Лекция : 30 сағат Семинар: 15 сағат обсөЖ: 45 сағат СӨЖ : 45 сағат Барлық сағат саны : 135 сағат



жүктеу 1.82 Mb.
бет5/13
Дата28.04.2016
өлшемі1.82 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл

9- ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Көркем шығарма.

Жоспары :

1.Мазмұн туралы ұғым.

2.Көркемдік түр.

3.Көркемдік деталь.

Көркем шығарма – нағыз суреткер әрекеттің нақты нәтижесі, әдеби еңбектің көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын затты дерегі. Сәтті шыққан көркем шығарма – бір жазушы келесіндегі ғана емес, бүкіл әдебиет көлеміндегі кесек құбылыс, бүкіл өнер әлеміндегі тұрлаулы тұлға дейтін болсақ, образ – осынау өнер туындысындағы көп тұлғалардың бірі.

“Жекелеген образ ұнай ма, жоқ па, мәселе мұнала емес, - дейді Гете, - жалпы кітіп най ма, жоқ па, гәп осы арада жатыр”.

Кітап демекші, сөздің шыны керек, кітап атаулының бәрі көркемшығарма емес. Гете айтқандай, халыққа қалтқысыз ұнайтын, оған эстетикалық сусын болатын, оның көркем дамуында кәдімгідей тың адым, жаңа саты боп табылатын кітап қана – көркем шығарма. Ал мұндай “ақылды, жақсы шығармлар саусақпен санарлық та, сүреңсіз, шала – жансар кітаптар шаш етектен” (М. Шолохов) екені тағы да рас. Талап талғамы биік бүгінгі мәдениетті оқырман өнер туындысынан тануға, бағалауға, “көбіктен толқынды” дұрыс ажыратуға, міне, осы түсініктер тұрғысынан келуі шарт.

Шын мәнісіндегі өнер туындысы кейбір кездейсоқ жарық көріп жүрген әрі – сәрі әлденелер секілдлі ақыл жетімдігі мен сезім мүгедектігінен емес, адам бойындағы асыл қасиеттер мен сұлу сипаттардан түзелер болар. Сонда ғана көркем шығарма қалың көпке белгілі бір халықтың өзіндік өзгеше бітімін, мінезін танытып, оларға өмірдің тың құпиясын ашып бере алады.

Мазмұн мен пішін – күрделі мәселе, іргелі философиялық ұғым. Мазмұн мен пішін – тек өнер ғана емес, өмірдегі ақиқат шындықтағы кез келген затқа және құбылысқа тән нәрсе.

Мазмұн мен пішін ең алдымен бір – бірінен айрылмас байланыста, бірлікте ; бірінсіз бірі жоқ, яғни мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз мазмұн жоқ.

Пішінді алайық. Пішін дегеніміз – бір нәрсенің пішіні ; басқа ережесі жоқ. Осының енді ішкі қасиеті, анықтамасы бар, ол – мазмұн.

Мазмұнды алайық. Мазмұн дегеніміз – бір нәрсенің мазмұны ; басқа ережесі жоқ. Осының енді сыртқы қасиеті, анықтамасы бар, ол – пішін.

Мазмұн мен пішіннің бірлігі осының өзінен – ақ анық көрініп тұрғандай. Мазмұн пішіннің ішкі қасиеті, пішін мазмұнның сыртқы анықтамасы болғанджа ғана әрқайсысы өзін - өзі айқындай алады. Жалғыз – ақ осынау мазмұн мен пішіннің бір – біріне ауысу, көшу процесінің негізінде мазмұн жататынын ұмытпау керек. Қандай жағдайда болсын, әуелі мазмұн туады да, өзін анық айқындау үшін өзіне пішін іздейді. Демек, мазмұн мен пішінні мызғымас бірлігінің негізінде мазмұнның пішіннен басымдығы (примат) жатады деп ұққан жөн.

Енді осы ұғымды көркем әдебиетке көшіріп көрелік.

Әдебиеттегі мазмұн мен пішін деген не ?

Бұл арада тағы да біз сөз өнерінің қоғамдық санаға қатысын, әдебиеттің обьектісі - өмір, предметі – адам екенін, өмір шындығынан тыс, адам тағдырынан сырт өнер туындысы болмайтынын еске түсіреміз. Сана – шындықтың сәулесі болса, адам санасының мазмұны – сол адам таныған шындық екені мәлім. Сонда әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмңр де, пішін – осы шындық тұтатырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яки әдеби қаһармендар өмірі екенін түсіну қиын емес.

Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің бірлігі дегеніміз сөз өнеріндегі орасан зор маңызды заңдардың бірі, өнер туындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай бболып табылады. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің бірлігі – оның етене бүтіндігі, эстетикалық бағалылығы.

Әдебиеттегі мазмұн мен пішін дегенді белгілі бір көркем шығармадағы затты деректерге көшірсек, былай болар еді : шығарманың мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні - әдеби қаһармандардың өзара қарым – қанынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы – суретті сөзі, яки көркем шығарманың тілі.
Әдебиеттер:


  1. Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.53-62 б.

  2. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 60—75 б.

  3. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – А., 1969.

  4. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1992, 2002

  5. Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.

  6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996.

  7. Кәкішев Т. Қазақ әдеби сыны тарихы. А., 1994.

  8. Ахметов К. Әдебиеттану әліппесі. А., 2000.

  9. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А., Ана тілі, 1995.

  10. Атымов М. Көркем шығарманың композициясы туралы. А., 1969.

  11. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. А., 1966.

  12. Горький М. Әдебиет туралы. А., 1954, 1984.

  13. Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. А., 1994.

  14. Мәшһүр-Жүсіп К. Өлең – сөздің патшасы. А., 1991.

  15. Майтанов Е. Суреттеу мен мінездеу. А., 1995.

  16. Қабдолов З. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. А., 1996.



10- ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Көркем шығармадағы тақырып пен идея бірлігі.

Жоспары :

1.Мазмұн мен пішін бірлігі.

2.Тақырып пен идея.

3.Идеяның түрлері.
Әдеби шығарма туралы әңгімен тақырыптан бастаған жөн. Өйткені тақырып - өнер туындысының іргетасы. Үйдің қабырғасын салып, төбесін жаппас бұрын іргетасы қаланатыны секілді, көркем шығарманың туу процесі де тақырыптан басталатыны даусыз. “Бәрінен бұрын тақырып пайда болады, - дейді Валентин Катаев, - пайда болады да, жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, болашақ пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді”.

Өнер өмірден туатын болса, суреткердің өмірден ең алдымен іздеп табары - өз шығармасының тақырыбы. Ал “тақырып дегенің ұйықтаған балық сияқты қарнын жоғары қаратып, өмірдің бетінде қалқып жүрмейді. Тақырып – тереңде, ағыс арасында, нағыз тұнық және тегеурінді иірімдер ішінде ; оны сол арадан іздеп таба біл, дөңбекшіген толқын, сарқырама сел астынан тауып ала шығы біл”. Демек, тақырып табу – бір күннің не бірер әрекеттің шаруасы емес, жазушының бүкіл қаламгерлік қимылының өн бойында жататын, творчестволық процестің барлық кезеңдеріне бірдей ортақ жұмыс. Егер творчестволық процестің үш түрлі (материал) жинау, жиналған материалды қорыту, қорытылған материалды жазу кезеңі бар десек, тақырып осынау үш кезеңнің өн бойында тұтас желі тартып жатады.

Сөйтіп, осы айтылғандарды әдебиет теориясының тіліне салсақ, жазушының шындық бомыстан таңдап, талғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дер едік.

Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын береді ; ол бағада жазушының дүниеге көзқарасы, таптық идеалы жататыны сөзсіз. Себебі “Әдебиетші – таптың көзі, құлағы және үні. Ол өз табының көңіл күйін, тілегін, қамын, үмітін, құштарлығын, мүддесін, қасиетін қабылдайды, қалыптастырады, суреттейді”.

Осы айтылғандарды әдебиет теориясының тіліне салсақ, егер тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы дер едік.

Анығырақ айтқанда, жазушы өзі бейнелеп, суреттеп отырған өмір құбылыстары арқылы оқырман назарын неге айдарса, қайда бағыттаса, сол – идея !

Идеясыз шығарма болмайды және болуы мүмкін емес.

Мазмұн мен пішіннің байланысы секілді тақырып пен идея да әрқашан бірлікте болады. Тақырыптан идея, сондай – ақ идеядан тақырып туып жатады. Идеясыз тақырып, тақырыпсыз идея болуы мүмкін емес.

Бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені негізгі идея дейміз. Бұл жайтты байыптап қарасақ, шығарманың негізгі идеясына айналған өзекті мәселе ондағы з бетімен жеке – жеке өрбіген өзге мәселелерді жоққа шығармайтынын, қайта өзі солардан тұтасып құралатынын, керісінше, жеке мәселелер өзекті мәселені әлсіретпейтінін, қайта толықтыратынын аңғару қиын емес. Әрбір көркем шығарманың жалпы “өнер туындысында азаматтық правосы бар өзекті мәселесі” (Короленко) – негізгі идеясы, міне, осылай қалыптасады.

Тенденция – орасан мәндес нәрсе. Тенденция – шындықты суреттеудегі қаламгерге тән құштарлық, оның қоғамдық көзқарасының тұғыры, ой өзегіндегі мығым принцип Бұлар жоқ жерде пафос жоқ, ал пафоссыз шығарма – отсыз, жалынсыз нәрсе. Өмірдегі опасыздық жайлы жазғанда Гоголь оны әрқашан өзіне “нағыз жан түршігер зәбір берген қас дұшпан кейпінде суреттеуге бар күшін салған”. Суреткер табиғатындағы бұл секілді мызғымас, мықты тенденцияны Бальзак бас ұра қадірлеп, “жазушыны жазушы ететін қастерлі нәрсе – принципке жан – тәнімен берілу” деп білген. Ал Белинский болса “поэтикалық идея - силлогизм де, догмат та, ереже де емес, жанды құштарлық, жалынды пафос” екенін ашып айтқан.

Авторлық идея – суреткердің о бастағы ой өзегі ; обьективтік идея – нақты шығармадан туатын мақсатты нәтиже. Бұл екуі ылғи бірдей бола бермейді. Дәлірек айтқанда, автор өзінің ойға алғанын жазу үстінде дәл өз ойыдағыдай жиақтай беруі қиын. Кейде тіпті авторлық идеяға обьективтік идея керағар кеп, қарама – қарсы шығуы да мүмкін.

Тақырып пен идея - әдеби шығарманың мазмұны. Ал әдеби шығарма мазмұнды болуы үшін, Ибсен айтқандай, әдебиетшінің өмірінің өзі мазмұнды болу қажет. Көркем творчество суреткердің өмір тарихымен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір қалам иесі шығармаларының тақырыбын байыту үшін, алдымен, өзінің өмір тәжірибесін байыта түсуге тиіс. Ол үшін қаламгер өмірмен қоян – қолтық араласып, жиі – жиі сапарға шығып, халықтың қалың ортасына сіңіп кетуге тиіс.


Әдебиеттер:

  1. Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.53-62 б.

  2. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 60—75 б.

  3. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – А., 1969.

  4. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1992, 2002

  5. Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.

  6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996.

  7. Кәкішев Т. Қазақ әдеби сыны тарихы. А., 1994.

  8. Ахметов К. Әдебиеттану әліппесі. А., 2000.

  9. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А., Ана тілі, 1995.

  10. Атымов М. Көркем шығарманың композициясы туралы. А., 1969.

  11. Майтанов Е. Суреттеу мен мінездеу. А., 1995.

  12. Қабдолов З. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. А., 1996.



2-кредит
11- ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ :Көркем образдың түрлері.

Жоспары :

1.Образ және көркем образ.

2. Көркем бейненің әдебиетттің тегіне қарай түрлері.
Образдың жасалу тәсілдеріне лайық оның түрлері туады. Образдың жасалу тәсілдерінің әр алуандығы сияқты, оның түрлері де әр алуан.

Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі : эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Ал жасалу тәсілдеріне бақсақ, образ тағы да бірнеше түрге : юморлық образ, сатиралық образ, фантастикалық образ, трагедиялық образ, геройлық образ. Т.б. Осылардың әрқайсының өзіне тән ерекшеліктері бар, оны білу әдебиетшіге ауадай қажет.

Әдебиеттегі көркемдік әдіс, негізінен екі түрлі (романизм, реализм), бұл мәселеге біз осы еңбегіміздің ақырғы тарауында арнайы тоқталамыз. Бұл жолы тек осынау көркемдік әдіс тұрғысын анықтағандығы образдың екі түріне, бұл екеуінің ерекшелігене ғана азырақ назар аударып өтпекпіз.

Романтикалық образ - әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлеренің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, оның “әрі өнген топырағы, әрі байлық қоры” боп табылатын мифте, қала берсе, қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр.

Реалистік образ - әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Мұның сымбаттылығы да, шынайылығы да шыншылдығында ; бұл – кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын – соңды белгісіз тың қырынан көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип. Дұрысында, образ атаулының айырықша мағыналы, мәнді түрі де осы – реалистік образ. Өйткені бұл образдың эстетикалық идеалы – романтикалық образдағыдай бұлыңғыр емес, анық, адам қолы жетпейтін тым асқақ, алыс емес, қолмен ұстап, көзбен көргендей затты әрі жақын нәрсе. Сондықтан реалистік образдың эстетикалық – тәрбиелік мәні де, қоғамдық - өзгертушілік күші де айырықша үлкен.

Көркемдік әдіс секілді, әдебиеттің тегі туралы мәселені де біз осы еңбектің үшінші бөлімінде таратып талдамақпыз. Бұл жолы, жалғыз – ақ, осынау әдеби тектер (эпос, лирика, драма) тұрғысынан анықтағандағы образдың үш түріне, бұл үшеуінің ерекшелігіне ғана азырақ назар аударып өтпекпіз.

Эпикалық образ – кескін – кейпін, мінез – құлқы, іс - әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден дараланған тип. Мүсіндеу мен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен харакеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп – көп амал – тәсілдері әсіресе эпикалық образ үшін керек. Өйткені мұнда адамның түр – түсін де, ішін де, ісін де кең суреттеп, мол көрсетуге, терең әрі жан – жақты танытуға мүмкіндік бар. Оған эпикалық шығарманың өрісі де, құшағы да еркін жетіп жатыр.

Лирикалық образ – сыршыл, өлең – жырлардағы ақынның өз бейнесі; оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл күйінен – нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер. Мұнда, эпикалық образдағыдай ұзақ, кең, мол суреттеліп, жан – жақты ашылған адамның сыртқы кескін – кейпі де, қым – қуыт шиеленісіп жатқан тағдыры немесе іс - әрекеті мен қимыл – харекеті де тұтасып көріне бермеуі мүмкін. Оның есесіне адамның аса терең әрі нәзік ашылатын ішкі сыры, мінез – құлқы, жан – тынысы айырықша әсем айшық табады.

Образдың жасалу тәсіліне байланысты түрлерін таратып, бас – басына сипаттама бермес бұрын, жалпы әдемілік туралы ілімде бірнеше (комедия және трагедия, геройка және фантастика дегендер тәрізді) эстетикалық категориялар болатынын білу шарт. Комедия ақиқат шындықтағы не адам мінезі мен бітіміндегі күлкілі жайлардан туса, трагедия бұған қарама – қарсы қайғылы құбылыстардан туатыны ; геройка аса бір асыл, аяулы қасиеттерден туса, фантастика асыңқы, асқақ әрекеттерден туатыны мәлім. Міне, осы тәсілдердің әрқайсысына лайық геройлық, трагедиялық, фантастикалық образдар болатыны сияқты, комедиялық тәсіл арқылы көркем образдың юморлық және сатиралық түрлері жасалады.

Юморлық образ – күлкілі кейіпкер ; юмор - өмірдегі кісі күлерлі құбылыстардың өнердегі сәулесі. Күлкі жоқ жерде юмор да жоқ. Ал күлкіні әншейін жеңіл – желпі нәрсе деуге болмайды. Күлкіде зор қоғамдық сипат, әлеуметтік сыр жатады.

Сатиралық образ – ұнамсыз тип. Сатирамен суреттелер құбылыс – керексіз, кесір құбылыс. Сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті, кері кткендікті қаза қопарып, көптің көз алдына – көрініске шығарады, қағып – сілкіейді, мысқылмен түйрейді, сықақ етеді, көпті одан түңілтеді.

Фантастикалық образ – қиялдан туған қаһарман, адамның ақиқатқаұқсас арманында бедерленген бейне ; әдебиеттегі адам образының бағзы замандардан күні бүгінге дейін келе жатқан көне түрлерінің бірі.

Қай халықтың сөз өнері болсын, оның ең байырғы түрлерінің бірі – ертегі десек, сол ертегі түгелге жуық қиялға негізделетіні, ертегідердегі адам бейнелерінің көбінде қиял – ғажайып сипат болатыны мәлім. Бұл да фантастикалық образдың көнелігін куәландырса керек.

Трагедиялық образ да әдебиетте тым әріден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық образ ескі мен жаңы, адам мен қоғам, адамдық пен жауыздық арасындағы ымырасыз күрестен, бітіспес тартыстан, қайшылықтан, соның өзінде де мейлінше асыңқы, адам жаңіп болмас ауыр, азапты жайларды әдеби шығармада терең және шебер жинақтаудан туады.

Геройлық образ – ұнамды кейіпкер: адамға тән небір тамаша сипаттардың синтезі секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы, асыл мұраттарынан туған тарихи тип.
Әдебиеттер:


  1. Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.53-62 б.

  2. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 60—75 б.

  3. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – А., 1969.

  4. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1992, 2002

  5. Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.

  6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996.Кәкішев

  7. Қазақ әдеби сыны тарихы. А., 1994.

  8. Ахметов К. Әдебиеттану әліппесі. А., 2000.

  9. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А., Ана тілі, 1995.

  10. Атымов М. Көркем шығарманың композициясы туралы. А., 1969.

  11. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. А., 1966.

  12. Горький М. Әдебиет туралы. А., 1954, 1984.

  13. Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. А., 1994.

  14. Мәшһүр-Жүсіп К. Өлең – сөздің патшасы. А., 1991.

  15. Майтанов Е. Суреттеу мен мінездеу. А., 1995.

  16. Қабдолов З. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. А., 1996.


12 ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ : Өнердегі типтендіру процесі

Жоспары :

1.Өнердегі типтік мәселе.

2.Тип және прототип.

3.Типтік бейне ерекшелігі.
Жазушының өмірдегі ұсақ-түйек, кездейсоқ жайлардан аулақ биік талғамы арқылы жинақтау және даралау әрекетінен әдеби бейне туады. Әдеби бейненің өмірдегі модельдерін өзгерте, құбылта, құлпырта келгенде суреткердің шығармасындағы әр кейі пкердің болмыс-бітіміндебір адамның емес, бір алуан адамның сыр-сипаты жатады.

Типтендіру проблемасы секілді типтің өзі де тым кесек һәм күрделі нәрсе. Неге десеңіз, мінез, бітім, әрекет, ұғым, рух, парасат жағынан байыптап қарасақ, нағыз суреткердің қолынан туған әрбір әдеби тип - әрі әбден жинақталғағн, сондықтан өзі секілділердің бәріне ұқсайтын жалпы тұлға, әрі әбден дараланған, сондықтан өзінен өзге ешкімге ұқсамайтын жалқы тұлға. Демек, типтің түрі мен мазмұнында “жалпы” мен “жалқының”бірлігі жатыр. Оның көркем образ ретіндегі кесектігі де, күрделілігі де осында.

М. Әуезовтің “Абай жолында” ондаған, жүздеген кейіпкер бар; көбі – тип. Мысалға бір ғана Құнанбайды алып қарасақ, ол аса - күрделі мәселе. әбден дарраланған, бүкіл ішкі -тысқы бітімі өзінен өзге ешкімге ұқсамайды. Мінезі де, ақыл-парасаты да ерекше, іс-әрекеті де бірегей, бөлек. Бұл ретте Құнанбайда – жалқы тұлға. Сонымен қатар, ол әбден жинақталған, бір Құнанбайда сол дәуірде өмір кешкен кіллі құнанбайлардың бәріне ортақ мінез, бітім әрекет бар. Бұл ретте Құнанбай – жалпы тұлға, бүтін бір әлеууметтік ортаның әр қилы өзгешеліктерінің жиынтығы.

Типтік образ жасаудың осы шарттары, түптеп келгенде, көркем әдебиеттет ақиқат шындықтың ең негізгі заңдылықтарын көрсету үшін керек. Мәселен, әдебиеттегі бір байдың образы өмірдегі бірнеше байдың, бір кедейдің образы бірнеше кедейдің ең елеулі ерекшелікетерінен құралады да , тип болады. Сол арқылы ақиқат шындықтағы байлар ортасы мен кедейлер ортасындағы тіршілік – тағдыр заңдылықтары танытылмақ. Итбай мен Игілік, Амантай иен Дәркембай солай жасалған.

Демек, тип шындықта жиі қайталанатындардың жиынтығы ғана емес, бүгін сирек, аз болғанымен, ертең молығатындар мен толығатындардың да бедерлі бейнелері деп білген жөн.

Шындықты көркем жинақтау жайлы әр тарап пікірлер бар. Жинақтау дегеннің өзі - әдеби тип жасау әрекеті.

Демек, типтендіру – мөлшерлі “сфераға” енетін өлшеулі “формулаға” көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі тірі кісілерден әдщеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың тынымсыз харекеті. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін қасаң қағидаға қарап белгілемейді, оның өмрдегі жанды дерегіне арап бағалайды.

Ол – ол ма, әдеби типтің негізінде бүгінгі бар мен ертеңгі болатын мінездер ғана емес, ертеңгі жоқ, бүгіннің өзінде тарих сахнасынан ығысып шығып, не аласталып бара жатқан мінездер алынуы мүмкін.

“Образ” – деген сөз әдебиетте негізінде екі түрлі қолданылады. Бірінші көркем сөз мағанасында, екінші – адам образы - тип мағанасында.

Көркем сөз ұғымында – образға теңеу де, эпитет те, троп, фигуралардың түрлері де жатады. Кейде сөз образы немесе бейнелеу деп. те айтамыз.

Екінші “адам образы”- тип мағанасында қолданамыз. Бұрын образ деп. ұнамды қаһармандарды ғана атап, ұнамсыз қаһармандарды тип дейтін. Ал соңғы кездерде көбіне образ бен типтің арасына ондай шек қойылмайды.

Көркем шығармаларда адамның өмірі, олардың өзара қарым-қатынастары, наным-сенімдері, ой-сезімдері, мінез-құлықтары суреттеледі. Бірақ жазушы шығармасында өзіне белгілі бір адамның ғана сипатын көрсетіп қана қоймайды, сол адамның өмір сүрген кезіне, өскен орнтасы дәл келетін көп адамдарға тән іс әрекет, мінез-құлық, наным-сенімдердің ең коректі, екшенділерін теріп алып, бір адамға тән сипат етіп, көрсетеді және солай болуы мүмкін екендігіне оқушыларын сендіреді. Міне, адам образы – тип деп. осыны айтамыз.

Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материялды жинақтаудан әдеби тұлған ы даралауға дейін барады.

Шындықты көркем жинақтау жайлы әр тарап пікірлер бар. Жинақтау дегеннің өзі - әдеби тип жасау әрекеті.

Көркем бейне, яки әдеби қаһарман дейік, я болмаса шығарма геройы не кейіпкері немесе персонажы дейік, бәрібір осылардың бәрі – бір-ақ ұғым – образ. Бейнелеу – образдылық болса, бейне образ. Әдебиеттегі адам, сөздегі сурет, шығармада өмір шынндығын жинақтау, адам мінезін даралау, сайып келгенде, осылардың бәрінің сарқып құяр сағасы біреу, ол – образ. Ал “образ –эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалғанадам өмірінің әсем суреті”. Образ жасау – тек таланттыға тән әрекет. Ал “талантты жазушының әр образы - тип” дейді Белинский.

Көркем әдебиеттегі жинақтау – типке әкелсе, даралау – мінезге әкеледі. Образ осылай туады. Мұның өзі, шын мәніндегі өнер адамы үшін әрі әдемі, қызық әрекет те, әрі “инемен құдық қазғандай” қиын әрекет. Суреткерлік, шеберлік те осы әрекет үстінде көрінбек.

Жазушыға тип жасау әрекетінің үстінде керегі – типтілік туралы “қисын”емес, тірі мүсін – прототип.

Әр жазушының творчестволық лабараториясын зерттеген адам оның өмір шындығын көркем жинақтау, яки әдеби бейнелерді типтендіру әрекеті, көбіне, әр типке прототип табудан басталғанын байқар еді. М. Әуезов эпопеясының әр типінің өмірде моделі – прототипі болған. С. Мұқановтың Амантайының түп төркіні Аманкелдіде жатса, Балуан шолағы – Балуан Шолақтан, Шоқаны – Шоқаннан, Сәкені – Сәкеннен туды. Ғ . Мүсіреповтың Ақаны мен Қайрошы да солай. Ал Х. Есенжановтың трилогиясындағы типтер ше? Бәрінің негізінде прототип жатыр. Задында, прототип реалистік шығармалардағы көркем бейнелерді нанымды етудің, шындықты шынайылаудың құралы секілді.

Дәл осы себептен болуға тиіс, қылқалам шеберлері мен сөз зергерлерінің бірқатары өздері өнерде жасамақ болған типтерге өмірден әдейі прототипін іздеген. Мәселен, Леонардо до Винчи Иуданың прототипін іздеп, Флоренцияның түкпір-түкпірін түгел тінтіп шыққан. Федотовтың “Майор құдалығына”, Репиннің “Бурлактарына” прототиптер іздеуі де осыған ұқсас. Ибсен суретшіге қандай керек болса, драматурга да сондай керек екенін айтқан. Лесков көркем шығарма жазбас бұрын өзінің әрқашан “жан дүниесімен көз тартып, көңіл ұйытар тірі кісілер” іздеп жұретінін мойындаған.

Мұндай әрекет реализмге дейін шынында да сирек ұшырасады: классицизм мен романтизм өкілдері прототипті көп пайдалана қоймаған. Типтің түп нұсқасын протиптен табу – шыншыл суреткерге тән мінез.


Әдебиеттер:

  1. Ахметов З.Өлең сөздің теориясы. Алматы 1973.53-62 б.

  2. Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. А. 1989. 60—75 б.

  3. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – А., 1969.

  4. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1992, 2002

  5. Әдебиеттану. Хрестоматия. А. 1991.

  6. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған Ахметов З. Шаңбаев А. 1996.

  7. Кәкішев Т. Қазақ әдеби сыны тарихы. А., 1994.

  8. Ахметов К. Әдебиеттану әліппесі. А., 2000.

  9. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А., Ана тілі, 1995.

  10. Атымов М. Көркем шығарманың композициясы туралы. А., 1969.

  11. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. А., 1966.

  12. Горький М. Әдебиет туралы. А., 1954, 1984.

  13. Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. А., 1994.

  14. Мәшһүр-Жүсіп К. Өлең – сөздің патшасы. А., 1991.

  15. Майтанов Е. Суреттеу мен мінездеу. А., 1995.

  16. Қабдолов З. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. А., 1996.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет