Лекция 1- тақырып. Қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасы



жүктеу 430.95 Kb.
бет2/3
Дата02.05.2016
өлшемі430.95 Kb.
түріЛекция
1   2   3
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

Орындаушы. Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен бірге тікелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе осы Кодексте көзделген басқа да мән жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады.

Қылмысты орындаушы қылмысты жеке өзі немесе оны бірнеше басқа адамдармен қоса орындап, тікелей жүзеге асыруы мүмкін, мысалы, топ болып танылатын жасқа толмаған адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам қылмыстың тікелей орындаушысы болады.

Ұйымдастырушы. Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады. Ұйымдастырушы қылмысқа қатысушылардың ішіндегі ең қауіптісі болып табылады. Қылмысты ұйымдастырушылардың әрекеті көбінесе тұрақты қылмыстық топ, қылмысты ұйым құруға байланысты болады. Ұйымдастырушылар обьективтік жағынан алғанда қызметі қылмысқа қатысушыларды табу, оның дайындығына, жүзеге асыруына жоспар жасау, қылмысқа қатысушылардың арасында берік тәртіп орнату, олардың өзара міндеттерін бөлу, сондай-ақ қылмысты істеу барысында оған тікелей басшылық жасау жағынан көрінеді.

Айдап салушы. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. Айдап салушы болашақ қылмысты орындаушыны әр түрлі әдіспен қылмыс істеуге азғырып, көндіріп, оның батылдығына жігер береді. Айдап салушы қылмысты істеушінің сана-сезіміне, еркіне тікелей әсер етіп, оны қылмыс жасауға тікелей жігерлендіреді. Айдап салушының өзі қылмыс істеуге көндірген адаммен қатынас жасауы ауызша, жазбаша, қимыл көрсету және тағы басқа сан түрлі болуы мүмкін. Қылмыс істеуге біреуді көндірудің тәсілі, құралы да сан түрлі болуы мүмкін. Айдап салудың барлық тәсілдері мен әдістері азғыруға көнушінің еркін басуға немесе оны шатасуға әкеліп соқтырмауы керек, қайта оның белгілі бір қылмысты жасауға деген жігерін қоздырып, соны істеуге деген бекл байлағандыққа итермелеу керек.

Көмектесуші. Кеңестермен, нұсқаулармен, ақпарат, қылмысты жасайтын немесе құралдар беруімен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осныдай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады. Көмектесушінің қылмысты орындаушылардан өзгешілдігі – сол қылмысқа көмектесу әр уақытта да орындаушының қылмысты іс-әрекетті істеуінің алдын алады. Қылмысқа айдап салушыдан қылмысқа көмектесушінің айырмашылығы мынада: қылмысқа айдап салушы, орындаушыны қылмыс істеугше көндіретін болса, ал көмектесуші қылмыс істеуге өздігінен бел байлаған адамға ақыл-кеңес, нұсқаулар беру арқылы оның қылмыс істеуге, істелген қылмысты жасыруға деген сенімін нығайтады.
Тақырып №7

Қылмыстың көптігі: түсінігі мен түрлері.



  1. Қылмыс көптігінің түсінігі

  2. Қылмыстың көптігі мен жеке қылмыстың ара-қатынасы

  3. Қылмыс көптігінің түрлері

  4. Қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы

  5. Қылмыстың жиынтығы

  6. Қылмыстың қайталануы




  1. Бір адамның бір немесе бірнеше қылмыс істеуі мүмкін. Жеке қылмыс деп қылмыстық заңда көрсетілген бір әрекеттен, зардаптан, кінәнің нысанынан құралатын бір құрамды білдіретін және ерекше бөлімнің бір бабымен ғана сараланатын қылмысты айтамыз. Кейбір жағдайларда бір адам бірнеше қылмысты істеуі мүмкін, мұндай жағдайда олардың іс-әректеін дұрыс саралау үшін қылмыстардың көптігінің түсінігін дұрыс анықтау керек. Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ескірмеген немесе сотталғандықтан немесе сотталғандығы жойылмаған жағдайда бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстарды істеуін қылмыстар көптігі деп айтамыз. Қылмыстардың көптігінің өзіндік белгілері: бір адамның екі немесе одан да көп әрқайсысы жеке-жеке құрам болып табылатын қылмысты істеуі болып табылады. Сондықтан әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеті қылмыстар көптігіне жатпайды. Күрделі құрам деп екі немес одан да көп іс-әректтерден құраплатын, оның әрқайсысының бірінен бірін бөліп қарағанда жай түрдегі қылмыс құрамына жататын, бірақ ішкі бірлігі бойынша бір қылмысты құрайтын қылмыстардың жиынтығын айтамыз. Созылмалы қылмыс деп кінәлінің өзіне қылмыстық заң жазамен қорқытып жүктеген міндіеттемелерін ұзақ мерзімге орындамай әрекет немес әрекетсіздік арқылы белгілі бір қылмыс құрамын үзіліссіз, белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылуы болып табылады. Жалғасқан қылмыс деп ортақ мақсатқа жетуге бағытталғын ұқсас қылмысты әрекеттерден құралатын, жиынтығында бір қылмыс болып табылатын қылмыстарды айтамыз.

  2. Іс-әрекеттің құрылуына қарай қылмыстық құқық қылмыстардың көптігін үш нысанға бөледі. Қылмыстық құқық теориясында бірнеше мәрте жасалған қылмыс жалпы және арнаулы болып екіге бөлінеді. Бірнеше мәрте джасалған қылмыстың жалпы қайталануы деп істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігінің мәні мен дәрежесіне қарамастан, кез келген басқа бір қылмысты қайталап жасаушылықты айтамыз. Қыдмыстың жалпы қайталануы қылмысты саралауға әсер етпейді, бірақ жаңа тағайындалғанда жазаны ауырлататын мән-жай ретінде есепке алынуы мүмкін. Бірнеше мәрте жасалған қылмыстың арнаулы қайталануы деп адамның ұқсас немесе біртектес қылмысты іс-әрекетті тағы да жасауы болып табылады. Біртектес қылмыстар деп объективтік, субъектитік белгілері ұқсас, кінәнің бір түрлі нысаны орын алатын, бір немесе бірнеше ұқсас объектіге қылмыстың қол сұғатын қылмыстарды айтамыз. Үнемі жасаған қылмыстар да бірнеше мәрте жасаған қылмысқа жатады. Үнемі қылмыс жасау кейбір қылмыс құрамдарының қажетті белгісі болуы мүмкін.

  3. Қылмыстық кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының бөлікетерінде көзделген адам солардың бірде біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әреукеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылавды. Қылмыстардың жиынтығында адам, егер жасалған әрекеттердің белгілері осы кодекстің бір бабының немесе бабының бір бөлігінің неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтін нормасымен қамтылған болса, әрбір жасалған қылмыс үшін осы кодекстің тиісті бабы немес бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Қылмыстың жиынтығы болу үшін адам істеген іс-әрекеттің біреуі үшін де сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған болуы керек. Қылмыстың жиынтығы идеалдық және нақты болып екіге бөлінеді.

Қылмыстың идеалдық жиынтығы деп кінәлінің бір іс-әрекетінен бірден қылмыстық заңның әр түрлі баптары, бір баптың әр түрлі бөліктері, тармақшалары бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыстардың істелуін айтамыз. Қылмыстың нақты жиынтығының зияндылығы идеалдық жиынтыққа қарағанда қомақты болады, сол үшін де оған қатаңырақ жаза мөлшері белгіленеді. Егер арнаулы нормалар өзара бәсекеге түссе, онда жазаны жеңілдететін мән-жайларды көрсететін қылмыстық құқылық нормаға артықшылық беріледі. Егер белгілі бір және нақ сол әрекет осы кодекстің тиісті баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осй кодекстің ерекше бөлімінің арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды.

  1. Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін сотталғандығы бар адамның ақсақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады. Қылмыстың қайталануын білу үшін бұрын міндетті түрлде сотталғандығы, бұрынғы істеген қылмысы үшін жазаны толық немесе ішінара өтеуі, соңғы қасақана қылмысты істегенде сотталғандық атағының болуы шарт, яғни қылмыстың қайталануы, өптік қылмыстардың ішіндегі ең қауіпті түрінің бірі. Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың қайталануы фактілі және ресми болып бөлінеді.

Адамның бірінші істеген қылмысы үшін сотталғандық атағының бар-жоғына қарамастан, тағы да жаңа қылмыс істеуі фактілі қылмыстық қайталау деп саналады. Сотталғандық атағы жойылмаған немесе одан арылмаған адамның жаңа қылмыс істеуі ресми қылмыстық қайталау болып саналады. Ресми қайталану жалпы, арнаулы, жай, күрделі, қауіпті, аса қауіпті болып бірнеше түрге бөлінеді. Жалпы қайталану деп сотталғандығы бар адамның кез келген жаңа қылмыс істеуін айтамыз. Арнаулы қайталану деп сотталғандығы бар адамның бұрынғы істеген қылмысына ұқсас немес біртектес жаңа қылмысты істеуін айтамыз. Жай қайталану деп бір рет қана сотталғандығы бар адамның жаңа қылмыс істеуін айтамыз.
Тақарып №8 Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар.
1.Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлардың түсінігі мен маңызы.

2.Қажетті қорғану.

3.Аса қажеттілік.

4.Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру.

5.Орынды тәуекел ету.

6.Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.

7.Бұйрықты немесе өкімді орындау.

8.Жедел іздестіру шараларын жүргізу.


1.Әрбір азаматтың конституциялық борышы – қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға, мемлекетке, қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс-әрекетті тойтаруда, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материалдық, моралдық және басқа да зиян келтірілуі мүмкін. Мұндай әрекеттер формалдық жағынан алғанда Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың материалдық белгісі болып табылатын басты белгі – қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады.

2.Қылмыстық заңға сәйкес барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорңануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі блоып табылады. Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін жіне басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды. Бұл жерде мемлекеттік, қоғамдық мүдделерге қорғанушының өзіне, басқа адамның заңды құқықтарына, құқықтық тәртіпке тікелей қауіп төндіріп тұрған істі тоқтату мақсатымен соны төндірушіге зиян келтірушілік, қылмыстық құрамда көрсетілген белгілерге дәл ұқсағанымен қылмыс болып саналмайды делініп отыр.

Қажетті қорғану - әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиеті, табиғи құқықтары, өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т.б. басқа да игіліктерін қорғаудың тәсілі болып табылады. Қажетті қорғану қылмыстылықты тыюды, зорлықпен істелетін қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы қүресудің пәрменді құралы болып табылады. Қажетті қорғануды пайдаланудан бұлтарған немесе бас тартқан адамдар тек қана моралдық жағынан айыпталады. Қажетті қорғануды заңды әрекетке қолдануға болмайды, сол сияқты қажетті қорғануды қандай да бір әрекетінде қылмыстың формальдық жағынан белгілері бар, маңызы шамалы әрекет немесе әрекеттсіздікке қолдануға болмайды.

3.Осы Кодексте қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа адамдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажетті шектен шығып кетушілікке жол бермесе, қылмыс болып табылмайды.

Төнген қауіпті сипаты мен дәрежесіне және қауіптің жойылған жағдайына сөзсіз сәйкес келмейтін зиян келтіру заңмен қорғалған мүдделерге оларды сақтап қалғаннан гөрі көбірек зиян келуі аса қажеттілің шегінен шығуы болып табылады. Мұндай шектен шыққан зияндылық үшін тек қасақана әрекеттерде ғана жаупқа тартылады. Осы заңнан туатын қорытынды: аса қажеттілік деп біріншіден заң қорғайтын мүдделерге төнген қауіпті жоюға бағытталған әрекет, екіншіден осы төнген қаіпті басқа амалдармен жоюға болмайтындай болса, үшіншіден заңмен қорғалған мүдделері сақтап қалу үшін келтірілген зиян болғызылмаған зияннан кем болуы, төртіншіден бұл істелген әрекет аса қажеттіліктің шегінен шығып кетпесе, онда істелген әрекет қылмыс табылмайды.

4.Қылмыстық кодекстің 35-бабында әлеуметтік пайдалы мақсатқа жеткізу үшін орынды тәуекел кезінде заңмен қорғалаған құқықтық мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды делінген. Бұрынғы Қылмыстық кодексте мұндай ұғым болмаған еді. Сондықтан да бұл қылмыстық заңдағы жаңа институт болып табылады. Егер әрекеттер қазіргі ғылыми-техникалық білімдерге сәйкес келсе, ал қойылған мақсатқа тәуекелге байланыссыз әрекетттерсіз жетуге мүмкіндік болмаса және тәуекелді пайдалынған адам заң қорғайтын мүдделерге зиян келтірмеудің барлық мүмкін шараларын қолданса, тәуекел орынды деп танылады.

Егер ол адамдардың өміріне, денсаулығына көрінеу қатер төндіретін, экологиялық апатқа немесе өзге де зардаптарға апарып соқтыратын болса, тәуекел орынсыз деп танылады. Заңға сәйкес орынды тәуекелге байланысты әрекеттер екі түрлі шартқа байланысты қылмыс болып табылмайды. Бұл шарттарды екі түрлі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа тәуекел әректтерін қолдануға негіз болатын шарттар, ал екінші топқа сол әрекеттің өзін сипаттайтын шарттар жатады. Тәуекел әрекеттерін қолдануға медицина, ғылым, техника, мәдениет, шаруашылық саласы қызметінің тиімділігін жетілдіру қажеттілігі негіз болады.Тәуекел әреттері кейде кездейсоқ жағдайларға байланысты да қолданылады.

5.Жаңа Қылмыстық кодекстің 36-бабының 1-бөлігіне сәйкес егер күштеп мәжбірлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекеттеріне ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды. Бұрынғы қолданылған қылмыстық заңдарда мұндай ұғым болған емес. Ұзақ жылдардағы соттергеу тәжірибесі көрсеткендей, күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам қоғамға қауіпті іс-әрекет жасап, азаматтар мен ұйыымдардың заңды мүддесіне зиян келтіреді. Жаңа Қылмыстық кодексте арнаулы норма күштеп мәжбүрлеудің салдарынан болған әрекеттің заңдылық салдарына баға берген. Осы нормаға сәйкес мұндай жағдайда істелген іс -әрекет жасап, азаматтар мен ұйымдарың заңды мүддесіне зиян келтіреді. Жаңа Қылмыстық кодекстегі арнаулы норма күштеп мәжбүрлеудің салдарынан болған әрекеттің заңдылық салдарына баға берген. Осы нормаға сәйкес мұндай жағдайда істелген іс-әрекет қылмыс болып табылмайды деп тура кқрсетілген.Күштеу – бұл белгілі бір әрекетті істеуге мәжбүрлеу. Мұндай ретте жәбірленушіге күш қолданып, оның жанын қинайтын, сөйтіп оның еркінен айыратын әрекеттер орын алады.Күштеу тойтарылатын немесе тойтарылмайтын болып екі түрге бөлінеді. Қылмыстық кодекстің 36-бабының 1-бөлігінде көрсетілген күшпен мәжбүрлеу тойтарылмайтын жағдайда ғана орын алады.. Тойтарылатын күштеуде жәбірленушінің белгілі бір әрекетті істеу мүмкіндігі сақталады. Сондықтан тойтарылатын күшпен мәжбүрлеуге жол бергенде, адамға 36-баптың 1-бөлігі қолданылмыйды.

6.Қылмыстық кодекстің 37-бабында Өзі үшін міндетті бұйрықты немесе үкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасаған адамның осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі қылмыс болып табылмайды. Құқылық табиғатына сәйкес міндетті бұйрықты орындау қылмысты әрекетке жатпайды. Өйткені мұндай әрекет бастық пен бағыныштының қызметтік қатынастарына, тәртіп талаптарына негізделген. Мұндай бапты Қылмыстық кодексіне енгізу басшылардың, олардың бұйрықтары мен өкімдерінің беделін арттырады, сонымен бірге мұндай бұйрықтар мен өкімдері орындаушылардың тиісінше берілген міндетті бұйрықты орындаудан орын алған зиянды зардаптар үшін жауапқа тартылудан қаймығатын түгі жоқ. Қылмыстық заң қорғайтын мүдделерге зиян келтірудің негізі болып міндетті бұйрықты және өкімді орындау ресми түрде берген жарлығы. Бұйрық оны істеуге өкілеттігі бар адамы арқылы ауызша немесе жазбаша түрде жүзеге асыралады.
Тақырып№9 Қылмыстық жаза: түсінігі, мақсаттары, жүйесі және түрлері.
1.Қылмыстық жазаның түсінігі.

2. Қылмыстық жазаның мақсаттары.

3.Қылмыстық жазаның жүйесі мен түрлері.
1.Қылмыстық жаза мемлекетік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданылады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты кұрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана –сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады.Сондықтан да қылмыстық шара мемлекетітік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық – құықылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілк, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмытық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз еркшелектерімен оқшауланады.

Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық әкімшілік немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін. Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқылық баға болып табылады. Бетіне басудың және кінәләудің дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәләнің жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлықына тікелей байланысты болады. Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан еркешелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді.Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқылық зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады.



2.ҚР Қылмыстық кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты- әлеуметтік қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған. Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2-бабындағы осы заңнын міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қорғау, алдын алу делінсе, ол міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы айқындалады, қылмыс істеген адамдарға қолдануға тиісті жазамен өзге де қылмыстық –құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді. Арнаулы сақтандырудың иелері болып қылмыс істеп сотталғандар танылады. Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фактісінің орын алмауын көздеуі болып табылады. Жазаның осы көзделген мақсатына жетуінің құралы- соттал,андарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заі талаптарын мүлтіксіз орындау рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу дегеніміз қылмыс істеп сотталған тұлғаның әлеуметтік, психологиялық көзқарасын өзгертіп қылмысты құбылысқа, қоңам ережелерін бұзуға, еңбексіз күн көріске деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс жолға салу болып табылады. Сондықтан да қылмыскерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу жазадан қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт жібермей мүлтіксіз орындайтын адам етіп қалыптастыру болып табылады. Жазаның басқа бір мақсаты- басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады. Бұл қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық қалыптарын бұзып, биморалдық күйге жүрген, қылмыс істеу мүмкін, тұрақсыз элементтерге бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқықта көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс істегендерге жазаның сөзсіз қолдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың жалпы түрі болып табылады. Қылмыстық құқық қалыптарының жеке түрлерінң санкцияларында көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып қорқыту арқылы қылмыстық заі барлық азаматтарға, олардың психологиялық сана-сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттілікті, адам өмірінің қорғалуының, құқық тәртібін нығайтудың қажеттілігі туралы көзқарастарының қалыптасуына жағдайлар туғызады. Сол сияқты – қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың адамгершілік принципі болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы Заңның қалпының өзінде қарама-қайшылық жоқ па екен деген заңды туындайды. Жаза сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына шек қою арқылы, сөз жоқ, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді. Бұл жерде қарама-қайшылықты жою үшін жазаның мақсатын және құрамын, мазмұнын дұрыс айыра білген жөн. Жаза қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп қорлау мақсатын тіпті де көздемейді. Сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына заңда көрсетілген шекті қою жазаның мақсатына жету құралын құрайды.Сотталған адамның қоғамнан оқшауланып, түзеу мекемесінде жазасын өтеуі, әлбетте, оның жанын жеуі сөзсіз, бұл жазаның жазалау элементтері болып табылады.

Тақырып №10

1.Ұлттық қылмыстық заң бойынша жаза тағайындаудың жалпы негіздері.

2.Жаза тағайындау кезінде Жалпы және Ерекше бөлім ережелерінің арақатынасы мен маңызы.

3.Жаза тағайындау кезігдегі қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың ескерілуі.

4.Жаза тағайындау кезіндегі қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды ескерілуі.

5.Жаза тағайындаудың арнаулы ережелері.

1.Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады.ҚР Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және қоғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуші қажет екендігіне жете назар аударуға тиіс. Заңнын бұзылуын ештеңе де ақтай алмайды.Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-тің 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтауы, сондай-ақ сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын; рецидивтің болуын және оның түрін; сотталашының қылмыстық әрекеті қай сатыда тоқтатылғанын; қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық жасаған жағдайда сотталушының қатысу дәрежесін; қылмыстық мақсатқа жету үшін оның әрекеттерінің мағынасын және келтірілген немесе келтіруі мүмкін зиянның сипаты мен көлеміне ықпалын; қылмыстар жиынтығын; жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды; сол қылмыс үшін көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты соттау негіздерін ескеруі тиіс.

Қылмыстық жаза тағайындаудың жалпы негіздері

2. Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады. Осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі “Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы” №1 қаулысында былай делінген:

Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алд ында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартылмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың түрлері мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және қоғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігіне жете назар аударуға тиіс. Қылмыстық заңда қылмыс жасаған адамдардың жасы кәмелетке толмағандарына, жасы 65-тен асқан ер адамдарға, сондай-ақ әйелдерге қылмыстық жаза тағайындаудың ерекшеліктері көзделгенін ескере отырып, соттар сотталушылардың жынысын және жасын ескеруі қажет.



1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет