Лекция: 15 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат



бет3/10
Дата24.04.2016
өлшемі1.76 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария » университеті



«Гуманитарлық білім» факультеті

География және қоғамдық пәндер”кафедрасы

«ТМД-ның экономикалық-әлеуметтік географиясы» пәні бойынша
050116 - «География» мамандықтарының студенттері үшін


Лекцияның Қысқаша курсы

Жетісай – 2008 ж


9. Лекция сабақтары
1 кредит

Лекция №1
Тақырыбы: Әлем картасында–ТМДелдері

(1сағат)
Жоспар:

1.Бұрынғы СССР аумағындағы жаңа саяси-мемлекеттік құрылымдар жәнеТМД және Балтық бойы елдері

2. Ресей Федерациясының геосаяси жағдайы
Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Уәлиев Т.О., Керееев Б.Е., Уәлиев М.О. Тәуелсіз мемлекеттер достығы және Балтық бойы елдерінің әлеуметтік-экономикалық географиясы. Оқу құралы.Алматы, 2000 ж.

2.Ұ.Есназараова.,Темірбеков Түркі елдерінің географиясы. Алматы,2000 ж.

3. Экономическая география СССР под. Ред.Барансково Н.Н., М., 1965

4. Страны и народы. Энциклопедия.

5. Саушкин.Ю.Г., Экономическая георафия: история, теория, методы, практика. М., 1973



б) қосымша

1. Дүниежүзінің саяси картасы

2. ТМД елдерінің физикалық картасы

3. РФ-ның саяси картасы

4. ТМД елдерінің экономикалық аудандары карталары

5. “Страны мира” жинағы 2002 тағы басқалар



Лекция мәтіні:
1. 1991 жылдың соңында СССР ыдырап, бұрынғы одақтас республикалар дербес, жаңа тәуелсіз мемлекеттерге айналды. Одан кейін олардың көпшілігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрды. ТМД елдеріне Балтық бойы мемлекеттері кірмеді.

ТМД елдерінің құрылу мақсаты - СССР ыдыраған кездегі шайқалып бұзылған экономикалық, мәдени-тарихи байланыстарды және жалпы қорғаныс саясатын жаңа жағдайда калпына келтіру еді. ТМД елдерінің шекарасы шартты түрде, әлі де толықтай келісім-шарттармен (делимитация, демаркация) бекітілмеген, бірақ оны ешкім де өз бетімен біржақты түрде шеше де және өзгерте де алмайды.

Аталмыш мемлекеттер, Еуразия материгінің солтүстік, солтүстік-шығыс және орта бөліктерінде орналасқан. Планетамыздағы құрғақ жерлердің 1/6 алып жатқан осы ұлан-байтақ территория, дүние жүзінің картасынан бірден көзге түседі. Ол екі дүние бөлігінде: 1/3 бөлігіне жуығы Еуропа; 2/3 астамы Азия құрылығында жатыр. Олардың жалпы жер аумағы - 22,4 млн. кмэ -ге тең: оның 5,4 млн. км2-Еуропалық, ал 17 млн. кмг - Азиялық бөлікте орналасқан.

ТМД елдерінің мемлекеттік шекаралары әлемдегі ең ұзыны (60 мың км. аса). Құрғақтағы шекарасы - 17 мың км. болса, теңіздік шекаралары - 43 мың км-ге созылыл жатыр. ТМД елдері, алыс 14-шетелдік және 3 - Балтық маңы мемлекеттеріменен шекаралас. Атап айтсақ, батысында - Норвегия, Финляндия, Польша, Словакия, Венгрия, Румыниямен; сонымен қатар - Эстония, Латвия және Литвамен; оңтүстігінде - Түркия, Иран, Ауғанстан, Қытай, Монғолия, Кореямен; ал оңтүстік-шығысы мен солтүстік-шығысыңда теңіздік шекаралар арқылы - Жапония және АҚШ-пен шектеседі.

ТМД жағалауларын үш мұхиттың: солтүстігінде - Солтүстік Мұзды; батысында - Атлант; шығысында - Тынық мұхиттарының теңіздері шайып жатыр. Қазіргі кезде – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына, бұрынғы СССР құрамындағы 15 одақтас республикалардың - Латвия, Литва және Эстониядан басқалары мүше болып кіріп отыр. ТМД елдеріне сипаттаманы, саяси-әлеуметтік және экономикалық-географиялық нысандары күрделі де әрі алуан түрлілігімен анықталатын - Ресей Федерациясынан (астанасы – Мәскеу қаласы) бастаймыз.

2. Ресей Федерациясы, ТМД елдерінің аса ірі мемлекеті (ТМД елдері территориясының - 77% және халқының - 52%). Оның құрамына, Федерацияның 89 субъектілері: 21 республика; 10 автономиялық округтер; 1 автономиялық облыс; федеральдық маңызы бар 2 қала; 6 өлке және 49 облыс кіреді. РФ, 1992 жылы наурыз айында федеральдық келісім қабылданды. Ол бойынша республикалар өкілеттілігінің бір бөлігі Ресейдің федеральдық органдарының басқаруына берілген. Бұл келісімге республикалардың басым көпшілігі (18), яғни Шешенстан, Татарстан және Башқұртстан республикаларынан басқалары қол қойған.

Ресейдің геосаяси жай-ахуалы, яғни дүние жүзінің саяси картасындағы жайы және әр түрлі елдермен қарым-қатынасы, бұрынғы СССР-мен салыстырғанда едеуір өзгерді. Кеңес Одағы бір-біріне қарама-қарсы "екі полюсті" (биполярлы) дүниеде өмір сүрді. АҚШ және СССР сияқты аса қуатты державалар басқарған екі экономикалық және әскери блок (НАТО және Варшава пактісі) қарама-қарсылық және "қырғи-кабақ соғыс" жағдайында болды.

СССР-дің ыдырауы, әскери қарама-қарсылықтың жойылуы-тәуелсіз Ресейдің айналасындағы геосаяси жағдайды мүлдем өзгертті. Әлем дүниесі көпполярлі және сонымен бірге одан сайын қауіпсіз бола бастады. Осыған байланысты Ресейдің геосаяси жайы төмендегідей анықталады: ]) жаңадан құрылған тәуелсіз мемлекеттермсн өзара қарым-қатынас байланыстарының жаңа формаларын анықтау қажеттігі; 2) территориясының аса ұзаққа, яғни батыстағы - Еуропа елдері мен Атлант мұхитынан, шығыста -Азия елдері мен Тынық мұхит жағалауларына дейін созылуы; 3) территориясының көпшілігі (64%), Солтүстік Мұзды мұхит жағалауына шығатын - Солтүстіктің планетарлық зонасына жататынын есепке алған жөн.

Осыған байланысты Ресейдің геосаясаты көптеген мемлекеттер топтарына: ТМД-ның жаңа, тәуелсіз мемлекеттеріне; Батыс және Оңтүстік Еуропа елдеріне; Шығыс Еуропа елдеріне; Балтық және Қара теңіз бассейндеріндегі елдерге; Азия-Тынық мұхит регионындағы елдерге; АҚШ пен Канадаға; Балтық және Солтүстік Еуропа елдеріне қарай бағытталуы қажет.

Ресейдің экономикалық-географиялық жайы (ЭГЖ)

Елдің негізгі шаруашылық рыноктарға және әлемнің ірі экономикалық орталықтарына қарай орналасуын анықтайтъш экономикалық картадағы жайын - ЭГЖ дейміз. ЭГЖ мүмкіндіктері едеуір дәрежеде елдің көліктік-географиялық жайымен анықталады.

СССР-дің ыдырауы және жаңа, тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына байланысты Ресейдің - Балтық және Қара теңіздеріндегі порттар арқылы бұрынғыдай өз бетімен теңіз сауда жолдарына шығуы кенет тарылып қалды. Балтық теңіздіегі ірі порттардан, Санкт-Петербург және қуаты шағын - Выборг жәнс Калининград порттары ғана қалды. Ал мұндағы Таллин, Вентспилс, Рига, Клайпеда қазір жаңа, тәуелсіз мемлекетгердің порттары болып табылады. Қазір Ресейдің Қара теңіз - Азов бассейнінде (бұрынғы СССР-дағы 10 портган) 2 порты: Новороссийск мен Туапсе ғана бар.
Лекция №2
Тақырыбы: Ресейдің қазіргі саяси-әкімшілік құрылысы және халықтары

(1 сағат)

Жоспар:
1. Ресейдің әкімшілік-аумақтық бөлінісі

2. Ресейдің халықтары



Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Уәлиев Т.О., Керееев Б.Е., Уәлиев М.О. Тәуелсіз мемлекеттер достығы және Балтық бойы елдерінің әлеуметтік-экономикалық географиясы. Оқу құралы.Алматы, 2000 ж.

2.Ұ.Есназараова.,Темірбеков Түркі елдерінің географиясы. Алматы,2000 ж.

3. Экономическая география СССР под. Ред.Барансково Н.Н., М., 1965

4. Страны и народы. Энциклопедия.

5. Саушкин.Ю.Г., Экономическая георафия: история, теория, методы, практика. М., 1973



б) қосымша

  1. Майдан-Әли Байгесиев, Халқаралық экономикалық қатынастар. Алматы,1998

  2. А.Ю.Скопин. Экономическая география России. М., 2004

  3. РФ-ның саяси картасы

  4. Анықтамалық атластар

  5. Географиялық атластар


Лекция мәтіні:
Ресей Федерациясы Президентінің 2000 жылгы 13-мамырдағы жарлығымен. оның аумағында әкімшілік — территориялық бөліністің ең биік деңгейлі құрылымы - жеті федеральды округ құрылды. Бұл, жоғарыдағы аталған РФ және т.б. оның кұрамындағы кейбір республикалар заңдарын федералдық заңдылықтармен сәйкестендіру қажетілігінен туындады. Қазір осы әрбір жеті федеральдық округтарда РФ Президентінің өкілетті уәкілдері тағайындалған. Олардың негізгі міңдетіне: Федерация зандарының, Ресей президенті мен үкіметінің, федералдық органдардың шешімдері мен жарлықтарының орындалуын қадағалау, осы округ құрамындағы - Федерация субьектілерінің мемлекеттік органдарымен бірлесіп жұмыс жасау, әрі оларға бақылауды ұйымдастыру, т.б. мәселелер кіреді. Әрбір федеральдық округтарда, өз кезегінде аймақтық астаналар іспетті олардың орталықтары белгіленді. Бұлардың сапында — РФ құрамындағы оның республикаларының (олардың кейбірінде сепаратистік позициялар бой көтеруде) бірде-біреуінің астаналары жоқ. Мұның бәрі, Ресей Федерациясының ыдырамауын оңтайлы орнықтыру, яғни берік бірлігін нығайту мақсатын көздейді.

Енді федеральдық округтердің бөлініс шекарасына келсек, олардың экономикалық - географиялық мазмұны сипатында аудандастырылуынан біраз алшақтықтар бар. Мәселен, біз қарастырып отырған оку құралыңдағы керсетілген экономикалық аудандастыру нәтижесінде қалыптасқан ірі экономикалык, аудандардың құрамындағы кейбір әкімшілік бірліктердің, көршілес басқадай федеральдық окруттер құрылымыньң қарамағына көшуі. Мысалы Поволжье экономикалық ауданы құрамындағы - Қалмақ елі, Волгоград, Астрахань облыстарының Волга бойы емес, Солтүстік Кавказ федеральдық округіне енгізілуі немесе Орал экономикалық ауданына кіретіні: Башқұртстан, Удмуртия, Коми-Пермяк автономиясы мен Орынбор облысының - Волга бойы федералыдық округы құрамына берілуі, т.б. Осы тұрғыдағы мәселелер, РФ Президенті ІІ.В. Путиннің Орал округіне кіретін субъектілер губернаторларымен кездесуінде көтерілді, бұл жөнінде Президент оларды қайта қарап талқылауға қарсылық білдірген жоқ, осы себепті болашақта округтердің конфигурациялық пішіні өзгеруі де мүмкін. Қазіргі федеральдық, округтер шекаралары мен оның орталықтары (тек Самара қаласы ғана Нижний Новгородпен алмастырылған) көп ретте, 1998 жылы шілдеде бұрынғы РФ Президенті Б.Н.Ельциннің Жарлығымен құрылған жеті әскери -әкімшілік округтермен сәйкес келеді. Бұл жердегі өзгешілік: Якутия (Саха) Республикасы - Забайкалье, Коми Республикасы - Волга бойы, ал Нижегород облысы – Мәскеу әскери окруттері қарамағына көшірілуі.

Ресейдің қазіргі федеральдық деңгейдегі әкімшілік - аумақтық бөлінісіне тоқталсақ, ол төмендегідей:

1)Орталык федеральдық округы (орталығы – Мәскеу, халқы 36 млн. адам). Құрамында РФ келесі 18 субъектісі бар: Белгород, Брянск, Владимир, Воронеж, Иванов, Калуга, Кострома, Курск, Липецк, Мәскеу, Орел, Рязань, Смоленск, Тамбов, Тверь, Тула, . Ярославль облыстары және Мәскеу қаласы;

2)Солтүстік-Батыс (орталығы- Санкт-Петсрбург халқы-І4,6 млн. адам). Құрамында 11 субъекг: Карелия жөне Коми республикалары, Архангельск, Вологда, Калининград,Ленинград, Мурманск, Новгород, Псков облыстары, Ненец автономиялық округы және Санкт-Петербург қаласы;

3) Солтүстік Кавказ (орталығы - Дондағы Ростов, халқы - 21,7 млн. адам). Құрамында 13 субъект: Адыгей, Дағыстан, Ингуш, Қалмақ, Солтүстік Осетин, Кабарда-Балкар, Қарашай-Черкес, Шешен республикалары, Краснодар және Ставрополь өлкелері, Астрахань, Волгоград, Ростов облыстары;

4)Волга бойы (орталығы - Нижний Новгород, халқы - 32,1 млн, адам). Құрамында 15 субъект: Башкұрстан, Марий-Эл, Мордва,

Татарстан, Удмурт, Чуваш республикалары, Киров, Нижегород, Орынбор, Пенза, Пермь, Самара, Саратов, Ульянов облыстары және Коми-Пермяк автономиялық округы;

5) Орал (орталығы - Екатеринбург, халқы - 12,7 млн. адам), Құрамында 6 субъект: Қорған, Свсрдлов, Түмен, Челябі облыстары, Ханты-Манси және Ямал-Ненец автономиялық окруттары;

6)Сібір (орталығы - Новосибирск, халқы - 21 млн. адам). Құрамында 18 субъект: Алтай, Бурят, Тыва, Хакасии республикалары, Алтай және Краснояр өлкелері, Иркутск, Кемеров, Новосибирск, Омбы, Томск, Чита облыстары, Агинск-Бурят, Усть-Ордынск Бурят, Таймырь (Долған-Ненец) және Эвенкі автономиялық округтары;

7).Қиыр Шығыс (орталығы - Хабаровск, халқы - 7,25 млн. адам). Құрамында 10 субъект: Якутия (Саха) Республикасы, Приморье және Хабаров өлкелері, Амур, Камчатка, Магадан, Сахалин облыстары, Еврей автономиялық облысы, Коряк және Чукот автономиялык округтары.

Ал, РФ жергілікті деңгейдегі аумақтық - әкімшілік бөлінісіне келсек, оның құрамында- 1887 аудан бар, олар өз кезегінде 24444 селолық өкімшілік бірліктерге (сельсовет, ауылдық округтар, т.б.) бөлшектенген. Ресейде 1091 қала бар болса, оның 646 республикалык және облыстық бағыныстағы қалалар, бұлардың аса ірілері (329) қалалық аудандар мен округтерге бөлінеді, сонымен қатар 1922 қала типтес поселкілер бар.

2. Халық саны және өсімі Ресей, тұрғындарының саны жағынан {2000 ж. 152,1 млн. адам) дүние жүзінде - Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилиядан кейінгі алтыншы орында. Халқы-туғандардың санынан өлгендердің санының аз айырмашылығынан, яғни табиғи өсімнің шамалы болуынан тіптен баяу өсуде. Халықтың—миграциясы, бұл адамдардың тұрақты мекендейтін жерінен екінші бір жерге қоныс аударуына байланысты сол аудандағы халық санының өзгеруі. Ішкі миграцияға жататындар:

а) селолық елді мекендердсн қалаларға қоныс аударулар; ө) селолық мекендердің өз ішіндегі қоныс аударулары; б) шағын қалалардан ірі қалаларға қоныс аудару.

Соғысқа дейінгі жылдары халық - Оралға, Сібір мен Қиыр Шығысқа қоныс аударды, себебі ол аудандарда қазба байлықтарының кен орындары игерілді, зауыттар салынды. 50-шы жылдары Қазақстан және Батыс Сібір кең көлемде игеріле бастады. Бұрынғы СССР шеңберінде елді индустрияландыру кезеңінде орасан көп халық, көбінесе Ресейден басқа республикалардағы жаңа құрылыстарға қоныс аударды.

1979 жылмен 1989 жылдың аралығында орыстардың басқа республикаларға қоныс аударуы аз болды және Кері миграция (реэмиграция - эмигрантардың өз еліне оралуы) басталды. Орыстар Закавказья,Орта Азия, т.б республикалардан өз Отанына келе бастады. Қазіргі кезде Ресейде, ұлтаралық жанжалдар болған аудандардан келген көптеген босқындар көп. Сыртқы миграцияға--соңғы жылдары Ресейден және баска да ТМД-ның жаңа, тәуелсіз мемлекеттерінен - Германияға, Израильға, Грекияға, АК,Ш-қа немістер, еврейлер, гректер және баска да ұлттар өкіддерінін едәуір бөлігінің қоныс аударуын жатқызамыз.

Ұлттық құрамы. Ресей - көпұлтты мемлекет (130-дан астам халықтар мекендейді). Әр халық бір-бірінен тек тілі ғана емсс, өмір-тіршілік, әдет-ғұрпы, тарихи салт-дәстүрі, мәдениеті және еңбек дағдылары жағынан да айырмашылық жасайды. Тілінің ерекшелігіне қарай, Ресей халықтары негізінен төрт тіл семьясына бөлінеді: а) үнді-европалық (халықтың 89%); е) алтайлық(6,8%); б) кавказдық (2,4%); в) оралдық (1,8%).

Ежелден орыстар мекендеген аймақтар: Солтустік, Солтүстік-Батыс, Орталық экономикалық аудандардың территориялары. Орыстар - Оралдың, Сібір мен Қиыр Шығыстың онтүстігіңдегі халықтардың ұлттық кұрамында басым.



Ресейдің халқы ( млн.адам)

1

2

3

4

Үндіевропалық

семья


Алтайлық семья

Кавказдық

семья


Оралдық

семья


І.Славян тілі

2.Түркі тілі

3.Нахдағыстан

4.Фин тілі

орыстар (120),

чуваштар (1,8),

Дағыстандықтар (2,0)

марийлер (0,6),

Украиндықтар (4,4)

башқұрттар (1,3),

шешендер (0,9),

ингуштар (0,2)



1.удмурттар (0,7),

2.коми және

коми-пермяктар

(0,5)





қазақтар (0,6),




белорустар,

(1,2)


якуттар (0,3),

2.Абхаз-адыгей

Тобы:


2.Угор тілі тобы:

2.Басқа топтар-

дың халықтары:



Азербайжандықтар (0,3)

кабардиндер

(0,4),


Хантылар (0,03)

осетиндер (0,4)

2.Монғол тіл

тобы:


адыгейлер

(0,1).


Мансилар (0,02)

немістер (0,8),




еврейлер (0,5),

бурятгар (0,4),




армяндар (0,5).

қалмақтар (0,2).

Ұлттық құрамының ала-құлалығы мына региондарға тан: 1) Волга және Кама бойы аудандары (Чуваш, Мордва, Марий-Эл, Татарстан, Башқұртстан, Удмурт республикалары орналасқан аймақтар); 2) Солтүстік Кавказ, онда 7 ұлт республикалары қалыптасқан (Адыгей, Қарашай-Черкес, Кабарда-Балқар, СолтүстікОсетин, Ингуш, ІПешенстан, Дағыстан); 3) Жеке алқаптар түріндс, шығыс (Алтай, Хакасия, Бурятия, Саха (Якугия) республикалары) пен солгүстік, онда Солтүстіктің саны аз халықтарынан басқа-карелдер мен комилер тұрады.



Қала және село халқы

Қала халқы (74%), РФ-1926 жылдан 1995 жыл аралығында қала халқы 6,8 есе өсті. Қала деп РФ - халқының саны 12 мыңнан асқан, оның тұрғындарының басым көпшілігі ауыл шаруашылығынан басқадай салада кәсіп-қызмет атқаратын елді мекендерді айтамыз.



Қалалар - өнеркесіптік (Магнитогорск, Төменгі Тагил); көліктік (Усть-Кут, Братск); ғылыми орталық (Обнинск, Пущина, Протвино); курортты қалалар (Анапа, Сочи, Кисловодск) болулары мүмкін. Көп салалы қызмет атқаратын қалаларға - республика астаналары, өлке және облыс орталықтары жатады. Көп салалы қызмет (функция) атқаратын қалалар серіктес қалаларымен қосылып, қалалар агломерациясын құрайды: ең ірісі - Мәскеу агломерациясы {14 млн. адам). Қала типті поселкалар тез өсіп келеді. Оларға - халқының саны 3 мыңнан асатын және оның тұрғындарының 85% ауыл шаруашылығымен шұғылданбайтын елді мекендер жатады. Ресейдің селолық елді мекендеріндс 40 млн. астам адам тұрады.

Халықтың орналасуы біркелкі емес. Халықтың орташа тығыздығы - 1 шаршы (ш) км~ге 8,7 адам. Соның ішінде Еуропалық бөлікте, дүние жүзілік орташа деңгейден (1ш. км-ге 29 адам) халықтың тығыздығы аздап қана төмен. Ал Сібірде, 15 есе аз ;1 ш. км-ге 2,5 адам) . Кейбір жекелеген территорияларда, мысалы Мәскеу облысында халықының тығыздығы 1 ш. км-ге 354 адамнан келеді.



Қоныстануы. Табиғи жәнс әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерінен, тарихи қалыптасқан таралып қоныстанудың бірнеше аймақтарын РФ көруімізге болады: 1) негізгі -Еуропалық бөлікті түгелдей дерлік (Солтүстіктен басқа) және Сібір мен Қиыр Шығыстың ендік бойындағы оңтүстік аймақтарын алып жатыр. Ерекшелігі: халық тығыздығының жоғарылылығы (1 ш. км-ге орташа 50 адам); Ірі қалалардың және қалалар агломерациялары санының көптігі. 2) солтүстік аймақ -Ресей территориясының 64% алып жатыр. Ерекшелігі: а) мұнда аса маңызды ресурстар шоғырланған; о) халықтың орташа тығыздығы 1 ш. км-ге бір адамнан кем болуы себепті, халық санының аз болуы; б) халықтың ірі ресурстар базасына жақын, өзен аңғарлары және көлік жолдарының бойында ошақтанып қоныстануы; в) еңбек күштерін сақтайтын саясат жүргізеді. Қазіргі кезде бұл аймаққа тән нәрсе - Қиыр Солтүстік аудандардан халықтың, ондағы өндіруші өнеркөсіп өндірісінің куат қарқыны төмендеп кетуіне байланысты жаппай көшуі. 3) Сібірдін қиыр оңтүстік бөлігі - үзік-үзік биік таулы және орташа биік таулар алқабы болып келеді. Бұл аймақка тән нәрсе, су энергетикасының дамуы мен пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты салынған қалаларға ауыл шаруашылықпен айналысатын халықтардың көшіп келіп қоныстануы.
Лекция №3
Тақырыбы: Ресейдің халық шаруашылығы және өндірістік құрылымы

(1 сағат)

Жоспар:

1. Ресейдің шаруашылығы

2. Ресейдің өндірісінің функциялдық құрылымы және машина кешені

Пайдаланатын әдебиеттер:

а) негізгі:

1. Уәлиев Т.О., Керееев Б.Е., Уәлиев М.О. Тәуелсіз мемлекеттер достығы және Балтық бойы елдерінің әлеуметтік-экономикалық географиясы. Оқу құралы.Алматы, 2000 ж.

2.Ұ.Есназараова.,Темірбеков Түркі елдерінің географиясы. Алматы,2000 ж.

3. Экономическая география СССР под. Ред.Барансково Н.Н., М., 1965

4. Страны и народы. Энциклопедия.

5. Саушкин.Ю.Г., Экономическая георафия: история, теория, методы, практика. М., 1973



б) қосымша

1. Майдан-Әли Байгесиев, Халқаралық экономикалық қатынастар. Алматы,1998

2. А.Ю.Скопин. Экономическая география России. М., 2004


  1. РФ-ның саяси картасы

  2. Анықтамалық атластар

  3. Географиялық атластар


Лекция мәтіні:
Ресейдің халық шаруашылығы (ХШ) - қуаты мен мөлшері жағынан аса үлкен, әр түрлі салалардың өте күрделі жинтығы. ХШ-жеке кәсіпорындардан (фабрикалар, зауыттар, шахталар, ауыл шаруашылық кәсіпорындары және басқалар) және мекемелер (дүкендер, асханалар, ауруханалар, оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, театрлар жөне басқалар) тұрады. Кәсіпорыңдар мен мекемелердің көпшілігі - мемлекеттік, сонымен бірге кооперативтік, акционерлік, т.б. бар. Қоғамның біртекті қажеттіліктерін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен мекемелер жиынтығы - ХШ салаларын құрайды. Мысалы, өнеркәсіп -өнеркәсіп өнімдерін шығаратын кәсіпорындар жиынтығы; ал халыққа білім беру - бұл оқу орыңдарының жиынтығы.

Ресей Федерациясында - бұрынғы СССР ұлттық табысының негізгі бөлігі өңдірілген болатын. Мәселен РФ, жалпыодақтық өнімдерінің 70%, ғылыми-зерттеу ізденістерінің 70%-тен астамын және сонымен бірге ауыл шаруашығы өнімдерінің 47% мөлшерін беретін еді. Оның өзінде - Ресей жер аумағының 64% астамы Солтүстік аймаққа жатады, ал онда 150 млн. халықтың небері 10 млн. адамы ғана мекендейді. Бұл аймақта - өндіруші өнеркәсіп, яғни табиғат ресурстары негізінде ірі өнеркәсіпті аудандар қалыптасқан. Ресей территориясыньщ 2/3 бөлігіне тән нәрсе, сол жерлер экономикасының ауыл шаруашылықтан тыс, басқа салалық бағыттарда дамуы.



Каталог: CDO -> 2008-2009
CDO -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
CDO -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
2008-2009 -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
2008-2009 -> Үстірт (Маңқыстау)
2008-2009 -> Лекциялар конспектісі 1 бөлім Құрастырғандар б.ғ. к доцент С. Е. Келдібеков. Ассистент Нұрмағанбетов Н
2008-2009 -> «Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша
2008-2009 -> Лектор: аға оқытушы Сариева Ш. Ж


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет