скелетінің ерекшеліктері.

4. Қос мекенділердің жер үстінде тіршілік етуіне байланысты постраниальды скелетінде қандай өзгерістер бар

Әдебиеттер.

1. Жизнь животных под ред. З.Зеньковича т.1 1968 т.2 1968 т.3 1964 М.Просвещение

2. Духин Е.И. Зоология М. Выс. Школа 1981.

3. Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М.,1979

4. С.П.Наумов, Зоология позвоночных М.1983.

5. А.Карр Рептилии М. 1975.

6. Хадрин Р.Венер Общая зоология 1989

7. Қайымов Қ. Қызықты зоология Оқұшылар мен мұғалімдерге арналған оқулық - Алматы, 1975.

4. Қыдырбаев X.Қазақстанның хайуанаттар әлемі -Алматы,



6 - Лабораториялық жұмыс



Лабораториялық жұмыстың аты: Қосмекенділердің ішкі құрылысы.

Лабораториялық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны:

Тип: Хордалылар – Сһоrdata

Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata

Клас үсті: Төрт аяқтылар - Netrapoda

Класс: Қосмекенділер - Amphibia


Отряд үсті: Секірушілер - Salientia

Отряд: Құйрықсыздар – Ecaudata


Тұқымдас: Нағыз бақалар - Renidae

Өкілі: Көл бақа – Rana ridilunda



Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Жаңадан жансыздандырылған бақа, шағын ванналар, сояға керек инструменттер (қайшы, скалькель, түйреуіш), пипетка, препарат жасайтын ине, эфир, салфетка, оқулықтар, таблицилар.

Жұмыстың мақсаты: Сүйекті балықтар мен қос мекенділердің ас қорыту системасының ерекшілігін аықтау.

Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:. Бақаның шалқасынан салып оның терісін пинцетпен тартып шағындап кесу керек. Бақаның ішкі органдарының жалпы типографиясын анықтап ас қорыут системасын құрылысын зерттеу. Өкпенің құрлысына қарап тыныс алу механизімін зерттеу керек. Бақаның ішкі органдарын құрлысын суретке салу.

Студентің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары.

  1. Қосмекенділердің ішкі құрылысы (ас қорыту,тынысалу)

2.Сүйекті балықтар мен қос мекенділердің ас қорыту системасының ерекшілігі.

Жұмыс нәтижесін тапсыру.

1. Бақаның ішкі органдарының жалпы типографиясын анықтап ас қорыут системасын құрылысын тапсыру.



Бақылау сұрақтары:

  1. Сүйекті балықтар мен қос мекенділердің ас қорыту системасының салыстырмалы сипаттамасын беру.

  2. Қос мекенділердің тыныс алу ерекшеліктері.

  3. Қос мекенділердің көбеюінің ерекшеліктері.



Әдебиеттер.

1. Жизнь животных под ред. З.Зеньковича т.1 1968 т.2 1968 т.3 1964 М.Просвещение

2. Духин Е.И. Зоология М. Выс. Школа 1981.

3. Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М.,1979

4. С.П.Наумов, Зоология позвоночных М.1983.

5. А.Карр Рептилии М. 1975.

6. Хадрин Р.Венер Общая зоология 1989

7. Қайымов Қ. Қызықты зоология Оқұшылар мен мұғалімдерге арналған оқулық - Алматы, 1975.

4. Қыдырбаев X.Қазақстанның хайуанаттар әлемі -Алматы,



7 - Лабораториялық жұмыс



Лабораториялық жұмыстың аты: Бауырымен жорғалаушылардың құрылысы: агаманың сыртқы құрылысы, терісін, посткраниальды скелетіннің құрылысы.

Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: формалинде немесе спиртте сақталған агамалар мен жыландар, шағын ванналар, пинцеттер, агама терісінің микропрепараты, кесірткенің скелеті, оқулықтар, таблицалар. Жұмыстың мақсаты: Бауырмен жорғалаушылардың сыртқы көрінісінің, терісінің, посткраниальды скелетінің ерекшеліктерін зерттеу. Міндеті: бауырмен жорғалаушылардың сыртқы көрінісімен танысып, кесірткенің терісінің, посткраниальды скелетінің құрылысы мен танысып, олардың ерекшеліктерін анықтау.

Лабораториялық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны:

Тип: Хордалылар – Сһоrdata

Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata

Клас үсті: Төрт аяқтылар - Netrapoda

Класс: Rentilia- Рептилилер.

Kласс тармағы- Қабыршақтылар (Squamata)

Отряд: Кесірткелер – Lacertilia

Өкілі: дала агамасы – Agamidae sanguinolenta

Жұмыстың әдістемелік нұсқауы: кесірткенің немесе жыланың сыртқы түрін қарап, бастың бедеріне, қасына, арқа және бауыр қабыршағына, сан (балтыр) тесіктеріне көңіл аудару керек. Микроскоп арқылы кесірткенің терісін қарап, оның эпидермисіндегі мальпиги (герминативті) жылтырауық, түйіршікті және мүйізденген қабаттарын ажырату керек. Рептилиялардың түзілуін (қабығын тастауын) сипаттау. Кесірткелердің арқа жотасының құрылысының ерекшеліктерін анықтап: мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйрық омыртқаларыныың құрылысын сипаттау. Омыртқалардың қай типке жататынын және олардың бір-бірімен қалай жалғасатынына көңіл аудару. Құйрық омыртқаларына, олардың аутотомиясының принципіне көңіл аудару. Кеуде қуысының иық және жамбас белдеуделінің құрылысына көңіл аударып, олардың арқа жотасына қалай жалғасатынын анықтау. зерттеу Кесірткенің, поскраниальды скилетінің суретін салу.

Студентің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары.



1. Бауырымен жорғалаушылардың систематикасы.

2.Бауырымен жорғалаушылардың жалпы құрылысы.

Жұмыс нәтижесін тапсыру.

1.Бауырмен жорғалаушылардың сыртқы көрінісінің, терісінің, посткраниальды скелетінің ерекшеліктерін тапсыру.

2. Кеуде қуысының иық және жамбас белдеуделінің құрылысына көңіл аударып, олардың арқа жотасына қалай жалғасатынын анықтау.

Бақылау сұрақтар:

1. Амфиялар мен рептилиялардың посткраниальды скелетінің құрылысыдағы ерекшеліктері.

2. Қос мекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың терісінің құрылысындағы айырмашылығы.
Әдебиеттер.

1. Жизнь животных под ред. З.Зеньковича т.1 1968 т.2 1968 т.3 1964 М.Просвещение

2. Духин Е.И. Зоология М. Выс. Школа 1981.

3. Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М.,1979

4. С.П.Наумов, Зоология позвоночных М.1983.

5. А.Карр Рептилии М. 1975.

6. Хадрин Р.Венер Общая зоология 19

8 - Лаборраториялық жұмыс


Лабораториялық жұмыстың аты: Бауырымен жорғалаушылардың құрылысы. Агаманы сою.

Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: формалинде сақталған агамалар, шағын ванналар, пинцеттер, қайшылар, скальпельдер, түйреуіштер, препарат жасайтын инелер, оқулықтар, таблицалар.

Жұмыстың мақсаты: агаманың ас қорыту, тыныс алу, жыныс-зәр системаларының құрылысын зерттеу, агаманың ас қорыту системасының құрылысының ерекшеліктерін өкпе мен тыныс алатын ауа жолдарының құрылысын қарап-көріп, зәр шығару және жыныс органдарымен танысу.

Лабораториялық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны:

Тип: Хордалылар – Сһоrdata

Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata

Клас үсті: Төрт аяқтылар - Netrapoda

Класс: Rentilia- Рептилилер.

Kласс тармағы- Қабыршақтылар (Squamata)

Отряд: Кесірткелер – Lacertilia

Өкілі: дала агамасы – Agamidae sanguinolenta

Жұмыстың әдістемелік нұсқауы: агаманы түйіреуіштермен ваннаға шалқасынан бекітіп, терісін және қарын етін ұзынынан тең екіге клоакадан астыңғы жақтарының орта шеніне дейін, шап сүйектерін және төс пен сүріншекті қоса, сояды. Содан кейін шап пен төстің тұсынан көлденең кесір (тері мен етті) түйреуішпен бекітеді.

Агаманың ішкі органдарының жалпы орналасуын (топографиясын) қарап, қарап сосын жүректі тауып, оанан тарайтын қан тамырларын анықтайды. Ас қорыту системасын тегіс көріп болғасын, ас қорыту каналының бөліктерін жіктеп, ас қоырут бездерін табу керек.

Агаманың тыныс алу системасымен танысқаннан кейін, ауыз қуысындағы ішкі танау тесігін – хоан, көмекейді, трахея мен баронхыларды табу керек: өкпенің құрылысымен танысу.

Агаманың бүйректерін тауып, мезонефрикалық бүйректерден метанефрикалық бүйректердің айырмашылығын анықтау керек. Зәр жолдарын, олардың клокадағы тесіктерін және қуықты табу керек. Агаманың ішкі органдарының жалпы орналасуын және аналық пен аталықтың зәр-жыныс системасын суретке салу керек.

Студентің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары.


  1. Бауырымен жорғалаушылардың ішкі құрылысы.

  2. Агаманың ішкі органдарының жалпы орналасуын.

Жұмыс нәтижесін тапсыру

1.Агаманың ішкі органдарының жалпы орналасуын (топографиясын) қарап, сосын жүректі тауып, одан тарайтын қан тамырларын анықтау.

2.Ас қорыту системасын тегіс көріп болғасын, ас қорыту каналының бөліктерін жіктеп, ас қоырут бездерін табу керек.

Бақылау сұрақтар:



  1. Анамниялар мен амниоталардың негізгі айырмашылықтары.

  2. Рептилиялардың тыныс алу системасының құрылысы – құрлықта тіршілік ететін жануарларға тән.

  3. Рептилиялардың су-тұз алмасу ерекшеліктері.


9- Лаборраториялық жұмыс



Лабораториялық жұмыстыњ аты: Бауырымен жорғалаушылардың құрылысы: рептилияның қан айналу және нерв системаларының құрылысының ерекшеліктері.

Лабораториялық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны:

Тип: Хордалылар – Сһоrdata

Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata


Клас үсті: Төрт аяқтылар - Netrapoda

Класс: Rentilia-Рептилилер.

Kласс тармағы- Қабыршақтылар (Squamata)

Отряд: Кесірткелер – Lacertilia

Өкілі: дала агамасы – Agamidae sanguinolenta

Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: негізгі қан тамырлармен жүректің муляжі және агаманың жалаңаштанған қан айналу системасы, мидың муляжі оқулықтар, таблицалар.

Жұмыстың мақсаты: рептилияның қан айналу және нерв системаларының құрылысын зерттеу,жүректің құрылысы мен кіші және үлкен қан айналу шеңберлерімен жете танысу. Мидың әр бөліктері мен танысып, олардың жетілуіне көңіл аударып, функциональдық қарым-қатынастарын көрсету.

Жұмыстың әдістемелік нұсқауы: жүректің муляжінен оның құрылысын тексеріп, артериальдық және веноздық системалардың негізгі қан тамырларын анықтау, үлкен және кіші қан айналу шеңберлерінің ерекшеліктерін табу. Рептилияның қан айналу системасының схемасын суретке салу.

Миды зерттегенде сопақша мидың бүктесіне жоғары сатыдағы омыртқалыларға тән, көңіл аудару керек. Мидың барлық бөлімдерінің дамуын сипаттап, олардың қай бөлімі, қос мекенділермен салыстырғанда, жақсы дамығаннан көрсету керек. Мидың бөлімдерінің бір-бірімен және шер (перифериялық) нерв системасымен функциональдық қатынастарын анықтау. Миды жоғарғы және төменгі жағынан суретке салу.

Студентің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары.

1.Рептилияның қан айналу және нерв системаларының құрылысының ерекшеліктері.

2. Мидың барлық бөлімдерінің дамуы мен танысу.

Жұмыс нәтижесін тапсыру

1. Рептилияның қан айналу және нерв системаларының құрылысын зерттеп,жүректің құрылысы мен кіші және үлкен қан айналу шеңберлерімен жете танысып лаборатория жұмысын тапсыру.



Бақылау сұрақтар:

  1. Амфиялар мен рептилиялардың қан айналу системасында қандай айырмашылықтар бар.

  2. Рептилиялардың қандай өкілдерінің жүрегі төрт камералы.

  3. Мидың зауропсидты типінің ерекшеліктері неде.

Әдебиеттер.

1. Жизнь животных под ред. З.Зеньковича т.1 1968 т.2 1968 т.3 1964 М.Просвещение

2. Духин Е.И. Зоология М. Выс. Школа 1981.

3. Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М.,1979

4. С.П.Наумов, Зоология позвоночных М.1983.

5. А.Карр Рептилии М. 1975.

6. Хадрин Р.Венер Общая зоология 1989
10Лаборраториялық жұмыс

Лабораториялық жұмыстың аты: Құстардың сыртқы және ішкі органдарының құрылысы.

Лабораториялық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны:

Тип: Хордалылар – Сһоrdata

Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata

Класс: Құстар-Аvеs

Класс тармағы:Нағыз құстар -Orniturae

Отряд. Көгершіндер- Columbiformts

Өкілі: Көгершін – Columba livia



Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: 10% формалин ерітіндісінде сақталған көгершін. Көгершіннің ішкі органдары бейнеленген плакаттар.

Жұмыстың мақсаты: . Құстардың сыртқы пішіні және құрылысымен танысу
Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

1. Құстардың сыртқы пішіні және құрылысымен танысыңыздар.

2. Сыртқы пішінін альбомдарыңызга бейнелеңіздер.

3. Сыртқы органдарын бейнелеңіз.

Студентің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары.


  1. Құстардың сыртқы органдарының құрылысы.

  2. Құстардың қауырсыңдарының құрылысы.

Жұмыс нәтижесін тапсыру.

1.Құстардың қауырсыңдарының құрылысын,құстың тұлыптарың пайдаланып тапсыру.

1Бақылау сұрақтары:

1. Құстардың профессивті белгілерін атаңыз

2. Құстардың морфологиялық ерекшеліктері

3. Құстардың тері жамылғысының ерекшеліктері

4. Ет системасы

5. Құстардың ас қортыту жүйесінің маңызды ерекшеліктері?
Әдебиеттер.

1. Жизнь животных под ред. З.Зеньковича т.1 1968 т.2 1968 т.3 1964 М.Просвещение

2. Духин Е.И. Зоология М. Выс. Школа 1981.

3. Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М.,1979

4. С.П.Наумов, Зоология позвоночных М.1983.

5. Р.Каррингтон Млекопитающие М.1974

6. А.Карр Рептилии М. 1975.

7. Н.Н.Карташев Систематика птиц М. 1974


№11. Лабораториялық жұмыс


Лабораториялық жұмыстың аты: : Құстардың ішкі қаңқасының құрылысы

Лабораториялық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны:

Тип: Хордалылар – Сһоrdata

Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata

Класс: Құстар-Аvеs

Отряд. Көгершіндер- Columbiformts

Өкілі: Көгершін – Columba livia

Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Көгершіннің тұтас каңқасы, Көгершіннің үлестірмелі материалдары, Көгершіннің ішкі қаңқасы бойынша дайындалған плакаттар.

Жұмыстың мақсаты: Көгершіннің ішкі қаңқасының ерекшеліктерімен танысу. көгершіннің бас сүйегінің құрылысымен танысып, схема түрінде бейнелеу. Көгершіннің ішкі органдарының(ас қорыту,тыныс алу,қан айналу)ерекшеліктерімен танысу.

Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:


  1. Көгершіннің ішкі қаңқасының ерекшеліктерімен танысу.

  2. Көгершіннің бас сүйегінің құрылысымен танысып, альбомдарыңызға схема түрінде бейнелеп, жеке сүйектерін белгілеңіздер

3. Қаңқа бойынша омыртқа жотасының құрылысы және оның бөліктерге жіктелуімен танысыңыздар. Альбомдарға схема түрін бейнелеңіз.

Студентің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары.



  1. Құстардың ішкі қаңқасының құрылысы

  2. Құстардың ішкі органдарының құрылысы

Жұмыс нәтижесін тапсыру:

  1. Көгершіннің ішкі қаңқасының ерекшеліктерін схемада тапсыру.

2.Көгершіннің ішкі органдарының(ас қорыту,тыныс алу,қан айналу)ерекшеліктерін құстардың мысалында тапсыру.

Бақылау сұрақтары:

  1. Көгершіннің ішкі қаңқасының құрылысына сипаттама беріңіз.

  2. Көгершіннің бас сүйегінің құрылысы ерекшеліктері.

  3. Құстардың қанаттары мен иық белдеуінің қаңқасының құрылысы.

  4. Құстардың аяқтарының құрылысы.

  5. Құстардың омыртқа жотасының ерекшеліктері


Әдебиеттер.

1. Жизнь животных под ред. З.Зеньковича т.1 1968 т.2 1968 т.3 1964 М.Просвещение

2. Духин Е.И. Зоология М. Выс. Школа 1981.

3. Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М.,1979

4. С.П.Наумов, Зоология позвоночных М.1983.

5. Р.Каррингтон Млекопитающие М.1974

6. А.Карр Рептилии М. 1975.

7. Н.Н.Карташев Систематика птиц М. 1974



№12. Лабораториялық жұмыс



Лабораториялық жұмыстың аты: Қырсыз төсті құстарды анықтау

Практикалық жұмыс объектісінің хордалылар қатарындағы орны:

Тип: Хордалылар – Сһоrdata

Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata

Класс: Құстар-Аvеs

Отряд. Көгершіндер- Columbiformts

Өкілі: Көгершін – Columba livia

1-отряд үсті: Қырсыз тестілер - Ratitae



Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: Жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарларды анықтауыш (оқулық).

Жұмыстың мақсаты:Құстардың отрядтарын анықтау

Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

1. Африка түйеқұсының Америка түйеқұсынан айырмашылығы

2. Австралия түйеқұстары немесе қазуарлардың қанатсыздардан немесе кивилерден басты айырмашылықтары

3. Қырсыз төсті құстардың белгілі бір органдарының айырмашылықтарын альбомдарыңызға салыстармалы түрде бейнелеп түсіріңіздер

Студентің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық мате риалдары.

1.Құстардың отрядтарын анықтау.

2.Қырсыз төсті құстарды анықтау.

Жұмыс нәтижесін тапсыру:

1. . Австралия түйеқұстары немесе қазуарлардың қанатсыздардан немесе кивилерден басты айырмашылықтарын анықтау.

2.Австралия түйеқұстардың құрлысының ерекшіліктерін анықтап тапсыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Түйеқұс тәрізділерге жалпы сипаттама беріңіз

2. Африка түйеқұстарының ерекшеліктері

3. Австралия түйеқұстардың құрылысының ерекшеліктері

4. Кивилердің ерекшеліктері

Әдебиеттер.

1. Жизнь животных под ред. З.Зеньковича т.1 1968 т.2 1968 т.3 1964 М.Просвещение

2. Духин Е.И. Зоология М. Выс. Школа 1981.

3. Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М.,1979

4. С.П.Наумов, Зоология позвоночных М.1983.

5. Р.Каррингтон Млекопитающие М.1974

6. А.Карр Рептилии М. 1975.

7. Н.Н.Карташев Систематика птиц М. 1974


№13. Лабораториялық жұмыс

Лабораториялық жұмыстың аты: Сүтқоректілердің құрылысы. Дене пішінінің ерекшеліктері, терісінің құрылысы және посткраниальді скелеті.

Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: сүтқоректілердің тұлыбы, терінің микропрепараты, мысықтың немесе егеу құйрық тышқанның скелеті, микроскоптар, оқулықтар, таблицалар.

Жұмыстың мақсаты: сүтқоректілердің сырт пішінінің ерекшеліктерін, терісінің құрылысын және посткраниальді скелетін зерттеу,сүтқоректілердің сыртқы құрылысының ерекшіліктерін анықтап, терісінің, жүнінің құрылысын құрылысын және оның дамуын ұғыну.

Омыртқа жотасының, аяқтары мен оның белдеулерінің және төстің құрылысын зерттеу.

Системасы:

Тип: Хордалылар – Сһоrdata

Тип тармағы: Омыртқалылар – Vertebrata

Клас үсті: Төрт аяқтылар - Netrapoda

Класс сүтқоректілер – Mammalia

Класс тармағы Нағыз аңдар – Theria

Инфра класс Плацентті немесе жоғарғы сатыдағы аңдар – Metatheria

Отряд жыртқыштар – Carnivora

Өкілі мысық – Felida

Отряд кеміргіштер – Rodentia

Өкілі егеуқұйрық – Ratus

Жұмыстың әдістемелік нұсқауы:

Тақырыпты түсіндіру және тапсырма беру. Сүтқоректілердің денесінің формасын қарау. Сүтқоректілерде бірінші рет кездесетін /пайда болған/ құлақтың жарғағын, танауды, көзді, оның астыңғы және үстіңгі қабақтарын, еріндерін табу.

Малдың түгі дегеніміз не, түктің түрлері және ол жануарлардың денесінде қалай орналасқан, қызметі. Саусақтың тенрісін микроскоппен қарап, оның эпидермис, кутис, тері асты майлы клетчатка қабаттарын ажырату. Тері асты клетчатка қабаты мен онда жиналған майдың маңызы. Түктің дамуы мен ерекшеліктері. Балықтың қабыршағының, құстың қауырсынының, жануарлардың түгінің даму процесін салыстырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсету. Сүтқоректілердің терісінде қандай бездер барын анықтау, олардың құрылысы және олар бөліп шығаратын заттар. Омыртқа жотасы қандай бөлімдерден тұрады және әр бөлімде қанша омыртқа болатынын анықтау. Омыртқалылардың құрылысы және бір-бірімен жалғасу ерекшеліктері. Иық және жамбас белдеулерінің құрылысы.

Студентің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық мате риалдары.

1.Сүтқоректілердің құрлысын анықтау.

2.Сүтқоректілердің денесінің формасын анықтау.

Жұмыс нәтижесін тапсыру

1. Иық және жамбас белдеулерінің құрылысы анықтау.

2.Сүтқоректілердің терісінде қандай бездер барын анықтау.

Бақылау сұрақтары:

1.Сүтқоректілердің құрлысын анықтау.

2.Сүтқоректілердің денесінің формасын анықтау.

3.Түктің дамуы мен ерекшеліктері.

4.Малдың түгі дегеніміз не, түктің түрлері.


№14. Лабораториялық жұмыс



Лабораториялық жұмыстың аты: Сүтқоректілердің қаңқасын анықтау, құрылысы түсіндіру.

Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: жаңада жансыздандырған үй қояны (егек құйрық, тышқан), оларды соятын құралдар, шағын ванналар, түйреуіш, мақта, салфетка, оқулықтар, таблицалар.

Жұмыстың мақсаты: үй қоянының ішкі органдарының жалпы топографиясын зерттеу, ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару мен жыныс жүйелерінің құрылысының ерекшеліктерін ажырату

Жұмыстың әдістемелік нұсқауы.

. Үй қоянын ванночкаға шалқасынан салып, терісін аналь тесігінен иек астына дейін кесіп, сосын оны денесінің екі жағына жайып түйреуішпен бекітеді. Сүтқоректілерге тән терінің астына жиналған майға көңіл аудару. Сосын құрсақ пен көкірек қуысының еттерін ортасынан, төсті қоса жару. Көкірек қуысын ашып, көк етті (диафрагма) кескеннен кейін ішкі органдардың орналасуына көңіл аудару.

Ас қорыту жүйесін зерттеуді ауыз қуысынан бастайды: етті еріндерін және ұрттарының, таңдайын және жұмсақ таңдай пердесін, тілін тауып, олардың қызметін анықтау. Тістердің құрылысына көңіл аударып, олардың әртүрлігін және аттарын білу. Жұтқыншақтан әрі ас қорыту жүйесінің бөлімдерін, олардың қызметін зерттеу. Тыныс алу жүйесін зерттеуді танаудан бастайды. Кеңсірікті, хоанды (ішуі танау тесігі), көмекейді тексереді. Көмекей мендысып аппаратының құрылысымен жете танысу. Өкпенің құрылысымен танысып, ауа жүретін түтіктерге көңіл аудару. Өкпе ауаға қалай толатынын жете түсіну. Бүйректерді, олардан басталатын несіп каналын және қуықты табу. Бүйректі жарып, оның сыртқы қыртыс және ми тәрізді қабаттарына көңіл аудару. Бүйрек қай типке жатады және ең соңында қандай зат бөлінетінін анықту. Үй қоянының анықтап, оның жыныс бездері мен жыныс түтікшелеріне көңіл аудару.


Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық материалдары.

1.Сүтқоректілердің ішкі құрлысымен танысу.



  1. Үй қоянының анықтап, оның жыныс бездері мен жыныс түтікшелеріне көңіл аудару

Жұмыс нәтижесін тапсыру

.1. Тістердің құрылысына көңіл аударып, олардың әртүрлігін және аттары тапсыру.

2. Тыныс алу жүйесін зерттеу.

3. Үй қоянының анықтап, оның жыныс бездері мен жыныс түтікшелерін анықтау.

Бақылау сұрақтар:

1. Сүтқоректілердің күрделі азу тістерінің пайда болуы туралы қандай болжамдар (гипотеза) бар?

2. Күйіс қайыратын сүтқоректілердің күрделі қарнының құрамы қандай, ас қалай қорытылады?

3. Сүтқоректілердің өкпесінің құрылысындағы ерекшелік неде; көк еттің (диафрагма) тыныс алудағы қызметі қандай?

4. Плацента дегеніміз не, хорион ше? Плацентаның қандай типтері бар?

5. Сүтқоректілердің ұрығы қалай қоректенеді?


№15. Лабораториялық жұмыс



Лабораториялық жұмыстың аты: Сүтқоректілердің құрылысы. Қан айналу және нерв жүйелерінің құрылысының ерекшеліктері.

Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: сүтқоректілердің жүрегінің муляжі (нақ нұсқасы), егеуқұйрық тышқанның иньекцияланған қан айналу жүйесі, мидың муляжі, оқулықтар, таблицалар.

Жұмыстың мақсаты: сүтқоректілердің қан айналу және нерв жүйелерінің ерекшеліктерін зерттеу,сүтқоректілердің жүрегінің құрылысымен жеке танысу, үлкен және кіші қан айналым шеңберлерінің негізгі қан тамырларын табу, мидың бөлімдерінің құрылысындағы ерекшеліктерімен жеке танысу және олардың функциональді байланыстарын анықтау, ми нервтерін табу.

Жұмыстың әдістемелік нұсқауы. Сүтқорктілердің жүрегінің құрылысымен танысып, оның қай бөлігінен қандай қан тамырлары тарайтынын анықтау керек. Үлкен қан айналым шеңберінің қандай қантамырларымен қан басқа, алдыңғы және артқы аяқтары мен ішкі органдарына жеткізіледі. Веноз қан тамырлар жүйесінің ерекшеліктері: дененің алдыңғы және артқы бөліктерінен веноздық қан қандай қантамырлары арқылы жиналады.

Үлкен қан айналым шеңберіндегі веноздық қан жүректің қай бөліміне құйылады. Кіші қан айналым шеңбері қандай қан тамырларынан құралған және ол жүректің қай бөлімдерімен байланысты.

Мидың бөлімдерін зерттеп, оның әр бөлімнің құрылысындағы ерекшеліктерін және аумағын (көлемін) анықтау. Мидың қай бөлімдері не себепті жете дамыған. Үлкен жартышарлардың ми қыртысы дегеніміз не?, алғашқы ми қыртысы қандай өзгеріске ұшырады? Аралық және орталық ми бөлімдерінің құрылысындағы ерекшеліктер. Төрт төмпешік ми дегеніміз не? Мишықтың құрылысы мен қызметі. Ми бөлімдерінің қызметтерінің бір-бірімен байланысын ажырата білу және олар шеткері нерв жүйесімен қандай қарым-қатынаста (бауырымен жорғалаушылармен салыстыр).

Қан айналым жүйесінің (веноздық және артериальдық) және мидың суретін бүйірінен, астынан салу керек.



Студентің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті теориялық мате риалдары.

1Сүтқоректілердің қан айналу және нерв жүйелерінің ерекшеліктерін анықтау.

2.Ми бөлімдерінің қызметтерінің бір-бірімен байланысын ажырата білу.

Жұмыс нәтижесін тапсыру

1Сүтқорктілердің жүрегінің құрылсын тапсыру

2. Қан айналым жүйесінің (веноздық және артериальдық) және мидың суретін бүйірінен, астынан салу.

Бақылау сұрақтар:

1. Сүтқоректілердің қан айналым жүйесінің құрылысындағы ерекшеліктер (бауырымен жорғалаушылар және құстармен салыстыр)

2. Ми иірімдері дегеніміз не және олар неге пайда болады?

3. Сүтқоректілердің эволюциясында олардың қандай белгілері ерекше маңызды болады?

4.Сүтқоректілердің жоғары дәрежелі нерв қызметінің ерекшеліктері?
Қолданылатын әдебиеттер.

1. Жизнь животных под ред. З.Зеньковича т.1 1968 т.2 1968 т.3 1964 М.Просвещение

2. Духин Е.И. Зоология М. Выс. Школа 1981.

3. Н.П.Наумов, Н.Н.Карташев Зоология позвоночных М.,1979

4. С.П.Наумов, Зоология позвоночных М.1983.

5. Р.Каррингтон Млекопитающие М.1974










©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет