Лекция №1 Тауартасымалы жүйесінде тауарлардың таралары және қаптамалары



жүктеу 0.84 Mb.
бет1/5
Дата03.05.2016
өлшемі0.84 Mb.
түріЛекция
  1   2   3   4   5
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
Лекция № 1,2.

Тауартасымалы жүйесінде тауарлардың таралары және қаптамалары
Қаптама тауар айналымында төмендегідей функциялар атқарады:

1) тауарды сыртқы ортаның әсерінен, ал қоршаған ортаны – тауардың залалды әсеріен қорғайды;

2) тауарды басқа тауарлардың әсеріен қорғайды;

3) өндірілген тауардың айналымға кіріуіне дейінгі жолында оның көлемі мен сапасының сақталуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді;

4) тауарларға және басқа жүктерге қажетті қозғалыс береді және ауыр процестерді механикаландыруға жағдайлар жасайды;

5) тауарларды саны және сапасы бойынша қабылдау үшін қолайлы жағдайлар тудырады, сондай-ақ оларды саны бойынша есепке алуды жеңілдетеді;

6) коммерциялық ақпарат көзі және саудадағы жарнама ролін атқарады.

Қаптама аталған функцияларды атқаруы үшін, ол белгілі талаптарға сай болуы керек: функциялық, эргономикалық, эстетикалық, экологиялық (адам және қоршаған орта үшін қауіпсіздігі), сондай-ақ сенімділік және әлеуметік арналуы талаптарына.

Әлеуметік арналуы талаптары қаптама мен қаптама материалдарының алуан түрлерінің тұтас қоғамның, халықтың жеке топтарының қажеттілігіне, қапталатын тауардың оптималды ассортиментіне және оның шығарылатын көлеміне сәйкестігін сипаттайды.

Функционалдық талаптар қаптаманың негізгі функциясымен, яғни тауарды сыртқы ортаның әсерінен қорғаумен байланысты. Қаптама құралдары мынадай функционалдық талаптарға сай болуы керек: қаптамадағы тауарды ылғалдың, ауа оттегісінің, жарықтың кері әсерінен, механикалық әсерлерден және т.б. сақтау, тауарды тасымалдау, сақтау және босату кезінде олардың саны және сапасының сақталуын қамтамасыз етуі керек.

Қаптама химиялық реакцияларға түспеуі керек (бұл жағынан инерциялы болуы керек) және қаптамаға орагған тауардың әсеріне қарсы тұра алуы керек.



Сенімділік талаптары қаптаманың белгілі уақыт ішінде өзінің функциялары мен қасиеттерін сақтауға қабілеттілігімен айқандалады. Осы уақыт ішінде қаптама тауардың сақталуын қамтамасыз етуі керек. Сонымен бірге, көп мәрте қолдануға арналған қаптама өзі жақсы сақталуы керек.

Бұдан басқа, сенімділік талаптары қаптаманың жөндеуге жарамдылығы, ұзақ қолданылуы, өзара алмасушылығы талаптарымен тығыз байланысты.

Жөндеуге жарамдылық айналмалы (көп рет қолданылатын) қаптаманың ақауларының табылуына және жөндеу арқылы оларды түзетуге жарамдығын сипаттайды.

Қаптаманың ұзақ қолданылуы негізгі физика-механикалық және физика-химиялық сапалық көрсеткіштерді қамтамасыз ету және сақтау және тауарды қаптамаға салу, сақтау, тасымалдау және жарамдылық мерзімі ішінде пайдалану кезінде өз функцияларын дұрыс орындауға қабілеттілігімен айқандалады.

Қаптаманың ұзақ қолданылуы дегенде тійеу–түсіру (соққылар), штабельдеу (жоғарға қатарлардың салмағы, қысым, тайғанау), тасымалдау (діріл, соққылар) барысында және тауарды тұтыну кезінде (қайта жабу мүмкіндігі) оның қасиеттерінің өзгермеуін айтады.

Өзара алмасушылық деп қаптаманың бір түрінің функционалдық арналуы бойынша оның басқа түрімен алмастыру мүмкіндігін айтады.



Эстетикалық талаптар. Бұл талаптар қаптаманың формасымен, сыртқы дизайнымен, қаптама элементтерінің тұтынушы үшін тартымды ғылып орындалуымен байланысты.

Қаптаманың дизайны графикалық орындалуы және құрылымымен сипатталады. Тұтынушы жаңа қаптаманың графикасына (түсінің, шрифтінің, эмблемасының және жалпы өңдеу стилінің үйлесімді болуына) көңіл аударады. Құрылым түсінігіне тараның физикалық формасы, оның тұрақтылығы, сыртқы бейнесі, көз тарту қабілеті, жеңіл ашылуы және ішіндегі тауардың оргаласуы және т.с. кіреді.

Қаптаманың маңызды элементі болып оны орындау стилі табылады. Қаптаманы орындау стилі мәдени, ұлттық құндылықтармен, дизайнерлердің, графиктер мен суретшілердің көркемдің деңгейімен байланысты.

Эргономикалық талаптар тараның тұтынушы үшін пайдалануға қолайлы болуын, оның адам организмінің ерекшеліктеріне сәйкес болуын, қаптаманы қолдану және тауарды тұтыну жағдайларының оптималды болуын қамтамасыз етуі керек.

Эргономикалық талаптар гигиеналық, антропометриялық, физиологиялық, психофизиологиялық деп бөлінеді.

Гигиеналық талаптар қаптаманы және оған оралған тауарды қолдану кезінде адам үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етеді.

Антропометриялық талаптар қаптаманың адам қолының өлшемдері мен формасына сәйкес болуын қарастырады. Қаптаманы зерттеп дайындау кезінде оны қодану ыңғайлы және қолайлы болумен қатар әр түрлі жастағы тұтынушыларға бағытталған болуы керек (ересектер мен балалардың антропометриялық өлшемдері әр түрлі болады, яғни қаптамаға әр түрлі талаптар қойылады.

Психологиялық талаптар қаптаманың адамның психикасына сәйкес болуын қарастырады. Көптеген жағдайларда қаптаманың түсі, формасы адамға, оның тауарды алу-алмауына қандай әсер ететінін болжау мүмкін болмайды.

Экологиялық талаптар қаптаманы шығару, тасымалдау, сақтау және қолдану кезінде, сондай-ақ оны арналуы бойынша қолданудан кейін қоршаған ортаға теріс әсерінің болмауын қарастырады. Абсолю түрде қауіпсіз қаптама тұрлері болмайды, өйткені оны шығару және утилизациялау қалайда болса қоршаған ортаны ластайды. Экологиялық қасиеттері ең төмен қаптама болып полимер тара табылады, өйткені оны өртеу арқылы утилизациялайды, сол жерде атмосфераға зиянды заттар шығады. Қаптаманың экологиялық қасиеттері оны көп мәрте қолдану кезінде (айналмалы тара) немесе екіншілік өңдеуден өткізгенде (мысалы, қағаз бен ағаш тараны картон шығару үшін қолданғанда) жоғарылайды.

Қауіпсіздік талаптары қаптаманың сапасын анықтау кезінде негізгі болып табылады, себебі – олар қаптаманы қолдану кезінде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл талаптар «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарында көсетілген.

Бұлармен қатар қаптамаға қойылатын талаптар ішінен экономикалық тиімділігін атап көрсетуге болады. Қаптаманың экономикалық тиімділігі оның бағасын және қолдану және утилизациялау құнын айқындайды.

Қаптаманың бағасы қоланылған материалдардан және шығару технологиясынан тәуелді болып табылады. Әр түрлі қаптамалардың экономикалық тиімділігі әртүрлі болып табылады және оған оралатын тауардың ерекшеліктермен тығыз байланысты.
Тара мен қаптаманың негізгі түрлері және қасиеттері

Тараның түрі – тараны оның формасы бойынша айқындайтын классификациялық бірлік болып табылады. Тараның негізгі түрлері: банкалар, аэрозольдер, бобиналар, бутылкалар, бочкалар, бункерлер, коробкалар, ящиктер, баллондар, пакеттер, тубалар және т.с. болып табылады. Олар туралы толығырақ алдағы уақытта айтылады.

Тара мен қаптаманың қасиеттері көп және олар қаптаманың өзінің және оған оралған тауардың ерекшеліктерінен тікелей тәуелді болып табылады. Тұтас алғанда тара ман қаптаманың қасиеттерін тұтынушы талаптарына сүйене отырып қарастыруға болады.

Функционалдық талаптарға жатады:

1) газға тұрақтылығы; 2) жылуға тұрақтылығы;

3) аязға тұрақтылығы; 4) жарыққа тұрақтылығы;

5) ылғалға тұрақтылығы; 6) жарық өткізу коэффициенті;

7) ісіну дәрежесі; 8) коррозияға тұрақтылығы;

9) бу өткізу қабілеті; 10) майға тұрақтылығы;

11) иіс өткізбеушілігі;

12) түбі ашылу қысымы (газдалған өнімдер).


Сенімділік талаптарына жатады:

1) жарамдық (қызмет ету) мерзімі; 2) соққыға беріктігі;

3) жыртылу күші; 4) қысымға беріктігі;

5) сенімді жабылуы; 6) жылжу коэффициенті;

9) жөндеуге жарамдылығы (айналмалы тара үшін).

Эргономикалық талаптарға жатады:

1) улы заттардың бөлініп шықпауы;

2) стерилизациялауға жарамдығы; 3) ластану дәрежесі;

4) дезинфекциялық заттарға тұрақтылығы;

5) ыңғайлы ашылуы; 6) дозалау жеңілдігі;

7) басқа жерге апаруға ыңғйлылығы;

8) қайта жабу мүмкіндігінің болуы;

9) балабар ашудан қорғау;

10) формасы; 11) түсі; 12) түстерінің үлесімді болуы;

13) ақпараттарды оқу мүмкіндігі.


Эстетикалық талаптарға жатады:

1) ақауларының болмауы; 2) елеулі болуы; 3) ерекшелілігі;

4) формасының арналуына сай болуы;

5) формасының эргономикалық дұрыстығы;

6) таза маркалануы; 7) формасының тұрақтылығы.
Қауіпсіздік талаптарына жатады:

1) ПДК (предельно допустимая концентрация) мөлшері;

2) ДКМ (допустимые количества миграции) мөлшері;

3) ОБУВ (ориентировочные безопасные уровни воздействия) мөлшері;

4) қауіптілік классы; 5) сыны қабілеті;

6) температураның кілт өзгеруі кезінде шатынауға тұрақтылығы.


Экологическим требованиям относятся:

1) жұмыстық зонадағы ПДК мөлшері;

2) қайта ұқсату мүмкіндігі;

3) биоыдырау дәрежесі; 4) жану өнімдерінің құрамы;

5) рециклинг технолоясын қолдану мүмкіндігі.

Көрсетілген қасиеттердің тізімі қаптаманың түріне және типіне байланысты өзгереді.

Аталған қасиеттерді анықтау арнайы стандартталған сынау әдістерінің қолданылуымен жүзеге асырылады.

Лекция № 3,4 Тараны унификаттау және стандарттау
Тараны унификациялаудың мәні тараның алуан түрлерін, өлшемдерін және формаларын айқандау және оларды белгілі санды типтік өлшемдерге келтіру және сол типтік өлшемдерді тауар топтары үшін бекіту процесімен сипатталады.

Тараның өлшемдері және габариттерінің оңтайлы шешімдерін табу қажет, сонда тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу, өнімдерді сақтау және тасымалдау жағдайлары жеңілдейтін болады.

Тараның өлшемдері мен габариттерің белгілі мөлшерде бекіту тасымалдау құралдарының габариттерін унификациялауға, арнайы механикаландырылған тиеу машиналарын таңдап алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде кәсіпорының жұмысы едәуір жеңілдейтын болады.

Бұндай оңтайлы өлшемдер болып 600x400 мм саналады.

Осыған байланысты тара кіші габаритті және үлкен габаритты деп бөлінеді. Егер тараның өлшемдері 600x400 мм ішінде болатын болса, ол кіші габаритті деп саналады, егер бұл өлшемдерден артса – үлкен габаритті.

ГОСТ 21140-88 «Тара. Система размеров» стандартына сәйкес тара өлшемдерінің бірыңғай жүйесі поддондардың номинал өлшемдерін 1200x1000 и 1200x800 мм ескере отырып құрылады.

Стандарттар тара өлшемдерін бекітеді және оны поддонда орналастыру схемасын ұсынады. Тасымалға жарамдылық көрсеткіші бекітілген. Бұл коэффициент складтау коэффициентінен және пакеттеу коэффициентінен құралады. Складтау коэффициенті тасымалдау құралдары мен қойма бөлмелерін пайдалану дәрежесін сипаттайды. Ал пакеттеу коэффициенті поддондарды қолдану дәрежесін көрсетеді.

Тараны стандарттаудың маңызы зор болып табылады. Стандарттау тараның матеиалдары, конситукторлық ерекшеліктері, өлшемдері, формасы және салмағы жағынан оңтайлы типтерін тағайындауды қарастырады.

Стандарттаудың негізгі міндеті тараға, оны қабылдау, маркалау, тасымалдау және сақтау ережелеріне қойылатын жалпы техникалық талаптарды бекіту болып табылаты ,

Стандарттаудың негізгі мақсаттары:

1) өнімдедің алуан түрлері үшін қаптамаларды дұрыс таңдау және жобалауға мүмкіндік беретін нормативтік құжаттар кешенін зерттеп дайындау;

2) тараны оның айналымдағы барлық звеноларымен: тасымалдау тарасын механикаландыру және автоматтандыру құралдарының бірыңғайлығы, кондейнерге салу мүмкіндігі, тұтынушылық тараның технологиялылығы және өзара алмасушылығы, топтық тараға рационалды салу мүмкіндігіне байланысты кеңінен унификациялау;

3) нормативтік және техникалық жағынан қаптаманың жоғары сапасын қамтамасыз ету, қаптама материалдарының біртекті топтары үшін және нақты материал түрінен жасалған тараның сапа көрсеткіштерінің бірыңғайлығы;

4) құжаттарды, қаптаманы халықаралық стандарттар жүйесімен нормалануын қамтамасыз ету.



Тара және қаптаманың классификациялық сипаттары

Тара тауарларды салу үшін арналған бұйымдардың кең номенклатурасымен айқандалады. Оны көптеген сипаттары және қасиеттері бойынша классифицикациялауға болады.

Буып-түю материалдарының түрі және товарлық өнімнің физика-химиялық қасиеттеріне байланысты тара мынадай сипаттары бойынша жіктеледі:

1– тауарлық айналымағы функциялары бойынша;

2– қайта пайдалану дәрежесі бойынша;

3– иелену түрі бойынша;

4– арналуы бойынша;

5– жасап шығару тәсілі бойынша;

6– конструкциялық ерекшеліктері бойынша;

7– беріктігі бойынша;

8– сыртқы факторларға қарсы тұруы бойынша;

9– жасалған материалы бойынша;

10- тараның түрі бойынша;

11– шығару технологиясы бойынша.

Тауарлық айналымағы функциялары бойынша тара мынадай 3 түрге бөлінеді: тасымалдауға арналған, тұтынушылық және жабдық-тара.

Тасымалдауға арналған тара тауарларды тасымалдау және сақтау үшін қолданылады. Бүндай тара қорап, жәшік, контейнер және т.с. түрде кездеседі.

Тұтынушылық тара тұтынушыға тауармен бірге түседі (флакондар, бөтелкелер, банкалар, тубалар, стакандар, пакеттер және т.с.). Оның бағасы тауардың бағасына кіргізіледі және оны сатып алушы төлейді. Тұтынушылық тараға қатаң талаптар қойылады, ол сатып алушының назарына ие болуы керек. Шығарушы туралы, тауардың көлемі, тұтынушыға қажетті қасиеттері және оны пайдалану ережелері бойынша ақпарат білдіруі керек. Өнімге жарнама бола алуы керек.

Тара-жабдық тауарды салу, тасымалдау, уақытша сақтау және оның көмегімен тауарды сатуға арналған бұйым болып табылады (мысалы, сату автоматтары).

Қайта пайдаланы дәрежесі бойынша тара бір рет қана қолданылатын, қайтарылатын және көп мәрте қолданылатын деп бөлінеді.

Тара көбінесе бір рет қана қолданылады. Қайтарылатын деп қолдануда болған және қайта қолдануға келетін тараны атады. Көп мәрте қолданылатын тара тауарларды жеткізу үшін көп мәрте қолдануға келеді, сондықтан ол міндетті түрде жеткізушіге қайтарылуы керек.

Иелену түрі бойынша жалпы қолданылатын (жеке кәсіпорынның мүлкі болып табылмайтын) және инвентарлық (көп мәрте қолданылатын, жеке кәсіпорынның мүлкі болып табылатын сондықтан жеткізушіге қайтарылатын тара) тара кездеседі..

Арналуы бойынша тара әмбебаб (универсал) және арнаулы деп бөлінеді. Әмбебаб тара әр түрлі тауарларды салу үшін қолданылады, ал арнаулы – тек қана бір білгілі тауар үшін қолданылады.

Жасап шығару тәсілі бойынша тара бондарлық (бондарная), желімделген (клееная), штампталған (штампованная), құйылған (литая), пісірілген (сварная) деп бөлінеді.

Конструкциялық ерекшеліктері бойынша тараны шашылмайтын, шашылатын, жиналатын, шашылып жиналатын, жабық, ашық және штабелденетін тара деп бөледі.

Шашылмайтын тара шашып тастауға келмейтін қозғалмайтын бөлшектерден тұрады.

Шашылатын тараның конструкциясы оны жеке бөлшектері бойынша шашып тастауға және элементтерін бір-біріне қосып қайта жинауға мүмкіндік береді.

Жиналатын тараның конструкциясы оны жинауға және содан соң қайта орнына келтіруге мүмкіншілік береді.

Шашылып жиналатын тара конструкциясы бойынша шашылатын және хиналатын тараның қасиеттеріне ие болады.

Егер тараның конструкциясы қақпақ немесе басқа жабу элементін қолдануға мүмкіндік беретін болса, бұндай тараны жабық тара дейді. Ондай мүмкіндік болмаса – ашыт тара дейді.

Штабелденетін деп Тараның конструкциясы оны тұрақты штабель түрінде жинауға мүмкіндік беретін болса, бандай тараны штабелденетін деп айтамыз.

Беріктігі бойынша тараны берік (металл, ағаш және полимер жәшіктер, бөшкелер), жартылай берік (картон жәшіктер, полимерные тубалар), жұмсақ (қаптар, пакеттер) және сынатын (әр түрлі шыны тара) тара деп бөледі..

Сыртқы факторларға қарсы тұруы бойынша тара шаң-, жарық-, май-, газ-, су- және ылғалөткізбейтін түрлерге бөлінеді.

Жасалған материалы бойынша ағаш, картон, қағаз, мата, метал, шыны, керамика, полимерден жасалған және комбинирленген тара кездеседі.

Қазіргі кезде көбінесе картон, қағаз және комбинирленген материалдардан жасалған тара қолданылады. Бұндай тара тараның барлық түрінің 70…90 % -ын құрайды.




Лекция № 5,6. Транспорттық және тұтынушылық

тара және қаптамалар
Транспорттық тара – дербес тасымалдау бірлігі болып табылатын сыртқы тара. Үлкен және кіші габаритті және айналым процесіне қатысушы мекеменің меншігі болуы мүмкін.

Транспорттық тараның функциялары

Транспорттық тара мынадай функциялар атқарады:

1. Техникалық:

• өнімнің сақталуы, үйлесімділігі, формасының тұрақтылығы, ұзақ қызмет істеуі, соққыға беріктігі, соққы қайтаруы (амортизация), қысу және жырту кезіндегі беріктігі, рұқсатсыз ащудан қорғауды қамтамасыз етуі;

• логистика: автоматтандырылған түрде өңдеуге жарамдығы, дөрекі түрде өңдеуге жарамдығы, кеңістікті үнемдеуі, қолдану және утилизациялау үшін ыңғайлылығы;

• құны: қаптаманы зерттеп дайындауға жұмсалатын шығындардың оңтайлылығы, қаптама құнының экономикалық ақталуы.

2. Маркетингтік:

• позициялану – өнімді кәсіпорын қандай бейнеде көрсеткісі келсе, сол бейнені тұтынушыға жеткізе алу, өнімнің дербес ерекшеліктері туралы ақпарат жеткізу;

• сатып алуға жағдай жасау (мотивациялау) – тұтынушыға әсер ету әрекеттері (қаптаманың формасы, графикасы, құрылымы, түсі және т.с.);

• ақпарат жеткізу – маркасы, өнім жағдайының сипаталуы, қолдану тәсілі, практикалық кеңестер, қажетті жағдайларда арнайы белгілердің болуы;

• тауарды сату амалдары – тауарды көрмелерде көрсету, арнайы науқандар туралы жарнамалық ақпарат беру, сатып алуға ынталандыру;

• сервис – ыңғайлы ашылуы және қайта жабылуы, тауардың ыңғайлы қолданылуы, тұтынушы үшін қосымша құндылықтардың туындауы.

3. Жекелшелендіруші (идентифицирующая): қаптаманың сыртқы көрінісі, түстерінің үйлесімділігі, формасы, дизайны тұтыннушының көңілінде қалады және артынан сол тауармен ассоцияцияланады (рны еске түсіреді), сол жерде тұтынушы сол тауарды алғысы келеді.

Транспорттық тараның функциялары тараға, оның жеке түріне қойылатын талаптарға байланысты өзгеріп отырады. Өткен уақытта тасымалдау тарасы тек қана тауарды бұзбай, бүлдірмей жектізу тұрғысынан қарастырылған болса, қазіргі кезде бұл көзғарас өзгеріп отыр.



Транспорттық тараның түрлері.

Транспорттық тараның негізгі түрлері төменде берілген.



Жәшік – төрт бұрышты қақпағы бар немесе қақпақсыз транспорттық тара. Жасау тәсілдері: қысым қолданып құю, айландырып отырып формалау. Материалы: полиэтилен, полипропилен. \

Лоток – төрт бұрышты биіктігі аласа транспорттық тара. Жасау үшін жәшік жасау тәсілдері қолданылады.

Корзина – қабырғалары биік, қабырғалар ауданының жартысы тесіктерден құралатын транспорттық тара. Жасау тәсілі: қысым қолданып құю. Материалы: полиэтилен, полипропилен. \

Фляга – цилиндр формалы корпусы бар, ауыз жағы конус түрде орындалған, қолмен көтеру үшін тұтқасы бар, жабылатын қақпағы бар транспорттық тара. Жасау тәсілдері: ауамен үрлеу. Материалы: полиэтилен, полипропилен.

Баллон – тамшы, шар немесе цилиндр формадаға корпусы, сфера формасындағы түбі және тар ауызы бар транспорттық тара. Жасау тәсілдері: ауамен үрлеу. Материалы: полиэтилен, полипропилен, полиэтилен-терфтолат, полиакрилат (ПА).

Бидон – жазық немесе гофрирленген цилиндр немесе конус формасындағы корпусы, жазық түбі және қақпағы бар транспорттық тара. Жасау тәсілдері: ауамен үрлеу, айландырып формалау. Материалы: полиэтилен, полипропилен.

Бөшке – парабола немесе цилиндр формалы, өнімді құю үшін тесіктері бар немесе бүбінің біреуі алынатын транспорттық тара. Жасау тәсілдері: ауамен үрлеу. Материалы: полиэтилен, полипропилен.

Канистра – төртбұрышты қолмен көтері үшін тұтқасы бар, жабу үшін құрылғысы бар транспорттық тара. Жасау тәсілдері: ауамен үрлеу, айландырып формалау. Материалы: полиэтилен, полипропилен.

Бак – үлкен өлшемді жоғарғы жағында құю үшін тесігі, төменгі жағында құйып алу үшін тесігі бар транспорттық тара. Жасау тәсілдері: ауамен үрлеу, айландырып формалау. Материалы: полиэтилен, полипропилен.

Транспорттық қаптама және оның тауар өтуіне ықпалы.

Сауданың дамуына байланысты транспорттық тараның мәні жоғарылап келеді. Қазіргі кезде транспорттық қаптама сату көлеміне ықпал етеді. Соған орай сатушы мекемелердің өнім шығарушыларға қоятын талаптары да жоғарылайды. Өйткені сатылатын тауарлардың ассортименті күннен күнге кеңейіп келеді, тауардың көлемі де көбейеді. Бұндай жағдайда тауардың қаптамасы ыңғайлы болуы керек, тауар қоймадан сауда залына жеңіл тасымалдануы керек, тауарды алу жеңіл болу керек.

Сауда залына транспорттық қаптамамен қойылған тауарлар, тұтынушылық тара сияқты өндірушіні көрсетуі, оның имиджін көтеруі, бір өндірушіні екіншісінен ажыратуға мүмкіншілік беруі керек, тауарды танымал қалатындай сауда маркасы (тауыр белгісі) болуы керек.

Транспорттыұ қаптама бір жағынан шығарушы кәсіпорынның мәдени деңгейін көрсетеді. Қазіргі заманғы тұтынушы қаптамаға ақша төлеуге дайын, себебі жақсы қаптама тауарды тасымалдау және сақтау кезінде максимум қолайлы жағдайлар тудырады, сонымен бірге тауар туралы қажетті ақпарат бере алады.



Тұтынушылық тара – тұтынушыға тауармен бірге келетін тара болып табылады.

Тұтынушылық тараның функциялары.

Тұтынушылық тараның ерекшелігі - ол тауарды аз мөлшерде буып-түю және сол күйінде тұтынушыда сақтау үшін арналады.

Қаптаманың бұл түрі тауарды шығарушының немесе сатушының алдын ала буып-түюін және тұтынушыға буып-түйілген күйінде, алдынан белгілі сапалық сипаттамаларымен (салмағы, көлемі немесе ұзындығы) босатуды қарастырады. Сұйық азық-түлік тауарлары үшін тұтынушылық қаптама қолдану оларда даралап (розничная) сату үшім міндетті ереже болып табылды.

Мемлекет тарабынан қаптамадаға буып-түйілген тауарлардың көлеміне метрологиялық бақылау жүзеге асырылады.

Қаптамаға қойылатын метрологиялық талаптар екі топқа: жеке-дара қаптамаға қойылатын талаптарға және қаптамаға салынған тауарлар тартиясына қойылатын талаптарға бөлінеді.

Жеке-дара қаптамаға қойылатын талаптар қаптамадағы тауардың көлемі нормативтік құжатта көрсетілген жіберілетін шек ішінен шықпауымен шектеледі. Егер бұндай норма көрсетілмеген болса, онда халықаралық құжат МР № 87 МОЗМ «Содержимое нетто в упаковках» талаптары орындалуы керек.

Қаптамаға оралған товарлар партиясына қойылатын негізгі талап – партияның орташа көлемі (салмағы) қаптамада көрсетілген номинал мөлшерден кем болмауы керек. Басқа сөзбен айтқанда бір бумада тауар кем болса, екіншісінде шамамен сол мөлшерде артық болуы керек және орташа мәні сақталу керек. Бұндай талап тұтынушыны материалдық жағынан қорғайды.

Тұтынушылық тара (қаптама) тауардың бір бөлігі болып табылады және оның құнына кіреді, ал сатудан кейін тұтынушының жеке меншігіне айналады. Тараның бұл түрін, әдетте, құр өзін тасымалдамайды, ол транспорттың қаптамада тасымалданады. Тұтынушылық тараның салмағы, сиымдылығы және өлшемдері азғантай болады.

Басқа функциялары транспорттық тарадағы сияқты болады.
Тұтынушылық тараның түрлері.

Тұтынушылық тараның негізгі түрлері:



Бөтелке – түбі жазық немесе аздап ішіне қарай майысқан, цилиндр түріндегі корпусы жайлап азуызына ауысқан сиымдылық. Аузының диаметрі түбінің диаметринен кішірек. Пайдалану кезінде колпачок немесе пробкамен жабылады.

Флакон – түбі жазық немесе аздап ішіне қарай майысқан, әртүрлі формадағы корпусы кілт азуызына ауысқан сиымдылық. Аузының диаметрі түбінің диаметринен едәуір кіші. Колпачок немесе пробкамен жабылады. Әдетте, парфюмерлік-косметикалық өнімдер үшін қолданылады.

Банка (шыны) – түбі жазық немесе аздап ішіне қарай майысқан сиымдылық, азуызының диаметрі корпустың диаметріне жуық. Қақпақпен жабылады. Сиымдылығы 0,025 дм3 -тен 10,0 дм3 –қа дейін.

Стаканчик – түбі жазық цилидр формалы корпусы бар бір рет қолданылатын тара. Сиымдылы үлкен (250–500 мл) стаканчиктерлі контейнер еп атайды. Олардың түбі төртбұрышты болады.


  1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет