Лекция: 15 сағ. СӨЖ: 15 сағ. ОбсөЖ 15 сағ. Барлық сағат: 45 сағ



жүктеу 1.48 Mb.
бет8/10
Дата24.04.2016
өлшемі1.48 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл

“Сырдария” университеті





“Педагогика және өнер” факультеті




“Педагогика және психология кафедрасы”

Педагогика тарихы “ пәні бойынша 050119 мамандығының студенттері үшін



Тест сұрақтары:

Жетісай - 2005



Тест сұрақтары





  1. “Ұлы дидактика”, “Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі”, “Әлемді суреттеп бейнелеу”, “Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары”, “Жастарға арналған мінез- құлық ережелері”- деген педагогикалық шығармалардың авторын ата.

А) Я. А. Коменский

В) Джон Локк

С) К. А. Гельвеций

Д) Жан- Жак Руссо

Е) И. Г. Песталоцци




  1. “Қалай жақсы оқытып, тәуір оқуға болады”, “Оқыту мен оқудың негіздігі”, “Тез оқытудың ережесі мен тәсілдері”- деген төрт дидактикалық сұраққа жауап қай педагогтың қандай еңбегінде берілді.

А) Жан- Жак Руссо. “Қоғамдық шарт”

В) И. Г. Песталоцци. “Гертрудта балаларын қалай оқытады”

С) Я. А. Коменский. “Ұлы дидактика”

Д) А. Дистервег. “Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық”

Е) Джон Локк. “Адам ақылы жөніндегі тәжірибе”




  1. “Адам ақылы жөніндегі тәжірибе”, “Тәрбие жөніндегі ойлар”, “Ақылды тәрбиелеу туралы”- деген еңбектердің авторын ата.

А) Я. А. Коменский

В) Джон Локк

С) И. Г. Песталоцци

Д) А. Дистервег

Е) Р. Оуэн




  1. “Табиғатқа сәйкестілік”, “Бала табиғатын жете зерттеу және балаларға даралық қатынас орнату”, “Тәрбиедегі қаталдықты балаға сүйіспеншілік білдірумен ұштастыру”- деген адамгершілік тәрбиесінің принциптерін дәлелдеген педагог.

А) А. С. Макаренко

В) Я. А. Коменский

С) И. Г. Пестолоцци

Д) А. Дистервег

Е) Джон Локк




  1. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат”, “Түс көру туралы сөз”, “Пәлсапаны үйрену үшін алдын- ала нені білу қажет”, “Музыканың ұлы кітабы”- деген еңбектердің авторы кім?

А) Ж. Баласұғни

В) М. Қашғари

С) А. Жүйнени

Д) Әл- Фараби

Е) Қ. А. Иассауи




  1. Қазақ қобызының түп нұсқасын кім жасаған?

А) Ықылас

В) Қорқыт ата

С) Әл- Фараби

Д) Ұлықпан Хаким

Е) Асан Қайғы




  1. “Айтолды” қай шығарманың кейіпкері?

А) “Даналық кітабы”

В) “Құтты білік”

С) “Ақиқат сыйы”

Д) “Музыканың ұлы кітабы”

Е) “Түркі сөздерінің жинағы”




  1. Әлемнің Екінші ұстазы кім?

А) Аристотель

В) Ұлықпан Хаким

С) Әл- Фараби

Д) Платон

Е) Ж. Баласұғни




  1. “Білімсіз адам хайуан мен тең”- деген сөйлем жолдарының авторын атаңыз?

А) М. Х. Дулати

В) Ж. Баласұғни

С) М. Қашқари

Д) Қ. А. Иассауи

Е) А. Жүйнени




  1. Қазақ тілінде алғаш педагогика оқулығын жазған кім?

А) Ы. Алтынсарин

В) М. Жұмабаев

С) Ж. Аймауытов

Д) А. Құнанбаев

Е) Ш. Құдайбердиев




  1. Қазақ тілінің грамматикасын алғаш жазған кім?

А) А. С. Кеңесбаев

В) Қ. Аманжолов

С) А. Байтұрсынов

Д) М. Жұмабаев

Е) Ы. Алтынсарин




  1. “Эмиль немесе тәрбие туралы”, “Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы”, “Жаңа Элоиза”- атты еңбектердің авторы кім?

А) Жан- Жак Руссо

В) И. Г. Песталоцци

С) Джон Локк

Д) А. Дистервег

Е) Я. А. Коменский




  1. Көне грек ойшыл- философтары

А) Сократ, Платон, Даламбер, Дидро

В) Демокрит, Даламбер, Дидро, Джон Локк

С) Даламбер, Вольтер, Дидро, Жан- Жак Руссо

Д) Ян Амос Коменский, Джон Локк, Жан- Жак Руссо

Е) Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель




  1. Баланың жанын ”таза тақтаға”- теңеген педагог кім?

А) Я. А. Коменский

В) К. А. Гельвеций

С) И. Г. Песталоцци

Д) А. Дистервег

Е) Джон Локк




  1. Кедейлер үйін ашып, оған жетім және панасыз балаларды жинаған педагогты атаңыз.

А) Я. А. Коменский

В) К. А. Гельвеций

С) А. Дистервег

Д) Джон Локк

Е) И. Г. Песталоцци




  1. “Гертруда балаларын қалай оқытады”, “Аналар кітабы”, “Бақылау азбукасы”, “Сан жөнінде көрнекі ілім”- атты еңбектердің авторын атаңыз.

А) А. Я. Коменский

В) К. А. Гельвеций

С) И. Г. Песталоцци

Д) А. Дистервег

Е) Джон Локк




  1. “Песталоцци халық қажетін өтей алатын, халықтың көңілінен шығатын және халықтың өзі ұйымдастыратын мектеп ашуды арман етті” – деп жазған педагогты атаңыз.

А) А. С. Макаренко

В) В. А. Сухомлинский

С) Я. А. Коменский

Д) Н. К. Крупская

Е) К. А. Гельвеций




  1. “Тәрбие мақсаттарының негізіндегі жалпы педагогика”, “Психология оқулығы”, “Психологияны педагогикаға пайдалану жөніндегі хаттар”, “Педагогика лекцияларының очеркі”- деген еңбектердің авторын атаңыз.

А) И. Ф. Гербарт

В) Д. Дидро

С) А. Дистервег

Д) К. А. Гельвеций

Е) И. Г. Песталоцци




  1. Бүкіл психиканы елестеулермен байланыстырған, адамның бүкіл мазмұны елестеулерден тұрады деп есептеген педагог кім?

А) И. Ф. Гербарт

В) И. Г. Песталоцци

С) А. Дистервег

Д) Я. А. Коменский

Е) Джон Локк




  1. Қазақта тұңғыш академик атағын алған кім?

А) Ш. Уәлиханов

В) Қ. Сәтбаев

С) М. Әуезов

Д) Ә. Марғұлан

Е) А. Құнанбаев




  1. “Бала тәрбиесінің көзі еңбекте, тәрбиені отбасындағы еңбекке үйретуден бастау керек”- деген сөйлем жолдарының авторы кім?

А) Я. А. Коменский

В) А. Дистервег

С) Ж. Ж. Руссо

Д) И. Г. Песталоцци

Е) Джон Локк


  1. “Диуан лұғат ат түрік”- деген кітапты кім жазған?

А) Әл- Фараби

В) М. Қашғари

С) Ж. Баласұғни

Д) А. Жүйнени

Е) Қ. А. Иассауи


  1. “Әрбір елді, мемлекетті басқару үшін сол мемлекеттің қара қылды қақ жаратындай әділ заңы, әділ заңды іске асыратын мемлекеттің әділетті басшысы болу керек”- деген сөйлем жолдарының авторы кім, қай шығармада жазылған?

А) Әл- Фараби. “Музыканың ұлы кітабы”

В) Ж. Баласұғни. “Құтты білік”

С) М. Қашғари. “Түрік сөздерінің жинағы”

Д) А. Жүйнени. “Ақиқат сыйы”

Е) Қ. А. Иассауи. “Даналық кітабы”




  1. Уәзірдің баласы Уғдүлміш қай шығарманың кейіпкері?

А) “Даналық кітабы”

В) “Ақиқат сыйы”

С) “Құтты білік”

Д) “Түркі сөздерінің жинағы”

Е) “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат”




  1. “Хибатул- хақайық” (Ақиқат сыйы)- деген кітаптың авторын атаңыз.

А) Әл- Фараби

В) Ж. Баласұғни

С) М. Қашғари

Д) А. Жүйнени

Е) Қ. А. Иассауи




  1. “Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық”- “Қарапайым геометрия”- атты еңбектердің авторын атаңыз.

А) Джон Локк

В) Жан- Жак Руссо

С) И. Г. Песталоцци

Д) А. Дистервег

Е) К. А. Гельвеций




  1. “Көрнекіліктің негізгі мақсаты- оқушылардың сыртқы сезім мүшелеріне әсер ету... Сөз де сырттан ықпал жасай отырып, адамдардың ең негізгі, ең қажетті қабілеттілігіне әсер етеді”- деген сөйлем жолдарының авторын атаңыз.

А) Н. И. Пирогов

В) Х. Д. Ушинский

С) А. С. Макаренко

Д) В. А. Сухомлинский

Е) Н. К. Крупская


  1. “Тәбиенің негізін халықтың жақсы- жаман дәстүрінен іздестіру керек... Ол тілі және әдет- ғұрпы арқылы көрініс табады”- деген сөйлем жолдарының авторы кім?

А) Я. А. Коменский

В) Ы. Алтынсарин

С) К. Д. Ушинский

Д) А. С. Макаренко

Е) А. Байтұрсынов




  1. “Жастарға”, “Арман”, “Дүние мен өмір”- атты өлеңдердің авторын атаңыз.

А) А. Құнанбаев

В) М. Дулатов

С) Ш. Құдайбердиев

Д) А. Байтұрсыов

Е) С. Торайғыров




  1. “Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі”, “Қазақ айнасы”- атты шығармалардың авторы кім?

А) А. Құнанбаев

В) М. Жұмабаев

С) Ш. Құдайбердиев

Д) С. Торайғыров

Е) А. Байтұрсынов




  1. “Педаогика тарихы”- оқулығының авторы кім?

А) Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев

В) Қ. Бержанов, С. Мусин

С) Қ. Жарықбаев, С. Қалиев

Д) С. Қалиев, Ә. Табылдиев

Е) Ә. Табылдиев, Е. Сағындықұлы




  1. “Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім де сондай керек”- деген сөйлем жолдарының авторын атаңыз.

А) Ж. Аймауытов

В) Ш. Құдайбердиев

С) М. Дулатов

Д) М. Жұмабаев

Е) А. Байтұрсынов




  1. “Мектеп керектері”, “Әліпби”, “Тіл құралы”, Әдебиет танытқыш- деген еңбектердің авторын атаңыз.

А) А. Құнанбаев

В) Ш. Құдайбердиев

С) М. Жұмабаев

Д) Ы. Алтынсарин

Е) А. Байтұрсынов




  1. Мына негіздердің қайсысы өмірге бірінші тірек.

А) Денсаулық

В) Білім

С) Еңбек


Д) Оқу

Е) Тәрбие




  1. “Туысында қанша зеректік болса да,- ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде- кім өзінің табиғатында не нәрсеге шеберлік барлығын сезіп, өз жолына түссе ғана, көзге көрінеді... Жақсы суретші адамның сыртқы түрін айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанын да көріп тұрғандай боласың”- деген сөйлем жолдарының авторын атаңыз.

А) А. Байтұрсынов

В) М. Дулатов

С) М. Жұмабаев

Д) Ш. Құдайбердиев

Е) Ж. Аймауытов


  1. “Есеп құралы”, “Қирағат”- атты педагогикалық еңбектердің авторы кім?

А) Ж. Аймауытов

В) М. Дулатов

С) Ш. Құдайбердиев

Д) М. Жұмабаев

Е) А. Байтұрсынов


  1. “Тәрбие жетекші”, “Комплексті оқыту жолдары”- атты педагогикалық еңбектердің авторы кім?

А) Ш. Құдайбердиев

В) М. Жұмабаев

С) А. Байтұрсынов

Д) Ж. Аймауытов

Е) М. Дулатов




  1. “Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерге түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бері жан дүниесінің айнасы болып, өсіп- өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі”- деген сөйлем жолдарының автрын атаңыз.

А) М. Дулатов

В) М. Жұмабаев

С) Ш. Құдайбердиев

Д) Ж. Аймауытов

Е) А. Байтұрсынов




  1. “Азбука”, “Жаңа азбука”, “Оқу кітаптары”- деген педагогикалық еңбектердің авторын атаңыз.

А) А. С. Макаренко

В) К. Д. Ушинский

С) Л. Н. Толстой

Д) В. А. Сухомлинский

Е) Н. К. Крупская




  1. “Педагогика”, “Сауатты бол”, “Әліппе”, “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы”- атты педагогикалық еңбектердің авторы кім?

А) А. Байтұрсынов

В) М. Дулатов

С) Ж. Аймауытов

Д) Ш. Құдайбердиев

Е) М. Жұмабаев


41. Педагогика”, “Сауатты бол”, “Әліппе”, “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы”- атты педагогикалық еңбектердің авторы кім?
А) А. Байтұрсынов

В) М. Дулатов

С) Ж. Аймауытов

Д) Ш. Құдайбердиев

Е) М. Жұмабаев


  1. “Тәрбиені дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп- құлық”- деп төрт салаға бөлген педагог кім?

А) Ш. Құдайбердиев

В) М. Жұмабаев

С) Ж. Аймауытов

Д) М. Дулатов

Е) А. Байтұрсынов


  1. “Балаға жүрек жылуы”, “Павлыш орта мектебі”, “Ата- ана педагогикасы”- деген еңбектердің авторын атаңыз.

А) В. А. Сухомлинский

В) К. Д. Ушинский

С) А. С. Макаренко

Д) Н. К. Крупская

Е) Ш. Құдайбердиев


  1. “Адам баласы көзімен көріп, құлақпен есітіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады”- деген сөйлем жолдарының авторын атаңыз.

А) А. Құнанбаев

В) Ы. Алтынсарин

С) А. Байтұрсынов

Д) М. Жұмабаев

Е) Ш. Құдайбердиев


  1. “Адам баласы бір- бірінен ақыл, ғылым, ар- мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық”- деген сөйлем жолдарының аворын атаңыз.

А) А. Құнанбаев

В) Ш. Құдайбердиев

С) М. Жұмабаев

Д) А. Байтұрсынов

Е) М. Дулатов




  1. “Балаға деген сүйіспеншілікті россиялықтар шығыс халқынан үйренсін”- деген пікірді айтқан педагог кім?

А) А. С. Макаренко

В) В. А. Сухомлинский

С) Н. Х. Крупская

Д) Н. И. Пирогов

Е) Л. Н. Толстой




  1. “Оқыту әдістемесі”, “Дидактикалық очерктер”- деген мақалалардың авторын атаңыз.

А) Райса Лемберг

В) Григорий Уманов

С) Төлеген Тәжібаев

Д) Қартбай Бержанов

Е) Мағжан Жұмабаев




  1. Бүкіл тәрбие процесін басқару, оқыту, адамгершілік тәрбие деп үш салаға бөлген авторды атаңыз.

А) А. Дистервег

В) И. Г. Песталоцци

С) Жан- Жак Руссо

Д) И. Гербарт

Е) Д. Дидро


  1. “Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады...

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады”- деген өлең жолдарының авторын атаңыз.

А) Асан Қайғы

В) Шалкиіз

С) Ақтамберді

Д) Бұқар

Е) Қазтуған




  1. Алғаш мектепке дейінгі педагогика оқулығын жазған кім?

А) Ш. Құдайбердев

В) М. Жұмабаев

С) Ы. Алтынсарин

Д) А. Байтұрсынов

Е) Н. Құлжанова




  1. Білім беру ұғымын ең алғашқы рет педагогикаға енгізген педагог.

А) К. Д. Ушинский.

В) А. С. Макаренко.

С) В. А. Сухомлинский.

Д) И. Г. Песталоцци.

Е) Н. К. Крупская.




  1. Педагогика ең алғашқы рет қашан жеке ғылым болып таныла бастады?

А) ХІХ ғ. К. Маркс пен Ф. Энгельс негізін қалады.

В) Қайта өрлеу дәуірінде ( ХІV-XVI ғ.).

С) XVII ғасырдың басында. Ағылшын философы, табиғат зерттеу -

шісі Френсис Бэкон “О достоинстве и увелечении наук ” –– деген еңбегінде жеке ғылым деп қарады.

Д) ХІІІ ғ. Феодалдық қоғамда.

Е) ХІ ғ. Ж. Баласағұн негізін қалады.




  1. Еңбектің ұжымдық формасына үлкен мән берген педагогты ата?

А) В. А. Сухомлинский.

В) К. Д. Ушинский.

С) Я. А. Коменский.

Д) А. С. Макаренко.

Е) Л. Н. Толстой.




  1. “ Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез- құлқыңызды тексеріңіз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе... Ата- аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз отбасын қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы- тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі ”–– деген пікірді айтқан педагогты ата.

А) Н. К. Крупская .

В) В. А. Сухомлинский .

С) А. С. Макаренко.

Д) К. Д. Ушинский.

Е) Л. Н. Толстой.




  1. Дидактиканың ғылыми негізін салған ең бірінші кім?

А) Я. А. Коменский “Ұлы дидактика ”-кітабында баяндаған.

В) К. Д. Ушинский “Адам тәрбие-тірегі”-еңбегінде.

С) И. Г. Песталоцци

Д) А. В. Луначарский “Халыққа білім беру ”.

Е) Ы. Алтынсарин.




  1. “Утопия” –– деген кітаптың авторы кім?

А) Аристотель.

В) М. Ф. Квинтилиан.

С) Жан-Жак Руссо.

Д) Томас Мор.

Е) Платон.




  1. “Адам болу үшін ол білім алуы тиіс ”. “Білімділер, нағыз адам”-

деген пікірді айтқан педагог кім?
А) Я. А. Коменский

В) Джон Локк

С) И. Г. Пестолоцци.

Д) И. Гербарт.

Е) Жан-Жак Руссо.


  1. Сынып-сабақ жүйесін өзінің еңбегінде дәлелдеген педагог кім?

А) К. Д. Ушинский “Адам- тәрбие тірегі”.

В) Я. А. Коменский “Ұлы дидактика” кітабында.

С) А. С. Мокаренко “Ұстаздық дастан ” еңбегінде.

Д) В. А. Сухомлинский “Балаға жүрек жылуы” .

Е) А. С. Макаренко “Мұнара үстіндегі тулар”.




  1. “Жеке басы бақытты болу үшін тәрбиелемеу керек, жалпылық бақыт үшін, жалпылық күрес үшін тәрбиелеу керек ” –– деген пікірді айтқан көрнекті педагог кім?

А) А. С. Макаренко.

В) Я. А. Коменский.

С) В. А. Сухомлинский.

Д) Жан - Жак Руссо.

Е) Сен - Симон.




  1. “Дене қимылын бір қалыптылықта ұстауға, мейірімді дауыспен сөйлеуге, өзіңді ұстай білуге, жеңіл жүруге жету қажет ”–– деген пікірді айтқан философ, ағартушы, жазушы, педагог кім?

А) А. С. Макаренко.

В) Жан – Жак Руссо.

С) М. В. Ломоносов.

Д) А. Н. Радищев.

Е) А. Дистервег.




  1. “Балалар әлемі ”, “Ана тілі” , “ Педагогикалық антропология ”. Қоғамдық тәрбиенің халықтық негізі туралы, “ Швейцарияға педагогикалық саяхат” –– деген еңбектердің авторы кім?

А) А. С. Макаренко.

В) А. Н. Радищев.

С) К. Д. Ушинский.

Д) В. А. Сухомлинский.

Е) Д. Локк.




  1. “Ойын балалар үшін тәрбие, ойын балалар үшін еңбек, ойын балалар үшін оқу ” –– деген жолдардың авторы кім?

А) К. Д. Ушинский.

В) А. С. Макаренко.

С) В. А. Сухомлинский.

Д) Н. К. Крупская.

Е) Я. А. Коменский.




  1. “Қоғамды мазасыздандырып отырған құбылыстардың басты себебі мектептегі оқу жылдарындағы зиялылық мұраттарының бишаралығы және қуыс кеуделілігінің негізінде дамып отырған жас өспірімдер мен жастар арасындағы маскүнемдік, бұзақылық, уақытты мағанасыз өткізу”–– деген жолдардың авторы кім?

А) В. А. Сухомлинский.

В) Н. К. Крупская.

С) Э. Геккель.

Д) А. С. Макаренко.

Е) А. Дистервег.




  1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы қай жылы, қай айда, қай күні қабылдады?

А) 7 маусым 1999 жыл.

В) 30 тамыз 1995 жвл.

С) 8 тамыз 1993 жыл.

Д) 16 желтоқсан 1985 жыл.

Е) 25 қазан 1992 жыл.




  1. “Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп

болмайды деген кісінің тілін кесер едім”–– деген сөздің авторы кім?
А) Ш. Уалиханов.

В) А. Байтұрсынов.

С) А. Құнанбаев.

Д) М. Жұмабаев.


Е) Ш. Құдайбердиев.


  1. Қазақ педагогикасының негізін салушы ағартушы-педагог кім?

А) М. Жұмабаев.

В) Ы. Алтынсарин.

С) А. Құнанбаев.

Д) Ш. Құдайбердиев.
Е) Қ. Бержанов.


  1. “Әр педагог педагогикалық шеберлікке дәйекті тынымсыз еңбектенудің нәтижесінде қол жеткізе алады”–– деген сөйлем жолдарының авторын атаңыз?

А) Әль-Фараби.

В) А. С. Макаренко.

С) Л. Н. Толстой.

Д) М. Дулатов.
Е) Ж. Баласағұн.


  1. Ұлы қиялшыл-социалист утопистерді атаңыз.

А) Я. А. Коменский, Д. Локк , Ж. Ж. Руссо.

В) И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский.

С) А. С. Макаренко, Томас Мор.

Д) Сен-Симон, Шарль Фурье, Роберт Оуэн.


Е) А. Дистервег, Роберт Оуэн, Д. Локк.


  1. “Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан сондай болдаы. ” Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады деген пікірді кім айтқан?

А) А. С. Макаренко.

В) Я. А. Коменский.

С) К. Д. Ушинский.

Д) Л. Н. Толстой.


Е) Джон Локк.


  1. “Ғұдатғу біліг”–– атты шығарманы кім жазған, қай ғасырда?

А) ХІ ғ.Махмуд Қашғари.

В) ХІІ ғ. Қожа Ахмет Иассауи.

С) ХІ ғ. Жүсіп Баласағұн.

Д) ХІХ ғ. Абай Құнанбаев.

Е) ІХ ғ. Әбу Насыр Әль-Фараби.




  1. Педагогика ғылымында “Дидактика” саласының дамуына қазақ педагог ғалымдарынан, ағарту ісінің қайраткерлерінен кімдер үлес қосты?

А) Ж. Жабаев, К. Әзірбаев, М. Өтемісұлы.

В) С. Торайғыров, И. Тайманов, О. Тұрманжанов.

С) Ш. Уалиханов, Т. Тәжібаев, А. Құнанбаев.

Д) Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.

Айтмауытов, Ш. Әлжанов.

Е) Ш. Уалиханов, С. Қожанов, Д. Ахметов.


  1. Орыстың озат ойшылдары, революциашыл-демократтары кімдер?

А) Белинский, Чернышевский, Добролюбов, Герцен.

В) Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, К. Д. Ушинский.

С) В. А. Сухомлинский, Я. А. Коменский.

Д) А. Дистервег, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко.

Е) Л. Н. Толстой, Н. И. Пирогов, В. Ломоносов.




  1. Қазақ даласында ең бірінші рет мектеп ашқан демократ-ағартушы, тұңғыш педагог кім? Мектеп қай жылы ашылды?

А) Ы. Алтынсарин 1864 ж.

В) Ш. Уалиханов 1855ж.

С) А. Құнанбаев 1876ж.

Д) М. Әуезов 1956ж.

Е) М. Дулатов 1910ж.


  1. “14-15 жастағы Шоқанға кадет корпусының бастықтары болашақ зерттеуші, тіпті ғалым деп қарайтын ... Шоқан ол кезде аса көп оқитын. Көп оқуы оның сыншылдық қабілетін өсірді. Оның адамгершілік мәселесі және кейіннен өзінің мамандығы болып кеткен шығыс филологиясы жөніндегі пікірлері бізді таң қалдыратын ”–– деген сөзді кім айтқан?

А) Н. И. Веселовский.

В) Н. А. Добролюбов.

С) Н. Г. Чернышевский.

Д) Г. Н. Потанин.

Е) Н. И. Пиорогов.


  1. Көрнекілік принціпін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан педагогтар.

А) М. Жұмабаев , Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев .

В) Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский.

С) А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, Н. К. Крупская.

Д) Жан-Жак Руссо, И. Г. Пестолоцци.

Е) А. Дистервег, М. В. Ломоносов, Л. Н. Толстой.




  1. “Қазақ хрестоматиясы ” , “Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылық ”–– деген кітаптардың авторы кім?

А) А. Құнанбаев.

В) Ш. Уалиханов.

С) Қ. Бержанов.

Д) М. Жұмабаев.

Е) Ы. Алтынсарин.




  1. “Шоқан Уалиханов шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың шығысты зерттеушісі ғалымдарының барлығы да оны ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының тағдыры туралы және маңызды жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті ”––деген жолдардың авторы кім және қай жылы жазылған?

А) Г. Н. Потанин 1900 жылы.

В) А. И. Герцен 1870 жылы.

С) Ы. Алтынсарин 1880 жылы.

Д) Н. И. Веселовский 1904 жылы.

Е) А. Құнанбаев 1901 жылы.





  1. Этнопедагогика ұғымын ғылыми айналымға тұңғыш енгізген ғалым кім?

А) Чуваш ғалымы Г. Н. Волков.

В) Әзербайжан педагогы А. Ш. Гашимов.

С) Татар педагогы Я. И. Ханбиков.

Д) Орыс педагогы К. Д. Ушинский.

Е) Қазақ демократ-ағартушысы Ы. Алтынсарин.




  1. “Отбасы-өте үлкен және аса жауапты жұмыс, бұл жұмысты ата-аналар басқарады, бұл үшін қоғам алдында, өз бақыты және балалары алдында жауап береді”––деген жолдардың авторы кім?

А) Н. К. Крупская.

В) А. С. Макаренко.

С) А. Құнанбаев.

Д) М. Жұмабаев.

Е) Я. А. Коменский.




  1. Алғашқы педагогикалық тұжырымдар мына ғылымда шоғырланды:




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет