Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан биоресурстары туралы түсінік. (1 сағат) Лекция жоспары



жүктеу 2.11 Mb.
бет2/11
Дата25.04.2016
өлшемі2.11 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
: CDO -> 2007-2008 -> KazBioresurs -> Data
2007-2008 -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары
Data -> Қазақстан биоресурстары пәнінен практикалық сабақтарының әдістемелік нұсқауы
2007-2008 -> ОҚУ Әдістемелік кешені
2007-2008 -> Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы “Бекітілді”
Data -> Лекция сағат саны 30 Практикалық сабақтар 15 обсөЖ сағат саны 45 Барлық сағат саны 135
2007-2008 -> Кафедра: “Құқық” Факультет: “Экономика және құқық” Мамандық
2007-2008 -> Тестік сауалнама

Қозаның құрылысы және өсіп-жетілуі Басқа да ауыл шаруашылық өсімдіктері сияқты қозаның да өсу және даму процесі барысында оның тамыры, сабағы, бұтақтары,


Басқа да ауыл шаруашылық өсімдіктері сияқты қозаның да өсу және даму процесі барысында оның тамыры, сабағы, бұтақтары, жапырақтары, гүлдері пайда болып, қалыптасып өседі. Оның гүлдерінен өнім беретін көсектер өсіп жетіледі. Мұндай көсек қауашақтарының ішінде ұлпалы шит болады.

Қоза сабағының түп тамыры. Ол негізгі сабақтан және жан-жағына өсіп шығатын бұтақтардан тұрады. Түп тамырдың негізгі сабағы шиттің сортына және оның өсіп-өну жағдайларына байланысты қалыптасады. Ол сабақтың диаметрі 1,0 - 1,5 сантиметр болады.

20-25 сантиметр тереңдікте сабақ тамырының диаметрі 2-3 миллиметрге дейін жіңішкереді.

Жер бетінен 4-6 сантиметр және одан да көбірек тереңдікте негізгі сабақтың бойында алғашқы кезектегі жанама тамырлар пайда болады.

Алғашқы кезектегі жанама тамырлардан одан неғұрлым жіңішке екінші кезектегі жанама тамырлар тарайды, ал олардан бұдан әлдеқайда жіңішке үшінші кезектегі тамырлар тарайды. Сөйтіп, тамыр жүйесінің жан-жаққа тарамданып өсуі қалыңдай түседі.

Тарамдалған жас тамырлар өте нәзік келеді, олардың түсі ақ болады және өте ұсақ талшық тамырлар таратады. Бұл ұсақ тамырлар топырақтан суда еріген минералдық қоректік заттарды сорып алады. Сондықтан да оларды белсенді әрекет тамырлары деп атайды.

Ал, қатайып кеткен тамырларды өткізгіш тамырлар деп атайды. Олар белсенді әрекет тамырлары қабылдаған қоректік заттар мен суды тамырдың сабағы өткізеді. Одан әр ол қоректік заттар сабаққа жетеді, сөйтіп бірте-бірте бұтақтар мен жапырақтарға жайылады. Жапырақтарға сіңген қоректік заттар органикалық заттарға ауадан келіп түсетін көмір қышқылымен бірге қайта өңделеді.

Түп тамырдың өзекті сабағы вегетациялық өсіп-жетілу кезеңінің аяғына қарай топыраққа 1,9-2,0 метрге дейін тереңдікке түседі.

Түп тамырдың өзекті сабағынан жан-жаққа топырақтың жоғарғы қабаттарына жанама тамырлар өсіп таралады.

Түп тамырдың өзекті сабағынан жан-жаққа таралатын алғашқы тамырлары өскін жер бетіне көрінгеннен кейін 5-6 күннен соң пайда болады. Бұл кезде өзекті сабақтың биіктігі шамамен 12-15 сантиметрге дейін жетеді.

Топырақтың тұзданып сортаңдануы қозаның тамыр жүйесінің дамуына келеңсіз ықпал етеді.



Өсімдіктің негізгі сабағы. Қозаның негізгі түп тамырының жоғарғы бөлігі тамыр деңгейінің үстіңгі жағына қарай қозаның негізгі сабағына айналады.

Қозаның негізгі сабағының биіктігі суармалы егіншілік жағдайында оның сортына және өсіп-өну жағдайларына байланысты болады. Әдетте оның биіктігі 70-80 сантиметрден 120-140 сантиметрге дейін жетеді.



Бұтақтар мен бұтақ жаю. Қозаның негізгі бұтағындағы жапырақтар шығатын қуыстарда бүршіктер пайда болады. Осы бүршіктерден бұтақтар тарайды.

Қозаның бұтақтары екі түрлі болады - өсу бұтағы, яғни моноподиялы және өнім бұтағы, яғни симподиялы.

Өсу бұтақтары негізгі бұтақтың төменгі бөлігінде өседі. Ал өнім беретін бұтақтар осы өсу бұтақтарынан жоғары бірінен соң бірі негізгі бұтақтың барлық келесі жапырақтарының қуыстарында пайда болады.

Өсу бұтақтары әдетте өнім беретін бұтақтардан қуаттырақ келеді және негізгі бұтақтан сүйір бұрыш жасап жоғары қарай өседі.

Өнім беретін бұтақтар өсу бұтақтарынан өзінің пайда болу тәсілі жағынан да, құрылысы жағынанда түбірімен өзгеше келеді.

Өнім беретін бұтақтар негізгі бұтақтан өсу бұтағына қарағанда неғұрлым сүйір емес бұрыш жасап жан-жаққа қарай өседі.

Өмін беретін бұтақтар аралық топтарының ұзындығы төрт түрлі топқа бөлінеді:

І түрі – қысқарған аралық топтары бар;

ІІ түрі – орташа аралық топтары бар;

ІІІ түрі – алшақ аралық топтары бар;

ІV түрі - өте алғаш аралық топтары бар.

Аралық топтар неғұрлым алшақ болған сайын оның бұтақтары да соғұрлым ұзын және кең, жайыла өскен бұтаққа айналады.



Жапырақтар. Қозаның жапырағы жапырақ пластинкасынан, сабағынан және осы сабақтың түбіндегі екі жанама жапырақтан тұрады. Қозаның жапырақ пластинкасының ауқымы өсімдіктің түрлеріне, сорттарына және өсіп-өну жағдайларына қарай әртүрлі болады. Атап айтқанда 4 шаршы сантиметрден 40 шаршы сантиметрге дейін жетуі мүмкін.

Қозаның барлық түрлерінің жапырақтарында азды-көпті дәрежеде ұсақ түктер болады. Жапырақ пластинкасының үстіңгі беті жылтыр, жалаңаш болады.

Практикалық тұрғыдан алып қарағанда өте маңызды белгі деп қоза жапырағының неғұрлым көп болатындығын айту керек. Мұның өзі барлық жапырақтың үстіңгі бетінің қосынды жиынтығымен өлшенеді.

Жапырақтардың өнім беретін көсектерге көлеңкені көп түсіруі оның күзге қарай пісіп-жетілуі мен ашылуын баяулатады.

Осы жапырақтарда фотосинтез процесі үздіксіз жүріп тұрады. Жапырақтың хлоропластарында хлорофил пигменттері болады.

Гүл. Қоза гүлінің негізінде оны бұтаққа жалғастырып бекітіп тұратын гүл сабағы болады.

Гүлдің ішкі жағында аталық ұсақ тозаңдары мол кішкентай бағана болады. Аталық тозаңдар өте қысқа жіңішке талшықтары бар тозаңдар жинақталған тетіктен тұрады. Оларда ұрықтық тозаңдар ұрықтық дән сияқты дамып өседі.

Қоза гүліндегі өсімдік аналығы әдетте 3-4 немесе 5-ке дейін ұялық түйін салады. Түйіннің әр ұясында әдетте 8-10 ұрықтық бүршік болады. Олардан тозаңдандыру процесі аяқталғаннан кейін тұқымдық ұрық өсіп жетіледі. Сөйтіп тозаңдану процесі аяқталғаннан кейін әлгі түйін өсе келе өнім беретін көсекке айналады.

Қоза балды жақсы беретін өсімдік. Суармалы жердегі қозаның әр гектарынан 300-350 килограмм нектар алуға болады.

Гүл өзі жарылып шыққанға дейін түйіршек бүршік (бутон) деп аталады. Гүлдердің ашылуы алғашқы тораптар бойынша жоғары қарай бұтақтан бұтаққа көтеріле түсуі әдетте әрбір 2-3 күнде болып жатады.

Қозаның әр гүлі бір күн бойы ғана сақталады. Таңертең ашылған гүл кешке қарай сола бастайды. Гүл ашылғаннан кейін көп ұзамай тозаң жинақталған тетік жарылады да шаң-тозаңдар толық ұша бастайды.



Көсек. Қозаның өнімі көсек түрінде өсіп жетіледі және ол әбден піскеннен кейін қауашақ болып ашылады. Көсекті бұтақта ұстап тұратын сабақ қозаның түрлері мен сорттарының көпшілігінде орта есеппен 3-4 сантиметр болады. Қозаның әр түрінің көсектері өзінің көлемі, диаметрі және шитті мақтаның салмағы жағынан бір-бірінен өзгеше болады. Көсектің ішкі жағы бірнеше қалта арқылы бірнеше ұяға бөлінеді. Ал сыртқы жағы біртұтас жарма қауашақ қалақшалармен жабылады. Көсектегі ұялардың саны түйіндегі ұялардың сандарына сәйкес келеді.

Көсектің ашылу деңгейі алуан түрлі болып келеді. Көсектің дамып, өсіп-жетілуі қоза гүл жарған күні пайда болған түйіннің ұрықтық бүршігі ұрықтанған кезінен басталады. Бүкіл осы кезең орта есеппен 50-60 күнге созылады.

Көсектің ашылуына ауа райының жағдайлары мен қатар өсімдікті суару, оған тыңайтқыштар беру, оның қатараралығын баптау, жегенелеу сияқты басқа да агротехникалық факторлар ықпал етеді.

Суық ұрған немесе дефолиацияланған жағдайда әлі пісіп жетілмеген көсектер тез қурайды және белгілі бір дәрежеде ашылады.



Шит. Толық қалыптасқан және пісіп жетілген шиттің сыртқы түрі жұмыртқаға ұқсас. Шит өзі пайда болған ұрық пен оны қоршап тұратын екі қабаттан – ішкі жұқа қабықтан және дәннің қабығы деп аталатын тығыз қабаттан тұрады.

Сыртқы қабықтың үстіңгі жағында талшық пен шиттің ұсақ ұлпасы өсіп жетіледі. Ал, қозаның кейбір түрлерінде шиттің сыртқы қабығында тек талшықтар ғана өседі. Сондықтан да қозаның кейбір түрлерінде тұқымдық шит оның сыртқы талшығын алғаннан кейін тек ұсақ бүршіктің ішінде ғана қалады.

Шит дәнінің үлкендігі қозаның тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне, түрлері мен сорттарына қарай, сондай-ақ өсімдіктің өсіп-жетілу жағдайларына байланысты болады.

Өте маңызды бір белгі тұқымдық шиттің салмағы болып саналады. Ал, әрбір 1000 шиттің осындай салмағы 95 граммнан 160 грамм аралығында болады.

Шиттегі ядро деп те аталатын ұрық екі дән жарнағынан, жоғарғы бөліктегі өсу бүршігінен, дән жарнағы астындағы тіреуіш тізеден және ұрықтық түбіршектен тұрады.

Шиттің құрамындағы майдың мөлшері оның салмағының орташа алғандағы 20-25 пайызына тең. Шит неғұрлым пісіп жетілген сайын ондағы майдың мөлшері де арта түседі.



Талшық. Талшық шиттің қабығының сыртқы бөлігіндегі клеткалардан өсіп шығып дамиды. Әр талшық күшті өсіп шыққан бір клетка болып табылады. Талшықтың өсіп дамуы шиттің өсіп дамуы мен қатар жүреді. Сондықтанда талшықтың өсіп жетілу кезеңі басталғанынан (гүл пайда болған күннен) бастап және оның әбден пісіп жетілгеніне дейінгі аралық орта есеппен алғанда 50-60 күн болады.

Талшықтың пісіп жетілу барысы екі кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезеңнің барысында әр талшық ұзарып өседі және өзінің толық ұзындығына жетеді. Мұның өзі пісіп жетілудің нақты жағдайларына байланысты қозаның әрбір сортына өзінше тән болып келеді.

Екінгі кезеңнің барысында талшық неғұрлым жуандай түседі. Талшықтың жуандауы оның ішкі қабатындағы өсіп-жетілу барысында пайда болады.

Талшықтың өсіп-жетілуінің екінші кезеңі аяқталғаннан кейін ол шитпен және тұтас алғанда бүкіл көсекпен бірге дегдіп, кебе бастайды.

Талшықтың өсіп-жетілуінің әртүрлі дәрежеде болуы оның мықтылығына және басқада қасиеттеріне ықпалын тигізеді.

Талшықтың ұзындығы 5-6 миллиметрден 55-60 миллиметрге жетеді.

Әр түп қозаның жалпы өсіп-жетілу барысы. Қоза шит себілген күннен бастап әбден пісіп жетілгенге дейін дамудың бес түрлі кезеңінен өтеді: 1) шиттің өніп шығуы ; 2) өскіндегі жапырақтаң пайда болуы; 3) қозаның түйнектеуі; 4) гүлдеуі, 5) пісіп жетілуі немесе көсектердің ашылуы.

Лекция №3

Тақырыбы: Шикізат өсімдіктерін игеру. Қозаның зиянкес жәндіктері және аурулары.

Жоспары:

1.Қозаның зиянкес жәндіктері және аурулары. Сорушы зиянкестер

2.Қозаның аурулары.

3.Қозаның жапырағын түсіру.



Қолданылатын әдебиеттер тізімі

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.

14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.

Лекция мақсаты: Қозаның зиянкес жәндіктері және аурулары мен таныстыру.

Лекция мәтіні: Мақта өсімдігін әр түрлі әрі көптеген организмдер, шыбын-шіркейлер, кене, т.б. омыртқасыз жәндіктер, сондай-ақ ұсақ микроорганизмдер – уақ саңырауқұлақтар мен бактериялар қорек етеді. Қозаның басты зиянкестері - өрмекші кене, бақша, акация, мақта биттері, темекі құрты, мақта көбелегі, қара күйе, күздік көбелек т.б. түрлері болып табылады. әр жылдары бұлардың әр түрі көбейіп қаулап кетеді. Мысалы, 1998 жылы мақта көбелегінің күрт көбеюі өнімге зор нұқсан келтірді.

Қоза көктеп шыққаннан толық пісіп жетілгенге дейін бүкіл өсімдік дамуы кезеңі бойында әртүрлі зиянкестерден зақым көре береді. Өсімдік дамуының алғашқы кезеңінде-ақ яғни өне бастаған тұқымы мен бүр жарған өскінін күздік көбелек зақымдап үлгереді. Зиянкестер ауыз аппаратының құрылымына қарай өсімдіктің сөлін сору арқылы немесе жапырағын, бұтақшаларын, көсек салушы органдарын кеміріп қоректенеді.



Сорушы зиянкестерге мыналар жатады:

Өрмекші кене – бунақ аяқты уақ жәндік. Ересек ұрғашысының ұзындығы 0,3-0,6 мм, еркегінің ұзындығы 0,2-0,3 мм. Ұрғашысының денесі жұмыртқа пішіндес, ал еркегі сына секілді болып келеді. Жазда сарғыш жасыл, күзде салым-қызғылт сары қызыл, қысқа қарай қызыл-қоңыр түске енеді. Бүйірінде екі қара қоңыр дағы бар. Ересек кенелердің 4 жұп аяғы, личинкасының 3 жұп аяғы болады. Өрмекші кене қоза жапырағының астыңғы бетінде тіршілік етеді. Аузының қылшықтарын жапыраққа қадап оның сөлін хлорофилл дәндерімен қоса сорып алады. Жапырақтың зақымданған жерлері бірнеше күннен кейін астынан қоңырланып, үстінен қызарып шыға келеді. Сөлі сорылған өсімдіктің өсуі кешігеді, жапырақтары мен көсектері түседі, ал қауашақтары қаудырап, жеңілдеп қалады. Кене мамыр-маусым айларында зақымдаса, қозаның өнімі 50-60 пайызға тамызда жақындаса 5-10 пайызға кемиді. Қатты зақым шеккен бұтталар мүлде өнім береді. Өрмекші кене өте тез өніп өсіп көбейеді. Ұрғашысы өз өмірінде жағдай қолайлы болса, 100-140 күнде жұмыртқа салады, кейде мұнанда көбейтеді. Екі-үш күннен кейін жұмыртқадан 6 аяқты қуырщақ кене шығады. Ұзындығы 0,1 мм келетін бұл қуыршақтар 1-2 күннен кейін-ақ жетіліп қалады. осыдан соң қуатына еніп ересек кенелер секілді 4 жұп аяқты жәндікке айналады. Енді 3-5 күннің ішінде олар толық ересек кенеге айналады, ал ұрғашылары жұмартқа салады. Өрмекші кененің бір ұрпағының жазда өсіп жетілуінің жалпы ұзақтығы 8-12 күн, ал көктем мен күзде 15-20 күн. Бір маусымда кене оңтүстік аймақ облыстарында 18-20 мәрте, ал солтүстік аймағында 12-15 ұрпақ өрбітеді. Ұрықтанған ересек ұрғашы кенелер күзде өздері өсіп өнген алқапта топырақтың үстіңгі қабатында, көсек, өсімдік қалыптары, тұт ағаштарының қуыстары мен жарықтарында, жапырақ шөгінділерінің астында қыстап шығады. Оларға аязға өте төзімді келеді. Ылғалды жерлерде 25 0 суықтың өзінде ұрғашы кенелердің жартысына дейін аман қалады. Олар аяз температурасы 29-300-қа жеткенде қырылып қалады. Ерте көктемде күн 5-100 жылысымен кенелер қыстаған жерінен шығып төңірегіндегі арам шөптерге ауысады да үйір-үйір болып ауысады. Кене ауа ағыстарымен, желмен, сумен таралады. Кенені жоюға бірқатар пайдалы жәндіктер құрт-құмырсқалар қатысады. Олар стеторус қоңызы, кенемен қоректенетін трипс және жарқырауық зерқоңыз. Мысалы, кенемен қоректенетін трипс тәулігіне кененің 50 жұмыртқасы мен личинкасын, ал жарқырауық қоңыздың ересек личинкалары 800-ге дейін жеп таусытады. Өрмекші кенеге қарсы тиімді күресудің жолы оларды қыстаған жерін жою болып табылады. Бұл үшін жатқан жерлерді жыртады, егістік жерді тегістейді, ауыспалы егіс жүйесін ендіреді.

Қозаның аурулары – мақта шаруашылығында неғұрлым кең тараған әрі қауіпті аурулары – солма, гоммоз және тамырдың шіруі болып табылады. Тамырдың шіруін топырақта тіршілік ететін әр түрлі бактериялар мен саңырауқұлақтар туғызады. Гоммозды бактериялар туғызады. Солманың қоздырушысы топырақта тіршілік ететін вертициллиум далиэ саңырауқұлағы.

Тамыр шіруі – бұл аурумен зақымданған өскіннің тамыры мойын жағынан қоңырқайланып, жіңішкеріп кетеді, саңырауқұлақ түтікшелері қадалған тінде ыдырайды. Өскін шиті жарнағынан ажырап үлгермей-ақ солып құлайды да құрғап қалады. тамыр шіруі ауруының өріс алуы көктемгі ауа райына байланысты. Көктем суық, жаңбыр көп жауған жылдарда тамыр шіруіде мақта өскіндерін көбірек зақымдайды. Өйткені мұндай жылдарда қозада әлжуаз болып саңырауқұлақтар мен бактериялардың жегісіне оңай ұрынады. Әсіресе өніп шығу қасиеті аз, сапасыз шиттің өскіндері, тамыр шіруі ауруларына тез ұшырайды. ауруға қарсы күресу шаралары – егістік жерді тегістеу, тамыр шіруі су жайылатын тұстарда көбірек белең алады, минералдық тыңайтқыштармен ерте қоректендіру.

Гоммоз – бұл мақтаның кең тараған ауруы. Ол қозаны өсіп жетілу кезеңін зақымдай береді. Гоммоздың белең алуына әсіресе көктемнің суық әрі жаңбырлы болуы, мезгілсіз жаздағы жаңбырлар. Гоммоз шиттің жарғақтарын, жапырақтарын, сабақтарын, гүл жапырақшаларын және жас көсектерді зақымдайды. Шит жарғақтарында әр түрлі көлемдегі жарық дақтар пайда болады. Жапырақтарына талшық жіптері арқылы сабақтарына таралып, сопақтау келген майлы дақтар пайда болады.

Солма – бұл өте қауіпті ауру қатты белең алса, өнімнің 50 пайызын жойып жібереді. Солма шит жарғағы ашылуынан бастап өсіп жетілуі кезеңінің аяғына дейін зақымдай береді, әсіресе ересек өсімдіктердің түйнектеу кезінде содан соң жапырақтарда ашық-жасыл біраздан кейін сары дақтар байқалады. Дақтар дөңгелдек немесе бұрыштылау болады. Солма ауруы тамыз-қыркүйек айында белең алады. Бұнымен ауырған өсімдіктер 2-3 күнде солып қалады, жапырағы сарғайып, салбырап қурап қалады. Ауруға қарсы күресу: мақтаның төзімділігі жоғары сорттарын өсіру, өсімдік қалдықтарын қозапаяны жойып отыру, шитті себер алдында химикаттармен дәрілеу.

Қозаның жапырағын түсіру

Кальций цианамиді - бұл қарасұр ұнтақ. Оның құрамында 50-55 пайыз таза кальций цианамиді, 17-19 пайыз азот, 1,5 пайыз минералды май, 0,2 пайыз кальций карбиді бар. Ұзақ уақыт сақталған және ауа еркін келіп тұрған жағдайда кальций цианамиді ыдырайды да жапырақтарды қуратып түсіреді. Егер жауын-шашын тисе жарамсыз болып қалады.



Магний хлораты – кристалды, түйіршікті сары түсті ұнтақ. Оның құрамында 58-66 пайыз магний хлораты, 30 пайыз натрий хлораты, хлорлы калий, магний сульфаты мен кальций қоспасы бар. Магний хлораты суда жақсы ериді. Ауа еркін келіп тұрса, өзіне ылғал тарта береді. Сондықтан құрғақ қоймаларда ауа өткізбейтін ыдыста сақтау керек.

Кальций хлорат-хлориді – тұздарының ақ сары түсті сулы ерітіндісі, құрамында 32 пайыз хлорлы кальциймен 28-29 пайыз кальций хлориді бар. Кәдімгі жағдайда судан 1,5 есе ауыр. Жақсы ериді, ылғал тартқыш.

Лекция №4


Тақырыбы: Табиғи өсімдіктер.Табиғи өсімдіктер қорын тиімді пайдалану.

Жоспары:

1.Қара сексеуіл.

2.Қызыл жүзгін.

3.Қызыл жыңғыл.

4.Тамыр жусан.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.



14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.
Лекция мақсаты: Табиғи өсімдіктер мен таныстыру.

Лекция мәтіні: Қара сексеуіл – ең шөлге тән өсімдік, Қазақстанда кездесетін сексеуілдің үш түрінің нағыз ағаш болып табылатын түрі. Құмдардың арасындағы сортаң жерлерде, сұр түсті топырақта және тақырда тіпті, барлық шөл зонасында – солтүстік Үстірттен Алакөлге дейінгі аралықта өседі. Сексеуілдің ең жақсы шіліктері Шу, Іле өзен аңғарларында , Сырдарияда (Алматы, Жамбыл, Қызылорда). Қолайлы жағдайда ағаштың биіктігі 10 м-ге дейін жетеді. Діңі қисық, қатты бұтақтанған, қабығы қою сұр түсті, кәрі ағаштардың диаметрі 50-70 см-ге дейі жетеді. Жас бұтақтар жіңішке ашық сұр. Бір жылдықтары жасыл, шырынды шөптесін. Үлкен ағаштардікі төмен салбырап тұрады. Сексеуілді көлеңкесін түсірмейтін ағаш деп атайды. Жапырақтары толық жетілмеген, түрі мен пішіні қарама-қарсы орналасқан төмпешіктерге немесе доғал қабыршақтарға ұқсас. Жасыл түсті жас бұтақшалар ассимиляция қызметін атқарады. Гүлдері ұсақ қос жынысты 5 мүшелі тостаған тәрізді гүл жапырақтарына бір-бірден орналасқан. Гүл серігі пленка тәрізді, өспей қалған жапырақша күйінде аталықтың жіпшелері гүл серігінен шығады түйіні қысқа тіпті отырыңқы тозаңқапты. Сексеуіл сәуір-маусымда гүлдейді, қыркүйекте жеміс береді. Жемісі дөңгеленген гүлсеріктің жапырақтарынан жетілген, пленка тәрізді қанаттарымен жерге түсе сала желдің ықпалымен дөңгелеп аналық өсімдіктен алыстай береді. Тек тұқыммен емес көбінше вегетативті түрде көбейеді. Сексеуілден бағалы отын алады. Бұл ағаштың діңін кесу өте қиын. Сексеуіл 30-60 жас тіршілік етеді. Сексеуілдің тамыр жүйесі 10-11 м-ге дейін тереңдікке кетеді.

Қызыл жүзгін (тарандар тұқымдасы) – Қазақстанда кездесетін 20 түрдің ішіндегі ең танымал түр, үйінді құмдар мен құмды шөлдерді мекендейді. Солтүстік Каспий маңынан Балқаш-Алакөл ойпаттарынан, Қызылқұм шөлдеріне дейінгі аралықта кең тараған. Бұл бұта биіктігі 1-2 м, қызғылт немесе қошқыл қабығымен ерекшеленеді. Жас бұтақтары бір жылдық қалың жасыл ұсақ мүшелерге бөлінген. Жапырақтары ұсақ жұқа пленка тәрізді қабыршақ, сондықтан фотосинтез қызметімен басқа да шөлде өсетін өсімдіктерде бір жылдық бұтақтары атқарады. Гүлдері қос жынысты, ұсақ екі қатарға орналасқан, гүл серігі кең, 5 бөлікке бөлінген, жиегі ақ жолақпен көмкерілген. Ол көп шірне бөледі. Сондықтан гүлдеу мерзімінде (сәуір-мамыр) өсімдік түбінде топ тобымен жүреді. Жемістері едәуір үлкен, диаметрі 1,5-2 см, шар тәрізді қабырғалы, жарғақ қанатты жаңғақтар. Маусым-шілде айларында пісіп жетілген жеміс табанынан ажырайды да желдің көмегі мен құмды топырақта дөңгелей жөнеледі, кейде ұзап кетеді. Әлі пісіп жетілмеген жемісі жеуге жарамды қышқылдау жасыл алманың дәміне ұқсас, сондықтанда шөліңді қандырады. Олар лимон қышқылының көзі болып табылады. Піскен жемістерінің құрамында 7 пайыз бояғыш заттар кездеседі.

Қызыл жыңғыл (жыңғылдар тұқымдасы) – Қазақстанда өсетін жыңғылдардың 10 түрінің ішіндегі ең көп тарағаны. Ол солтүстік алқаптармен таулы Тарбағатай және Алтай, Батыс Тянь-Шань қыраттарында кездеседі. өзен көл жағалауларында құмды және саз далаларда және шөлдерде, сортаң жерлерде, орман тоғайдларда өседі. Бұл бұта немесе кішкене ағаш. Биіктігі 3-5 м, қарасұр қабықты және қызғылт жылдық өркендерімен. Жасыл өркендердегі жапырақтары ұсақ қылқан жапырақтыларға ұқсас, ұшындағы тығыз гүлшоғыры шашақ ұзындығы 3-5 см және ені 0,5 см. Гүлдері ұсақ қос жынысты, 5 мүшелі, қысқа гүл табанына орналасқан. Ұзындығы 1 мм-дей онша байқалмайтын тостағаншалы желектері аздап үлкендеу. Гүлдеу мерзімі кезінде рюмка тәрізді күлте түзеді, жеміс берген кезде де түспейді, бұл осы түрдің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Жаңа гүлшоғырының пайда болуының есебінен гүлдеу мерзімі мамырдан қазанға дейін ұзаққа созылады. Гүлдеп болған шашақтарда жемістер біртіндеп пісіп жетіледі, жемістері пирамида тәрізді, үш қырлы қауашақ. Тұқым саны көп ұсақ (0,5 мм), бас жағында тінді, тігінен бастап ұзын түктермен жабылған. Гүлдеу мерзімінің ұзақ уақытқа созылуы гүлдерінің түсінің әртүрлілігі (күлгін, сия көк, кейде ақ) түрге айналады. Өсімдіктің барлық мүшесінің құрамында бояғыш заттар бар, тері өңдеуде қолданылады. Қабығынан сары бояу, ал жасыл түсті бұтағынан қызыл қошқыл бояу алынады.

Қызыл жыңғылды медицинада гүлдері, жапырақтары, қабығы және бұтақтары ревматизм, асқазан, ішек және басқа ауруларды емдеуге қолданылады. Иранның кейбір аудандарында астың дәмін келтіретін зат ретінде қолданылады.



Тамыр жусан (күрделігүлділір тұқымдасы) – Қазақстанда кездесетін 80 түрдің ішіндегі жиі кездесетін түрі. Барлық шөлді аймақтың өсімдіктер бірлестігінің басым түрі болып табылады. Биіктігі 30 см, бұташық, шашақ тамырлы, көптеген жеміс бермейтін және жеміс беретін өркендермен мықты түп құрайды. Жеміс бермейтін өркендердің және төменгі жапырақтары ұсақ, қысқа сабақты қандауыр тәрізді бөліктермен екі қайтара тарамдалған, қысқа (2-3 мм). Гүлдейтін өркендерінің сабақтары жіңішке, ұшжағы бұтақтанған, үлкен босаң сыпыртқы. Себеттері ұсақ биіктігі 3-5 мм, гүлдер саны 3-5 қос жынысты, түтікті ұшжағында 5 тісті және 5 аталығымен. Гүлдерінің түсі сары күзде гүлдейтін түрі (тамыз-қазан), күзде кеш жеміс береді, жемістері ұсақ дәнегі қанатсыз. Тек тұқыммен көбейеді. Тамыр жусанның құрамында белок, көмірсу, май бар. Күзде, қыста және ерте көктемде малдар сүйсініп жейді.

Жуашықты қоңырбас (астық тұқымдасы) – бүкіл Қазақстанда кездеседі. Далаларда және шөлдерде, құмда және сазда, жазықтарда кездеседі, таудың құрғақ беткейлерінде, кейде альпі белдеуіне дейін көтеріледі. Бұл көп жылдық биіктігі 30-50 см. Онша үлкен емес түп құрады. Сабағының төменгі жағында пиязшық тәрізді жуан бөлігіне қор жинайды, соның есебінен ерте көктемде өсіп жетіледі. Жапырақтары қысқа, жіңішке таспа тәрізді, гүлшоғыры қою шашыраңқы, сопақша сыпыртқы пішінді. Қазақстанда бұл түрдің екінші түрі өседі. Гүлдің орнына мұнда бүршік жетіледі. Гүлдерінің қабыршақтары төменгі жағы ұзарып, жуандап пиязшыққа айналады. Жаңбырлы жылдары пиязшықтан өсіп өну әдетте өсімдік қурап қалғанға дейін болады. Мұндай жағдайда жас өсімдіктің жапырақтары жан –жаққа шашырап қалатындықтан, қоңырбастың гүлшоғыры жалбырап көрінеді. Мамырдың аяғында маусымда аналық өсімдік қурап қалады және пиязшықтарын жерге тастайды. Олар желмен тез таралады және күздің алғашқы жаңбырынан кейін ақ өне бастайды. Пиязшықты қоңырбас төзімді өсімдік топырақтың сортаңдығына, тастақты топыраққа төзеді. Химиялық құрамы бойынша жақсы мал азығы ретінде бағаланады.

Лекция №5


Тақырыбы: Өсімдіктер әлемінің ресурстары. Қазақстанның өсімдіктері.

Жоспары:

1.Итмұрын.

2.Қара қарақат.

3.Татар ұшқаты.

4.Кәдімгі шәңкіш.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.



14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.

Лекция мақсаты: Қазақстан өсімдіктері мен таныстыру.

Лекция мәтіні: Итмұрын – Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі. Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, Қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Ылғалды жақсы көреді, топырақтың да, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сұр- қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтары ұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды. Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3- тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан. Гүлі қос жынысты, дұрыс гүл (актиноморфты) тостағаншасы жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5-тен), аталық пен аналықтары көп (саны анықталмаған), гүлі көлемді (диаметрі 6см-ге дейін), ұзын гүлі табанына көбнесе жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Ашық түсті гүлінің хош иісі жәндіктерді өзіне тартады, ара, үлкен тозаң жейтін қоңыздар, бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп айқас тозаңдандырады. Кейде жәндіктер гүлді түнеп шығатын орын ретінде пайдаланады, өйткені кешке қарай гүлдердің күлтелері жадылады. Итмұрын шілдеде гүлдейді, тамызда жеміс береді.раушан туысының жидегі шындығында жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра тнемесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Біз суреттеп отырған түрдің жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті.Ұщында түспейтін құрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылган металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады. Итмұрынның ерекшелігі- бағалы витаминдерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнынаь пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы-парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.

Қара қарақат (Тасжарғандар тұқымдасы)- Шығыс және Орталық Қазақстанның орманды дала және таулы аудандарындағы едәуір танымал бұта. Батыста ол Орао өзенінің бассейніне дейін тараған, ол оңтүстік-шығыста Жоңғар Алатауына дейін тараған. Алдыңғы түр сияқты, ылғылды жерді жақсы көреді, өзен жағалауында, сазды жерлердің жиегінде, ылғылды ормандарда өседі. Бұл түрдің бұтақтары түзу, биіктігі 1,5 метрге дейін, жас бұтақтар алғашқыда бозарып тұрады, жаздың аяғында қоңыр түске ауысады. Жапырағы саусақ салалы, ұзын. Қара қарақатқа тән бір ерекшелік жапырағы мен тжас бқтақтарының төменгі жағында болатын сары тбездің болуы, өсімдікке хош иіс береді. Гүлдері күлгіндеу немесе жасылдау, сирек шашақты, әр шашағында бестен шоғырланған. Қарақат мамыр, маусым айларында гүлдейді, шыбынның көмегімен тозаңданады. Қолайсыз жағдайларда да өзі тозаңданады, бұл жиі болып тұрады (бір гүлдің ішінде). Жемісі хош иісті, қара немесе қошқыл. Көптеген ұсақ тұқымды жидек шілде-тамыз айларында пісіп жетіледі. Тұқымын құстар таратады. Қара қарақат көпшілікке жабайы күйінде де мәдени түрде де белгілі. Жалпы алғанда Қазақстанның барлық аймағында өсіріледі. Бірақ жабайы қарақат жоғары бағаланады. Себебі қантты витаминге бай тағам ретінде және емдік мақсатта, көкөністерді консервлеуде жапырағы хош иіс беруге кеңінен қолданылады.

Татар ұшқаты ұщқаттар тұқымы)- Қазақстанда кездесетін 22 түрдің кең таралғаны. Орман алаңқайларында, құрғақтарда, бұта шіліктерінде, өзен аңғарларында, сондай-ақ Қазақстанның барлық тау беткейлерінде кездеседі. Бұл бұтаның биіктігі 1-3 метрге дйін, жас өркендері мен бқтақтары сарғыш қошқыл, көлденең болып айырылып кеткен сұр түсті қабықпен жабылған. Жапырағы субтропиктік, жұмыртқа тәрізді, қысқа, жапырақ тақтасының жоғарғы беті ашық жасыл, астыңғы жағы ашық түсті. Гүлдері екі жынысты жас бұтақ жапырақтарының қуысына екі-екіден жиналған. Олар ұзын да жіңішке гүл табанына орналасқан, гүл серіктері бар. Түстері ақ, бозғылт, күлгін, қызғылт болып келеді. Тостағанша жапырақшалары, күлтелері немесе аталығы 5-тен, тозаң қабы түтік тәрізді. Татар ұшқаты мамыр-тамыз айларында гүлдейді, ұзын тұмсықты жәндіктер мен көбелектер тозаңдандырыды. Жемісі-тұтасқан шар тәрізді, шырынды, жидек түсі қызыл, қызғылт-сары және сары. Маусым, тамыз айларында піседі. Олар улы, сондықтан құстар жемейді. Бұл бұта безендіру құралы ретінде бағалы, гүлдеп тұрғанда да, жеміс берген шағында да әсемдігі көз тартарлық. Суыққы да құрғақшылыққа да төзімділігі жоғары, осы қасиетіне байланысты демалыс саябақтарында, бауда, темір жол, автомобиль жолдарының бойында өсіріліп келеді.

Кәдімгі шәңкіш (Ұшқаттар тұқымдасы)-жоғарыда аталған тұқымның туысы болып есептеледі. Негізі- ормандық, ылғал сүйгіш бұта, ағаштың шіліктерін мекен етеді, өзен, көлдердің жағасында, Солтүстік Қазақстанның жазық жыраларында, тау аңғарлары мен тауларында және Орталық аласа төбешіктерде, Алтай және Тянь-Шаньға дейін таралған. Кәдімгі шәңкіштің биіктігі 1,5 метрден 4 метрге дейін, ескі бұтақтардың қабығы жарылған қоңыр түсті, жас шыбықтары жылтыр жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, жұмыртқа пішінді, дөңгелек тақтасының үсті қара-көк, жүйкелері аздап түкті, 3-4 бөлікті, жапырақтан бөлінетін тәтті шырын құмырысқаларды өзіне тартады. Ал олар басқа зиянкестердің құрттарынан өсімдікті қроғайды. Жас бұтақтарының ұшындағы гүл шоғырлары жылтыр, шатыр тәрізді гүлі ақ, алқызыл, тостағаншасы бес тісті, күлтесі бес бөлікті қоңыраудай. Аталығы күлтеден ұзын, тозаңқабы сары түсті. Шәңкіш өскен жерінің климаттық жағдайына байланысты мамыр, шілдеге дейін гүлдейді, тамыз, қыркүйек айларында жеміс береді.

Жемісі сүйір әрі шар тәрізді сүйекше, ашық қызыл түст. Бірінші аяздан кейін ғана жемісін жеуге болады (бұған дейін ащы болады). Жергілікті жерде жемісі сұранысқа ие, әсіресе Шығыс Қазақстанда. Олардан түрлі тағамдар- бәліш, қойыртпақ, пюре, кисель, джем жасайды, суық тигенде еиге қолданады. Қабығынан жасалған препаратты іштен қан кеткенде қолданады. Қызғылт қатқыл ағашынан сәндік бұйымдар жасайды.

Шәңкіштің әсемдік қасиеті жоғары бағаланады. Қазіргі кезде саябақтарда, бауларда өсіріліп жүр. Селекционерлерн көптеген мәденм түрлерін бөліп алды, солардың ішінде ерекше танылғаны “снежный шар” деп аталады.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет