Лекция:: 30 Лабораториялық: 15 Обсөж 45 СӨЖ



жүктеу 4.49 Mb.
бет13/24
Дата25.04.2016
өлшемі4.49 Mb.
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
: CDO -> 2013-2014
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат лбс: 15 сағат С¤Ж: 45 сағат обс¤Ж: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағ
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың әдістемелік нұсқауы Пән: Омыртқалылар зоологиясы
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Практикалық: Лаборатория: 15 сағат обсөЖ: 45 СӨЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 сағат
2013-2014 -> Курс жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұСҚАУ
2013-2014 -> Лабораториялық сабақтардың Әдістемелік нұСҚауы пән Компьютерлік желілер Мамандық
2013-2014 -> Лекция Тақырыбы: Алфавиттер, тізбектер және тілдер
2013-2014 -> Бағдарламасы Жетісай 20 ж мемлекеттік емтихан бағдарламасы құрастырған: Р. А. Кошкаров Кафедра мєжілісінде қаралған
2013-2014 -> Лекция:: 15 Семинар: 13 СӨЖ: 62 Барлық сағат саны: 90 Аралыќ баќылау (АБ)- 60балл
2013-2014 -> Лекция: 30 сағат Лаборатория: 30 сағат обсөЖ: 60 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат

Бақылау сұрақтары.

1. Безендіру, өнерді қабылдау теориялық негіздері.

2. Батик сабақтардың теориялық негіздері


21- Лекция Таќырыбы: Мүсіндеу,нұсқадан сурет салу,қағаз пластикасы және сабақтардың теориялық негіздері.
Жоспары:

1. Мүсіндеу, нұсқадан сурет салудың теориялық негіздері.

2. Қағаз пластикасы және сабақтардың теориялық негіздері



Лекция маќсаты: Мүсіндеу,нұсқадан сурет салу,батик,қағаз пластикасы және сабақтардың теориялық негіздері. туралы жалпы түсінік

Лекция мєтіні (ќысќаша)

1. Мүсіндеу, нұсқадан сурет салудың теориялық негіздері. Мүсін, яғни «скульптура» /латынша sculptura/ сөзі алғашқыда қатты материалдардан фигураларды қашап жасауды, шекуді /мүсін жасауды/ білдірген. Кеңінен пішіндеу арқылы жасалған шығармалар да осы ұғыммен білдірілген.

Мүсіннің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығы сол, оның басты әсерлік құралы аймақтық форма. Мұның өзі оны жасаған кезде ағаш, металл, тас сияқты ұзақ сақталатын материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Түрлі халықтар мен дәуірлердің толып жатқан мүсіндік шығармалары бізге дейін жетті. Ежелгі Мысырдың, Үндістан мен Американың мүсіндері мен барельефтері кеңінен мәлім. Антикалығ Грекия аса көрнекті мүсіншілер- Фидийдің, Мирон мен Поликлеттің мәңгі өшпейтін шығармаларын әлемге тарту етті.

Мүсін жұмыр /оны барлық жағынан қарауға болады / және бедерлі (рельеф) болып келеді. Жұмыр мүсінде адамды бейнелей отырып тек маскамен, яғни бетпен, баспен ғана шектеліп қала алады. Басты иықпен бірге кеудеге дейін бейнелеу жартылай фигура, ал бүкіл бойымен бейнелеу мүсінше (статуя) деп аталады. Көпфигуралы композиция мүсіндік топ немесе ансамбль деп аталады.

Рельеф – тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазық беттегі мүсіндік бейне. Рельеф екі түрге бөлінеді: фигуралар фонның жазықтығынан өз көлемінің жартысынан аз шығып тұрса, барельеф деп, ал фигуралар жартысынан көбірек шығып тұрса ол горельеф деп аталады.

Мүсін шығармалары жанды бейнедегі сияқты, станокты және монументті-сәндік болып бөлінеді. Станокты шығармалар айналадағыларға тәуелсіз өмір сүреді, сондықтан түрлі жағдайларда қоюға болады. Монументті-сәндік шығармалар әдетте жеке ансамбльдің, алаңның немесе саябақтың сәулет композициясының құрамдас бөлігі болып табылады.

Мүсіндеу сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі

Мүсіндеу сабақтарының мазмұны классикалық мүсін өнері, мүсіндеу құралдары және материалдарымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін меңгеру мен оқушылардың кеңістікте көлемді бейнелер жасауы арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделеді. Сабақ барысында қарапайым саз балшық, ермексазбен көлемді бейнелер жасап, мүсіндеудің алғашқы ереже заңдылықтарын меңгереді. Мүсіндеу өнерінің бейнелеу мүмкіндігін танып, өз шығармашылық қиялын, елестетуін мүсін материалдары арқылы жүзеге асырады.

Сабақта мүсіндеу өнерін дөңгелек мүсін және бедерлік түрлерімен танысып, олардың жеке –жеке теориялық және технологиялық білімдерін меңгереді. Сонымен қатар мүсін өнерінің тарихын саралап, даму кезеңдері туралы мағлұмат алады. Соның ішінде қазақ даласында табиғат жағдайлары мен уақытқа төтеп беріп, қазіргі біздің заманымызға дейін жеткен ескерткіштерімен танысып мақтаныш сезімге бөленеді. Қазіргі қазақ мүсін өнерінің дамуына үлес қосқан Х. Наурызбаев, Е. Сергебаев, Ш. Уәлиханов, Б. Әбішевтердің , Е. Мергенов шығармашылықтарымен танысады. Осындай мүсіншілердің сомдаған Қазақстан қалаларындағы мүсіндік туындыларының атауларын , тақырыптың мазмұнын талдап, көркемдік идеяларын ашады.

Сыныпта мүсіндеу сабағын өткізу үшін арнауцлы құрал-жабдықтар алдын ала жинақталып сақталғаны жөн, олар: мүсіндеу станоктері, тақтайшалар, қалақшалар /стека / , су құятын ыдыстар , оқушылардың жұмыс барысында гигиеналық тазалықтарды сақтау мақсатында киетін арнаулы киімдері болғаны жөн.

Мүсіндеу сабағы да басқа сабақтар сияқты әдістемелік, дидактикалық принциптер жүйесінде құрылып , өз мақсат-міндеттеріне жетуді көздейді. Мүсіндеу сабағы арқылы оқушылар бейнені, образды тек жазықтықта ғана емес, сонымен қатар кеңістікте де көлемді пішіндер жасау арқылы көрсетуге болатындығын меңгереді.

Мүсіндеу сабақтарында машықтық жұмыстарды орындауға мүсіндеудің жапсырмалап созбалау және құрастырмалы /конструктивті / сомдау әдістері көрсетіліп түсіндіріледі.

Мүсіндеу сабақтарында белгілі бір тақырыптық композицияларды, ұжымдық әдісті пайдаланып орындауға болады. Мысалы, «Наурыз тойы» тақырыбына топтық композиция құрастыру тапсырылады. Ол композцияда Қазақстанды мекендеген ұлт өкілдерін сомдап, ортақ тақырып жүйесін жасайды. Мұнда оқушылар бір-бірімен саналы түрде ақылдасып , ынтымақтастықта жұмыс істеп, тақырыптың, композицияның идеясын ашады. Ол оқушыларды ұжымдыққа , ынтымақтастыққа тәрбиелейді.

Мүсіндеу сабағы да басқа сабақтар сияқты әдістемелік, дидактикалық принциптер жүйесінде құрылып, өз мақсат-мндеттеріне жатуді көздейді. Мүсіндеу сабағы арқылы оқушылар бей нені, образды тек жазықтықта ғана емес, сонымен қатар кеңістікте де көлемді пішіндер жасау арқылы көрсетуге болатындығын меңгереді.

Мүсіндеу сабақтарында машықтық жұмыстарды орындауға мүсіндеудің жапсырмалап сызбалау және құрастырмалы /конструктивті/ сомдау әдістері көрсетіліп түсіндіріледі.

Мүсіндеу сабақтарында белгілі бір тақырыптық композицияларды, ұжымдық әдісті пайдаланып орындауға болады. Мысалы, “Наурыз тойы” тақырыбына топтық комплзиция құрастыру тапсырылады. Ол композицияда Қазақстанды мекендеген ұлт өклілдерін сомдап, ортақ тақырып жүйесін жасайды. Мунда оқушылар бір-бірімен саналы түрде ақылдасып, ынтымақтастықта жұмыс істеп, тақырыптың, композицияның идеясын ашады. Ол оқушыларды ұжымдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелейді.

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәннің бағдарламасында өнер туралы әңгіме сабақтарына арнаулы сағаттар бөлінген. Бұл сағаттардың ауқымды бөлігі ІІІ-ІҮ сыныптарда оқытылады. Өнер туралы әңгіме сабақтарында оқушылар белгілі суретшілер, мүсіншілер және сәулемшілердің өнерімен, шығармаларымен танысады.

Оқушылар суретшілердің өз туындыларын жасауда тақырып мазмұнының тереңдігіне, эмоционалдық әсеріне, көркемдік шешіміне жету жолдарын танып түсінеді.

Оқушыларды үнемі өнер шығармаларымен таныстыру эстктикалық тәрбие беру құралының бірі болып табылады. Суретші көзқарасымен бейнеленген өмір шындығымен танысу оқушылардың өздерін қоршаған ортаға жаңаша көзқарасын қалыптасрып, оның сұлулығын тани білуге тәрбиелейді.

Қазақстан даласындағы орта ғасырлардың көркем мәдениеті бұрын өткен андронов және ежелгі көшпенділер кезеңі мәдениетімен тұрақты мұрагерлік байланыста болғандығымен ерекшеленеді.Көшпелі өмір салты көркем кәсіптің алда ұзақ уақыт бойы басым болатын осы аймаққа тән түрі көркем қолөнер кәсібін қалыптастырды.

Сондай-ақ аймақтағы қалалардың жылдам даму көршілес көркем мәдениеттердің әсері байқалатын көркем қолөнер кәсібі бұйымдарының жаңа түрлерінің пайда болуына ықпалын тигізді. Қазіргі кездегі археологиялық мәліметтер қазіргі Қазақстан территориясында орналасқан орта ғасырлық қалалардың қарқынды өмірі жайлы бұрын болжам түрінде болған пікірді нығайтуға мүмкіндік берді.

Қалалықтардың өмірі негізінен шығыстан батысқа қарай өтетін керуен жолдарының қозғалысын қамтамасыз етумен байланысты болды, ал олардың тұрмыстық жағдайы тұрғындардың басым көпшілігінің өмір салтының жалпы сипатынан айтарлықтай ерекшеленеді. Сондықтан,аймақтық тек отырықшы тұрғындарына ғана тән көркем қолөнер кәсібі бұйымдарынан көшпенді мәдениет тудырған көркемөнер дәстүрлерімен тығыз байланыста байқауға болады.Дегенмен, осы кезеңдегі көшпенділердің өнері мәдениеттердің бір біріне тигізген әсерлерінен байи түсті,себебі,керуен жолдары жаңа идеялар тудырмауы мүмкін емес еді.

Сонымен бірге көшпенді мәдениет қолданылатын материалдар түрлерін де шектеді,көркем композицияны шешудің ережелер жүйесін жасады,қолөнер және шығармашылық жұмыстарының алуан түріне арналған түрлендіру өлшемін анықтады. Көшпенді мәдениеттің “таңында” қалыптасқан көркем дәстүрлер кейінгі екі мыңжылдықта да өзінің өзектілігін сақтап қалды.

Ортағасырлық кезеңде болған көшпенді және қалалық мәдениет көркем қолөнер түрлерін екі типке бөлуге болады:отырықшы тұрғындарына арналған және көшпенді өмір салтына қажет заттар. Сондықтан қолөнер еңбегі біршама жақсы дамып,ұсталар мен көзешілер тұрған қала кварталдары дәстүрлі түрде болды друге болады.

Араб мәдениетінің пайда болуы Қазақстан территориясындағы көшпенділердің өміріне айтарлықтай әсерін тигізбеді, дегенмен сол кездегі көркем қолөнер кәсібіне аз да болса ықпалы болды. Бұл жадай метал құю техникасында,архитектуралық формалардың қасбетін ою-өрнекпен безендіруде ерекше байқалады.Аталмыш аймақта өмір сүрген ортағасырлық тұрғындардың мәдениетінде сопылық философияның кең тарауының үлкен мәні бар.

Шебердің жұмысында,көркемқолөнер мәселесінен басқа, орта мен көшпенді өмір жағдайына сәйкес келетін бұйымдардың тәжірибелік қажеттіліктеріне артықшылық жасау негізгі байдар болып табылады. Бұлардың біршама өзіндік ерекшеліктері болғаны белгілі.

Егер тұрмыстық заттың формасын оның тәжірибелік функциясы анықтайтын болса, онда декор дүниетанымдық ұстанымдарда

2. Қағаз пластикасы және сабақтардың теориялық негіздері. Қазақтың ертедегі бізге беймәлім шеберлерін былай қойғанда өткен ғасырдың екінші жартысында бүкіл орта азия мен қазақстан аты әйгілі мұрын жырау (шын аты тілеген сеңірбаев жарты ғасырға жуық өмірін тамірден түйін түйіп алтынды күміске байлаған зергер етік тігіп тас қашаған өнермен өрге жүзген бесаспап шебер болған сондай –ақ қазақстандағы ққолөнер дәстүрін жаоғастырушы жүсіп маханбет күмбетбай тәутен әбдіғалй шаяхмет сейтен мұхаметжан шері аяған сияқтты атағы ел арасында аңыызға айналған зергерлер мен бүгінгі күні көз алдымен отырған палжігіт берсүгіров әлімбет алданазаров сәдуақас көгентаев мырзақмет елікбаев тапай беймағамбетов құлмырза өтегенов мұхаш әлімьбетов дайыр садықов оспан көшебенов хамза жанбосынов дүйсенбай ысмағанбетов садық ыбыраев сейтқасым жамболов отар бай оспанов әбдіғали бәулетов жармақ жұмабаев сәду шоқбаров ахмет ерғожаев сияқты зергерлер мен шеберлердің қолынан шыққан туындылар музейлер мен үйлердің сәнді бұйымдарна айналған айтбай жүсіпов сапарғали ысмайлов ғабдыжамал әубакіров ғани иляев қыждығой ысиыбаева қобан аманжолов жәкіжән қылышбаев жүсібәлі смағұлов тар мен тігіншілік өнерімен белгілі болған шәрмен көшкінбав басықара сағынбаев сейткамал сейтенов омар нұржаубаев есімдерін жұртшылық мақтанышпен атайды

Қазақстандық қолөнер шеберлерінің біразы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне белсене қатынасып амангелді батырдың соңынан ерген сарбаздарға қажетті қару жарақаттар соқты мысалы батырдың ағасы бектепберген үдербаев пенбірге баязи төлегенов мода бек байториев сыздық қызыров сияқты ұсталар көтаршілерді білтелі мылтықтар мен сирақты мылтық айбалта қылыш сүңгі найзалармен қаруландырады ол қарулардың көпшілігі қазір музейлердегі тиісті орвндарда сақталулы тұр бұлардың қазіргі жастардың әскери патриоттық әсттетикалық тәрбие алуына ролі зор , халық өнерінің түрлері оның орындалу тәсілдері жоғарыда айтылғандай өте көп кілем тоқу киім үлгілері өрімшілік зергерлік соүйектен мүйізден ағаштан жасалатын бұйымдар ер-тұрман тері илеу тас қашау ұршық иіріп жіп есу өрмек жүгіртіп кесте тігу Жан түтіп ши орау өнерлері әрі қиын әрі қызық бұл өнерлердің өркен жаюы біріншіден тұрмыста пайдалану үшін болса екіншіден халықтың өнерді аса жоғары бағалауынан да туған қасиет олардың сүйектен жасаған кереуетері мен сандық асадал адалбаақан жүкаяқ кебеже мүйізден шақшалары мен ыдыстары сәндік бұйымдары сырға білезік жүзік өңірше алқа шолпы шаштеңге шашбау сақина ілгекқапсырмалары ел арасында әлі де жиі кездеседі тұс киіз сырмақ текемет аяққап кесе қап шабадан санндық қап бау-басқұр қоржын тағы басқа киіз үй жасаулары күні бүгінге дейін бар.

Ал кілем тоқу өнері де біздің өрс алған ауылдық жерлерде тұратын қазақ әйелдері мен қыздары тоқыма жүн түтіп жүн сабауды ұмыта қойған жоқ қызылорда шымкент жамбыл торғай ақтобе обылыстарында кілем тоқу өнері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып жаңаша түр ою-өрнектер мен әсемдік орнын қадір қасиетін жойған жоқ.сондықтан тиісті орендар осы сияқты жергілікті қолөнер шеберлеріне деген қамқорлықты оларға коректі шикізат қорын бөліп ғасырлар бойы халқымызбен жасасып келе жатқан қолөнердің алдағы уақытта да өркендей беруіне көңіл бөлінеді деп. сенеміз

Әр халықтың ғсаырлар бойына жинақталып белгілі бір жүйеге түскен рухани өмірінің ұлттық мәдинетті бар .Мол рухани мәдинетінің маңызы бір саласы қолөнер .Қазақ хаоқының шеберлік өнері еңбек барсында туды және тұрмыс тіршілігінде қолданылаттын өнермен тығыз байланыстты болды .Барлық заттар көшпелі халықтұрмысына бейімделіп жасалды .Қолөнер ғасырлар бойы дамып қалыпттасып келе жатқан хаоық шығармашылығы.ол талай ғасырлар кезеңінен өтіп түрленіп жаңарып келіп атадан балаға қалған мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі өнер .Ол арқыллы біз үлкен рухани эстет икалқ тәлім алып өнер әлеміне қанат қағамыз. Өнер туындылары белгілі бір дәуірде,сол дәуірде өмір сурген халықтың тұрмыс тіршілігін бейнелейді. Халықтың асқақ арманын, табиғат сұлулығын, ішкі жан сезімін өнер арқылы білдірген. Өнер туындылары арқылы белгілі бір халықтың тарихын білуге болады.

Тіл арқылы кез келген халықтың даму дәрежесін, оның даму тарихын, мәдениетін түсінуге болады. Мәселен сол тілді сақтап дамыта білуде. Ал біздің тіл қорымызда мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына, аңшылық, саятшылы, балықшылық, т.б. кәсіпкерге, қол өнерінің сан алуан туріне байланысты мыңдаған ұғым мен заттардың атаулары бар және кез келген атаудың сыртыда тұрған, соған байланысты этнографялық ұғым, наным сенім,әдет ғұрыпттар тағы б ар .Әр түрлі заттың құбылысттың аты –жөні сыр-сипатты қоғамдық қатынастар әдет ғүрып салт-сана мен дәстүрлер жайлы мағұлматардың бәрі де кейінгі т уындарға тән тіл фактілері арқылы ғана яғни тілдегі сөздер мен сөз тіркестері фразеологизмдер мен арқылы мақал мәелдер аңыз ертегілер арқылы жетуі мүмкін емес кез келген тілдің қоғамда өзара байланыстты үш түрлі қызметті бар .оның басты қызметі коммуникативтік яғни қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатнас жасап бірін-бірі түсінуі пікіри алысу үшін қажетті қызметі.

Оның екінші қызметі көркем шығарма тіліне тән тілдің бұл қызметі әрине қаламгердің шеберлігіне сөз саптау мәнеріне байланысты .ал тілі үшінші қызметі ғылыми терминмен айтқанда аккумулиятивтік қызмет деп. аталады яғни ол тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп қалыптасқан баолық сөз байлығын өз бойына жиып сақтап келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын игілікті қасиеті.

Қазір кейіз үйдің неше түрлері жиһаздарының жаңаша түрмен дамытуда шәми айтмағанбетов бибі сәрсенбаева зейнел жұмағұлова қадиша сәметова бағдат игенбаева ағайша бірәлина моншақ сәдуова салима әзірбаева насипа тайманова қатима қожақметова сияқты халық арасынан шыққан өнер иелерінің еңбегін атап өткеніміз лайық

Халық шеберлері жеке адамның мұқтажын ғана өтеп қойған жоқ кешгі күндері олар колхоз өндірісіне де белсене араласты шаруашылыққа соқа қамыт-сайман жасады олардың ішінде Ленин орден імен құрмет белгісі орден імен нагыраталған атақты ұста мұқаметжан оспановты бірнеше медалдарды омырауларына тақан құлмырза мырзақмет жармақ нұрбек әбдірақман әлімбет даиыр көшербай ұсталар да қиын кезде осындай еңбегімен көзге түсті мұндай кісілер тізе берсеңіз республикамызда көп-ақ.

Коммунистік партия мен сонет үкіметі халық өнерін дамытып өркенднтуге әрқашан көңіл бөліп қамқорлық жасап келеді оған қолөнер шеберлерінің аудандық обылыстық және республикалық көрмелерінің өткізілуі халықтың қолөнері деген рубрикамен баспасөз бетерінде оқтын-оқтын мақалалардың жарық көріп отыруы осының айғағы астанамыз алматыда тұскиіз фабрикасы деген ат пен фабрика ашылып ұлттық бұйымдарды қалпына келтіру байта жаңғырту мәселесі қолға алынды қазақстан атты дүкенде халқымыздың кәрімен жасына коректі бұйымдар осы фабрика және басқа кәсіп орындары арқылы көріне бастағаны қандай қуаныш

Бақылау сұрақтары.

1. Безендіру, өнерді қабылдау, мүсіндеу, нұсқадан сурет салудың теориялық негіздері.

2. Батик, қағаз пластикасы және сабақтардың теориялық негіздері


22- Лекция Таќырыбы: Қазақ сәндік өнері дәстүрін сабақта, үйірмелерде пайдалану.

Жоспары:

  1. Қазақ сәндік өнері дәстүрін сабақта, үйірмелерде пайдалану

  2. Сәндік сурет сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі

Лекция маќсаты: Қазақ сәндік өнері дәстүрін сабақта, үйірмелерде пайдалану туралы жалпы түсінік
Лекция мєтіні (ќысќаша) 1.Қазақ сәндік өнері дәстүрін сабақта, үйірмелерде пайдалану Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны қазақ халқының, сонымен қатар басқа да туысқан халықтардың дәстүрлі тарифи өнерімен танысып, олардың көркем безендірілу технологиясын меңгеруге және әртүрлі материалдар пайдаланылып көркем құрастыру, безендіру, жапсырмалау, көркем бүктеу, дизайн жасау жұмыстарына негізделген.

Бұл жұмыстар оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қиялын дамытып, ұлттық өнерге қызығушылық пен сүйіспеншілік көзқарасын қалыптастырады. Өзін қоршаған ортаны эстетикалы қабылдап қана қоймай, оны өз қолынан шығармашылық тұрғыда ұйымдастырып жасауға дағдыланады. Осы уақытқа дейін дәстүрлі бейнелеу өнеріне оқытуда көп орын алмай келген қағаздан көркем бүктеу (оригами), жапсырмалау (аппликация, колаж), өсімдік жапырақтарынан, гүлден композиція құрастыру (икебана), түрлі-түсті бояулармен матаны безендіру, бейнелеу (батик) жұмыстарымен танысып, олардың васалу береже заңдылықтарын меңгерді.

Бұл жұмыстар баланың жеке бас тұлғасын қалыптастырып, жан-жақты тәрбие берудегі бейнелеу өнерінің мүмкіндік аясын кеңейте түседі. Сонымен қатар оқушылар бейнелеу өнерінің күнделікті өмір салтымызда, тұрмысымызда, өндірісте үлкен орын алатындығын сезінеді.

Әр істің маманы өз жұмысын көркемдік, шығармашылық тұрғыда орындау үшін бейнелеу өнерімен соның ішінде көркем құрастыру, дизайн өнерімен ұштастыра білу керектігін түсінеді.

Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында оқушылар сәндік қолөнер түрлерімен: ағаш өңдеу, металл аңдеу, тері өңдеу, тоқымашылық өнерлерімен танысып, осы аталған қол өнерінің көркемдік негіді болып табылатын ұлттық ою-өрнектерге, олардың шығу тарихына, мән-мағынасына байланысты бірнеше топтарға бөлінетіндігі жөнінде мәлімет алады.

Бұл сабақтарда жергілікті сәндік қолөнерін және оған байланысты ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану оқушылардың бойында отаншылдық сезімді оятып, өз ұлтының өнерін мақтанышпен қабылдайды. Ұлттық қолөнер шеберлердің еңбегіне құрметті көзқарасы қалыптасады.

Бастауыш сыныптардағы сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында оқушылар безендіру, өрнек композициясын жасаудағы симметрия, асимметрия, ырғақ (ритм), бояулар үндестігі және мағлұмат алады. Осы заңдылықтарды алға қоя отырып өздіктерінен көкөніс, жапырақтарды, гүл күлтелерін, әртүрлі нышандық белгілерді пайдаланып жолақтың, шаршының, шеңбердің, үшбұрыштың ішінде композициялар жасайды, бұйымдарды безендіреді. Осындай жұмыстар барысында оқушылардың ой-өрісі, әсемдік талғамы дамиды.

Бұл сабақтарда мұғалім әңгімеленетіп қолөнер туындысын тек фотосуреттен немесе иллюстрациялардан көрсетіп қана қоймай, сол туынды шынайы түпнұсқадан көрсеткені жөн. Безендіру ерекшелігі атауының мазмұнын оқушыларға ашып көрсету олардың келесі көретін ою-өрнектерге қызығушылығын оятып, сол белгілердің кездейсоқ алынбағандығын түсінуге жетелейді. Сабақты тарифи-өлкетану мұражайларына экскурсия жасап, ондағы ұлттық қолөнер жәдігерлерінің аса құрметпен сақтаулы тұрғандығын әңгімелеп өткізсе нәтижелі болады.

І сыныптағы сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтары қарапайым өсімдік жапырақтарынан үлгіге арап шаршының немесе жолақтың ішіне өрнек құрастырудан басталады. Үлгі ретінде бірнеше бір-біріне пішіні жағынан ұқсамайтын жапырақтар қойылып, оларды симметриялы, белгілі бір өзіндік ырғақпен орналастырып, түстік үйлесімін оқушылардың өздігінен тауып бейнелеу тапсырылады.

Дайын болған жұмысты безендіруге мұғалім бірнеше қарапайым ою-үлгілерін ұсынғаны жөн, ол жекелеген оқушылардың өз мүмкіндік деңгейінде жұмыс істеуіне жадай жасайды. Сол секілді “Анамызға сыйлық жасаймыз” тақырыбындағы сабақта машықтық жұмысқа әр түрлі бейнелеу материалдары мен (түрлі – түсті қағаз, акварель, гуаш т.б.) сыйлық жасау үлгілері көрсетіліп, жұмыс мазмұнын таңдап алу оқушылардың өздеріне қалдырылады. Жұмыс барысында тазалық, қауіпсіздік ережелерінің үнемі сақталуын қадағалап, ұқыптылыққа мән берулуі тиіс.

ІІ сыныпта “Қағаздан шахмат фигурасын құрастырайық”, “Қағаздан қорапша құрастырайық”, немесе “Қағаздан маска құрастырайық” деген тақырыптағы сабақтар қарастырылады. Бұл сабақтарда мұғалім бұйым жиегін шаблондар арқылы белнілеп, оқушыларға бұйымды шығармашылық тұрғыда безендіру жұмыстары міндеттеледі. Бұл безендіру жұмыстарында тепе-теңдік, түстік шешім, үндестік қағидалары сақталып, қылқаламмен бояу кезінде белгіленген өрнек жиегінен шығарып жібермей тегіс бояу талап етіледі.

“Жануарлар өрнегі”тақырыбында ою-өрнектердің мән-мағынасына, атауына қарай төрт топқа бөлінетіндігі жөнінде айтылып, жануарлар тектес өрнек элементтерінен жолақ ішінде өрнек құрастыру тапсырылады. Жолақ ішінде өрнектелген оюлар мен сәндік қолөнерге ыдыс-аяқ ернеулері, киім-кешектердің етек-жеңдері, төсеніш, түс киіздердің жиектері безендірілетіндігі көрнекіліктер арқылы көрсетіліп әңгімеленеді.

Оқушылардың көркемдік талғамын тақыптастырып дамытуда тірі гүлдерден немесе кепкун гүл кетперлерінен, ағаш жапырақтарынан композиция құрап, икебана жасау өнерінің де ролі зор. Ол эстетикалық тәрбиемен қатар табиғатты қорауға, сүюге де тәрбилейді. Бұл сабаққа алдын ала табаға материалдар жинақтап кептіріліп, тазартылып дайындалады.

Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарында бірқатар жұмыстарды ұжымдық әдіспен орындату ды да жоспарлауға болады. Ол оқушыларды ұжымдық, шығармашылық бірлікке тәрбиелейді. Осындай сабақтарда орындаған жұмыстарды сынып бұрышы қабырғасын безендіруге пайдаланған жөн.

ІІІ-ІҮ сыныптарда сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны күрделене түседі. Соның ішінде бау-бақша өсімдіктерінің жапырақтары мен дақылдарынан өрнек құрастыру, үй жиһаздарын ою-өрнектермен безендіру, қағаздан дизайн орындау, оригами тәсілімен түрлі-түсті қағаздардан көлемді бұйымдар бүктеу, батик тәсілімен матаға бейнелеу, аппликациялық жұмыстар орындауға негізделген. Оқушыларды күрделі безендіру жұмыстарын алдымен эскиз түрінде орындауға дағдыландырған дұрыс.

Ал түрлі-түсті қағаздардан көркем бүктеу, дизайн жұмыстарын орындауға көрсетілген үлгі бойынша материалды үнемі пайдалану мақсатында алдымен керексіз қағаздармен жасап машықтануы қажет.

Мүсіндеу сабақтарының мазмұны классикалық мүсін өнері, мүсіндеу құралдарымен жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін мегеру мен оқушылардың кеңістікте көлемді бейнелер жсасуы арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделеді. Сабақ барысында қарапайым саз балшық, ермексазбен көлемді бейнелер жасап, мүсіндеудің алғышқы ереже заңдылықтарын меңгереді. Мүсіндеу өнерінің бейнелеу мүмкіндігін танып, өз шығармашылық қиылын, елестетуін мүсін материалдары арқылы жүзеге асырады.

Сабақта мүсіндеу өнерін дөңгелек мүсін және бедерлік түрлерімен танысып, олардың жеке-жеке теориялық және технологиялық білімдерін меңгереді. Сонымен қатар мүсін өнерінің тарихын саралап, даму кезеңдері туралы мағлұмат алады. Соның ішінде қазақ даласында табиғат жағдайлары мен уақытқа төтеп беріп, қазіргі бздің заманымызға дейін жеткен ескерткіштермен танысып мақтаныш сезімге бөленеді. Қазіргі қазақ мүсін өнерінің дамуына үлес қосқан Х.наурызбаев, Е.Сергебаев, Ш.Уалиханов, Б.Әбішевтердің, Е.Мергенов шығармашылықтарымен танысады. Осындай мүсіншілердің сомдаған Қазақстан қалаларында мүсіндік туындылардың атауларын, тақырыптың мазмұнын талап, көркемдік идеяларын ашады.

Сыныпта мүсіндеу сабағын өткізу үшін арнаулы құрал-жабдықтар алдын ала жинақталып сақталғаны жөн, олар: мүсіндеу станоктары, тақтайшалар, қалақшалар /стека/, су құятын ыдыстар, оқушылардың жұмыс барысында гигиеналық тазалықтарды сақтау мақсатында киетін арнаулы киімдер болғаны жөн.

2. Сәндік сурет және көркем құрастыру сабақтарының мазмұны мен оқыту әдістемесі

Мүсіндеу сабағы да басқа сабақтар сияқты әдістемелік, дидактикалық принциптер жүйесінде құрылып, өз мақсат-мндеттеріне жатуді көздейді. Мүсіндеу сабағы арқылы оқушылар бей нені, образды тек жазықтықта ғана емес, сонымен қатар кеңістікте де көлемді пішіндер жасау арқылы көрсетуге болатындығын меңгереді.

Мүсіндеу сабақтарында машықтық жұмыстарды орындауға мүсіндеудің жапсырмалап сызбалау және құрастырмалы /конструктивті/ сомдау әдістері көрсетіліп түсіндіріледі.

Мүсіндеу сабақтарында белгілі бір тақырыптық композицияларды, ұжымдық әдісті пайдаланып орындауға болады. Мысалы, “Наурыз тойы” тақырыбына топтық комплзиция құрастыру тапсырылады. Ол композицияда Қазақстанды мекендеген ұлт өклілдерін сомдап, ортақ тақырып жүйесін жасайды. Мунда оқушылар бір-бірімен саналы түрде ақылдасып, ынтымақтастықта жұмыс істеп, тақырыптың, композицияның идеясын ашады. Ол оқушыларды ұжымдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелейді.

Бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері пәннің бағдарламасында өнер туралы әңгіме сабақтарына арнаулы сағаттар бөлінген. Бұл сағаттардың ауқымды бөлігі ІІІ-ІҮ сыныптарда оқытылады. Өнер туралы әңгіме сабақтарында оқушылар белгілі суретшілер, мүсіншілер және сәулемшілердің өнерімен, шығармаларымен танысады.

Оқушылар суретшілердің өз туындыларын жасауда тақырып мазмұнының тереңдігіне, эмоционалдық әсеріне, көркемдік шешіміне жету жолдарын танып түсінеді.

Оқушыларды үнемі өнер шығармаларымен таныстыру эстктикалық тәрбие беру құралының бірі болып табылады. Суретші көзқарасымен бейнеленген өмір шындығымен танысу оқушылардың өздерін қоршаған ортаға жаңаша көзқарасын қалыптасрып, оның сұлулығын тани білуге тәрбиелейді.

Көркем шығармаларды танып қабылдау мен бағалау біліктілігі қарапайым тақырыптық суреттер мен танысып, оның мазмұнын түсінуден бастап күрделі көркем шығармалардағы суретшінің ой-мақсатына жету үшін пайдаланған әдіс-тәсілдерін танула дейін біртіндап дамытылады.

Өнер туралы әңгіме тек эстетикалық тәрбие беру құралы ғана емес, сонымен қатар Отан сүйгіштік тәрбие беру құралы болып та саналады. Өнер туралы әңгіме кезінде мұғалім оқушыларға туған елдің табиғат көріністері, ел тарихына байланысты және елдің даңқын арттырған тарихи тұлғалар бейнелерін көрсетіп әңгімелейді. Мысалыға, Ә.Қастеевтің “Шежін өзенінің аңғары”, “Амангелді сарбаздары”, М.Кенбаевтың “Асауға құрық салу”, Қ.Наурызбаевтың “Абай ескерткіші”, “Ш.Уалиханоытың ескерткіші” мүсіндерін, О.Таңсықбаевтың “Алай даласындағы кеш”, К.Мулашевтің “Жер және уақыт” шығармалырын алатын болсақ, мұндай отаншылдыта сезіммен бейнеленген туындылар оқушылардың туған жерге, оның тарихына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш көзқарасын қалыптастырады. Әрине осындай сезімдік әсердің неғұрлым нәтижелі болуы мұғалімнің шығармалар жөніндегі әңгімесінің сапалы болуына байланысты. Өнер туралы әңгіме сабақтарында суретшілердің жекелеген шығармаларын оқушылардың өз бетімен талдап әңгімелеулеріне де көңіл бөлген жөн, өйткені ол оқукшының білімі мен біліктілік деңгейін байқауға және көркем шығарма жөнінде өз пікірін баяндап сөздік қорын байытуға, дамытуға мүмкіндік жасайды.

Бейнелеу өнері шығармаларымен таныстыру І-ІІ сыныптарда тақырыпқа байланысты сабақтың басында немесе аяғында 8-10 минут бөлініп өткізіледі. Бір әңгіме, әдетте бір-екі шығарма немесе үш-төрт сәндік қолөнер бұйымдары көрсетіледі.

Ал ІІІ-ІҮ сыныптарда өнер туралы әңгіме арнаулы сабақтар бөлінеді, ол сабақтардың бір інде бес-алты жанды бейне, мүсіндік, графикалық немесе сәндік – қолөнер туындылары көрсетіліп әңгіме арқау болады.

Егер де мұғалімнің бағдарламада көрсетілген туынды репродукциясын табу мүмкіндігі болмаса, онда оны сол туынды мазмұнына, композициясына өте ұқсас репродукциямен алмастыруына болады.

Әңгіме кезінде кинофильмдер, диафильмдер, диопозитивтер, эпидископтер, компьютерлер арқылы туынды репродукцияларын көрсетуді кеңінен пайдаланған жөн.

Өнер туралы әңгіме оқу жылының барлық кезінде өтетіндіктен, мұғалімнің әңгімені жоспарлауда жыл мезгілін, мерекелерді, пәнаралық байланысты бейнелеудің машықтық тақырыптарын ескеруі маңызды

Әңгіме нәтижесінде І сынып оқушысы суреттегі немесе иллюстрациялардағы бейнеленген заттарды, құбылыстарды (жыл мезгілі, ауа рай, тәулік мерзімі, т.б.) іс-әрекетті (жүгіріп келеді, жүгіріп келеді, отыр, сөйлеп тұр т.б.) танып, суремте “Не ұнады?” “Несімен ұнады” деген сұрақтарға өз пікірін айта білуі керек.



1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет