Лекция : 30 сағат Практика: 15 сағат обсөЖ : 45 сағат Барлық сағат саны : 135 сағат



бет7/11
Дата03.05.2016
өлшемі1.91 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

3. Сараны тек Найман елі ғана біліп қоймайды. Алыс өлке, Арқа жайлаған қалың ел хабарлы болады. Өнер адамдарының да Сара даңқын естіп таңдағандары аз емес-ті. Сара тағдырына ара түсу, оның өнерін зәбірлеушілікке тойтарыс беру қажеттігі көзі ашықтар мүддесіне айнала бастайды. Тұрысбекке кейбірі өз үндерін жеткізеді. Хат жазушылар, іздеп келушілер, наразылық білдірушілер кезігеді. Орынбай, Әсет, Әріп, Жүсіпбек, Абай, Біржандардың құлақтарына шалынады. Асылы, Біржанның Сараны іздеп алыс сапарға аттануында осындай шындық жатыр. Ол бұл жолға аттанбас бұрын Абай аулында болған. Онымен кеңесіп, ақылдасып, ұйғарысқан. Сараны іздеп барып, жағдайын өз көзімен көріп-білу, оған аяушылық білдіріп қоймай, көмек болар әрекеттер істеп көру Абайдан шыққан идея болуы ғажап емес. Бұған тағы бір дәлел, кейінірек болса да, Сараның Абайды жете тануы. Оның есімін ардақтап, еске алуы.

Әбдірахман өліміне байланысты қайғысын бөлісу, оның сүйегіне келген адамдарға – Мағауияларға көрсеткен сый-құрметі, көңіл айтып, өлеңмен жазған хаты. Бұларды кездейсоқ оқиғалар деуге болмайды. Біржан басқа айтыс ақындарынша Сараны тілдемейді, қайта, оның қайғысына ортақтасып, оның азаттығын талап етеді. Тіпті, Сарамен мұңдасып кетеді. Қайткенмен де атағы жер жарған Біржан салдың Ешкіөлмеске келуі, Жетісу елінің мұңды саңлағымен кездесуі, елеулі оқиға. Ол әсіресе, Сараның тағдырына мықты әсер еткен кездесу. Біржанның Сараға келу сапары екі ақын үшін де сәтті аяқталады. Біржанның келуі белгілі дәрежеде Сараның бағын ашады. Айтыста жеңілген де Сара емес , “Ақ батаны” қолдаушы ескі қауым, қажылар тобы болып шығады.

Сара Жиенқұлдан азат болғанмен, махаббат бостандығын алған жоқ, өзі сүйген Үсенбайға қосылған жоқ. Бәрібір сол елдің адамына – Бекбай дегенге некеленеді. Сөйтсе де Сара оны мақұл көрді. Әйтеуір дені сау, қатарлы адамға қосылғанына шүкірлік қылады. Бекбайды көргендер, оны теріс адам демейді. Сарамен санасқыш, ниеті түзу жар болады. Жастары да тым алшақ емес екен. Сарадан он алты жыл кейін (1932 жылы) өлген. Екеуінен бес бала (үшеуі қыз) ұрпақ қалған деседі.

Сара – дарынды ақын, саналы суреткер, көркем сөздің шебері. Бізге жеткен шығармаларының көлемі шағын. Оның үстіне зерттелу жағы кенже.

Ақын өзінің алтын ойларын жан тебірентер монологтар мен диалогтарға құрылады. “Тордағы тоты” жинағы ақынның “Тағдыр тәлкегі” атты көлемді туындысымен ашылады. Бұл - өзінің құрылысы мен мазмұн желісіне қарағанда дастан тәріздес оқиғалы шығарма. Әкесі өліп, жетім қалғаннан кейінгі өмір жолынан бастап-ақ өлеңмен шолып суреттейді.

Сараның келесі маңызды шығармасы – “Жүрек” деп аталады. Дастанның мазмұны қызық. Жергілікті халық аңыздарының негізінде жазылған көркем туынды. Лирикалық герой жалғыз өзі түн жамылып, Қапал тауының “Баянжүрек”, “Сайын бөлек”, “Қоңтәжішоқы” аталатын бөлек шоқылары мен жоталарына қаратып сыр шертеді.

“Жүрек” – қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын аларлық ерекше шығарма. Ол – романтикаға толы лирикалық дастан. Жер жүрек пен өз жүрегін толғантқан лирикалық қаһарманның монологтары өте әсерлі. Махаббат еркіндігін аңсаған жастар жүрегінің дүрсілі естіліп-ақ тұрады.

Ақындық шабыт пен терең толғамын танытар шығармаларға оның “Ашындым”, “Арсалаң алдында”, “Ортақ мұң”, “Аққу”, “Қарлығаш”, “Торығам”, “Шымылдық”, “Қош бол, елім”, “Көп сәлем Ыбакеме, дұғай-дұғай” атты арнау, толғауларын да жатқызу орынды. Бұлардың әрқайсысы – көлемі шағын, мазмұны терең, көркемдік құны жоғары шығармалар.

“Қарлығаш” - Әріпке арналып жазылған жұмбақ сыр. Өзінің ғашықтығын білдіріп, хат жазған әріпке жұмбақтап жауап қайтарған Сараның бұл туындысы да “Аққу” сияқты символды бейнелі сөздерге толы.

Сараның “Шымылдық” атты толғауының маңызы да атап көрсетерлік. Қазақтың “Әмеңгерлік” салтына қарсы пікірлерін ақын алыстан орап, сұлу суреттер жасай отырып бейнелейді.

Сараның ақындық өнерінің шыңы – Біржанмен айтысы. Бұл – ақындар айтысы өнерінің үздік үлгісі дерлік тұтас туындысы. Өзінің әлеуметтік мәнімен де, көркемдік суреттілігімен де, поэтикалық тапқыр тілімен де құнды, шынайы шығарма.

Сара Тастанбекқызы – XIX ғасыр қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан көркем сөздің белгілі шешені. Халық поэзиясы үлгісінде өмір бойы жыр төккен ақпа ақын. Халық поэзиясының суреттілік сапасын көтеріп, көркемдігін зорайтқан, өзіндік өнерпаз. Еш шалдырмас топтан озған жүйрік. Асыл сөздің сарқылмас кені. Поэзиямыздың қыздан шыққан кемеңгері.

Әдебиеттер

1.Қоңыратбаев Ә.. Қазақ әдебиетінің тарихы - А. 1994.

2.Сүйіншәлиев Х.. XIX ғасыр әдебиеті . - А. 1992.

3.Сүйіншәлиев Х.. Қазақ әдебиетінің тарихы - А. 1997.

4.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.

5.Омаров Б. Зар заман поэзиясы. –А.,2000.

6.Ай, заман-ай, заман-ай! Жинақ. – А., 1992

7.Айтыс. 3-томдық .- А.,1965-1991.

8.Жұбанов А. Замана бұлбұлдары.-А.,1975.
19- Лекция.

Тақырыбы: Әсет Найманбайұлы (1887-1923)

Жоспары:

1.Өмірі мен ақындық шығармашылығы.

2.Толғау-термелерінің, өлеңдерінің әншілік орындаушылықпен, сазгерлікпен тығыз байланыстылығы.

3.Айтыстары және дастандары.
1. Әсет - өзінің әрбір өлеңіне арнап ән шығарып, өлең-жырын шаршы топта домбыраға қосып шырқап айтатын, әйгілі әнші-ақын. Ақын Әсет асыл жырын, әсем әнімен домбыраға қосып, аспанға шалқыған асқақ даусымен аңырататын болған.

Ән салсаң өзімдей сал аңыратып,

Жайлатып, қоңырлатып, жамыратып.

Аққудай аспандағы әнді өрлетіп,

Қондырып қоңыр қаздай мамырлатып.
...Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп,

Қоздырып делебеңді әсерлі етіп.

Шырқатып, шығандатып, шалықтатып,

Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп.

Әсет - әнші, композитор.Әсет – нәзік сезімді, ұшқыр қиялды лирик ақын; ол – тілге бай, алғыр ойлы, бөгелмей жүйткитін айтыс өнерінің де өрен жүйрігі; ол алысқа алқынбай сілтейтін жүйрік, бай оқиғалы поэма, дастандар жазған эпик ақын. Сондықтан Әсетті нағыз сегіз қырлы өнерпаз дейміз.

Әсет Найманбаев бұрынғы Қарқаралы уезі, Темірші болысы, сегізінші ауылда (қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы) 1867 жылы туған. Руы Арғын, оның ішінде Қаракесектен тарайтын Майлық деп аталатын аз атадан. Әкесі Найманбай кедей шаруа болыпты. Ауыр тұрмыстың айдауымен 1875 жылдар Найманбай Семей қаласына көшіп келіпті. Қалаға келген соң да күн көрерлік мардымды кәсіп-қарекет таба алмапты.

Найманбай Семей қаласында да тұрақтай алмай, Бақтыда тұратын (қазіргі Семей облысы, Мақаншы ауданы) апа, жездесін сағалап, сол жерге көшіп келеді. Бақтыға келіп орналасқан соң, Әсетті сондағы медресеге оқуға береді. Он-он бір жасында мектеп есігін ашқан зерделі, талапты жас шәкірт, төрт-бес жыл оқып, ескі медресенің берген білімін жақсы меңгеріп алады. Медреседе оқып жүрген шәкірт кезінде-ақ оның табиғи ақындық таланты таныла бастайды.

Әсет Абайдың алдында болып, мол тағлым алып, ұлы ұстазының әдебиеттегі дәстүрін өзінің ақындық, әншілік өнерінде үлгі-өнеге еткен. Ғылымның әр саласынан өнеге айтып отыратын Абайдың әңгімелерін, өсиет, ақылын тыңдаушылардың бірі болады. Орыстың ұлы ақын, жазушыларының, соның ішінде Пушкин шығармаларымен де, Әсет осы Абай ауылында алғаш рет танысады.

Әсеттің “Евгений Онегин” романының оқиғасын алып, еркін аударма жасап, Пушкин шығармасының қазақ поэзиясында өзінше бір нұсқасын тудыруы – сөз жоқ тура Абай әсері, Абай өнегесі.

Әсеттің бұл аудармасы “Онегин мен Татьянаның әңгімелері” деп аталып, Пушкиннің қазақ тілінде 1937 жылы басылып шыққан “Таңдамалы шығармаларының” 2-томында басылды.



2. Әсет өлеңдері “бөтен сөзбен былғанбаған”, ”тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін”, әрі мағыналы, әрі көркем. Әсет қалам алып жазуға көшумен бірге өзінің импровизаторлық дәстүрін де тастамайды.

... Жорғамын, жортарманмын жұрттан озған,

Майдамын, майда желіс мамырлаған.

Жұртымның асау қызу жиынында

Бұл кезде ән адыра салынбаған...,-

деп шырқайтын Әсеттің дауысына кейін егде тартқан кезде, ұзақ өлең, ән айтатын уақытта аздаған жарықшақ пайда бола бастайды. Сол себептен даусын ашық, айқын шығару үшін тамағына мүсәтір салуды әдет етеді екен.

1923 жылы шаршы топтың алдында ән салып отырып, әдеті бойынша мүсәтір деп қатеден тамағына алмас салып жіберіп (мүсәтірді қолдан сатып алып жүретін болса керек) қапылыста уланып қалады.

Сөйтіп, атақты ақын, әйгілі ақын, әйгілі әнші Әсет арманда қаза табады.

Ақын өлер алдындағы қоштасуында өзінің қапылыста дүние салып бара жатқанын, қолы қысқа болып, ауыр тұрмыстың талқысын көп көріп, ақындық қазынасын түгел ақтарып, жарыққа шығара алмай, арттағы ұрпаққа Абай сияқты мұра қалдыра алмай бара жатқанын арман етеді.

Болжаусыз осы екен ғой өлім деген,

Күн бұрын көзге келіп көрінбеген.

Артыма сөз қалдырмай ала кеттім,

Айғайға қайран даусым ерінбеген,

Абайдай арттағыға сөз қалдырып,

Жақсы еді-ау, әттеген-ай, өлу деген.

Ертең жазып, бүрсікүн бітірем деп,

Баянсыз тіршілікке сенуменен,

Қатын-бала асырау амалында,

Кеттім-ау үнем көңіл бөлуменен,

Менен сорлы ақын да өтті ме екен,

Бір сөзі баспа орнына берілмеген.

Осыменен өмір бітті, дем таусылды,

Ішімде көп сөз кетті-ау терілмеген.

Тіршілікте әрекет етпеген соң,

Сүйектен не шығады кебіндеген, - дейді.

Әсетті көрген, онымен достас болған, Әсеттің өлеңдерін көшіріп жазып алып, жаттаған Семей облысында марқұм Сапарғали Әлімбетов (1889-1956), Төлеу Көбдіков (1874-1954) және Есенсары Құнанбаев сияқты белгілі ақындар бар еді.

Әсеттің “Арғынмын атым Әсет арындаған” деп басталатын әйгілі өлеңін, “Қызыл табан-ағаш ат” деген поэмасын түгел өз қолымен жазып берген болатын.

1945 жылы Әсеттің “Салиха-Сәмен” поэмасы мен таңдамалы өлеңдері Қытайда жеке кітапша болып басылып шыққан.

Әсеттің ертеден ел аузында жатталып, сақталып келген “Қызыл табан-ағаш ат” поэмасының көшірме қолжазбасының бір нұсқасы Абай қорында сақтаулы. Поэма 1947 жылы жазылып алынған. Көлемі бес жүз он жол өлең.

Поэманың тақырыбына, оқиғасына қарағанда Әсеттің Абай ауылында болған 1889-1890 жылдар шамасында жазған шығармасы деп жорамалдауға болады.

“Қызыл табан-ағаш ат” поэмасының оқиғасы да Шығыс елінің әңгімелерінен алынған. Патша көп заман перзент көрмей жүреді. Ақырында тілегі оң болып бала көреді.

Поэма Шығыс әдебиетінің әсерімен жазылса да баяндауы басқаша. Ақын оқиғаны өзінше түйіндеп, өзінше дамытып, өзінше әңгімелейді.

“Қызыл табан-ағаш ат” поэмасын Шығыс ертегі әңгімелерінің әсерімен жазылған, өз уақытына сай қазақ поэзиясында туған ғылыми-фантастикалық поэма деуге болады.

“Салиха-Сәмен” поэмасы Ақылбай, Мағауия поэмаларының үлгісінде жазылған лирикалы-романтикалық поэма.

Салиха мен Сәмен де бас бостандығы үшін махаббат жолында құрбан болған жандар. Олар да қатал хандардың қайырымсыз заңының құрбандары.

“Салиха-Сәмен” поэмасының идеялық мазмұны хандық дәуірде адамның жеке басының ерікті болуына ешбір мүмкіндік жоқтығын көрсетеді.

Ханның ақылды, сұлу қызы Салиха, сол ханның қолбасы батырының бірі Сәмен сияқты шын сүйіскен екі жастың махаббаты қайғыға айналады.

“Салиха-Сәмен” лирикалы-романтикалы көркем поэмалардың бірі. Әсет поэзиясының жақсы мұрасы.



3.Әсеттің алғашқы ақындық қадамындағы шығармаларынан бізге жеткендерінің ішіндегі ең көлемдісі де, көркемі де - Рысжанмен айтысы.

Әсеттің алғашқы түскен ең үлкен айтыс майданы да – Рысжан қызбен айтысы.

Бұл айтыс өзінің көркемдік жағынан болсын, идеялық мазмұн жағынан болсын басқа белгілі ақындар айтысынан ерекше. Бұрынғы айтыстарға тән рушылдық сарын Әсет айтысынан орын алмаған. Рысжан да, Әсет те өз руларының рубасы, бай, би, болыстарын дәріптеп, мадақтаудан аулақ. Өздерінің алғыр ойлы ақындық өнерін айтыс бәйгесіне қосады.

Әсеттің ақындығы, ең алдымен, айтыс өнерінде танылады. “Айтыс – майдан, айтысқан ақындар майданның жекпе-жектегі батыры. Жеңу үшін нелер қатты шабуылдар жасалса да мін емес”, - дейді Мұхтар Әуезов.

Әсеттің ақындық, әншілік өнер жолында үлгі-өнеге алған ұстазы Абай. Әсет 1889 жылдан бастап ұлы ақынның ауылында болып, Абайдан тәлім-тәрбие алған ең талантты шәкірттерінің бірі. 1889-90 жылдар Абайдың ең бір мағыналы өткізген өмір кезеңі еді. Ақын өмірінің осы бір кезеңін Мұхтар Әуезов толық сипаттап, 1933 жылы жарияланған “Абайдың туысы мен өмірі” атты еңбегінде жазған болатын. 1889 жылы ел жұмысын өзінің інісі Оспанға тапсырып, өзі бір беткей ілім іздеу жолына, ақындыққа берілген.

Осы жылдан бастап Абайдың білімі мен өсиетіне құмар болған, ел ішінің көзі ашық жастарына Абай ауылы үлкен білгіштіктің медресесі сияқты болды. Абай ұстаз сөз ұғатын ынталы, талапты жастардың бәрін шәкірт,- дейді.

Абай шәкірттеріне тек өз өсиетін ғана айтып қоймай, Шығыс пен Батыстың, орыстың өзі таныс болған және ардақтап, қадірлейтін, бұрынғы-соңды данышпан ғалым, ақын, жазушыларының өмірі мен еңбектерінен қызықты мысал келтіріп, өнегелі әңгіме айтып отыратын болған.

Айтыс бәйгесіне түсіп жүлде алып, елге атағы шыға бастаған жалынды, албырт жас ақын, асқақ әнші Әсет ұлы ақынның, кемеңгер ұстаздың алдына келген кезде 22 жаста еді. Абай ауылы қазақ сахарасындағы өнер-білімнің, мәдениеттің өнегелі ордасындай еді.


Әдебиеттер

1.Қоңыратбаев Ә.. Қазақ әдебиетінің тарихы - А. 1994.

2.Сүйіншәлиев Х.. XIX ғасыр әдебиеті . - А. 1992.

3.Сүйіншәлиев Х.. Қазақ әдебиетінің тарихы - А. 1997.

4.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.

5.Омаров Б. Зар заман поэзиясы. –А.,2000.

6.Ай, заман-ай, заман-ай! Жинақ. – А., 1992

7.Айтыс. 3-томдық .- А.,1965-1991.

8.Жұбанов А. Замана бұлбұлдары.-А.,1975.

9.Мұқаметханов Қ. Абайдың ақын шәкірттері. –А.,1994.


20- Лекция.



Тақырыбы: Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865).

Жоспары:

1.Өмірі туралы мәлімет.

2.Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері.

3.Шоқанның қазақ ақындары және қазақ батырларына арналған тарихи еңбектері.
1. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов - заманының жан-жақты білгір ғалымы, батыл саяхатшысы. Ол - қазақтың тарихын, этнографиясын және әдебиетін тұңғыш зерттеуші. Шоқан қазақ пен қырғыздың әдебиет теориясы мен фольклоры туралы алғаш рет ғылыми пікір айтып, зерттеу еңбектер жазған әдебиетші. Сондықтан Шоқан – қазақтың демократтық сынын бастаушы, кезіндегі ілгерішіл дәстүр мен әдебиеттану ғылымын негіздеуші, публицист жазушы. Қазақтың әдебиеті мен мәдениетін орыс жұртшылығына алғаш танытушы.

Шоқан 1835 жылы қазіргі Құсмұрын бекінісінде туған. Шоқанның жастық шағы – атамекені Сырымбеттің сұлу табиғатының қойнауында, биік қарағайлы, қалың қайыңды, көгі мен көлі мол жерде өткен. Бұл жердің табиғат байлығы, сұлу суреті Шоқанға ерекше әсерлі болған. Ол бұл жердің табиғатын өскеннен кейін де қызыға әңгіме етіп жүрген.

Шоқанның шыққан ортасы - қазақтың ірі феодалдары, хан-сұлтан тобы. Әкесі Шыңғыс Омск әскері училищесін бітірген. Орысша сауатты, офицерлік чині бар (полковник болған) адам. Ал Шыңғыстың әкесі Уәли мен шешесі Айғаным да хандық құрған адамдар. Арғы аталары тарихқа белгілі – Абылай хан.

Шоқан – осындай белді отбасыдан шыққан жас. Бұл оған жасынан оқуға мүмкіндік береді. Шоқан әуелі аулында оқып, ескіше хат таниды. Он жасқа толғанда, әкесі оны Омскідегі кадет корпусына (әскери училищеге ) береді. Кадет корпусына ол орыс тілін білмейтін, ауыл салтындағы бала ретінде келіп түседі де, бір жыл ішінде орыс тілін үйреніп алады. Шоқан талапты, зерек болып өседі. Ол корпус оқушыларының алды болып бірден көзге түседі. Шоқан талабын оқытушылары ерекше ықыласпен ескереді.

Шоқан кадет корпусын өте жақсы үлгеріммен бітіріп шығады. Ең жетік оқушылардың бірі болып бітірген Шоқан туралы Григорий Потанин өзінің естелігінде: ”Шоқанның санасы тез өсіп, өз қатарластарынан өте озық болған еді. Табиғи қабілеті және басқа да ерекшеліктері мол адам болатын”,-дейді.

Шоқанды кадет корпусын бітіріп шығысымен 1853 жылы генерал-губернатор өзіне жәрдемші етіп алады. Генерал-губернатор кеңесінде болу арқылы Шоқан орыстың дворяндық ортасын, офицерлері мен чиновниктерін көп көріп, олардың мақсаты мен істеп отырған істерін байқайды.

Шоқан ендігі жерде кейбір қоғамдық істерге тікелей араласа бастайды. Өз ойын білдіріп, ел мақсатын көздейді. Ресей болашағын жақсылық жағынан танытуды арман етеді. Осындай игі мақсаттармен Шоқан қазақ қоғамын билеу ісіне байланысты өкімет тарапынан жүргізіліп жатқан жаңа ереже жасау істеріне араласады. Орта Азияны, Қырғыз өлкесін зерттеу жұмысымен әуестеніп,1856 жылғы экспедицияға қатысады. Кейін Шоқан Құлжаға, сосын Қашқарияға сапар шегеді. Осылайша Шоқан 1856 жылдан бастап, ұлы саяхат сапарына шығады. 1858 жылы саяхат сапарын сәтті аяқтап, Құлжа, Қашқар өлкелері туралы ғылымға көп жаңалық қосады. Шоқан Еуропа еліне Қашқарияны тұңғыш танытушы, ашушы болып есептеледі. Саяхатшы ғалым Семенов-Тянь-Шанский Шоқанның қабілетін жоғары бағалап, оның Географилық ғылыми қоғамға мүше болуын жақтайды, Петербургке баруды ұсынып, оқы деп кеңес те береді.

1860 жылы Шоқан Петербургке аттанады. Ондағы әр түрлі идеядағы топты кездестіреді, олармен пікір алысады. Көп ізденген Шоқанның Астанада болуы оған үлкен бір мектеп болды. 1861 жылдары ауруы қайта қозып, еліне оралады. Ауруынан біраз сауыға келе, 1863 жылдары Омскіге келіп, әскери қызметке қайта орналасады. Сібір өлкесіндегі қазақ елі үшін жасалып жатқан сот реформасына өз жобасын ұсынады. 1865 жылы әскери қызмет бабымен Жетісу өлкесінде болады. Верныйға келіп, бұл өлкемен де жете танысады.

1865 жылы Шоқан қайта науқастанып, біржола төсек тартып жатып қалады. Асқынған көкірек ауруы Шоқанды 30 жасында, тым жас кезінде арадан алып кетеді. Оның сүйегі Қапал жақтағы қазіргі Алтын Емел стансасы маңына жерленген. Орыс достары оның басына мәрмәрдан ескерткіш құлпытас қойған. 1959 жылы Шоқан қабірінің үстіне оның жас ұрпағы сәулетті мүсін-ескерткіш орнатты.

2. Шоқанның саяси көзқарасы айқын, ол - дүниені материалистерше түсінген ағартушы-демократ. Оның негізгі мақсаты - өз елін Еуропаның озық мәдениетіне жетелеу және сол арқылы халық санасын ояту, өзінің туған елін мәдениетті елдер қатарына қосу.

Шоқан көзқарасының қалыптасуына петрашевшілдер көбірек әсер етті. Олардың ішінде Шоқан С.Ф.Дуровпен жақын дос болды. Ол арқылы Шоқан ішкі Россияда болып жатқан саяси қозғалыстармен танысты.

Шоқанның көпке мәлім еңбектері ішінде мәдениетімізге тікелей қатысы бар ең көлемділері мыналар: “Абылай”, “Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары”, “Елдегі мұсылманшылдық туралы”, “Қырғыздар туралы жазбалар”, “Қазақтың ертедегі қару-жарақтары”, “Жоңғария очерктері”, “Қазақ шежірелері”, “Жәмиғ-ат-тауарихтан ”, “Алты шахардың хал-жайы”, “Сібір тарихынан хаттар”, “Көкетай ханның өлімі”, “Сібірге қарайтын қазақтардың сот құрылысын өзгерту туралы”, “Құлжа күнделіктері” және басқалар. Ал, әдебиет саласындағы зерттеулері, сан-салалы еңбектері-баға жетпес мол қазына.

3. Шоқанның шығармаларын зерттеу мәселесіне келсек, оның мақалалары мен хаттарының жинағы 1949 жылы екі тілде басылып шықты. 1858 жылы Шоқанның бір томдық таңдамалы шығармалар жинағы Ә.Марғұланның басшылығымен жарық көрді. 1978 жылы Шоқанның шығармалар жинағы үлкен бес кітап болып шықты. Шоқанның біраз еңбектері әдеби зерттеу саласына арналған. Оның ішінде: “Қырғыз-қайсақтардың үлкен ордасына қарасты елдердің аңыз-әңгімелері”, “Бұқардың Абылайды жоқтауы” және “Қазақ халық поэзиясының түрі туралы” еңбектері - поэзиямыздың теориясы туралы тұңғыш зерттеулер.

Шоқан өз еңбектерінің өзегі етіп, қазақты, оның әдебиеті мен мәдениетін орыс пен Еуропа жұртшылығына таныстыруды мақсат тұтқан. Ол, ең алдымен, қазақ халқының ақындық қабілетін жоғары бағалайды.

Шоқанның әдеби зерттеу еңбектерін 3 топқа бөлуге болады:


  1. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері, ақындар, олардың шығармалары туралы мәлімет;

  2. Қырғыз бен қазақ халықтарының ауыз әдебиеті туралы зерттеулер;

  3. Қазақ пен қырғыз поэзиясының түрлері туралы теориялық зерттеулер.

Шоқан – қазақтың тұңғыш ағартушысы, елін ілгерішіл мәдениетке үндеген адал ниетті азамат. Оның еңбектері ұлттық мәдениетіміздің алтын қорына қосылған зор үлес деп танылады.

Әдебиеттер


1.М. Әуезов Әдебиет тарихы (1927). Жоғарғы оқу-орындарының студенттеріне арналған . - А. 1991.

2.А.Байтұрсынов Әдебиет танытқыш. (1926) - А. 1991.

3.Қ.Жұмалиев. XVIII – XIX ғ. қазақ әдебиеті . - А. 1907.

4.З.Қабдолов. Сөз өнері . - А. 1983.

5.Ә. Қоңыратбаев. Қазақ әдебиетінің тарихы - А. 1994.

6.Х. Сүйіншәлиев. XIX ғасыр әдебиеті . - А. 1992.

7.Х. Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің тарихы - А. 1997.

8.Р.Сыздықова . Қазақ әдеби тілінің тарихы (XV – XIX ғасырлар ) - А. 1993.

9. С.Мұқанов “Аққан жұлдыз”. –А., 1972.

10. Шоқанның таңдамалы шығармалары. –А., 1979-1989.

21- Лекция.

Тақырыбы: Шоқанның жазушылық-публицистік еңбектері.

Жоспары:

1.Ғылыми очерктері мен күнделіктері.

2.Шоқанның өз ата-анасына, достарына жазған хаттары.

3.Шоқан туралы орыс ғалымдарының еңбектері.

4.Шоқан мұрасының ұлттық тарихымыздағы маңызы.
1. Қазақ ауыз әдебиетінің жіктері мен түрлерін, оның құрылыстарын, шешендік сөздерін, айтушылары мен сақтаушыларын Шоқан біраз қарастырған. Қазақтың кейбір ақындары: Сыпара, Асан, Бұқар, шал, Жанақ, Түбек, Шөже, Орынбай ақындар туралы пікірлер айтқан. Шоқанның бұл пікірлері әдебиет тарихы үшін өте маңызды.

Шоқанның әдебиет зерттеу еңбектері өзінің осындай ғылымдық жоғары маңызымен және бұқарашылдығымен құнды. Ол әдебиеттің қоғамдық мәнін, халықтық қасиетін, реалистік сипаттарын қастерлеуді талап етті. Оның ғылыми еңбектері әдебиет мәселесін кең қамтыды. „Ұлы жүз қазақтарының ескі сөздері, ертегісі”, „Ыстықкөл саяхатының күнделік дәптері.”, „Қытай мемлекетінің батыс өлкесі және Құлжа қаласы”, „Құлжа күнделіктері”, „Қырғыз халқы туралы жырлар”, тағы басқа мақала, очерк хаттары әдебиетке байланысы мол шығармалар. Шоқанның бұл шығармалары оның талантты әдебиетші-зерттеуші ғалым екенін толық танытады.

Аталған еңбектерінде Шоқан өзінің талапты публицият жазушы екенін де көрсете алды. Өмірден көргендері мен түйгендерін Шоқан өзіне тән шебер тілмен бейнелей суреттейді. Оның очерктері мен күнделіктері жай ғылыми еңбек болып қана қоймай, көркем шығарма- көркем публицистика дәрежесіне көтеріледі. Өзінің бейнелі де шешен сөздерінің арқасында Шоқан еңбектері әңгіме, повестер сияқты оқушысын өзіне бірден тартып, баурап алады. Шоқанның еңбектерінде табиғат суреті, адам портреті мен олардың характері, үй-жай сипаттары көркем баяндалып, оқушысын үлкен полотноға салынған суреттер галереясына ертіп әкелгендей әсер қалдырады. Мысалы, 1858 жылы Құлжаға қарай аттаныс сапарын баяндай келіп, жазушы Алтынемел маңын, Алатау аңғарын, бұл жерлердің сұлу табиғатын сүйсіне суреттейді.

Шоқан жүрген жерінің табиғатын жалаң баяндап қоймайды. Ол сол өлкені мекендейтін халықтың жайын түгел қамтиды. Жергілікті халыққа тән іс-әрекет, мінез-құлық, әдеп, кәсіп, елдегі дау-шар, үстем тап езгісі - барлығы баяндалған. Бұл очерктерден біз керуеншілерге келіп, базарлық дәметкен қарапайым қазақтар мен сұлтандардың бейнесін де көз алдымызға елестетеміз.

„... Біз сұлтанның мінезінің оғаштығына таң қалдық” – деп жазады Шоқан. – Ол шатырға семіз қаздай байпаңдап басып кірді. Сөйтті де төрге шығып отыра қап, мелшиіп қатты да қалды, жұрттың бәрін көзімен жедел шолып өтті де, тақпақтап: „Жалайырда қой көп, Жанғазыда ой көп ”,- деді. Соны айтты да, тағы да мүлгіп, мелшиді де қалды. Осындай қызық суреттер қырғыздар тұрмысын көрсетуде де жиі ұшырайды.

Қырғыздардың ас беруі, қонақ күту салты, ондағы көптеген жабайылық көріністер жай баяндалмай, әсерлі тілмен шебер бейнеленеді.



2. Шоқанның күнделіктері де өзінің көркемділігімен құнды. Оның күнделіктерін көркем шығарма деуге әбден болады. Шоқанның „Құлжа күнделіктері”- осындай көркемдігімен ерекше шығарма. Оның қай бетін ашсаңыз да, көркем сурет өзіңізді бірден баурап алады. Осыдан болса керек, Шоқан туралы келелі пікір айтып, маңызды зерттеулер жазған ғалым Ә.Марғұлан Шоқанды прозашы-жазушы деп таниды. Шоқан Құлжадағы базаршылар көрінісі, әрбір ұлт өкілінің киімдері, сырт келбеті, істері, сөздері түгел бейнелі сөзбен баяндайды.

Құлжа табиғатының көрінісі, Құлжаға дейінгі жолда кездескен асулар мен таулы жолдар, тасты шатқалдар, өткелсіз өзендер, құнарлы көк алқап пен жыртқыш аң, улы жәндіктер жайлаған құлазыған қу дала Шоқан еңбектерінде барынша шынайы суреттеледі.

Шоқан - публицист жазушы. Оның мақалалары мен хаттары - қазақ әдебиеті туралы алғаш пікір көтерген маңызды еңбек.


Каталог: CDO -> 2012-2013 -> XIX-KazAdeb -> Data
Data -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті Оқу түрі: : күндізгі Факультет: Гуманитарлық білім
Data -> Гуманитарлық білім» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
2012-2013 -> Семинар: «абайдың АҚын шәкірттері»
2012-2013 -> Биология-химия кафедрасы
2012-2013 -> Жұмыс бағдарламасы Пән : Иммунология
2012-2013 -> Бағдарламасы Жетісай 20 ж Құрастырған: Р. А. Кошкаров Кафедра мєжілісінде қаралған
2012-2013 -> Ф-об-007/020 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2012-2013 -> «Химия және биология факультеті «Биология және химия» кафедрасы. “Омыртқасыздар зоологиясы” пәні бойынша
2012-2013 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: Топырақ биологиясы Оқу түрі: күндізгі Факультет: Химия және биология
2012-2013 -> Қарапайымдардың ішінен тұрақты дене пішініне ие емес өкілдері бар класын атаңдар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет