Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан биоресурстары туралы түсінік. (1 сағат) Лекция жоспары



жүктеу 2.11 Mb.
бет1/11
Дата25.04.2016
өлшемі2.11 Mb.
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: CDO -> 2007-2008 -> KazBioresurs -> Data
2007-2008 -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары
Data -> Қазақстан биоресурстары пәнінен практикалық сабақтарының әдістемелік нұсқауы
2007-2008 -> ОҚУ Әдістемелік кешені
2007-2008 -> Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы “Бекітілді”
Data -> Лекция сағат саны 30 Практикалық сабақтар 15 обсөЖ сағат саны 45 Барлық сағат саны 135
2007-2008 -> Кафедра: “Құқық” Факультет: “Экономика және құқық” Мамандық
2007-2008 -> Тестік сауалнама
Лекция № 1

Тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан биоресурстары туралы түсінік.

(1 сағат)

Лекция жоспары:

1.Қазақстан биоресурстары туралы түсінік.

2.Ормандарды пайдалану.

3.Жануарлар дүниесі.



Қолданылатын әдебиеттер тізімі

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.

14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.

Лекция мақсаты: Жалпы қазақстан биоресурстары жайлы түсінік.

Лекция мәтіні: Қазақстан биоресурстары табиғи ресурстарға өте бай. Себебі ол кең байтақ дала және түрлі географиялық аймақтарға бөлінгендігі. Табиғи ресурстарын тиімді пайдалану мемлекеттің дамуына үлкен ықпалын тигізеді. Табиғи байлықтардың ішіндегі ең бай биоресурстар болып табылады..

Биоресурстар дегеніміз - биологиялық тірі жанды заттар қорын айиамыз.

Оларды екі топқа бөлеміз:

1.Жануарлар ресурстары.

2.Өсімдіктер ресурстары (микроорганизмдер).

Өсімдіктер биоресурстары ежелден адамзат игілігіне пайдаланып келеді. Өсімдіктер ресурстарының көпшілігін ормандарды құрайды.

Ормандар пайдалануына, көлеміне қарай үш топқа бөлінеді:

1.Судан және желден қорғаушы ормандар. Бұлар өзен, көл, авто, темір жол бойларында егіледі. Бұл ормандарды біз өндірісте пайдаланбаймыз.

2.Көп тұрғындар жасайтын орталық орындарда қорғаныс және денсаулықты тіктеу үшін отырғызылатын ормандар. Бұл ормандар шектелген түрде пайдаланылады.

3.Бұл ормандар көп аудандарды кездеседі. Оларды өндірісте және ағаш материалдарын даярлауда кең пайдаланамыз.

Өсімдіктер ресурстарынан жартылай бұта шөптесін өсімдіктер қоры да үлкен маңызға ие. Олар медицинада биологиялық белсенді заттар жасауда кең пайдаланады.Өсімдіктер ресурстарының тағы бір пайдасы ауыл шаруашылығы өсімдіктер есептелді. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінен адамзат өздеріне қажетті киім кешек, азық түлік жасауда кең пайдаланады. Біздің Қазақстанда жоғары сатылы өсімдіктердің 570 түрі өседі. Төменгі сатыдағылардың 500 ге жуығы өседі.

Жануарлар дүниесі туралы түсінік. Жануарлар дүниесі тарихи өзгерістермен пайда болған өз ареалына ие болған жануарлар түрлері жиынтығы болып есептеледі. Жануарлар қоректену, жасау жағдайы, әрекеті, жасау ортасымен түрлі топтарға бөлінеді. Жануарлар классификациясынан басқа бір түрге кіргенмен олардың таралуына қарап та оларды бірнеше топтарға бөлінеді (батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік).

Қазақстанда жануарлар ресурстарын пайдалануына қарай бірнеше топқа бөлінеді: жабайы жануарлар, үй жануарлары, суда жасайтын жануарлар.

Жабайы жануарлардың біздің елімізде аңдардың 150, құстардың 480, бауырымен жорғалаушылардың 150, қос мекнділердің 12, балықтардың 8 түрі бар. Биоресурстарда ежелден келе жатқан түрі аңшылық болып есептеледі.

Аңшылық жануарлардың терісі, еті үшін ауланады. Қазақстанда кеңес өкіметі кезеңінде ауланған аңдардың 34%-і, терісі бағалы аңдар болса, соның ішінде суырдың 40%-і ауланады.Орта Азия мемлекеттерінде ауланған аң түрлері дүние жүзі бойынша алғашқы орында тұрады. Қазіргі күндері «жұмсақ алтын» деген ат қойылып отыр. Ауыл шаруашылығында әсіресе, ет өнімдерін жетістіруде тұяқты аңдарды кең пайдаланады. Кеңес үкіметі кезеңінде олардың саны 6 -7 млн болса, қазіргі уақытқа 500 -600 мың шамасында қалып отыр.

1970 жылы тұяқты аңдар есебінен жылына 6,5 мың тонна ет дайындаған. Қазақстанда балықшылықта өркендеген кәсіптің бірі болып есептеледі. Балық кәсібі Балқаш, Каспий теңіздерінде өндіреді. Одан басқа да 11мыңға жуық кішігірім өзендер,7000 жуық көлдерде бар. Қазақстанда жылына 490 мың центнер балық өндіріледі.

Лекция №2

Тақырыбы: Қазақстанның шикізаттық өсімдіктерін зерттеу кезеңдері. Мақта.

Жоспары:

1.Мақта және оның маңызы.

2.Мақтаның құрылысы және өсіп – жетілуі.

3.Шит.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.

14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.
Лекция мақсаты: Қазақстанның шикізат өсімдіктерімен таныстыру.

Лекция мәтіні: Мақтаның жабайы туыстары Европадан басқа континенттің бәрінде өседі.

Әсіресе Америкада көп кездеседі. Қазіргі Иран, Ауғанстан мемлекеттері және Тәжікістан, Мақтаның жабайы туыстары Европадан басқа континенттің бәрінде өседі. Әсіресе Америкада көп кездеседі. Қазіргі Иран, Ауғанстан мемлекеттері және Тәжікістан, Түркменстан, Өзбекстан республикалары орналасқан Орта Азия жерінде ағаш тектес мақта емес, шөптесін мақта өсіріледі. Ал ағаш тектес мақта Үндістанда өскен, ол – көп жылдық өсімдік. Ол Орта Азияның ауа райына төзбейді. Мақта 1929 жылдан бастап көп егіле бастады. 1932 жылы мақтаны сырттан әкелу 7 процентке дейін қысқарды. Ал, 1935 жылы Совет Одағы мақтаның өнімі жағынан Құрама Штаттарды, Аргентинаны, тіпті Үндістанды да басып өзды. Бұл көрсеткіш қазір де солай. Бізді бір гектар жерден орта есеппен 21-25 центнер шитті мақта алынады. Ал Америкада гектарынан 13,2, Египетте – 14,4, Индияда – 4,5 центнерден ғана жиналады.

Бізде әсіресе көбірек тараған мақтаның отаны – Мексика. Мексикалық мақтаның ерекшелігі – тез піседі, суыққа төзімді және талшықты көп береді. Екінші орында перуан мақтасы. Мұның талшығы сапалы, бірақ жылуды көп қажет етеді және кеш піседі. Мақтаның саусақ тәріздес тілімді жапырағы күнбағыстың гүлісияқты күн ауған жаққа қарай бұрылып тұрады. Ал ірі қоңырау тәрізді гүлі бір күн бойы ғана гүлдейді. Бір қызығы гүл таңертең ашылады да, ол кезде ашық сары түсті болады. Түстен кейін ол гүл қызара бастайды да, кешкісін бұрісіп жабылып қалады.келесі күні ертеңгісін күлтелері көк түске боялады ды түсіп қалады. Мақтаның жеке бұтақтары әр мезгілде гүлдейді. Алдымен төменгі жағында сабаққа жақын орналасқан бұтақтың үш гүлі ашылады. Одан кейін төртінші, бесінші гүлдер ашылып, осы ретпен кете береді. Сөйтіп, мақта өсімдігі гүлдегеннен кейін конусқа ұксап қалады. Бірінші конусы – үш гүл, екінші конуста – алты гүл, үшінші конуста – тоғыз гүл болады.

Күзде мақтаның қорабы төрт жақтау болып ашылады да, одантұқымды қоршап жатқан әппақ мақта талшықтары ашылады. Мақтаның тұқымының сыртына шыққан талшық емес, олар – түктер.

Мақтадан алуан түрлі маталарды айтпағанда автомобиль дөңгелегі де, пластмасса, фотопленка, қағаз, метал лагі жасалады. Мақта тұқымында 20-27 процентке дейін май бар. Мақта майының өзі пайдаланылады және одан сабын, машина майы, маргарин, глицерин, стеарин жасалды, тұқымы қабығынан этил спирті, метил спирті, лимон қышқылыжәне сірке қышқылы алынады. Бір тонна шитті мақтадан7200 метр мата, 54 мың дана орам жіп, 360 килограмм таза мақта түбіті, 110 кг май, 16 кг сабын жасап алуға болады. Бір тонна шитті мақтаны өңдегеннен кейін 180 кг қабық, 260 кг күнжара қалады. Оның құрамында 40 пройент белок бар, ол – аса бағалы мал азығы.

Қоза және оның маңызы

Қоза талшықты өсімдіктер тобына жатады. Оны құлқайыр тұқымдас өсімдіктердің қатарына қосуға болады. Бұл топқа сонымен қатар кендір, коньатник, құлқайыр сияқты басқа Қоза Қоза

Қоза талшықты өсімдіктер тобына жатады. Оны құлқайыр тұқымдас өсімдіктердің қатарына қосуға болады. Бұл топқа сонымен қатар кендір, коньатник, құлқайыр сияқты басқа да өсімдіктер жатады.Талшықты өсімдіктер арасында қозаның алатын орны ерекше. Ол жіп иіретін бүкіл шикізаттың 70-75 пайызын береді.

Қозаның шитті талшығы – шитті мақта осы өсімдіктің беретін негізгі шикізаты болып табылады. Шитті мақтаны мақта тазартатын заводтарда шитінен ажырататын алғашқы өңдеу кезінде мақта талшығы, линт, мақта ұлпасы, шит бүршігі бірте-бірте бөлініп алынады. Шитті мақтада 30-40 пайыз талшық және 60-70 пайыз шит болады, ал шитте 22-29 пайыз мақта майы мен шит бүршігі болады. Шитті мақта- халық шаруашылығының тоқыма өнеркәсібі, май өңдеу, гидролиз, химия және басқа да салалары үшін қажетті шикізат.

Шитті мақтадан және қозаның вегетациялық өсіп-жетілу барысындағы бөлігінен мынадай заттар жасап шығарылады: мақта- мата кездемелері, жіптер, жасанды жібек және тері, корд, былғары, фетр, парашют жасалатын кездемелер, тазартылған май, сабын, лак, күнжара, мал азығы, балық аулайтын аулар мен арқандар, тұрмыстық тұтыну қағаздары мен картондар, тыңайтқыштар мен өсімдікті қорғау дәрі-дәрмектері, спирт, тағамдық белок, химиялық заттар және басқалар.

1 килограмм мақта талшығынан 5 метр ақжаймалық материал, 12 метр шыт немесе 20 метр бәтес, тігін машина жібінің 40-тан 140-қа дейінгі орамасын алуға болады.

1 килограмм шиттен 170 грамм май, 400 грамм күнжара, 300 грамм шит қабығын, 30 грамм линт алуға болады. Ал, линттен пластмасса, кино және фото пленкалары, лак және басқа өнімдер жасалады.

1 тонна шит қабығы 85 литр спирт, 300 килограмм құрылыс тақталарын, 28 килограмм көмір қышқылын, 20 килограмм сірке қышқылын береді.





  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет