Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр



жүктеу 0.89 Mb.
бет4/6
Дата01.04.2016
өлшемі0.89 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны : 90 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 8 семестр

Сабақтың тақырыбы: Ақылбай – Абайдың көрнекті ақын шәкірті,

тұңғыш ұлы.

Сабақтың жоспары:

1. Ақылбайдың шығармашылық өмірбаяны.

2. «Ата-анаға көз қуаныш» өлеңінің мәні.

3. Ақылбай дастандарының идеялық-тақырыптық мазмұны.
М, Әуезов өзінің «Абай(Ибраһиим) Құнанбайұлы» атты монографиясының көлемді тарауын Абайдың көрнекті шәкірті, тұңғыш ұлы Ақылбай шығармаларына арнайды. Зерттеуші Ақылбай шығармаларын талдамас бұрын оның өмірі туралы қысқаша деректер келтірген.

Ақылбай Абайдың 16 жасында дүниеге келген алғашқы әйелі Ділдәдан туған тұңғыш баласы екендігін, балалық және жастық шағын үлкен әкесі Құнанбайдың кенже баласы атанып, оның төртінші әйелі Нұрғанымның қолында өткізгендігін, сондықтан оның Абайға көбінше іні есебінде қарап өскендігін айтады. Жас кезі Абайдай әкеден аулақта өткендіктен, Ақылбайдың орысша оқи алмай қалғандығын, оның оқу-білімі, ауылда оқыған мұсылманша оқудың орта дәрежесі екендігін зерттеуші ескертіп өтеді. Ақылбайдың өмірі туралы М. Әуезовтің зерттеу еңбектерін негізге ала отырып, Қ. Мұхамедханов Абайдың ақын шәкірттері туралы зерттеулерінде оның өмірбаяндық деректеріне кеңірек тоқталған. Оның айтуынша, Құнанбай Ақылбайды үйлендіріп, енші бөліп береді де, бір ауыл етіп қояды. Жас кездегі біраз жылын ол сауық-сайранмен өткізеді, Құнанбайдың атағына нағашылварының аруағына масаттанып, сондай мазмұндас өлеңдер шығарып, Ақылбай Абай маңына жуыңқырамай сирек қатынап жүреді. Ол ақ көңіл, бір іске беріліп кетсе, асқан қабілет те таныта алған. Ақылбайдың аңқаулығын дұшпандары пайдаланып, әке мен бала арасына от жағып, екеуін ажыратып жіберген кездері де болған. Абай оның әдеттеріне, мінездеріне кейіп, «Ата-анаға көз қуаныш» деген өлеңін шығарады.

Абай өлеңінде:

Ата – анаға көз қуаныш –

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой - өлкесі.

Еркелік кетті,

Ер жетті,

Не бітті?

Тәңірі сорлы етсе бенде,

Не бітірер құр жылап.

Жігері жоқ ақылы кенде,

Жамбасыңнан жат сұлап!

Бір жаман мен бе?

Дедің бе,

Көңіліңде? – деп, жігіт ағасы болып қалған Ақылбайға үлкен ой салады. Ақылбайға Абайдың ақындығын, ақылшы ұстаз екендігін танытып, оның тәрбиесіне ауысуына себеп болған.

Бұл Абайдың үлкен білімдар, атақты болған кезі еді. М. Әуезов Ақылбайдың осы кезде Абайдың ақындығына тәнті болып, оның үлгі - өнегесінің, қасиетінің ықпалымен өз бойындағы ақындық қуатын жарыққа шығара бастағандығын айтады.

Ақылбай алғашқыда ақындығын қысқа өлеңдер шығарумен байқатып жүрсе, кейін бірнеше үлкен поэма жазды. Ақылбай Абайдың ортасына араласқан соң ән-күй, музыка өнеріне ден қояды. Ол шебер домбырашы әрі скрипкашы болған. Сонымен қатар, Ақылбайдың өз жанынан ән шығаратын компазиторлық таланты да бар еді.

М. Әуезов өзінің аталмыш монографиясында Ақылбайдың жазып шығарған үш поэмасы бар екендігін айтып, оның алғашқысы «Жаррахтың» мүлде жоғалып кеткендігін, «Зұлыстың» бас жағы ғана сақталғанын, аман-есен жеткені жалғыз «Дағыстан» поэмасы екендігін көрсетеді. Зерттеуші Ақылбайдың поэмаларын өмірінің соңғы кезеңінде шығарғандығын, ақындық талантын ірі үлгілер мен кесек еңбектер тудырып таныта бастаған шағында, ақындық өнерінің жаңа өрлеп келе жатқан кезінде, әкесі Абайдан кейін 40 күн ғана өмір сүріп қаза болғанын өкінішпен жазады. Бұдан кейін «Дағыстан» поэмасына тоқталып, оған жан-жақты талдау берген. Әуелі поэманың тақырыптық өзгешелігі, сюжеттік желісі туралы сөз болады.М. Әуезов: «Ақылбай осы шығармада қазақ ақыны бола тұрып, тақырыпты қазақ тіршілігінен ұзап барып, өзге ел тұрмысынан алып жазады. Абайдың антик дәуірінен Ескендір, араб ескілігінен Масғұт тақырыбын алып, ұлттық шеңберден кеңірек өріс іздеген дәстүрін танытады... Бұл поэма Кавказдағы Дағыстанда болған бір тартыс әрекетті баян етеді,» - дейді де, онан кейін шығарма сюжетін қысқаша мазмұндай отырып, поэмаға талдау жасайды.

Поэмада кең орын алатын табиғат суреті Абай аударған Лермонтовтың «Теректің сыйы» деген өлеңін еске түсіретінін зерттеуші орынды атап өтеді. Кавказда атып келе жатқан таң көрінісі, жайқалып, мың құлпырған гүл-бәйшешек, сұлулыққа тамсанып сайраған бұлбұл үні – бәрі де ерекше бояулармен көз алдыңнан өткендей болады.

Сол әсем табиғат аясында өмір кешіп жатқан тау халқының, Дағыстан елінің әдет-ғұрпы, мінезі сипатталады, қазақтан өзгеше жұрт екендігі айтылады. Ақылбай суреттеуінде таулықтар кекшіл, ашушаң, қатал ерлігі бар, суық мінезді, қанжар жұмсағыш, қанға қан деген серттің адамдары болып сипатталады.

М. Әуезов поэма оқиғасының қызғылықты баяндалатынын жоғары бағалады. «Сюжет құрылысындағы Ақылбайдың бұл поэмасы анық орыс классик поэзиясындағы қызықты оқиға туғызу дәстүрін шебер түрде жалғастырған,» - деп атап өтеді.

М. Әуезовтің зерттеу еңбектерінің нәтижесінде Ақылбай бүгінгі ұрпаққа Абайдың ақындық мектебінен тәлім-тәрбие алған талантты ақын шәкірттерінің бірі ретінде танылып отыр. Ақылбай «Дағыстан», «Зұлыс» поэмалары арқылы қазақ әдебиетінде тіпті ұлы ақын, ұстаз ақын Абайдың өзі жазбаған үлгідегі шығармалар тудырды.

Егер Абай туған топырағындағы және әлемдік мәдениеттегі реалистік әдебиеттің ұлы дәстүрлерін өзіне үлгі етіп алса, оның ақын шәкірттері сол ұстаз ақынның нұсқауымен батыстың романтикалық стиліне көбірек назар аударған.

Ақылбай поэмалары мазмұны жағынан да, түр жағынан да сюжеттік композициялық құрылысы тұрғысынан да батыстың классикалық поэзиясы үлгілерінен кем түспейді. Олай дейтініміз, М. Әуезовтің өзі айтқандай, Ақылбайдың суреткерлігінде батыстың классик ақындары тәрізді ең әуелі кеңдік, үйлесімділік, дәлдік нақтылық бар.

Екіншіден, Ақылбай сюжет құруға шебер ақын. Ол батыс әдебиетіндегі қызықты оқиға туғызу дәстүрін жетік меңгерген. Өз шығармаларында фантастикалық және жартылай ертегілік элементтерді тиімді пайдалана алған.
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.Àáàé ²½íàíáàé½ëû. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. À., “Æàçóøû”,1995

7.Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995

8.Ì.°óåçîâ. Àáàéòàíó ä¸ðiñòåðiíi» äåðåê ê¼çäåði.Îºó º½ðàëû. À.,

“Ñàíàò”,1977

9.Ì.°óåçîâ òà¹ëûìû. °äåáè ñûí ìàºàëàëàð ìåí çåðòòåóëåð.

(²½ð.ͽð¹àëèåâ Ð) À., “Æàçóøû”1987

10.Áåðäiáàåâ Ð. ²àçຠòàðèõè ðîìàíû. À.,”±ûëûì”1997

6-лекция .

Сабақтың тақырыбы: Мағауия – Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы талантты шәкірті.

Сабақтың жоспары:

1. Мағауия- Абайдың ақындық мектебінен дәріс алған шәкірті.

2. Мағауия- классикалық поэзия үлгісін тудырушы ақын.
М. Әуезовтің Абай жайлы монографиясындағы тағы бір тарау ұлы Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы, талантты шәкірті Мағауияның шығармашылығына арналған.

Мағауия Әбішке арнаған көңіл шері, жастық, сүйіспеншілік, махаббат туралы өлеңдерінен басқа Абайдың ақыл-кеңесімен, берген материалдардың негізінде «Еңлік - Кебек», «Абылай» және «Медғат – Қасым» поэмаларын жазған.

М. Әуезов «Еңлік - Кебек», «Абылай» поэмаларының қолжазба күйде сақталып, оқушыларға тарамағандығын айтады. Мағауияның ең көлемді және көркем поэмасы «Медғат - Қасым» оның ақындық ерекшелігін анық, айқын көрсеткендігін атап өтеді де, поэмаға тақырыптық тұрғыдан образдар жүйесі бойынша және сюжеттік желісі негізінде тұтас талдау жасайды.

Мағауияның «Медғат -Қасым» поэмасының тақырыбы Ақылбайдың «Дағыстан», «Зұлыс» поэмалары тәрізді қазақтан жырақ алыс ел өмірінен алынған. Поэмада Африка елінің болмысынан алынған оқиғалар сөз болады. М. Әуезов Мағауияның да Ақылбай тәрізді Европа және орыс классик поэзиясынан үлгі алғандығын, оның «Медғат - Қасым» поэмасы Пушкиннің «Бақша сарай фонтаны», «Бастунжи ауылы», «Ашик - Кериб» сияқты түстік поэмаларын және Байронның шығыстық поэмаларын еске түсіретіндігін атап өтеді.

Зерттеуші поэманың қысқаша оқиға желісін баяндап өтеді де, «Медғат – Қасымда» оқиға құруда Европа және орыс классик поэзиясындағыдай нақтылық, дәлдік басым екендігін көрсетеді.

Өмірлік дәлдік демекші, поэма жалпы романтизм сарынындағы шығарма болғанымен, оның реалистік шындықпен өмірге жанасымды, қонымды тұстары да бар. Мысалы, Қасымның Мұрат бай мен Медғаттан кек алу мақсатымен қарақшылық жолға түсіп кеткеніне дейінгі оқиғалардың суреттелуінде реалистік сипаттар мол.

Поэмадағы романтизм бойын кек алу сезімі билеп алған бас қаһарман Қасымның ой-қиялынан, мінез-құлқынан, іс-әрекетінен жан-жақты көрінеді. Ол сезім Қасымды үнемі күтпеген іс-әрекетке, дағдыдан тыс оқиғаларға жетелеп отырады. Қасымды романтикалық қаһарман етіп тұрған да осы сезім.

М. Әуезов поэманы егжей-тегжей талдай отырып, оны анық классикалық поэзияның үлкен үлгісі деп бағалайды.

«Медғат - Қасымнан» бұрын Мағауия ақын ағасы Шәкәріммен жарысқа түскендей болып, «Еңлік – Кебекті» көркем шығарма ретінде жеті нұсқасы бар дейтін болса, оның екеуі поэма екен. Оның бірі - жоғарыда талданған Шәкәрімнің дастаны болса, екіншісі – осы Мағауиянікі. Бұл жолы да тақырыпты шәкірт достарына ұстаз ақын Абай берген болатын.

М. Әуеэов «Еңлік – Кебек» поэмасын жанрлық тұрғыдан алып қарағанда, махаббат драмасы болып табылатындығын айтады. Мағауияның махаббат трагедиясына, Еңлік пен Кебектің өліміне, жазықсыз сәбидің жетім қалуына себепкер болған адамдар тұлғасын жасағандығын, қатал заманның бет бейнесін ашқандығын атап көрсетеді.

Поэмадағы бас кейіпкерлер Кеңгірбай би, қос ғашық Еңлік пен Кебек және т.б. кейіпкерлер өмірде болған адамдар.

М. Әуезовтің шәкірті Қ. Мұхамедханов ұстазының осы пікірлерін жалғастырады.

М. Әуезовтің Мағауия шығармашылығы мен оның әдебиет тарихынан алатын орны жайлы пікірлері бойынша мынадай ғылыми тұжырымдар жасауға болады:

Мағауия – ұстаз берген ақыл – кеңес, тақырып бойынша көп ізденген, өзінің қоғамдық идеяларын ірі мәдениетпен үлестірген білімдар ақын.

Мағауияның «Медғат - Қасым» поэмасы қазақ әдебиетінде өткен ғасырдың соңында туған Пушкин, Лермонтовтың түстік, Байронның шығыстық поэмалары тәрізді романтизм үлгісіндегі озық идеялы, көркемдігі зор соны шығарма. Поэманың құндылығы, ең әуелі, оның негізгі кейіпкері Қасым бейнесінің сомдалуынан көрінеді.

«Медғат – Қасым» - ішкі мазмұны жәнінен ғана емес, сондай-ақ сыртқы пішіні, стилі, тіл көркемдігі жөнінен де нағыз классикалық поэзияның үлгісі бола алатын шығарма.

Сонымен Мағауияны М. Әуезов айтқандай, ұлы Абайдың ақындық мектебінен дәріс алған, оның ақындық дәстүрін жалғастырушы талантты шәкірті деп айтуға толық хақылымыз.

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi


1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.Àáàé ²½íàíáàé½ëû. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. À., “Æàçóøû”,1995

7.Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995

8.Ø.Àéòìàòîâ. µñòàç òóðàëû ñ¼ç.À., “±ûëûì”,1997

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

10.°êiìîâ Ò. Äàíàëûº ì¸éåãi. À., “Àíà òiëi”, 1995

11.Ì.°óåçîâ Øû¹ îí åêi òîìäûº, À., “Æàçóøû”,1968

12. Ì.°óåçîâ Àáàé ìåêòåáiíi» àºûíäàðû.Àáàéòàíóäàí æàðèÿëàí-

áà¹àí ìàòåðèàëäàð.À., “±ûëûì”,1988

13.Áåðäiáàé Ð. ̽õòàð øû»û. À., “±ûëûì”1997

14.²àáäîë Ç. °óåçîâ À.,”Ñàíàò”,1997

7-лекция.



Сабақтың тақырыбы: Әріп Тәңірбергенов – ұлы Абайдың шәкірттерінің бірі, талантты ақын.

Сабақтың жоспары:

  1. Әріп-Абайға ой санасы жақын ақын.

  2. Абай мен Әріп шығармаларының сабақтастығы.

М.Әуезов 1933 жылы жазған Абайдың тұңғыш өмірбаянында да Әріп есімін Абайдың ақын шәкірттерінің қатарында ауызға алады. Зерттеуші Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген өлеңінде сыналған ақындардың бірі осы Әріп екенін, оның бұған қатты намыс қылып кектеніп, Абайдан есесін қайтармақ болып, «Біржан – Сараның» айтысын шығарғандығын айтады. Бірақ арада он бес жыл уақыт өткеннен кейін М. Әуезов өзінің алғашында айтқан: «Біржан - Сара» айтысын шығарған Әріп. Біржан, Сара Әріпке әншейін ойдан шығарған геройлар есепті ғана керек...» - деген пікірінен қайтып қалады. Абайдың ақындық айналасын жетік білген Әуезовтің Әріп туралы әр кезде әр түрлі пікір айтуына не себеп болды деген сұрақ туады. «Жазушы мұндай өзгеріске саналы түрде барған сияқты, алғашқысы қалтықсыз көңілден шыққан шын ойы болса, екіншісін уақыт талабына, заман ауқымына қарай амалсыз жасалған жүріс деп білеміз».

Әріптің Семей уездік училишесінде оқып жүрген жылдары (1877-1881) Абайды көріп-біліп ұстаз ретінде таныған уақыты. Әр жыл сайын Семейге ұзақ уақытқа келіп, кітапханада болып, Михаэлис сияқты достарымен, қалада оқып жүрген қазақ шәкірттерімен Абайдың бас қосып мәжіліс құрып тұратан әдеті болғаны мәлім. Ұлы ақынның мұндай мәжілістерінің мән-жайы бізге Көкбай ақынның өлеңдерінен белгілі.

Әріп те Абайдың мәжілістеріне қатысып жүріп, оның тарих, әдебиет, өнер-білім жайында айтқандарын есітіп, біліп, ұққандарын көңіліне түйіп, ұлы ұстаздың тағылымымен өнер жолына мықтап түседі, өлең жазумен қатар оқиғалы шығармалар жаза бастайды. Абайдай өлең сөздің құдіретіне айналған тағылымы мол ұстаздан дер кезінде үлгі-өнеге көрген Әріп осы кезден бастап өмір бойы қолынан қаламын тастамай шығармашылықпен айналысады, артына мол, талантты дүниелер қалдырды.

Әріптің басқа ақын-шәкірттерге қарағанда өмірі де өзгешелеу болды. Ол Шәкәрім, Ақылбай, Көкбай, Мағауия сияқты үнемі Абай қасында бола алған жоқ. М. Әуезовтің «Абай ақындығының айналасы» (1934) деген мақаласында Әріптен басқа осы төртеуін атауы да сондықтан шығар.

Ақындық сапарын ерте бастаған Әріп шығармаларының тақырыбы да сан алуан.

Ақын шығармашылығындағы М. Әуезов назар аударған ғылым, еңбек, әйел халі және елге жуандық жасаушы содырлар туралы өлеңдеріне біраз тоқталмақпыз. Әріптің осы тақырыптағы шығармаларының дені оның ақындық шеберлігі толысып кемеліне келген кезі 1890 жылдары жазылған болатын. Бұл оның өлеңдерінің идеялық мазмұны тереңдей түскен, ұстаз ақынның әдебиеттегі реалистік дәстүріне жақын келген тұсы еді. Әріптің «Еңбек туралы» деген көлемді өлеңі айтар ойы, идеясы жағынан ұстазы Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Сегі аяқ» өлеңдерімен мазмұндас. Абайдың бұл өлеңдеріндегі елге қойған бір кінәсі «жақсы мен жаманды айырмадың» болып келсе, Әріпте:
Адалды – адал, арамды – арам демей,

Қара Жаһил надансың, қасқыр түсті.


Шындығында қазақты құртып келген бір кесел – жақсы мен жаманды, арам мен адалды айыра алмайтын надандық екені белгілі. Әріптің осы өлеңіндегі:

Күн ұзын ел қыдырып, сумен қағып,

Өтірік пен өсекке судай ағып,

Екі табақ ет жесең еліресің,

Жерден алтын тапқандай масаттанып.

Терлеп еңбек істерлік біреуің жоқ,

Бар әдетің бос жүрген пәле бағып, - деген шумақ Абайдың«Сабырсыз, арсыз еріншек»өлеңіндегі аңдығаны тек өсек пен өтірік, іздегені пәле, шаруаға қырсыз, даңғой, мақтан құмар адамдарды сынайтын шумақтарын еске түсіреді.

Әріп те ұстазы Абай сияқты еңбек етпей, елді алдап, ұрлық-өтірік, қулық-сұмдықпен күн көрушілерді батыл әшкерелейді. «Еңбек туралы» өлеңінен соң Әріп өз заманындағы әйел халін суреттейтін «Қалың мал туралы» өлеңін жазады. Әйел теңдігі ежелден халықтың көкейкесті арманы еді. Бұл мәселе халық поэзиясында да, XIX ғасырдағы Абай бастаған жазба әдебиетке де көрсетілген әлеуметтік тақырыптардың бірі болатын. Әріптің бұл өлеңі де Абайдың осы тақырыптағы «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» деген өлеңімен сарындас. Абай өз өлеңін жас қызды кәрі шалға беру тәрізді ел ішіндегі сорақылыққа қарсылық ретінде жазғаны белгілі.

М. Әуезов Әріпті Абайға жақындастыра түсетін оның елге зәбір көрсетуші озбырлар жайлы сыншыл, сатиралық өлеңдері деп атап көрсеткен болатын. Ақын «Қабанбайға», «Найман Серікбай қажыға», «Қалыбек биге айтқаны», «Байтоқаның қызына», «Тәуірбек болысқа», «Қапылдың тірлігі» және т.б. өлеңдерінде замандастарының жағымсыз қылықтарын үнемі әшкерелеп отырған, қаймықпай батыл сөйлеп, өзінің оларға деген көзқарасын үнемі ашық білдірген. Әріптің бұл өлеңдеріндегі мысқыл, әжуа Абайдың осы тақырыпта жазылған «Мәз болады болысың», «Болыс болдым мінекей», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңдеріндегі уытты сатирамен ұштасып отырады. Әріп сатирасының бір өзгешелігі олар көлемі жағынан шағын, алғашқы шумақтар кекесін мен келемеж түрінде келеді де, олар соңғы шумақта өткір сатираға айналып, түйінді ой ашық айтылады. Әріп ақынның мұнан да басқа көркемдік, реалистік сипаты жөнінен ұстазы Абаймен үндесетін шығармалары мол. Жоғарыда сөз болған өлеңдер Абай шығармаларымен көбіне мазмұн жағынан ғана үйлесіп келсе, «Нәпсіге», «Дүние туралы», «Албырып өскен жігіттік» деген өлеңдері ұлы ақынның «Әсемпаз болма әрнеге», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» және т.б. өлеңдерін көркемдік қадір – қасиеті, сөз қолданысы, сыртқы, ішкі ұйқас, буын, бунақ, тармақ, дыбыс әуезділігі жөнінен де еске түсіреді.

Абай өлген соң, арттағы жас қауым ендігі жерде Әріп ақынды ұстаз тұтқан сияқты. 1924 жылы Әріп қайтыс болғанда, оның шәкірттері көптеген жоқтау өлеңдерін шығарып, ақын есімін құрметтеп еске алады. Әріптен тікелей дәріс алған Шұғыбан Қауметов:

Абайдың ізін басқан данышпаным,

Аянбай надандықпен алысқаным.

Орыс, қытай, араптың тілін біліп,

Ғылымның шыңына өрлей ғарыштадың, - деп жоқтаса, сол кезде жиырма жастан жаңа асқан жас ақын Шәкір Әбенов оны:

Ғылымнан он екі пән хабардар боп,

Кеудеңе түсіп еді күн дидары, - деп сипаттайды.

Абай дәстүрін жалғастыру ісі оның өз айналасынан осылай басталғанымен еш уақытта бұнымен толастамайды. Академик З. Ахметов айтқандай, ол «... одан кейінгі кезеңдермен, қазіргі әдеби процеспен ұласып жатыр». Біз бұл зерттеуде Абайға бірден-бір жақын тұрған, тікелей мирасқор болған ақын-шәкірттер – Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Әріп шығармашылығы жайында М. Әуезов зерттеулері тұрғысынан ғана сөз қозғадық.

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi


1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6. Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995

7.Ø.Àéòìàòîâ. µñòàç òóðàëû ñ¼ç.À., “±ûëûì”,1997

8.°êiìîâ Ò. Äàíàëûº ì¸éåãi. À., “Àíà òiëi”, 1995

9.Ì.°óåçîâ Øû¹ îí åêi òîìäûº, À., “Æàçóøû”,1968

10. Ì.°óåçîâ Àáàé ìåêòåáiíi» àºûíäàðû.Àáàéòàíóäàí æàðèÿëàí-

áà¹àí ìàòåðèàëäàð.À., “±ûëûì”,1988

11.Ì.°óåçîâ. Àáàéòàíó ä¸ðiñòåðiíi» äåðåê ê¼çäåði.Îºó º½ðàëû. À.,

“Ñàíàò”,1977

12Ì.°óåçîâ òà¹ëûìû. °äåáè ñûí ìàºàëàëàð ìåí çåðòòåóëåð.

(²½ð.ͽð¹àëèåâ Ð) À., “Æàçóøû”1987

8- лекция.



Сабақтың тақырыбы: Абай шәкірттері М. Әуезовтің көркем туындыларында.

Сабақтың жоспары:

1.М. Әуезов-ұлы ақын жайлы тұңғыш көркем шығарма жазған жазушы.

2. «Татьянаның қырдағы әні» (1937) әңгімесі.

3. «Абай» атты трагедиясы (1939)

4. «Абай» операсының либреттосы (1944)

5. «Абай» жырлары атты көркем суретті фильмнің сценарийі.

6. «Абай жолы » эпопеясы.
Әдебиеттану ғылымында абайтану проблемалары бойынша талмай ізденіп, еңбек еткен, оның ғылым саласы ретінде қалыптасуына ат салысып, бірегей зерттеуші атанғанымен, М. Әуезов бұл салада бағымызға қарай жалғыз емес еді.

Оның алдында XX ғасыр басындағы ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілдері, ірі қоғам қайраткерлері А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов бастаған оқымыстылар, зиялылар тұрды. Олар ұлы ақынның өмірі, шығармашылығы жөнінде арнайы монографиялық зерттеулер жазбағанымен, Абай жайлы аз да болса қалам тартып, келелі ой-пікірлер айтқан болатын. Әсіресе кейінгі кезеңде Абайды зерттеушілердің өзі жаңбырдан кейінгі дүркіреген көктей бір қауым ел болды. 1988 жылы «Ғылым»баспасынан М. Мырзахметовтың авторлығымен жарияланған «Абайтану» деп аталатын библиографиялық көрсеткіште шамамен 1889 – 1985 жылдарда жарық көрген жүздеген автордың мыңдаған еңбегінің аты аталады.

Ақын шығармалары тек әдебиеттану ғылымының ғана емес, сондай-ақ тіл білімі, тарих, философия, педагогика ғылымдарының да зерттеу объектісіне айналды.

Абайтану ғылым ретінде ғалымдардың жан-жақты зерттеуінің, қыруар еңбегінің жемісі болғанымен, ол Абайды, Абай өмір сүрген дәуірді, ол өскен ортаны халыққа таныту үшін жеткіліксіз болған болар еді. Өйткені онда ақынның жанды бейнесі жоқ, өмірлік деректер құрғақ баяндалады. Осы тұрғыдан қарағанда, ғылым көркем өнерімен бәсекеге түсе алмайды. Мыңнан тұлпар таланттарға ғана тән сөз өнерінің құдіретіне ешкім шек келтіре алмаса керек. М.Әуезовтің «Абай» романын тамсана отырып оқып шыққан неміс жазушы Альфред Курелланың: «Сіз сол (Абай өмір сүрген – С. Б.) дәуірді көзіңізбен көргендей айна-қатесіз танисыз. Ешбір ғылыми еңбек мұндай дәл жеткізіп бере алмайды...» - деген сөздерінің шындығына иланбасқа болмайды.

Ғылыми тұрғыдан Абайды әр қырынан танытушылар едәуір болғанымен, оның ұлы ақын, азамат, қайраткер ретіндегі жанды бейнесін көркемөнердің құдіреті арқылы туған халқына, шет жұрттықтарға таныту тек М. Әуезовтей сөз зергерінің еншісіне ғана тиген еді.

Өзінің терең білімдарлығымен, асқан ақындығымен дүниежүзілік мәдениеттегі Фирдоуси, Пушкин, Толстой, Гете, Байрон тәрізді ұлы классиктермен терезесі тең суреткер, кемеңгер ойшыл Абай тұлғасын көркем әдебиетте кемеліне келтіре суреттеп сомдау М. Әуезов үшін творчестволық жүгі ауыр, жауапты міндет болатын. Ол өзінің әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясын жазбас бұрын қыруар ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізумен қатар үлкен көркемдік ізденіс сатыларынан да өтті.

Егер М. Әуезовтің Абай жайлы тұңғыш ғылыми еңбегі 1918 жылы жазылып, «Абай» журналында жарияланса, оның ұлы ақын жайлы тұңғыш көркем шығармасы «Татьянаның қырдағы әні» әңгімесі 1937 жылы жарық көрді. Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкиннің қаза болуының 100 жылдығы қарсаңында жазылған бұл әңгіме кейін Абай жайлы романдарының екінші томының соңғы тарауы болып ендіріледі.

1939 жылы Л. Соболевпен бірігіп «Абай» атты трагедиясын, 1942 жылы «Абай» романының 1-кітабын, 1944 жылы «Абай» операсының либреттосын, 1945 жылы «Абай жырлары» атты көркем суретті фильмнің сценариін жазды. 1947 жылы «Абай» романының екінші кітабы, 1950 жылы Абай жайлы романдарының үшінші кітабы «Ақын аға» деген атпен шықты да, 1952 жылы қайта басылымында «Абай жолы» деп өзгертілді, 1954 жылы осы атпен төртінші кітап жарық көрді. Үш түрлі атпен жарияланып келген бұл шығармалар 1961 жылы тұтас «Абай жолы» деген атпен жарияланды.

Жоғарыдан көріп отырғанымыздай, М. Әуезов өзінің ұлы ақын жайлы көркем шығармаларына, бас кітабы «Абай жолы» дәуірнамасына ширек ғасырдай өмірін арнаған екен. Сол ширек ғасырдағы жазушының инемен құдық қазғандай ұшан-теңіз еңбегі босқа кеткен жоқ. Роман-эпопея қазақ әдебиетінің шоқтығын көтеріп, даңқын дүние жүзіне шығарды.

Есімдері бүкіл әлемге әйгілі, айтулы қаламгер, оқымысты ғалымдар роман-эпопеяны аса үздік шығарма деп танып, жоғары баға берді. Мысалы, француз жазушысы Луи Арагон: «Эпикалық роман «Абай», менің ойынша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі... әлемнің басқа елдерінде онымен тең түсетін шығарманы табу қиын». Камерун жазушысы Бенжамен Матип: «Шынында, бұл қазақтар неткен ғажайып халық! Осы кереметтік «Абай» романында қандай тамаша суреттелген!»

Шыңғыс Айтматов: «Өз халқына тән парасаттық, ғұрып пен рухтың кескін-кейпі ретінде «Абай», сөз жоқ, дүниежүзілік дәрежедегі ұлттық жеңістік. Әуезовтің қазақ халқына, оның әдебиетіне сіңірген орасан еңбегінің бірі осы деп білген жөн».

Альфред Курелла (неміс жазушысы): «Сіз әлі Абайды» оқыған жоқпыз?! Онда сіз мүлдем ештеңе оқымағаныңыз. Бұл – таңғажайып, бұл – керемет! Далаға жан бітіп, дүние алғаш жаралғандағы мөлдір табиғатымен, бар тіршілік-тынысымен, тәуелсіз тұлғалы жандармен сіздің көкірегіңізге кеп орнайды. Олардың бойындағы қызулық пен құмарлық қандай, дәл Шекспир суреттеген бейнелердің өзі».

Зейнолла Қабдолов: «Туған халқына мәңгілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау-қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген. Солардың бірі – Мұхтар Әуезов,» - деген пікірлер айтты.

М. Әуезовтің ұзақ жылдар бойғы қажырлы да шабытты еңбегінің жемісі болған «Абай жолы» роман-эпопеясы «...көркемдіктің барша қасиетті сырын бойына жинаған XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің өмір тіршілігі мен болмыс, тұрмысының бар қырынан жан-жақты суреттейтін шын мәніндегі энциклопедиялық» туынды болатын.

Осы шығармалар арқылы әдебиетте жарты ғасырлық қазақ

өмірінің көркем белгісі жасалды, халықтың ардақты перзенті данышпан ақын Абайдың өлмес те өшпес жарқын бейнесіне лайық саф алтыннан зәулім ескерткіш соғылды.


²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi


1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.Àáàé ²½íàíáàé½ëû. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. À., “Æàçóøû”,1995

7.Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995

8.Ø.Àéòìàòîâ. µñòàç òóðàëû ñ¼ç.À., “±ûëûì”,1997

9. Ì.°óåçîâ Àáàé ìåêòåáiíi» àºûíäàðû.Àáàéòàíóäàí æàðèÿëàí-

áà¹àí ìàòåðèàëäàð.À., “±ûëûì”,1988

10.Ì.°óåçîâ. Àáàéòàíó ä¸ðiñòåðiíi» äåðåê ê¼çäåði.Îºó º½ðàëû. À.,

“Ñàíàò”,1977

11.Ì.°óåçîâ òà¹ëûìû. °äåáè ñûí ìàºàëàëàð ìåí çåðòòåóëåð.

(²½ð.ͽð¹àëèåâ Ð) À., “Æàçóøû”1987

12.Áåðäiáàé Ð. ̽õòàð øû»û. À., “±ûëûì”1997

9-лекция.



Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтің Л. Соболевпен бірігіп жазған «Абай трагедиясы» - ұлы ақын жайлы алғашқы көркем шығармаларының бірі

Сабақтың жоспары:

1. Пьесада суреттелген шытырман тартыстың оқиғалық желісі.

2. Пьесаның негізгі кейіпкерлері –Абай шәкірттері.

3. «Абай» трагедиясының идеялық-көркемдік мәні.
М. Әуезовтің Л. Соболевпен бірігіп жазған «Абай» трагедиясы – ұлы ақын жайлы алғашқы көркем шығармалардың бірі.

Драматургия - Әуезов творчествосының орасан бай саласы, қазақ әдебиетінің аса құнды асыл қазынасы десек, драмашының «Еңлік - Кебек», «Қаракөз», «Айман - Шолпан», «Түнгі сарын», «Қара Қыпшақ Қобыланды» секілді пьесаларымен бір қатарда «Абай» трагедиясы да бұрынғы бүкілодақтық драматургияның дүниежүзілік дәрежедегі классикалық үлгілерінің қатарынан орын алатын шығарма екендігін барша оқырман қауым мойындап отыр. 1939 жылы жазылған бұл шығарманың жазушының кесек туындысы «Абай жолы» роман-эпопеясын жазар алдындағы үлкен бір көркемдік ізденіс сатысының қызметін атқарғаны белгілі.

М. Әуезовтің «Абай» трагедиясын, ұлы ақын жайлы романдар жазуына оның Абай туған топырақтан нәр алып, жастайынан ақын өлеңдерін жаттап өсуі, есейген шағында үнемі қайталап соғып, Абай өмірбаянының бірнеше нұсқасын жазуы, сондай-ақ жалпы абайтанудан ұлан-ғайыр зерттеушілік жұмыстарын жүргізуінің көп пайдасы тигені даусыз.

Дүние жүзіндегі әдебиеттер тарихына қарап отырсақ, ең таңдаулы шығармалардың бәрі әрқашан терең тартысқа құрылады. «Абай» трагедиясында да едауір шындығының сан иірім сырлары ең әуелі қым-қуыт тартыс арқылы көрсетілген. Драмадағы тартыс, шындық пен образ тек қана кейіпкердің монологы мен диалогына негізделеді, әр сөз , әр сөйлем шындықты ғана емес, сол сөзді айтқан кейіпкердің мінезін де аңғартады. Әр адамның сөзі өзін танытуы шарт. Трагедиядағы Абайдың Айдарға қатысты айтқан қысқа, тұжырымды сөздері оның ұстаз ақын екенін айқын көрсетумен қатар, Айдардың кім екенін танытады.

Трагедияда Айдар Абайдың бірегей ақын шәкірті болып суреттелуімен қатар, ол Абай айналасындағы адамдардың ішінде озбырлардан қуғын көріп , басы шырғалаңға түскен, Абайдың жанкештілікпен күресуінің арқасында тірі қалса да, бәрібір кейін іштен шалған зұлымдықтың құрбаны болып мертіккен жан ретінде суреттеледі. Айдардың алыстағы жаудан емес, жақындағы бауыр Керімнің зұлымдығынан қаза болуы Абай үшін қаншалықты қасірет болғаны түсінікті. Айдар көзі тірісінде ұстазы Абай үшін қаншалықты қасірет болғаны түсінікті. Айдар көзі тірісінде ұстазы Абайға мінезімен, ісімен, асқан ақындық дарынымен қуаныш, жұбаныш әкелген, көп үміт күттірген, сүйеніш, медеу болған шәкірт.

Абай Айдарды шәкіртім ғана демейді, оны жас та болса өзімен тең қойып, ең сүйікті досым деп есептейді. Айдардың да ұстаз ағаға деген ілтипаты ерекше, сезімі кіршіксіз.

Пьесада бастан-аяқ көрінетін Абай шәкірті атанып жүрген тағы бір кейіпкер –Керім. Ол пьесаның алғашқы суреттерінде Айдар мен Ажарға арашашы топ Әйгерім, Көкбай, Мағауиялардың қатарында көрінеді. Айдарға шын жанашыр дос тәрізді.Абай алдында Керім өзінің Айдар туралы пікірін жасырын ұстағанымен, былайғы жерде оның ол жөніндегі шын пиғылы аңғарылып қалып отырады. Керім өзінің ойын жымын білдірмей, жан адамға сездірмей жүзеге асыруға шебер. Бұл жағына келгенде өзімен жең ұшынан жалғасып жүрген Оразбай тобындағылардан да оқ бойы озып кетеді. Драмалық шығармадағы тартысты күшейту, оқиғаларды шиеленістіру мақсатында қаламгер бұл кейіпкерді ойдан қосқан. Трагедиядағы ойдан алынған негізгі кейіпкер Айдар өмірде Абай айналасында ғұмыр кешкен ақын шәкірттерінің жинақты бейнесі.

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi


1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.Ø.Àéòìàòîâ. µñòàç òóðàëû ñ¼ç.À., “±ûëûì”,1997

7.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

8.°áäi¹àçèåâ Á. Àñûë àðíà. Àáàé ä¸ñò¾ði æ¸íå ظê¸ðiì. À., “²àçຠóíèâåðñèòåòi”,1992

9.Ì.°óåçîâ Àáàé ìåêòåáiíi» àºûíäàðû.Àáàéòàíóäàí æàðèÿëàí-

áà¹àí ìàòåðèàëäàð.À., “±ûëûì”,1988

10.Ì.°óåçîâ. Àáàéòàíó ä¸ðiñòåðiíi» äåðåê ê¼çäåði.Îºó º½ðàëû. À.,

“Ñàíàò”,1977

11.Ì.°óåçîâ òà¹ëûìû. °äåáè ñûí ìàºàëàëàð ìåí çåðòòåóëåð.

(²½ð.ͽð¹àëèåâ Ð) À., “Æàçóøû”1987

12.Áåðäiáàé Ð. ̽õòàð øû»û. À., “±ûëûì”1997

13.ƽðòáàé Ò. Áåñiãi»äi ò¾çå. ±½ìûðíàìà-òîë¹àó. À., “Æàçóøû”1997

14.ظê¸ðiì ²½äàéáåðäèåâ.Øû¹àðìàëàðû. À., “Æàçóøû”,1988

10-лекция.



Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтің «Татьянаның қырдағы әні» үзіндісі- «Абай жолы» эпопеясының хабаршысы.

Сабақтың жоспары:

1. «Татьянаның қырдағы әнінде» романның («Абай жолы») түпкі мақсатының берілуі.

2. Шығармада көтерілген әлеуметтік мәселе- қазақ қыздарының бас бостандығы.

М. Әуезов «Абай жолының» алғашқы ізін отызыншы жылдардың екінші жартысында-ақ сала бастағаны белгілі. Бұл айтқанымызға « Әдебиет майданы» журналының 1937 жылғы төртінші санында басылған «Татьянаның қырдағы әні» деген үзіндісі дәлел. Мұны автор болашақ романның хабаршысы деп сипаттаған.

Кейіннен «Абай жолының» екінші кітабының соңғы тарауы болып, кеңейтіліп, бірсыпыра өзгертіліп басылған бұл үзінді шығарма тағдырында үлкен қызмет атқарғанын көреміз. «Татьянаның қырдағы әні» қатардағы оқиға, көп құбылыстардың бірі емес, роман-эпопеяның жетекші идеясын айқындап тұрған мәнді мәселе. Өз туындысының идеялық бағытын, көркемдік, жанрлық ерекшелігін сөз еткенде, автор Абайдың орыс мәдениетіне қол артып, жаңа идеялық биікке шығуын кітаптың көрнекті идеясы деп көрсеткен. «1937 жылы орыстың ұлы ақыны А. С: Пушкиннің қайтыс болғанына 100 жыл толған еді. Ол мерекенің жазуға ойланған тақырыбым үшін маңыз өте зор болатын. Өйткені Абай өзінің ақындығы жолында Пушкинді ұстаз тұтқан. Халық мұңын жоқтауды содан үйрене отырып, осындай ұлы ақындар қатарына қосылған. Сол мереке құрметіне мен дағдыдан тыс, романның «Татьянаның сахарадағы әні» деген соңғы тарауын жаздым.Бұл – романның хабаршысы еді. Данышпан Абайдың бейнесі арқылы тарихи тағдырлары қосылған екі елдің – орыс халқы мен қазақ халқының достығын, ол достықтың қадамы игілікті , болашағы жарқын екенін Абайдың жақсы түсінгенін суреттеу- романның түпкі мақсаты болатын. Осы тұрғыдан романның ақырғы тарауы «Татьянаның қырдағы әні» жазылды. Романның түйіні осында. Пушкиннің ең даңқты шығармасы «Евгений Онегинді» қазақша аудару бұрын қазақ ақыны қолға алмаған үлкен уәзипа еді. Міне, осындай тыңға түсу Абайдың қаншалық кемелденгенін көрсететін ұлы оқиға. Қазақ әдебиетінің, шығыс шайырларының шығармаларын меңгеріп болып, енді Еуропа мәдениетінің жетістігін бойға дарытқан кезде ғана мұндай міндет алға қойылмақ қой. «Татьянаның қырдағы әнінде» Абайдың Пушкин мен Лермонтовты негіздеп оқып, олардың туындыларының нәрін татқан шағы бейнеленген. Ол енді өзінен бұрын ешкім батылы барып кіріспеген іске, сол ұлы ақындар өлеңін аударуға кіріседі.

Татьянаның Евгенийге хатын аудару жай ермектен, аудармаға күш сынап қалайын деген әуесқойлықтан тумағаны, мұның терең астары, салмақты себебі бар іс екені түсінікті. Әлі де болса ескілік дәстүрі мықтап орын теуіп келген далада адамның бас бостандығын шешім табуын күтіп, күн тәртібінде тұрған күрделі мәселе еді. Қазақ қыздарының айттырылған жерге еріксіз баруға мәжбүрлігі талай махаббатты өшпес қасіретке, айықпас дертке душар еткен.

«Татьянаның қырдағы әнінде» көрінген кейіпкерлер романға түгелге жуық қатыстырылған. «Абай жолының» идеялық- көркемдік арнасына

« Татьянаның қырдағы әні» өз тарапынан қуатты өзек болып қосылу себебі бұл айтылғандармен шегерілмейді. Атап көрсетерлік және бір нәрсе –Абайға, оның дүниетанымына тек Пушкин, Лермонтов сияқты ұлы ақындар ғана емес, патшалық әкімшіліктің қырына ілініп жер аударылып келген азат ойлы орыс адамдарының да ықпал жасағандығы.Роман-эпопеяда бұл секілді қадірлі жандардың бірнешеуінің бейнесі берілген. «Татьянаның қырдағы әнінде» аты аталатын Михаэлис солардың бірі болатын. Сонымен аталған тарау романның қарлығашы ретінде жариялануы жазушының үлкен тақырыпқа кең әзірлігін әйгілеген. Роман-эпопеяның интернационалдық тынысын кеңейткен. Абай өмірі мен дәуірін біздің заманымызбен үндестірген, шығармаға заманалық сипат дарытқан жарқын идея осы болатын.


²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.Àáàé ²½íàíáàé½ëû. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. À., “Æàçóøû”,1995

7.Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995

8.°êiìîâ Ò. Äàíàëûº ì¸éåãi. À., “Àíà òiëi”, 1995

9.Ì.°óåçîâ Øû¹ îí åêi òîìäûº, À., “Æàçóøû”,1968

10.Áåðäiáàåâ Ð. ²àçຠòàðèõè ðîìàíû. À.,”±ûëûì”1997

11.Ñûçäûºîâ Ê. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði. À., “²àçàºñòàí,1997

12Òîºòàðîâ Ð. Àáàéäû» æ½ìáà¹û. À.,1999

11-лекция.

Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың ақын шәкірттері (1-кітап бойынша).

Сабақтың жоспары:

1. Тараулар бойынша сюжеттік талдау.

2. Абай ақындық жолының қалыптасу сатысы.
М. Әуезов Абай жайлы романдарын жазу барысында ұлы ақынның әдеби ортасы мен ақындық мектебі жайлы мәселеге оралып, көп жылдар бойы зерттеу үстінде жинақталған ойларын, өзінше екшеп алған танымдарын көрсетуді мақсат етеді. Осыған байланысты ол 1944 жылы қараша айында Абайдың ақындық мектебі туралы тақырыпқа арналған 9 бөліктен тұратын тезис жазады. М. Әуезовтің бұл тезисті жазудағы мақсаты болашақ эпопеяның сюжеттік желісіне арқау боп өрілер Абайдың әдеби ортасы мен Абай маңына топтасқан өнерлі жастардың озық өкілдері ретінде ақын шәкірттер бейнесін жасауды жоспарлау еді.Абайдың ақындық мектебі туралы М.Әуезовтің ғылыми ой-пікірлерінің негізгі бағыттары осы тезистен айқын көрінеді.

М.Әуезовтің осы тезистегі ғылыми ой тұжырымдарын көркем шығармаларында қалай жүзеге асырғандығы жөнінде М. Мырзахметов: «... Бұрынғы зерттеулерінде көбірек қарастырып, ойға түйген Абай ақындығының айналасы жайлы ойлар төркіні соңыра эпопея желісіне әр қилы көркемдік тәсілдер арқылы сіңісе бастады. Әсіресе Абай мектебі немесе ақын шәкірттері жайлы ой тұжырымдары әуелі «Ақын аға» романында мол көрінді».

Ғалымның осы пікірлері кең түрде таратып айтуды қажет етеді. Шындығында Абай ақындығының айналасы жайлы мәселе М. Әуезовтің көркем шығармаларның желісінде орын алған .

Төрт томдық эпопеяны оқытудың (санаулы сағаттар ішінде ) ерекше маңызды әрі, қиын мәселе екендігі түсінікті. Сондықтан суденттерге, ең алдымен, эпопеяны өзін оқытуды ұйымдастыра білу керек.

Үлгі:

«Абай жолы» - І кітап



Бөлімдер : «Қайтқанда ». Басты оқиғалар:

а) Абай Семейден елге оралады.

ә) Қодар мен Қамқа өлімі

б) Абайдың ауырып қалуы, ақын Байтастардың Ұлжан мен Зереде қонақта болуы.

Негізгі кейіпкерлер: Абай, Ұлжан, Зере , Құнанбай, Қодар, Қамқа, Майбасар, Бөжей, Сүйіндік.

Эпопеяны қалай талдау керек. Эпопеяны талдау барысында кейіпкерлерді жеке дара қарастырмай, бас кейіпкер, эпопеяның алтын тұғыры-Абай мен оның заманы-феодалдық қоғаммен байланыстыра талдау шығарманың негізгі мәні, қасиеті, құдіретін сақтай отырып, түсіндіруге жол ашады. Талдауға былай келуідің басты себебі, эпопеяда сөз болатын барлық мәселелер Абайға келіп тіреледі, барлығы Абай айналасында, олар өмір сүріп отырған замана қайнауында жүріп жатады:



  1. Абай жолының қалыптасу сатысы.

  2. Абай, феодалдық қоғам және Құнанбайлар.

  3. Абай , феодалдық қоғам және Дәркембайлар, т.с.с., деп жүргізудің, білімділік, танымдық жағынан болса да, маңызы зор болмақ.Себебі не ? Біріншіден, «Абай»- тарихи роман. Бас кейіпкер- тарихи тұлға . Оның сомдалуы, ұлы ақын, демократ, гуманист, ағартушы дәрежесіне жетуі сол өзі өмір сүрген қоғаммен, оның өкілдерімен күресте қалыптасады, күресте толысады.

Эпопеяның әр кітабындағы негізгі оқиғаларды теріп жазып пайдаланудың тиімді жағын : төрт кітаптың негізгі-негізгі оқиғаларынан хабардар ету, естеріне түсіру, әсіресе, кейіпкерді талдау барысында оның көмегі зор болмақ.

М. Әуезов. «Абай жолы», 2-кітап:




Бөлімдер

Негізгі оқиғалар

Абайдың іс-әрекеті

«Абай аға»

  1. Абай жастар арасында

  2. Еңлік-Кебек қабірінің басында

Абай-ұстаз , тәрбиеші, ақылшы. Замана шындығынан сыр шертіп, дала тағыларының сұмдығын жастар алдына ашып тастайды.

Жалғасы.Абай бейнесі (ІІІ-ІҮ кітаптар бойынша)





Бөлімі

Басты оқиғалары

“Тайғақта”

  1. Құнанбайдың Меккеге аттануы.

  2. Дәрменді ертіп келіп, Дәркембайдың бала қарызын талап етуі.

  3. Абайдың Дәркембайды арашалауы,т.с.с.

Ескерту: үзінді ғана көрсетіліп отыр.

Осындай сюжеттік талдау, кейіпкерлерді мәтін арқылы дәлелдей отырып талдау, әрі оқырманға да осындай талап қою да таптырмайтын құрал. Бұл тәсіл оқушыларды тәжірбиеде өте жиі кезігетін құрғақ баяндау, құрғақ мінездеулерден сақтандырады, негізгі оқиғалар, оған байланысты кейіпкер іс-әрекеті арқылы дәлелді талдау жасалады, мәтінмен, кітаппен жұмыс бірінші кезекке қойылады.

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi


1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.Àáàé ²½íàíáàé½ëû. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. À., “Æàçóøû”,1995

7.Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995

8.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

9.Ì.°óåçîâ Øû¹ îí åêi òîìäûº, À., “Æàçóøû”,1968

10. Ì.°óåçîâ Àáàé ìåêòåáiíi» àºûíäàðû.Àáàéòàíóäàí æàðèÿëàí-

áà¹àí ìàòåðèàëäàð.À., “±ûëûì”,1988

11.Ì.°óåçîâ. Àáàéòàíó ä¸ðiñòåðiíi» äåðåê ê¼çäåði.Îºó º½ðàëû. À.,

“Ñàíàò”,1977

12.Áåðäiáàé Ð. ̽õòàð øû»û. À., “±ûëûì”1997

12-лекция.

Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы» эпопеясындағы абайдың ақын шәкірттері (2-кітап бойынша ).

Сабақтың жоспары:

1. Абай-ақын.

2. Абай-ұстаз.

3. Әке мен бала, ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас.

М. Әуезов айтып отырған Абай творчествосының рухы, оның әсер етушілік қуаты әсіресе оның ақын шәкірттеріне қатысты ой толғамдары „Абай жолы” эпопеясында айқын көрінеді. Абайдың ақын, творчество адамы ретінде бейнесі жеке-дара емес, ақын шәкірттерімен тығыз байланыста, олармен қоян-қолтық қарым-қатынаста берілген.Абайдың ақындығы аз суреттелген деп пікір айтушылар бұл мәселені ескермеген. Алдымен, жазушының „Абай жолы” романында Абайдың айналасына көптеген ақын шәкірттерін топтастырған, әдебиет мектебі болған ұстаз ақын екендігін қаншалықты дәрежеде көрсете алғандығын сөз етелік. Кез-келген үйретуші ұстаз өз ісінің шебері болуы үшін ең алдымен, білімдар, екіншіден, адамшылық қасиеті зор, үшіншіден, шәкірт жүрегіне жол таба алатындай жан болуы керек. Бірақ бұл қасиеттердің бір-бірімен тығыз байланысты екендігіне ешкімнің дауы жоқ. Оған қоса Абай жастарға сөз өнерінің құдіретін ұғындырушы, ақындық өнерге баулушы ұстаз ақын еді. Романның алғашқы эпизодында-ақ Абайдың ұстаз ақынға тән сипаттары байқалып қалады. Ең әуелі, ол өнерлі жастардың қоршауында көрінеді. Үйренсем, білсем деген талапты жастарға ұстаздары Абайдан өткен білімдар, одан өткен ақын, одан өткен әділ қазы жоқ. Бұл Абайдың атақ-даңқына көзсіз табынған соқыр сенімнің жетегінде кету емес, жастардың әлденеше рет көздері жеткен шындық. Мысалы, „шоң” сөзінің түп төркінін түсіндіру тұсында Абай асқан білімдарлық танытады. Ол сөзге қатысты екінің бірі біле бермейтін жайттардан шәкірттерін хабардар етеді. Бұл –бір. Екіншіден, үш ақын айтқан төрттік шумақтың өлеңдік қасиетінің қаншалықты екенін тап басып көрсету арқылы шәкірттерінің ақындық шеберлігін ұштай түседі.

Әңгіме орайына қарай жол-жөнекей ат үстінде айтылған Абайдың зілсіз сөздерінің өзінде ойлы жас үшін үлкен мағына, астар бар. Ол әзілдеген болып тұрып-ақ өнерлі, талапты жастарды менмендіктен, мақтаншақтықтан сақтандырады. Абайдың ұғымынша, шынайы өнер еш уақытта олармен қоңсы қона алмайды. Жас ақындардың төрттік өлең жарысына Абай төрелік айтады. Кейін Еңлік пен Кебек моласы басындағы әңгімеге байланысты оқиға баян етіледі. Бұл оқиға романнан басқа кинодрамада ғана кездескен еді. Романда зират басындағы Абай сөзі тереңдетіле түскен.

Шығарма негізінде тек шындық жатсын. Сонда ғана ол өміршең болады. Бұл-Абайдың да, оны жазып отырған Әуезовтің де өнердегі өмірлік кредосы. Еңлік пен Кебек басындағы трагедияға байланысты шындық әр жанрдың ерекшеліктеріне қарай берілуі заңды. Трагедия , либретто, сценарийлерде ол шындықтың беті Айдар мен Ажар дауының үстінде ашылса, романда ол Еңлік пен Кебек зиратының басында айтылады. Шындық та біреу, айтушы да біреу. Айтушы Абай болғанда, ол шындық Еңлік пен Кебектің жендеті- бүкіл тобықты аруағына сыйынып келген Кеңгірбай.

Абай осы талап тұрғысынан шәкірттеріне Еңлік пен Кебекті жыр етуді тапсырды. Бағыт айқын, бағдар біреу.Ол- „Еңлік-Кебек” оқиғасын өмір шындығына сай жырлап беру. Ұстаз талабы қатал әрі әділ. Жазушы суреттеуіндегі Абай халық басынан өткен тарихи оқиғаларды жай ғана біліп қоймайды, сол оқиғаларға өзінің көзқарасын, позициясын батыл әрі айқын танытып отырады. Осы айқындық пен батылдықты ол шәкірттерінен де талап етеді. Ұстаз қойған міндеттің зорлығына қарамастан, Еңлік пен Кебекті дастан етіп жазуға екі шәкірт бірден тілек білдіреді. Дәрмен мен Шұбар арасында үлкен талас туып кетеді. Оқиға бұдан ары кинодрамадағыдай дамиды. Абай осы эпизодта талапшыл принципінен айнымайтын жан ретінде көрінеді. Ол Шұбар мен Дәрменге нағыз ақындықтың қатал шартын қояды. Мұның қасында Көкбай ұсынған қаршығалар таласы ақындыққа, өлең-жырға қатысы жоқ нәрседей ғана. Жарыс болған соң біреу жеңеді, біреу жеңіледі. Біреу үшін сәттілік, екінші біреу үшін сәтсіздік. Шұбар Дәрмен орындаған екі шарттың екеуін де орындай алмай қалады. Ұстаз ақынның талап үдесінен шыққан шәкірті Дәрменге ризашылығы да табиғи берілген. Шәкірт жеңісі ұстазын өлшеусіз қуанышқа бөлейді. Жазушы Абайдың ұстаз ақын ретіндегі жан жомарттығын, адамдық қасиетін айқындай түсетін эпизодтарды сәтті таңдап ала білген.

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi


1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.Àáàé ²½íàíáàé½ëû. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. À., “Æàçóøû”,1995

7.Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995

8.Ø.Àéòìàòîâ. µñòàç òóðàëû ñ¼ç.À., “±ûëûì”,1997

9.°êiìîâ Ò. Äàíàëûº ì¸éåãi. À., “Àíà òiëi”, 1995

10.Ì.°óåçîâ Àáàé ìåêòåáiíi» àºûíäàðû.Àáàéòàíóäàí æàðèÿëàí-

áà¹àí ìàòåðèàëäàð.À., “±ûëûì”,1988

11.Áåðäiáàåâ Ð. ²àçຠòàðèõè ðîìàíû. À.,”±ûëûì”1997

12.̽õàìåòõàíîâ ². Àáàé ò¼»iðåãiíäåãi àºûíäàð. Ô.¹.ê. ¹ûëûìè ä¸ðåæå àëó ¾øií içäåíiï æàçûë¹àí äèñåðòàöèÿ. À.,1959

13.Òîºòàðîâ Ð. Àáàéäû» æ½ìáà¹û. À.,1999

13-лекция.

Сабақтың тақырыбы: „Абай жолы” эпопеясындағы „Ақын аға ” романының тағдыры (3-кітап бойынша).

Сабақтың жоспары:


  1. 1950 жылдағы романның 3-ші кітабының айналасындағы тартыс.

  2. Романнан Шәкәрім, Көкбай бейнелерінің алынып тасталуы.

  3. 1952 ж. романның қайта жазылуы.

Ендігі сөз жазушының „Ақын аға ” романы туралы. 50- жылдардың басында абайтану тарихында М.Әуезовті қаралаудың жаңа бір кезеңі туғаны. Ондағы айтыс, негізінен, М. Әуезов ғылыми еңбектерінде тұжырымдаған Абайдың ақындық мектебі және 1950 жылы жарық көрген „Ақын аға” романындағы Көкбай Жанатаев бейнесінің төңірегінде болды.

Абай айналасында болған шәкірттерінің ішінде ұзағырақ өмір сүріп, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты ғылымға аса құнды деректер берген Көкбайды М: Әуезов „Ақын аға” романында Абайдың жүйрік ақын шәкірті, адал досы, сенімді жолдасы ретінде бейнелейді.

М.Әуезов осы үшін Көкбайды діндар , хандық дәуірді көксеуші, орыс пен қазақтың достығына сына қағушы, жат пиғылды ақын деп білген ұр да жық сын соққысына ұшырайды.

Осыған байланысты эпопея желісіндегі Көкбай жайлы мәселеге тоқтала келіп, М. Әуезов 1951 жылы „Знамя” журналында „Абай жолы” деп жаңадан ат қойып, түзеп жазып шыққан романына сегіз баспа табақ өзгеріс енгізгенін атап өтеді. Және жазушы әрі ғалым ретінде әділетсіз сынға сын айтады. Осы сарындағы солақай пікірлер „Ақын аға” романының екінші нұсқасы „Абай жолы” деп өңделіп, қайта жарық көрді.

М. Мырзахметов өзінің „Мұқтар Әуезов және абайтану проблемалары” деген кітабында жазушының „Ақын аға” романын „Абай жолы” деген атпен қайта жазып шыққанын, жаңа нұсқада Көкбайға, оның Абылай жайлы шығармаларына байланысты өзгерістер ендіргенін атап өтті. Зерттеушінің : „Жаңа жазылған „Абай жолы” романында жазушы „Сабалақ” дастаны мен шығарма авторы Көкбай дүниетанымының келеңсіз жағын өз болмысына сай суреттеп берді ”.

Романның екі нұсқасының соңғы тарауларында М: Әуезовтің Көкбай туралы бір-біріне кереғар екі позициясы анық көрінеді. Өкінішке орай, жазушы Көкбай ақын, оның „Сабалақ” дастаны туралы екі нұсқада бірін-бірі жоққа шығаратын екі түрлі көзқарас ұстанды. Екі нұсқада да соңғы тарау „Қоршауда ” деп аталады. „Ақын ағадағы” бұл тарауда әдеби жыл қорытындысы іспеттес Абай алдындағы ақын шәкіріттерінің мәжілісін суреттеуге жазушы „Абай жолындағы” сәйкес бөлімнен екі еседей аз көлем алты-жеті беттей ғана арнаған. Жазушының суреттеуінше, басы адамға да, малға да жайлы боп басталған биылғы қыс шәкірт ақындар үшін мейлінше жемісті болғанға ұқсайды. „Ақылбай Африка өмірінен „Зұлыс” әңгімесін дастан етіп әкепті. Бейсенбай „Қозы-Көрпеш ” жырын Абайдың арнап тапсыруды бойынша бір үлкен ерлік істі жыр етіпті... ”Жазушы бұдан кейін „ Тағы бір табыспен келген ақын Көкбай”, деп, соның жайын ілтипатпен баян етіп кетеді.

„Ақын аға” романында Көкбайдың Абай мектебінің басты ақыны, ұстаздының сүйікті шәкірті болып суреттелгендігі авторға үлкен айып болып тағылды.

Азуы алты қарыс сыншылар Көкбай түгелі, Абайдың бүкіл ақындық мектебін жоққа шығарғысы келгені жасырын емес. Әуезов қалай болған күнде де Абайда ақындық мектеп болды деген тұжырымдаманы аман сақтап қалуы үшін, „бастан құлақ садаға” дегендей аздаған құрбандықтарға барды. Романның жаңа нұсқасындағы құрбандық жазушының Көкбай туралы позициясын өзгертіп беруі еді.

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi


1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.Àáàé ²½íàíáàé½ëû. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. À., “Æàçóøû”,1995

7.Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995

8.Ø.Àéòìàòîâ. µñòàç òóðàëû ñ¼ç.À., “±ûëûì”,1997

9.Ì.°óåçîâ Øû¹ îí åêi òîìäûº, À., “Æàçóøû”,1968

10. Ì.°óåçîâ Àáàé ìåêòåáiíi» àºûíäàðû.Àáàéòàíóäàí æàðèÿëàí-

áà¹àí ìàòåðèàëäàð.À., “±ûëûì”,1988

11.Òîºòàðîâ Ð. Àáàéäû» æ½ìáà¹û. À.,1999


14-лекция.



Сабақтың тақырыбы: „Абай жолы” эпопеясындағы Абайдың ақын шәкірттері

( 4-кітап бойынша).

Сабақтың жоспары:

1.Абай және шығыс әдебиеті.

2. Абай және орыс , батыс әдебиеті.

3. Ұстаз бен шәкірт проблемалары.

Көш үстінде жол бойында Абай айналасындағы жастардың төрттік өлең айтысуы, Абайдың оған төрелік айтуы, Еңлік пен Кебек зираты басындағы әңгіме, Шұбар мен Дәрменнің осы оқиға туралы дастан жазуға таласуы, оған Абай мен Көкбайдың билік жасауы жол-жөнекей өткізілген әдебиет сабағындай болған осы оқиғалар тізбегі ұстаздың да, шәкірттердің де өмірінде ақындық өнердің қаншалықты орын алатындығы көрсетсе керек.

Алда әлі ақындық өнерге арналған қаншама мәжілістер бар? ! Олардың бәрі дерлік ұстаз ақынның халық басынан өткен қилы оқиғалар, дін жайлы, ақындық өнер, ондағы өмір шындығы, басқа елдердің данышпан оқымыстыларының айтқандары, жазғандары туралы әңгімелеріне құрылып отырады. Ондай мәжілестер ұстаз ақынсыз өтпейді. Онсыз өткен мәжілістердегі әңгімелер де сол Абай айтқан ойлар төңірегіндегі жастардың пікірталасы түрінде болып отырады. Романда Абайдың зират басындағы шындық туралы айтқан ойларына байланысты Ақылбай, Мағауия, Кәкітай, Дәрмендерді ұстаздарынан оңаша қызу, шабытты таласы суреттелетін эпизод бар. Абай айтқан өмір шындығы, „шындықты тауып, басып жырла” деген сөздер төңірегінде әрқайсысы өзінше болжау айтады. Осы пікірталас үстінде өзіндік ой-пікір, көзқарас тұрғысынан Мағаш ерекше көзге түседі. Мағаш, Кәкітай, Ақылбай мен Дәрменге қарағанда шығыстың білімімен қоса батыс оқымыстыларының айтқан, жазғандарынан едәуір хабардар екендігін білдіреді. Олар кейде өздері айтысып келіп, бір мәмілеге тоқтасады, көбінше дау, дағдарыспен Абай алдына келіп барып, мәселенің басын ашысатын. Бұндай айтыстарда Көкбай, Шұбар, Ақылбайлар көбіне иманына берік боп сөлесе, Абай, Мағаш, Кәкітайлар олардың шымбайына батырып айтуды оншалық машық етпейтін.

«Екі ғана жайды айтам, Дәрмен , қызды айту, қызықты айту, тек құмарлықты қоздырмасын, ақ жүрекке қанат бітіріп, ойды алысқа создырсын. Бұрынғыны айт, Бүгінгіні айт. Жұрт көмейінде Жұмарланнып түйінген тас түйінді айт. Әкіміне айт жұрттың. Халық атаулы арғы бергі хан, бегіне қарғыс ойлап жүрсе де, айта алмай келген соны жеткіз! Жылаған жас, елдің жасымен жыласын. Парашылды зорлықшылды , қиянатшылды таңбала!» -дейді.

Абайдың ұлы сөздері жастарға тегіс ой салғандай. Бәрі де Абай сөзінің төркінін ұғынғандай. Романның соңғы жағында Дәрменнің осы « Еңлік –Кебек» жырын жазып біткеннен кейін жұрт алдында тағы бір рет жырлап бергендігі туралы айтылады. Қайғылы оқйғаны баяндай отырып, ақын оған кешегі кінәлі Кеңгірбай, қос ғашықтың өлімінің ақ-қарасын ажыратып берген бүгінгі ұстаз ақын Абай туралы толғайды. Жазушы Дәрменнің дастанды жырлау кезіндегі кейпін әдемі сипаттап берген. Дәрмен дастанын тыңдаушы жұрты қыласын жазушы Әбіш сөзі арқылы береді.


  • Міне жаңа дәуірінің жаңа жыршысы туады, ол халық атынан алыссын! Жазықсыз көптің әділ үкімін айтсын ....

Халықтың алтындай сақтайтыны, нәсілден нәсілге жеткізіп қадірлейтіні де осындай жырлар болмақ! –дейді.

Осы оқиғадан кейін Әбішке Дәрмен осы жұрттың бәрінен де қымбат, қадірлі және зор өнер иесі болып көрінеді.

Жазушы Дәрмен дастанын тындаған жұрттың оны қалай қабылдағанын, қалай бағалағанын көбіне шәкірттер аузымен осылай беріп отырады. Сондай-ақ жазушы өз тарапынан жастардың ақын құрбысына берген бағаларын толықтыра түсетіндей ой оралымдарын қосады.

« Қазіргі сәтте Дәрмен алдыңғы шабытты күйіннен қызулы, өнімді ой тауып, үдей түскендей. Халықтың ұлы саналы ақыны сол халықтың ызасы, намысымен қатты ширыққандай. Алысуға шығып тұрған қайратты қайсардай, дүр сілкініп алғандай болды.»

Шәкірттің беталысын бастамасынан-ақ аңғарып, жылы жүз танытқан, айқын бағдар сілтеген ұстаз ақынның аяқталған дастан туралы пікірі, бағасы осы жолы айтылмайды. Ұстазға лайық жан-жақты, толыққанды сынды жазушы оқыған, білімді, көпті көрген сыншы жас Әбіштің аузына салады. Бұл Абай айналасындағы өнерлі жастардың ұстазынан ақындықты ғана үйреніп қоймай, Абайша пікір, байлау, сын айтып, үйреніп келе жатқандығын да көрсетеді.

Дәрменнің «Еңлік –Кебек» дастаны туралы Абай пікіріне, Абай пікірін қолдаушы жастар сынына кереғар сын айтушылар да болды. Ондай сыншы да, ең әуелі, Абайдың өз айналасынан шығады. Ол Абай айналасындағы шәкірт ақындардан жасы үлкені және елдің бар сөзіне араласып жүрген, ағайынның пысығы әрі белдесі Шұбар болатын. Сол Шұбар Дәрменнің Кеңгірбай туралы айтқандарынана кінә тауып, қысқа да болса, соққыдай суық сөзін айтып салды. Ол Дәрмен жырын өнер емес у деп бағалайды. Шындығында , Дәрмен сөзі Абайдың тоңмойын надан дұшпандарын ушықтырып, өршеленте түседі.


²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.Àáàé ²½íàíáàé½ëû. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. À., “Æàçóøû”,1995

7.Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995

8.Ø.Àéòìàòîâ. µñòàç òóðàëû ñ¼ç.À., “±ûëûì”,1997

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

10.°êiìîâ Ò. Äàíàëûº ì¸éåãi. À., “Àíà òiëi”, 1995

11.Ì.°óåçîâ Øû¹ îí åêi òîìäûº, À., “Æàçóøû”,1968

12. Ì.°óåçîâ Àáàé ìåêòåáiíi» àºûíäàðû.Àáàéòàíóäàí æàðèÿëàí-

áà¹àí ìàòåðèàëäàð.À., “±ûëûì”,1988

13.Ì.°óåçîâ. Àáàéòàíó ä¸ðiñòåðiíi» äåðåê ê¼çäåði.Îºó º½ðàëû. À.,

“Ñàíàò”,1977

14.Ì.°óåçîâ òà¹ëûìû. °äåáè ñûí ìàºàëàëàð ìåí çåðòòåóëåð.

(²½ð.ͽð¹àëèåâ Ð) À., “Æàçóøû”1987

15.Ñûçäûºîâ Ê. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði. À., “²àçàºñòàí,1997


15-лекция.



Сабақтың тақырыбы: Өмір шындығын саралау және көркемдік процесс.

Сабақтың жоспары:

1. Шығармашылық процесс және ақын.

2. Дәстүр жалғастығы- ұрпақтар жалғастығы.
Абайдың артында ешқандай эпистолярлық мұра қалмағандықтан,

М. Әуезов, негізінен, тірі архив иелеріне қол артқан еді. Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу үстінде ол даланың естігенін ұмытпайтын, сақ құлақ, әңгіменің майын тамызатын жез таңдай, көне көз шежірелерімен, әңгімелесу, сұхбаттасу, естеліктер жазып алу сияқты әдістерді жиі қолданып, көл-көсір деректер жинады. Ақын мен оның замандастары, дала өмірі жайлы ұлан-ғайыр деректер мен мағлұматтарды талдап отырып алған ой тұжырымдарын жазушы көркем шығармаларының желісіне үлкен суреткерлік шеберлікпен ендіріп отырды. Суреткер сол арқылы өлі дүниені қайта тірілткендей, далаға жан бітіп, сан алуан адам образдарын бар тіршілік-тынысымен құлпыртып, көз алдыңыздан өткізеді. М. Әуезовтің көркем творчестводағы осы ерен еңбегінің өзі оның жазушылық лабораториясының құпия сырын ашуға арналған ғылыми зерттеуді қажет етеді.

Қайсыбір суреткер болмасын, ол шығармалары арқылы өзінің ой-өрісін, ақыл парасатын, білім деңгейін, сезім толғаныстарын, дүниеге көзқарасын, жалпы өзінің алуан түрлі қырлары мен сырларын танытатыны белгілі.

Абайдың бар байлығы, ең асыл қазынасы-оның қазақ поэзиясында бұрын-соңды болып көрмеген теңдесі жоқ, ғаламат жырлары десек, ол өзінің парасатқа тұнған інжу-маржандай төгілген өлең сөзімен сан мыңдаған оқушысы мен тыңдаушысының жүрегін сырлас, мұңдас жанашыр дос ретінде жаулап алған еді.

Ғұламалардың ұғымынша, суреткер тек талант иесі ғана емес, ол ең алдымен, адам, адамдық жолындағы күрескер де болуға тиіс. Сонымен Абай шығармаларында ақынның өз бейнесі қалай сомдалған?

Көзі қарақты оқушы ақын жайлы көркем шығармаларды, ғылыми зерттеулерді оқымай тұрып-ақ, тек Абай шығармаларын зерделеп оқып шыққанның өзінде мынаған көз жеткізер еді: Абай өмір бойы адамдықтың, әділеттің туынт көтерген жаны жомарт ізгілік жыршысы, қалың елі қазағын емірене сүйген, оның келеңсіз қылықтарына жаны күйген үлкен жүректі патриот ақын, заманының, замандастарының кемістік міндерін, олқылықтарын бүкпесіз көрсеткен шыншыл ақын, имандылық пен жақсылықтың қас жауы, зұлымдықпен алысып өткен күрескер ақын, қоғамды да адамды да сауықтырушы, айықтырушы, емші ақын.

Бұған қоса Абайдың біреу, біреу байқамас үлкен бір қасиеті бар. Ол оның ұстаз ақын екендігі. Бұл жерде әңгіме Абайдың жастарды оқуға үндеген ғылым, білім тақырыбындағы өлеңдері туралы емес. Олар Абайдың озық дүниетанымынан туған өлеңдер. Оқу, өнер-білім тақырыбындағы өлеңдер Абайдың алдында Ы. Алтынсаринде, кейін ХХ ғасыр басындағы ақындардың барлығыда да болған. Абайдың ғылым, білім туралы өлеңдерінде ешкімге ұқсамайтын ерекшелік болғанымен, мұндай тақырыпта шығарма жазған барлық ақындарда мотив-біреу. Ол- ағартушылық идеядан туған халықты оқуға, өнер-білімге шақыру.

Енді Абайды ұстаз ақын деген пікірімізге оралайық. Абайтанушы ғалым. Ж. Ысмағұлов ұлы суреткерді барлық өлеңдерінде ұстаз ақын тағылымы бой көрсететіндігін, оның өнер әсемдігін түсіндіретін эстетикалық мектебі болғандығын атап өтеді. “... Ұстаздық тәлімгерлік борыш та, сол борышты атқарудың құралы ретінде өлең сөз де ақынның өмір бойы арқалаған жүгі,”- деген ой айтады. Шындығы да солай. Абайдың ақындық мектебі нағыз эстетика мектебі болатын.

Ақын мен ақындық, өлең мен ән, жалпы өнер тақырыбының Абай шығармаларында үлкен орын алуы да сондықтан болса керек. Өлең мен әннің, ақындықтың не екенін, ақын мен әншінің қандай болуы керектігін Абай шәкірттеріне, ең алдымен, көркем сөз құдіреті арқылы түсіндіреді. Шығыс, батыс әдебиетінің , өзіне дейінгі қазақ әдебиетінің інжу-маржандарын зерделеп оқу, әдебиетінің халықтық негіздерін зерттеу Абайды өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап, ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты жайлы жаңа көзқарасқа алып келеді. Абай сөз өнерін, ең алдымен, үлкен қоғамдық күш , әлеуметтік тартыстың құралы деп таныды. “Өлең-сөздің патшасы, сөз сарсы” атты өлеңі бұл тұрғыда ақынның бағдарламасы тәрізді. Ақын жақсы өлеңді даналықтың айғағы деп ұғады да, реалистік поэзияның сыр-сипаты қандай болатындығын терең ашып береді. Абай поэзиясында мазмұн мен түрдің үйлесіміне айрықша зер салады, соның ішінде, әсіресе, көркем шығарма мазмұнын бірінші орынға қоятынын ашық айтады.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,

Қазақтың келістірер қай баласы?

Осылайша іші-сырты үйлесіп келген сөз-жақсы сөз. Абай жақсы сөз деген тіркесті реалистік поэзия деген мағынада қолданды.

Абай бірде қазақ ортасында өлеңнің қадірін кетіріп жүрген ақындарды сынап, бұндай сөз қадірін кетірушілерге өз мақсатын да қарсы қояды.

Ескі бише отырман бос мақалдап,

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.

Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел,

Сендерге де келейін енді аяңдап,-дейді.

Ақын, ақындық міндеті туралы терең ойлар айтқан “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” атты өлеңінде Абай өз шәкірттері Ақылбай, Көкбай, Әріп, Шәкәрімдердің шығарманың мазмұнынына қатысы жоқ сөзуарлығын сынайтындығын айтып өттік.

Өлеңі бар, өнерлі інім, сізге

Жалынамын мұндай сөз айтпа бізге.

Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,

Есіл өнер қор болып кетер түзге,-деген өлең шумағынан көп жайды аңғаруға боларлықтай. Ең алдымен, Абай-өз дәуірінің ақыны. Оның үстіне ол еріккен, ермек қуған жыршы емес, әлеуметтік мұрат-мүдделердің ақыны. Сонымен бірге ол-ұстаз ақын.

Өмірде Абайдың айналасына көптеген ақын шәкірттерді топтастырған ұстаз ақын болғандығы даусыз шындық. Әдебиеттану ғылымында Абайдың ақындық мектебі туралы ғылыми концепцияны негіздеген М. Әуезов.

Әдеби орта деген өте ауқымды тақырып. Абайдың жастайынан нәр алған ақындық өнерінің тербетілген творчестволық бесігі ретіндегі әдеби ортасы бар да ақындығының кемеліне келген кезінде айналасына жас ақындарды топтастырып, өзі рухани нәр бере бастаған шақтағы әдеби ортасы бар.

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.Àáàé ²½íàíáàé½ëû. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. À., “Æàçóøû”,1995

7.Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995

8.Ø.Àéòìàòîâ. µñòàç òóðàëû ñ¼ç.À., “±ûëûì”,1997

9.Ì.°óåçîâ Àáàé ìåêòåáiíi» àºûíäàðû.Àáàéòàíóäàí æàðèÿëàí-

áà¹àí ìàòåðèàëäàð.À., “±ûëûì”,1988

10.²àáäîë Ç. °óåçîâ À.,”Ñàíàò”,1997

11.Ñûçäûºîâ Ê. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði. À., “²àçàºñòàí,1997

12.Òîºòàðîâ Ð. Àáàéäû» æ½ìáà¹û. À.,1999

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


“Сырдария” университеті


“Филология ” факультеті

“Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасы
Оқу - әдістемелік кешені
Арнайы курс: “Абайдың ақын шәкірттері М. Әуезов еңбектерінде ” пәні бойынша 050117 мамандығының студенттері үшін




1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет