Лекция: 15 сағат Семинар: 15 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат



жүктеу 1.45 Mb.
бет1/8
Дата25.04.2016
өлшемі1.45 Mb.
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


«Сырдария» университеті

«Гуманитарлық білім» факультеті
«География және қоғамдық пәндер» кафедрасы
«Қызмет көрсету географиясы» пәні бойынша

050116 «География» мамандығының студенттері үшін


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

(с и л л а б у с)


Факультет: «Гуманитарлық білім»


Оқу түрі: күндізгі


Пән: «Қызмет көрсету географиясы»

Курс 4, семестр 7

Кредит саны: 2

Лекция: 15 сағат

Семинар: 15 сағат

ОБСӨЖ: 30 сағат

СӨЖ: 30 сағат

Барлық сағат саны: 90 сағат

Аралық бақылау саны: 2 (60 балл)

Қорытынды бақылау: емтихан (40 балл)




Жетісай, 2008


Құрастырған: оқытушы Сырбаева А.А .


ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«Қызмет көрсету географиясы» пәні бойынша 050116 «География» мамандығының студенттері үшін әзірленген.


050116 – «География» мамандарын дайындайтын кафедра меңгерушісімен келісілген___________________

Оқу әдістемелік кешен: Абай атындағы Қаз ҰПУ-нің Елтану және әлеуметтік география кафедрасында жасалып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің №289 бұйрығымен бекітілген типтік бағдарламаға сәйкес жасалды.

Оқу әдістемелік кешен кафедраның мәжілісінде талқыланған.

Хаттама № 2008 ж.

Кафедра меңгерушісі : доц. Мұхамеджанов Қ М.

Факультеттің әдістемелік кеңесінде мақұлданған.

Хаттама № -----------------------------------------------------2008 ж.

Кеңестің төрағасы :

Университет Ғылыми Кеңесінде мақұлданған.

Хаттама № -----------------------------------------------------2008 ж.

Ғылыми Кеңес хатшысы : Қ. Жидебаев

Мазмұны:


  1. Алғы сөз ................................................................

  2. Жалпы мәліметтер.............................................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті................................

  4. Курстың постреквизиттері мен пререквизиттері..

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме ........................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет.....

  7. Студентке арналған ережелер .................................

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі

  9. Семинар сабақтарының мазмұны ....................................

  10. СӨЖ – жоспары, мазмұны ...............................................

  1. ОБСӨЖ – сабақтарының жоспары, мазмұны ................

  2. Кредиттің мазмұнына сәйкес бақылау түрлері:

а) жазбаша бақылау жұмысы

б) коллоквиум



  1. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі.....

  2. Пән бойынша оқу процесінің картасы ............................

Алғы сөз
Оқу - әдістемелік кешені «Қызмет көрсету географиясы» пәні бойынша «050116-география» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу - әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген;.

ОБСӨЖ оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ – студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет. Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тестік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.

2. Жалпы мәліметтер.
Лектор: Сырбаева А.А

География және қоғамдық пәндер» кафедрасы

№ 1 корпус кабинет 48. Телефон 229

Кафедрада болу уақыты 9-00 - 18-00-ге дейін.


Курсты өткізу уақыты және орны.






Аты-жµні.

Курсты өткізу уақыты, орны

Байланыстырушы мәлімет.

Аудиториялық

сабақ


ОБСӨЖ

Телефон

1.

СырбаеваАА


Лекция

Уақыты______

Ауд №______

Уақыты______

Ауд №______


Тел:________

Каб:________

Корпус______

















3. Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу процесіндегі ролі
Курстың мақсаты - әлемдік экономиканың болашағы зор және аса қарқынды әрі жан - жақты дамып келе жатқан халықтың қажетін өтеуші салаларды қамтитын қызмет көрсету географиясы жайлы жүйелі түрде түсінік беру. Егемен еліміздің шаруашылық субъктілерінің экономикалық дербестілігі жағдайы, бұл саланың серпінді дамуына себепші болды. Республикамыздың тұтыну базары нарқында бәсекелестік пайда болып, ол өз кезегінде біртіндеп қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың артуына әрі олардың халықтың қажетін өтеу бағытының көлемін көбейтуге және оның сан-салалы дамуына жағдай жасады.

Бұл бағдарлама пәннің мазмұнын ашу барысында тек қана қызмет көрсету салалары мен олардың шаруашылық іс- әрекетінің қазіргі жүйесі жайлы ғана емес, сол сияқты жалпы халықтың қажетін өтеу кәсіпорындары мен жеке тұлғалардың мінез - құлық өзгерістері мен дәлелді даму себептері туралы да білікті түсінік беруді қарастырады. Сонымсн қатар «Қызмет көрсету географиясы» халықтың қажетін өтеу саласы бағытында студенттердің соны тұрғыда білім алып шығуына көмектеседі. Пән бағдарламасы негізінен жоғарғы курс студенттеріне арналып жасалынған. Осы курстың шеңберінде - баршаға мәлім фактілер, идеялар, терминдер және теориялық түзілім жүйесімен қатар, қызмет көрсету салаларының құбылмалы өзгерістері туралы түсінік беруді алдын-ала қамтамасыз ету тұрғысындағы жаңа материалдар да қарастырылады.



4. Курстың постреквизиттері мен пререквизиттері:

  1. Экономикалық теория.

  2. Экономикалық және әлеуметтік географияға кіріспе

  3. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы





Пререквизиттер (пәнінің алдында міндетті түрде игеруге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәнінен

кейін өтілетін осы пәнге сүйенетін пәндер)



Кафедра

Кафедра қабылдаған шешім,

хаттамасы

№ күні





Экология

Топонимика

География және қоғамдық пәндер кафедрасы







Материктер мен мұхиттар географиясы

Қазіргі дүние географиясы




Табиғатты қорғау

ерекшеліктері



Сулы жүйелер

Экологиясы


5. Оқу жоспарынан көшірме.




Курс

Апта саны

Уақыт бюджетін бөлу

Қорытынды

Сағат саны

Лекция

Сем

ОБСӨЖ

СӨЖ

Курстыќ жұмыс

3




90

15

15

30

30




Емтихан

6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:


Лекция студентке тақырыпты игеруде неге назар

аударуына бағыт береді

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру,

тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап әдіс – тәсілдерді меңгеруі керек



СӨЖ студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген

тапсырмаларды орындайды, өз бетімен меңгереді



ОБСӨЖ оқытушының бақылауындағы студенттің

өзіндік жұмысы. Материалды сабақ үстінде

оқытушының көмегімен оқып меңгеру. Оқытушы

тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін

тексереді, бақылайды.
7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР (RULES);


  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі

8. Оқу түріне байланысты оқу сабақтарының бөлінуі






Лекцияның тақырыбы

Семинар

Обсөж

Сөж



Қызмет көрсетудің салалары оның әлеуметтік-экономикалық ролі мен қоғам өміріндегі орны.

1

2

2



Қызмет көрсету саласының аумақтық ұйымдастыруын анықтаушы факторлар және тұтыну қажеттілігін өтеу ерекшеліктері.

1

2

2



Қызмет көрсету туризмдегі әлеуметтік-экономикалық фактор

1

2

2



Қызмет көрсетудің жан - жақты түрлеріне және тұтынудағы ерекшеліктері.

1

2

2



Қызмет көрсетудің жан-жақты түрлеріне тән тұтынудағы ерекшеліктер.

1

2

2



Қазақстанның транзиттік потенциалын тиімді пайдаланудың алғы шарттары.

1

2

2



Қызмет көрсету географиясындағы зерттеу әдістері.

1

2

2



Қызмет көрсету салаларын экономикалық географиялық зерттеулердің жағдайымен болашағы.

1

2

2



Инфрақұрылымдық кешендер.

1

2

2



Несие беру және қамсыздандыру жүйелері.

1

2

2



Ғылыми инфрақұрылымның сипаттамасы.

1

2

2



Әлемдік және еліміз нарқындағы қызмет көрсетудің негізгі бір түрі ақпараттық жарнамалық қызмет.

1

2

2



Әлемдік және еліміз нарқындағы қызмет көрсетудің негізгі бір түрі ақпараттық жарнамалық қызмет.

1

2

2



Қызмет көрсету салаларының дамуындағы аумақ аралық өзгешеліктер.

1

2

2



Қазақстандағы қызмет көрсету саларының дамуы, өтпелі кезең.

1

2

2




Барлығы:

15

30

30



Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында / ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы, Атамұра, 2005ж. - 48 бет.

  2. Арынов Е.М. Казахстан и мировой опыт рыночной трансфармации. - Алматы, 1997г.

  3. Абрамов М.А. География сферы обслуживания. - М., 1977г.

  4. География сферы обслуживания: сборник статей. - М., 1972г. (Вопросы географии, сб. 91).

  5. Двоскин Е.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана. - Алма-Ата, 1986.

  6. Захарина Д.М. и др. Учителю о географии сферы обслуживания- М. Просвещение, 1980.

  7. Казахстан: 1991-2001 годы /Под реф. А.А. Смаилова. - Алматы, Агентстео РКпо статистике, 2001. - 432 с.

  8. Комаров М.П. Инфраструктура регионов мира. Учебник. С-Пб: Издательство Михайлова В.А., 2000. - 347 с.

  9. Проблемы географии сферы обслуживания: сборник статей /
    Ответ. редактор - Лухманов Д.Н. -М, 1974г.

  10. Типовые программы по дисциплинам социально-экономической и политической географии // Сб. программ для университетов и пед. институтов./Под. ред.- Т. О. Увалиева, 3. Н. Зевреевоп, Е. А. Ахметова. - Алматы, АГУим. Абая, 2001г. – 360с.

  11. Региональный статистический ежегодник Казахстана. 1997-2000 гг. -Алматы, Агентство РК по статистике, 2001. - 380 с.

  12. Сагинбаев С. С. Непроизводственная сфера Казахстана. — Алматы, І984г.

  13. Суверенный Казахстан и социально-экономическая география: сборник статей / Ответ. редактор - Увалиев Т. О. - Алматы, 1998г.

  14. Увалиев Т.О. «География сферы обслуживания» (учебная программа)
    /В сб. «Социально-экономическая география в Алматинском университете». -Алматы, АГУ, 2003г. -стр. 132-135.

  15. Увалиев Т.О. , Суюмбаева С.Т. «Основы районной планировки»
    (учебная программа) / В сб. «Социально-экономическая география в
    Алматинском университете». -Алматы, АГУ, 2003г. -стр. 119-125.

  16. Холина В.Н. География человеческой деятельности. —
    М.: Просвещение, 1995.

  17. Шокаманов Ю.К. Тенденции человеческого развития в Казахстане. - Алматы, Агентство РК по статистике, 2001. — 348 с. 18.Человеческое развитие в Казахстане: Учебник / Под. ред. - Н. К.

  18. Мамырова и Ф. Акчуры. - Алматы, Экономика, 2003 г.

  19. « Қазақстан - 2030 « стратегиялъщ даму багдарламасы. -Егемен Қазақстан.- 1997, 11 қазан.

  20. Региональная экономика. Учебник для вузов. (Под ред. Т.Г.Морозовой и др.). - М, Юнити, 2000. - 472 с.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті

«Гуманитарлық білім» факультеті


«География және қоғамдық пәндер» кафедрасы
«Қызмет көрсету географиясы»пәні бойынша

050116 - «География» мамандығының студенттері үшін



ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Жетісай, 2008

Лекция № 1
Тақырыбы: Қызмет көрсетудің салалары оның әлеуметтік-экономикалық ролі мен қоғам өміріндегі орны.
1(сағат)

Жоспары:



  1. Халықтың қажетін өтеу қызметінің негізгі салалары мен құрамы оның түрлері.

  2. Қызмет көрсету салалары және оның халық шаруалары жүйесіндегі алатын орны.

  3. Қоғамдық қызмет көрсетудің әлеуметтік-экономикалық және экономикалық аспектілері.


Пайдаланатын әдебиеттер:


  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында / ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы, Атамұра, 2005ж. - 48 бет.

  2. Арынов Е.М. Казахстан и мировой опыт рыночной трансфармации. - Алматы, 1997г.

  3. Абрамов М.А. География сферы обслуживания. - М., 1977г.

  4. География сферы обслуживания: сборник статей. - М., 1972г. (Вопросы географии, сб. 91).

  5. Двоскин Е.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана. - Алма-Ата, 1986.

  6. Захарина Д.М. и др. Учителю о географии сферы обслуживания- М. Просвещение, 1980.

  7. Казахстан: 1991-2001 годы /Под реф. А.А. Смаилова. - Алматы, Агентстео РКпо статистике, 2001. - 432 с.

  8. Комаров М.П. Инфраструктура регионов мира. Учебник. С-Пб: Издательство Михайлова В.А., 2000. - 347 с.

  9. Проблемы географии сферы обслуживания: сборник статей /
    Ответ. редактор - Лухманов Д.Н. -М, 1974г.

  10. Типовые программы по дисциплинам социально-экономической и политической географии // Сб. программ для университетов и пед. институтов./Под. ред.- Т. О. Увалиева, 3. Н. Зевреевоп, Е. А. Ахметова. - Алматы, АГУим. Абая, 2001г. – 360с.

  11. Региональный статистический ежегодник Казахстана. 1997-2000 гг. -Алматы, Агентство РК по статистике, 2001. - 380 с.

  12. Сагинбаев С. С. Непроизводственная сфера Казахстана. — Алматы, І984г.

  13. Суверенный Казахстан и социально-экономическая география: сборник статей / Ответ. редактор - Увалиев Т. О. - Алматы, 1998г.

  14. Увалиев Т.О. «География сферы обслуживания» (учебная программа)
    /В сб. «Социально-экономическая география в Алматинском университете». -Алматы, АГУ, 2003г. -стр. 132-135.

  15. Увалиев Т.О. , Суюмбаева С.Т. «Основы районной планировки»
    (учебная программа) / В сб. «Социально-экономическая география в
    Алматинском университете». -Алматы, АГУ, 2003г. -стр. 119-125.

  16. Холина В.Н. География человеческой деятельности. —
    М.: Просвещение, 1995.

  17. Шокаманов Ю.К. Тенденции человеческого развития в Казахстане. - Алматы, Агентство РК по статистике, 2001. — 348 с. 18.Человеческое развитие в Казахстане: Учебник / Под. ред. - Н. К.

  18. Мамырова и Ф. Акчуры. - Алматы, Экономика, 2003 г.

  19. « Қазақстан - 2030 « стратегиялъщ даму багдарламасы. -Егемен Қазақстан.- 1997, 11 қазан.

  20. Региональная экономика. Учебник для вузов. (Под ред. Т.Г.Морозовой и др.). - М, Юнити, 2000. - 472 с.

Лекцияның мәтіні.


Қызмет көрсету саласы – халыққа әртүрлі қызмет көрсететін халық шаруашылығының аса маңызды салаларының жиынтығы. Ол негізінен халыққа тұрмыстық кызмет көрсетуді, сауданы, қоғамдық тамақтандыруды, денсаулық сақтауды, халыққа білім беруді, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты, байланысты тағы басқаларды қамтиды.

Қызмет көрсетудің саласы сипаты үстемдік етіп отырған өндіріс әдісіне байланысты. Капитализм тұсында ол арамтамақтық сипат алады және оның дамуына капитализмнің әлеуметтік-экономикалық қайшылықтары кедергі болады.

Тек социализм жағдайында ғана өндіріс құрал-жабдығына қоғамдық меншіктің орнауы, халықтық шаруашылықтың барлық салаларының жоспарлы және үйлесімді дамуы нәтижесінде қызмет көрсетудің салаларын жоғарғы қарқынмен дамытуға мүмкіндік туады. Ол социализмнің негізгі экономикалық заңының талабына сай дамиды. Қызмет көрсетудің саласының материалдық өндіріс саласынан басты айырмашылығы сол, мұнда материалдық игіліктер тікелей өндірілмейді, халыққа тек сан алуан қызметтер түрінде көрсетіледі. Халықтың тұрмыс дәрежесінің және көпшілік тұтынатын товарлардыц өндірудің өсуі қызмет көрсетудің салаларының даму бағытына, көлеміне, қарқынына үлкен ықпал жасайды. Сонымен қатар, қызмет көрсетудің салаларының ойдағыдай дамуы көбінесе еңбек өнімділігінің өсуіне, материалдық финанс, еңбек ресурсын тиімді пайдалануға байланысты болады. Қызмет көрсетудің тікелей материалдық шығындарын едәуір азайтуға болады. Мысалы, тұтыну затының дер кезінде жөндеуден өткізу арқылы оның жұмыс істеу мерзімін біраз ұзартуға болады. Қызмет көрсетудің салаларының әлеуметтік-экономикалық маңызы да орасан зор. Еңбекшілер жұмыстан бос уақытын ұқыпты, тиімді пайдалана отырып, мәдени-рухани дәрежесін көтеруге мүмкіндік алады. Қызмет көрсету салалары халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуда, әлеуметтік топтардың, қала мен ауылдың, ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы әзірге орын алып отырған елеулі айырмашылытарды жоюда да аса маңызды роль атқарады

Қызмет көрсету нәтижесі қандай деңгейде екеніне, оның жағымдысына кепілдіктің берілу, берілмеуіне байланысты материалдық және материалдық емес қызмет көрсету болып бөлінеді. Олар жаңа зат жасау, оны өткізу, оған өзгерістер енгізу түрінде, тағы басқа бейнеленеді. Матертиалдық қызмет көрсетулерге, сондай-ақ адамның жеке басына қатысты қызмет көрсету жатады (мысалы, шаштараздың, көлік жүргізушінің, тасымалдаушының қызметі т.б). Бірақ материалдық қызмет көрсетулер қандай нысанда көрінбесін, олардың нәтижесінде әрқашан қызмет көрсетуші тұлғаның өзі кепілдік беруге тиіс. Материалдық емес қызмет көрсету, біріншіден, қызмет көрсетуші қызметтің заттанған нәтижеге айналмайтындығымен, екіншіден, қызмет көрсетушінің күтілетін жағымды нәтижеге кепілдік бере алмайтындығымен сипатталады.

Қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерге қызметтің өзінен бөлек заттанған көрініске ие болмайтын түрлерін жатқызған жөн. Бұл жадайда қызмет көрсетудің пайдалы әсері қызметтің өзінен бөлінбейтін болғандықтан, оған толық көлемде кепілдік берілмейді. Егер сөз репетитор немесе дәрігер қызметтері туралы болса, бұл анық көрінеді. Қызмет көрсетудің пайдалы әсері тек репетитор мен дәрігердің біліктілігіне ғана емес, сондай-ақ шәкірттің білімді қабылдауға қабілеттілігіне, аударудың асқыну деңгейіне және т.б. байланысты болады. Материалдық емес қызмет көрсетулердің түрлерінде де (мысалы, ақпараттық, делдадық) пайдалы әсерге барлық жағдайларда қол жеткізіле бермейді

Қызмет көрсету бойынша экономикалық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеуге әртүрлі міндеттемелік қатынастардың көмегімен қол жеткізіледі. Кұқықтық реттеудің нысанын,міндеттемелік қатынастардың нақты түрлерін таңдау қызмет көрсетудің түріне, оның нәтижесіне баиланысты. Бұл ретте мердігерлік шарты да, қызмет көрсету шартыда эконмикалық қатынастарды қамтиды.

Қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелердің аясы қызмет көрсету ұғымына қандай мазмұн берілетіндігіне байланысты. Егер қызмет көрсету деп қандай да бір пайдалы әсер беретіннің бәрін түсінетін болсақ, онда барлық дерлік міндеттемелер олардың туындау негіздеріне, субъектілік құрамына, құқықтар мен міндеттердің бөлінуіне, мақсаттарына қарамастан, қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелердің қатарына жатқызылады. Қызмет көрсету ұғымына кең мазмұн берген заң шығарушы да бұл жғдайдан арылмағын. Негізгі қызмет көрсету болып табылатын көптеген міндеттемелер азаматтық құқықтық міндеттемелердің дербес түрлері ретінде ажыратылған. Бұл дұрыс та. Өйткені қызмет көрсету ұғымын кеңірек алғанда, бұл түсінік тамтырап, теориялық тұрғыдан да, тәжірибелік тұрғыдан да тиімді қорытындылар шығару мүмкін болмай қалады.

Е.Г. Шаблова қызмет көрсетуді затты емес интеллектуалдық меншік нысанын жасаумен байланысты емес, деп біледі. Қызмет көрсету тоқтаса, тұтыну да тоқтайды.

Қандайда бір материалдық нәтижеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттер міндеттемелермен реттеледі. Егер де бір тұлға екінші тұлға үшін мұндай нәтижеге қол жеткізуге бағытталмаған жұмысты орындаса, онда бұл қатынастар азаматтық құқықта қызмет көрсету бойынша міндеттемелермен қамтылады. Барлық қызмет көрсету туралы міндеттемелердің біріктіруші жалпы белгілері мыналар:


  • міндеттеме объектісінің ерекшеліктері – материалдық емес сипаттағы қызметтер;

  • қызмет көрсетудің қызмет көрсетуші тұлғамен айрықша байланысы

Сонымен жұмыс орындау және қызмет көрсету ұғымдарына анықтама беру мәселелсін қорытындылайтын болсақ, бұл ұғымдар әртүрлі, бірақ өзара байланысты. Олардың өзара байланысты болатын себебі жұмыс орындау да, қызмет көрсету де, жоғарыда айтылғандай, міндеттемелік қатынастардың жалпы нысаны болып табылатын әрекеттің бір түрі.
Лекция №2



  1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет