Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламентін бекіту туралы



жүктеу 0.73 Mb.
бет1/5
Дата28.04.2016
өлшемі0.73 Mb.
  1   2   3   4   5
: files -> uved -> teh2 -> kaz
kaz -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі №675 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
kaz -> Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты
kaz -> «Ветеринарияда пайдаланылатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
kaz -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №263 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
kaz -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы №515 Қаулысы Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы»
kaz -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі №336 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
kaz -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы №456 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
kaz -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №1232 Қаулысы
kaz -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы №551 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1398 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.



2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 6 ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2007 жылғы 29 желтоқсандағы

1398 қаулысымен



бекітілген

 

 



«Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне

қойылатын талаптар» техникалық регламенті

 

1. Қолданылу саласы

 

1. Осы «Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент (бұдан әрі - техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін және Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы, «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 желтоқсандағы, «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді.

2. Осы техникалық регламенттің талаптары техникалық реттеу объектілері болып табылатын мына лак-бояу материалдары мен еріткіштерге: Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарына сәйкес жіктелетін лактар, бояулар, эмальдар, тығыздағыштар, бітегіштер, еріткіштер мен олардың қалдықтарына қолданылады. Техникалық реттеу объектілерінің тізбесі осы техникалық регламентке 1-қосымшада белгіленген.

 

 

2. Терминдер мен анықтамалар



 

3. Осы техникалық регламентте «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында пайдаланылған терминдер, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) химиялық зат - табиғатта өндірілген немесе өнеркәсіптік жолмен алынған химиялық қосылыс немесе химиялық қосылыстар қоспасы;

2) зиянды химиялық зат - қауіпсіздік талаптарын бұзған жағдайда адам организмімен жанасу кезінде жұмыс кезеңінде де қазіргі және одан кейінгі ұрпақ өмірінің барынша ұзақ мерзімінде де қазіргі заманғы әдістермен анықталатын жарақаттар, аурулар немесе денсаулық жағдайының ауытқуын, ауру тудыруы мүмкін химиялық зат;

3) лак-бояу материалы - үстіңгі бетіне жаққаннан кейін қорғаушы, әсемдік немесе арнайы техникалық қасиеттері бар лак-бояу жабынын түзетін сұйық паста немесе ұнтақ түріндегі химиялық заттар қоспасы;

4) еріткіш - лак-бояу материалы құрамына кіретін және оның тұтқырлығын реттеу, пигментті еріту және/немесе материал бөлшектерін байланыстыру үшін қолданылатын сұйықтық түріндегі химиялық зат немесе химиялық заттар қоспасы;

5) су қосатын лак-бояу материалы - еріткіші су болып табылатын, тұтқырлығы суды қолданумен реттелетін лак-бояу материалы;

6) су-дисперсиялық лак-бояу материалы - су органикалық дисперсиялар жөніндегі лак-бояу материалы;

7) органикалық еритін лак-бояу материалы - еріткіші органикалық зат болып табылатын, тұтқырлығы органикалық еріткішті қолданумен реттелетін лак-бояу материалы;

8) ұнтақты лак-бояу материалы - құрамында еріткіш жоқ, ұнтақ түріндегі лак-бояу материалы;

9) лак - үстіңгі бетіне жаққаннан кейін мөлдір лак-бояу жабынын түзетін лак-бояу материалы;

10) бояу - үстіңгі бетіне жаққаннан кейін жартылай мөлдір немесе мөлдір емес лак-бояу жабынын түзетін, өсімдік майлары немесе полимерлер жөніндегі лак-бояу материалы;

11) эмаль - үстіңгі бетіне жаққаннан кейін қорғаушы-әсемдік мөлдір емес лак-бояу жабынын түзетін лак-бояу материалы;

12) бітегіш - үстіңгі бетіне жаққаннан кейін қорғайтын лак-бояу жабынын түзетін лак-бояу материалы;

13) тығыздағыш - үстіңгі бетті түзеу үшін қолданылатын, сұйық немесе паста түріндегі лак-бояу материалы;

14) лак-бояу материалына арналған жылдамдатқыш - лак-бояу материалына енгізген кезде оның кебу процесін тездететін химиялық зат;

15) лак-бояу материалына арналған қатайтқыш - лак-бояу материалымен өзара әрекеттесетін және оның кебуін қамтамасыз ететін химиялық зат;

16) лак-бояу материалына арналған сиккатив - ауа оттегісінің қатысуымен лак-бояу материалымен өзара әрекеттесетін және оның кебуін қамтамасыз ететін химиялық зат;

17) химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты - химиялық өнімнің сипаттамалары және онымен жұмыс істеудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы мәліметтер қамтылған құжат;

18) лак-бояу материалдары мен еріткіштердің жарылыс қауіпсіздігі - ол кезде жарылыс мүмкіндігін болдырмайтын немесе ол туындаған жағдайда жарылыстан пайда болған қауіпті және зиянды факторлардың адамдарға әсерін болдырмайтын және мүлікті сақтау қамтамасыз етілетін лак-бояу материалдары мен еріткіштерін сақтау, тасымалдау, өткізу, қолдану, олардың қалдықтарын кәдеге жарату және (немесе) жою процестерінің жай-күйі;

19) өрт қауіпсіздігі - ол кезде өрттің пайда болу мүмкіндігін болдырмайтын немесе ол туындаған жағдайда өрттен пайда болған қауіпті және зиянды факторлардың адамдарға әсерін болдырмайтын және мүлікті сақтау қамтамасыз етілетін лак-бояу материалдары мен еріткіштерін сақтау, тасымалдау, іске асыру, қолдану, олардың қалдықтарын кәдеге жарату және (немесе) жою процестерінің жай-күйі;

20) лак-бояу материалдары мен еріткіштердің химиялық қауіпсіздігі - лак-бояу материалдары мен еріткіштердің адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктерге зиянды әсерінің болмауы;

21) шектік рұқсат етілетін концентрация - ұзақ уақыт бойы күнделікті әсер ету кезінде адам организміне зиянды әсер етпейтін қазіргі заманғы зерттеу әдістерімен табылатын, көлем бірлігіндегі зиянды химиялық заттың ең үлкен мөлшері; ол қоршаған ортаның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын (жұмыс аймағының және елді мекендердің ауасын, су объектілері мен топырақты) бағалау кезінде гигиеналық өлшем болып табылады;

22) лак-бояу материалындағы және еріткіштегі ұшпа органикалық қосылыс - лак-бояу материалында бар, атмосфераның температурасы мен қысымының белгілі бір мәндерінде өздігінен буланатын химиялық зат;

23) ұшпа органикалық қосылыстардың болуы - литрге граммен көрсетілетін (г/л) ұшпа органикалық қосылыстардың салмағы;

24) лак-бояу материалы мен еріткіштің уыттылығы - лак-бояу материалы мен еріткішінің құрамына кіретін химиялық заттарға іштей тән, тірі организммен байланысқа түскен кезде ғана пайда болатын химиялық заттардың зиянды әсер көрсету қабілетін сипаттайтын қасиеттердің жиынтығы;

25) сенсибилизациялайтын әсер - адам организмінің химиялық заттар әсеріне жоғарғы сезімталдығы құбылысымен пайда болған және аллергиялық аурулардың дамуына әкелетін әрі қоршаған ортаға зиянды әсер тигізетін әсер;

26) мутагенді әсер - химиялық заттардың адамдарда, жануарларда, өсімдіктерде генетикалық деңгейде өзгерістер тудыратын қабілеті;

27) канцерогенді әсер - химиялық заттардың адам организміне әсер еткен кезде қатерлі ісік немесе қатерсіз ісік тудыратын қабілеті;

28) эмбриотроптық әсер - химиялық заттардың адамның, жануарлардың және өсімдіктер тұқымы эмбрионының өлуін тудыратын қабілеті;

29) гонадотроптық әсер - химиялық заттардың адамның, жануарлардың және өсімдіктердің ұрпақтану функциясына және өсімдіктерге зиянды әсер ету қабілеті;

30) тератогендік әсер - химиялық заттардың адам ұрығын ауытқушылық пен даму кемшіліктерін тудыра отырып, оны жоюды тудыратын және қоршаған ортаға зиянды әсер ететін қабілеті;

31) кумулятивтілік - химиялық заттардың жиналу және адам организміне жиынтық зиянды әсер ету қабілеті;

32) қалдықтар - тұтыну процесінде пайда болған лак-бояу материалдары мен еріткіштерінің қалдықтары, сондай-ақ өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан лак-бояу материалдары мен еріткіштер;

33) лак-бояу материалының және (немесе) еріткіштің қалдықтарын кәдеге жарату - өтініш берушінің немесе тұтынушының лак-бояу материалының және (немесе) еріткіштің қалдықтарын пайдаланумен немесе қайта өңдеумен байланысты қызметі;

34) лак-бояу материалының және еріткіштердің қалдықтарын жою - өтініш берушінің немесе тұтынушының лак-бояу материалы қалдықтарын жоюмен немесе көмумен байланысты қызметі;

45) орама - лак-бояу материалын және еріткіштерді зақымдалудан және шығындалудан, ал қоршаған ортаны зиянды химиялық заттармен ластанудан қорғауды қамтамасыз ететін тұтынушылық немесе көліктік ыдыс;

36) бояу - лак-бояу материалын үстіңгі бетке жағу;

37) өтініш беруші - сәйкестікті растау үшін өнімді берген жеке немесе заңды тұлға;

38) өнім беруші - меншік нысанына қарамастан лак-бояу материалдары мен еріткіштерді өткізетін жеке немесе заңды тұлға;

39) тұтынушы - тікелей тұтыну (пайдалану) үшін лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сатып алатын жеке немесе заңды тұлға.

 

 

3. Өнімнің нарықта айналу жағдайы



 

4. Лак-бояу материалдары мен еріткіштер осы техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.

5. Лак-бояу материалдары мен еріткіштері, егер олар мақсаты бойынша қолдану кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндірмеген жағдайда ғана нарыққа жеткізілуі және сатылуы мүмкін.



 

 

4. Өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

4.1. Жалпы талаптар



 

6. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің қауіпсіздігі қалдықтарды өндіру, сақтау, тасымалдау, іске асыру, қолдану, кәдеге жарату және (немесе) жою кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығы, жеке және заңды тұлғалардың мүлкі, мемлекеттік мүлік үшін, қоршаған ортаны, жануарлардың өмірі мен денсаулығын және өсімдіктерді рұқсат етілген деңгейге дейін қорғау үшін қатер деңгейін төмендету есебінен қол жеткізілуі тиіс.

7. Қатердің рұқсат етілетін деңгейін белгілеу үшін өндіруші:

1) лак-бояу материалдары мен еріткіштерді тұтынушылардың ықтимал тобын айқындауы;

2) лак-бояу материалдары мен еріткіштерін ықтимал болжамды дұрыс пайдаланбаудың барлық түрлерін айқындауы;

3) лак-бояу материалдары мен еріткіштерін өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және қолдану, қалдықтарды кәдеге жарату және жою кезінде пайда болатын қауіпті көздеуі;

4) белгілі бір қауіп салдарынан туындайтын қатерлерді бағалауы;

5) лак-бояу материалдары мен еріткіштері құрамындағы барынша қауіпті химиялық заттарды қауіптілігі аз химиялық заттарға ауыстыруы;

6) органикалық еритін лак-бояу материалдары мен еріткіштерін сумен еритін және ұнтақ лак-бояу материалдары мен еріткіштеріне ауыстыруы;

7) қорғау шараларын қолдануы;

8) персоналды қауіпсіз әдістер мен еңбек тәсілдеріне оқытуды жүргізуі;

9) лак-бояу материалы мен еріткішті қауіпсіз қолдану туралы ақпаратпен сүйемелдеуі тиіс.

 

 

4.2. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің жарылыс



қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі талаптары

 

8. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігі олардың құрамына кіретін және жарылыс пен өртті тудыруға қабілетті химиялық заттардың физикалық-химиялық қасиеттері мен көрсеткіштеріне байланысты.

9. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерде жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігінің белгілі бір көрсеткіштері бар химиялық заттар қолданылуы тиіс.

10. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерін ғимараттар мен құрылыстарда қолдану кезінде үй-жайдың функционалдық мақсатын есепке ала отырып, жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігінің көрсеткіштері айқындалуы тиіс.

11. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерде жарылыс қауіпті қоспалар құрайтын химиялық заттарды қолдануға тыйым салынады.

12. Бір-бірімен өзара әрекет еткен кезде тұтануды, жарылысты тудыратын немесе жанғыш газдарды құрайтын лак-бояу материалдары мен еріткіштерді бірге сақтауға, тасымалдауға және қолдануға тыйым салынады.

13. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сақтау, тасымалдау, өткізу, қолдану, қалдықтарды кәдеге жарату және (немесе) жою кезінде жарылыс қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі жарылыс және өрт туындау шарттарының алдын алатын мынадай шаралармен қамтамасыз етілуі тиіс:

1) өндіруші тұтынушыны лак-бояу материалдары мен еріткіштердің жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі туралы ескертуі тиіс;

2) тұтынушы өтініш берушінің арнайы қоса беріп отырған ақпаратында көрсеткен лак-бояу материалдары мен еріткіштерді қауіпсіз қолдану жөніндегі талаптарды сақтауы тиіс;

3) тұтынушы өрт қауіпсіздігі талаптары мен ережелерін "Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес сақтауы тиіс.

14. Жарылыс пен өрттің туындау қатерін азайту үшін:



1) барынша жарылыс қауіпі мен өрт қауіпі бар ұшпа органикалық қосылыстарды қауіптілігі аз қосылыстарға ауыстыру;

2) органикалық еритін лак-бояу материалдары мен еріткіштерді сумен еритіндерге ауыстыру;

3) құрғақтылығы жоғары қалдығы бар лак-бояу материалдары мен еріткіштері пайдалану;

4) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау іс-шаралары көзделуі тиіс.

15. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді өнеркәсіптік қолдану жағдайларында жарылыс пен өрттің туындау қатерін азайту мынадай:



1) жарылыс қауіпсіздігінің және өрт қауіпсіздігінің барынша ықтимал деңгейін қамтамасыз ететін лак-бояу материалдары мен еріткіштерін қолдану әдістерін пайдаланатын;

2) лак-бояу материалдары мен еріткіштерді қолдану процестерін механикаландыратын және автоматтандыратын;

3) құрал-жабдықты жарылыстан қорғалған орындауда пайдаланатын;

4) ұшқын сөндіргіштерді, ұшқын тұтқыштарды, отты ұстайтын, отты тоқтататын, шаң- мен металл тұтқыш және жарылысқа қарсы құрылғылары, статикалық электрден қорғау жүйелерін пайдаланатын;

5) ұшпа органикалық қосылыстардың өрт- және жарылысқа қауіпті концентрацияларының құралуын алдын алатын желдеткіш жүйелерін пайдаланатын;

6) өрт сөндірудің тиімді құралдарымен қамтамасыз ететін шаралармен және құралдармен қол жеткізілуі тиіс.

 

 

4.3. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің



химиялық қауіпсіздігі талаптары

 

16. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің химиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қауіпті химиялық заттарды пайдалануды шектеу және (немесе) олардың лак-бояу материалы мен еріткіштің құрамында болуын азайту арқылы қол жеткізіледі.

17. Лак-бояу материалы мен еріткіш құрамында «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тіркелген химиялық заттарды пайдаланған жөн.

18. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз және химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортынсыз сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады.

19. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің құрамында перделенбеген сенсибилизациялайтын әсері бар химиялық заттарды пайдалануға тыйым салынады.

20. Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің құрамында: бензол, пиробензол, хлорланған көмір сутектері, метанол ұшпа органикалық түзілімдерді пайдалануға тыйым салынады.

21. Лактардан басқа, қолдануға дайын лак-бояу материалдары мен еріткіштерінде толуол және ксилол еріткіштерінің жиынтық массасының үлесі 15%-дан; лактарда 25%-дан аспауға тиіс.

22. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерінің құрамында сынап, тотыяйын және олардың қосылыстары сияқты химиялық заттарды пайдалануға тыйым салынады.

23. Ішкі жұмыстарға арналған құрылыста қолданылатын лак-бояу материалдары мен еріткіштерінің құрамында қорғасын, хром, кадмий және олардың қосылыстары сияқты химиялық заттарды пайдалануға тыйым салынады.

24. Целлюлоза эфирлеріндегі лак-бояу материалдары мен еріткіштерде және құрылыста қолданылатын сіңбе лак-бояу материалдары мен еріткіштерде ұшпа органикалық қосылыстардың болуы 60 %-дан аспауы тиіс.

25. Лак-бояу материалдары мен еріткіштері қоршаған ортаға зиянды химиялық заттарды адам организміне тікелей немесе жанама жағымсыз әсер ете алатын мөлшерде (барлық бөлінетін химиялық заттардың бірлескен әсерін есепке ала отырып) бөлінбеуге тиіс. Бірнеше зиянды химиялық заттардың бөлінуі кезінде концентрациялардың олардың шектік рұқсат етілетін концентрациясына қатынастарының жиынтығы бір бірліктен аспауға тиіс.

26. Лак-бояу материалдары мен еріткіштерді пайдалану кезінде пайдаланылатын ғимараттардың, құрылыстардың және үй-жайлардың ауасындағы зиянды заттардың концентрациясы үй-жайлардың функционалдық мақсатына байланысты жұмыс аймағы ауасындағы немесе атмосфера ауасындағы ұшпа органикалық қосылыстардың шекті рұқсат етілген концентрацияларының нормативтік мәндерінен аспауға тиіс.

27. Жұмыс аймағы ауасындағы және елді мекендердің атмосфералық ауасындағы негізгі ұшпа органикалық қосылыстардың гигиеналық нормативтері осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 1-кестесінде; шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану су объектілерінің суындағы және топырақтағы негізгі ұшпа органикалық қосылыстардың гигиеналық нормативтері - осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 2-кестесінде; жұмыс аймағы ауасындағы және елді мекендердің атмосфералық ауасындағы ауыр металдар қосылыстардың гигиеналық нормативтері - осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

Лак-бояу материалдары мен еріткіштердің құрамына кіретін негізгі ұшпа органикалық қосылыстардың уытты көрсеткіштері осы техникалық регламентке 2-қосымшаның 4-кестесінде көрсетілген.

28. 2-қосымшада көрсетілмеген ұшпа органикалық қосылыстардың осы техникалық регламенттің барлық талаптары сақталған кезде қолдануға рұқсат етіледі.

 

 



  1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет