Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан биоресурстары туралы түсінік. (1 сағат) Лекция жоспары



жүктеу 2.11 Mb.
бет11/11
Дата25.04.2016
өлшемі2.11 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: CDO -> 2007-2008 -> KazBioresurs -> Data
2007-2008 -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары
Data -> Қазақстан биоресурстары пәнінен практикалық сабақтарының әдістемелік нұсқауы
2007-2008 -> ОҚУ Әдістемелік кешені
2007-2008 -> Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы “Бекітілді”
Data -> Лекция сағат саны 30 Практикалық сабақтар 15 обсөЖ сағат саны 45 Барлық сағат саны 135
2007-2008 -> Кафедра: “Құқық” Факультет: “Экономика және құқық” Мамандық
2007-2008 -> Тестік сауалнама

Лекция № 30


Тақырыбы: Қазақстанның Қызыл кітапқа енген жануарлары.

Жоспары:

1.Сырдария тасбекіресі.

2.Пілмай , Арал бекіресі.

3.Арал албырты (балық).

4.Шу сүйрік қанаты (балық)

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.

14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.

Лекция мақсаты: Қазақстанның Қызыл кітапқа енген жануарлары мен таныстыру.

Лекция мәтіні: “Қызыл кітап ” – сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылады.

Қазақстанда “Қызыл кітап ” тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылым 1991 жылы ,үшінші басылым 1996 жылы шықты. Мұнда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырмен жорғалаушылардың 10, құстардың 56, сүтқоректілердің 40 түрі енгізілген.



Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда , соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті.Мәселен 90 – жылдардың ортасына дейін , 40 жыл бойы бөкен Қазақстанның негізгі кәсіптік жануар болды. 1991-1993 жылдарда 800-900 мың бөкендер бар еді . 1998 жылы – 470 мың , 2001 жылы –80 мың , ал 2003 жылы бар болғаны 21 мың бөкен қалды.

Сырдария тасбекіресі – құрып бітудің қарсаңындағы өте сирек кездесетін түр . Бұрын Сырдария су алқабын Қарадария сағасына дейін мекендеген .Қазақстанда өте сирек болатын , ол соңғы 25 жылда Сырдың суын реттеп , суару жүйелерін салудың нәтижесінде тіптен кездеспейді . 1980 жылдан ол туралы хабар нақтылы деректермен бекімеген . Нашар зерттелген . Ұзындығы 27 см . Қолдан өсірілмеген. Осы түрдің сақталған жерінде қорық ұйымдастырып , қолдан өсіруді жлға қою керек.




Пілмай , Арал бекіресі ( Арал популяциясы) - Арал су алқабының ерекше өзгеруіне байланысты популяция жойылып кетуге жақын . Табиғи таралған жерлері Арал теңізі мен оған құятын өзендер . Ересекетерінің ұзындығы 200 см, салмағы 60 кг. Жайық Каспии мен Іле – Балқаш есебінен сақтауға болады. Қолдан өсірілмеген бірақ , оның әдістері , негізінен басқа бекірелерді қолдан өсіру әдісіне ұқсайды . Өзбекстанның Қызыл кітабына енгізілген (1983) . Суқоймалары жағдайына сәйкес қолдан өсіруді ұйымдастырып балықтарды қорғайтын құрылыстарды жетілдіруді іске асыру керек.





Арал албырты – Аралдың таралу аймағының ең шығысында кездесетін түрі қазір құрып біткен де шығар ; 50 жылдан астам ол туралы нақтылы деректер жоқ . Бұрын Арал теңізінде бірен саран ауланатын . Әмударияда да кездесетін , осы өзенмен Кафирниган және Вахш салаларына дейін өрістейтін . Осы маңайда Әмудария бахтағымен будандасуы мүмкін болатын . Ұзындығы 100 см . Қолдан өсірілмеген , бұл түрдің қайта келуін Әмудариядағы жергілікті бахтахты пайдаланып іске асыру мүмкін сияқты , бірақ оның да әуесқойлық аулануын шектеу қажет.






Шортан тәрізді ақмарқа –туыстың әр жерде таралған екі түрінің бірі . Әмудария мен Сырдария су алқабының өзендері , каналдары мен су қоймаларының тегістіктегі бөліктерінде тіршілік етеді . Ұзындығы 50 см, салмағы 3 кг . Саны барлық жерде өте аз . Соңғы жылдары таралу аймағы , әсіресе Қазақстанда таралды.Өзендердегі су құрылыстарының және су жүйелерінің әсерінен бізде жойылып кету қауіпі бар ; соңғы 40 жылда кездеспеген . Оны Республикада қолдан өсіруді ұйымдастырып , сондай – ақ суару жүйелеріне өткізбейтін шараларды күшейту керек .




Шу сүйрік қанаты- тек Арал су алқабында тіршілік етеді . Аз зерттелген , сирек кездесетін балық . Денесінің ұзындығы 16 см Табиғи таралу аймағы – Бішкек қаласынан төменгі Шу өзенінің су алқабы . 1960 жылдан бері бұл балық туралы нақтылы деректер жоқ . Осы су алқабының Қазақстандағы бөлігінде 1990-1993 жылдардың әр түрлі маусымдарында арнайы зерттеулер ешқандай нәтиже бермеді. Қолдан өсірілмеген . Арнайы қорғау шаралары белгіленбеген . Оның таралу аймағының және табиғи көбею мүмкіндігін анықтау үшін бұл түрді іздестіруді жалғастыру керек.




Жетісу бақатісі - Жоңғар Алатауының батыс бөлігіндегі тау өзендерінің бастауы мен бұлақтарда көп кездеседі . Әр 100 м жылға жағасынан 20-25 бақатісті кездестіруге болады екен .

Дегенмен . бір кезеңдерде бақатістің емдік қасиетіне байланысты халық медицинасына көптеп пайдалануы, осы мақсат үшін ауланып , сатылуы ал таулы жерде елді мекендердің көбеюі бұл жәндік санының азайып , құрып кету қаупін туғызды. Қазір , құйрықты қосмекенділер тритонның бір түріне жататын Жетісу бақатісі Қазақстан Республикасының “Қызыл кітабына ” тіркелген : оларды қорғау шаралары арнайы жүргізілмеген.



Жетісу бақатісін жойылып кетуден сақтау үшін ең алдымен , көптеп аулауға тыйым салынуы және олар ең көп мекендейтін аймақта шағын қорықша болуы керек .





Қызғылт бірқазан –аз санды , шектеулі жерлерде ұя салатын түр . Саны бірте- бірте кеміп бара жатыр . Қазақстанда бұрын кең таралған болатын . қазір оның жеке ұялары Торғай ойпатындағы көлдерде , Наурызым қорығында , Балқаш көлінде және Іле , Тентек , Қара Ертіс өзендерінің атырауларында сақталған . Нулы қамысты мекендерде мекендейді Қазақстанда мекен ететіндері 8 мыңдай . Санының азаю себептері – заңсыз аулаушылық , өрт , ұя басу кезінде мазалау . Іленің атырауында қорық ұйымдастырып , құстың мерзімді қорығын нағыз қорыққа айналдыру керек . Бұл бірқазандар мекенінің маңайында қандай да бір шаруашылық жұмыстарға тыйым салу , оны заңсыз аулаушыларға қарсы күрес шараларын жүргізу керек .




Мәрмәр шүрегей - Жоғалып кету қаупі тұр . Қазақстанда соңғы 20 жылда бірде –бір кездеспеген. Бұрын Сырдария бойында , Еділ мен жайықтың аралығында жиі кездесетін . Саны барлық жерде азайған . Туркияда 70- жылдары бар болғаны 2 мыңдайы ғана қыстаған . Санының азаюы себептері анықталмаған . Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінде бұл түрджі терең зерттеу жұмысдтарын жүргізіп , жойылу себептерін анықтап, оны сақтап қалудың шараларын белгілеу керек .



Балықшы тұйғын –жойылып кету жағдайында тұрған түр . Ертеректе Қазақстанның балығы мол және ұя салуға ағаштары бар көптеген суқоймаларын мекендеген . Қазір ұя басар кезінде көптеген бірнеше жерлерде : Марқакөл ( Оңтүстік Алтай ) , Жайық , Ертіс, Іле өзендерінде ғана кездеседі. Саны 60-70 –ке дейін (оның жартысы Шығыс Қазақстанда ) кеміді . Жойылуына негізгі себептер – орманды кесу , балық қорларының таусылуы , ересек құстарды жою . Ұяларды есепке алып , олардың арқайсысының айналасын тыныштық аймаққа айналдыру керек .






Ителгі-жойылып кету қаупі бар өте сирек түр . Африка, Орталық Азияның тауларында тіршілік етеді . Ол Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы таулардың шағын ацймақтарын мекендейді . Қазақстанда саны өте аз , солардың алтауы Алматы қорығында ұялайды . Алматы қаласында күз және қыста 1-5 бидайықты кездестіруге болады. Санының азаю себептері және жалпы тіршілігі туралы деректер жоқ . Олардың ұяларын тауып ,оны қорғау керек және қорғау әдістерін зерттеу қажет.


Лашын-жойылып кету қаупі бар түр . Лашын жер шарында кең таралғанмен , Қазақстанда анық екі – ақ жерде ұясын тапқан – біреуі Наурызым қорығында (1935 ж) , екіншісі Оңтүстік Алтайда (1958) табылған . Бұдан кейін оның Қазақстанда ұя салғанын ешкім де көрген емес . Республикамыздың үстінен қыста да ұшып өткенімен , бізде қыстайтындардың саны азаюда ; масалы , Алматыда 1883-1888 жылдары 2-ден 5-ке дейін лашындар қыстаған . Қолдан өсіріп жетілген балапандарын еркіне жіберуге ұйымдастыру керек .



Ақ тырна –жойылып кету жағдайында тұр . Солтүстік Азияда , Ресейдің Солтүстігінде ұялайды . Қазақстанда наурыз мамыр және қыркүйек қараша айларында республикамыздың батыс жағынан ұшып өтеді . Түрдің жалпы саны 1,5 мыңнан аспйды . Қазаұстанда ұшып өтетін ақ тырналар тек Наурызым мен Қорғалжың қорыфқтарында ғана қорғалады. Ақ тырнаның қоныс аудару жолында орналасқан Торғай қорығын құруды тездету керек .




Дуадақ-жойылып кету қаупі бар түр. Бұрын Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысындағы дала мен тау бөктеріне кең тараған еді. 50- жылдары тың жерлерді игерудің нәтижесінде көп жерлерже жойыла бастады. Саны оншақты есе азайды . Қазіргі уақытта Қакзақстандағы саны белгісіз, өте сирек кездеседі және әр тобында 18- ден аспайды . Қазақстанның барлық далалық аймағында оларды қорғайтын қорықтар жүйесін ұйымдасчтыру қажет.







Тарғақ-жойылып кету қаупі бар түр . Қазақстан мен Ресейде таралған. Қазақстандағы таралу аймағы республикамыздағы Солтүстігіндегі даланы түгел қамтиды. Қазіргі саны туралы нақтылы деректер жоқ , бірақ барлық жерде оның саны бірте – бірте азайып келеді Бұдан 20-30 жыл бұрын оны кездестіру дағдылы жағдай болатын . Санының азаюының негізгі себептері . – жерді жырту , малды көп жаю , химиялық қосылыстарды ретсіз пайдалану , аңшылық . Ауыл шаруашылық жұмыстарын экологиялық тұрғыдан ұйымдастырып , оны қорғауды халық арасында насихаттау керек.





Шитұмсық шалшықты- өте сирек , жойылып бара жатқан түр. Таралуы толықтай анық емес , себебі өте сирек кездесетін ұялау орындары Сібірдің әртүрлі аудандарында шашырап жатыр. Бұталар өскен шымтезекті батпақтарда қоныстанады, ұшып өту кезеңінде батпақтарда кездеседі. Қазақстанда Еділ – Жайық өзендерінен Ертіске дейін , яғни республиканың Солтүстік бөлігінде кездейсоқ кездесіп қалады. Саны белгісіз жылына 10-ға дейін шалшықты есепке алынады . Шектеу фактарлары анықталмаған . Сақталған жерлерін іздеу және олардың биологиясы мен экологиясын жан- жақты зерттеу қажет. Осы мәселелерді анықтағанға дейін барлық шалшықтыларды қорғау қажет.






Реликті шағала-жойылып кету қаупі бар түр . Бар –жоғы 3 жерде оңтүстік шығыс Байкал маңында , Ордоста және Шығыс Қазақстанда ұялайтыны белгілі . , соңғысында аумағы кішкене аралдардың бірінде оның коллониялары орналасқан . Жалпы саны – 5 мыңдай . Қазақстанда әр кезе 20-дан 1200-ге дейін мойнақ шағала ұялайды. Колониялары орналасқан Алакөлде “Реликті шағала ” атты қорықша ұйымдастырылған . Алакөл қоры

ғын құру қажет.







Еуропа қара күзені - Қазақстанда жойылған түр . Негізінен Батыс Қазақстанда мекендеген , ал Солтүстік Қазақстанда бір аң ғана кездескен. Бірен –саран күзеннің Ресейден келуі мүмкін . Күзеннің тіршілігі тұщы су қоймалары мен тығыз байланысты. Мекендейтін жайлы орындары – жағасында қалың шөп өскен өзектер мен өзендер , көлдер . Қолда өсіп өнеді. Түрді сақтап қалу үшін хайуанаттар паркі мен аң фермаларында өсіру қажет.




Балжегі (итаю)-сирек кездеседі . Таралу аймағы Қазақстанның солтүстігі . Үстіртте таралған ; сексеуіл өскен жазықты және шағын қыратты жерлерде мекендейді , сол сияқты боялыш , қараған , түйесінің өскен жерлерінде кездескен. Қазақстанда бірен – саран жерлерде кездескені белгілі, қорғау шаралары дайындалмаған . Кездескен жерлерді Үстірт қорығына қосу қажет.






Қабылан - өте сирек , Қазақстанда жойылып бара жатқан түр . Үстіртте таралған ; ертеде Маңғыстау мен Қызылқұмда тіршілік еткен ; шөлді тау бөктерлерін , тау жұрнақтары мен құзды жартастарды мекендейді . Таралу аймағының тарылып , санының кемуінің негізгі себептері- шаруашылықты дұрыс жүргізбеу , басты қоректің обьектілердің санының азаюы және қаскерлік . Алматы қорығында ойдағыдай көбеюде.





Қарақал - сирек , жойылып бара жатқан түр. Маңғыстау мен Үстіртте таралған :

сексеуіл , бұталар өскен құмдар мен құз- жартастарды мекендейді . Қазақстанда бірнеше ондаған бас есептелінген. Санының азаюының негізгі себептері- қатал әрі қары көп қыс және қаскерлік . Қолда өсіп- өнеді . Ташкент хайуанаттар паркінде 1968-1970 жылдары төрт рет күшіктеді. Үстірт қорығы мен екі қорықшада қорғалады. Маңғыстауда қорғалатын аумақтар жүйесін құруды реттеу қажет.







Алтай арқары-сирек таралу аймағы тарылып, саны азаюда. Оңтүстік Алтайда таралған , аласа орташа және биік таулардың шалғындары мен жазықтау жерлерді мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны 60бас шамасындай ; санының азаюына негізгі себептері- қаскерлік және оның мегкендейтін жерінде шектен тыс мал жаю . Қолда өсірілмейді. Күршім жотасының Оңтүстік сілемдерінде қорықша немесе Марқакөл қорығының бөлімшесін ұйымдастыру қажет.




Қызылқұм арқары - Қазақстанда жойылып кеткен : 18-19 ғасырларда Сырдария мен Қуаңдария зендерінің сағаларының аралығында мекендеген. Көршілес Өзбекстанда Нұрата қорығында қорғалады . Оларды Шымкент хайуанаттар паркінде өсіру , сонымен қатар Оңтүстік Қазавқстанда оларды кейіннен табиғи ортаға қайта жіберу үшін қолда өсіруді ұйымдастыру қажет.






Қаратау арқары -өте сирек жойылуға жақын . Тек Сырдария Қаратауында ғана таралған, таудың жазықтау жоталарын мекендейді. Жалпы саны 100 бас ; санының азаюының негізгі себептері – қаскерлік және ол мекендейтін жерлер де малды шектен тыс жаю. Арнайы қорғайтын орындар жоқ . Қаратау қорығын ұйымдастыруды тездету қажет.





Жалман –тек Қазақстанда ғана ; Арал сыртында (Қарсақпай жалманы) , Бетпақдалада , Балқаш маңының солтүстігінде , шығысында (Алакөл шұңқыры) , Жоңғар қақпасы төңірегінде өте сирек кездесетін , үй тышқанына ұқсайтын кішкене ғана аң. Терісі қалың жүнді , жібектей жұмсақ құлағы едәуір үлкен .

Баялыш бұталарының , ақ жусандардың ішінде жүреді. ИЖерде жайлап ғана секіріп баяу қозғалады. Бірақ бұталарда тез, жақсы өрмелейді. Негізінен бунақденелерді аулап жейді . Жақсы көретін қорегі шегіртке , бүйі қыршаян тәрізді өрмекшілерді де аулайды . Қорегін үңгірде кейде таңғы салқын кездерде ширақ іздейді. Күндіз және түнде ұйықтайды .Ауа температурасы +3 С төмен болатын күз , көктем мезгілдерінде және қыста ұйқыда жатады .



Жалманның биологиясы жөнді зерттелмеген . Сондықтан Қазақстанның және бұрынғы КСРО-ның Қызыл кітаптарында бұл аңды аулауға тыйым салынғаны хабарланып , қорғаудың неғұрлым тиімді шараларын жүргізу үшін оның биологиясын зерттеу қажет.




Бидайық – жойылып кету қаупі бар . Африка , Орталық Азияның тауларында тіршілік етеді, ол Қазақстанның оңтүстігіндегі және шығысындағы таулархдың шағын аймақтарында мекендейді . Қазақстанда саны өте аз , солардың алтауы Алматы қорығында ұялайды. Алматы қаласында күз және қыста 1-5 бидайықты кездестіруге болады. Олардың ұяларын тауып , оны қорғау керек және қолдан өсіру зерттеу әдістерін жасау қажет.










1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет