Лекция : 30 сағат Семинар: 15 сағат обсөЖ: 45 сағат СӨЖ : 45 сағат Барлық сағат саны : 135 сағат



жүктеу 1.82 Mb.
бет4/13
Дата28.04.2016
өлшемі1.82 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл

Тақырыбы:Көркем әдебиет және өнер


Жоспар:

1. Әдебиет - сөз өнері.

2. Өнердің туу себептері.

3. Өнер және оның түрлері.
Не нәрсенің болса да теориясын пайымдамас бұрын, алдымен, оның өзін анық танып, біліп алған жөн.

Ал осы әдебиет дегеніміздің өзі не?

Әрине, ана тіліміздегі әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша атаудан шыққанын – сөз, асыл сөз деген мағанасы бар екенін, орысша литература деген атаудың латын сөзі екенін - әріп, жазу-сызу деген мағанада қолданылғандығын білу онша қиын емес.

Әдебиет - өнер. Өнердің түрі коп емес пе: кескін өнері (живопись), мүсін өнері (скульптура), сәулет өнері (архитектура) т.б. Ал әдебиет қандай өнер?

Әдебиет – сөз өнері.

Мүсіншінің құралы – саз балшық, суретшінің құралы – бояу, әдебиетшінің құралы – тіл. «Сөз әдебиеттің құрылыс материялы» (Федин).

Қоғамдағы сананың айрықша саласы - өнер десек, мұның жалпы адамзат мәдениетінен алар орны өзгеше, адамдардың парасат әлемінде атқарар қызметі орасан зор.

Өнердің көп салаларының ішінде ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі – көркем әдебиет. Оның өнердің өзге түрлерімен әлгідей бірлігі бола тұра өзгешелігі де мол. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей жетімді деу қиын; сөз – бояу немесе дыбыс емес, барлық халыққа бірдей түсінікті бола алмайды. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тілі бар; әдеби шығарма сол тілде ғана туады. Бұл – көркем әдебиеттің халықаралық өрісіне біраз бөгеу, тіпті тұсау екені рас. Бірақ мұның есесіне, әдебиеттің тілі музыка тілінен гөрі нақты, театр тілінен гөрі затты: симфонияны тыңдаушының бәрі нақты түсіне бермейді,театр сахнасында бүгін кеште жүріп жатқан спектакльдің ертеңгі ұрпаққа мұра болып қалғандай қолға ұстар затты дерегі бола бермейді,ал әдебиетте екеуі де –нақтылық та,заттылық та бар.Бейнелеу,сәулет,мүсін өнерлері затты,нақты болғанымен жансыз,қимылсыз,ал әдебиет кез келген шындықты қимыл,қозғалыс үстінде құбылта,құлпырта көрсете алады.Дәл осы тұрғыдан алғанда ,сөз өнерін-бар өнердің басы, «өнер атаулының ең қиыны және күрделісі»(Бальзак), «ең жоғары түрі» (Белинский)десек, асырып айтқан болмаймыз.Қазақ халқының «өнер алды-қызыл тіл»деген білгір тұжырымы да тегіннен-тегін тумаған-ды.

Көркем сөз-құдыретті нәрсе! Оны әзілге саю да, оны әжуалау да – ақылдан кенде пенденің қылығы. Тарих мұнары бұлдыратып тастаған заманалар мен дәуірлерге қараңыз! Парасат дүниесінің биік шыңдары ғана ақыл ой аспанының алып тіреулеріндей қадау-қадау шаншылып тұрып қалған. Олар кімдер? Хан ба, патша ма? Жоқ, мен өнер иелері – ғалымдар жазушылар… Осы ғасырдың нақ басында А. С. Суволрин өзінің күнделік дәптеріне былай деп жазды: «Біздің патшамыз екеу: II Николай мен Лев Толстой. Екеуінің қайсысы күшті? II Николай Толстойға түк қыла алмайды, оны тақтан қозғай алмайды, ал Толстой ше: қаһарға мінсе, Николайдың тағын династиясымен қоса теңселтіп, төңкеріп түсіре жаздайтыны күмәнсіз».

Бұл арада сөз өнерінің адам қоғамындағы аса зор қуат күші жатыр.

Максим Горький 1912 жылы И. Д. Сургучевқа жазған хатында «Русьтегі ең жауапты және қиын қызмет» - патшаның қызмет емес, әдебиетшінің қызметі екенін айта келіп, «егер әдебиетші өзін шын мәнінде әдебиетшімін деп сезінсе, тек әдебиетші қалпында қалуын» талап еткен болатын. өйткені әдеби талант деген нәрсе – қолдан жасалмайтын, өзінде жоқ болса, өзгеден қарызға алу мүмкін емес, жер-жаһаннан қанша іздегенмен таптырмайтын нәрсе! «Ақындық оқуы» деген оқу да жоқ.
Әдебиеттер:


        1. Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.53-62 б.

        2. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 60—75 б.

        3. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – А., 1969.

        4. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1992, 2002

        5. Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.

        6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З.

        7. Шаңбаев А. 1996.Кәкішев Т. Қазақ әдеби сыны тарихы. А., 1994.

        8. Ахметов К. Әдебиеттану әліппесі. А., 2000.

        9. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А., Ана тілі, 1995.

        10. Атымов М. Көркем шығарманың композициясы туралы. А., 1969.

        11. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. А., 1966.

        12. Горький М. Әдебиет туралы. А., 1954, 1984.

        13. Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. А., 1994.

        14. Мәшһүр-Жүсіп К. Өлең – сөздің патшасы. А., 1991.

        15. Майтанов Е. Суреттеу мен мінездеу. А., 1995.

        16. Қабдолов З. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. А., 1996.


5- ЛЕКЦИЯ.

Тақырыбы: Сөз өнерінің жалпы мағанасы

Жоспары:

1.Сөз өнерінің эстетикалық мәні.

2.Қоғамдық сана..

3.Марксшілдердің әдебиет туралы пікірлері.
Сөз өнері жалпы мағанасындағы жай әдебиет емес, көркем әдебиет екенін тектен-тек деуге болмайды.Оның барлық эстетикалық байлығы әдеби шығарманың зкөркемдігі арқылы ғана жасалады. Суреткерлік шеберлік, шеберліктен туатын шедевр(көркемдіктің көкесі)... – осының бәрін тек қана осы арадан іздеу керек.Демек, әдебиеттің таным тарапындағы мәні де, тәрбие саласындағы мәні де, сайып келгенде, сөз өнерінің эстетикалық маңызына яки өнер туындысының көркемдік құнынына келіп тіреледі. Әйтпесе, өмірді ғылым арқылы да тануға болады; ал тәрбиенің ең үлкені оқу-білімде жатзқаны тағы даусыз. Адам баласына әдеби туындыдағы образдар жүйесі арқылы, дәлірек айтқанда, өнерге айналған өмір яғни өмірге айналған өнер арқылы тәрбие беру, таным қалыптастыру өз алдына айрықша бөлек! Оны сондай етіп ғылым да, білім де жасай алмайды. Көркем әдебиеттің күллі құдірет күші дәл осы арада жатыр.

Ендеше, сөз өнері – қоғамдық сананың әрі күрделі, әрі іргелі саласы.

Қоғамдық сана (идеология)дегеніміз белгілі бір таптың мақсаты мен мүддесіне сәйкес саяси, құқықтық, салттық, діни, көркемдік, философиялық көзқарастар жүйесі. Қоғамдық сананың басқа түрлері сияқты әдебиет пен өнер де жалпы ел “өмірінің ақиқат ағымы” (Маркс), яки материалдық(және соған негізделген рухани) тіршілік жағдайы болып табылатын әлеуметтік тұрмысына тәуелді. Міне, осы арадан келеді де марксшілдер көркем әдебиетті қоғамның белгілі бір даму дәуіріндегі экономикалық құрылымына яки базискенегізделген қондырма деп біледі.

Алайда мұның өзі сөз өнерінің эстетикалық табиғатына көп ретте кереғар келеді.

Алдымен әмбеге аян, қондырма мәңгілік емес, базиспен бірге

жоғалып кетеді. Ал, әдебиет ылғи олай бола бермейді. Айталық арғы ғасырдағы базис жоғалды, бірақ сол тұста туған Пушкин, Абай шығармалары әлі өмір сүріп келеді және өмір сүре бермек.

Содан соң, жұртқа мәлім, қондырма базисті нығайтуға тиіс. Ал, әдебиетте ылғи олай бола бермейді. Айталық, Пушкин, Абай шығармалары өз кезіндегі феодалдық базисті нығайтуға емес, әлсіретуге қызмет етті.

- Демек, - деп қортады марксшілдер, - әдебиет – қондырма.

Неге?

Мәселенің ең бір шытрман, қат-қабат, айтыс пен тартысқа толы күрделі жайын осы сұрақтың жауабынан байқауға болады.



          • Бәрінен бұрын, - дейді марксшілдер, - әдебиет қоғамдық сананың түрі ретінде әр дәуірдің өз базисімен бірге туады(?): феодализм өз әдебиетін, капитализм өз әдебиетін, социализм өз әдебиетін туғызады. Тіл олай емес, дәуірге де, дәуірлік базиске де тәуелсіз.

Әдебиет өзінің әлеуметтік табиғатында базиске, тап тағдырына, қоғамдық құрылыс тағдырына енжар қарай алмайды, оларды жақтайды, я даттайды; олардың я дамуына ықпал жасайды, я құлдырауына әсер етеді. Тіл олай емес, олардың бәріне бірдей ортақ және бейтарап.

          • Әдебиетті, - дейді марксшілдер, тіл сияқты, қоғамдағы барлық тап бірге жасамайды, әр тап белгілі тарихи жағдайға сай өз әдебиетін туғызады.

Әр дәуірдің әдебиетінде өз дәуірінің ізі сакйрап жатады, әрбір әдеби туынды тек өз дәуіріне ғана тән. Демек, әдебиет – тіл сияқты бірнеше дәуірдің жемісі емес, бір ғана дәуірдің жемісі.
Әдебиеттер:

  1. Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.53-62 б.

  2. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 60—75 б.

  3. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – А., 1969.

  4. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1992, 2002

  5. Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.

  6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З.

  7. Шаңбаев А. 1996.Кәкішев Т. Қазақ әдеби сыны тарихы. А., 1994.

  8. Ахметов К. Әдебиеттану әліппесі. А., 2000.

  9. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А., Ана тілі, 1995.

  10. Атымов М. Көркем шығарманың композициясы туралы. А., 1969.

  11. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. А., 1966.

  12. Горький М. Әдебиет туралы. А., 1954, 1984.

  13. Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. А., 1994.

  14. Мәшһүр-Жүсіп К. Өлең – сөздің патшасы. А., 1991.

  15. Майтанов Е. Суреттеу мен мінездеу. А., 1995.

  16. Қабдолов З. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. А., 1996.


6- ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Әдебиеттің халықтығы, ұлттық сипаты.

Жоспары :

1. Көркем әдебиет туралы ұғым.

2. Көркем әдебиет пен өнердегі шарттылық мәселесі.

3.Көркем әдебиеттің халықтығы.

4.Әдебиеттегі таптық мәселе.
Әдебиеттің халықтығы – тарихи категория. Прогрессшіл азаматтың жалпы көркемдік даму тарихының әр кезеңінде бұл ұғым әр сипатта болды. Мұны бір тұста Пушкин де ескерткен : “Бірқыдыру уақыттан бері біздің арамызда халықтық жайлы сөз қозғау, халықтықты талап ету, халықтықтың жоқтығына қынжылу әдетке айналды. Бірақ халықтық деген сөздің мағынасы не ? Оны анықтау ешкімнің ойына келмей жүр”.

Шынында да солай еді. Бір ғана орыс әдебиетінің соңғы бір – екі ғасырдағы тарихына көз салсақ, бұл әдебиеттің халықтрығы жайлы әр білгіштің пікірі әр тарап екенін көреміз.

Өнердің кәусар туындысы халық өмірінің терең және мөлдір қайнарынан шымырлап шығады да, сол халықтың өзінінің рухани сусынына айналады. Горькийде мынадай нақыл бар : “Зевсті халық жасаған, Фидий тасқа қашаған”. Рас – ақ. Шын мәніндегі өнерде халық даналығының таңбасы жатады. Демек, өнердің әлгідей жасампаз күші оның халықтан туып, халық қажетіне жарауында жатыр. Жер бетінде халық бар болса, халық өмірімен біте қайнаған, халық мақсатына қылтқысыз қызмет ететін өне де бар. Әдебиет пен өнердің халықтығын, міне, осы тұрғыдан таныған жөн.

Халықтық деген ұғымды тұңғыш рет өткен ғасырдың бас жағында П. А. Вяземский ұсынды. Оның 1825 жылы А. С. Пушкиннің “Бақшасарай фонтанына” алғы сөз ретінде жазған “Кітап бастырушы мен классиктің кеңесуі” деген мақаласында классик “Сөз өнеріндегі халықтық деген не ? Бұл фигура Аристотель пиитикасында да, Гораций пиитикасында да жоқ қой”, - десе, кітап бастырушы “Гораций пиитикасында жоқ, бірақ шығармаларында бар”, - дейді. Бұл – құнды пікір.

Сайып келгенде, әдебиеттің халықтығытуралы топшылауларды түрлаулы түсінік қып қалыптастырған В. Г. Белинский болды. Халықтық дегенді ол альфа мен омега деп ұқты, нағыз көркем творчество бұдан ешқашан ажырай алмайды деп білді. Белинскийдің пікірінше, әдебиеттің өзі, бәрінен бұрын, “халық санасы”, “халықтың рухы”. Сонымен қатар ұлы сыншы “көп ретте халық деген сөздің барып тұрған мағынасыз сөзге айналатынына” қынжыла кеп, халық атын жамылып, құр күпсіген желбуаздарды қатал сынға алған еді.

Халықтық - әдеби шығарманың терң мазмұнында жатқан түсінік. Халықтық шығарманың тақырыбынан, белгілі бір тақырып арқылы автордың алға қойған мақсатынан бастап, көркемдік шешімге дейін баратын қаһарманның мінезін, дүниетанымын, іс - әрекетін қамти келе автордың тілі мен стиліне, бағыты мен әдіміне, эстетикалық идеалына көшетін ұғым. Халықтық – ақындық қайнары, сөз өнерінің тамыр тартар топырағы. “Өнер – халықтікі, - деген еді Ленин Клара Циткинге, - еңбекшілердің қалың бұқарасы арасына ол мейлінше терең тамыр жаюға тиіс, осы бұқараға түсінікті және ұнамды болуға тиіс ; осы бұқарының ой – сезімінжәне жігерін біріктіріп, оларды алға ұмтылдыруы керек”.

Халықтық сипат ең алдымен белгілі бір көркем шығармада бүкіл халықтық мәні бар мәселенің көтерілуінде жатады. Айталық, Абай өзінің бүкіл ақындық өнерінің өн бойында өзінің туған халқы үшін заманының ең келелі мәселелерін көтеріп отырды. Ұлы ақынның реализмі мен гуманизмін өз алдына қойғанда, биік эстетикалық идеал тұрғысынан өзі өмір сүрген қоғамдық ортадағы керенаулық пен кеселді, оспадарлық пен опасыздықты сынау арқылы қазақ даласындағы феодализмнің дағдарысын көрсетуі – бүкіл халықтық күрделі мәселені көтеруі болатын. Абай халықтығының бір шеті осында жатыр.

Халық үшін маңызды мәселені көтеру бао да, оны халық тұрғысынан шешу не шешпеу бар. Демек, халықтықтың екінші шарты – көркем шығармада суретелген шындық алға тартқан келелі мәселені халық мақсаты мен мүддесіне сай шешу. Тағы да Абайдың ақындығын мысалға алуға болады. Ұлы ақын өзінің барлық көркем туындылары арқылы оқушы жұртты алға. Арманға бастады, жарқын келешекке шақырды. Жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа сүйсіндіре келе биік мұратқа меңзеді. Абай халытығының екінші бір жағы – осында жатыр.

Жоғарыда жұрт мойындаған белгілі қағиданы еске салып, біз онда өнердің қалың бұқараға жақын, ұғымды болу керектігін білдік. Дәл осы арада халықтың тағы бір сыры тұр. Нағыз халықтық шығарма халыққа жетімді, түсінікті болуы шарт. Талант неғұрлым ірі болса, соғұрлым қарапайым болатыны, көркем шығарма неғұрлым шебер жазылса, соғұрлым ұтымды болатыны мәлім. Абай өлеңдері даладағы қойшыға да, қаладағы ойшыл ғалымға да бірдей жетімді, екеуіне бірдей әсер етеді.

Сонымен, әдебиеттің халықтығы – оның халықтық ірі мәселелерді халыққа жетімді түрде шебер, халық мүддесіне сай көркем жинақтау болып табылады.


Әдебиеттер:

  1. Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.53-62 б.

  2. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 60—75 б.

  3. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – А., 1969.

  4. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1992, 2002

  5. Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.

  6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996.

  7. Кәкішев Т. Қазақ әдеби сыны тарихы. А., 1994.

  8. Ахметов К. Әдебиеттану әліппесі. А., 2000.

  9. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А., Ана тілі, 1995.

  10. Атымов М. Көркем шығарманың композициясы туралы. А., 1969.

  11. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. А., 1966.

  12. Горький М. Әдебиет туралы. А., 1954, 1984.

  13. Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. А., 1994.

  14. Мәшһүр-Жүсіп К. Өлең – сөздің патшасы. А., 1991.

  15. Майтанов Е. Суреттеу мен мінездеу. А., 1995.

  16. Қабдолов З. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. А., 1996.


7- ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ : Суреткер және қоғам.

Жоспары :

1.Жазушының қоғаммен байланысы.

2.Көркем әдебиеттегі заман көрінісі.

3. Жазушы шеберлігі.

Әдебиет - өнердің бір түрі, сөз өнері дедік. Ал өнер жайлы сөз қозғап, сол өнерді жасаушы шебер жөнінде үндемей өтуге болмайды.

Әрине, бұл – тым күрделі мәселе. Мұны жан – жақты сөз ету творяествоның психологиясын байыптау болып табылады. Ал творчествоның психологиясы - өз алдына жеке пән (предмет). Демек, әдебиеттің теориясы мен творчествоның психологиясын шатастырмау керек.

Дегенмен суреткер кім, оның қоғамдық тұрпаты, тұлғасы қандай ? Талант табиғаты деген не ? Мұны жауапсыз қалдыру жөнсіз.

Талант атаулы қашаннан халық құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленген.

Асылы, суреткер сипатын оның азаматтық рухынан, қоғамдық бітімінен бастаған жөн.

Тума көркемдік қабілет кез келген кісі де бар. Олай болмаса, кез келген кісі өнерді де, көркем әдебиетті де жан – жүрегімен қабылдап, сезіне, түсіне алмас еді. Дегенмен матералистік эстетика нағыз суреткерге тән бірнеше ерекшеліктерді тізіп, талап, сол арқылы талант табиғатын сипаттайды.

Ол қандай ерекшеліктер ?

Біріншіден, сезім. Нәзік сезімталдық. Өзін қоршаған өмірден әрқашан тың құпиялар іздеп, айрықша әсер алу, көз алдындағы құбылыстарды ерекше сезіну, нәзік түйсіну, сезінген – түйсінген шындығына бейтарап қала алмай, тербеле тебірену, көкірегінде көл – көсір сыр ұялату, - бәрінен бұрын, - ақынға тән қасиет. Ал суреткер, - бәрінен бұрын, - ақын. Бұл ерекшелікті “Гетенің қазынасы” деген өлеңінде Баратынский дәл суреттеген :

Жасыл шөптің тілін ұғып кезінде

Жапырақтың сәл дірілін сезінген,

Жұлдыздармен жымыңдасқан, ымдасқан,

Жал толқынмен ақылдасқан, мұңдасқан.

Жаратылыс – табиғатпен бір туған

Жан еді ол кеудесіне нұр тұнған,

Одан бүгін қалған адам сыры жоқ !

Мұншалық тамаша эмоция ірі таланттың табиғатындағы аса мағыналы сипат екені даусыз : Пушкин мен Абай, Достоевский мен Әуезов, Маяковский мен Мұқанов ... – бәрінде де сондай ерекшелік болған.

Екіншіден, бақылау. Жіті бақылағыштық. Нәзік сезім көреген, дәл бақылауымен ұштасып жатады. Көрмесе, сезім қайдан болмақ. Мұның өзі талант табиғатына тән сезімталдықтың ақиқат шындыққа, өмірдің өзіне негізделген мазмұнын танытпақ.

Үшіншіден, қиял. Творчестволық фантазия. Бақылап білген, сезген шындықты кең өріске шығаратын қанатты творчестволық қиял – таланттың серігі. Мұның өзі ойдан шығара білушілік. Ал ойдан шығару жоқ жерде жалпы әдеби шығарма болуы мүмкін емес. Гегель: “... суреткердің творчестволық фантазиясы – ұлы ақыл мен жүрек адамының фантазиясы”, - десе, Ленин де фантазияның барлық творчествоға тән сипат, ұлы қасиет екенін айтқан : “Тіпті, ең бір дәл ғылымның өзінде де фантазия роль зор екенін жоққа шығару бекер”...

Төртіншіден, интуиция. Мәселен, өлең жазу – есеп шығару емес. Есеп шығаруда белгілі ереже, амал, тәсіл болса, өлең – ішкі терең, табиғи тербелістің, тебіреністің нәтижесі. Бұл арада да ақынды салқын ақыл емес, ыстық сезім билемек.

Бесіншіден, өмірбаян. Ғұмырнама. Тәжірибеде молдығы. Тіршілікте көрген-білгені, ұққан – түйгені көп адамның таланты да күшті, мықты. “Өмірі мазмұнды кісінің творчествосы да мазмұнды” болатынын Ибсен біліп айтқан.

Алтыншыдан, парасат. Сананың саралығы. Құр соқыр сезіммен, бір ғана интуициямен ұзаққа, билікке шырқау мүмкін емес. Шын талантқа шындықтың парқын білетін сарабдал сана, мол парасат керек. Бүгінгі буржуазиялық эстетика бұған қарсы, суреткердің саналылығын емес, сәбилігін жақтайды, өмірдің қайшылығын көрмеуін қалайды.

Жетіншіден, шеберлік. Нағыз маман суреткерге тән кәсіби шеберлік болмаған жерде суреткерлік даналық та жоқ. Даналық – еңбек сүйгіштік. Талант – бәрінен бұрын еңбек, содан соң батылдық деп те тегіннен – тегін айтылмаған. Қатал тәртіп, азабы ауыр еңбек жоқ жерде жібі түзу қаламгер де болмақ емес.

Өнердегі шын шеберлікке апарар жол – шыдамды еңбек, дилетанттыққа (үстірттікке) – шыдамсыз шалағайлық. Шын шебер шеберленген сайын қинала, терлей түсуге тиіс. Ал шеберлік шексіз. Бұл туралы әйгілі жапон суретшісі Хокусай былай деген : “Алты жасымнан – ақ айналамнан не көрсем, соның бәрінің суретін сала беруге талпындым. Жарты жүз жыл ғұмыр сүріп, көп гравюра жасадым, бірақ біріне көңілім толған жоқ. Құстың, балық пен өсімдіктің дәл түр – тұрпаттарын қандай болатынын жетпістің үшеуіне келген соң ғана аздап ұға бастадым. Сондықтан жасым сексенге жетпей өнерім өсіп – жетіліп болар емес. Тек тоқсан жаста ғана күллі дүниие құпияларын тереңірек түсіне алсам керек. Өзім жүзге жеткенде ғана өнерім әбден жетілер деп жүрмін, ал егер жарық дүниеде жүз он жыл жасадым бар ма, қаламым тиген жердің бәрі аумаған өмірдің өзі болар да шығар еді”.

Сегізінші. Шабыт. Шалқыған шабыт болмайынша, шеберліктен де ештеңе шықпайды. Шабытсыздық, қабілетсіздік, қабілетсіздік- дарынсыздық, дарынсыздық – талантсыздық. “Ең арғы жағы геометрияға да шабыт керек” (Пушкин). Адам биік мақсатқа, асыл мұратқа іс жүзіндегі шабытты еңбек арқылы ғана жетпек. Суреткердің шабыты кең көлемдегі халық мүддесіне негізделуге, ақиқат өмірге тамыр тартуға тиіс. Сонда өнер өзінің биік мағынасын табады. Өйткені нағыз шалқар шабыт, творчестволық құлшыну мен құштарлық, Станиславский айтқандай, суреткердің өнердегі өзін сүюін емес, өзіндегі өнерді сүюінен туады.
Әдебиеттер:


  1. Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.53-62 б.

  2. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 60—75 б.

  3. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – А., 1969.

  4. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1992, 2002

  5. Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.

  6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996.

  7. Кәкішев Т. Қазақ әдеби сыны тарихы. А., 1994.

  8. Ахметов К. Әдебиеттану әліппесі. А., 2000.

  9. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А., Ана тілі, 1995.

  10. Атымов М. Көркем шығарманың композициясы туралы. А., 1969.

  11. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. А., 1966.

  12. Горький М. Әдебиет туралы. А., 1954, 1984.

  13. Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. А., 1994.

  14. Мәшһүр-Жүсіп К. Өлең – сөздің патшасы. А., 1991.

  15. Майтанов Е. Суреттеу мен мінездеу. А., 1995.

  16. Қабдолов З. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. А., 1996.



8- ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселелері

Жоспары :

1.Образ және көркем образ.

2.Көркем образдың жасалу жолдары.

3. Көркем бейненің әдебиетттің тегіне қарай түрлері
Мәселен образ деген не?

Образ – бейне. Ол ненің бейнесі? Ол барлық нәрсенің бейнесі бола алады. Мысалы, көркем әдебиетте заттың, хайуанаттың, табиғаттың, адамныңның және де басқалардың бейнесі көрінеді. Көркем әдебиет негізінен адам образын тұлғалантуға бой ұрады, адамдар арасындағы қоғамдық тартысты көрсетеді. Сондықтан шығармадағы негізгі образ адам образы болуға тиіс, бастр көңіл соны тұлғалы, толықтыра жасауға аударылуы қажет. Шығарманың ішінде басқа нәрселердің де образдары болатындығын айттық, бірақ олар адам образын жасауға көмектеседі, пейзаж да, басқа түрлі заттар бейнесі де сол қосымша қызметті атқарады.

Адам образын жасау үшін жазушы сол образды жасай алатын сапалы материал қарастыруы қажет. Ол материал - әрекет, оқиға, тартыс. Адам образын ол тетіксіз жасауға болмайтынын, нашар мінездеумен характер жасап шығару дәстүрі дұрыс еместігін ескеру қажеттірек.

Образдың екі мәні бар : тар мағынасы және кең мағынасы. Образдардың тар мағынасы деп., ең тар көлемде жасалған образды айтады. Мысалы, “Шығыс алауланып келеді” деген бір сөйлемнен образ жасалып тұр, бұл – тар көлеммен – ақ жасалған образ.

Образдың кең мағынасы деп., әдебиеттің, қала берді, көркем өнердің өмірді тек образ арқылы бейнелейтінін айтамыз. Демен, әдебиет өмірді тікелей танымайды, қара дүрсін түсіндірмейді, оны образ жүйесімен бейнелейді. Демен, әдебиеттер көркемдік образдар жүйесі арқылы ғана өмір таниды.

Чернышевский әдебиетті “өмір оқулығы”, Горький, “адам тану ғылымы” деді. Демек, әдебиеттің негізгі материалы адам екені – ол да белгілі. Бір көркем әдебиеттік шығарманың адам атымен аталатыны да – содан. Осының барлығы келіп, әдебиетте негізгі нәрсе – адам образы, дңегенді анықтай т үседі.

Образдың екі жағы, екі қыры болады. Ол – образдың жалпылығы мен жалқылығы. Адамның қоғамдық және жеке бастық жағы болады. Мынау соған сәйкес. Адамның жалқылық жағы – оның жеке бастық қасиеті. Образдың сапалы болуын оның даралығы қамтамассыз етеді, жалпылығы деп. – барлық образда оның қай топқа жататындығы. Образдың неғұрлым даралық жағы кошті болса, ол сол құрлы өміршнң, әсерлі келеді. Жаңа образ өзінің тыңдығымен, ерекше әсерлігімен әдебиетте бұрын көрінген образға ұқсамай тұруы қажет. Олай болмағанда, әдебиет өспейді, шығарма сапаланбайды. Шығарма оқиғасы жаңа тың болмаса, ол жаңа шығарма да емес, бұрынғы бір шығарманың көшірмесі, ұқсасы болады. Сондықтан образды образ ететін нәрсе – оның жалқылық жағы, даралығы. Ол тікелей әрекеттің, образ жасайтын әректеттің тыңдығына байланысты. Образдарда әрекет болмай, ол кошті болмай, ол тың болмай еш уақытта толыққанды образ шықпақ емес.

Адамның образы қалай және неден жасалады?

Адамның образы харектерден тұрады, характер - әр адамның рухани, психологиялық ерекшелігі; характерлер – образдың бір қыры, бір образ сандаған характерден құралады. Ол ерекшелік адамның жүрісі, тұрысынан, әрекетінен, ой өрісінен, мәдениетінен көрінеді.

Характер туралы әдебиет қайраткерлерінің пікірін тыңдалық.

Характер дегенді осыдан екі мың жыл бұрын Аристотель шешіп қойып еді. Біз оны әлі түсінбегенісп келеміз.

Ал “характер” дегеніміз – бейнесінен ырықтың бағыты көрінетін нәрсе. Ырықтың бығыты тек әрекетпен ғана айқындалады.

“Кейіпкерлердің психологиясынан көрінетін жаңа ерекшеліктер, сөз жоқ, олардың істерінен, әрекеттерінен жаралуы тиіс” “Ұлы характердің абыройы – олар “кінәлі” болады” (Лаврецкий).

“Характердің қозғалысы драмадағы әрекеттердің өсуімен тығыз байланысты (В. Блок). Демен, характер әрекеттен шығады да, соның дмауымен өседі. “Идея мен характер кездесіп қалса, онда адамды жылдар бойы таңдандырып тұратын құбылыс шығады” (Гете).

Бұл не деген сөз? Жазушылар характерді әрекетпен бере алмай келетінін айттық. Ал егер жазушы оны тың әрекетті етіп бере алса, ол тың әрекетті әкелген характерге жақсы идея тап болып, екеуі бір жерден шықса, онда адам баласының мәңгілік есінде қалатын шығарма жасалады, деген сөз. Ондай характер бұрын көрінбеген, ерекше әсерлі әрекеттің қуаттылығына байланысты ғана өмірге келеді. “Характер дегініміз – жетілдіре тәрбиелеген ырық” (Р. Эмерсен).

Характер қай уақытта дараланады?

Ол өзінгші бір әсерлі әрекет жасаса, тың әрекет иеленсе және ол әрекет бұрынғы көрінген әдебиеттік характерлердің әрекеттеріне ұқсамай, жаңа тұлғамен көрінсе, сонда ғана ол дараланған характер бола алады. Оның еткен әрекеті басқа біреудің әрекетіне ұқсап тұрса, онда дараланған болмайды, сол бұрынға жасалған образдан көшірген тұлға болады. Ол жазушы көшірмек Тагіл, ол кітапты оқымаған болуы да мүмкін (нашар жазушылардың көбі кітап оқымайтын болады). Бірақ анау жасалаған образ сонда да дараланған болмайды, ал жазушы бәрі – бір, “содан көшіреді” деген кінәдан тазаланбайды.

Сөйтіп, “нағыз образ” деген сөздің ішіне бірнеше характер енуі керек. Және сол характерлердің бәрі дараланған болуға тиіс, оны, Горький сөзімен айтқанда, “Жан – жақты жетілген образ” дейді.


Әдебиеттер:

  1. Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.53-62 б.

  2. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 60—75 б.

  3. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – А., 1969.

  4. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1992, 2002

  5. Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.

  6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996.

  7. Кәкішев Т. Қазақ әдеби сыны тарихы. А., 1994.

  8. Ахметов К. Әдебиеттану әліппесі. А., 2000.

  9. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А., Ана тілі, 1995.

  10. Атымов М. Көркем шығарманың композициясы туралы. А., 1969.

  11. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. А., 1966.

  12. Горький М. Әдебиет туралы. А., 1954, 1984.

  13. Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. А., 1994.

  14. Мәшһүр-Жүсіп К. Өлең – сөздің патшасы. А., 1991.

  15. Майтанов Е. Суреттеу мен мінездеу. А., 1995.

  16. Қабдолов З. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. А., 1996.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет