Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64



жүктеу 1.91 Mb.
бет6/9
Дата25.04.2016
өлшемі1.91 Mb.
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2

Баќылау с±раќтары:

1.Триполь мәдениеті.

2.Энеолит дәуіріндегі еңбек құралдар.

3.Энеолит тұрақтары.

4.Мысты алудың әдістері.

5.Қазақстан жеріндегі энеолит.


1.Жер өңдеудің мыс құралдары.

2.Энеолит керамикаларының түрлері және әшекейлі керамика.



10- лекция. Таќырыбы:

Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірінің ерекшеліктері.

Жоспары:

1 Ботай мәдениеті.

2 Терсек мәдениеті

Лекция маќсаты: Археология алғашқы қауымнан көне заманнан орта ғасырдан қалған заттай ескерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтау.

Лекция мәтіні (ќысќаща)



1 Ботай мәдениеті.

Қазақстан жерiндегi ең жақсы зерттелген энеолиттiк ботай мәдениетi ескерткiштерiнiң негiзгi шоғырланған тобы Көкшетау облысында орналасқан. Олар б. э. д. III-II мыңжылдықтардағы жылқышы тайпалардың ескерткiштерi.

Ботай мәдениетi көршiлес орналасқан неолиттiк мәдениеттер атбасар мен маханжардың негiзiнде қалыптасқан. Осы мәдениеттiң басты қонысында жүргiзiлген ұзақ жылдық зерттеулер Ботайлықтардың жылқыны алғаш қолға үйреткен тайпалар екендiгiн дәлелдейтiн материалдар бердi. Олардың мал өсiрумен қатар жер жыртып, егiн егумен айналысқандығы да анықталған. Мәдениеттiң басты ескерткiшi Ботай қонысынан табылған тастан жасалған пышақ, қанжарлар, найза, жебенiң ұштарымен қатар зубр, бұғы, қарақұйрық, киiк, аю, қарсақ, қоян секiлдi т.б. аңдардың сүектерi ботайлықтарда аңшылық кәсiптiң де осал болмағандығын бiлдiредi.

Ботай мәдениетiнiң материалдары Алтайдағы Афанасев, Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарым мәдениеттерiмен ұқсас.

Энеолит дәуiрi мәдениеттерi ескерткiштерi Маңғыстау өңiрiнде Шебер, Жыңғылды, Қошқар-Ата ескерткiштерiнен белгiлi.

Қазақстан жерiндегi энеолиттiк мәдениеттер ескерткiштерiнiң аз зерттелуiне қарамай қолда бар материалдар негiзiнде сол дәуiрдегi тайпалардың қоғамдық –экономикалық және материалдық мәдениетiнiң дамуында үлкен жетiстiктер болды деп айта аламыз.

Ботай мәдениеті: Көкшетау облсындағы бекеті жанындағы қоныстың атымен аталған.Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның (Жайық-Ертіс өзендері аралығының) далалық энеолитін сипаттайды және мерзімі б.з.б ІІІ-ІІ мыңжылдықтармен белгіленеді. Демек ол бір мың жыл болған.

Ботай мәдениетінің қалыптасуына неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін құраған тайпалар қатысты. Оның қалыптасу барысында Шығыс Каспаий маңы өңірімен Оңтүстік Оралдың сырттай ықпал жасағаны жөнінде мәліметтер бар. Ботай мәдениетін В.В.Зайберт ашты. В.Н. Логвин С. Қалиева оның батыстық нұсқасын терсек мәдениетін бөліп көрсетті. Терсек мәдениетінде басқа мәдениеттің ықпалы айқын аңғарылады және оның кейбір ескерткіштері б.з.б ІҮ мыңжылдықпен белгіленетін алдыңғы энеолит дәуіріне жатуы ықтимал. Бірқатар қоныстар: Қостанай және Торғай облыстарында – Бестамақ, Тщұздыкөл, Либановка, Құмкешу, Қожай, Дұзбай-3, Көкшетау облысында Ботай, Красный-Яр Васильков-4 қоныстары ашылды барлығы 20 дан астам қоныс белгілі. Қоныстар әдетте шағын дала өзендері Торғайдың Терісаққанның жоғарғы тобылдың Обағагнның Шағалалының Иманбұрлықтың биік жағаларындағы алаптарды алып жатыр. Олардың көлемі кейбіреуінде 15 га жетеді. Сипаттау үшін ең көп ақпарат беретіні Ботай қонысы болзып табылады. Ол шамамен 200 жылды – б.з.б ХХІҮ-ХХІІ ғысырларды қамтиды. Қазіргі бетінде 158 тұрғын үйдің жұрты табылды. Қазу барысында олардың қонысы тіршілік еткен соңғы кезеңде салынғаны аяқталды. Мұндай томаға тұйық жоспарланған орындарға жататын құрылыстар 30 дейін жетеді. Олардың ішінен белгілі бір жүйені байқауға болады. Ені – 4-8 м болртын ал ұзындығы 50м дейін жететін паралель көшелердің екі жағына кейде 15-16 үйден салынған.

Тұрғын былайша жазылған. Тереңдігі 1м дейін және көлемі 20 шаршы метрден 70 шаршы метрге дейін жететін 4-8 бұрыш түрінде шұңқыр қазылған. Қазу кезінде шығарылған балшық шұңғыр қазылған. Қазу кезінде шығарылған балшық шұңқыр жиектеріне биіктігі 1 метрдей дуал етіп үйілген. Осылайша салынған қабырғаларға төбесі тарыла беретін шеген түрінде бағаналар қаланған. Жасаған күмбез бұтақтармен және шым қабаттарымен жабылып бұл орайда ортасынан түтін шығатын тесік қалдырылған. Кіретін есік қабырғада ойық түрінде қалдырылып оның сыртында шағын шағын дәліз болған. Ішінде ортадағы шұңқырда ошақ орналасқан. Ошақ пен есік арасы – шаруашылыққа арналған орын төрде ұйықтауға арналған жер. әдетте қабырғаның бүйір жағынан азық – түлік сақтау үшін шұңқыр қазылады. Тобылдағы құмдауыт топырақта құрылыс сипаты біршама өзгеше: қабырғаларының ағаштан салынуы ықтимал.

өндіріс шаруашылық саймандар алуан түрлі тастардан сазбалшықтан сүйектен жасалды. Құрал саймандар тұрғындардың шаруашылық укладының күрделі екендігін көрсетеді. Жүгеннің сүйек элементтері кісенге арналған ілгектер жылқының қолға үйрете бастағанын дәлелдейі. Тас тоқпақтар пышақтар қанжарлар боластар жебелердің сүңгілердің найзалардың үштары аң аулаумен байланысты құралдар.

Орасан зор мөлшердегі остеологиялық материалдардың басым көпшілігі жылқы сүйектері. Мәселен ботай қонысында 70000 жылқының сүйегі табылды. Сондай-ақ зубрдың турдың бұланның еліктің аюдың иттің түлкінің қарсақтың түйенің құндыздың суырдың қянның қабанның құстардың сүйектері бар.

Жерлеу ғұрпы мен бірқатар симболдық заттар тотемизмнің бабаларға табынуын көрсетеді.

Бірақ далалық энеолит қауымының өз ішінде де мәдениет бір мезгілде қалыптасқан жоқ және даму мен өзара ықпал етудің түрлі деңгейінде болған.

Тегінде Еділ бойын және Жайық Ертіс өзендерінің аралығындағы мал шаруашылығы қалыптасқан екі орталықты атап өтуге болады.

Маңғыстау тарихындағы энеолит көп жағынан алғанда шартты болып табылады. Жалпы жұрт қабылдаған қабылдаған кезеңдерге сәйкес келеді. Бұл аумақ үшін б.з.б Ү мыңжылдықтың аяғымен ІҮ ғ басына да байырғы тұрғындардың көршілермен интенцивті байланыстары немесе солтүстік пен оңтүстік – шығыстан мәдениеті өзгеше екі толқынның жергілікті ортаға құйылып қосылуы тән. Бірінші толқын Еділ – Жайық бойының энеолиттік хвалын мәдениетіне жататын шебір үлгілес ес.керткіштермен көрсетілген. Бозащы түбегінде Маңғыстау түбегінің орталық және жағалау бөлігінде тұрақтар мен жекелеген олжалар табылды. Ең елеулі тұрақ Бозащыда көшпелі құм өңіріндегі Шебер елді мекенінің маңынан табылды.

Ыдыстар саз балшықтан қолдан жасалған. Ыдыстар түбі дөңгелек конус тәрізді етіп жұмыатқа сияқты ,жабық түрде істелген. Ыдысқа ішкі жағында қыры бар жаға сияқты салмақты жиек жасалған. өрнектеу үшін негізінен тарақ сияқты қалып пайдаылған.



Шебір халқы теңіз моллюскаларының қабықтарынан жасалған ірі моншақтармен диаметрі 3-6 мм болатын цилиндр тәрізді ұсақ моншақ сияқты жаңа әшекейлер туғызды. Соңғылары теңіз қабыршақтарының қабығынан жасалған.

2. Терсек мәдениеті.

Энеолит дәуірінің соңғы кезеңдерінде Торғай өңірін мекендеген тайпалардың мәдениеті ( б.з.б 3 мыңжылдықтың басы) . алғаш рет 1940ж -50ж А.А Формозов зерттеулерінде ңтерсек тұрақтарың , ңтерсек қарағай мәдениетің жайлы айтылады. Бұл мәдениеттің неғұрлым толығырақ мінездемесі 1980-90жж С.Қалиева В.Н Логвин зерттеулері барысында қалыптасты. Ескерткіштерінің негізгі тобы Торғай алабын қамтуымен қатар, біразы солт. Және солт.шығысқа да тараған. Зерттеу барысында оңт.шығыс шекаралары анықталмаған. Есіл алабындағы энеолиттік ботай мәдениетімен екі арада анықтауды қажет ететін мәселелері бар. Негізгі ескерткіштер түріне жататын тұрақтары көбіне үлкен өзендер емес, көктемде ғана ағысы бар ұсақ жылғалар көлдер мен бұлақтар жағаларында орналасқан. 1980ж жылдардың ортасына қарай белгілі болған 30 жуық ескерткіштердің ішінде біршама жақсы зерттелгендері Соленое озеро -1, Дүзбай -3, Бесбармақ, Құмкешу-1, Қожай -1, Қайынды-3, Евгеневка-2, Тоқанай- 2, сияқты тұрақтардан алынған деректер. 436 м жері қазылған Солоное озеро -1 тұрағынан аумағы шамамен 6*6 м болатын бір үй орны анықталды. Еденінің тереңдігі 0,8 м 16 діңгек шұңқыры бар. Есігі солтүстік батыстан шығарылған бұл баспана табаны дөңгелектеу келген ағаш күрке кейпінде тұрғызылған болуы мүмкін. Солт батыс бұрышта тас жаңқалар мен т.б құралдар шикізаттар да бұл түс шебердің отырған үйі болса керек. Үйдің оңт. Сыртында ашылған диам. 1 м тереңдігі 0,8 м ұра шұңқырдан мал сүйектері тас құралдардың сынықтары көптеп табылған. Т . м шақпақтас индустриясына оның ішінде бұл бағыттың ең алдымен жаңқалы құралдар қолданылған түріне негізделген қоғам. Пластиналы құралдар өте аз жоқтың қасы. Төңіректегі тұтас мәдениеттер арасында оларды жіктеуде осы ерекшелік маңызды орын алды. өте көп мөлшерде табылған жаңқаларға біршама шағын көлемдер тән көбіне бұл құралдардың өлшемі 30мм ден аспайды. Жаңқалардың ең көбі қырғыштар, мұндай бұйымдар қолда бар құралдардың тең жартысын береді. Басқадай құралдар арасында сегментті қырғыштар қырнауыштар екі жақты өңделген ұштықтар ( садақ найза шолақ, дротик ұштары ) пышақтар, шапқылар, балталар бар. Заттай деректердің 20 пайызын құрайтын қыш ыдыс бөлшектері мұнда түбі дөңес үшкірлеу тұрқы біршама ұзынша тегіс не дөңес келген ернеуі сыртқа қайырылған көзелер басым екенін көрсетті. Балшық қамырды дайындау барысында пайдаланылған қоспа элементтердің дені құм. Тісті қалыппен басылған негізгі ою түрлеріне горизонталь ирек сызықтар көлбеулете түсірілген таңбалардың горизонталь ирек сызықтар көлбеулете түсірілген таңбалардың горизонталь жолақтары теңбүйірлі үшбұрыштар ромбылы торлар. ңбасқыштарң тән. Қазбаларда табылған жануарлар сүйектерінің арасында әсіресе жылқы түлігін көп өсірген болуы мүмкін.

Баќылау с±раќтары:

1.Жер өңдеудің мыс құралдары.

2.Энеолит керамикаларының түрлері және әшекейлі керамика.

3 Энеолит дәуірінің ескерткіштеріне сипаттама бер.

4 Терсек мәдениеті қый жерді қамтиды.

5 Терсек мәдениеті қай жерлерді қамтыған.



11- лекция.

Таќырыбы: Қола дәуірі.

Жоспары:

1. Кавказ территориясындағы қола дәуірінің ерекшеліктері.

2. Оңтүстік Шығыс қазақстанның қола ғасыры

3. Орталық Азияның қола дәуірі.



Лекция маќсаты Хронологиялық тұрғыдан Кавказдағы қола мәдениеті екі кезеңге бөлінеді,олар ерте қола дәуірі мен кейінгі немесе дамыған қола дәуірін анықтау.

Лекция мәтіні

1. Кавказ территориясындағы қола дәуірінің ерекшеліктері.

Кавказдың Еуропа мен Азияның түйісуіндегі жағдайы,оның өркениеттің ең ежелгі ошақтарына жақындығы,табиғи және минералды ресурстарға бай болуы,қола дәуірінде бұл өңірде қоныстанған тайпаларға мәдениеттің дамуында елеулі рольді қамтамассыз етті.Солтүстік Кавказ сыртында қола дәуірінде бірнеше археологиялық мәдениет өмір сүрді.

Кавказдың шығу мен тегі бойынша алуан түрлі мәдениеттерінің мынадай жалпылама ортақ қаситеттері болды; олар,дамыған мал шаруашылығы мен егіншілік ,әшекейленген керамиканың кең таралуы,орасан үлкен тастардан тұрғызылған циклондық құрылыстар.

Хронологиялық тұрғыдан Кавказдағы қола мәдениеті екі кезеңге бөлінеді,олар ерте қола дәуірі мен кейінгі немесе дамыған қола дәуірі.

Солтүстік Кавказдың ең ертедегі мәдениеті б.з.д. ІІІ мыңжылдықтың орта кезеңінен бастап оның бүкіл екінші кезеңін қамтиды.Бұл мәдениетті,оның ең әйгілі ескерткіші-Майкап қорғаны бойынша майкон мәдениеті деп атау дәстүрге айналған.Оның таралу аумағы таман түбегінен Дағыстанға дейінгі жерлерді қамтиды.Бұл мәдениеттің қоныстары негізінен баруға (жетуге) қиын мүйістерде орналасқан.Тұрғын үйлері балшықпен сыланған. Және қоныс алаңында шеңбер бойымен орналасқан қаңқа құрылыстардан тұрады.Осы мәдениетке жататын қоғандардың көпшілігінде мәйіттер эмбрион түрінде бастары оңтүстікке қаратылып жерленген.Табылған заттардың ішінде көптеген еңбек құралдары тастан жасалған балық аулағыш ілмектер,саз балшықтан жасалған кермелер, қарулар,(дротиктер мен жебелердің кремнилік ұштары, сақпанға арналаған дөңгелек шарлары мен әшекей заттар (тас білезіктер мен салпыншақтар) кездеседі.

Ерте қола кезеңіне сондай-ақ б.з.д. ІҮ –ІІІ мыңжылдықтардың шегінен бастап б.з.д.ІІІ мың жылдығының соңына дейін өмір сүрген Кура-аракс мәдениеті де жатады.Бұл мәдениет тек бүкіл Кавказ сыртына ғана емес,сонымен бірге Иранның солтүстік-батысы мен Шығыс Анатомияға да таралған.

Кура-аракс мәдениетінің ең әйгілі ескерткіштері-Кюль-Тене І-дің екінші қабаты;Әзербайжандағы Мингечаур кешені;Армениядағы Шетавит,Гарин болып табылады.Қоныстар әдетте өзендердің бойында табиғи бекініс төбелерінде,мал бағуға қолайлы жерлерде орналасты.Ең көп тараған тұрғын үйлер іргесі тас домалақ үйлер болды,олармен қатар тастан соғылған тік бұрышты үйлер де белгілі.Тұрғын үйдің ортасында диаметрі бір метрдей болатын саз балшықты қалың қабырғалы ошақ тұрды.Кейбір ошақтар орнынан жылжытылып ,олардың бүйірлерінде тұтқалары болды.Мұндай ошақтар тек Кура-аракс мәдениетіне ғана тән маңызды ерекшелік болып табылады да Мұндай ошақтар ешбір жерде кездеспейді.Жерлеу орындары,жерлеу тәсілдері секілді алуан түрлі болып келеді.Қорған астына жерлеу топ-топ етіп жерлеу,эмбрионға ұқстатып жерлеу тәсілдері кездеседі,сонымен қатар мәйітті өртеп отыру да кездеседі.

Егін шаруашылығы кең түрде дамыды.Жер өңдеуге қарабайыр соқа мен жануарлардың тартатын сүйрейтін күші пайдаланады.

Биік деңгейге қола металлургиясы жетті.Кавказ,әсіресе Кавказ сырты металды өндірудің ең ірі орталықтарының бірі болды.

Керамика сапасы бойынша жетіліп,формасы бойынша алуан түрлі бола бастады.

Б.з.д.ІІ мыңжылдықта Кавказ бен Кавказ сыртының территориясында кейінгі (дамыған) қола дәуірінің бірнеше археологиялық мәдениеті қалыптасты.

Солтүстік Кавказ мәдениеті жақсы зерттелген.Ол өзінен бұрын болған майкап мәдениетінің негізінде қалыптасты.Оның ескерткіштерінің арасында негізінен обалар(Верхняя Рутка,Фаскау,Пилийский) мен Баксан өзенінің шатқалында табылған қоныстардың аз ғана саны бар.Мәйіттердің созылып жатқызылған және бүгілген ені түрі кездеседі. Ерте қола дәуіріне қарағанда,бұл кезеңде металл бұйымдары едәуір түрде көп болды.Табылған заттар ішінен әдеттегідей қызғылт-қоңыр немесе қара түсті саз балшықтан жасалған бұйымдар едәуір көлемде табылды.

Археологиялық материалдарға қарағанда солтүстік Кавказ мәдениеті-бұл малшылар мен егіншілердің мәдениеті.Егіншілік маусымдық мал шаруашылығымен және аңшылықпен ұштастырылды.Шаруашылықта металлургия мен металл өңдеу маңызды роль атқарды.Солтүстік Кавказ мәдениетінің соңғы кезеңін әдеттегідей Қабандық мәдениет деп атайды.(қабан ауылының маңындағы оба бойынша осылай аталған.).Бұл мәдениет қола ғасырының басына жатады.

Осы мәдениетке жататын заттардың ішінде көптеген керамикалық және қола ыдыстар,қару-жарақ заттары (найзалардың телкелі ұштары,еберлікпен істелген саптары бар нақышталған қанжарлар),және қоладан жасалған үзеңгі де бар.

Бұл кезеңдң қоланы өңдеуөзінің шарықтау шегіне жетті.Қобан қаласы құрамындақалайының көп болуымен және жақсы техникалық санасының болуымен ерекшеленеді.Ежелгі шеберлер қоланы құюдың алуан түрлі әдістерін білген қаңылтыр қоланы соғызды,нақыштау мен жобалауды білген.Бұл мәдениеттің адамдарына б.з.д. І мың жылдықтың бірінші ғасырының өзінде-ақ темір белгілі болған.

Тұрғын халық тауларда жайлымдық мал шаруашылығымен ;өзен алқаптарында егіншілікпен айналысты.

Б.з.д. ІІ мыңжылдықта айқын және өзіндік ерекшелігі бар мәдениет Кавказ сыртының орталығында қалыптасты.Заттардың ең көп табылғант орнына қарай (Триалети қорғандарының алқабы) оны триалетр мәдениеті деп атайды.Триалетр қорғандарында қатардағы қауым мүшелері мен жергілікті ақсүйектердің көптеген молалары табылды.Жалпылама түрде мәдениет қылыш тәріздес қола қаңқалар мен найзалардың ірі төлкелі ұштарымен сипатталады.Бұл кезеңде тіптен зергерлік шеберлікпен дайындалған жебелердің кремнийлік ұштары да сақталған.Саз балшықтан жасалған ыдыстардың жалтыраған қара ыдыстар мен әдеттегідей қызғылт түсті бұйымдар ерекшеленеді.

Триалети мәдениетінің тек обалары ғана емес, оның адамдар тұрған қоныстары да белгілі.Олар плиталардан қаланған үйлерде тұрды.Қоныстар тастан қаланған қамал қабырғалармен қоршалды.

2. Орталық Азияның қола дәуірі.

Орта Азияның оңтүстік аудандарының территориясында қола дәуірінде , жергілікті энеолитпен байланысты егін шаруашылығы дами берді.Қола дәуірінің мұндағы негізін қалаушы ескерткіші Алтын дене ескерткіші болып табылады,бұдан басқа өзге де ескерткіштер белгілі (Намазға-тененің ІҮ-ҮІ қабаттары мен Анау ІҮ).

Бұл мәдениеттің тұрғындары күмбезді жабындары бар көп бөлмелі саз балшықты үйлерде тұрды.Осы кезеңде қала мәдениеті мен қалалық жоспарлау қалыптасты.Мәдени қабаттарда металл саны артып,металдан жасалған ірі металлургиялық өндіріс пен заттар табылды (орақтар,пышақтар,жебенің ұштары мен әшекейлер),алайда тастан жасалған еңбек құралдары да кеңінен қолданылды.

Оңтүстік Түркменстанда қола мәдениеті өзінен бұрынғы егін шаруашылығының негізінде түзілді.Керамика энеолиттік формада қала берді.,бірақ ою-өрнек біртүсті (қара) бола бастады.саз балшықтан жасалған нақышталған әйел мүсіндері тұрмыста кең қолданылды.

Шаруашылық сипаты мен мәдениетте түбегейлі өзгерістер болды,егіншілік жыртпалы болды,көзе шеңбері қолданыла бастады.

Орта Азияда қола дәуірінде жоғарғы мәдениет-алғашқы қалалық өркениет түзілді. Қалалық типтегі құрылыстар пайда болды,құрылыстар едәуір түрлене түсті.Ежелгі қалалардың жүйесіз жоспалануы,олардың қалыптасуының стихиялық сипатын көрсетеді.

Алтын-тене құрылыстары жақсы зерттелді.Ерте кезеңдегі үйлер біріне-бірі тығыз жапсырланған екі және төрт бөлмелі тұрғын үйлерден тұрады.Құрылыстың ішінде алаңға қарай шығу есігі болды. Қоныс қалыңдығы алты метрге дейін баратын қабырғамен қоршалған.Кейінгі кезеңде анфилатты құрылыс үйлері,қасиет тұтылатын үйлер пайда болды.Керамикалық бұйымдардың өркениетінде де өзгерістер болды.Оюлар қола дәуірінде жетілдіре түсті.

Намазға Ү кешені мен соған сәйкес ескерткіштер-бұл ұрбандалған мәдениет.Жерлеу кешендері саз балшықты бұйымдары дайындауда, металды өңдеуде,ауыл шаруашылық өндірісінде,көлік құралдарын дайындауда щеберліктің артқанын көрсетеді.

Міне осылайша,жергілікті энеолиттік мәдениеттің негізінде Оңтүстік Түркменстанда қола дәуірінде суармалы егіншілік кен отарлы мал шаруашылыққа негізделген ежелгі шығыс типіндегі өркениет қалыптасты.

Баќылау с±раќтары:

1.Триполь мәдениеті.

2.Энеолит дәуіріндегі еңбек құралдар.

3.Энеолит тұрақтары.

4.Мысты алудың әдістері.

5.Қазақстан жеріндегі энеолит.

6.Жер өңдеудің мыс құралдары.

7.Энеолит керамикаларының түрлері және әшекейлі керамика.



12- лекция. Таќырыбы:

Қола дәуірі кезіндегі Қазақстандағы тайпалары

Жоспары:

  1. Афанасьев

  2. Андрон

  3. Қарасұқ

Лекция маќсаты:

Лекция мәтіні

1. Б.э.д. 3 – мыңжылдықтың соңында Орта Азия мен Қазақстанның Сiбiрге ұласқан аймағында қола ғасырлық ерекше мәдени орталық қалыптасты. Бұл мәдени орталықтың таралу аймағы Минусин қазаншұңқры, Енисейдiң жоғарғы ағысы, Сiбiр және Қазақстан жерлерiн қамтыды. Осы мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуы мыс рудасының молдығымен тығыз байланысты.

Айтылған өңiрдiң қола ғасырлық археологиялық мәдениеттерi барлық жерлерде бiрдей жақсы зерттелмеген. Ең жақсы зерттелген аудандардың бiрi Оңтүстiк Сiбiрдiң қола ғасыр ескерткiштерi. Бұл ауданда бiрiн бiрi кезегiмен алмастырған үш үлкен архелологиялық мәдениет мұралары жақсы белгiлi. Олар: Афанасьев, Андрон (Андронов) және Қарасұқ археологиялық мәдениеттерi.

Афанасев мәдениетi

Бұл мәдениеттер мал өсiрiп, егiн егiумен қатар метал өндiрудi жақсы игергендiгiмен ерекшеленедi. Б.э.д. 3 – 2 – мыңжылдықтарда Енисейдiң жоғарғы ағысы мен Алтай даласында қалыптасақен Афанасев мәдениетi өзiнiң бастауын жаңа тас, (неолиттен) алады. Негiзiнен жерлеу ескерткiштерi жақсы зерттелен. Қабiрлерiнiң үстiнде аса үлкен емес, топырақтан немесе тастан үйiлген төбешiктерi бар. Жерлеу қабiрлерi жан – жағы бөренелермен өрiлген жер шұңқырлардан құрылған. Төбесi де ағаштармен жабылған. Мәйiттiң аяқ, қолын бауырына бүгiп жатқызған. Әдетте еркектерi бiр, немесе бiрнеше әйелдермен бiрге жерленген. Нәсiлi жағынан древнеямалықтар мен афанасевтықтардың ұқсас екендiгi анықталған. Олардың екеуi де палеоевропеоидтық түрге жатады. Жерлеу ыдыстары жұмыртқа тәрәздес, түптерi жұмыр келедi. Сыртқы өрнектерi кесiп және басып салынған. Соңғы кезеңде түптерi тегiс және ағаштан жасалған ыдыстар да пайда болды.

Афанасевтықтардың шаруашылығы өндiрушi шаруашылық, оның iшiнде бақташылық басым. Қазiргi кездегi үй жануарларының негiзгi түрлерiнiң барлығы дерлiк ұсталған. Аңшылық пен балық аулау да қоғам өмiрiнде елеулi орын алды. Афанасавтықтардың бiрсыпыра қоныстары да зерттелген. Олар көбiне жартылай жертөле және бөренелерден тұрғызылған үйлер түрiнде. Түстi металл өндiргендiгi анықталған, оларды алған кен орындары да зерттелген. Негiзгi еңбек құралдары тастан жасалғанымен мыс пышақтар, орақтар, балталар, инелер тiптi мыс қанжарлар да кездеседi. Күмiс пен алтыннан жасалған бұйымдар да табылған. Минусинскiдегi осы мәдениетке атын берген Афанасев тауындағы зираттан метеориттiк темiрден жасалған бiлезiк шықты.

2 Андрон мәдениетi
Андрон мәдениетi б.э.д. 2 – мыңжылдықта Шығыс Орал мен Батыс Сiбiр аралығында қалыптасты. Оның негiзгi таралу аймағы батыста Орал тауынан, шығыста Енисейге, солтүстiкте Тайгадан, оңтүстiкте Тян – Шань тауларына дейiнгi Орта Азия мен Қазақстан жерiн алып жатыр.

Андрондықтардың жерлеу ескерткiштерi мен қатар қоныстары да жақсы зерттелген. Олардың зираттары қабiр үстiне үйiлген кiшкене үйiндiлер мен тас қоршаулардан тұрады. Сондықтан көпшiлiк жағдайда оларды iздеп табу қиынға түседi. Жерлеу қабiрлерiнде кейде қазылған шұңқырдың қабырғалары ағаштардан өрiлiп, үстi де ағашпен жабылады. Кейбiр жағдайда тастардан қаланады. Өлген кiсiнi аяғын бауырына бүгiп, жерлеу жиi кездессе, өртеп күлiн жерлеу ғұрпы сирек. Жерлеу заттары тастан жасалған жебенiң ұштары, қола қарулар мен еңбек құралдары, алтын мен күмiстен жасалган сырғалар да жиi кездеседi. Соғыс арбасы қоса көмiлген қабiрлер де табылған.

Қоныстары егiн егiуге қолайлы өзен жағалауларына жақын орналасқан. Ерте кезеңдегi қоныстар қорғаныс дуалдарымен нығайтылған. Үйлерi жартылай жертөле түрiнде және жер бетiне салынған үлкен көп жанұялық баспана түрiнде. Осындай үйлерден тұратын үлкен мекенжайлар табылған.

Андрондықтардың негiзгi шаруашылығы мал өсiру болған. Негiзгi малдары қой, ешкi, сиыр және жылқы. Жылқыны мiнiс көлiгi ретiнде пайдалануды игерген. Металл өндiру кәсiбi Орал, Орта Азия, Қазақстан және таулы Алтай жерлерiндегi кен көздерi негiзiнде жүрген. Андрондықтар кен жыныстарын алған орындардың iшiндегi әйгiлiлерiнiң бiрi Қазақстандағы Еленовский руднигi. Олар сондай – ақ алтын да өндiрдi. Қоладан жасалған пышақ, қанжар, дүмi шығыңқы балта, найза мен орақтар, бiздер кең таралған.

Андрондық ыдыстар құты тәрiздес, түптерi тегiс. Оларда балшықтан ыдыс жасаудың ерте дәуiрдегi қарапайым екi тәсiлi қолданылды. Бiрiншi тәсiл бойынша әбден иiнiн қандырып илеп, кеспе тәрiздi етiп жасаған балшықты бiрiнiң үстiне бiрiн қаттап орап, болашақ ыдыстың тұрпатын келтiргеннен кейiн сыртын жылтыратқан – мұны орама әдiс деймiз. Екiншi тәсiл бойынша алдымен қажеттi ыдыстың нысанын (формасын) матадан тiгiп алып, оның iшiн құммен толтырған. Сосын балшықты оның сыртынан жапсырып, болашақ ыдысты жасаған. Ыдыс арнайы жағдайда кептiрiлгеннен кейiн iшiндегi құмын төгiп, матасын алып тастаған – мұны жапсырма әдiс деймiз. Ыдыстардың сырты жақсылап өңделгеннен кейiн оны арнайы қалыпта күйдiрдi. Ыдыстар сыртынан геометриялық және толқын тәрiздес өрнектермен безендiрiлдi (сурет).

Сынтасты және Арқайым қалашықтарын ашып, зерттеу Еуразия даласының ежелгi дәуiрi жайлы ғылымға елеулi өзгерiстер әкелетiн тың мәлiметтер бердi.

Андырон және Срубты мәдениеттерiнiң өзара ұқсастығын олардың шаруашылығының бiртектестiгiнен, үй салу жүйелерiнiң ұқсастығынан, қыш ыдыстары мен әшекей бұйымдарынан көруге болады. Әсiресе олардың соңғы кезеңдерiндегi ескерткiштерi бiр бiрiне өте жақын.

Андрон мәдениетi ескерткiштерi Оңтүстiк Сiбiрде: Орақ 1, Новая Черная 11, Сухое озеро; Алтайда: Венгерово 1, Абрамово 4, Преображенка 3; Оңтүстiк Оралда: Кулевчи 3, Берсуат; Қазақстанда: Атасу 1, Петровка 2, Қанай, Былқылдақ 1, Бұғылы, Трушниково т. т.

Қазақстан жерi Андрон тарихи – мәдени қауымдастығының негiзгi орталықтарының бiрi болды. Археологиялық материалдардың көрсетуiне қарағанда Қазақстан жерiн мекендеген Андрондықтар негiзiнен отырықшы егiншiлiк кәсiппен айналысқан. Олардың мекенжайлары өзен жағалауларындағы биiк алаптарда орналасқан. Тұрғын үй ретiнде қора-қопсы, қоймалары жалғастырыла салынған үлкен патриархалды жартылай жертөлелер пайдаланылды.

Андрондық тұрғындардың басқа мәдени- тарихи қауымдастықтардан этнографиялық басты айрмашылығы олардың жерлеу ғұрпы, геометриялық өрнегi бар ыдыстары мен металлдан жасалған бұйымдарының тек өздерiне ғана тән ерекшелiктерiнен байқалады.

Қазақстандық андрондықтар тiк бұрышты, дөңгелек, сопақ келген әртүрлi тас қоршаулар үйлесiнен тұратын жерлеу құрылыстарын салған. Өлген тайпаластарын тас жәшiктерге немесе тiк бұрышты етiп қазылған жер қабiрлерге аяқ – қолын бауырына бүгiп, бiр жамбасымен жатқызған. Мәйiттi өртеу ғұрпы да кездеседi. Олардың қола бұйымдары мен қыш ыдыстарының сапасы мәдени деңгейiнiң жоғары болғандығын көрсетедi.

Таралу аймағы мен өзiндiк ерекше белгiлерiне қарай Қазақстан жерiндегi андрон мәдениетi үш кезеңге бөлiнедi: ерте кезең – б.э.д. 17 – 16 ғасырлардағы Петров мәдениетi; орта кезең – б.э.д. 15 – 12 ғасырлардағы Алакөл, Атасу, Федоров, Нұра мәдениеттерi; соңғы кезең – б.э.д. 11 – 9 ғасырлардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы – Дәндiбай мәдениеттерi. Б.э.д. 2 – мыңжылдықтың соңы мен 1 – мыңжылдықтың басында андрон тайпаларының экономикалық тұрмысы мен мәдениетiнде айтарлықтай өзгерiстер болды. Бұл өзгерiс қоғамның әуелi жайлауда, кейiннен көшiп жүрiп мал өсiруге бейiмделген жаңа шаруашылыққа ауысуымен байланысты. Археологиялық материалдардың көрсетуiне қарағанда қола дәуiрiнiң соңғы кезеңiнде (б.э.д. 12 – 8 ғғ.) шаруашылық пен мәдениеттегi андырондық дәстүрлердiң орнына темiр ғасырына тән қоғамның жаңа экономикалық үлгiсi мен материалдық мәдениеттiң прогрессивтi нысандары қалыптасты.

Арал теңiзi маңында неолиттiк кельтиминар мәдениетiнiң орнына б.э.д. 2 – мыңжылдықтың басында оңтүстiк аудандардан суярган тайпалары ауысып келдi. Олардың қыш ыдыстары Анау мәдениетi мен ирандыкiне өте жақын. Суяргандықтардың шаруашылығы мәдениеттiң соңғы кезеңiне қарай суғармалылыққа ұласқан егiншiлiк болды.

Андрондық мәдениеттiң жергiлiктi нұсқасы болған тазабагъяб тайпалары б. э. д. 2 – мыңжылдықтың екiншi жартысында суяргандықтардың көршiсiне айналды. Олардың қоныстары Амударияның бойындағы Ақшадария атрауында орналасқан. Онда бiр бiрiне жақын орналасқан қоныстардың арасындағы суғару жүйелерiнiң iздерi анық байқалады.

Тазабагъябтықтар мен андрондықтардың жақындығы олардың қыш ыдыстары, еңбек құралдары, әшекеи бұйымдарынан, үй құрылыстары мен жерлеу ғұрпынан байқалады. Олар да өлген туыстарын қол, аяғын бауырына жинап бiр жамбасына жатқызып жерлеген. Қабiрлер мен қоныстарда жүргiзiлген қазба кезiнде табылған археологиялық заттардың кешенi, қоныстардың маңындағы су жүйелерiнiң қалдықтары тазабагъяб тайпаларының негiзiнен егiншiлiкпен шұғылданғанын көрсетедi.

3. Қарасұрық

Хакасск – Минусинск қазаншұңқыры мен оған жақын аймақтарда б.э.д. 2 – мыңжылдықтың соңында Қарасұрық археологиялық мәдениетi қалыптасты. Дамыған қола ғасырына жататын бұл мәдениеттiң археологиялық заттары ерекше және андрондықтардiкiне аз ұқсайды. Ол әсiресе қыш ыдыстар мен қола бұйымдардан айқын көрiнедi. Қарасұрық қабiрлерiнiң ыдыстары бомбаға ұқсас: аса үлкен емес мойны тiк, бүйiрлерi шар тәрiздес, түбi жұмыр. Олардың сыртында кесiп және басып салынған үшбұрыш және ромба тәрiздес өрнектер.

Хакасск – Минусинск қазаншұңқырының қарасұрық мәдениетi өкiлдерi кезiнде көршi орманды және далалық тайпалардың мәдениетiне үлкен ықпал жасаған. Қарасұрыққа ғана тән қола заттар алыс аймақтар: Забайкалье, Тува, Алтай және Қазақстан, тiптi Кавказ бен Болгар, Румын жерлерiнде де кездеседi. Қарасұрық тайпаларының негiзгi кәсiбi мал шаруашылығы болды. Қабiрлерiне қойылған мал сүйектерiнiң көптiгi осыны бiлдiредi. Көбiне қой өсiрген. Олардың қоныстарының мәдени қабатының жұқа, ыдыстарының түбi жұмырлығы отырықшылықтың тұрақсыздығын көрсетедi.

Орта Азияның қола ғасыры туралы айтқан кезде бұл жерлерде егiншiлiк пен отырықшы тiршiлiк энеолит дәуiрiнен бастап қалыптасқанын ескеру керек. Намазга төбе мен Анау төбенiң жоғарғы қабаттары (Намазга 1Ү,Ү,Ү1 б.э.д. 2750-1100 жж.; Анау Ш) қола ғасырына жатады. Намазга төбеде жүргiзiлген қазба жұмыстары бұл жерде қола ғасырына тән жоғары дамыған өркениет болғандығын көрсететiн археологиялық мол материалдар бердi. Аршылған үйлердiң жобасы мен орналасу жүйесi мұнда қалалардың ең алғашқы түрi (протогород) қалыптасқандығын бiлдiред. Намазга мәдениетiнiң қыш ыдыстары мен археологиялық бұйымдары Алдынғы Азияның заттарына өте ұқсас, яғни олардың мәдени байланысының тығыз екендiгiн көрсетедi.



Баќылау с±раќтары:

  1. Металлды игерудiң адам қоғамына тигiзген әсерiн анықтаңдар.

  2. Афанасев мәдениетiне сипаттама берiп, оны древнеяма мәдениетiмен салыстырыңдар.

  3. Андрон мәдениетiн сипаттаңдар (орналасқан жерi, ескерткiштерi, негiзгi археологиялық заттары.).

  4. Қазақстандық қола мәдениеттердi және олардың өмiр сүрген кезеңдерiн атаңдар.

  5. Орта Азияның қола ғасыры ескерткiштерiн атап, орналасқан жерiн көрсетiңдер.

  6. Қарасұрық мәдениетiнiң ерекшелiгiн еске түсiрiңдер.

  7. Андрон мәдениетiнiң кезеңдерi мен мерзiмделуi.

8. Қазақстан жеріндегі қола дәуірімен мәдениеттері.

13- лекция. Таќырыбы:

Темір дәуірінің сипаттамасы.

Жоспары:

1. Шығыс Европр мен Орталық Азияның ерте темір ғасыры.



  1. Таулы Алтай мен Оңтүстік Сібірдің Сақ тайпалары.

3 Аржан, Пазырық обалары.

Лекция маќсаты:

Лекция мәтіні

1. Шығыс Европа мен Орталық Азияның ерте темір ғасыры.

1 – мыңжылдықтың басында адамдар темiрден еңбек құралдарын жасай бастады. Қоладан металлдың жаңа түрiне ауысу екi – үш жүзжылдықты қамтыды. Металлды игеру барлық кннннжерлерде бiрдей, бiр мезгiлде жүзеге асқан жоқ. Кейбiр халықтар темiрдi б.э.д. Х ғасырда пайдалана бастаса, басқаларының ҮП – Ү1 ғғ. темiрге қолы жеттi. Еуразия кеңiстiгiн мекендеген халықтар (Оңтүстiк Рессейдi, Украйнаны, Кавказды, Орта Азия мен Қазақстанды, Сiбiр, Алтай мен Қиыр Шығысты) темiрдi б.э.д. ҮШ –ҮП ғғ. толық меңгердi. Темiр адамдарға едәуiр ертерек уақытта да белгiлi болған. Жекелеген халықтар оны б.э.д. 2 – тiптi 3 – мыңжылдықтың өзiнде бiлген. Алғаш темiрмен Египет пен Месопотамияның тұрғындары таныс болды. Бiрақ темiрдi алудың әдiстерi игерiлмегендiктен одан тек әшекей бұйымдарын ғана жасай алды. Темiр жер бетiнде мыс немесе алтын секiлдi кесек күйiнде кездеспейтiндiктен алғашқыда ежелгi адамдар метеориттiк, таза темiрдi қолданса керек. Жер бетiнде темiр мыспен салыстырғанда көп болғанымен оны рудадан бөлiп алу жолы белгiсiз болды. Темiрдi игермес бұрын адамдар түстi металлдарды балқытуды меңгеруi тиiс едi. Мысты балқыту үшiн аса жоғары температура қажет емес. Ол 1100 градуста балқиды, ал темiрдi рудадан балқыту арқылы бөлiп алу үшiн қызуды 1530 градусқа көтеру қажет. Ондай жоғары температура алу арнайы пеште (домна) ғана iске асады. Сондықтанда темiр өндiру кәсiбi ежелгi ұсталарды өндiрiсте сапалық өзерiстерге қадам басуына итермеледi.

Темiрден еңбек құралдарын жасауды игеру материалдық өндiрiсте болған үлкен төңкерске алып келдi. Темiр адамдардың өндiру мүмкiндiгiн кеңейттi. Түрен, соқа, үлкен және кiшi орақтардың пайда болуы егiншiлiктiң кеңейуiне ықпал еттi. Темiр құралдардың таралуының былғары, сүйек, ағаш және түстi металл өңдеу секiлдi кәсiптердiң де дамуына әсерi тидi. Темiрден семсер, қанжар жебенiң ұштары секiлдi әрi өткiр, әрi қатты сапалы қарулар жасалды. Темiрдiң өндiрiске тереңдеп енуi әлеуметтiк тұрмыс пен қоғамдық қатынастарға да айтарлықтай ықпал еттi. Темiр өңдеудiң қиындығымен арнайы маманданған адамдарды қажет етуi, қолөнерiнiң жеке кәсiпке айналып, айырбастың дамуына, мүлiк теңсiздiгiнiң қорланып, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауының жеделдеуiне ықпал жасады. Сондай – ақ темiрдiң таралуы материалдық өнiдiрiстiң өсiп, қоғамдық қатынастар мен идеологияға елеулi әсерiн тигiздi.

Б.э.д. 1 – мыңжылдықпен бiздiң эрамыздың басында Украйнадан басталып Едiл өңiрiн, Жайық арқылы Қазақста мен Оңтүстiк Сiбiрге дейiнгi аймақта шартты түрде Скиф – Сiбiр әлемi деп аталған археологиялық мәдениет қалыптасты. Өз мәдениетiнiң ескерткiштерiн қалтырған кейбiр тайпалардың бiрқатарының аттары белгiлi – скифтер (сақтар), сарматтар, ғұндар; ендi бiрқатарының аттары белгiсiз, олар заттай және рухани мәдениетiнiң ескерткiштерiн ғана қалтырған. Осы ұлан – ғайыр жердiң археологиялық заттарының басым көпшiлiгi бiр – бiрiне өте ұқсас. Оны жебенiң қоладан жасалған ұштарынан, қанжарларынан, тұрмыстық заттары мен әшекей бұйымдарының бiртектестiгiнен көремiз. Бұндай ұқсастықтың негiздi себебi бар. Оны осы аймаққа жаппай тараған малшылық пен кетпендi егiншiлiктiң жалпыға бiрдей ортақтығынан көремiз. Олардың материалдық мәдениетi ғана жақын емес, сонымен қатар жергiлiктi еуропа тектес нәсiлдер мен индо – ирандық нәсiлдердiң қосындысынан тұратын этникалық тегi де бiр едi. Ерте темiр ғасырының ежелгi халықтары мен тайпаларының жоғары мәдениетi көршiлес Греция, Рим, Парсы секiлдi алдынғы қатарлы елдермен өзара мәдени баиланыста қалыптасып дамыды.

Б.э.д. 1 – мыңжылдықтың екiншi жартысында далалы аймақтарды мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, соғыстың күшейген жағдайында ру – тайпалардың әскери – саяси одаққа бiрiккен күрделi дәуiрiн басынан өткiздi.

Скиф - сақтардан қалған археологиялық ескерткiштерде бiр жарым ғасырдан астам уақыт жүргiзiлiп келе жатқан зерттеу жұмыстарының берген мол мәлiметтерiн хронологиялық және территориялық жағынан топтастыра отырып, Батыста Қырым мен Қара теңiз жағалауларынан бастап, Шығыста Алтай мен Оңтүстiк Сiбiрге дейiнгi ұлан – байтақ жердi мекендеген скиф мәдениетiнiң үш орталығы болған деп айтуға болады: алғашқысы Сiбiр мен Алтай жерi; сосын Орталық Қазақстан мен Жетiсу өңiрi; соңғысы Қырым мен Қара теңiздiң солтүстiк жағалаулары;



2 Таулы Алтай мен Оңтүстiк Сiбiрдiң Сақ тайпалары

Сiбiрдiң темiр ғасыры Тағар мәдениетiнен басталады. Ол өз атауын Енесайдағы осы аттас аралдан алады. Осы мәдениетке жататын сақ қорғандардың бiрiн алғаш 1722 ж. I – Сiбiр экспедициясының мүшелерi қазған. ХIХ ғ. соңында Тағар мәдениетiнiң көптеген ескерткiштерiн А.В.Адрианов зерттеген. Қазан төңкерiсiне деиiн 100 ден астам қорғандар қазылған. Тағарлықтардың жерлеу ескерткiштерiмен қатар кен алған орындары, суғару жүйелерiнiң қалдықтары да жақсы зерттелген. Тағарлықтардың екi туысқан мәдениетi белгiлi. 1. Далалы аймақтардағы Тағар мәдениетi: Байнов (б.э.д.ҮП - ҮI ғғ.), Подгорнов (б.э.д. ҮI –Ү ғғ.), Сарағаш (б.э.д. IҮ - Ш ғғ.) кезеңдерiнен тұрады. 2. Орманды аймақтардағы Тағар мәдениетi: Большепичугин (б.э.д. ҮI – Ү ғғ.), Тисуль (б.э.д.Ү – IҮ ғғ.), Назаров (б.э.д. Ш ғ.) кезеңдерiнен тұрады.

Тағарлықтардың жерлеу орындары үйiндiнiң астында орналасқан жалпақ тастардан немесе қима бөренелерден жасалған қабiрлер түрiнде. Бiр обаның астында бiрнеше ондықтардан тұратын қабiрлерде кездеседi. Оларды рулық жерлеу камералары деп атайды. Жерленген кiсiлердiң қасынан сабының басында дөңгелек тесiгi бар пышақтар, Сақтардыкiне ұқсас қанжарлар, күмiс тескiштер, ұшып бара жатқан бұғылар бейнеленген қола айналар т.б. әшекей бұйымдары табылады. Жеке тұрған үлкен обалар мәдениеттiң соңғы кезеңiнде пайда болады. Олардың астында болатын жалғыз қабiрлерге өлген кiсi өртелiп күлi қоятын.

Негiзгi шаруашылығы егiншiлiк пен мал өсiру. Оны растайтын қабiрлерден жиi кздесетiн қола орақ, кельт – кетпен секiлдi еңбек құралдары мен тары, арпа секiлдi дақылдардың дәндерi. Қабiрлердiң барлығынан кездесетiн қой, сйыр, жылқылардың сүйектерi, қоладан жасалған iлмектермен безендiрiлген ат әбзелдерi мал шаруашылығынан хабар бередi. Шестаковскi қалашығының маңындағы жартасқа салынған сызбалардың сипаты Тағарлықтардың отырықшы тiршiлiк кешкендiгiн сездiредi. Онда шатыры төрт қырлы етiп жабылған, iшiнде дөңгелек ошағы бар ағаштан салынған үйлер бейнеленген.



3 Аржан, Пазырық обалары.

Ерте темiр ғасырының жерлеу ескерткiштерi Таулы Алтай мен Сiбiр жерiнде өте көп орналасқан. Олар Пазырық шаткалы, Башадар және Туэкты өлкелерi мен Кос – Агаш тау жотасында, Қаракөл және Урсул өзендерiнiң алқабында т.б. жерлерде орналасқан.

Пазрық патша обалары үлкен тас үйiндiлердiң астынан терең етiп қазылған алып шұңқырға бөренелерден екi қатар етiп жасалған жерлеу қыималарынан тұрады. Олардың үстi де бөренелермен жабылған. Жоғарғы жағына үйiлген iрi тастардың арасынан кiрген жаңбыр және қар сулары қыс кезiнде қатып, мәңгiлiк тоң қалыптасу салдарынан оның iшiне жерленген кiсi мен бiргн қойылған заттар бiзге бейiн бүлiнбей жеткен. Қабiрдiң шамадан тыс көлемi мен iшiне койылган асыл бұйымдар, қымбат терiлер мен маталар әшекей бұйымдары, қатар жерленген асыл тұқымды сәгулiк аттар мұнда жерленген кiсiнiң iрi тайпаны немесе тайпалық одақты басқарған көсем болғанын көрсетедi.

Екiншi пазырық обасына жерленген көсемнiң қабiрi ерекше. қабiр иесiнiң жағына қара түспен бойалған сақал байланған. Денесiн толығымен жапқан татуировкада грифонның, құланнын, тау

ешкiсiнiң, бұғы мен құстардың бейнелерi салынған. Қорғаннан табылған өнер туындылары Алтай сақтарының басқа туысқан мәдениеттермен тығыз байланыста болғанын көрсетедi. Осы мәселеде аңдар ( бұғы, қарақұйрық, арыстан, жолбарыс, қабан ) мен құстарға (аққу, қаз, әсiресе жыртқыш құстар) басты орын берiлген. Өмiрде кезеспейтiн, аңдар мен құстардың дене мүшелерiнiң қосындысынан тұратын мифтiк тiршiлiк иелерi Сақтардың аң стилiнде негiзгi орын алады. Жиi қайталанатын осындай қиал ғажайып бейнелердiң бiрi – денесi арыстанның немесе жолбарыстыкi, қанаты мен басы құстыкi болып келетiн грифон жиi қайталанады. Бұдан басқа бейнелердiң арасында шығыс стилiндегi сфинкс кездеседi.

Бесiншi пазырық обасынан табылған екi кiлем ерекше айтуға тұрарлық. Киiзден жасалған бiрiншiсi өзiнiң үлкен көлемiмен (6,5 х 4,5 м.) таң қалдырады. Екiншiсi (2 х 2 м.) түрлi – түстi түктi кiлемдердiң ең ежелгiсi. Бұлардың екеуi де ахемеидтiк Иранның өнер туындысы. Мәңгiлiк тоңға негiзделiп салынған қабiрлерге қойылған еңбек құралдарымен әшекеи бұиымдары, тұрмыстық заттар өте жақсы сақталған. Сақтардың “аң стилiнiң” нақышы жағынан Ежелгi Шығыс өнерiмен жақындығы мен қабiрлерден табылған Қытай жiбегiнiң қалдығы, Иран кiлемдерi Алтайлықтардың жақын және алыс елдермен сауда - мәдени байланысының болғандығын бiлдiредi. Осыған қарамай қабiрде қалыптасқан мұздықтың арқасында бiзге жеткен өзiндiк нақышы айқын байқалатын өнер туындылары сақ мәдениетiнiң жергiлiктi төл өнер негiзiнде қалыптасқандығының куәсi.

Алтаймен көршi Тува жерiндегi қорғандар мен жер қабiрлер, Бұғы тас деп аталатын ғұрыптық және салттық құрылыстар мен тасқа салынған суреттер сақ дәуiрiне жатады. Б.э.д. ҮII – III ғғ. Тұрғызылған бұғы тастарда марал, қабан, жылқы секiлдi жануарлар мен қатар қанжар, семсер, жебелер, дөңгелек және төрт бұрыш келген таңбалар ойылып салынған. Зерттеушiлердiң көпшiлiгiнiң пiкiрi бойынша бұғы тастар өлген кiсiнiң басына қойылатын ескерткiш.

Дегенмен Туваның негiзгi археологиялық ескерткiштерi Сагли -–Бажы, Қызылған, Усть – Хемчик, Ұйық секiлдi қорғанды жерлеу кешендерi. Тувалық сақтардың соңғы кезде зерттелген үлкен ескерткiштерiнiң бiрi б.э.д. ҮIII – ҮI ғғ. Жататын Аржан қорғаны. Дяметрi 120 м, биiктiгi 4 м келетiн тас үйiндiсiнiң астында жуандығы 40 – 50 см. тау қарағайларынан салынған күрделi қима қабiрлер кешенi орналасқан. Қорғанның қақ ортасындағы қимаға тайпа көсемi мен оның жұбайы, күтушiлерi және аттары жерленген. Оны айнала дөңгелектенiп салынған 70 қиманың (сурет) үшеуiне еркектер жерленген. Барлығы 17 адам мен 160 тан астам жылқы жерленген. Патша мен кейбiр қималардың еденiне бұлғындардың терiлерi төселген. Ал патшаның қимасының төсенiшiнiң астынан 15 – 20 жылқының құйрығы табылды. Өкiнiшке орай Аржан қорғаны да тоналған. Сондықтан да құнды заттар аз, солай бола тұрса да жерлеу заттарының қалдықтары қабiрге қойылған алтын заттар мен қымбат бұйымдардың мол болғандығын бiлдiредi. Қоладан және күмiстен жасалған ат әбзелдерiнiң өрнектерi жақсы сақталған. Аржанның мерзiмделуi қимадағы бөренелерге жасалған дендрохронологиялық анализ арқылы б.д.д. 800 – жыл деп анықталған.



Баќылау с±раќтары:

1. Аржан Пазырық обалары.

2. Қазақстанның ерте көшпелі тайпалары.

3. Қырым мен Қара теңіздің Солтүстік жағалауындағы Скифтер.


14- лекция. Таќырыбы Сақтар

Жоспары:

  1. Бесшатыр обалары

  2. Есік обасы

Лекция маќсаты:

Лекция мәтіні

  1. Бесшатыр обалары

Грек деректерінің хабарлауынша Қырым мен Қара теңiздiң солтүстiк жағалауларын Еуропалық көшпелі скифтер мекендеген. Олардың ескерткiштерiн зерттеу ХҮШ ғасырдан басталады. Осы аймақтағы Күл-Оба, Чертамлық, Солоха, Толстой Могила т.б. көптеген патша обаларынан табылған алтын, күмiс, қоладан жасалған ыдыстар мен қымбат бұйымдар, әшекей заттары, Каменскi, Белскi т.б. қалашықтарынан алынған археологиялық құнды материалдар скифтердiң қоғамдық – саяси өмiрi мен мәдени дамуынан, шаруашылығы мен тұрмысынан жан – жақты мәлiмет бередi.

Никоплдiң маңында орналасқан атақты сақ обаларының бiрi Чертомлык Х1Х ғ. қазылған. Оның биiктiгi 20 м. астам, айнала ұзындығы 350 м. Қорғанның астынан екi кiсiнiң қабiрi мен өзi қазған қуыстан құлаған топырақ басып, өлген скиф – тонаушының сүйегi табылды. Көсемнiң жанына, жеке қабiрге оың жұбайы, күтушiлерi мен онбiр ат жерленген. Қабiрге қойылған тұрмыстық заттар мен әшекей бұиымдардың iшiнде әсем бедерлi суреттермен безендiрiлген, биiктiгi бiр метiрге жуық шарап құйуға арналған үлкен күмiс ыдыс ерекше құнды. Оның астынғы жағында орналасқан шүмегi арыстанның басы түрiнде жасалған, денесiнде құстар мен өсiмдiктер салынған, жоғарғы жағында жылқыны үйретiп жатқан скиф бейнеленген (сурет). Тонаушылардан аман қалған тағы бiр зат құпия қуысқа қойылған жебенiң құтысының алтын қаптамасы. Оның сыртында Ахилланың өмiрiнен бiр көрiнiс суреттелген. Көсемнiң қарусышы жерленген көршi қабiрден алтынмен апталған қымбат қару шықты.



Толстая Могила деп аталған патша обасы Чертмолықтан 10 шақырым жерде орналасқан. Сол заманның өзiнде тоналғанына қарамастан обадан алтын бұйымдардан тұратын қымбат заттар табылды. Олардың iшiндегi алтын қынды семсер мен пектораль (латын тiлiнен аударғанда пекторалис – алқа деген ұғым бередi). Семсердiң қынында қораздар төбелесi, бұгыны жұлмалап жатқан грифон, арыстан мен грифонның арбауына түскен ат, бұғыны алып жатқан қабылан, және арыстан мен қабыланның жекпе – жегi бейнеленген. Бұл бейнелерде ұсақ – түйегiне дейi назардан тыс қалмай мұқиат дәлдiкпен жасалған. Осы суреттердiң Чертамлықтан табылған заттардағы бейнелермен соншалықты ұқсастығы оларды бiр қолдан шыққан өнер туындылары емес пе? деген ой туғызады.

Осы күнде белгiлi гректердiң зергерлiк өнер туындыларының iшiндегi кереметi Толстая Могила обасынан табылған пектораль. Оның салмағы 1 кг астам, дияметiрi 30 см. Ондағы бейнелер әрқайсысының арасы өрiлген алтын сымдармен бөлiнген үш белдеуден тұрады. Жоғарғы (iшкi) белдеуде скифтердiң тұрмысынан көрiнiс берiлген. Оның қақ ортасында жалаңаш екi еркек терiден киiм тiгiп отыр, Олардың екi шетiнде жылқы құлынымен және сиыр бұзауымен орналасқан, ал шет жақтарында ұшып бара жатқан құстардың композициясы берiлген. Әрбiр бейне жеке құйылып алынып, алтын орамдардың арасына дәнекерленган.

Ортанғы белдеу тұтас алтын жапрақтардан жасалған өсiмдiк өрнегiнен тұрады.

Төменгi белдеу жануарлардың айқасыментолтырылған. Бейнелер композиция ортадан неғұрлым ұзаған сайын кiшiрее бередi. Үлгiлердiң саны мен орындалу шеберлiгi жағынан пекторалдiң теңдесi жоқ.

Қабiрге ерлi – зайыпты баласымен олардың күтушiлерi және жылқылар жерленген. Мұнда құрбандыққа шалынған күтушiлер саны Чертомлықта жерленгендерден екi есе көп.

Күл – Оба қорғаны қазiргi Керчь қаласының маңында орналасқан. Мұнда төбесi баспалдақтанып жабылғант тас сағананың iшiне скифтiң ақсүегi әйелi және күтушiлерiмен бiрге жерленген. Көсеммен бiрге сыртында жануарлар бейнеленген алтын қынды темiр семсер мен алтын диодемамен қапталған жебенiң құтысы қойылған. Мәиiттiң басындағы киiзден жасалған қалпақтың (башлик) сырты алтын қаңылтырлармен өрнектелген. Өрнектердiң бiрiнде бiр ыдыстан су iшiпжатқан екi скиф – Геродот айтқан достасу ғұрпы бейнеленген.

Әйелдiң мәйiтiнде өте мұқият дәлдiкпен жасалған алтын сырға, екi ұшында жатқан арыстандар бейнеленген алтын алқа, екi алтын блезiк, аяқ жағында алтын мен күмiстiң қоспасынан жасалған кiшiгiрiм ыдыс тұрды. Онда Чертамлықтан табылған вазадағыға ұқсас жетi скиф жауынгерi бейнеленген. Жасалу нақышы сондай болғанымен мұндағы скифтер басқа шаруамен айналысып жатыр. Скифтердiң бiреуi екiншiсiнiң жаралы аяғын байлап жатыр; үшiншi скиф төртiншiсiнiң тiсiн емдеуде. Олардың арғы жағында садақтың адырнасын (жiбiн) тартып жатқан скифпен өзара әңгiмелесiп отырған екi жауынгер бейнеленген. Ыдыстың сыртындағы көрiнiс асқан дәлдiкпен оның бойына тең орналастырылған.

Қазба кезiнде анықталған жерлеу ғұрпы, кезiнде Геродот жазып, қалдырған деректермен дәл келедi. Оның жазғанында өлген көсемнiң денесiн балауызбен майлап, тайпаларды аралатып шығады. Соын оны алдын ала даярланған төртбұрышты қабiрдiң iшiне төселген төсенiштiң үстiне жатқызады. Қабiрдiң қалған бол бөлiктерiне алдын ала тұншықтырып өлтiрiлген күңiнiң, шарапшысының, аспазының, атбағарының, күтушiсiнiң денелерi мен асыл тұқымды малдар және алтын ыдыстар қойылған. Содан кейiн барып үстiнен биiк етiп,оба үйiлген.

Үлкен қорғандардың материалдары скиф ақсүйектерiнiң тұрмысы мен олардың қоғамдық құрылысын елестетуге мүмкiндiк бередi. Бiрак ақсүйектердiң обалары қарапайым скифтердiң өмiрiн ашып көрсете алмайды. Қатардағы адамдардың тұрмыс, тiршiлiгi жайлы мол мәлiмет берген скифтердiң қарапайым қабiрлерi мен қоныстарында жүргiзiлген қазбалар.

Скифтерден қалған қалашықтардың iшiндегi ең жақсы зерттелгендерiнiң бiрi Днепрдiң жағалауында орналасқан Каменогорск қалашығы. 12 км кв. жердi алып жатқан қалашықтың сырты биiктiгi мен енi 11 метiр келетiн дуалмен қоршалып, сыртынан оны қоршаған терең орқазылған. Қорғаныс қамалының iшiнде орналасқан акропьден скиф iшiнде пешi бар ақсүйектерiнiң үйлерiнiң орны ашылды. Қарапайым қол өнершiлер тұрған бөлiгiнiң құрылыстары тiптi басқаша. Мұндағы үй құрылыстарның екi (жер бетiндегi және жертөле) түрi белгiлi. Жер бетiне салынған үйшiктер екi немесе үш бөлмеден тұрды. Олар тiгiнен орнатылған бағаналардың арасы тоқылған қабырғалардан салынды. Ал жертөлелердiң арасы қатар тұрғызылған ағаш тiреулермен бөлiнген. Олардың кейбiреулерiнен балшықтан соғылған ошақ табылған. Осындай үйшiктердiң қосалқы бөлмелерi шеберхана және шарушылық қажетi үшiн пайдаланылған. Төрт - бес үйдi қоршай салынған шарбақтар бiр өндiрiстiк кешенге бiрнеше туысқан жанұялардың бiрiккендiгiн бiлдiрсе керек. Каменогорск қалашығы тұрғындары көптеген тұрмыстық заттар мен қол өнерi бұйымдарын қалтырған. Қалашықтың тұрғындарының басым көпшiлiгi металл өңдеумен шұғылданса керек. Оның территориясында металл қортпалары мен құралдардың қалдықтары ұста құралдары өте көп кездеседi. Скифтер металлды балшықтан соғылған арнайы пештерде, тұлғасы цилиндiр тәрiздес биiк тигилге (жоғары қызуға төзiмдi металл балқытуға арналған ыдыс) салып балқытқан. Қазбадан балға, төс, кескiш, қысқыш, жонғыш, рұшықтың басы, ине секiлдi қолөнерi кәсiбi құралдары табылды.

Скифтердiң қарулары да көп кездеседi. Олардың акинак атты темiрден жасалған қысқа қанжарлары мен қоладан жасалған жебенiң ұштары жақсы таныс. Қазба материалдары скифтердiң тоқылған мата мен терiден кйiм тiгуде де жоғары жетiстiктерге жеткендiгiн бiлдiредi.Қалашықтан ағаш сапты темiр орақ, дән үгiткiш секiлдi егiншiлiк құралдары да шыққан.

Сонымен скифтердiң қарапайым қабiрлерi мен қоныстарында жүргiзiлген қазба жұмыстарының нәтижесi олардың шаруашылығы мен тұрмыс тiршiлiгiнен хабар беретiн мол материалдар бердi. Ал көсемдерiнiң обаларынан алынған әртүрлi қару үлгiлерi мен асыл металдан жасалған ыдыстар, олардың сыртына салынған көрiнiстер мен “аң стиi” деген атқа ие болған нақыштары, әшекей бұйымдары мен зергерлiк заттары скифтердiң әскери ұйымдарынан, өнерiнен, рухани және материалдық мәдениетiнен, дүниетанымдары мен наным-сенiмдерiнен теңдесi жоқ түсiнiк бiлдiредi.

Қазақстан жері б.д.д. ҮІІ – ҮІ ғғ. Сақ-Скиф әлемінің негізгі орталықтарының біріне айналды. Ғылымда қалыптасқан көзқарас бойынша Парсы деректерінде айтылатын тиграхауда-сақтары, немесе антикалық жазбалардағы ортокарибант-скифтері Жетісу өңірін мекендеді. Бұл атаулардың екеуі де шошақ қалпақтылар деген мағана береді. Арал маңын мекен еткен көшпелі тайпаларды гректер массагеттер және дайлар, парсы деректері хаомаварга-сақтары деп береді. Орталық Қазақстанның далалық аймағын исседондар мен аргиппейлер жайлады. Осы тайпалардың қалдырған ескерткіштері археологияда Тасмола мәдениеті деген атпен белгілі. Шығыс Қазақстанның асыл металдардың қорына бай аудандарын аримасплер мен алтын қорыған самұрықтар тайпалары, Батыс Қазақстан жерін Савраматтар мен Сарматтар мекендеді.

Осы аталған тайпалардың одағы сол дәуірдегі Орта Азияның саяси тарихына тікелей қатысты. Б.д.д. ҮІ ғ. Ахеменидтік Иранның патшасы Кир өзінің шығыс шекарасын кеңейтіп, патшалықтың үстемдігін нығайту мақсатымен Арал маңын мекендеген көшпелі тайпаларға қарсы жорыққа шықты. Сол жорық жайлы гректің екі бірдей тарихшысы Герадот пен Ктесий Книдский жазып қалдырған. Б.д.д. 529 ж. Сырдарияның бойында болған ұрыста Тамирис патша бастаған массагет әскерлері парсыларды талқандап, Кирдің басын шауып Сырдарияға тастаған. Дегенмен Кирдің баласы Дари І-ге Қазақстанның Оңтүстігін мекендеген сақ тайпаларының бір бөлігін уақытша бағындыру сәті түссе керек. Өйткені кейбір жазба деректерде сақтардыңатты құрамаларының Даридің әскерімен бірге Египет пен Гректерге қарсы соғысқаны жайлы айтылады.

Сақ тайпаларының материалдық мәдениеті, шаруашылығы мен тұрмыс тіршілігі, әлеуметтік құрылымы жайлы жазба деректер көп ештеңе айтпайды. Осындай мәліметтерді олардың археологиялық ескерткіштерін зерттеу арқылы ғана аламыз. Сақ тайпаларының жерлеу ескерткіштері жақсы зерттелген. Олар Жетісуда: Қарашоқы , Қарғалы 1 (б.д.д.ҮІІІ-ҮІІ ғғ.), Жуантөбе 1, Қадырбай 3 (б.д.д. ҮІІ-ҮІ және ІҮ-ІІІ ғғ.), Бесшатыр және Есік (б.д.д. Ү – ІҮ ғғ.) т.т.; Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал маңында Түгіскен мен Ұйғарақ (б.д.д. ҮІІ-Ү ғғ.); Шығыс қазақстанда Шілікті (б.д.д. ҮІІ-ҮІ ғғ.), Берел (б.д.д. Ү-Іү ғғ.); Орталық Қазақстанда Тасмола (б.д.д.ҮІІ-ІІІ ғғ.) қорымдары.
Есік обасы

Археологиялық зерттеу қорытындылары Сақтардың шаруашылғы мен тұрмысында қой мен жылқы негізгі роль атқарғандығын көрсетеді. Қабірлерді қазу кезінде асыл тұқымды жылқылардың қаңқасы жиі табылады. Жерлеу ескерткіштерінің алып және құрылысының күрделілігі сақтарда сәулеткерліктің жақсы дамығандығын, қабірге салынатын заттардың бай және алуан түрлілігі қоғамдық даму деңгейінің биіктігінен қабар береді. Есік қорғанынан табылған ңАлтын киімді адамныңң алтын ілмешектер мен жануарлар, құстар түріндегі әшекейлер сақтарда көркем өнерінің жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді. Б.д.д. ҮІІ – ҮІ ғғ. Орта Азия, Қазақстан және Сібір мен Оңтүстік Шығыс Еуропа даласында кең тараған қолданбалы өнер үлгісі ғылымда ңаң нақышың деген атқа ие болған.

Антропологиялық зерттеу қорытындылары Қазақстанның ежелгі тұрғындарының еуропойдтық нәсілі Шығыстан енген моңғолтектес нәсілдердің ықпалымен аздап өзгеріске ұшыраған. Мамандардың мәлімдеуінше б.д.д. І – мыңжылдықта Қазақстанның тұрғындарында 20% -ке дейін моңғолтектес элемент болған.

Сол кезеңде әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамудың жоғары сатысына көтерілген далалық тайпалар әлемдік тарихта елеулі із қалдырды.

Есік обасы 40 тан астам обадан тұратын үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Обаның дияметрі 60м биіктігі 6м. Үйілген тапырақтың құрылымы айқын емес айқын емес. Бірақ көп қабатты (3-4 қабат) малта тас қабаты қиынан ірі қойтастар жиынтығы байқалады. Үйінді астында екі қабір: орталық және бйірдегі қабірлар бар. Ортадағы қабір қарақшылардың неше дүркін тонауының салдарынан әбден шөккен. Бүйірдегі қабір сол күйінде сақталған. Лақыт Тянь- Шань шыршасының өңделген бөренелерінен салынған. Оның көлемі ішінен өлшегенде 2,9 * 1,5м сырты 3,3*1,9 м қабатымен қоса алғандағы биіктігі 1,3*1,5м. Есік обасындағы қабір құрылысы сірә былайша тұрғызылған болса керек. әуелі ұзына бойы батыстан шығысқа бағытталған тікбұрышты қабір шұңқырын қазған. Оның түбіне бөрене қима – лақыт жасалған. Оның құрылымы өте қарапайым ұзындықтары бірдей бөренелер өзара байланбаған, тек түйісіп қана тұр. Лақыттың ұзын және көлденең қабырғаларындағы бөренелердің ұштары қабірдің опырылып түспеуі үшін кезек- кезек ұмсындырылып шығарылған. Лақыттың құабырғаларына бөренелер бес қатар етіп қаластырған. Бұрыштарында бөренелер өзара байланбаған, тек түйісіп қана тұр, лақыттың ұзын

Бақылау сұрақтары:

1.Бесшатыр обалары неше обадан тұрады.

2.Бесшатыр обасының нешіншісі ұрланбаған.

3.Бесшатыр обасы қандай тайпаға тән?

4.Бесшатыр обасы қашан зерттеле бастады?

5.Бесшатыр обасы қай өңірде орналасқан.



6.Лекция тақырыбына байланысты СӨЖ тапсырмалары:

7. Бесшатыр обалары.


15- лекция. Таќырыбы:

Солтүстік Қара теңіз Кавказдың ежелгі қалалары.

Жоспары:

1Қаратеңіздің солтүстік жағалауларындағы антикалық қалалары.

2.Ольивия

3.Херсонес



1Қаратеңіздің солтүстік жағалауларындағы антикалық қалалары.

Б.э.д. ҮIIғ. Қара теңiздiң солтүстiк жағалауларында ежелгi гректердiң алғашқы сауда мекендерi қалыптасты. Олар алғашқыда таза сауда – саттық сйпаттағы уақытша факторилар болатын. Сондай факторилардың бiрi Березань аралындағы Днестр – Буга қойнауында қазылды. Ол мекенжайдан б.э.д. ҮII ғ. ыдыс сынықтары табылған. Осындай факторилар Керч бұғазының жағалауларында да құрылды. Б.э.д. ҮI ғ. сол факторилардың орнында тұрақты қала тектес қоныстар қалыптасты.

Алдынғы Азия қалаларынан келген гректер Днестiрдiң қойнауында –Тиру, Буга мүйiсiнде-Ольвия, Қырымда-Феодосия, Керчте-Пантикапей Тиритака, Нифей және Мирмекий қалалары пайда болды. Осындай бiрнеше қалалар қара теңiздiң Кавказ жағалауларында да бой түзедi.

Ежелгi грек колониялары бiр – бiрiне тәуелсiз дербес мемлекеттер едi. Олардың өз басқару жүйесi, өз соты мен заңы болды. Өздерiнiң тәуелсiз iшкi және сыртқы саясатын жүргiзiп, өз теңгелерiн соқты. Қара теңiздiң солтүстiк жағалауларындағы грек қалалары саяси, экономикалық жағынын бiрiкпедi. Тек Керч жартыаралындағы Милеттен шыққан көпестер салған Пантикапей, Фиадосия, Тиритака, Нифей және Мирмекий қалалары б.э.д. 480 – жылы Боспор патшалығына бiрiктi. 900 жылдай өмiрсүрген мемлекетте монархиялық патшалық билiк үстемдiк еттi. Археологтардың назарына алғаш iлiккен патшалықтың астанасы Пантикапей қаласы. Митридат тауының биiк қырқасында орналасқан қала қорғаныс дуалдарымен қоршалған. Қаланың iшкi жағында орналасқан Акропль -–жеке бекiнiс. Пантикапейдiң сәулеткерлiк ғимараттары өзiнiң әсемдiгi мен құрылыс өнерi деңгейiнiң жоғарылығымен ерекшеленедi. Үйлердiң қабырғалары мұқият қашалған әк тастардан қаланып сырты балшықтан құйылған жұқа қыштармен қапталған. Әрбiр үй iшiнде ауласы бар тұйық қабырғалармен қоршалған. Жеке қоймалардан тұратын шаруашылық аудандарының болғандығы анықталған. Астық саудасы Пантикапей мен Боспардың маңызды кәсiбi. Боспордан жiберiлетiн дән гретсияға әкелiнетiн астықтың басым бөлiгiн құрады. Б.Э.Д. IҮ ғ. теңгенiң бетiнде бидайдың сабағы салынуы осыдан болса керек.

Боспордың басқа қалалары да жақсы зерттелген. Қазбадан сұйық және төгiлетiн заттарды сақтауға және оларды тасмалдауға арналған үлкен амфорлар мен пифастар көп табылған. Астықпен қатар құл саудасы, шарап жасау iсi, балық аулаудың да маңызды роль атқарғандығын көрсететiн материалдар жеткiлiктi. Мысалы Фанагорияда жүргiзiлген қазбадан б.э.д. Ү ғ. сүйық және төгiлетiн заттарды сақтау мен тасмалдауға қолданған анфоралар қойылған қойма ашылды. Ал Мирмекий мен Тиритакадан шарап жасаған орындар табылды. Гректердiң барлық ыдыстары иiнi қанғанша иленген таза сары балшықтан шығыр қондырғысында жасалып, сапалы күидiрiлген. Сырты өрнектелген ыдыстар екi рет - өрнек салғанға және салғаннан кейiн күйдiрiлген. Өрнектердiң жиi кездесетiн тақырыбы құдайлардың өмiрiнен көрiнiстер. Едәуiр көне ыдыстар б.э.д. ҮIII – IҮ ғғ. жатады. Олар қере лакты ыдыстар деп аталып кеткен. Ыдыстардың олай аталу себебi, олар сыртынан өрнек салынғаннан кейiн құрамы белгiсiз қара лакпен бойалған. Екi мың жылдан астам уақыт жер астында жатқан осындай ыдыстар әсемдiгi мен өңiн жоғалтпаған. Б.э.д. IҮ ғ. қызғылт денедегi ыдыстар пайда болды. Олардың жалпы көрiнiсi қара лакпен қапталып ондағы өрнектер мен бейнелер табиғый түсiн сақтады. Тек адамның мүшесi анық көрiну үшiн оның бұлшық етi, қимылы елеусiз ғана боялған. Ыдыстарды өрнектеуде бояуда ақ, сары және көк сырларды қолдану б.э.д. III ғ. бастап таралды.

Боспор патшалығында алтын , күмiс, мыс секiлдi асыл металлдардан әлемде теңдесi жоқ асыл бұйымдар мен әшекей заттар жасаған зергерлiк кәсiп жоғары дамыған. Антикалық зираттар мен Скиф қорғандарынан табылған алтын, күмiстен жасалған әсем ыдыстар, бұйымдар ежелгi грецияның өзiнде де кездеспейдi.

Қол өнерi мен ауылшаруашылық өндiрiстерi саудамен тығыз байланысты дамыды. Қол өнерi бұйымдары жергiлiктi тұрғындарға сатылса Грецияға астық және тұздалған балық шығарылды. Боспордың алғашқы теңгелерi б.э.д. IҮ ғ. пайда болды.

Б.э.д. II ғ. Скифтен шыққан Савмак құл бастаған көтерiлiстiң салдарынан Боспор патшалығы Понтий державосының құрамына кiрдi. Осыдан бастап Грек ақсүйектері жергілікті сармат және меот тайпаларының ақсүйектерімен сіңісіп кетеді. Оны біз сол кезде қалыптасқан грек – сармат жерлеу ғұрыптарынан байқаймыз. Боспор билеушілерінің бірі жерленген қабірге сарматтардың ұзын семсері мен бай безендірілген ат әбзелдерінің күміс және шыны ыдыстардан бірге қойылуы осының куәсі. Билеушілердің тағы біреуі жерленген қабірден Константин ІІ бейнеленіп, астына латынша 343 ж. деп жазылған күміс саптаяққа табылған. Бұл Боспор патшалығының соңғы онжылдығы болатын.




1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет